Зейнет жасы 1997 жылы қабыл­ данған заңға байланысты көтерілген бо­



жүктеу 0.72 Mb.
Pdf просмотр
бет5/6
Дата04.05.2017
өлшемі0.72 Mb.
1   2   3   4   5   6

Асқар ӘБДУӘЛИҰЛЫ,

Анкара 

таған адамға қоғамның өз заманына сай 

ұсынатын қызметтері бар. міне, адам ның 

мамандыққа,  мамандықтың  адамға  сай 

болуы,  қоғамның  сұранысы,  тұлғаның 

қабілеті,  осы  үш  фактор  мамандық  таң­

дауда бірін­бірі толықтырады.

Білім  және  ғылым  министрлігінің 

деректеріне  сүйенсек,  былтырғы  жылы 

«ме недж мент»,  «Қаржы»,  «есеп  және 

аудит», «Экономика», «мемлекеттік және 

жергілікті  басқару»,  «Халықаралық  құ­

қық»,  «Дизайн»,  «Кадастр»  және  «Әлеу­

мет тік жұмыс» мамандықтарына сұраныс 

көп  болған.  Байқағанымыздай,  жастар 

мамандық  таңдауда  табысқа  басымдық 

береді. Себебі беделі алатын жалақысына 

қарай  бағаланатын  қазіргі  заманда  мем­

лекеттік  қызметтер,  қарапайым  мұ ғалім 

мен  дәрігер,  заңгерлер  ортаңқолды  ма­

ман дық болып қалды. ал шығармашылық 

мамандықтарға келер болсақ, біздің елде 

өнерпаздар  да,  он  саусағынан  өнері 

мысал  келтіре  кетейік.  айталық,  қазақша 

телеарнаның жоқтығы, заманға сай қазақ 

киносы  мен  мультфильмдерінің,  театр 

сахналарындағы  жаңа  қойылымдардың 

немесе  қазақы  сәулет  өнері  туын ды­

ларының  тапшылығы  жайлы  мәселе 

қозғала қалса, таяқтың бір ұшы айналып 

кеп  кәсіби  мамандардың  тапшылығына 

тиеді. Сондай кезде біріміз­бірімізді кәсіби 

мамандығы  жоқтығына  кінәлап  шыға 

келмей,  қай­қайсымыз  да,  заманның 

ағымына,  қалауымыз  бен  талғамымызға 

қарай  мамандық  таңдасақ,  мемлекет 

тапшы мамандарға қолдау көрсетсе құба­

кұп болар еді.



ҚАЗіРгі ЗАМАННЫң ӘРі ТАпшЫ, ӘРі 

ТАБЫсТЫ МАМАНДАРЫ: 

•  аниматор  –  суретке  жан  бітіруші; 

Мульти пликатор –мультфильмдерге ар­

нал ған суреттер салушы; 



3D-аниматор – 

үш деңгейлі графиканы өңдеуші дизайнер. 

мұндай  мамандар  мультфильмдерді 

тырушы.  Бұларды  белгілі  бір  өнер 

адамының агенті деуге де болады. аса бір 

қабілетті,  ізденімпаздықты,  тапқырлықты 

қажет ететін мамандық. 

•  Көркемдік  әрлеуші  –  көшелерде 

ілінген жарнамаларды, сауда орындарын, 

қоғамдық  тамақтану  залдарын  әсем­

«шілікті» қорғандарын 

зерттеуді аяқтап, жеті жыл бойы 

жүргізген қазба жұмыстарының 

нәтижесін шығарған Қазақ 

ұлттық университеті мен 

семейлік жас археологтар үшінші 

«Алтын адамға» қатысты «нағыз 

сақ патшасы осы болған» деген 

тұжырымға келіп отыр.  

алматының  іргесіндегі  «есік»  қор­

ғандарынан  табылған  ең  алғашқы  жә­

дігерден  кейін  еліміздің  әр  жерінен  төрт 

алтын  адам  табылды.  Соның  ішіндегі  ең 

ерекшесі – үшінші «алтын адам». Ол шы­

ғыс Қазақстанның зайсан өңірінен табыл­

ған  болатын.  археологиялық  қазба  жұ­

мыстары  барысында  он  шақты  қорған 

қа зылып,  соның  біреуінен  ғана  құнды 

мұра  кездескен.  Тарих  ғылымының  док­

торы,  профессор  Әбдеш  Тәшкенұлы  зәу­

лім ескерткіште жалғыз жерленген адамды 

ерте  сақ  заманына  жатқызады.  «алтын 

адамның»  түр­тұлғасы  мен  киген  киімін, 

сондай­ақ  әшекей  бұйымдарын  жан­

жақты зерделеген ғалымдар бір тоқтамға 

келіпті.  Біздің  дәуірімізге  дейінгі  VIII 

ғасырда өмір сүрген бұл адам  сақтардың 

патшасы  болған.  Тағы  бір  анығы,  жасы 

37­де екен. Үстіндегі әшекейлер сол маң­

да  өндірілген  саф  алтыннан  жасалған. 

Және  бұл  патша  осы  уақытқа  дейін 

табылған басқа «алтын адамдардан» бір­

неше ғасыр бұрын өмір сүріпті.     

«Үшінші «алтын адамның» маңдайын­

да бес жұлдыз бар. Бұл – сақ­скифтерден 

табылған ең ерекше дүние. Яғни адамның 

құдіреттілігін  көрсетеді.  Осыдан  келіп  біз 

ол патша болған деген шешімге келдік», – 

дейді Әбдеш Төлеубаев.  

зерттеу  жұмыстары  барысында  түр­

тұлғасы  мен  киген  киімі  қалпына  кел­

тірілген  Сақ  патшасының  сызба  нұсқасы 

даяр,  бірер  жылдан  соң  макеті  де  әзір­

ленбек. 


сәруар сАҒЫМ

Үшінші 

«Алтын адам» 

– нағыз 

сақ патшасы

Алматыда орналасқан 

еліміздің ең үлкен кітапханасы – 

ҚР Ұлттық кітапханасына келетін 

қазақтілді оқырмандардың саны 

үш есеге артқан. Бұл «Мәдени 

мұра» бағдарламасына сәйкес 

кітапханаға алынған мемлекеттік 

тілдегі жаңа кітаптардың 

нәтижесі деуге болады. Бұл 

туралы кітапхана директоры 

Орынбасар Исахұлы мәлім етті.

Бүгінде кітапхананың қорында 

6  мил лионнан  астам  кітап  пен  қол жаз ба 

бар. Олардың қатарынан тек Қа зақстанда 

ғана  сақталып  келе  жатқан  құн ды 

жәдігерлерді  көруге  болады.  Бас тапқыда 

осы  кітаптардың  қатарында  қазақтілді 

оқулықтар  мүлдем  аз  болған.  О.исах­

ұлының сөзіне қарағанда, «мәдени мұра» 

бағдарламасы  арқасында  оның  са ны 

едәуір көбейді. Қазақтілді кітаптардың ар­

туымен 


қазақтілді 

оқырмандар 

да 

кітапханаға жиі келетін болған. Бұған тағы 



бір  себеп,  кітапханада  мәдени  шаралар 

жиі өткізіліп тұрады. Бұл да – қазақ оқыр­

мандарын  тартудың  бір  жолы.  «23­і  күні 

біз  абай  атындағы  Опера  және  балет 

театрында  Фариза  Оңғарсынованың  70 

жылдық  мерейтойына  арнап,  ақын  шы­

ғармашылығынан  көрме  ұйымдас тыра­

мыз. ақпан айының ортасында «еу ро паға 

жол»  атты  еҚЫҰ­ға  арналған  көр ме  өт­

кіземіз.  елбасы  нұрсұлтан  на зар баев тың 

70  жылдық  мерейтойына  арнап  екі 

библио графиялық  көрсеткіш  дайын  дап 

отыр мыз.  германияның  Қазақстандағы 

жылына  байланысты  екі  елдің  достық 

құрметіне  арнап  бірқатар  мәдени  шара­

ларды қолға алмақпыз. Осындай шара лар 

арқылы  оқыр мандарды  қуантып  отыр­

мыз», – О.исахұлы. Дирек тордың ай туын­

ша, оқыр ман дарды, жалпы кі тап хана қыз­

меткерлерін толғатып отыр ған бір мәселе 

бар,  ол  –  кітапханада  жаңадан  шыққан 

техника, технологияға қатысты кітаптардың 

жоқтығы.  ал  жастардың  80­90  пайызы 

осы саладағы кітаптарды оқығысы келеді. 

алайда  барлық  қиындыққа  қарамай, 

кітапхана  басшысы  бұл  мәселенің  де  көп 

кешікпей шешілетініне сенімді. 

Нұрмұхаммед МаМыРбеКОВ 

Алматыдағы Қазақ-Британ 

техникалық университетінде  

студенттік  парламентке жаңадан 

сайланған депутаттардың 

салтанатты ант қабылдау рәсімі 

өтті. Жаңадан тағайындалған 

жас депутаттарға сертификаттар 

мен арнайы дайындалған 

депутаттық  төсбелгілер табыс 

етілді. 

айта кету керек, ҚБТУ құруды алғаш рет 

нұрсұлтан  Әбішұлы  назарбаев  ұсын ған 

болатын.  елбасымыз  Бірлескен  Король­

дігінің өкілдерімен арнайы кездесіп, 2000 

жылы  екіжақты  ынтымақтастық  туралы 

меморандумға қол қойды. Университеттің 

әріптесі  ретінде  англияның  премьер­

министрі  Тони  Блэр  сайланды.  ал  Қа­

зақстан  жағынан  оны  құрушы  ел  үкіметі 

болып табылады.  Сонымен бірге, бұл оқу 

ордасына еліміздің Президент Әкімшілігі, 

Қр  ғылым  және  білім  министрлігі,  Қр 

Энергетика  және  минералды  ресурстар 

министрлігі, 

лондондағы 

Қазақстан 

елшілігі,  н.назарбаевтың  Қоры  тұрақ­

ты  көмек  көрсетіп  тұрады.    ҚБТУ  сту­

денттердің 

мүмкіншілігін 

арттырып, 

қа бі летін  дамыту  үшін  бар  жағдайды 

жасап  отыр.  Бұл  университетте    бірнеше 

жылдан  бері  тұрақты  түрде  студенттік 

қауымдастық  қызмет  етіп  келеді.  Оның 

құрамы қауымдастық президентінен және 

министрлер кабинетінен тұрады. 



Нұрмұхаммед МаМыРбеКОВ

студенттер 

депутат 

атанды

Өткен жылы қазақстандық ән 

орындаушылар мен фонограмма 

өндірушілерге 15 млн теңгеден 

астам қаржы сыйақы жиналды. 

Бұл туралы «Орындаушылар 

құқығын басқару жөніндегі 

қазақстандық қоғам» 

бірлестігінің өкілдері арнайы 

баспасөз мәслихаты кезінде 

жария етті.

Бірлестіктің  бас  директоры  Әсет  Бі­

лиевтің  айтуынша,  авторлық  құқықты 

қорғауды  көздейтін  қоғам  былтыр  құры­

лып, жыл аяғына дейін өзінің мәртебесін 

толық  ақтады.  Қоғам  өкілдері  жұрт­

шылыққа  ән  орындаушылар  мен  фоно­

грамма жасаушылар еңбегін лицензиялық 

келісіммен немесе ақылы түрде пайдалану 

қажеттігін  насихаттаумен  айналысты.  Бұл 

жұмысқа  Әділет  министрлігі  мамандары 

мен  бұқаралық  ақпарат  құралдары  да 

тартылды.  Тиянақты  жұмыстың  нәти­

жесінде отандық өнер иелерінің еңбегіне 

15 млн теңгеден астам қаражат аударылып 

отыр.  зияткерлік  меншік  құқығын  қорғау 

бағытында  қызмет  атқаруға  жаңадан 

кіріскен бірлестік үшін бұл зор табыс екені 

ақиқат. 

Болатбек МұхТаРОВ

Әншілер құқығы 

15 млн теңгеге 

қорғалды

а

бай 



Омар

ОВ

 (к



олла

ж)


РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№7 (233) 



22.01.2010 жыл, жұма                    

www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

дАТ!

АлАш АзАмАты



АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ...

Ауыл шаруашылығы банкін ашу арқылы бүкіл ауылдың мәселесін 

шешеміз деп айта алмаймын. Банк – оның бір құралы ғана. Ауыл 

шаруашылығы мәселесін бүтіндей шешу үшін бүгінгі күннен сабақ 

алу керек, соның негізінде қорытынды шығаруымыз тиіс. Мысалы, 

әлемдік қаржылық дағдарыс кезінде өнімділік танытатын сала ретінде 

ауыл шаруашылығы өзін ақтады. Сондықтан біз міндетті түрде ауылға 

көмектесуіміз керек. Солай екен деп, ауыл да мемлекетке бүтіндей 

арқа сүйеп, масыл болмауы тиіс. Ондай көзқарастан ада болуымыз 

тиіс. Нақты қолынан іс келетін, тірлік жасауға дайын азаматтарға 

көмектесуіміз қажет. Ол үшін мемлекет заңды қолдаудың механизмін 

ойластыруы керек. 

 Ауылға қатысты болып жатқан реформалардың барлығы 

фундаментальді тұрғыдан дұрыс нәрсе. Әрине, жекеменшік болуы 

керек. Дегенмен «өз күніңді өзің көр» деген дұрыс ұстаным емес. 

Кеңес өкіметі кезеңіндегі ең үлкен кемшілігіміз – кәсіпкерлікке 

бостандық жоқ еді. Бәрі реттеулі, заңмен ауыздықталып отырды. Ал 

қазіргі кемшілігіміз – кәсіпкерлікке көп бостандық беріп қойдық. Кім 

немен айналысса сонымен айналыса берсін деген секілді. Ол дұрыс 

емес. Біз осындағы бостандық пен қатаң тәртіптің, жауапкершіліктің 

арасындағы ортаны табуымыз керек еді. Реформаға кіріскеннен кейін, 

өтпелі кезеңнің болатындығын ескермедік. Осы кезеңде мемлекет өз 

мүмкіндігін жіберіп алды. Біз халқымыздың менталитетін өзгерту үшін 

өтпелі кезеңді ескеруіміз керек еді. Ендігі Үкіметтің міндеті – осыдан 

қорытынды жасау. Олай ете алсақ, ол біздің жетістігіміз болады.

Бейсенбек ЗияБЕКОв, экономика ғылымының докторы, профессор, 

Қазақстандағы Ресей Ауыл шаруашылығы банк өкілдігінің төрағасы:

–  Сиыр  жылы  аяқталып,  Барысты 

төрімізге төрлеттік. Қалай дегенмен де 

былтырғы жыл еліміз үшін ғана емес, 

бүкіл әлемге оңайға соқпағаны белгілі. 

Алқымнан алған әлемдік қаржы дағда-

рысының экономикада ойсыратқан тұ-

сы көп болды. Былтырғы жылғы атқа-

рылған  істерді  ойша  шолып,  білікті 

қар жыгер-маман ретінде ондағы үл-

кен жетістігіміз бен кемшілігімізді атап 

бере аласыз ба?

– Меніңше, мемлекетіміздің ең бір үл­

кен  жетістігі  –  қоғамның  тұрақтылығын 

сақ тап қала алғандығында. Оны қамта ма­

сыз ете алмай қалғандағы жағдайымыздың 

қандай болатындығын көз алдыма елес тет­

кім  де  келмейді.  Құдай  оның  бетін  ары  

қыл сын! Сондықтан оны жетістік деп біле­

мін.  Екіншіден,  жұмыссыздыққа  кеңі нен 

жол берілмеді. «Жол картасы» секілді Үкі­

мет түрлі  бағдарламалар бойынша халық­

ты еңбекпен қамтамасыз етуге тырысты. Ол 

белгілі  бір  деңгейде  тиімділігін  көрсетті. 

Үшіншіден,  банк  саласындағы  дағдарыс 

тө лем дағдарысына ұласпады. Төлем дағ­

дарысы орын алған жағдайда бізде ақша 

айналымы тоқтайтын еді. Ал әлемде одан 

өткен қатерлі дағдарыс жоқ...

Ірі  кемшілік  банк  секторында  орын 

алды. «ТМд­да теңдесі жоқ банк секторын 

құрдық» деген секілді әсерлі сөздерге көп 

бой ұрдық, сөйтіп бұл салада ғылыми тал­

дау жасалмады. Сондай­ақ біздегі банктер 

өзін  тұтынушымен  қамтамасыз  ету  үшін 

күреспеді. Өйткені бұл салада бәсекелестік 

қалыптаспаған. Негізі, банк орта және ша­

ғын бизнеспен тығыз байланыс орнатып, 

олардың кәсібінің дамуына мүдделі болуда 

болашақ тұтынушысын алдын ала қамта­

масыз етуі тиіс. Міне, осындай нақты эко­

номика мен банк арасындағы байланысты 

орната алмауымыз – тағы бір кемшілігіміз 

деп білемін. Бізде, керісінше нақты эко но­

ми  ка банкке қызмет жасады. Соның сал да­

рынан  шетелден  келетін  қаржы  тоқтап 

қалған кезде, несиемен, қаржымен қамта­

масыз ететін көздер саны да күрт сиреді. 

Бұл халыққа да, шағын және орта бизнеске 

де үлкен соққы болып тиді. Енді осы қателі­

гі мізді қайталамауымыз керек. Егер банк 

саласын экономиканың күретамыры дейтін 

болсақ, олар тек жекеменшік болмауы ке­

рек, мемлекеттік салалық банктер де құры­

луы тиіс. 



– Бұл арада, әрине ауыл шаруа шы-

лы ғы секілді салалық банкті құру ту-

ралы  айтып  отырған  боларсыз.  Жыл 

соңында Ауыл шаруашылығы министр-

лігінде  жиын  болып,  Агробанк  ашу 

туралы сөз қозғалды. Өзіңіз де Ресейдің 

еліміздегі ауыл шаруашылығы банкінің 

өкілдігін басқарып отырсыз. Соған қа-

ра ғанда бұл ретте биыл жақсы хабар-

дан үміттенуімізге бола ма?

–  Ауыл  шаруашылығы  банкін  ашу­

ашпауға  байланысты  қоғамда  талқының 

жүріп  жатқандығына  он  шақты  жылдың 

жүзі болды. Ал менің ойымша, халқының 

жартысы ауылда тұратын мемлекетке ауыл­

шаруашылығы банкі керек. Екіншіден, қай 

билік болсын, оның міндеті жүйе құру бо­

луы керек. Ауыл шаруашылығының несие 

беру жүйесі дегеніміз екі бағыттан тұрады. 

Біріншісі – банктер. Екіншісі – банктік емес 

ұйымдар.  Мәселен,  несиелік  серіктестік, 

лизингтік және сақтандыру компаниялары 

деген  секілді.  Осы  екеуін  қосқанда  бүтін 

ауыл  шаруашылығының  несиелік  жүйесі 

шыға келеді. Осы жағынан алып қарасақ, 

біздің ауыл шаруашылығы несие жүйесі бір 

аяқпен  ақсап  тұрған  адам  сияқты.  Яғни 

банк жоқ та, бірақ несиелеумен айналы са­

тын банктік емес құрылымдар бар. 

Иә, жылдың аяғында Ауыл шаруашы­

лығы  министрлігіндегі  жиында  сол  сала 

министрі  де,  «ҚазАгро»  АҚ  басшысы 

Мамытбеков мырза да ауыл шаруашылығы 

банкін құру керек екенін айтты. Соңғы он 

жылдың ішінде мұндай пікір білдірген бір­

де­бір министрді де, басшылықтағы адам­

ды да кездестірген емеспін.

Мен оларды жақсы түсінемін. Ол кісілер 

осы саланы басқаруға келгеннен кейін сол 

салаға,  ауыл  халқына  тиімді  жүйені  құр­

ғысы келетіндігі сөзсіз. Қай салада болсын, 

оны  басқарып  отырған  азаматтар  өзінің 

қызметі барысында бір жүйе құруы керек 

деп есептеймін. Мәселен, ол әкеден балаға 

мұра болып қалып отыратын дамушы жүйе 

іспеттес болуы тиіс. Меніңше, жоғарыдағы 

азаматтардың  күйттеп  отырғаны  осы. 

Сондықтан оларды толықтай қолдаймын. 

Әрине, қаржы жүйесін құру үшін, ең алды­

мен банк керек. Екіншіден, ауыл шаруашы­

лығы  саласының  мәселесіне  кім  жауап 

береді? Әлбетте, қаржы министрі емес, нақ 

сол жауапты басшылықтағы адамдардың 

өзі. Сондықтан олар маман ретінде банктің 

қажеттілігін түсініп айтып отыр. Міне, осын­

дай ірі ойы бар, жауапкершілікті толықтай 

мойнына  жүктеуден  қашпай,  мәселені 

түбегейлі түсініп отырған азаматтарды неге 

қолдамасқа?..  Меніңше,  Үкімет  оларға 

мүм кіндік беруі керек. Әрі олар дұрыс әңгі­

ме айтып отыр. Өйткені оған ғылыми негіз 

бар,  оны  біраз  уақыттан  бергі  талдаудан 

жа салған қорытынды деп бағалаймын. 



– Ал өзіңіз басшылық етіп отырған 

Қазақстандағы Ресей Ауыл шаруа шы-

лығы банкі өкілдігінің мақсаты неде? 

Олар неге Қазақстаннан өкілдік ашып 

жатыр?

– Бұл арада біраз шегініс жасап, Ресей­

дің  аталған  банкті  неге  құрғандығына, 

мұндай  шешім  қабылдауына  не  түрткі 

болғандығына тоқтала кетсем деймін. Ре­

сей де ауыл шаруашылығы баяғыдан тұрақ­

ты дамып келе жатқан сала болып табы­

лады. Осы саланың несие беру жүйесі даму 

кезеңінде әртүрлі сипатқа ие болып отыр­

ды. 2000 жылдан бастап Ресейдің мемле­

кет тік басқаруында отырған азаматтар осы 

банкті несие беру жүйесінің негізі ретінде 

жаңадан мемлекеттің меншігінде қайтадан 

ашты.  Оған  дейін  ауыл  шаруашылығы 

қаржы айналымын жүзеге асырған жеке­

меншік  банктер  болды.  Олардың  көбісі 

түрлі  себептерге  байланысты  жабылып 

қалды.  Өтпелі  кезеңде  мемлекеттің  рет­

теуін сіз,  қамқорлығынсыз  ауыл  шаруа­

шылығын дамыту мүмкін емес екенін олар 

жақсы  түсінді.  Сөйтіп,  мемлекеттік  ауыл 

шаруашылығы банкін құруға тура келді. Ол 

қазіргі Ресейге пайдасын тигізіп отырған, 

болашағынан  үлкен  үміт  күттіретін  банк 

болып саналады. Әрі ауылға бөлінген қар­

жының  ең  соңғы  нысанына  жеткізілуін, 

оның мақсатты­мақсатсыз игерілуін қада­

ғалауда,  азық­түлік  қауіпсіздігін  қамта­

масыз етуде мемлекеттік ауыл шаруашы­

лығы банкінің рөлі орасан зор. 

2009 жылдағы бір жетістігіміз – Кеден 

одағына  енуіміз.  Мүмкін  оның  бастапқы 

кезде шағын және орта бизнес өкілдеріне, 

жалпыға ауыртпалығы, қиыншылығы бо­

ла  тын  шығар.  Алайда  ол  түбінде  халқы­

мызға,  мемлекетімізге  тиімді  нәрсе  деп 

білемін. Себебі қанша дегенмен де, кезінде 

бір шаңырақ астында болғандықтан, бас­

қару  формасы,  мәдениеті  және  көптеген 

саланы жүргізу тәсілі жағынан ұқсас ке ле­

міз. Бұл факторлар Кедендік одақ шең бе­

ріндегі үш мемлекет салаларының бірыңғай 

дамуына қолдау бола алады. Осы негізде 

былтыр  Ресей  Ауыл  шаруашылығы  банкі 

Қазақстан мен Белоруссиядан өз өкілдігін 

ашу туралы шешім қабылдаған болатын. 

Ондағы  мақсат  –  Қазақстанның  қаржы 

нарығын  талдау  және  зерттеу.  Қазіргі 

тапсырма – нарықты талдап, осындағы же­

тіс тіктерден  Мәскеуді  хабардар  ету,  одан 

кейін  несие  беру  саласындағы  мекеме­

лермен тығыз байланыс орнату. 



– Сонда оны не үшін жасап жатыр? 

Мүмкін  Қазақстан  ашпаған  салалық 

банк пен бізді Ресей қамтамасыз еткісі 

келетін шығар...

– Жоқ. Ресейдің мұндағы өкілдігі банк 

операцияларымен айналыспайды немесе 

өз банкін ашайын деп жатқан жоқ. Олай 

етуге олардың қаржысы жеткіліксіз. Ресей­

дің  өзінде  де  қаржы  бөлуді  қажет  ететін 

ауыл шаруашылығы мәселелері жеткілікті. 

Бұл – бір. Екіншіден, тек қана Ресей емес, 

басқа да мемлекеттер біздің ауыл шаруа­

шы лығы  саласына  қаржы  саламын  десе, 

оған біз қуануымыз керек. Себебі 18 жылда 

неге екінші деңгейлі банктер аталған салаға 

көп  несие  бере  алмады?  Өйткені  оның 

қауіп­қатер тәуекел деңгейі жоғары. Сон­

дық тан  мұндай  іске  ақшасын  жұмсауға 

көбісі  бара  бермейді.  Жасыратыны  жоқ, 

әдістемесі және басқа да тәсілдері жағынан 

Ресейдің  тәжірибесі  бұл  салада  бізден 

озық.  Сондықтан  егер  Қазақстан  ауыл 

шаруа шылығы банкін ашу керек деп тапса, 

олардан  үлгі  алуы  қажет  деп  ойлаймын. 

Бұл істе Ресей тарапы бізге көмек көрсетуге 

әрқашан әзір. 

– Демек, бұл Кедендік одақ шең бе-

рінде  аталған  саланың  бірыңғай  да-

муына деген көршілердің дайындығы 

деп түсінген дұрыс болар...

– Ең үлкен байлық – дұрыс ақпарат алу. 

Яғни біздегі ауыл шаруашылығы саласында, 

қаржы  нарығында  орын  алып  жатқан 

олқылықтардан, жетістіктерден хабардар 

бола  отырып,  Мәскеу  өзіне  сабақ  алуды 

мақсат етеді деп білемін. Тағы бір жағынан, 

Ресей – Қазақстанның сауда­саттық қарым­

қатынасындағы ірі серіктесі. Шама келсе, 

ақша жүйесін Ресейдің және Қазақстанның 

банк жүйесі арқылы өткізсек пе деген ой 

бар. Ол идея жүзеге аса ма, аспай ма, оны 

уақыт көрсетеді. 

– Дегенмен Кедендік одақ ісіне енді 

кірісе бастағанымен, оның жұмысына 

көңілі  толмайтындықтарын  білдіру-

шілер де пайда болып үлгерді. Отандық 

бизнеске  бұл  басқосу  тиімсіз  деген 

секілді...

–  Он  шақты  жыл  бұрын  Елбасы  осы 

негізде  идея  айтқан  болатын,  енді  ол  іс 

жүзінде  жүзеге  асырылып  жатыр.  Келесі 

кезең  экономикалық  кеңістікті  құруға 

ұласуы керек. Бізге жастардың болашағы 

үшін  бұл  керек  нәрсе.  Мемлекет  те  адам 

сияқты. Мәселен, жақсы адаммен аралас­

саң,  одан  керемет  ләззат  аласың.  Сол 

секілді Ресей мен Белоруссия секілді тұ рақ­

ты мемлекеттермен араласу – болашағымыз 

үшін тиімді нәрсе деп білемін. Ол дәл қазір 

кәсіпкерлерге  тиімді  болмауы  мүмкін, 

бірақ ол болашақ үшін керек нәрсе. дСҰ­ға 

ену  бойынша  да  нақты  позициямызды 

айқындауда аталған одақ өзіндік септігін 

тигізеді  деп  білемін.  Жасыратыны  жоқ, 

еліміздің дСҰ­ға енуі мәселесі соңғы кез­

дері  созылып  кетті.  Сондықтан  Кедендік 

одақ шеңберіндегі еліміздің талабы оларды 

ойландыруы керек деп есептеймін, әрі оны 

прагматикалық қадам деп санаймын. дСҰ­

ға кірмесек­тағы, біздің өзіндік экономи­

ка лық  кеңістігіміз  болады.  Бұл  оларды 

ойландыруы керек.


Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.72 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет