Құзыреттілігін арттыру үшін журналистің қоғамдағы статусын анықтау керек пе?



жүктеу 0.76 Mb.
Pdf просмотр
бет2/7
Дата16.02.2017
өлшемі0.76 Mb.
#2973
1   2   3   4   5   6   7

Елбасы Иран сыртқы 

істер министрін 

қабылдады

Экс-елші испандық 

команда жеңетініне сенімді

«Жастар кадрлық резерві» шақырады

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Али 

Акбар Салехи кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Иран арасындағы 

екіжақты қарым-қатынастар ең жоғары деңгейде табысты 

дамып келе жатқанын атап өтті.

– Қазақстан біздің өзара достық қарым-қатынаста ры-

мызды кеңейтуге және нығайтуға, сондай-ақ сауда-эко-

но микалық саладағы ынтымақтастықты белсенді жүргізуге 

әзір. Бүгінде біздің елдеріміз арасындағы сыртқы сауда 

ай налымының көлемі 1 миллиардқа жуық АҚШ долларын 

құ райды, бұл біздің мемлекеттеріміздің әлеуеті мен мүм-

кін діктерін толық көрсете алмайды. Бүгінде біз аймақтағы 

бел гілі бір тұрақсыздықты байқап отырмыз. Ауғанстан 

мен Сириядағы жағдай барған сайын болжап бол май-

тындай болып барады. Қазақстан Иранға дәйектілікпен 

және барлық деңгейде көмек көрсетіп келді, сондай-ақ 

әртүрлі саладағы барлық халықаралық мәселелерді ди-

пло матиялық тұрғыда реттеуге әрдайым атсалысты, – деді 

Нұрсұлтан Назарбаев.

Сыртқы істер министрі Иран Президенті Махмуд Ахма-

динежад Нұрсұлтан Назарбаевты халықаралық аренадағы 

көрнекті саяси қайраткер ретінде ерекше құрметтейтінін 

атап өтті. Али Акбар Салехи сондай-ақ Қазақстан Пре зи-

дентін Таратпау қозғалысына мүше мемлекет бас шы-

ларының саммитіне шақырды.

Қазақстан-Иран қарым-қатынастары барлық дең-

гейдегі белсенді байланыстармен ерекшеленеді. Екі ел 

арасында саяси салада қарама-қайшылық жоқ. Қазақстан 

мен Иран аймақтық құрылымдар – АӨСШК, ШЫҰ, ЭҚҰ, 

сондай-ақ Каспий теңізі бойынша арнайы жұмыс тобы 

аясында іс-қимылды үйлестіреді. Елдер арасында жан-

жақты ынтымақтастықты дамыту үшін қажетті шарт-құ-

қықтық база құрған 60-қа жуық мемлекетаралық құ жатқа 

қол қойылған.

Ол Астанада ҚР сыртқы істер 

министріне қоштасып шығу үшін 

кірген болатын. Еуропада теңбіл 

доптың додасы қызып жатқан тұста 

дипломаттар да бұл тақырыпты ай на-

лып өте алмаған көрінеді. Екеуара 

әңгімеде испандық елші Альберто 

Кортез бен министр Ержан Хозеұлы 

Еуропа чемпионатын да сөз етіп 

қалды. Соған орай кездесуден кейін 

біз де теңбіл доптан бағы жанып 

тұрған елдің елшісінен жарыс туралы 

болжамын сұрағанбыз. «Мен мұны 

бізде мықты ойыншылар бар 

болғандығы үшін ғана емес, Қа зақ-

стан тарапынан да өте көп жан күйер 

қолдаушылардың бар болғандығы 

үшін айтып отырмын. Испа ния ның 

құрамасына жанкүйер болып, қызыл 

кеудеше киген көпте ген қазақстан-

дық тарды өз көзіммен көрдім», – 

дейді мәртебелі елші Испания ко ман-

дасының  чемпион  бо  ла тын  ды  ғынан 

үміті  зор  екен дігін  біл   діріп. 

Ал енді таза дипломатия мәсе ле-

леріне келсек, елшінің айтуынша, 

Испания Еуро одақ елдерінің ішінен 

бірінші болып Қа зақ станмен арада 

дипломатиялық паспорт иегерлері 

үшін визалық режимді жеңілдету 

мәселесін қарастырып отыр. Испа-

ния енді сонымен қатар Шенген то-

бы мен Қазақ стан ның арасында елі-

міздің қарапайым азаматтары үшін 

де визалық режимді жеңілдету мақ-

сатындағы келіссөздерді қолдауға 

да йын. «Бұл, әрине, белгілі бір уа-

қытты қажет етеді. Дейтұрғанмен 

осы  ның өзі оң өзгерістердің бас тал-

ғанын білді реді», – дейді ди пло ма-

тия лық миссиясы аяқ тал ған А. Кор-

тез. 

Кездесу барысында министр 



Қазыханов елшіге Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың Құрмет грамотасын 

табыс етті. Антон Кортез Қазақстанда 

төрт жыл Төтенше және өкілетті елші 

қызметін атқарды. Осы уақыт аралы-

ғында екі елдің қарым-қатынасы 

айтарлықтай қарқынды дамып, 

жоғары деңгейлі бірнеше барыс-

келіс сапарлар өтті. 

Айбын БАҚЫТҰЛЫ,

Астана

«Нұр Отан» халықтық демокра-

тиялық партиясының «Жас Отан» 

жас тар қанаты мен «Болашақ» Қа-

зақ стан Республикасы Пре зиден-

тінің ха лықаралық стипендия ие-

ге р   ле рінің 

қауымдастығы 

Қа зақ  стан  Рес пу бликасының  Білім 

жә не  ғылым  ми   нистр лігінің  қол-

дауымен «Жастар кадр  лық резер-

ві» атты жобаға қаты су ға құжат-

тар ды  қа был дау  жүр гі зі ле ді. 

Байқауға құжаттарды тапсыру 

ке зінде жо ғары оқу орындарын бі-

тір ген 29 жасқа де йін гі ұшқыр ой-

пі кірі  бар  Қазақстан  Рес пуб лика сы-

ның азаматтары шақы ры лады.

Толық ақпаратты www.rezerv.

kz  сай  ты нан  және  8(7272)  794 

126 те 

лефоны ар 



қылы біле 

аласыз. 


Кеше Қазақстан Республикасының 

Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иран 

Ислам Республикасының сыртқы істер 

министрі Али Акбар Салехиді қабылдады. 

«Еуропа чемпионатында Испания жеңіске жетті!» деп 

осы қазір-ақ ресми мәлімдеме жасағым келеді, әрине», 

– деп күледі дипломатиялық миссиясы аяқталып, еліне 

қайтып бара жатқан Испанияның Қазақстандағы төтенше 

және өкілетті елшісі Альберто Антон Кортез. 

Айдос САРЫМ, саясаттанушы: 

– Менің ойымша, бүгінде қалыптасқан 

қазақтілді және орыстілді БАҚ-тағы алшақтықты, 

тіпті қайшылықты тоқтату мүмкін емес. Мәселе 

– журналистерде, редакторларда емес, сол 

баспасөз құралдарының артында тұрған 

тұтынушыда. Баспасөздегі тартыс – күнделікті 

өмірде болып жатқан айтыстардың, сөз, ой 

жарысының сыпайы көрінісі ғана. Түбі қоғамда 

белгілі бір консенсус орнамай не болмаса бір жақ 

толық не уақытша жеңбей, бұл мәселе шешімін 

таппайды. Мемлекеттің басты міндеті – әрқашан 

да осы екіжақтылықты доғарып, бар тарапты 

біріктіретін супер идея шығару не болмаса 

консенсус табу.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ИДЕЯ

Қазақстандық идеяның қайнар көзі: 

жоғары ресми органдар, орыстілді БАҚ, 

орыстілді интеллигенция

Қазақстандық идея жоғарыдан ұсыныла ды.



ҚАЗАҚ ИДЕЯСЫ

Қазақ идеясының қайнар көзі: қазақтілді 

интеллигенция, қазақтілді БАҚ, ауыл, 

сырттағы қандас ағайын. 

Қазақ идеясы төменнен ұсынылады.



ҰЛТТЫҚ ИДЕЯНЫҢ ГЕНЕРАТОРЫ 

– ҚАЗАҚТІЛДІ БАҚ

Қазақстандық масс-медиа ала-

ңындағы қазақтілді БАҚ ұсынып 

жа та тын ұлттық идея «этномәдени 

тұ жы  рым дамаларға»  жүгінетін 

бол са,  қа зақ стандық  идеяны  жақтаушы 

орыстілді БАҚ  «саяси-азаматтық көз қа-

рас тар ды»  не гіз ге  ала ды.  Қазақтілді  және 

орыс тілді  БАҚ  ара  сындағы  қайшылық 

2009 жылы «Ел бір 

лігі» доктринасын 

талқылау кезінде айқын кө рініс тапты. «Ел 

бірлігі» доктринасының өңделген нұсқасы 

екі ақпараттық лагерьді өзара ымыра-

ластырғандай болғанымен, доктрина екі 

жаққа темірқазық бола алды деп айту 

қиын. Отандық БАҚ алаңында ұлт тық идея 

мен қазақстандық идея арасында іш тей 

қайшылық пен өзара бәсекелестік ба рына 

көз жеткізу қиын емес. Дегенмен ұлт тық 

идея ның генераторы – қазақтілді БАҚ. Қа-

зақтілді басылымдардың атауы ұлттық 

сим  воликалық болып келеді. Мәселен, 

«Жас Алаш», «Жас Қазақ», «Егемен Қазақ-

стан», «Жас қазақ үні», «Алаш айнасы», 

«Ана тілі», «Түркістан», «Ұлт Таймс», «Үш 

қиян» га зет тері, «Намыс кз» журналы, 

«Абай.KZ» сайты жә не т.б. Орыстілді басы-

лым дар атауы: «Вре мя», «Мегаполис», 

«Экс пресс  К»,  «Па но рама»,  «Деловая 

неде 

ля» және т.б. Сайып кел 



генде, 

қазақстандық БАҚ-тың қоғамға ық пал 

етуінде екі бағыты ба рын айтқан жөн.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАҚ-ТЫҢ ҚОҒАМҒА 

ЫҚПАЛ ЕТУІНДЕГІ ЕКІ БАҒЫТ:

1. Қазақтілді бұқаралық ақпарат 

құралдарының балама ұлттық идеясы: Түркі 

одағы, көк бөрі, Алаш идеясы, Түркістан, 

ла тын графикасы,  қазақ тілі, «Атамекен», 

«Өт ікен», «Ергенеқон», «Жиделі-Байсын», 

«Жер ұйық», «тұраншылдық», «түркішілдік», 

«шың ғысшылдық» және т.б. жинақталып, 

қа зақ  идеясын  құрайды. 

2. Орыстілді БАҚ насихаттайтын қа зақ-

стан дық  идея: Үш тұғырлы тіл, орыс тілінің 

ста тус-квосы, көпұлттылық, еуразия шылдық 

идеясы және т.б. – барлығы қазақстандық 

идеяны құрайды. Сондай-ақ қазақтілді жә-

не орыстілді БАҚ арасындағы принципті 

айыр машылықтарды байқаймыз: қазақтілді 

БАҚ  мемлекеттік тілдің, яғни қа зақ тілінің 

по зициясының өз мәртебесіне ла йық бол-

ға нын қалайды. Мемлекеттік тіл дің жоқ тау-

шысы. 


Орыстілді БАҚ орыс тілінің үстем пози-

ция сын қорғайды, проресейлік мүддеге жа-

қын. Дегенмен қазақтілді және орыстілді 

БАҚ-қа ортақ идеялық тақырыптар бар шы-

лық: «Қазақстан – 2030» стратегиясы, 

«Әлем нің бәсекеге қабілетті 50 елінің сана-

тына ену», «Зияткерлік ұлт қалыптастыру», 

«Мә дени  мұра»,  Астана идеясы, діндер 

съезі, толеранттылық және т.б.  

ИДЕЯЛЫҚ ҚАЙШЫЛЫҚТАР 

ТУҒЫЗҒАН ТАҚЫРЫПТАР:

1. «Ел бірлігі» доктринасы, қазақ тілінің 

мәртебесі; 



2. Павлодарды – Кереку, Петропавлды 

Қызылжар деп атауға байланысты тартыс;



3. Кенесары ханды қарақшы деп 

баға лауы; 



4. Мұстафа Шоқайды фашист деп атау;

5. Алматыны Алма-Ата деп атау.  

Қазіргі отандық бұқаралық 

ақпарат құралдары ұлттық 

интеграцияға жеткізуде, ұлттық 

идеяны насихаттауда тиімді 

жұмыс істеп отырған жоқ. 

Қазақстанда дәл қазіргі кезде 

параллельді түрде қазақтілді 

және орыстілді қоғамдық-саяси 

дискурс қалыптасқан. Бұл 

Қазақстан халқының 

консолидациясына, идеялық 

бірлігіне нұқсан келтіруі 

ықтимал. 

ОЙТҰЖЫРЫМ

ҰСЫНЫСТАР:

1. БАҚ-та ақпараттық дуализмге жол 

бермеу керек, ертең қоғамды поляризацияға 

әкеліп соқтырады. Үкімет мемлекеттік 

тапсырыстарды берген кезде бірдей 

тақырыптарды көтеруді қадағалауы қажет. 

2. Ақпарат саясатында бірыңғай БАҚ 

пен билік арасында мемлекеттік көзқарасты 

нақтылау қажет. Өйткені биліктің кейбір 

шешімдері халық, БАҚ тарапынан 

түсініспеу шілік  туғызады. 

3. Отандық ақпарат саласының бәсекеге 

қабілеттілігін арттырған жөн. Кем дегенде 

екі-үш нағыз ұлттық бағытта хабар 

тарататын телеарна ашу керек. 



4. Мемлекеттік қызметтерді ұсыну 

үдерісін автоматтандыру, электронды 

үкіметтің ақпараттық жүйелеріне 

техникалық сүйемелдеу және жаңа бәсекеге 

қабілетті деңгейдегі ұлттық ІТ-мамандарды 

дамыту.


БІР ПІКІР

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАҚ-тың МИССИЯСЫ:

1. ақпараттық      (кәсіби міндет);

2. ағартушылық   (ұлттық идея);

3. гуманистік (жаһандық құндылықтар);

4. үгіт-насихаттық (билік нұсқауы)

Нұрғис


а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо


то)

№112 (794) 

28.06.2012 жыл, 

бейсенбі


                

www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

СҰХБ


А

Т

Жаһандану бәсекесінде ұлт намысын жыртатын – қазақ басылымдары 

ӨРКЕНИЕТ

Журналистердің кәсіби мерекесін қай күнге белгілегенді жөн көресіз?



Нұртілеу 

ИМАНҒАЛИҰЛЫ,

ҚР құрметті журналисі, 

«Қазақстан» РТРК АҚ 

басқарма төрайымының 

кеңесшісі:

Әбділдәбек 

САЛЫҚБАЙ, 

«Қазақ тарихы» 

журналының бас 

редакторы:

Сейдахмет 

ҚҰТТЫҚАДАМ, 

«Мысль» журналының 

бас редакторы, 

публицист, 

саясаттанушы:

?

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

– Журналистердің кәсіби мерекесін белгілеу жөнінде 

Сағымбай Қозыбаев сынды азаматтар көптеген ұсыныс 

пен идеяларын айтып, жазып, білдіріп жүр. Әрине, 

ұшқыр қаламды, халықтың мұңын мұңдап, жоғын 

жоқтайтын журналист мамандардың нақты кәсіби мере-

кесін белгілеу қажет. Қанша рет қозғалып, бұл мәселе 

көтерілсе де, орын ды деп есептеймін. Ал менің жеке 

пікірім, қазақ ақпарат құралдарының бастауы – «Дала 

уәлая ты газеті» шыққан күнді Журналистер күні деп 

белгілесек, жөн болар еді. Білуімше, аталмыш газеттің 

алғашқы саны мамыр айында жа рыққа шыққан. Ал 

қазіргі аталып жүрген, түсініксіз мейрамдардың дұрыс-

ты ғына күмә нім бар. Себебі кеңес заманы ыдыраған 

кезде қабыл данған заңға сәйкес тойланып келеді. Жан-

жақты  талқыланып,  ойлас ты рыл ма ған дықтан,  қазақ 

жур на лис тикасына еш қатысы жоқ деп есеп теймін.

– Біз журналистерді «төртінші билік иелері» деп атауды жақсы көреміз ғой. 

Тәуелсіз қазақ елі журналистерінің Тәуелсіздікке жасаған қызметі, менің ойым-

ша, айрықша, ерекше. Ал оны бағалаудың бір ғана түрі бар. Олардың еңбегін 

жылына бір күн ғана атап өту дұрыс деп есептемеймін. Тіпті сол мейрамның 

қажет не қажет еместігін де білмеймін. Бір жағынан, қазіргідей ана күнді бір, 

мына күнді бір атауға қарағанда, белгілі бір күнді бекіту дұрыс та шығар. Бірақ 

мә селе онда емес. Мәселе – журналистің еңбек етуіне, өмір сүруіне кедергі 

жа самау. Ол не? Ол, ең алдымен, журналистер не мемлекеттік қызметкерге 

жат пайды, не бір басқа категорияға жатпайды. Тым болмаса несие алуға, 

тұрғын үйге қол жеткізуге байланысты қақылары да, құқықтары да жоқ. Сол 

себепті олар заңды айналып өтуге, таныстық іздеп, алақанын жаюға мәжбүр 

болады. Сондықтан, ең алдымен, олардың қоғамдағы алатын орнын анықтап 

алайық. Егер журналистің мәртебесі дұрыс, қоғамға қажетті адам екендігі дә-

лел денген күн болса, сол күнді Журналистер күні деп белгілеуіміз керек.

– Шындығына келсек, Журналистер күні қай күні 

тойланып жүргенін түсінбей де қалдық. Баспасөз күні 

дейміз, журналистер мен журналистика күні дейміз, 

тағысын тағы. Менің ойымша, Журналистер күні деп 

«Түркістан уәлаяты газеті» шыққан күнді белгілеу дұрыс 

сияқты. Себебі бұл газет кезінде Ресей патшалығының 

газеті ретінде қабылданса да, қазақ қоғамының тыныс-

тіршілігі мен тұрмысы жайлы көп жазды. Бұл жалпы 

қазақ даласында дүниеге келген басылымға қатысты 

болса, тағы бір ұсынысым тәуелсіз баспасөзге қатысты 

болмақ. Шындықты жазып, жүз ашылып, жүз жабылған 

«Қазақ» газетінің туған күнін Журналистер күні деп 

белгілесек, қате болады деп ойламаймын. Негізінен, 

қазіргі БАҚ өкілдерінің мейрамы ретінде нақ осы 

тәуелсіз басылымның жарыққа шыққан күні – ақпанның 

2-сі күнін белгілейік дер едім.

Дайындаған Сандуғаш ӘЛІМЖАНОВА

ОЙ-КӨКПАР



Басы 1-бетте

Ғалия ӘЖЕНОВА, «Әділ сөз» 

халықаралық сөз бостандығын қорғау 

қорының ақпараттық дау-жанжалдарды 

сараптау қоғамдық орталығының 

жетекшісі

Сәкен БАЛБАЕВ,

Қазақстан Баспасөз клубының 

атқарушы директоры

Біздің қоғамда «маңызды ақпарат» 

және «БАҚ өкілі», «БАҚ өкілінің қызметі» 

деген ұғым дарға дұрыс түсінік, дұрыс баға 

беру ісі жоқ. Біздің елде сенат өкілін 

қорғайтын бап бар, Үкіметтің лауазымды 

тұлғаларын қорғайтын бап бар, депутатты 

қорғайтын заң бар. Ал күні-түні елдің 

қызметімен жүр ген журналист қорғаусыз. 

Оны ешбір заң да қорғамайды, қоғам да 

қорғамайды, билік те қорғамайды. Мы са-

лы, шенеу нік терді сынап, олардың ма ңайы-

на туған-туыстарын топтастырып ала тынын 

айтып, ащы сынды жұрт наза ры на ұсы нып 

жүрген орал дық журналистің ауыр соққыға 

Мемлекеттік тапсырыстар, тендерлер 

мәселесі оларды тек жағымды дүниелер 

жазуға ғана итермелейді. Бұл жур на-

лис тің кәсіби деңгейін төмендетеді. 

Оқырман, телекөрермен журналистен 

осындай мақала, осындай телехабар 

алғаннан кейін оған сенбейді. Ақ-

шасы төленген, арнайы тапсырыс 

мақалалар өздері-ақ белгілі бо-

лып тұрады. Оқырман да кішкене 

бала емес. Бәрін бірден ажырата 

алады. Сондықтан да біз 

журналист статусын, ең ал ды-

мен, қоғам қажетсініп отыр-

ған, өте жақсы талда ма лы, 

сыни дүниелер жа зып, ақи-

қатты объективті беру ар-

қы лы  ғана  көте ре міз.  Ал 

ре дакция 

бас шы лығы 

журналиске осын дай мүм-

кін дік, осындай еркіндік беруі 

керек. Қазіргі журналистика деңгейі 

бұл дәрежеден әлдеқайда төмендеп 

кетті. 20 жылғы деңгеймен салыстырсақ, 

қазір тіпті бірдеңе жазуға қорқатын дәре-

же ге жетті. Журналиске редактордан бас-

тап, бөлім меңгерушілеріне дейін «ананы 

Құзыреттілігін арттыру үшін журналистің 

қоғамдағы статусын анықтау керек пе? 

– Аға, тәжірибелі журналист 

ретінде, басылым басшысы ре-

тін де бүгінде журналистика де-

ген «төртінші биліктің» қандай 

мәселелерге баса мән беруі ке-

рек деп ойлайсыз? 

– «Төртінші билік» қана емес, билік 

тар мағының қай-қайсысы да баса мән 

беруге тиісті проблемалар қоғамда жетіп-

артылады ғой. Дегенмен ұлттық сананы 

оятуға ықпал ететін де, жаңа өмірге бейім-

дейтін де, жаһандану бәсекесінде қазақ 

ұлтының намысын жыртатын да – БАҚ, 

оның ішінде қазақ басылымдары. Өйткені 

олар 70 пайыздың ауылына қарай аяң да-

ған ұлттың сан ғасырлық үмітін аяқасты ете 

алмайды. Қазақ басылымдары өз бесігін 

өзі тербетпесе, Алаш ұрпағын ендігі жерде 

Батыс әлемі болмаса басқалар бауырына 

басатыны анық. Өзі аз қазақты өз ыңғайына 

қарай икемдегісі келетін сыртқы күштің 

ықпалы да назардан түспегені жөн. Бірі – 

білім беру, екіншісі – дін, үшіншісі эко но-

ми калық экспансия арқылы қазақ ара сы-

нан өз өкілдерін көгендеп, ен тағып жа тыр. 

Сөйтіп, Алаш билігіне әмірін жүргізбек 

ниетте. Қазақты жарылқаймын деген жат 

жұрттың түпкі мақсаты – өз қамы. Ендеше, 

төл қазаны мен санасына өзі иелік еткен 

жағ дайда ғана Алаш жұрты өркениет кө-

шіне ілесе алады. Халқының қамын 

ойлайтын БАҚ осындай жықпылы көп мә-

се лелердің бәрін ашып жазып, оқыр ман ға 

объективті ақпаратты жеткізе білуі тиіс. 

– Қазақ елі Тәуелсіздігін жария ла-

ға лы да 20 жылдан асып барады. Әйтсе 

де әлі күнге шешілмеген қай мәселеге 

жаныңыз ауырады? Қанша жазылса 

да, айтылса да, көзге шұқып көрсетілсе 

де, түгенделе алмай жатқан қай мә се-

лені айта аласыз? 

– Жетістігіміз: шекарамызды шегендеп, 

бе кітіп алдық. Әлемдегі «тоғызыншы тер-

ри тория» талас тудырмайтын, Алаштың 

еркін жүріп, ен жайлайтын аумағына 

айналды. Тәуелсіз елге тән атри бут та ры-

мызды да түгендедік. Саны бізден әл де-

қай да көп ұлттардың төл байрағы, әнұ ра-

ны, елтаңбасы, мемлекеті жоқтығын еске 

алғанда, бұл – шүкіршілік етуге болатын 

тірлік. Байтақ даланың төсінен елорданы 

тұрғызу да Тәуелсіздіктің арқасында мүмкін 

болды. Астанада айтылған бейбіт бас та ма-

лар 


дың халықаралық деңгейде қолдау 

тауып отырғандығы – Алаш елінің ең үлкен 

олжасы. Қол жеткізген жетістіктеріміз тілге 

тиек ететін деңгейде болса да, атқа рыл ма-

ған шаруа шаш етектен әлі. Демографиямыз 

олқы соғып тұр. Онсыз да кең-байтақ ке-

ңіс тікте халық саны селеудей сел ді ре геніне 

қарамастан, Бейбарыстар шетел асып 

жатыр. Ал «ұлтан болғысы ке ле тіндерді» 

Атажұртқа оралту, Атажұртқа бет бұрған 

көш-керуен тоқтап тұр. Мүмкіндік-әлеуе-

тіміз нақты тұрмысымызбен қабыспай, 

байлығымыз халық қажетіне толыққанды 

жаратылмай келеді. Қазақ жерінің бай лы-

ғын тонағандар ұшақпен көшіп, қаржысын 

есепшот арқылы шетелге аударып, ізім-

қайым жоғалуда...

– Қалай ойлайсыз, қазір бізде сөз 

бостандығы толығымен көрініс тауып 

отыр ма, әлде БАҚ-қа цензура бар ма? 

Жалпы, сол шектеу керек сияқты ма, 

бір жағынан? Жалпы, шындық деге ні-

міз не? 

– Қызық сұрақ екен. Цензурамен 

шідер леп ұстаған қоғаммен қош айтыстық 

па деп жүргенімізде, оның қайта орнығуын 

кім қоштайды дейсіз?! Жалпы, цензура 

ақиқатты бүркемелегісі келген қоғамда 

ғана орнығады. Ал ондай қоғамның түп-

тің-түбінде тығырыққа тірелетіні көзі 



қарақты кісіге түсінікті емес пе?! Ен деше, 

БЕЙТАРАП ПІКІР

Есенгүл КӘПҚЫЗЫ, «Мінбер» интернет газетінің бас редакторы:

– Журналист мемлекеттік қызметкер де емес, оппозиционер де 

емес, ол – қоғамның дімкәсін емдейтін тамыршы, дәрігер. Егер 

жур налист біржақты ақпарат тарататын болса, ол оның мис сия-

сына сай келмейді. Журналист, статусы болсын-болмасын, өз 

ісіне объективті пікірде болуы қажет. Оларға төленетін қар жы 

да, әлеуметтік қолдау да осы тұрғыдан қарастырылуы тиіс.

Статус мәселесі журналистердің әлеуметтік жағдайының 

көтерілуіне кедергі болып жатса, ол жағын басқаша реттеу керек. 

Мысалы, Батыс елдерінде журналистің әлеуметтік жағдайын 

жұмыс орны шешеді.

?

?

?

?

?

?

?

?

?

Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.76 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет