Құзыреттілігін арттыру үшін журналистің қоғамдағы статусын анықтау керек пе?



жүктеу 0.76 Mb.
Pdf просмотр
бет7/7
Дата16.02.2017
өлшемі0.76 Mb.
#2973
1   2   3   4   5   6   7

Жақып ТҮЗЕЛБАЙҰЛЫ, Облыстық нар-

ко логиялық диспансердің бас дәрігері: 

Жыл артқан сайын әйелдер мас-

кү немдігі артып барады. Оларды емдеу 

де өте қиын. Жазылып, адам болдым 

деп кеткендерінің өзі жыл жарым өтпей 

қайта түсіп жатады. Әйелдердің мас кү-

нем дігін емдеу ерлерге қарағанда өте 

қиын. Өйткені оларға емнің ең негізгі 

түрін қолданғанда да әйелдердің жа-

зы луы алты айға, әрі кетсе бір жылға 

дейін әзер жетеді.

Үкімет маскүнемдерді емдеуден ақ ша ны 

аяп жатқан жоқ. Жыл сайын жұрттың 

аузынан жырып алып берген мемлекеттің 

үміті ше? Желге ұшты. Иә, аз-маз ақшаға са-

тылатын арақ атаулы дүкен сөрелерінде 

самсап тұр. Байдың да, кедейдің де қал-

тасын қақпайды. Арағымыз арзан бол ға ны-

мен, оны емдеу қымбатқа түсіп жатады. 

Одан да арақты қымбаттатсақ, бәлкім, қа сі-

реттің алдын алар едік. Әлде құлқынға құяр 

«бірдеңені» табудың төте жолын та бар ма 

екенбіз? Әйтеуір, әйел-аналарымыз жап пай 

әуестенбей тұрғанда қалайда бір ама лын 

қарастыруымыз керек-ау. Әйтпесе бө-

телкенің түбіне батып кетер түріміз бар... 



Жамбыл облысы

Ұлым жыл сайын жазда ата-әжесінің қолында болады. 2010 жылы әжесіне баламды 

Қазақстанның ішінде еркін алып жүру үшін нотариуспен расталған сенімхат әзірлеткен едім. 

Жуырда ұлымның аты-жөнін, тегін қазақша етіп ауыстырғанмын. Енді өзгеріске түскен 

аты-жөнге тағы да сенімхат әзірлеу керек екен. Сөйтіп, нотариус кеңсесіне барсам, 

ондағылар маған бала қаладан әр шыққан сайын жаңа сенімхат алып тұруым керектігін 

айтты. Бұл рас па? Мұндай жағдай біздің қалтамызға да ауыр соғып тұр. Өйткені әрбір 

сенімхаттың құны – 865 теңге. Біз баламыздың ата-әжесінің қолында қазақи тәрбиеленгенін 

қалаймыз. Мұндай заң кімге тиімді?

Алуа ЖОЛАМАНҚЫЗЫ,

 Алматы

 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Ұлты 

қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға 

байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» 

қабылданған заңы бойынша, қазаққа тән емес аты-

жөндегі аффикстерден арылуға құқылы. Бірақ тегі 

мен әкесінің атының түбірі сақталуы тиіс. Өзгеріске 

ұшыраған құжаттың бұрынғы аты-жөндегі құқықтары 

мен міндеттері еш кемімейді. Еліміздің «Отбасы және 

неке туралы» кодексінің 203-бабында баланың 

туылғаны туралы келесі мағлұматтар анықтайды:

1) баланың тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, 

туған жері;

2) акт жазбасының жасалу күні мен нөмірі;

3) жеке сәйкестендіру нөмірі;

4) ата-анасының толық аты-жөндері, туған 

күндері, туған жерлері, ұлты;

5) ата-анасының азаматтығы;

6) мемлекеттік тіркеу орны;

7) туу жөніндегі куәліктің берілген мерзімі. 

Осы мағлұматтар баланың туу туралы куәлігі 

мен сенімхатта сәйкесуі қажет. Қазақстан 

Республикасының Азаматтық кодексінің 167-

бабы бойынша, сенімхат үш жылдан артық 

уақытқа берілмеуі қажет. Егер сенімхатта уақыты 

көрсетілмесе, ол бір жыл көлемінде ғана 

жарамды болады. Бүгінде Азаматтық кодексте 

сенімхатқа байланысты ешқандай өзгеріс болған 

жоқ.


№112 (794) 

28.06.2012 жыл, 

бейсенбі


www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

СЕРПІН


«Жоғалтып алма сен мені...»

БҰЛ ӨЗІ СӨЙЛЕУДІҢ ҚҰРЫП БАРА 

ЖАТҚАН ЗАМАНЫ БОЛДЫ 

– Қадырғали аға, көрермен сізді 

бұрын «Бауыржан шоудан» жиі көруші 

еді. Кейін одан да, басқа да театрлардан 

көрінбей кеттіңіз. Ел сізді іздейтінге 

ұқсайды. Бұған не дейсіз? 

– Менің түсінігімде өнер адамының 

ауық-ауық ел көзінен тасаланып тұрғаны 

да дұрыс. Өйткені өнерге (жалпы, өнер де-

ген нің өзі баяғыдай біреу емес, қазір бір-

нешеге бөлініп кетті ғой: коммерциялық 

өнер бар, таза өнер бар), адал қызмет ете-

мін деуші жан ізденіп, жан дүниесін ба-

йытуы үшін ел көзінен таса кетуі керек. Мы-

салы, менің қазір көрінбей кетуімнің бір 

сыры да сонда, яғни гитараны қазақы лан-

 дыру жолын іздеп жүрмін деуіме болады. 

Шыны керек, әйтпесе гитара қазаққа тән 

аспап емес дейтін көзқарас басым ғой қо-

ғамда. Бұл – бір. Екіншіден, халықтың 

алды на шығу үшін өнер адамына тамырын 

те реңге жіберген рухани азық, өнерден өзі 

түйген қор қажет. Әйт пе се жұртқа берерің 

болмаса, әйтеуір, бір бағ дарламадан көрі-

ніп немесе жур налға сұхбат берген болып 

көрінгеннен не ұта 

сың? Мысалы, қазір 

сөй лей алмайтын әртіс тердің көбейіп кет-

кені қарнымды аш тырады. 



– Басқаша айтқанда, сөйлей білмей-

тіндер әртіс болып кетті дейсіз ғой?

– Ауызекі тілден басқа ештеңе жоқ. Бұл 

өзі тілдің, сөйлеудің құрып бара жатқан 

заманына айналып барады, оның ішінде 

де біздің қазақ тілінің. Қазіргі кейбір 

айтарға түгі жоқ, тек киімін айтып, жылты-

рап киініп, сахнада ұялмай, арланбай, 

айқайлай күлгенін биік белес санайтын 

жандарды өз басым әртіс деп есептемеймін. 

Оларды көрген сайын өзімді әртіспін деп 

айтуға ұяламын. Менің ұғымымдағы өнер 

– тұтас ұлттың құндылы ғы. Қазақтың жүгін 

көтеріп жүргеніңді сезі ніп, өзіңді соныңмен 

ұлтқа қызмет етіп жүр гендей сезінбесең, 

несі өнер?! Жалпы, өнер адамдарын 

экстрасенспен парапар деп айтар едім. 

Бұрынғыша айтқанда, бақ 

сы секілді. 

Өйткені халық сізден жақсы бір дү 

ние 


күтеді. Қазір қазақта жаман сөз пай 

да 


болыпты «концертке, кешке барып, бір де-

малып қайтайық» деген. Адамдар, жал пы, 

концертке болсын, қойылымға демалу 

үшін емес, шын мәнінде, рухани тазару 

үшін баруы керек. 

Мен өзім концерттер мен кештерге, 

қойылымдарға жиі барып, әдейі көрермен 

көзімен бақылап отырамын. Сонда ғана 

сахнадағы адамның бойындағы күшті, 

оның қаншалықты білікті екенін, парасаты 

мен пайымының деңгейін бағамдай 

аласыз. Өзіңізден бір саты да болса жоғары 

адамды сезесіз. Сонда ғана «міне, не деген 

мықты актер» немесе «не деген мықты 

адам» деп мойындайсыз іштей. Жылт етіп 

көрінген жерден шыға бермеуімнің бір 

себебі осы болса, екіншіден, жалпы, кез 

келген адамның азаматтық позициясы 

болуы керек. Қазір екінің бірі шетелге 

барғанын айтып мақтанады. Қарап тұрса-

ңыз, сол даңғойлық, ештеңенің парқына 

жетпеушілік, қуыс кеуделік қой, әйтпесе 

шетелге әркім өзі үшін барады емес пе? 

ТА

ЛҒАМ 



Винокуров Лондон Олимпиадасына қатыса ма?

Биылғы Еуродода көрерменімен базарлы



Алғаш құлаққа ғашық жанның өз сүйіктісіне айтқан жан сыры се-

кіл ді естілгенімен, ұға білгенге бұл сөздің мағынасы тереңде. Әрине, 

егер ұлтжандылық тұрғыдан түсінер адам болса... Бұл – біздің тіліміздің 

жанайқайы. «Егер ертең ана тілім жоғалар болса, мен бүгін өлуге да-

йын мын» деген Расул Ғамзатов сүйгендей сүйсек қой, шіркін, тілімізді... 

Бұл – біздің ұлтымыздың ішінде тұншыққан сезімі. Осы жанайқайды 

тап басып, өзінің шығармашылық кешіне тақырып етіп отырған – актер, 

сазгер, бард, әнші, мәдениет қайраткері Қадырғали Көбентай деген 

қазақтың ұлы. Маусымның 29-ы күні кешкі сағат 19:00-де Алматыдағы 

Студенттер сарайында өтетін кеш алдында біз осынау сегіз қырлы, бір 

сырлы азаматпен ой бөліскен едік.

– Неге?

– Өйткені жүрегіңіз ауыратын 

болады. Адамдардың сізге адам 

деп қарамайтынына ренжитін 

боласыз. Әртіс деп қарайды 

барлығы сізге... 



ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА 

ҮНДЕЙТІН 

ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ 

АТЫНАН СӨЙЛЕЙМІН

– Сөз соңында шығар ма-

шы лық кешіңізге келсеңіз... 

– Бірінші айтарым, ешқандай 

фо нограм масыз  өтетін  концерт 

болады. Мен осы «жанды», 

«тірі» деген сөздерді дұрыс емес 

деп тапқандықтан әдейі осылай 

ай тып отырмын. Тіліміздің бұ-

зыл  ғанын  осыдан-ақ  байқауға 

бо лады да. Термин дер ді дәл қа-

лай жеткізерімізді білмей қи на-

ламыз өз тілімізде. 

– Дұрыс айтасыз, мақала 

жазарда кейде біз де кей тер-

миннің нақты қа зақ ша бала-

масын таппай қиналамыз. 

– Содан кейін жаңа  айттым, 

біз гитара ны зерттеп, оның қа-

зақ қа жақын екенін дә лелдеуге 

тырысып жүрген адам дармыз. 

Со ны сахнадан көрсетеміз. Гита-

ра мен ха лық әндерін де, тіпті күй 

де  орын дауға  бо ла ды,  мүмкіндігі 

өте жоғары. Со сын абыз ғы деген 

аспап бар. Оның үсті – арфа, ас-

ты дауыл паз сияқты. Сақтардың 

ке зін де  пайда  болған  аспап. 

Алтайдың қой науын қазу кезінде 

табылды дейді. Қа 

зір қазақта 

осы аспапты өлтірмей, ойнап ке-

ле жатқан Серәлі деген азамат 

бар. Сол Се рәлінің абызғысы мен 

менің ги тар ам қоса ойналады. Осы кезге 

дейін, бір қы зығы, қа зақта домбырадан 

басқа  ас пап  бол ма ған дай  етіп  көрсетеді 

ғой. Мен өзім осы көз қарасқа қарсымын. 

Шы нын да, ас пап көп болған, бірақ біз сол-

ар дың  көбін  ұмыт  қанбыз,  жоғалтқанбыз. 



– «Жоғалтып алма сен мені...» деген 

атау ды қалай ашып түсіндіресіз? Бұл өзі 

бенефис деп айтуға келетін кеш пе?

– Жоқ, бенефис емес, бұл – тема ти ка-

лық кеш. Бұл – күллі ақын, актер, жалпы, 

өнер адамы сахнадан айта алмай жүрген 

сөз. Алайда бұл бір адамның екінші біреуге 

айтқан сөзі емес, бұл – біздің жоғалуға 

таянып бара жатқан тіліміздің жанайғайы. 

Бұл – біздің жоғалып бара жат қан ұлттық 

патриоттық санамыздың ай 

қайы. Яғни 

 

ұлтжандылыққа үн дей тін біздің барлық 



құндылығымыздың 

аты нан 


сөй легім 

келеді. Ән арқылы да, сөз ар қылы да. 



– Кешіңізге кімдер қатысады? 

– Кешті Тұңғышбай ағамыз ашады. 

Жүргізуші – өзім. Ершат Қайырхан деген 

мықты гитарашы жігіт бар. Жеті шекті ги-

тара да ойнауда Қазақстанда алдына жан 

салмайтындардың бірі – сол жігіт. Тамаша 

әнші. Мен тәрбиелеп жүрмін. Бірақ мен 

одан гитарашы жасаған жоқпын. Ол өзі  та-

маша күйші. Мен тек оның сол біліктілігін 

ірік телген поэзияға қарай ыңғайлап әкеле 

жа тырмын. Баян Нұрмышева қатысады, ол 

– Қазақстандағы бірден-бір кәсіби гита-

рашы қыз. Ол оқыған гитараны біз оқы  ма-

ғанбыз. Баян нағыз гитараның мектебі нен 

білім ал 

ған. Аягөзден менің ұстазым, 

абыз ғышы Серәлі келе жатыр. Серәлі – 

сондай-ақ көмейден ән салуды мең герген 

азамат. Осындай керемет дү ние лер бола-

ды. Енді мұны тек көру ке рек. 



Әңгімелескен Мәриям ӘБСАТТАР

БІЗДІҢ ОЛИМПИАДАШЫЛАР

Дмитрий КАРПОВ

Алдымен отағасынан бастайық. 

Жалпы, өзінің айтуынша, оның спортшы 

болу тағдыры, болашақ мамандығы, 

өмір лік кәсібі құрсақта жатқан кезінде-ақ 

шешіліп қойған екен. Әкесі Василий 

Борисо вич те, марқұм шешесі Вера Фе-

доров 


на да тек Қарағанды облысына 

ғана емес, күллі қазақ даласына, оны ай-

та сыз, бүкіл Кеңес Одағына белгілі бап-

кер лер. Осындай отбасында өмірге келген 

нәрестенің спортшы болудан басқа амалы 

болмайтыны белгілі емес пе? 

– Біздің отбасы үшін спорт – тек кәсіп 

емес, өмірдің мәні. Сондықтан ба, бала-

лық кезім стадионда өтті. Күн сайын әке-

шешемнің жанында жаттығуда болатын-

мын. Әр жаттығуда өзіме әртүрлі жаңа-

лық  тар ашатынмын. Мен үшін соның бар-

 лығы қызық болатын, – деп еске ала ды 

бүгінде өзінің балалық шағын Кар пов.

Дегенмен Дима спортқа 15 жасынан 

бастап қана түбегейлі кіріскен. Алғашқы 

бапкері – әлбетте, өзінің әкесі. Сол-ақ 

екен, жеңістер де көп күттірмей кезегімен 

келе береді.

– Ең алғашқы ірі жеңісіме 2001 жылы 

ғана қол жеткіздім. Жапонияның Осоко 

қаласындағы Шығыс Азия ойындарына 

қатысқанбыз. Шыны керек, жеңіске 

жетем деп ойламадым. Бірақ әр бағдар-

лама сайын бәсекелестерімнен ұзап, бас 

жүлдеге ие болдым. Осыдан кейін жүл-

дегер атану бір бөлек, жеңімпаз болу тіп-

тен бөлек екенін түсініп, тек алтынға ғана 

таласатын болдым, – дейді. 

Алайда спорттық ғұмырындағы ең ірі 

жетістігі Афины Олимпиадасының қола 

жүл десі екенін Карповтың өзі де жасыр-

май ды. Оның алдында бір жыл бұрын 

әлем чемпионатынан да қоламен орал-

ған. 2008 жылғы Бейжің Олимпиада сы-

ның қарсаңындағы әлем біріншілігінде де 

үздік үштіктен көрінгендіктен, Ұлы Жібек 

елінен де құр қайтпайтын шығар деп 

ойлағанбыз. Өкінішке қарай, жаңбырлы 

күн райында тізесінен ауыр жарақат алып 

қалған Карпов жүгіріп келе жатып кенет 

тоқтай қалады. Бітті. Алтын алады деген 

жігітіміз жарты жолдан жарысты аяқтауға 

мәжбүр болды. Содан бір жыл жарақатын 

емдеумен жүрді. Тағы бір жылы бабына 

келу мен өтті. Сөйтіп жүргенде Лондон 

Олим пиадасының іріктеу жарыстары да 

бас талып кетті. Бар күшін жинап, Гуанжоу-

да өткен Азия ойындарына қатысып, же-

ңім паз атанып қана қоймай, Олимпиада 

нор мативін  орындады.

Дмитрий КАРПОВ:

– Лондон Олимпиадасынан кейін 

бір ден спорттық ғұмырыммен қоштас-

қым келмейді. Егер шамам жетсе, 2014 

жылғы Азия ойындарына да қатысамын. 

Ира осы Олимпиададан кейін доғаратын 

шығар. 

Ирина КАРПОВА

Дмитрийден бір-ақ жас үлкен бол ға-

нымен, Ирина Науменконың спорттық 

ғұ мы ры әлдеқайда ерте басталған. Кіш-

кен  тайынан жеңіл атлетикамен айналыс-

қан шығыстың аруы небәрі 20 жа сын да 

Сидней Олимпиадасына қатысып үлгер-

ген. Рас, жақсы нәтиже көрсете ал ған 

жоқ. Бар болғаны 21-орынмен шек тел ді. 

Афины Олимпиадасында да Ира көш тің 

соңында қалып, 22-орынмен шек тел ді. 

Бей 


жің Олимпиадасына барғанымен, 

жарыс жолына шыққан жоқ. Дегенмен 

әлемдік деңгейде алдың 

ғы қатардан 

орын алмаса да, Ира – Азияда атой салып 

жүрген атлеттеріміздің бірі. Азия ның үш 

дүркін чемпионы атанып, жа бық кешен-

дегі сары құрлық ойында ры ның жеңімпа-

зы атану екінің біріне бұйы ра бермейтін 

бақ екені айтпаса да түсі нікті. Енді отанасы 

өзінің төртінші Олим пиадасына дайында-

луда. Жалпы, мұны сы да ерлік. Отандық 

спорт 

тың тари 



хында төрт рет Олим-

пиадаға қатысқан спортшылар аса көп те 

емес. 2010 жылы тұңғышын босанып, бір 

жылдан кейін екіншісін дүниеге әкелген 

аруымыз босан ған нан кейін арада ай өт-

пестен-ақ жат тығуға кірісіп кетіп отыр-

ған.

Таныстықтары: Бір-бірін Сидней 

Олим пиадасына дейін-ақ жақсы білген-

дік терімен, 10 жыл бойы екеуінің де ша-

ңы рақ көтеруге батылдары жетпей жү реді. 

Уақыт тығыздығы бар, отбасылық жа уап-

кершілігі бар, бәрі де кедергі келтіре бер-

ген. Ақыры тәуекелге бел буған Карпов 

Бейжің додасының алдында «Олим пиа-

дадан оралған соң үйленем» деп сөз 

береді. Сөйтіп, сол жылы қазан айында 

кіші гірім той жасап, заңды некеге тұрады 

да, көп өтпестен өзге жеңіл атлеттермен 

оқу-жаттығу жиынына жүріп кетеді. 2010 

жылы Карповтар отбасында дүниеге Свя-

тос лав есімді ұл келді. Былтыр Мирослава 

есімді қыздарын өмірге әкелді.



Карповтар отбасы

Оны біреуге айтудың қанша қажеті бар? 

Осындай масқара құбылыстардың орын 

алуы – меніңше, сол азаматтық позицияның 

жоқтығынан. Бір сөзбен айтқанда, көрін-

бей жүруімнің себебі, осылардың бар-

лығын сараптап, саралап, бір шыққанда 

бірегей шығу керек деп жүргендігімнен 

деп білгендеріңіз дұрыс. 

– Яғни қор жинап жүрмін дейсіз 

ғой, солай ма? Немен айналысып, қан-

дай қор жинап жүрсіз? 

– Ғылыммен айналысып жүрмін. Өнер 

ғы лы мымен. Біздегі ең кенже қалған ғы-

лым осы өнер ғылымы екен. Сенесіз бе, 

күні кешеге дейін бізде жалғыз өнертану 

ғылымының докторы болды: марқұм Ба-

ғы 

бек Құндақбаев деген ағамыз. Одан 



кейін ол салаға ешкім ат ізін сала қоймады. 

Соңғы жылдарда ғана жөпелдеме жасал-

ды-ау деймін, екі-үш ғылым докторы бар. 

Жал пы, ғылыми еңбек жазсаңыз, бес ғы-

лым докторы пікірін жазуы тиіс. Ал бұрын 

Қазақстанда өнертануда жалғыз ғылым 

докторы болған кезде, амал жоқ, қалған 

төрт адамды Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, 

бір сөзбен айтқанда, шетелден іздеуге 

мәж бүр болатынбыз. Ол үшін 300 беттік 

дис сертацияны орысшаға аударасыз, екі 

есе жұмыс, азап болатын, расында. Тіпті 

әлі де бізде өнертану саласында бес ғылым 

док торы жоқ, осыны анық білемін. 



БІЗ, АКТЕРЛЕР, ӨМІР БОЙЫ ОСЫ 

САЛАҒА КЕЛГЕНІМІЗГЕ ӨКІНЕТІН 

ЖАНДАРМЫЗ

– Жалпы, өзіңізге келсек, сіз басқа 

өнер адамынан актерлік өнеріңізден 

бөлек, қазақта өте сирек кездесетін, 

мар 

 

құм Табылды Досымов сынды 

бард стилін ұстанатындығыңызбен 

ерек шеленесіз, менің пікіріме қосыла-

сыз ғой? 

– Жалғыз бард емес, әр салада менің 

өз соқпағым бар. «Бауыржан шоудан» не-

месе «Тамашадан» т.б. кеткенім актерліктен 

кет тім деген сөз емес. Орыстың Хазанов, 

Пет росян деген актерлері бар, мен солар-

дың стилінде жұмыс істейтін актермін. 

Ком  позитормын. Ән де саламын. «Мынау 

Қа дырғалидың стилінде ғой» дейтіндей 

ме нің өз стилім қалыптасқан.



– Әндеріңізді өзге де орындаушы-

лар ға бересіз бе? Мәселен, ел естіп 

жүр ген қайсы ән сіздікі? 

– Бір ғана мысал келтірсем, Тұңғышбай 

ағамыз орындап жүрген «Өнер адамы» де-

ген әнді естулеріңіз бар болса, сол – менің 

әнім. Сөзі – Есенқұл Жақыпбековтікі. Мен 

өз әндерімнің бір-екеуіне ғана болмаса, 

жалпы, сөз жазған адам емеспін. Қазақта 

«кү шеніп ақын болуға болмайды» деген 

сөз бар. Ақындардың бақшасына түс кен 

дұрыс емес-ау деп ойлаймын. Аз-кем ше-

гініс жасасақ, Есенқұл ағамыздың жам ба-

сы сынып үйінде жатқан кезі болатын, 

көңі 

лін сұрай барғанымызда, жыр жи-



нағын ұсынды. Парақтап отырсам, «Өнер 

адамы» нақ көкейдегі ойды тап басқан 

дүние екен. Біз туралы, біздің ішкі жай-

күйімізді бере алған туынды. Негізі, оны ән 

деп те толығымен айтуға болмайды. 

Әйтеуір, спектакльден кейін орындалатын 

монолог болса деген оймен шығарған 

дүнием. Алайда ел оны ән деп қабылдап 

кетті. Әрине, оған Тұңғышбайдай мықты 

актер ағамыздың шебер орындауы тікелей 

әсер етті. Ол – еліміздегі актерлердің ішін-

де өнертану ғылымының кандидаты бол-

ған жалғыз адам. Қазақстанда дәл ол кісі-

нің деңгейінде білімді актер жоқ. 



– Сіз әнші, сазгер әрі актерсіз. Осын-

ша жүкті арқалаудан шар  шап, тастап 

кеткіңіз келген кезіңіз болды ма? 

– Осы ой актерлік оқуға түскеннен 

бастап болады-ау... Ең ауыр мамандық 

қой. Мұның кітабы жоқ. «Осыны оқисың 

да, актер боласың» дейтін бір кітап тап са-

ңыз, осы сөзімді жоққа шығарыңызшы... 

Жалпы, бұл – зерттелмеген мамандық. Әр-

тіс тік деген Тәңірден келген сый ма, әй-

теуір, сондай бір нәрсе болса керек адамға. 

Екін шіден, бұл мамандықтың кереметі: сіз 

өмір бойы, өле-өлгенше ізденіп жүресіз. 

Ағыл шынның саңырау актері болған, ол 

адам дардың айтқанын аузының қимы лы-

нан біліп тұратын сондай сезімтал болса  

керек. Сол мыңыншы рет Отеллоны ойнау-

ға бара жатып, «бүгін, мүмкін, Дездемона 

ора малын беретін шығар...» деп жазып 

кетіпті. Сол мыңыншы ойыннан соң өзі де 

үзіліпті. 

– Өз ажалын болжағандай ма сон да? 

– Жоқ, олай емес. Біз, актерлер, өзіміз 

ойнап жүрген рөлге сенеміз. Ол сахнаға 

актер ретінде емес, Отелло болып, өзінің 

шын Отелло екеніне сеніп бара жатқан 

адам ғой. «Бүгін Дездемонадан орамалым-

ды сұрасам, беретін шығар» деп сеніп бара 

жатқаны – сол сенгендігінің белгісі. Ол 999 

рет бермей, қылғындырып өлтірген емес 

пе? Міне, актерліктің сыры да, шыны да 

осы. Сіз осы салада өмір бойы із денесіз де, 

өмір бо йы осы мамандыққа келгеніңізге 

өкіне сіз.

Ел арасында «Лондон Олимпиадасында велоспорттан 

Қазақстан атынан Александр Винокуров қатысады» деген әңгіме 

гу-гу есіп жүр. Білуімше, ол «Тур де Франс» бәйгесіне қатыспай 

ма? Сонда Винокуров мәртебелі көпкүндікке қатыспай ма? 

Шерхан ТОХТАРХАНОВ, Алматы қаласы

Лондон Олимпиадасында вело-

с порт тың жекелей сынында екі ли-

цен зиямыз бар. Сіздің қойған сұр а-

ғы ңызға байланысты Қазақстан ве-

лос порт федерациясының бас хат-

шысы Валентин Рехертке хабар лас-

қан болатынбыз.

– Лондон Олимпиадасында же-

ке 


лей сында Қазақстан атынан 

Алек сандр Винокуров пен Александр 

Дьяченко қатысады, – деді Валентин 

Рейнгольдович. 

Сондай-ақ бас хатшы бұл екеуі-

нің де «Тур де Франс» додасына қа-

ты сатынын жеткізді. Айта кетейік, 

Бель гия жерінде басталып, Фран-

ция да аяқталатын дода 30 маусым 

мен 22 шілде аралығында өтсе, 

Лон   дон  Олимпиадасының  ойында ры 

28 шілдеде басталады. Бұл жай лы 

Рехерт былайша түсіндірді:

– Винокуров үшін «Тур де Франс» 

Олим пиада алдындағы дайын дық-

тың пысықтау кезеңі болмақ. Осы 

тур нир арқылы Сашаның бабын бі-

летін боламыз.

Иә, сонымен Винокуров пен Дья-

чен 


ко Лондон Олимпиадасына қа-

тысатын болды. Алайда осы дода ны 

желеу етіп, «Тур де Франстың» бел 

ортасына жеткенде жарыс жо 

лынан 

шығып қалмаса болғаны. Екі кеменің 



құйрығын ұстап, суға кетіп жүрмей ме?

Еуропа чемпионатының ширек финалындағы соңғы кездесуді, яғни Англия мен Италия 

арасындағы матчты тамашалап отырып, стадиондағы біраз орынның бос тұрғанын байқа-

дым. Әдетте мұндай дүбірлі сында ине шаншар орын болмаушы еді. Сонда бұл бірін шілік ке 

келген жанкүйерлер саны аз болғаны ма?

Нұржігіт РЫСҚЫ, ОҚО Сарыағаш

ВОЛЕЙБОЛ


«Жетісу» Азия чемпиондары додасында

Сейсенбі күні волейболшыларымыз 

Қы тайға жол шекті. Шанхайда Азияның 

клубтық чемпионаты өтпек. Ерлер арасын-

да да қыздар арасындағыдай Азия чем-

пиондары кубогына көп ел ұлттық құра-

масын жібереді. Қағаз жүзінде әр елдің 

чемпионы болып жазылуы мүмкін, бірақ 

бәрі чемпиондарының құрамын ұлттық 

құрама ойыншыларымен нығайтады. Біз-

дің ел де тура осылай, «Алматы» клубының 

сапын үш ойыншымен күшейтті.

Биылғы клубтық Азия чемпионатына 

17 команда қатыспақ. Олар төрт топқа бө-

лінген. Қазақстан жігіттері – «С» тобында.

«С» тобы: Қазақстан, Үндістан, Ин-

донезия, Кувейт.

«А» тобы: Қытай, Вьетнам, БАӘ, Ауған-

с тан.

«В» тобы: Иран, Катар, Өзбекстан, 



Мьянма.

«D» тобы: Жапония, Таиланд, Түрік-

менстан, Сингапур, Моңғолия.

Биылғы клубтық Азия чемпионаты 30 

маусым күні басталады. «Алматы» клубы 

алғашқы ойынын Индонезия чемпионымен 

өткізеді. Одан соң Үндістан (2 шілдеде) 

және Кувейт (4 шілдеде) волейболшыла-

рымен кездеседі. Финал 8 шілдеде өтпек. 

Біз жігіттеріміз былтырғыдай финалда 

өнер көрсетеді деп үміттенеміз. 

Енді Шанхайға кеткен құрама команда 

са пына келер болсақ, Алматыда 16 ойын-

шы екі апталық оқу-жаттығу жиынына қа-

ты сып, олардың төртеуі елде қалды. Бап-

керлер құрамы мына ойыншыларға сенім 

артуды жөн санапты: 

Әсет Базарқұлов, Антон Юдин, Дмит-

рий Горбатков, Виталий Мироненко, Но-

дир 


хан Қадырханов, Александр Столь-

ников, Виталий Эрдштейн, Олег Веригин, 

Сер гей Кузнецов (бәрі де – «Алматы»), На-

риман Сүлейменов («Атырау»), Тасқын 

Шә ріп ов («ТНК Қазхром», Хромтау), Вита-

лий Вориводин («Конденсат», Орал). 

Бас бапкер Геннадий Паршин мен оның 

көмекшісі Рафаиль Гилязутдинов әртүрлі 

себептермен Юрий Стулов, Алексей Гутор 

(екеуі де – «Алматы»), Нариман Әубәкіров 

(«Атырау»), Максим Мамедов («Шы ғыс-

СвинецСтрой», Өскемен) сынды ойыншы-

ла рымызды  елде  қалдырды. 

Енді бір ескере кетерлігі, осы біріншілікте 

түркістандық халықаралық төреші Қуат 

Айдарбеков биылғы Азия чемпиондары 

кубогында қазылық ететін болады.

Еламан ТҰРЫСБЕКОВ

Волейболдан ерлер арасындағы Қазақстан құрамасы Азия елдері 

чемпиондарының кубогы додасына қатысу үшін Шанхайға ұшып кетті.

Еуропа чемпионаты басталмай тұрып батыстың 

белсенді жанкүйерлері де Украина мен Польшаға 

ат басын бұра қоймас деген болжамдар айтылған. 

Себебі Шығыс Еуропада бұл дода тұңғыш рет өтіп 

отыр. Оның үстіне араға бір ай салып өтетін Ұлы-

бри  таниядағы Олимпиада ойындары тартым ды-

лығы жөнінен футбол тойынан титтей де кем түс-

пейді. Алайда бұл болжамдар теріске шықты. «Ук-

раина 2012» ақпарат орталығы «чемпионы әлі 

анық  тала қоймаған біріншілік көрермендердің 

көп тігімен мақтанады» деген мәлімет таратты. Топ-

тық дода мен ширек финалдық ойындарды жалпы 

есебі 1 274 186 жанкүйер стадионнан тамашала-

ған. Бұл – әр ойынға шаққанда, 45 507 адам ста-

дион ға келді деген сөз. Ал чемпионаттың финал-

дық ойынына бүгінге дейін 65 мың билет сатылып 

кеткен. Ең көп көрермен жинаған Еуропа біріншілігі 

1996 жылы Англияда өткен. Сол додаға 1,27 млн 

жанкүйер жиналған болатын. Жартылай финал 

басталмай тұрып Украина мен Польшадағы футбол 

мерекесін көрушілер саны бұл межеден асып 

кетіпті. Ал осыдан төрт жыл бұрын Австрия мен 

Швейцарияда өткен Еуропа біріншілігін стадионнан 

1,14 млн адам тамашалаған.

СҮЙІНШІ!


Қаршадай қазақ қызы – әлемдегі ең жас гроссмейстер

Маусым айында қазақтың маңдайына 

біткен талантты қызы Мәскеу мен Алу ш та-

дағы екі халықаралық турнирге қатысып, 

бүкіләлемдік рейтингтегі өз қоржынына 

102 ұпай қосқан. Бұл – дәл қазір бүкіләл-

емдік ғаламторды жайлап алған дерек.

Біз кеше осы мәліметтің анық-қанығын 

білу үшін Жансаяның әкесі Данияр Әшіров-

пен хабарласқан едік.

– Жансая гроссмейстерлік үш норманы 

да орындады. Алғаш рет былтыр Индо не-

зияда өткен 20 жасқа дейінгі қыздар ара-

сындағы халықаралық турнирде «халық-

ара 

лық шебер» нормативін орындаған 



бо латын. Ал биыл маусым айында Мәскеу 

мен Украинада гроссмейстерлік норманың 

екін ші және үшіншісін орындады. Соңғы 

нор мативті 20 маусым күні орындап шық-

ты. Жалпы, ереже бойынша осы күннен 

бас тап Жансаяны гроссмейстер деп санай 

бе ру ге болады. Ал ресми түрде ФИДЕ-нің 

1 қыркүйек күні өтетін конгресінде бе кі-

тіліп, жариялануы керек. Бұйыртса дейікші. 

Оған дейін ФИДЕ Жансаяның гроссмейстер 

болғанын дәлелдейтін сертификат жіберуі 

керек, – деп түсіндірді мұны жас таланттың 

әке сі, алғашқы бапкері Данияр Әшіров.

Иә, шынымен де, Жансая шахмат та ри-

хындағы ең жас гроссмейстер болып отыр. 

Тек ФИДЕ тезірек бекітсе болғаны. Жансая 

2000 жылы 12 қаңтар күні туған. 12-ден 

ас қанына әлі алты ай болған жоқ. Ал әлем-

дегі ең жас гроссмейстер қыздар 12-ден 

ас қанда орындаған бұл – үш нормативі.

Украина қызы Кати Лагно гроссмей-

стер лік нормативтерді 12 жас 5 айға тол-

ға нында орындаған екен. Бірақ әлемдегі 

ең жас гроссмейстер болып Қытай қызы 

Хоу Ифань саналады. Ол гроссмейстерлік 

нор  ма тивтерді 12 жас 3 айлығында орын-



11 жастағы Жансая Әбдімәлік әлемді тағы дүр сілкіндірді. Өзінен 

үлкен қыздар арасында әлем чемпионы болып, төрткіл дүниені 

тамсандарып жүрген Жансая қарындасымыз енді гроссмейстерлік 

норманы орындап, әлемдегі ең жас гроссмейстер атанып отыр.

Нұрғазы САСАЕВ

да ған деген деректер бар. Бірақ оған грос-

смейс тер лік атақ ресми түрде 2007 жыл-

дың қаңтар айында берілген. Ол кезде Хоу 

Ифань 13-ке тақап қалған еді (12 жас 11 

ай). Ал Жансаяның әкесі Данияр Әшіров:

– Жансаяға 1 қыркүйек күні гроссмейс-

тер лік атақ ресми түрде бекітіліп берілсе, 

бұл рекордты жаңартамыз. Қазірдің өзінде 

Жан сая әлемдегі ең жас гроссмейстер бо-

лып саналады, – дейді қуанышы қойнына 

сый май.


Әрине, біз соған тілектеспіз. Бәрі де 

әке-бапкер айтқандай болып жүзеге асса, 

нұр үстіне нұр. Бәрінен де Жансаяның ал-

дына мақсат қоя білетіндігін, соған қол 

жет кізу үшін талпынған еңбегін ерекше 

атап өткіміз келеді. 

Қаршадай Жансая соңғы екі жылда 

«әлемдегі ең жас гроссмейстер болсам» 

де ген асқақ арманының жетегінде желпініп 

жүр ді. Соңғы жылдары осы арманын жиі 

ай тып, алдына осындай үлкен мақсат қой-

ды. Енді оған қол жеткізген де сияқты...

Мұның бәрін құзыретті ұйымдар 

(мысалы, ФИДЕ) шеше жатар. Ал біз әлі-

ақ қазақ қыздары шахмат әлеміне үстемдік 

құрады деген сенімдеміз. Өйткені Жансая-

дай 64 тор көзді тақта үстінде ерен таланты-

мен көзге түсіп жүрген бүлдіршіндеріміз 

баршылық. Солардың бәрі ұлтымыздың 

абырой-беделін асқақтатып, мерейімізді 

тасыта берсін дейік. 

Қалай десек те, қуаныш құтты болсын. 

Қаршадай қазақ қызы төрткіл дүниені сүй-

сіндіріп отыр. 



Карпова Ирина Владимировна

Туған жылы: 13.02.1980 ж.т.

Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы

Бойы: 180 см.

Салмағы: 63 келі 

Спорт түрі: Жеңіл атлетика

Спорттық бағдарламасы: 

Жетісайыс



Жеке бапкері: Юрий Головченко

Ең ірі жетістіктері: Азияның үш дүркін 

чемпионы, жабық кешендегі Азия 

ойын дарының жеңімпазы. Азия 

чемпио натының қола жүлдегері. 

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Басы 1-бетте

Карпов Дмитрий Васильевич

Туған жылы: 23.07.1981 ж.т.

Туған жері: Қарағанды қаласы

Бойы: 198 см.

Салмағы: 89 келі

Спорт түрі: Жеңіл атлетика

Спорттық бағдарламасы: Көпсайыс

Жеке бапкері: Василий Карпов

Ең ірі жетістіктері: Олимпиада ойын-

да рының қола жүлдегері, Әлем бірін-

ші лік терінің екі дүркін қола жүлдегері, 

Азия ойындарының екі дүркін же ңім-

па зы. 

Вячеслав СОКИРКО, 

Вячеслав СОКИРКО, 

жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері:

жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері:

–  Иринаның  қайсарлығына  таңғала мын.  Босанғаннан  кейін  көп  ұзамай 

– Иринаның қайсарлығына таңғала мын. Босанғаннан кейін көп ұзамай 

жаттығуға кірісіп ке те ді. Спортқа жанын бергендіктің белгісі ғой бұл. Енді ол 

жаттығуға кірісіп ке те ді. Спортқа жанын бергендіктің белгісі ғой бұл. Енді ол 

дайын дығын  пысықтау  үшін  Алматыда  өтетін  «Азия  жұлдыз да ры»  додасына 

дайын дығын пысықтау үшін Алматыда өтетін «Азия жұлдыз да ры» додасына 

қатысады. Ал Карпов же ке бағдарлама бойынша Олимпиадаға да йындалуда. 

қатысады. Ал Карпов же ке бағдарлама бойынша Олимпиадаға да йындалуда. 

Әлбет те, екеуінің де кем ші ліктері бар. Оны өздеріңіз де білесіз дер. Мен артық-

Әлбет те, екеуінің де кем ші ліктері бар. Оны өздеріңіз де білесіз дер. Мен артық-

шы лықтарын  айтайын.  Ира ның  қайсарлығын  айттым.  Дима  да  батыр.  Найза 

шы лықтарын айтайын. Ира ның қайсарлығын айттым. Дима да батыр. Найза 

лақтыру дағы  көрсеткіші  жақ сарып  келеді.  Спринттік  қашықтықта  да  әлсіреп 

лақтыру дағы көрсеткіші жақ сарып келеді. Спринттік қашықтықта да әлсіреп 

қалып еді, оны сын да түзеді. Соған қуаныштымын.

қалып еді, оны сын да түзеді. Соған қуаныштымын.


№112 (794) 

28.06.2012 жыл, 

бейсенбі


www.alashainasy.kz

8

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№112 (794) 



28.06.2012 жыл, 

бейсенбі


8

 

 



  

СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?

Ғалымдар Леонардо 

автопортретінің «ауруын» анықтады



Итальянның ең танымал сыршырайы – Леонардоның автопортреті жақын 

аралықта жалпақ жұрттың назарына қайта ұсынылмақ. Осындай шешімге келген 

архив және кітапхана мұрағатының құнды мұраларды қайта қалыпқа келтіру 

және сақтау орталығының зерттеушілері картинаға түскен дақтардың себептерін 

жария етуді де жоспарлаған тәрізді. 

1500 жылдары салынған тарихи суретке 

дақ түскен еді. Зерттеуші ғалымдар ақтаң-

дақтың түсу себептерін қағаздың тотығуынан 

немесе бактериялардың пайда болуынан деп 

топшылайды. Сондықтан Лео нар до аққан 

ауруына шалдыққандай боп-боз болып 

көрінеді. Еуропалық мәдени мұра орта-

лығының мамандары әлгі портретті зерттеп, 

осы тақырыпта арнайы семинар да өт кізген 

еді. Әуелі ғалымдар портрет ахуалының 

нашарлау себептеріне мән беріп, сосын оны 

қайта қалыпқа келтіру мүм 

кін 


діктерін 

қарастырған. Жиналған зерттеушілер қатты 

зақымдануына  байланысты  сыр шы рай ға 

реставрациялық жұмыс жүргізілуін құп та-

мады. Білікті мамандардың өзі қайта қал-

пына келтіру 

ж ұ     м ы с   т а   р ы -

ның қауіпті 

екенін мойын-

дап отыр. Нақ-

т ы   ш е ш і м 

Т р у и н       д е г і 

патша кітапха-

на сымен  бір-

лесіп қа 

был-


дан бақ.  2011 

жы лы  Труиндегі 

көрмеге қойылған картина «Лео 

 

нар 



до. 

Данышпан. Аңыз» деген атаумен жұрт 

назарына бірден ілігеді. Бұл Лео нар доның 

түпнұсқа жалғыз жұмысы саналады.

Әженің өмірін халат 

сақтап қалды



Көшені басына көтеріп шулаған музы кант тарға 

айқайлаймын деп 74 жастағы әже бал кон нан құлап 

кеткен. Бірақ әженің өмірін кеңес заманынан келе 

жатқан ескі халат сақтап қалды.

Мариупольде 74 жаста-

ғы әже өзіне кедергі жасаған 

кө ше музыканттарына ай-

қай  лай мын  деп  8-қа бат тан 

құлап қала жаздаған. «Әжей 

айқай 

ды үдеткен болуы 



керек,  ша малы  уа қыт тан 

кейін ол бал 

кон 

ның арғы 



жағынан бірақ шықты» деп 

хабарлайды nur.kz ин тер нет 

порталы. Абырой болғанда, 

оны үстіне киген бұрын ғы 

кеңес заманы хала 

ты 


ның 

етегі ұстап қал ған. Құт қа ру-

шылардың кейуананы құт-

қару бойынша жүргізген 

опе 

рациясы бір сағатқа 



созыл ды.  7-қа бат тағы  бал-

кон ның киім жая тын теміріне 

ілініп қалған әжені көршілері 

байқап, же дел медициналық 

жәр дем, милиция және құт-

қару қызметін шақыртқан 

екен. Құтқарушылар әжейге 

кө мек тесу  операциясын  екі 

жақ тап жүргізді: үйдің іші-

нен және сыртынан. Оқиға 

ор нына келіп жеткен жедел 

ме дициналық жәрдем қарт-

тың сау екенін және ешбір 

көмек көр сету қажет емес ті-

гін айт қан.

Сәтбаев көшесі

Абай даңғылы

Құрманғазы көшесі

Қабанбай батыр көшесі

Достық даңғылы

Луганский көшесі

Бегалин көшесі

Бегалин көшесі

«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259

Редакцияның мекенжайы:

Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 148/1 А

Телефон: 8(727)388-80-60,

Факс: 8(727)388-80-61

e-mail: info@alashainasy.kz

Республика

сарайы

Коккинаки көшесі

Байтасов көшесі

«АЛАШ АЙНАСЫ»

Бегалин

көшесі, 148/ 1а

Маусымның 28-і

Алаштың атаулы күні

• 

17 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасы Президенті 

Нұр сұл тан Назарбаевтың «Мұнай туралы» заң күші бар Жарлығы 

шық ты.


•  

Гидротехника мамандығын меңгерген алғашқы қазақ әйел-

де  рінің бірі, техника ғылымының кандидаты Бибі Телқызы Жаман-

мұ ры нованың (1926-1994) туғанына – 86 жыл. 



• 

Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні.



Туған күн иелері

Қожантай Қасенов (1939) – медицина ғылымының докторы, 

про фессор; 



Қалық Абдуллаев

 (1942) – «Ш.Шокин атындағы Қазақ 

энергетика ғылыми-зерттеу институты» АҚ директорлар кеңесінің 

төрағасы;



Арғын Нығматуллин (1955) – «Сарыарқа» хоккей клубының 

директоры, техника ғылымының кандидаты;



Болат Жәмішев (1957) – ҚР қаржы министрі;

Байшылық Сарман (1958) – Маңғыстау облыстық төтенше 

жағдайлар департаменті бастығының орынбасары;



Аманат Назарқұл (1959) – суретші;

Нұрлан Рыспанов (1961) – «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ 

вице-президенті; 



Асқар Смаилов (1964) – «Республика» ЖЗҚ басқарма 

директоры;



Айдар Оспанов (1975) – Astana Capital Advisors ЖШС 

директоры.



Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, 

мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»

Белгілі есімнің белгісіз сыры

БОЛАТ – қазақшада да, парсы тілінде де «болат», «болаттай», «мығым» 

деген сөзге саяды. Қазақ бұл есімді ұлдарына жігіттің жігіті, батырдың батыры, 

болаттай мығым, қайсарлы болсын деген ниетпен қояды. Парсы тілінде «батыр 

да, болат та отта шыңдалады» деген теңеу бар. Ел ішінде жиі кездесетін 

есімдердің бірі.

Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ

СКАНВОРД


Газетіміздің  №111 (793) санында жарияланған сканвордтың жауабы

КӨЛДЕНЕҢІНЕН: Артур. Лев. Меже. Қоғам. Күл. Толь. Домино. Әкпіш. Фараб. Ара. Цирк. Скит. Атос. Езу. До. Үзік. Дуан.  

  

    



  

ТІГІНЕН:  Ариозо. Ашкөз. Мор. Бумази. Ацтек. Рем. Нәби. Ток. Рауд. Алеко. Пакт. Үлдір. Ода. Аваль. Шансон.

Қожа, пір

Жеке бас-

тарының 


қамын 

күйттеген 

оппозиция

Балет 


бишісінің 

аяқкиімі


Секен 

Тұрысбековтің 

күйі

Тас


кірпіш

Тоғызқұмалақ 

ұяшығы

Дәме


Еліміздегі 

өзен


Одағай сөз

Үнді әйел 

киімі

Қос 


қапталды 

айлақ


Сәйгел

Микел-


анджело

мүсіні


Тұзды, 

батпақты жер

Иба,

ізет


Шот бойынша 

берешек


Жаздық

шана


Ұран

Дауысқа 


салынатын

ой, пікір

Германия. 

өзен


...

Куросаво


Әскери 

шұңқыр


«ЗиЛ» 

бастапқыда

Бәкі

Пьеса


бөлімі

Қысқа 


эпиграф

Кірпіге


ұқсас аң

Санақ


Тотықұс

түрі


Солтүстік

Шахмат 


термині

Садақ


05,15

15,21

20,36

ТАРАЗЫ

Барынша оқиғаға толы 

күн. Қандай да бір батыл 

идеяның алға жылжуына 

көшбасшы боласыз. Сіздің 

ойыңызды қолдайтын жаңа 

пікірлестер де пайда болады. 

Жинақы болу керек, себебі 

cізде сақтықтан гөрі, ұмыт-

шақ тық  басым.



САРЫШАЯН

Сіз үшін бүгін– сәтті 

күн. Тиімді серіктестік пен 

ынтымақтастық ықпа 

лы-

мен әжептәуір кіріс көзін 



тауып, пайдаға батуыңыз 

мүм кін.  Тартымдылығыңыз 

бен сөзге шешендігіңіздің 

арқа сында  әріптестеріңізді 

өзіңізге үйіріп аласыз. 

МЕРГЕН

Осы күні жаңа әсерлер 

алуға, күтпеген қызықты 

оқиғаларға тап болуға 

көңіліңіз ауып тұрады. 

Сондықтан бір жаққа баратын 

болып шешсеңіз, жалғыз 

бар май, жаныңызға сенімді 

досыңызды ертіп алыңыз, ол 

кеңес береді.



ТАУЕШКІ

Болашаққа байланысты 

кейбір  қорқы ныш та ры-

ңыз дың бүгін сейіліп кетері 

анық. Мұны сіз сенімді 

дос тарыңызбен  әңгімеден 

кейін түсінесіз. Соның әсе рі-

нен осы күні өзіңізді сергек 

әрі жеңіл сезінесіз. 

СУҚҰЙҒЫШ

Осы күні көп нәрсе өз 

орнына келе бастағанын 

сезінесіз. Әріптестеріңіз 

сіздің жұмысыңызға кө-

мек терін тигізіп, ажырамас 

достық  қатынасын  біл ді ре ді. 

Бірақ сонда да бүгін сіздің 

кейінге қалдыра ал 

май 


тын 

істеріңіз бастан аса ды.



БАЛЫҚТАР

Бұл күн ғашық жандар 

мен жанұялы жандар үшін 

өте сәтті күн болады. Тосын 

оқиғалар болып қалуы ға-

жап емес. Алайда сіз қан дай 

жағдай болса да, жеке 

қ а р ы м - қ а т ы н а с ы ң ы з д ы 

іскер лікпен  шатастырмаңыз. 

Сонда бәрі өз орнында 

болады.

ТОҚТЫ

Бүгін  айна ла ңыз дағы-

лармен  қаты на сы ңызды 

біраз шектеген жөн. Олар 

сізге өздерінің жа ман көңіл 

күйін көрсетіп, жа 

ғым 

сыз 


әсер етуі мүмкін. Соны мен 

қатар бұл күн жұ мыс орны-

ңызды ауыстыру үшін тым 

қолайсыз. 



ТОРПАҚ

Осы күні қандай іс-

шараға қатыссаңыз да, 

мол пайда табуыңыз мүм-

кін. Кез келген қаржыға 

байланысты іс табысты бола-

ды. Айналаңызды құнды не-

месе аса қажетті ақпа рат тар-

мен қамтамасыз етуге өте 

қолайлы күн.



ЕГІЗДЕР

Кез келген жұмысқа 

өте өнімді күн. Сіздің ой-

ла рыңыз  айқындалып, 

жа саған  қорытындыңыз 

ешкім күтпеген жаңалықтай 

болып шығуы мүмкін. Егер сіз 

оқып жүрсеңіз, доста ры ңыз-

бен бірге сынаққа дайын да-

лы ңыз, сонда ұтасыз. 



ШАЯН

Күннің алғашқы жар-

тысы айтарлықтай жақсы 

болып қалыптасады. Бүгін 

аса аңғарымпаз және жи-

на қысыз. Соның арқасында 

басқалармен оңай келісе 

ала сыз. Алайда кешке ара ла-

са 

тын адамдармен арада 



таласты мәселе туады. 

АРЫСТАН

Бүгінгі жұмыс күні 

жүй кеңізді 

жұқартып, 

жыныңызға тиюі мүмкін. 

Үйдің тірлігінен шар ша са-

ңыз да, бүгін көп еңбек те нуі-

ңіз ге тура келеді. «Қалауын 

тап са, қар жанар» дегендей, 

жақ 


сы нәтижеге жету үшін 

ептілік қажет.



БИКЕШ

Өз күшіңізге күмән 

келтіріп, сенімсіздікке 

бой алдырмаған жөн. 

Өйт кені бүгін сіздің көп 

нәрсеге қолыңыз жетімді әрі 

мүм кіндігіңіз  мол.  Жолсапарға 

шығуға да қолайлы күн. Кез-

десу өзіңіз жоспарлағандай 

өте ді.


Алматтың әзілдері

Бір ғалым адам немересіне:

– Әй, балам, мынау менің жазған ғылыми еңбегім ғой. 

Бұл кітапты қайдан алдың?

– Бүгін университетте керек емес кітаптарды макулатураға 

өткізіп едік. Сіздікін танып, алып қалдым...



***

Базарда:


– Мына итіңіз ақылды сияқты ғой.

– Иә, үш рет саттым, үшеуінде де үйді өзі тауып 

келген...

***

Әйелі күйеуіне:

– Шаңырақ көтергенімізге 10 жыл болды, ал сен бірде-

бір рет менің бетімнен сүймедің.

– Сол да сөз болып па?! Бетті әкелші...

***

Бір жігіт емханаға келіп, бір кабинеттің есігін ашады:

– Сіз көз дәрігерісіз бе?

– Жоқ, гинекологпын, бірақ қарап берейін...



***

Емханада:

– Дәрігер, менің күндіз ұйқым келеді де, түнде ояу жүре-

мін.


– Онда түнгі ауысымдағы жұмысқа орналасыңыз...

www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ДУМАН

К

е



зекшi  ред

ак

тор – Әзиз ОР



А

ЗБ

АЕВ



Республикалық қоғамдық-саяси  ақпараттық газет

Бас редактор  – Серiк ЖАНБОЛАТ 

Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ  Бас ред

ак

тордың бiрiншi орынб



ас

ары


Дархан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ  Бас ред

ак

тордың орынб



ас

ары


Айдын ҚАБ

А – ж


а

уапты х


а

тшы


Талға

т КIРШIБ


А

ЕВ  – 


ж

а

уапты х



а

тшының орынб

ас

ары


Нұрлыб

ай ИТЕКБ


АЕВ  – 

те

х.ред



ак

тор


Күләш НАҚЫПОВ

А

 – 



аға к

оррек


тор, т

е

л.: 



388-80-76

Газе


т 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

а

т 

 



минис

трлiгiнде тiрк

е

лiп, бұқар



алық ақпар

а

т құр



алын есепк

е қою 


тур

алы №9650-Г  к

уәлiгi берiлг

ен.


Р

ед

акция авт



орлар мақаласы мен ж

арнама мазмұнына ж

а

уап


 

бермейдi.

Авт

орлар қо


лж

азб


асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi екi к

омпью


терлiк бе

тт

ен (14 к



ег

ль) ас


а

тын ма


териалд

ар

 



қабылд

анб


айды.

«Алаш айнасынд

а» ж

арияланған ма



териалд

ар мен с


уре

тт

ердi



 

көшiрiп немесе өңдеп б

ас

у үшiн ред



акцияның ж

азб


аша рұқс

а

ты



 

алынып, г

азе

тк

е сiлт



еме ж

ас

алуы мiнде



ттi.

Құрылтайшысы және меншiк иесi 

– «ТОЛҒАУ» ЖШС

Директор –  

Александр Филимонович АН

Алма


ты  қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС 

Қалд


аяқов көшесi, 17-үй. Т

ел.: 


8 

(727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №1561

А

ст

ана  қаласы «



Аста

на



ол

и

гр



аф

и

я»



,

Бр

усиловский көшесi, 87-үй. Т



ел.: 

8 

(7172) 37-05-59

Тапсырыс – №1166

Бағасы  к

е

лiсiмдi



Таралымы – 10 000 дана

Газе


т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

«А

лаш



 айнасы

» г


аз

ет



е ж

азы


лу

 ин


де

кс

i: 6



42

59

Ре



да

кц

и



ян

ы

ң ме



ке

нж

ай



ы

А



лм

ат

ы



 қ

ал

ас



ы

,05


0

05

1,



 Б

ег

ал



и

н кө


ш

ес

і, 1



4

8/

1 А



e-

m

ail



inf

o@

alashainas

y.

kz

Бөлiм редакторлары: Құб

аш МЕҢДIҒА

ЛИЕВ – с

аяси бюро, т

е

л.: 


388-80-72

Берiк ӘШIМОВ – нарық, т

е

л.: 


388-80-69

Қалд


ар КӨМЕКБ

АЕВ – қоғам, т

е

л.:


 388-80-65

Алма


т ИСӘДIЛ – өрк

ение


т, т

е

л.: 



388-80-64

Нұрғазы СА

САЕВ – дод

а (спор


т), т

е

л.: 



388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АРОВ – ж


аңалықт

ар, т


е

л.: 


388-80-68

Дәурен ҚҰДАЙБЕРГЕН – меншiк

тi 

тiлшiлер қосыны, т



е

л.: 


388-80-62

Тар


ат

у қызме


тi 

(бөлшек


теп с

ат

у және ж



азылу)

 

те



л.: 

8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00 8 (727) 380-41-78

e-

m



ail



alikulova.a@orangepoint.kz



Қабылдау бөлмесі: 8(727)388-80-60, факс: 8(727)388-80-61

Астана бюросы:

Мек


енж

айы: Сейфу

ллин көшесi, 31, офис 414«б»

Те

л.



: 8 (7172)  54-27-31

E-mail: aa_as

tana@mail.ru

Айбын ШАҒА

ЛАҚОВ – 

Аста


н

а б


ю

р

о



сы

н

ы



ң

 жет


ек

ш



Салт


ан СӘКЕН – тiлшi

Қана


т Т

ОҚАБ


АЕВ – тілші

А

рман А



СҚАРОВ – тілші

 

 



  

КОНЦЕРТ


«Қазақтың мың күйі» 

Астана аспанында 

қалықтады

Астана қаласының мемлекеттік фи лар мо-

ния сы шығармашылық ұжымдарының қа ты-

суымен өткен шараның мақсаты – халық 

музыкасын, қазақ өнерін насихаттау. Атадан 

қалған асыл мұра, рухани әлемнің шексіз мұ-

хиты саналатын қазақ күйлерін енді әлемнің 

түкпір-түкпіріндегі кез келген өнер ұжымы 

орындай алады. Күмбірлеген күйлер ұлттық 

аспаптарды былай қойғанда, заманауи ан-

сам бльдер, симфониялық және үрмелі, ка-

ме 


ралық, тіпті эстрадалық, фольклорлық 

ор кестрлерге арнап өңделіпті. Жинаққа күй 

атасы Қорқыттан бастап, қазақ даласын өне-

рімен тәнті еткен ұлы композитор-күйшілер 

мен қазіргі заман жүйріктерінің туындылары 

енгізіліпті. Концерт барысында алдымен жеке 

орындауда күйдің түпнұсқасын, содан соң 

партитуралық нұсқасын оркестрлер өнер 

сүйер қауымға тарту етті.

Айта кетерлік жайт, Еуразия орталығы – 

Астана қаласына мемлекетіміздің барлық 

жерінен кәсіби музыканттар және шы ғар ма-

шыл, дарынды жастар келе бастады. Олардың 

күш салуымен мемлекеттік филармония 

музы калық мәдениет саласында үлкен шы-

ғар  машылық  жетістіктерге  жетті.  Жетек ші лер-

дің кәсіби ісі мен ынтасы арқасында қазіргі 

таңда да республика елордасын таны та тын 

ұжымдар құрылып үлгерді.

Еламан ТҰРЫСБЕКОВ

ОҚЫРМАН ЛЕБІЗІ

1

2

3



4

5

6



7

8

9



10

11

12



13

14

15



16

17

18



19

20

21



22

23

24



25

26

27



29

30

28

Мау

сым 2012


Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Астанадағы «Қазақстан» орталық 

концерт залында бірнеше өнер 

ұжымының атсалысуымен 

«Қазақтың мың күйі» атты концерт 

өтті. Концертке Қазақ халық 

аспаптары оркестрі, «Сарыарқа» 

халық аспаптар ансамблі, «Тілеп» 

қылқобызшылар квартеті, 

Симфониялық оркестр, Үрлемелі 

аспаптар оркестрі, «Астана» 

эстрада-симфониялық оркестрі, 

«Солистер академиясы» камералық 

оркестрі қатысты. Онда жақында 

ғана жарық көрген партитуралар 

жинағына енген күйлер орындалды.

Жақыпбай ДОСТАЙҰЛЫ,

география ғылымының 

докторы,

профессор

Ауа райы

+24+26

о

 

 +14+16

о

+35+37

о

 

+17+19

о

+31+33

о

 

+16+18

о

 +29+31

о

 

+20+22

о

 +36+38

о

 

+22+24

о

 

+22+24



о

 

+9+11

о

 

+16+18



о

 

+10+12

о

+30+35

о

 

  +13+15

о

+33+35

о

 

+21+23

о

+32+34

о

 

 +18+20

о

+33+35

о

 

+16+18

о

+29+31

о

 

+16+18

о

 

+32+34

о

 

 +13+15

о

 

+30+32

О

 

+16+18

О

  

+27+29

о

 

+16+18

о

        


+18+20

о

 

+10+12

о

 

+30+32

О

 

+18+20

О

  

+32+34

о

 

+13+15

о

18

8

2

(lent


a

.ru)


Аймақтағы тiлшiлер:

А

тыр



ау – Бақытгүл Б

АБ

АШ, т



ел.: 87015533653

Қар


ағанды – Қ

ы

зғ



ал

д

ақ



 А

Й

ТЖ



А

Н

О



ВА

, т


ел.: 87014901976

Ж

амбыл – Гүлж



ан КӨШЕРОВ

А, т


ел.: 8701 7711648

Қызылж


ар – Ерб

ақыт АМАНТ

АЙ, т

ел.: 8 705 4418255



Қызылорд

а – Әділж

ан ҮМБЕ

Т, т


ел.: 8777 7054466

Өск


емен – А

зама


т ҚА

СЫМ, т


ел.: 8777 3554114

Шымк


ент – Шадияр МО

ЛДАБЕК, т

ел.: 8705 9877799

Ор

ал – Т



оқт

ар КЕНЖЕҒА



ЛИЕВ, т

ел.: 87756720806



Document Outline

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8

Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.76 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет