Зерттеуші Исследователь – The Researcher



жүктеу 5.07 Kb.
Pdf просмотр
бет5/20
Дата22.04.2017
өлшемі5.07 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

ИСАҚОВА Разия
№93 жалпы білім беретін мектебі «Қазақ тілі мен әдебиеті» 
пәнінің мұғалімі, Ақсукент ауылы, Сайрам ауданы, 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
МЕКТЕПТЕГІ СОЛАҚАЙ БАЛАЛАР ПРОБЛЕМАСЫ 
 
Мамандардың  мәліметтеріне  қарағанда  мектеп  жасына  дейінгі  және  кіші 
мектеп 
жасындағы 
балалардың 
7-11 
пайызына 
дейіні 
солақайлар 
екен. 
Педагогтардың,  психологтардің,  физиологтердің  бұл  мәселеге  алаңдай  беруінің 
себебі  де  осында  жатыр.  Әлемдегі  әрбір  жүз  адамның  біреуі  ғана  солақай  болып 
туылады.  Қазір  жер  шарында  6  млрд.-тан  астам  адам  болса,  60  млн.  адам  солақай 
екен.  Баланың  солақайлығы,  ең  алдымен,  оның  денсаулығының  нашар,  бұлшық 
еттерінің дұрыс жетіліп дамығанына байланысты. 
Біз өмір сүріп отырған қоғамда адамдар егіздер, мүмкіндігі шектеулі, жетімдер 
т.б. болып ерекшеленіп жатады. Солардың бірі – солақайлар. Сонымен, сол солақай 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
40 
балалардың  басқа  балалардан  айырмашылығы  қандай?  Неге  олар  солақай  болады? 
Олар неге солақай? 
Күннен  күнге  қарыштап  дамып  келе  жатқан  ғылым  құрсақта  жатқан  жас 
сәбидің солақай немесе оңқай екенін небәрі 10-11 аптада анықтайтын дәрежеге жетіп 
отыр. Ана құрсағында жатқан нәресте оң қолының бас бармағын сорса – оңқай, сол 
қолының бармағын сорса – солақай болып дүниеге келетінін анықтаған. 
Мамандардың  бақылауына  қарағанда,  мұның  әртүрлі  себептері  бар.  Соның 
ішінде ақиқатқа жанасатыны – екі пікір. Біріншісі – тұқым қуалаушылық, демек, әке-
шешесі  немесе  ата-бабасында  осындай  ерекшелік  болса,  ұрпағында  да  бұл  жайт 
қайталанып  отырады.  Екіншісі  –  патологиялық  себептерден  орын  алуы  мүмкін. 
Нақтысын айтқанда, ананың босануы кезінде немесе сәби іште жатқан кезде әртүрлі 
жарақат алуы ықтимал. Соның салдарынан қимыл-әрекет пен қуат сол қолға беріліп, 
солақайлық  дамуы  мүмкін  дейді  мамандар.  Солақай  болып  туылған  бала  5-6  жасқа 
дейін оның қиындығын еш сезінбеуі мүмкін. Ал мектеп табалдырығын аттаған тұста 
мұғалім ата-анасына: «Сіздің балаңыз солақай екен», - деп сауал қоюы заңды. 
Солақайлықты түзету жайында ғалымдар арасында әр түрлі пайымдаулар  бар: 
бір  авторлар  солақай  қолды  балаларды оң  қолымен жұмыс  істеуге  қайтадан  үйрету 
қажет  десе,  екінші  бір  авторлар  ол  пікірге  қосылмайды.  Бұл  мәселе  жөнінде 
баспасөз,  кездесулер  арқылы  үн  қосып жүрген  көптеген  мұғалімдер  мен  ата-аналар 
ұсыныстары да бір арнаға құйылып жатқан жоқ. 
Солақайлық 
проблемасы 
балада 
бұл 
ақаулықтың 
пайда 
болуын 
психологиялық-физиологиялық  тұрғыдан  зерттеу  негізінде  ғана,  яғни  солақай 
балалардың  орталық  жүйке  жүйесінің  ерекшеліктерін  даралай  зерттеу  арқылы  ғана 
шешілуі  мүмкін  дейді  мамандар.  Сол  қолына  дағдыланған  баланы  қайтадан  үйрету 
оның қалыптасып қалған психикасын «бүлдіру» деген сөз, қайтадан үйрету баланың 
психикалық  бітіміне  теріс  әсер  етеді,  өзін-өзі  қинап,  оң  қолымен  жазуға 
тырысушылық, қолынан келмей қамығу, т.б. денсаулығына теріс зиянын тигізуге де 
мүмкін. 
Солақай  –  оң  қолынан  гөрі,  сол  қолымен  жазуға  ыңғайланған  немесе  тума 
дарыған жеке тұлға. Осы бір жағдайларды көптеген мұғалімдердің  іс-тәжірибесінде 
кездесіп  жатады.  Себебі,  кейбір  ата-аналар  мұғалімге  солақай  балаларының  оң 
қолымен  жазуға  дағдыландыру  қажеттігін  өтініп  жатады.  Алайда,  педагогтардың 
пікірінше  солақай  бала  жазу  жұмыстарына  қинала  бастайды,  әрі  сол  қолымен 
жазғысы  келе  береді.  Сонымен  қатар,  мұндай  балалар  сәл  нәрсеге  кейігіш,  тез 
жылайтынын,  өз  есімін  естігенде  үрейлену  сезімі  пайда  болады  екен.  Көптеген 
мұғалімдер  қайта үйретудің зардабын байқап,  оң қолмен жаздырудың тиімсіздігіне, 
мүмкін еместігіне көз жеткізді. 
Сыныбында солақай балалар бар мұғалімнің мазасыздануы да орынды. Өйткені 
жазуды  үйрету  әдістемесі,  оны  ұйымдастыру  тек  оң  қолымен  жазатындарға  ғана 
арналған.  Бұл  дәптерді  қалай  қойып  жазуға,  дененің  еңкіштің  қалпына,  сол  қолмен 
жазғанда  дененің  еңкіштік  қалпына,  сол  қолмен  жазғанда  денені  дұрыс  ұстап 
отырмауға (сол қол жазу жолынан шығыңқы жатады да, жазғанда жоғарыдан төмен 
еңістей береді) қатысты да айқын сезіледі, сондай болғандықтан да ол омыртқаның 
дұрыс қалыптасуына теріс әсер етеді. 
Солақай  балаларды  жазуға  үйретудің  дәстүрлі  қалыптасқан  әдісі  –  жазуды 
солға  қарай  әңкейте  жазуға  үйрету.  Бірақ  солға  қарай  еңкейте  жазғанда,  солақай 
баланың  қолы  жазып  отырған  сөзін  жауып  қалады.  Мұның  өзі  жазу  үшін  ыңғайлы 
жағдай іздеуге түрткі болады. Сөйтіп тура жазуға икемделу пайда болады, мұндайда 
әрбір әріптің тұрқы каллиграфиялық сипат алады. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
41
Жалпы, мұғалімдердің назары мынадай нәрселерге аударылуы қажет: мектепте 
сабақ 
басталмастан 
бұрын 
мұғалім 
баланың 
ата-аналарымен, 
балабақша 
тәрбиешілерімен  әңгімелесіп,  баланың  солақай  немесе  оңқай  екенін  анықтау  керек. 
Осы  тұрғыда  көбірек  мағлұмат  алу  үшін  мұғалім  балаға  мынадай  сұрақтар  беруіне 
болады: 
- Саған сурет салу үшін қай қолың ыңғайлы? 
- Салған суретіңді өшіргішпен қай қолыңмен өшіресің? 
- Қайшыны қай қолыңмен ұстайсың? 
- Тамақ ішкенде қасықты қай қолыңа аласың? 
- Мұнара тұрғызарда кубиктерді қай қолыңмен қалайсың? 
Сұрақтарға жауап бергенде қимылды қай қолымен жасауды ыңғайлы көретінін 
ескерткен  жөн.  Бұл  жағдайда  баланы  ренжітіп  алмау  керек.  Егер  ол  солақай  болса, 
оның  ешқандай  айыбы  жоқ  екенін,  керісінше,  солақай  бола  тұра  жұмысты  екі 
қолымен істей алатынын айтқан жөн. 
Мұндай  балаларға  мұғалім  ерекше  көңіл  аударып,  оны  қатарластары 
кемсітпеуге,  мазақ  ат  қоймауға  тәрбиелеп,  ондай  қылықтың  әдепсіздік,  әділетсіздік 
екенін түсіндіруі тиіс. 
Солақайларға  қамқорлықты  оның  сабақ  үстіндегі  іс-әрекетін  ұйымдастыру 
кезінде  де  жасалуы  қажет.  Солақай  шәкірт  жалғыз  немесе  өзі  сияқты  солақай 
оқушылармен  қатар  отырғаны  жөн.  Мұндайда  олар  оң  қолмен  жұмыс  істеу  оңды 
екенін  байқамайды. Егер көрші оқушы оң қолымен жазатын болса, оған еліктеймін 
деп  оң  қолымен  жазбақ  болады  да,  қалып  қояды,  әрі  көршісінің  шынтағы  кедергі 
келтіреді. 
Осыған орай мынадай әдістемелік талаптарды ескерген жөн: 
-  солақай  баланы  тым  еңкейе  отырып  жазуына  зорлауға  болмайды.  Бұл  жазу 
дағдысын қалыптастыруға теріс әсерін тигізеді; 
-  жазу  үстінде  дәптердің  сол  жақ  үстіңгі  бұрышы  жоғары  жатқаны  дұрыс. 
Мұндайда оқушы жазған сөзін өзі жақсы көріп отырады және жазу үстінде денесін 
дұрыс ұстайды. 
Отбасының  көмегінсіз  солақайлықтың  проблемасын  шешу  мүмкін  емес. 
Солақай  баланы  зорлап  қайта  үйретудің  зиянды  екенін,  ол  ең  алдымен  баланың 
жүйке  жүйесіне,  психикалық  дамуына  теріс  әсерін  тигізетінін  мұғалім  мен  ата-ана 
білгені  жөн.  Үй  ішінде  солақай  балаға  қолайлы  жағдай  жасалуы  тиіс.  Сабаққа 
дайындалатын жайлы орын, жарық, кітап құралдарының үстел үстіне орналасуы сол 
қолмен  жұмыс  істеуге  ыңғайлы  болып,  туыстары  мен  жақындары  баланың  бұл 
ерекшелігімен санасуы тиіс. 
Кейбір  балалар  кішкентай  кезінде  екі  қолымен  де  бірдей  жұмыс  істей 
алатындай көрінеді, қай қолының іске икемді екенін (сурет салғанда, жазу жазғанда) 
аңғармай қалады. Мұндай жағдайда баланы оң қолымен жұмыс істеуге ептеп үйретіп 
көруге болады. 
Баланың жұмысты оң қолымен істеуге қарсылық көрсетуі, сол қолымен жұмыс 
істеуге тырысуы – қайта үйретуді тоқтатудың белгісі. Баланың жеке басы дамуының 
дәрігерлік  картасына  дәрігер  оның  солақай  екені  туралы  мектепке  барғанға  дейін 
белгі қоюы тиіс. 
Әдебиеттер 
1 Федосова Н. Баланың солақайлығы // Бастауыш мектеп. – №7. – 1989. 
2 Бейсенұлы Б. Солақайлар. Мақала. 22.09.2010. 
3  Ломтева  Т.А.  Психологические  особенности  леворуких  детей  //  Ғаламтор 
желісінен. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
42 
КӨПЕНОВА Зинаида Үмбетқызы, 
№6 орта мектебі «Ағылшын тілі» пәнінің мұғалімі, Шалқар қаласы, 
Шалқар ауданы, Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ 
МАҚСАТЫНДА ОЙЫН ТҮРЛЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Ересек адамның ісі, жұмысы, қызметі 
сияқты ойын да бала өмірінде маңызды 
болып саналады. Бала ойында қандай болса, 
ол өскенде жұмыста да сондай адам болады. 
А.С. Макаренко 
 
Аңдатпа 
Ойынды орындау  барысында  жеке  оқушының  қабілеті  оның  іскерлігі  көрініп, 
байқалады.  Мұғалім  әр  оқушының  жұмысын  бағалауға  мүмкіндік  алады.  Ойын 
оқушыны бірігіп жұмыс жасауға бағыт береді, іздену дағдысын қалыптастырады. 
 
Ойын  түрлерін  дұрыс  қолданып  өткізілген  сабақта  оқушының  ағылшын  тілін 
үйренуге деген ынтасы артып, сол тілде сөйлеп, оның тілін білуге қызығады. Зерттеу 
жұмыстарына  қарағанда,  оқушының  білім  алуға  деген  ынтасы  белгілі  бір  дағдылар 
мен  қабілеттілікті  қажет  етеді.  Сондықтан  да  сабақ  барысында  белгілі  дағды  мен 
қабілет қалыптастыру арқылы танымдық қызығушылық пайда болады. 
Танымдық қызығушылық психологиялық жағынан алғанда активтік процесінен 
құралады.  Сондықтан  оқушылардың  танымдық  қызығушылығы  екі  түрлі  жолмен 
бірі дамыта оқыту, екіншісі тәрбиелік қызмет арқылы қалыптасады. Дамыта оқыту – 
белгілі затты танып білу, ал тәрбиелік қызмет оқыту процесі арқылы затты таңдаған 
өзгерістік  қатынастар.  Оқыту  процесінің  әр  түрлі  сатысында  ойын  түрлері  де 
танымдық  мақсатты  қөздей  отырып,  оқушының  жас  ерекшелігіне  қарай  әр  түрлі 
формада қолданылады. 
Бастауыш сыныпта оқушылардың қатесін үнемі көрсете бермей, қайта олардың 
дара  қабілетін  дамыту  керек.  Демек,  мұғалім  бастауыш  сынып  оқушыларын 
қызықтыру үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді іске асуын қажет деп санаймын. 
Білім  беру  үрдісінде  ойын  түрлерін  пайдалану  оқушының  ағылшын  тілін 
үйренуге  деген  ықыласы  артып,  сол  тілде  сөйлеп  үйренуге,  оның  тілін  білуге 
қызығады. 
Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін мынандай мақсатта қолдануға тиімді: 
1. Алфавитті дұрыс меңгерту; 
2. Орфографияны дұрыс оқыту; 
3. Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру; 
4. Грамматикалық құрылымды меңгерту; 
5. Оқушының сөйлеу, жазу, ойлау іскерлік дағдысын дамыту. 
Түрлі  ойындарды  сабақ  барысында  пайдалану,  оқушының  психологиялық 
кедергіден  арылуға,  өз  күшіне  сенуге  көмектеседі.  Сондықтан  ойын  түрлерін 
қолдану  тілдік  қатынас  жасау  үлгілерін  меңгеруге  жағдай  туғызады.  Ағылшын  тілі 
сабақтарында  оқушылардың  коммуникативті  құзыреттіліктерін  қалыптастырудың 
бірден-бір жолы. 
1. Ағылшын тілін оқытудағы негізгі міндет ағылшын тілінің 26 әрпін меңгерту. 
Ол  үшін  әр  оқушы  алғашқы  әріпті  өтісімен  касса  жасайды  да,  әр  сабақты  өтілген 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
43
әріптерді  сол  кассаға  жинақтайды.  Оқушылар  ішінен  мұғалім  сайлаймыз  да,  сол 
оқушы сыныпқа команда береді. I, II, III қатар оқушылары жарысады. Жеңген қатар 
жеңімпаз болады. 
2.  Апта  күндері  немесе  ай  аттарын  өткенде  «Calendar»  ойынын  жүргізуге 
болады. Ол үшін 1-ден 7-ге дейінгі сандарды жазып, тақтаға іліп қоямын. Карточкаға 
аптаның  күндерін  жазып,  үстелдің  үстіне  жайып  қоямын.  Оқушы  шығып, 
карточканы  оқиды  да,  аптаның  қай  күні  екенін  түсінсе,  сол  санның  тұсына  барып 
тұрады. Бұл ойынды жыл он екі айда да пайдаланамын. 
3.  Доппен  ойын  түрлері  әр  алуан.  Сөздердің  синонимдерін,  антонимдерін 
табуда  доппен ойнауға болады. Сөздердің антонимдерін айтуы керек. Мысалы, мен 
допты лақтырып, «a big cat» десем, оқушы «a little cat» деп допты өзіме қайтарады. 
4.  «Зоопаркте» ойыны  «Жануарлар»  тақырыбында  ойнайды.  Ол  үшін  тақтаға 
клеткалар 
сызылады. 
Олар 
нөмірленеді. 
Осы 
нөмірленген 
клеткаларға 
жануарлардың суреті жапсырылған карточканы қоямыз. Сосын оқушыдан: «What is 
mumber №1?», - деп сұрайды, оқушы: «№1 is a tiger» немесе т.с.с. айту керек. 
5. «Театр» ойынында «Present Continuous» шағы жаттықтырылады. Оқушылар 
2 топқа бөлініп, бір-біріне  бетпе-бет тұрады. Екі топтан актерлерді сайлаймыз. Сол 
актерлер әр түрлі қимылдар көрсетеді. Сол топ мүшесінің бірі: «He is doing morniny 
exercise», - деп жауап береді. 
6. «Сандар» тақырыбын өткенде оқушының көру, есте сақтау қабілетін дамыту 
үшін  «Алма  ағашы»  ойынын  қолдануа  болады.  Бұл  ойынды  топқа  бөліп  ойнауға 
болады.  Ойынның  шарты:  алманы  сілкіп,  ағашты  жеңілдету  керек.  Ол  үшін 
алмалардың  артындағы  тапсырмаларды  толық  орындау  керек.  Қосу,  алу,  көбейту, 
бөлу амалдарын орындауға болады. 
7. «Кім жүйрік?» ойынының шарты кім көп сөйлем құраса, сол оқушы жеңген 
болып шығады. Бұл ойынды жоғары сынып оқушыларына қолдануға болады. 

The woman 
Like 
No one 
Knows 
1. I like the woman 
2. The woman knows 
3. No one knows 
4. No one knows the woman 
5. I like 
6. The woman knows I like 
7. The woman I like 
8. I like no one 
9. The woman I like knows no one 
10. No one knows the woman I like 
Ойын осылай жалғаса береді. 
8.  Мақал-мәтелдерді  еске  түсіру  ойыны.  Ойынның  мақсаты:  мұғалімнің 
айтқан  мақалдарын  есіне  түсіру.  Мұғалім  бір  сөзді  көрсетеді,  мысалы:  «FRIEND», 
осы  сөзге  байланысты  мақал  айту  керек.  Мысалы:  А  FRIEND  in  need  is  a  friend 
indeed. 
Келесі  сөз,  «Gold».  Speech  is  silver,  but  silence  is  gold.  Ойын  осылай  жалғаса 
береді. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
44 
9.  «Кім  жүйрік?»  ойыны.  7  сыныптарда  «Жеміс-жидектерді»  тақырыбын 
өткен кезде тақырыпты математикамен байланыстыруға болады. 
Make up sentences using figures 
1. 
Apple pies 
2. 
Salad 
3. 
Butter 
4. 
Chicken soup 
5. 
Vegetable soup 
6. 
Are made of 
 
 
 
7. 
Chickens 
8. 
Milk 
9. 
vegetables 
10. 
apples 
Answers: 1+6+10 
10. «Грамматиканы меңгерту» ойыны. Грамматикалық материалдарды өткен 
кезде  цифрлық  кодтарды  пайдалануға  болады.  Мысалы,  «Present  Perfect  Continues» 
тақырыбын өткен кезде: 
1. He has been playing  
 
a. singing half an hour 
2. Asel has been 
 
 
 
b. reading since 4 o’clock 
3. They have been 
 
 
 
c. the dombra for 15 minutes 
4. Saule and Anar 
 
 
 
d. talking on the phone since 7 o’clock  
Answers: 1+c, 2+a, 3+d, 4+b. 
11. «Жалғасын тап» ойыны. Ойынның шарты сөздерді саналатын зат есіммен 
жалғастыру және әліпбидегі 26 әріпті қамту. 
I packed my bag for Alaska and in my bag I put an apple. 
1-оқушы: I packed my bag for Alaska and in my bag I put an apple and a book. 
2-оқушы: I packed my bag for Alaska and in my bag I put an apple, and a book and 
copy-book. 
3-оқушы: I packed my bag for Alaska and in my bag I put an apple, and a book and 
copy-book and a diary. 
4-оқушы: I packed my bag for Alaska and in my bag I put an apple, and a book and 
copy-book and a diary and an egg. 
5-оқушы: I packed my bag for Alaska and in my bag I put an apple, and a book and 
copy-book and a diary and an egg and a flower. 
6-оқушы: I packed my bag for Alaska and in my bag I put an apple, and a book, and 
copy-book, and a diary, and an egg, and a flower, a goose. 
7-оқушы: I packed my bag for Alaska and in my bag I put an apple, and a book, and 
copy-book, and a diary, and an egg, and a flower, a goose and a hat. 
8-оқушы: I packed my bag for Alaska and in my bag I put an apple, and a book, and 
copy-book, and a diary, and an egg, and a flower, a goose, and a hat, and an insect. 
9-оқушы: I packed my bag for Alaska and in my bag I put an apple, and a book, and 
copy-book, and a diary, and an egg, and a flower, a goose, and a hat, and an insect and a 
jacket. 
10-оқушы: I packed  my  bag  for  Alaska  and  in  my  bag I put an apple, and a  book, 
and copy-book, and a diary, and an egg, and a flower, a goose, and a hat, and an insect and 
a jacket and a kettle. 
Ойын осылай жалғаса береді. 
12.  «Қай  сөз  дұрыс?»  ойыны.  Ойынға  қажетті  материал:  карточкада  дұрыс 
және  қате  жазылған  сөздер  беріледі.  Down,  table,  book,  window,  cairh,  sveer,  hreat, 
yare. 
Ойынның мақсаты: алдымен дұрыс жазылған сөздерді тауып жазу, сонан кейін 
қате  жазылған  сөздерді  жазу.  Бұл  ойын  түрі  оқушының  зейінін,  қабілетін  дамыту 
үшін  өте  пайдалы  деп  айтуға  болады.  Осындай  ойын  түрлері  ағылшын  тілінен 
тиянақты білім беруге, оқушылардың барлық назарын аударуға себебін тигізеді. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
45
13. «What are they like?» ойыны. Сыныптағы барлық оқушы тақтаның алдына 
шығып,  рет-ретімен  достарының  нені  ұнататынын  қимылмен  көрсетіп  айту  керек. 
Мысалы, Әсем қимылмен өзінің не ұнататынын көрсетеді. 
1-оқушы: Әсем өзін көрсетіп, I like to sleep дейді. 
2-оқушы: Asem likes sleeping, Zhanar likes travelling and I like watching. 
3-оқушы:  Asem  likes  sleeping,  Zhanar  likes  travelling,  Aidos  likes  watching  and  I 
like skating. 
4-оқушы: Asem likes sleeping, Zhanar likes travelling, Aidos likes watching, Sveta 
likes skating and I like reading деп өз кезегін аяқтайды, ойын осылай жалғаса береді. 
14. «Көргеніңді есте сақта» ойыны. Ойынға қажетті материал: әр түрлі затты 
бейнелейтін суреттер. Мысал ретінде суреттері берілген. 
 
   
   
 
 
10                                  20                                   30 
 
   
   
 
40                                   50                              60 
 
Алманың суреті, кітап, сағат, гүл, велосипед, т.б. 
Ойынның  мақсаты:  оқушылар  әр  түрлі  суретті  бірінен  кейін  бірін  қарайды. 
Олар көрген суреттерін есте сақтаулары керек. Ойларында (естерінде) қанша суретті 
сақтап,  оның  сыртқы  түстерін  айтып  берген  оқушыға  балл  қойылады.  Кім  баллды 
көп жинаса, сол жеңген болып шығады. Мұндай ойын түрлері оқушылардың ойлау, 
есте сақтау қабілетін дамытады. 
15.  «Шығармашылық  ойын»  түрлері.  Сабақта  қойылатын  шығармашылық 
мәндегі басқа ойын түрлері лексика-грамматикалық, әріп пен дыбыстарды, сөздерді 
дұрыс айту дағдысын меңгеру мақсатында қолданылады. Бұл ойын барысында түрлі 
жұмбақтарды  айтқызу  арқылы  сөздерді  айдаруға  деген  дағды  беру  көзделеді.  Бұл 
жұмбақ түрлерін оқушының өздігінен сөздерді аудару мақсатында жаттығу жұмысы 
ретінде пайдалануға болады. 
1) One face, two hands It goes, yet stands (o’clock). 
2) No feet, but jumps / (a ball). 
3) Two brothers are full all day and empty at night (shoes). 
4) It moves without legs and flies without wings (cloud). 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
46 
5) Red and green and delicate, blue; I can’t catch it, neither can you (rainbow). 
Ойынды орындау  барысында  жеке  оқушының  қабілеті  оның  іскерлігі  көрініп, 
байқалады.  Мұғалім  әр  оқушының  жұмысын  бағалауға  мүмкіндік  алды.  Ойын 
оқушыны  бірігіп  жұмыс  жасауға  бағыт  береді,  іздену  дағдысын  қалыптастырды. 
Сабақта  және  сыныптан  тыс  шараларды  өткізуде  ойын  түрлерін  пайдалану 
оқушылардың 
сабаққа 
қызығушылығын, 
белсенділігін 
арттырумен 
қатар, 
шапшаңдылыққа,  өз  ойын  еркін  айтуға,  жұппен,  топпен  жұмыс  жасау  арқылы 
бірлесіп жұмыс жасауға, ойлау қабілетінің шыңдалуына септігін тигізеді. 
 
Әдебиеттер 
1 Воляков Ю.М. Загадки в стиках. 
2 Минскиий Е.М. От игры к знаниям. 
3 Sen. R. Happy reader. 
4 Бондаренко С.М. Учить детей сравнивать. 
5 Бедельбаева Р. Мектепте ағылшын тілін оқытудың кейбір мәселелері. 
6 Бадамбекқызы З. Ағылшын тілін алғаш үйренушілерге. 
 
Резюме 
В  ходе  проведения  игры  поднимается  способность  отдельного  ученика. 
Учитель  получает  возможность  оценить  работу  каждого  ученика.  Игра  дает 
направление  ученику  работать  в  коллективе,  формирует  навыки  познавательного 
интереса. 
 
Summary 
During  the  game  rises  the  ability  of  the  individual  students.  Teacher  gets  the 
opportunity to evaluate the work of each student. The game gives direction to the student 
to work in a team, creates a cognitive skill of interest. 
 
ОРАЗАЕВА Айнаш Кенесовна, 
ТАЖИЕВА Айжан Асылкановна, 

жүктеу 5.07 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет