Зубаиров, А. Т. ТілеуқҮлов суғару ( о к у л ы к ) «Дайк-Пресс» баспасы Алматы 2010



жүктеу 0.91 Mb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата21.03.2017
өлшемі0.91 Mb.
  1   2   3   4   5
5356

0.3.  ЗУБАИРОВ,  А.Т.  ТІЛЕУҚҮЛОВ

0.3.  ЗУБАИРОВ,  А.Т.  ТІЛЕУҚҮЛОВ
СУҒАРУ
( о к у л ы к )
«Дайк-Пресс» 
баспасы 
Алматы  2010

УДК 631.6 (075.8) 
ББК 40.6 я 73 
3-84
Оқулықты Қазақ ұлттық аграрлық университетінщ
80 жылдық мерейтойына арнаймыз
Рецензенттер:
Габдеев Қ. Н. -  Қазақ көлік коммуникация академиясының профессоры,
ауылшаруашылығы  ғылымдарының докторы.
Дэндібаев Б. Д  -  Қазақ  ұлттық аграрлық университетінің профессоры,
ауылшаруашылығы  ғылымдарының докторы.
3-84  Зубаиров О., Тілеукүлов А.
Суғару мелиорациясы: Оқулық / (О. Зубаиров, А. Тілеуқрюв). -
Алматы, 2010. — 248 бет. 
I
І8ВК  978-601-290-015-6
Мелиорацияның табиғатқа,  қоршаған  ортаға тиғізетін  эсері,  оны  пайда- 
лану  жолдары,  суғару  мелиорациясының  түрлері  сипатталған.  Нарықтық 
экономика  жағдайында  суды  үнемді  пайдалану  жолдары,  суғару  жүйелері 
мен  қүрылымдарын  тиімді  пайдалану  шаралары  қарастырылған.  Суғару  ме- 
лиорациясының негізгі бағыты, жүргізу технологиясы, суғару жүйелері, олар- 
ды есептеу жэне суғару жүйелерін пайдалану жолдары берілген. Суғару мелио- 
рациясы бағытындағы соңғы инновациялык жетістіктер сипатталған.
Оқулық  жоғары  оқу  орындарының  ауып  жэне  сушаруашылығы  маман-
дықтарына арналған.
УДК 631.6 (075.8) 
ББК 40.6 я 73
І8В^  978-601-290-015-6 
© Зубаиров О., Тілеуқұлов А., 2010
© «Дайк-Пресс» баспасы, 2010

АЛҒЫ СӨЗ
Сугару  мелиорациясы  деп  мелиорация  жүргізшетін  аимақгың 
су,  ауа,  жылу  жэне  қоректік  заттар  режимдерін,  суғару  техникасын, 
шаруашыльіқ-ұйымдастыру  жұмыстарын  жүргізу  арқылы  өсімдікке 
қажетті суды реттеп беруді айтадьь-Мұндай жұмыстар  агротехникалық 
іс-әрекеттермен  бірге  жүргізілген  жағдайда  шаруашылықтар  егістік 
жерден тұрақты және жоғары өнім ала алады.
Қазіргі кезде Казақстанда 1990 жылға дейін салынған 2 млн 300 мың 
гектар суармалы егістіктің,  1  млн гектар көлтабандап, суғарудың жэне 
82 млн га мал жайылымының көбі істен шығып отыр. Оларды жөндеп, 
реттеп іске қайта қосу еліміздің бірден бір міндеті болып отыр. Оларды 
реттеп іске қоспайынша су тапшылығы жылдан-жылға қиындай береді. 
Көптеген  жеке  шаруа  қожалықтарының,  өндірістік  бірлестіктерінің 
т.б.  шаруашылық түрлерінің аяғынан тік тұрып қалыптасуына жоғары 
оқу орындары дайындайтын мелиорация және агрономия саласындағы 
мамандардың қосатын рөлі зор.
Бұл  мамандар  ауылшаруашылық  жұмыстарын  гылыми  жағынан 
қарастырып,  оларды  толық  механикаландыру,  суғару  технология- 
сын дұрыс  жолға  қою,  су  пайдалану  жоспарын  есептеу жэне  жүргізу, 
топырақтағы  іұзды  жуып-шаю.  суды  тиімді  пайдалану,  суғару 
жұмыстарын  үйымдастырып  жүргізуге  жауапты.  Сондықгап  ол  ма- 
мандар  жоғары  оқу  орындарында  алған  мелиорация  негіздерін  іске 
асыра  білуі  кажет.  Бұл  бағытта  жоғарғы  оқу  орындарында  студент- 
тер дэріс  алумен  қатар лабораториялық жэне практикалық сабақгарда 
оқылатын  пэннің негізін  іске  асьфуды  өздігінен^үиренеді.  Сондықган 
да  жүргізілетін  лабораториялық  жұмыстар,  практикалық  сабақтар 
тақырыптары,  оларды  орындау  эдістемелері  бір  жинақта  топталғаны 
дұрыс.  Осыны  ескере  отырып  осы  оқу  құралы  мемлекеттік  тідце  да-
йындалып, студенттер қауымына ұсынылып отыр.
3


Мелиорация  -   көпсалалы  ілім.  Бұл  оқу  құралыида  суғару  ме- 
лиорациясыныи  негізі  толық  қамтылып  қаралды.  Мелиорацияның 
көптеген  бөлімдері  (құрғату  мелиорациясы,  құмды  мелиорациялау, 
мүз суларын пайдалану,  химиялық мелиорация т.б.) бұл оқу құралына 
типтік бағдарламаға сэйкес кіре алмады. Мелиорация саласында элі де
шешілмей келе жатқан мэселелер бар.
Олар  суғару  техникасын  жақсарту,  толық  автоматтандыру,
сушаруашылығын  мемлекеттен  шығару  т.б.  Осы  мәселелер  бойынша 
э р х ү р л і  
ұсыныстар,  қиялдар бар,  бірақ олар  элі  толық мақұлданбаған-
дықган бұл оқу құралына енгізілмеді.
Қолыңыздағы оқу құралынан алынған мағлұматтарды, мелиорация,
су ресурстары, суармалы егіншілік, өсімдік шаруашылығы жэне мелио-
ративтік топырақтану пэндерін оқытуда пайдалануға болады.
Бұл оқу құралын дайындауда кафедрада бұдан бұрын жарық көрген 
әдістемелік ұсыныстар жэне Ресей ғалымдарының еңбектері де кеңінен
пайдаланылды. 
;  -
Оқулық туралы  ойларын  оқырман  қауым  авторларға жеткізеді де-
ген ойдамыз.
Мекенжайымыз:  Алматы  қаласы,  Абай  даңғылы  8,  Қаз¥АУ, 
Л. Е. Тәжібаев атындағы «Гидротехника жэне мелиорация кафедрасы».
4

КІРІСПЕ
Қазіргі  кезде Қазақстанның ауылшаруашылығы үлкен  өзгерістерге 
үшырап отыр.  Бүрынғы үжымдар және кеңшар орнына жеке қожалық- 
тар,  акционерлік  қоғамдар,  өндірістік  кооперативтер  мен  фермерлер 
шаруашылыктары пайда бола бастады. Осындай кезеңде үжымдар жэне 
кеңшар  қарамағында  болатын  ішкі  шаруашылық  суғару  жүйелерінің 
жағдайы жэне оның келешек статусы үлкен ой салады.
Қазақстан  жерінде  2  млн  320  мың  гектар  жерге  салынған  суғару 
жүйелерінде  нарықтық  экономикаға  байланысты  мелиоративтік  жү- 
мыстар  толық  жүрмей  отыр.  Механикалық  жолмен  су  алатын  суғару 
жүйелері толық тоқгап түр.  Көптеген  майда шаруашьшықгар бүрынғы 
бетонды,  науа  т.б.  инженерлік  каналдарды  жөндеп  пайдалану  орны- 
на  кэдімгі  жер  каналына көшкен.  Мүндай  каналдарда су  шығыны  көп 
екенін ешкім ойлап жатқан жоқ, эйтеуір суды арзан жолмен суғармалы 
жерге  әкелсек  болғаны  деген  ойда.  Соньщ  салдарынан  көп  жерлерде 
бүрынғы салынған инженерлік суғару жүйелері тозып, жарамсыз халғе
үшырап отыр.
Мелиорацияның  Қазақстан  Республикасында  қажетгілігі,  бірін- 
шіден,  оның  шөл,  шөлейт  жэне  су  жүргісі  ыңғайсыз  жерлерде  орна- 
ласуы болса,  екіншіден,  жиі  қайталанып отырған  қүрғақшылық салда- 
рынан  ауылшаруашылық  дақылдары  өнімінің  төмендеуі  немесе  тіпті 
өсімдіктің  шықпай  қалуында болып  отыр.  Сондықтан  да мелиорация- 
ны  қазіргі  жағдайда  жэне  келешекте  республикамыздың  азық-түлік 
бағдарламасын  өркендету  мен  оның  қауіпсіздігі  жолындағы  шешуші
шара деп қарау керек.
Өмірдің  озі  көрсетіп  отырғандай,  топырақтың  су  жүргісін  рет- 
темейінше,  ауылшаруашылығында жүргізілетін  басқа агротехникалық 
шаралар ешқандай нәтиже бермейді.
5

Мелиорацияның  эсерінен  топырақтың  су,  қоректік  заттар,  жылу, 
ауа жүргілері ауылшаруашылық дақыл дары нын өсіп-өну кезеңіне қарай
қолайлы жағдайда өзгеріп отырады.
Экономикалық  жэне  әлеуметтік  жағдайларды  шешумен  қатар  ме-
лиорацияның  табиғатқа  тигізетін  кейбір  кері  әсерлері  де  бар.  Атап
айтқанда,  табиғи  шабьшдықгар  мен  жайьшымдардың  жоиылуы,  өзен
суларының  азайып  ластануы,  жер  бетіндегі  табиғи  шөп  түрлерінің
өзгеруі,  жан-жануарлар  азайып,  ауа  райының  өзгеруі  мүмкін.  Осы
орайда мелиорация жүмыстарын жүргізу кезінде табиғатты қорғау, оны
дүрыс пайдалану маңызды іс болып қаралуы керек.
Мелиорация  жүмыстарын  ойдағьщай  қоршаған  ортаға  зиянсыз 
жүргізу  үшін  оның  негізін  суғармалы  жерлерде  қызмет  жасайтын
ауылшаруашылық мамандары біліп, дүрыс пайдалануы қажет.
Келешекте жеке қожалықтар,  фермерлер, өндірістік кооперативтер
мен  акционерлік  қоғамдардың  жэне тағы  басқа  шаруашылық түрлері- 
нің  аяғынан  тік  түрып  қалыптасуына  жоғары  оқу  орындары  дайын- 
дайтын  сушаруашылығы  мамандарының  қосатын  үлесі  зор.  Бүл  ма- 
мандар ауылшаруашылық жұмыстарының ғьлыми жағын қарастырып, 
оларды толық механикаландыру, су пайдалану жоспарын есептеп, оны 
жүргізу,  инновациялық  суғару  технологияларын  енгізу,  суғармалы 
жердің  экологиялық жай-жағдайын  қадағалап,  оны жақсарту,  кешенді 
агротехникалық  шараларды 
жүргізу,  суды  тиімді  пайдалану,  су 
шығынына жол  бермеу жэне  тағы  басқа  жүмыстарды  үйымдастырып, 
жүргізуге жауапты. Сондықтан олар жоғары оқу орындарында жүргенде 
мелиорация негіздерін біліп,  оны дүрыс  пайдалану жолдарымен таны- 
суы тиіс.  Осыны ескере отырып, бүл оқулықты мемлекеттік тілде сту- 
денттер  қауымына үсынып  отырмыз.  Оқулықты  дайындауда  бүрынғы 
орыс тілінде  пайдаланып  жүрген  оқу-қүралдары  мен  көп  жыдцан бері 
жиналған  авторлардың  дәрістік  материалдары  еске  алынып,  пайдала- 
нылды. Мамандардың білім көкжиегін кеңейту мақсатындағы үсыныс- 
пікірлеріңіз алдағы басылымдарда ескеріледі.
6

I бөлім. СУҒАРУ МЕЛИОРАЦИЯСЫ ТУРАЛЫ
ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Суғару мелиорациясынын негіздері мен мақсаттары
Адамзат өмірінде жердің атқаратын қызмеп өте көп. Сондықтан оны 
шаруашылық бағытга дұрыс пайдалана білген жөн. Ол үшін қоршаған 
органын гидрогеологиясыныц, ауа райының жэне топырағының белгілі 
бір қолайлы жағдайпары  болады. Оның кейбірін табиғатгың өзі берсе, 
кейбірін адам қолдан өзі жасауы керек. Шөлейт жерлерде су жетіспейді, 
ауа өте ыстық, жауын-шашын оте аз. Мұндай жағдайда мелиорацияны 
жүргізу арқылы  ол жерлерге белгілі  мөлшерде су экеліп, суландырып, 
басқаша табиғат жасауға болады. Міне, осылай табиғатты адамзат өзіне
ыңғайлы етіп, қолдан жасауын мелиорация дейді.
Академик А.Н.  Костяков мелиорацияға мынадай анықгама берген: 
«...Ол  дегеніміз  ауа  райының  қолайсыз  жағдайына  қарап  жұмсалатын 
агротехникалық, шаруашылык және инженерлік іс-әрекеттер».
Мелиорация  жұмысын  жүргізудің бірден-бір  мақсаты  топырактың 
су,  ауа,  коректі,  жылылық  жүргілерін  реттеп,  ауылшаруашылык 
дақылдарынан тұрақты және жоғары өнім алуды қамтамасыз ету.
Мелиорациялық іс-әрекеттердің 40-тан астам түрі бар. Оның ішінде 
көп  тараған  жэне  ең  маңыздысы  суғару,  құрғату  және  суландыру  ме- 
лиорациялары  болып  табылады.  Оларды  колдану  үшін  алдымен  ол 
жердің табиғи жағдайын, топырақта жетіспейтін факторларды жэне не 
кажет екенін анықтап алу қажет. Төменде мелиорацияның осы түрлерін 
қандай жағдайда пайдалану барысы айтылған.
Мелиорацияның жоғарыда аталган суғару, қүргату жэне суландыру 
сияқты түрлері гидротехникалық мелиорация деп аталады.
Сонымен  қатар агротехникалық,  мәдени,  биологиялық,  химиялык,
ормантехникалық мелиорациялары бар.
7

Агротехн икал ық  мелиорация  деп  топырақ  құнарлығын  әртүрлі  \
агротехникалық жұмыстардаі терең және қопара айдау, құнарлы қабатты 
сақтау,  әсімдіктің  арнайы  түрін  егу  т.б.  жұмыстар  жүргізу  арқылы 
жоғарылатуды  айтады.  Сонымен  қатар  мал  жаиылымдық  жерлерді 
жақсарту,  қарды  егістік  жерлерде  ұстап  қалу  сияқгы  жұмыстар  да
мелиорацияның осы түріне жатады.
Б и о ло ги я лы қ м ели о р а ц и я
 
деп топырақган тұзды жабайы өсімдіктер-
голофиттер  егу  арқылы  шығарып  отыруды  айтады.  Мелиорацияның
бұл түрі фитомелиорация деген атпен белгілі.
Химиялық  мелиорация  деп  топырақгың  химиялық  құрамын,
оған  әк,  гипс,  тұз,  қышқыл  тағы  басқа  химиялық  заттар  беру  арқылы
жақсартуды айтады.
Ормантехникалық  мелиорация.  Арнайы  екпе  ағаш  отырғызу
арқылы  құмның  жылжуын,  өр  жерлерді  бекіту  мен  егістік  жерлерде
қарды ұстап қалуды айтады.
Мэдени  мелиорация  деп  жер  бетін  ағаш-томарлардан,  ірі  тастар-
дан,  темір-терсектерден  тазартып,  егін  егуге  дайындауды  айтады.
Мелиорацияның  осы  түрлерінің  бәрін  қамтыған  кешенді  жұмыстар
жүргізіп отырған кезде ғана оның экономикалық тиімділігі нығаяды.
I
1.2 Сугару мелиорциясының түрлері
Топыраққа  жэне  өсімдікке  тигізетін  эсеріне  қарай  суғарудың  ыл- 
ғалдандыру, қоректендіру, жылыту, күздік немесе қыстық суғару, шаю
сияқгы түрлері болады.
_  Ылгалдандыра сугаруды топырақта өсімдікке қажетті ылғалдықты 
үстап  отыру  үшін  жүрғізеді.  Бүл  ең  маңызды  суғару.  Оны  өсімдіктщ 
өсіп-өну  кезеңінде  жүргізеді.  Әр  дақыл  өз  биологиялық  ерекшелігіне 
байланысты эртүрлі суғарылады. Мүндай суғаруды дер кезінде жүргізіп 
жэне қажетті су мөлшерін беріп отырса өсімдіктен түрақгы эрі жоғары
өнім алуға болады.
Қоректендіре  сугаруда  топырақ  қүнарсызданып  кеткен  жағдайда 
/оған  сумен  бірге  қажетті  мөлшерде  минерадцы  тыңайтқыштар  бе-
ріледі.
Жылыта  сугаруда  көктемде  өсімдікті  үсік  үрып  кетпес  үшін, 
мүмкіндігі  болса  жақын  орналасқан  зауыт,  фабрика  немесе  ТЭЦ-тен 
шығып жатқан жылы сумен суғарады.
8

Топырақ су жүргісі бойынша үш аймаққа бөлінеді (1.1 -сурет)
Топырақ аймақтары
*
----------------------------------------------------------------
Мөлніерден көп
ылгалдаиган аймак
Млғалдылыгы 
тұраксыз аймак
Млғалды
өте аз аі
лығы
імак
Өсімдіктің өсіп-өнуіне жетіспейтін факторлар
Топырақта ауа жэне 
қоректік элементтер 
жетіспейді
Топырақта ылгалдылық 
кейбір жылдары аз 
болып өзгеріп отырады
Топырақта ерітінді
концент рациясы
жэне ыліалдылық
ж етіспейді
Осыларды реттеудегі мелиорацяянын басты бағыттары
Топырақтан  артық 
ылгалды басқа жаққа 
алып кету жзне ол жерге
сырттан келін жатқан 
суды тоқтату керек
Ылгал жетіспейтін 
құргақшылық жылдары 
суару жұмысы жэне мал 
жайылымдарын суландыру
қажет
Тоныраққа  ылгалды 
қажетті мелшерде 
беру керек
Мел иорацияның түрлері
*
V
-----------------------
Құрғату
мелиорациясы
Суландыру жэне 
жекеленген еуару жүйесін
Суару
мелиорациясы
1.1 
-сурет.
  Топырақ аимақгары
Суды оттегілеу кезінде суды отгегімен байытып барып  суғарады. 
( Мұндай  әрекеттер  оттегіге  мұқтаж  топырақта,  күріш  егілген  жерлер
1  мен өзен бойындағы ауыр салмақгы топырақтарда жүргізіледі.
Күздік сугарудың мақсаты топырақта ылғал жинау. Оны күзде немесе 
қыста жүргізеді. Мүндай суғаруда топырақ терең ылғалдандырылады. 
Шая сугару — топырақтағы тұзды  шаю үшін  күздігүні  немесе ерте
І  
көктемде  жүргізеді.  Күздік  және  шая  суғаруды  біріктіріп  жүргізген
\  тиімді болады.
Өсімдіктерді сумен қамтамасыз ету жолында суғарудың екі түрі бо-
лады: мезгілді жэне бір рет суғару.
Мезгілді сугару дегеніміз өсімдікті еккен күннен жинап алған күнге
дейін белгілі мөлшермен белгілі мерзімде суғарып отыру.
9

Бір рет  сугару  дегеніміз  өсімдіктің  өсіп-өну  кезінен  тыс  уақытга
жүргізетін суғарым.
Мезгілді сугарудың екі түрі болады: тынымсыз жэне мөлшерлеп.
Тынымсыз сугару дегеніміз топыраққа суды өсімдікті еккен күннен 
жинап  алғанға  дейін  тынымсыз  тоқгатпай  беру.  Бүған  тамшылата
суғару жатады. 

'
Мөлшерлеп  сугару  дегеніміз  өсімдікті  белгілі  бір  уақытта  белгілі 
мөлшерде суғару.  Әр суғарудың арасында бірнеше күн бос  мерзім бо- 
лады. Оны суғару аралық күн деп атайды. Осы суғару аралық күндерде 
барлық агротехникалық іс-шарапарды жүргізеді. Сонымен қатар үлкен
жэне кіші суғару болады.
Үлкен  сугару деп  сушаруашылығы  басқармасына  қарасты  күрделі
суғару жүйелерінде жүргізілетін суғаруды айтады.
Кіші  сугару  деп  шаруашылыққа  қарасты  ішкі  шаруашылық
жүйесінде  жүргізілген  суғаруды  айтады.  Қазіргі  фермерлердің,  жеке 
қожалықтардың, акционерлік қоғамдар мен өндіріспк кооперативтердің 
суғармалы жерлері мелиорацияның осы түріне жатады.
1.3 Сугармалы жерлер дамыған аудандар
Қазіргі  кезде  Қазақстанда  2.32  млн  га  суғармалы  жер  бар.  Олар 
негізінен  Қызылорда,  Оңтүстік  Қазақстан,  Жамбыл,  Алматы  облыста-
рында дамыған (1.1 -кесте).
Мұндай  қалыптасқан  жағдайлар  оңтүстік,  оңтүстік-шығыс  ай-
мақтардың  табиғи  жағдайына  көп  байланысты.  Бүл  өңірлердің  жері
қүнарлы  болғанымен,  жазы  ыстық,  жауын-шашыны  аз  болып  келеді.
Мәдени өсімдіктер суғарусыз өнім бермейді.
Кестеде көрсетілгендей шартты түрде суғарылатын жерлер  1987 жы- 
лы  жүргізілген  суғармалы  жерлерді  қайта тіркеу  кезінде  есептен  алы- 
нып  тасталынды.  Сөйтіп,  суғармалы  жерлердің  санатында  тек  суғару 
жүйелері арқылы суғарылатын жерлер ғана қалдырылды.
Атап  көрсетілген  5  облыста  1  млн  673  мың 400  гектар  суғармалы 
жер  бар.  Олардың  ең  көбі  Оңтүстік  Қазақстан  /583  мың гектар/,  одан 
соң Алматы /556.3 мың/ және Қызылорда /287 мың/ облыстарында. Осы 
суғару жүйелерінің қазіргі таңда 45—
46 пайызы ғана жүмыс істеп отыр. 
Суды механикалық жолмен алатын суғару жүйелері толық тоқтап түр.
10

ІА -к е с т е
Соның іішнде 
суармалы, мың га
Барлыгы 
мың га
Облыстар
жүиелі
Алмапгы
Шыгыс Қазақстан
Атырау
Жамбыл
Қызыпорда
Қостанаи
Мавдыстау
Павлодао
Солтүстік Казақстан 
Батыс Қазақстан
Ақмола
Оңтүстік Қазақстан 
Республика бойынша
Қазақстанның суғармалы жерлер ауданы
Республикамызда  су  жүйелерінің  техникалық  деңгейлері  әртүрлі. 
Сугармалы  жерлердің  инженерлік  су  жүйелерімен  қамтамасыз  етіл- 
гені  -   55%,  жартылай  инженерлік  су  жүйелерімен  -   18%,  ал  ескі  су 
жүйелерімен 27% болып отыр. Суғармалы жерлердің негізінен оңтүстік, 
оңтүстік-шығыс  облыстарда  дамығанын  ескерсек,  ескі  су  жүйеле- 
рінің  де  осы  облыстарда  көп  екендігі  айқын.  Оған  тағы  бір  дәлел  ор- 
талық,  солтүстік-батыс  облыстарда  су  жүйелерінің  тұрғызыла  баста- 
ғаны  1960 жылдардан бергі уақытқа келеді Сондықтан, кейінгі аталған 
облыстарда  негізінен  инженерлік  жүйелер  дамыған.  Бұл  жерлерде 
кейінгі  кезде  шығарыла  бастаған  суғару  техникалары  кеңінен  қол- 
данылады.  Ал,  оңтүстік-шығыс  облыстарда  көбінесе  жүйектермен, 
жолақтармен суғару кеңінен қолданьшады.
Қазақстанньщ табиғи ауа райына қарай суғармалы жерлерде өсірілетін 
мәдени  өсімдіктердің  таралуы  да  әртүрлі.  Суғармалы  жерлер  дамыған 
аталмыш бес облыста негізінен жылу сүйгіш дақылдар көп тараған. Мы- 
салы:  Оңтүстік  Қазақстан  облысында  мақга,  күріш,  жеміс-жидек  тағы 
басқа даму кезеңі әрқалай өсімдіктер өсіріледі. Қызылорда облысындағы 
басты дақыл -  күріш.  Жамбыл  облысында -  қант  қызылшасы,  Алматы
II

облысында  темекі,  жүгері,  қызылша  кеңінен  тараған.  Елімізде  күрделі 
су жүйелері арқылы суландырылатын егістік жерлерден басқа да суғару 
үрдістеріне  негізделген  алқаптар  баршьшық.  Олар  негізінен  жайылым- 
дар  мен  шабындықтар.  Бұл  алқаптар  көбінесе өзен  сағаларында,  егістік 
және арнайы су жаю арқылы суландырылуға болатын жерлерде дамыған 
(1.2-кесте). Біз оларды көлтабан жерлер (лимандар) деп атаймыз.
Өзен  сағаларындағы  көлтабан  жерлерде  суландыру  көзі  көктемгі 
су тасқындары  болып  табылады.  Осы  әдіспен  қазіргі  кезде  Шу,  Талас 
өзендерінің төменгі ағысында, Ертіс өзенінің (Павлодар облысындағы) 
және тағы басқа да өзен сағаларындағы көлтабандар суғарылады.
Бұл  жұмыстар  жыл  сайын  белгілі  бір  ретпен  жүргізіліп  отырады.
Өйткені эр жылдың ылғалдылығы эртүрлі.
Құрғақшылық  жылдары  арнайы  жұмыс  жүргізбесе  оларға  су  кө-
терілмей қалады.
Егістікті  жерлердегі  көлтабандардың  суландыру  көзі  — көктемде
еріген  қар  суы.  Суды  көлтабандарда ұстау  арнайы  жал  жасау  арқылы
жүргізіледі. Мұндай жалдар желісі инженерлік немесе жай инженерлік
емес жүйелер болып екіге бөлінеді.


штШй&т 
1.2-кесте 
Келтабан жерлердің ауданы (мың га)
Соның шиндеп 
шабындык
Барлық көлтабан 
ауданы
Облыстар
Ақтөбе
Алматы
Шығыс  Қазақстан
Атырау
Жамбыл
6  1 Қ арағанды ________
7  1 Қызылорда_________
8  1 Қостанай________ _
9  |  Маңғыстау________
10  1  Павлодар  ________
11  |  Солтүстік  Қазақстан
12  1 Батыс Қазақстан
13  1  Ақмола  __________
14  1 Оңтүстік Қазақстан
Б а р л ы г ы ;
1024,0
12

Инженерлік  жүйелер  негізінен  терең  сулы  жайылмаларда  тұр- 
ғызылады  да,  олар  арқылы  суды  ұстап  тұру  мерзімі  реттеледі. 
Инженерлік көлтабандарға арнайы су жүйелерімен су жеткізіп беретін 
өзен сағаларынан тыс  жерлерде орналасқан алқаптар да жатады.  Оған 
мысал ретінде Орал-Күршім суландыру жүйесін алуға болады.
1.4 Сугарудыц даму тарихы
Адамзат  сонау  көне  заманнан  бері  суғармалы  еғіншілікпен  айна- 
лысып келеді.  Кейбір мәліметгерде  көне  Месопотамия  елінде,  Евфрат 
пен  Тигр  өзендерінің  екі  аралығында  осы  кәсіппен  бұдан  6000  жьш- 
дан  астам уақыт  бұрын-шұғылданған  көрінеді.  Орта Азия  жерлерінде 
де,  Қазақстанның  оңтүстік  жэне  оңтүстік-шығыс  аймақгарында  да 
егіншіліктің  өте  көне  тарихы  бар  екендігі  ақиқат.  Оған  көптеген  та- 
рихи  мәліметтер  мен  аңыз  әңгімелер  куэ.  Ғалымдар  ғарыштан  неме- 
се  ұшақтан  түсірілғен  суретгерден  ескі  су  жүйелерінің  (арықгардың) 
көмескі іздерін байқап, көптеген зерттеулер жүргізуде.
Әрнне,  көне  заманда  суды  суаттардан  бөліп  алу,  оны  егістікке 
жеткізу және суғару тәсілдері қазіргіге қарағанда өте қарапайым түрде 
жүргізілді.  Көп  жағдайда  топырақгы  суландыру  үшін  көктемгі  жэне 
жазғы су тасқындарын пайдаланған. Осы тәсіл ертеде, қазіргі Түрікмен 
мемлекетінің  Көпет  тауларының  етегіндегі  Анау  жэне  Келета  елді 
мекендерінде кеңінен қолданылған. Тіпті тасқын суды жер суғару үшін 
күні  бүгінге  дейін  Ауғанстан,  Пәкістан,  Индия  жэне  тағы  басқа  Азия 
мен Африка жерлерінде қолданылып келеді. Өз жерімізде осы тәсілмен 
озен бойындағы шабындықгар мен жайылымдарды суғарады.
Бертін  келе  су  пайдалану  тәсілдері  айта  қаларлықгай  үлкен  өз- 
герістерге  ұшырады.  Мысалы,  алғашқы  қоғамдық  дәуірдің  соңғы
кезеңдерінде  диқаншылардың  қатысуымен  эжептэуір  үлкен  арықтар
кячыплм  Мүмкіндігінше эрбір елді мекен озіне жеке арық қазып алуға 
тьфысты.  Бірте-бірте  жердің,  суаттардың,  елді  мекендердің  ыңғайына 
қарап  ортақ  арықтар  қазыдцы.  Осы  ортақ  арықтардан  эр  елді  мекен 
өзіне арық тартты,  сөйтіп осындай  арықгардың  жиынтығы  кэдімгідей 
күрделі  су жүйелеріне  айналып  отырды.  Бірақ осының өзінде  суаттан 
егіншілікке  су  жеткізу  өте  қиын  болды,  өйткені  бұл  су  жүйелерінің
деңгейі элі де төмен, анайы еді.
Кұл  иелену дэуірінде  су  пайдалану тәсілдері  күрделене түсті.  Су- 
аттар  құл  иеленушілердің  меншігіне  айналды.  Егер  бұрын  суды  суат- 
тардан бөліп алу негізінен ондағы су деңгейіне байланысты болса, бұл
13

деңгеиін
күрделі гидротехникалық
құрылыстар  салынды.  Әрине,  бұған  құлдар  еңбегін  барынша
жето
Феодалдық  заманда  егіншілікпен  айналысудың  жалпы  деңгеиі 
біраз  төмендеді.  Бұған  негізгі  себеп,  бұрынғы  құл  иеленуші  бір
суғармалы  алқаптар
феодалдардың
түрлі
географиялық ұлы қозғалысы кең етек алды. Мұның өзі әдетте үлкенді
Өйткені, бұл  кәсіп олардың
сүруінің бір кепілі еді.
«
Суғармалы  егіншілікпен  айналысудың,  оны  сумен  қамтамасыз
;ін  X ғасырдың географы  Макджи  былай  суреттейді: 
Түрікменстан)  өзенінде,  үлкен  бас  саға  байлауда  су 
деңгейін  өлшеуге  бейімделген  арнайы  белгілер  соғылған  тақгайша 
орнатылған.  Егер  судың  негізгі  деңгейі  60  бөлікке  дейін  көтерілсе, 
онда  мол  өнім  жиналды,  ал  6  бөлікке  көтерілсе,  онда  құрғақшылық 
болады деп күтілген. Ал  су жүйелері  (арыкгар) түгелімен су өлшейтін 
тақтайлары  бар  қауыздармен  жабдықталған».  Осы  географтың  ай- 
ту ынша, егіншілікке, Мары қаласына жэне оның тұрғындарына су бөліп 
беру  өте  әділетті  әрі  жоғары  деңгейде  жүргізіліп  отырған.  Бұл  үшін 
жергілікті  әкім  арнайы  адамдар  бөлген,  ал  олардың  жұмысын  әкімнің 
су  жөніндегі  сенімді  адамы  басқарып  отырған.  Егін  алқаптары  мен 
қаланы  сумен  қамтамасыз  ету  үшін  10000-ға  дейін  адам  айналысқан.
жүйелеріндеп  судьщ  де 
кезінде  тиісті  орындарға
деңгеиі
Бұл  туралы
.ін жеткізшіп отырған.
Көптеген  деректерге  қарағанда,  қазіргі  Қазақстан  жеріндегі 
суғармалы егіншіліктің өте көне заманнан бері дамып келе жатқандығын 
байқаймыз. Оған куэ Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы 
жэне  тағы  басқа  облыстардағы  көне  қалалардың  орнында жүргізілген 
қазба жүмыстарының  нәтижесінде табылған  мәдени дақылдардың дэн 
қадцықтары.  Қазіргі  Қазақстан  жерін  мекендеген  ежелгі  халықгардың 
сугару негізінде бидай, күріш, бау-бақша өсіргендігі туралы мәліметтер 
көне  қытай,  араб  жэне  орыс  жазбасынан  кеңінен  кездеседі.  Соның 
ішінде халқымыздың тарихи жэне әлеуметтік дамуы жағдайымен бай-
14

ланысты бізге көбірек мәлім орыс жазбаларындағы мәліметтер мен де-
ректер.
Белгілі  археолог  әрі  шығыстанушы  В.В.  Бартольдтің  айтуынша, 
(1914 ж.) орыс зерттеушілері қазіргі Қазақстан жерінде, әсіресе оңтүстік 
аймақгарда,  көпғасырлық  тарихы  бар  суғару  әдістеріне  негізделген, 
жер  өңдеу  жэне  дэнді  дақылдар  мен  бау-бақша  әсіру  мэдениетінің 
куэсі болыпты. Осы зерттеушінің мэліметтеріне  қарағанда, суғармалы 
егіншілік  мэдениеті  Сыр  мен  Шу  аралығында  мұсылман  дәуірінен 
бұрынғы кездерде де өте жоғары дәрежеде болған.
С.П.  Толстовтың  деректеріне  қарағанда,  Сырдарияның  орта  жэне 
төменгі ағысы аймақтарында суғармалы егіншілікпен біздің дәуірімізге 
дейінгі  V—VIII ғасырларда, яғни 3000 жылдан бұрын да айналысыпты. 
Ал,  Е.Е.  Скорняковтың  мәліметтеріне  сүйенсек,  суғармалы  егіншілік 
мәдениеті осы кезеңде қазіргі Түркістан аймағында да жоғары дәрежеде 
болыпты.  Осы  аймақта  орналасқан  70-ке  тарта  елді  мекендердің 
тұрғындары  бидай,  күріш  жэне  жоңышқа  еккен,  жүзімдіктер  өсіріп, 
шарап жасаған.
Кейбір  деректерге  қарағанда  жер  суғарып,  егін  өсірумен  Жетісу 
өлкесінің тұрғындары да ежелден  айналысқан. Тіптен  Кетпен, Жоңғар 
жэне Күнгей Алатау тауларының етектерін былай қойғанда суғармалы 
егіншілікпен  Сарыішік  Атырау  даласында  да  айналысыпты.  Де- 
мек,  қазіргі  қазақ  жерінде  де  жоғары  дэрежеде  қалыптасқан  дэстүрлі 
егіншілік  мәдениеті  болған.  Бұл  дэстүр  моңғол,  бертін  келе  жоңғар 
шапқыншылықтарынан  кейін  өте  қатты  дағдарысқа ұшырады.  Деген- 
мен де суғармалы  егіншілік негіздері  қазақ халқы  арасында сақталды. 
Оңтүстік  аймақгарда  халық  түгелдей  дерлік  көшпенділер  санатына 
қосылып кеткен жоқ, әжептәуір бөлігі отырықшы болды, егіншілікпен 
айналысты.  Бірақ,  егіс  аумақтары  көп  кішірейді.  Бұрынғы  гүлденген 
қала,  елді  мекендердің (Отырар,  Тараз,  Баласағұн,  Сүткент,  Сұнақата, 
Қыстөбе жэне т.б.) орньшда біртіндеп, төмпешіктерге айналып қираған 
ғимараттар  ғана  қалды.  Уақыт  өткен  сайын  олардың  арасындағы 
бұрынғы салынған күрделі су құрылыстарының жүйелері, арықтардың
іздері көмескіленіп, құрып кетті.
Соңғы  кездердегі  зертгеулер  нэтижесінде  өткен  замандағы  суғар- 
малы  жер  көлемдері  анықталды.  Мысалы,  тек  Сырдария  өзенінің  то- 
менгі ағысында орналасқан қазіргі Қызылорда облысы жерінде 215 мың 
гектар, ал осы Сыр бойында, Оңтүстік Қазақстан облысын қосып есеп- 
тегенде  440  мың  гектарға  тарта  суғармалы  жер  болыпты.  Бұл  тіпті
15


қазіргі  кезбен  салыстьфғанның  өзінде  үлкен  де  ауқымды  көрсеткіш. 
Суғармалы егіншіліктіңжүйелі түрде дамуы ХІХ-ХХ ғасырларға келеді. 
Егер  1800  жылы  суғармалы  жерлердің  бүкіл  дүниежүзіндегі  көлемі 
8  млн га болса,  бүл көрсеткіш  1900 жылы 48 млн ға жетп, яғни небэрі 
100  жылда  6  еселенді.  XX  ғасыр  суғармалы  егіншіліктің  өте  жоғары 
дәрежеде  осіп дамуының куәсі  болды.  Мүндай жердің дүниежүзіндегі
көлемі  1949 жылы 92 млн, ал  1959 жылы  149 млн га жетті.  1975  жылы 
200 млн гектардан асып, 2000 жылы 300 млн га болды.
Ал енді суғармалы егіншіліктің қазақ жеріндегі өркендеуіне қайтып 
келетін болсақ, айтылмыш сала тек XIX ғасырдың төртінші ширегінде 
ғана  айта  қаларлықтай  қайтадан  дами  бастады.  Мүның  өзі  негізінен 
патшалық  Ресейдің  мақгаға деген  сұранымының  күрт  өсуімен  тығыз 
байланысты.  Сонымен  қатар  басқа  да  мәдени  дақылдар,  бау-бақша
өсіру де кең етек ала бастады.
1915  жылы  Қазақстан  бойынша  суғармалы  жер  көлемі  696  мың
гектарға жетті.  Ал  1921  жылы  бірінші  дүниежүзілік  соғыс  пен  азамат
соғысының  зиянды  әсерінен  оның  ауданы  қатты  қүлдырап,  350  мың
гектарға дейін төмендеді.
Содан  кейін  Кеңес  үкіметінің  қажетіне  байланысты  суғармалы
егіншілік  қайта  жандана  түсті  де,  оның  ауқымы  1924  жылы  — 488,5,
1925 жылы -  499,9,1926 жылы -  562,7, ал  1928 жылы 671,0 мың гектар-
ға дейін  өсті.  Бірінші  бесжылдықта сушаруашылығы  саласында істел- 
ген жүмыстардың нәтижесінде  1932 жылы суармалы жер көлемі — 903, 
екінші бесжылдықга—962,2, ал ¥лы  Отан соғысы қарсаңында 1043 мың 
гектарға жетті.  Соғыстан  кейін суғармалы жер көлемі тағы да өсе бас- 
тады.  1958  жылы  игерілғен  жер  көлемі  1351  мың гектарға жеткізілсе, 
1960-1965  жылдар  аралығында  бұл  сала  құлдырап,  суғармалы  жерді 
игеру көлемі  1273,9 мың гектарға дейін төмендеп кетті.
Суғармалы  егіншіліктің жедел  қарқынмен  дамуы  1966—1985  жыл- 
дар  аралығында  өтті.  Осы  аралықга  оның  көлемі  2,23  млн  гектарға 
жетті  жэне  көптеген  суғару  жүйелері  инженерлік  дәрежеге  көтерілді. 
Қаралып  отырған  тақырыпта  мынадай  келелі  мэселелерге  тоқтала 
кеткен  жөн  болып  отыр.  Соңғы  ғасырда  суғармалы  егін  алқаптары 
көлемінің жоғарғы қарқында өсуімен қатар осы алқаптарға су жеткізу, 
мәдени  дақылдарды  суғару  эдістері  де  үлкен  өзгерістерге  ұшырады. 
Тіпті  суды  шаруашылыктың  түрлі  салаларында  пайдалану  саясаты  да
түбегейлі өзгерді.
Ғылыми-техникалық  дамудың  жоғарғы  деңгейіне  сэйкес  XX
ғасырдың  50-60-жылдарынан  бері  қарай  суғару  жүйелерін  жобалау, 
16

технологиясы
бұган дейін суғару жүйелерін
мұқтаждығы
пайдалану не
жүргізіле бастады дей тұрғанмен, осы соңғы  кезге дейін суды кешенді 
пайдалану жобаларында табиғаттың суға деген  қажеттілігі  ескерілмей
келді
апат-
ты жағдайы, Балқаш көлінің мүшкіл халі, көптеген өзендердің төменгі
ағыс  аймағындағы  табиғи  экологиялық,  ауыл  жағдаиларының  ауыр- 
лауы  халқымыз  бен  үкіметімізді  қатты  алаңдатып  отыр.  Айта  берсек 
Арал және Арал маңы апатты аймақ санатына кіріп, бүкіл дүниежүзілік 
күрделі мәселеге айналды. Қазіргі кезде осы мәселені шешуге әлемдегі 
жоғары дәрежеде дамыған  АҚШ, Жапония,  Алмания  және тағы басқа 
бірқатар  мемлекеттер  көмек  корсетуге  дайын  екендігін  мэлімдеді,  ал
қазірге тек гуманитарлық көмек көрсетіліп отыр.
Осы  мәселеге  сэйкес  тағы  бір  айта  кетепн  жағдай  соңғы  кездегі 
экономиканың қай саласында болмасын суды үнемді пайдалану техно-
логиясына
ауылшаруашылығына
пайдаланып  отырғанымызды  еске  салсақ,  осы  салада  суды  ү:
пайдаланудың ұтымды озық технологиясын енгізудің өте үлкен ма
бар екендігі айтпаса да түсінікті. Суғармалы егіншілік саласында
0
үнемді  пайдалану  өте  ауқымды  мәселе,  сондықган  олар  осы  кітг 
келесі бөлімдері мен баптарында толығымен баяндалады.
Сугармалы
Қүргақ, жазы үзақ эрі ыстық, жауын-шашын аз түсетін аймақтарда 
сугармалы егіншілік мәдени өсімдіктер өсіріп, олардан мол өнім алудың 
бірден-бір кепілді жолы. Сондықган, жогарыда айтып кеткендей,  өнім 
алу  мақсатында  жер  сугару  бүкіл  дүниежүзінде  кеңінен  таралган. 
Өйткені,  топырақтагы  ылғалдылық  деңгейі  өсімдіктердің  топырақган 
қоректік  заттарды  алып,  олардың  тамырларының  оттегі  проңестерін, 
одан эрі температуралық ортада реттеп түруға тікелей эсер етеді.
Жоғарыда  1.1 -ші  және  1.2-ші  кестелерде  көрсетілгендей  бүл 
жүмыстар  ез  мемлекетімізде  де  қазіргі  заман  талаптарына  сай  өріс 
алған. Су тапшылығы жылдан-жылға айқын сезіліп келе жатқандықтан 
елімізде  2,32  млн  гектар  суғармалы,  1  млн  гектардан  астам  көлтабан
7

жерлерді  игеруге  мемлекетіміздің  жеткілікті  деңгейде  көңіл  бөліп 
отырғаны дәлел.
Суғармалы  егіншілік  — мол  өнім  кепілі.  Жер  суғарумен  айналы- 
су  құрғақшылыктан  құтқарады,  дақьшдардан  жылма-жыл  тұрақты 
өнім  алуға  қол  жеткізеді,  дей  тұрғанмен  де,  осы  мақсаттарда суаттар- 
дан  су бөліп  алу  (қазірғі  кезде  су ресурстарымыздың  85%-дан  астамы 
суғармалы егіншілік үшін пайдаланылады) табиғат тұрактылығына кері
әсер етіп отыр.
Көптеген  өзендеріміздің  төменгі  ағыстарында  су  тапшьшығы 
қатты сезіліп, бар судың сапасы нашарлап, экологиялык жағдайы кұрт
төмендеп кетті.
Тағы  бір айта кететін  жағдай,  мемлекетімізде суғармалы егіншілік 
ауданы жалпы игерілген жерлердің 10%-нан аспайды, ал одан алынатын 
өнім  жалпы  өнімнің  35%-ын  құрайды.  Бұл  көрсеткіш  жалпы  алғанда 
суғармалы  егіншіліктің  біз  үшін  пайдалы  жағын  меңзегенімен  басқа
дамыған елдермен салыстырғанда көп төмен.
Осындай  қалыптасқан  жағдайдың  коптеген  себептері  бар.  Соның
бірі  -   суғару  технологиясының  сақгалмай,  агротехникалық  басқа  ша-
ралармен  тиімді  үйлеспеуінде.  Оның  үстіне  қолданып  жүрген  суғару
техникаларымыз жалпы алғанда қазіргі күн талабына сай келмейді. Әлі
күнге дейін  жүйектермен,  жолақгармен жая  суғару  негізгі  эдіс  болып
отыр.  Ал  жаңбьфлатқыш  қондырғылардың,  тамшылатып  суғару  жэне
топыраққа тікелей су сіңіру жүйелерінің арасалмағы мардымсыз күйде
қалып  келеді. Мұның өзі суды  ысырап етіп, оның пайдалы әсерін күрт
төмендетуге әкеліп соғуда.
Суды үнемді пайдалану оның тасымалдау жүйелерінің техникалық
деңгейіне  де  көп  байланысты.  Бұл  тұрғыдан  алып  қарағанда  шаруа- 
аралық су таратып беру жүйелерінің жағдайы шаруашылық меншігіндегі 
жүйелердің  техникалық  деңгейінен  коп  ілгері.  Соңғы  жүргізілген 
қаттау  құжаттарының  мәліметтеріне  қарағанда  елімізде  барлығы
96 мың 366,6 км су жүйелері (каналдар) бар. Оның 13 мың 902 км мемле-
кет меншігіндегі шаруааралық каналдар, ал қалған бөлігі шаруашылық 
меншігінде.
Осы  екі  меншіктегі  каналдармен  олардағы  гидротехникалық 
құрылымдардың  техникалық  деңгейінде  жалпы  алғанда  айта  қалар- 
лықгай  үлкен  айырмашылық  бар.  Шаруааралық  каналдар  мен  гидро- 
техникалық  құрылымдар  мемлекет  тарапынан  қаржыландырылып, 
ұнемі жөндеуден, жаңартудан өткізіліп тұрса, шаруашылық меншіктегі 
жүйелерде  қаржы  тапшьшығьша байланысты  ондай жұмыстар  өте  си-
18

рек жүргізіледі.  Сондықтан,  кейінгі  айтылған  жүйелердің техникалық 
саласы,  жер  пайдалану  коэффициенті  көп  төмен  жатыр.  Нәтижесінде 
суатгардан алған сулардың жартысына жуығы тасымалдау кезінде жер- 
ге сіңіп кетеді де, суғарылатын жерге қалған жартысы ғана жеткізіледі. 
Оған  суғару  техникаларының  төмен  жабдықталу  деңгейін  қоссаңыз 
суаттан  алынған  судың  20—30%-ы  ғана  өсімдіктер  үшін  пайдалы
болғанына көз жеткіземіз.
Осыдан  келіп  қол жеткен жетістіктерге сүйене  отырып  суғармалы
егіншілікті  алға  қарай  дамытудың  ретгерін  талдауға  болады.  Айта 
келгенде,  аталмыш  саланьщ  дамуы  суғармалы  жерлердің  ауданын 
үлкейтуде емес,  қайта  оның эр гектарыньщ онімділігін  арттыруда  бо- 
лып отыр.  Барлық агротехникалық шараларды дер кезінде жүргізумен 
қатар,  суды  үнемді  эрі  тиімді  пайдалану  жолында  көптеғен  күрделі
жүмыстар жүргізілуі тиіс.
Біріншіден, суғару кестесін, одан кейін жүргізілетін топырақ өңдеу
және  т.б.  агротехникалық  шаралардың  тізбесімен  дүрыс  үйлестіру
керек.  Мүндай  жүйелі  жүмыстар  топырақта  өсімдіктердің  дамуына
қолайлы  жағдайдың топырақгың  ылғалдылық жэне  жылулық деңгейі,
өсімдік  тамырларының  дамуы  мен  қоректенуі  дүрыс  қальштасуына
тікелей әсер етеді.
Екіншіден,  суғару  техникасын  ғылыми-техникалЫқ  дэрежеде  да- 
мытып, соның жетістіктеріне сүйене отырып, ары  қарай өркендетуіміз 
керек.  Қазіргі  кезде  кеңінен  қолданылып  жүрген  жүйекпен  жэне 
жолақпен суғару судың көп ысырап болып, қоршаған ортаға зиянды әсер 
етуіне жол  беріп  отыр.  Ал жаңбырлатқыш  суғару техникасын кеңінен 
қодцануға  салынып  қойған  күрделі  су  алқаптарының  қалыптасқан 
қүрылымдары  кедергі  болып  отыр.  Оған  қосымша жаңбырлатқыштар 
Қазақстанда  шығарылмайды,  оларды  Ресейден  алып  отырмыз.  Ал, 
нарықгық экономика  жағдайында  шаруашылықгардың  мүндай  техни-
каны сатып алуына жағдайы келмеуде.
Қазіргі күн талабына сай келетін тағы бір суғару техникасы -  там-
шылатып жэне  импульсті-тамшылатып  суғару жүйелері.  Бүл техника- 
ны  зерттеу,  жетілдіру  жүмыстары  1966  жылдан  бері  жүргізіліп  келе 
жатқанымен, оны жасап  шығару  жэне өндіріске  енгізу элі  күнге дейін
іске асьфылмаған.
Топырақ  асты  суғару  жүйелері  де,  түмандатқыш  техникалары  да
елімізде әлі айтарлықтай қолдау таппай отыр. Негізгі себептері олардың
өзімізде шығарылмайтындығы жэне суғару алқаптарының қүрылымдары
мүндай  техникаларды  енгізуге  қолайсыз  болып  отырғандығында.  Ал,
19

суғару  алқаптарын  қазіргі  заман  талаптарына  сәйкес  қаита  жаңарту 
жұмыстары қаржы тапшылығына байланысты тоқтап тұр. Қалай деген- 
мен  де  болашақта  су  тапшылығы  осындай  жұмыстарды  дұрыс  жолға 
қояды  деген  сенімдеміз.  Соңғы  кезде  ғалымдар  инъекциялық  суғару 
эдісін ұсынып, оны өндіріске енгізу жолында еңбек етуде. Мұндай эдіс 
суды  тек  өнімнің  өсуіне  ғана  жұмсауды  қамтамасыз  етеді,  яғни  суды
90 пайызға дейін үнемдеуге болады.
Үшіншіден,  суғару  техникасын  өндіріске  енғізу,  су  ағысын  жэне
көлемін  өлшеу  қондырғыларын  қолдану,  техника  негіздеріне  сүйене
отырып, суды таратып бөліп беру жұмыстарын автоматгы түрде жүргізу
талаптарына сәйкестендіре отырып,  суғару  алқаптарын  қайта жаңарту
жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу керек. Суды ысырап болудан сақтау
үшін  канал  арналарын темір бетонмен жабу  немесе  арықтарды  жабық
құбырлармен алмастыру жұмыстары кеңінен қамтылуы тиіс.
Төртіншіден,  суғару  алқаптарындағы  жерасты  сулары  деңгейінің
өзгеруін  үнемі  бақылап  отыру  керек.  Өйткені  жерасты сулары  жердің
'Ч  құнарлылығына,  оның  тұздылығына  жэне  топырақгың  жалпы  даму
барысына  тікелей  эсер  етеді.  Демек,  алынатын  өнімге  йұның  да  зор
ықпалы бар екендігін естен шығармау керек.
Егер суғару алқаптарындағы жерасты суларын алмағайып (қауіпті)
деңгейден қандай да бір шаралармен төмен түсіру мүмкіндігі болмаса,
онда ол  жерге кәріздеу (дренаж) жұмыстарын жүргізу керек.  Дұрысы,
бұл  жұмыстарды  дэйекті  болжау  негізінде  су  алқаптарын  жобалау
кезінде ескерген жөн.

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0
transactions -> К ұ з б а с ы н д а ғ ы а ң ш ы н ы ң з а р ы
transactions -> Знаменательных и памятных дат республики казахстан
transactions -> Әбікейзейшысәтбаев к ж садықоөа, А. М. Садықова С. ТораОаыров атындаеы Павлодар мемлекеттік
transactions -> Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н
transactions -> Б 8 3 (5 к ) Қ 5 6 Б. Р. К,ожахметова МӘШҺҮр жүсіп фольклористикасындағы би-шешендердің
transactions -> Әбдіраиымов шақанай әміржанұлы екінші кітабы
transactions -> Монография «Тұран-Астана»
transactions -> Б 82(5К) Қ44 Сеиіт ҚАСҚаьасод
transactions -> Тәңірберген Қалилаханов

жүктеу 0.91 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет