Зейін шашкин доктор Дарханов



жүктеу 74.09 Kb.
Pdf просмотр
Дата24.04.2017
өлшемі74.09 Kb.

Зейін ШАШКИН 

Доктор Дарханов 

Түн... Поезд зырлап барад-ы. Анда 

санда тұнык. түнді  қақ жарып ай 

ғай сап, «байқа, жол кеспе!» деп 

ескертіп те  қояды. Жұмсақ вагон 

терезесіне бетін тақап жабысы 

қалған Нияз поезбен жарысқан 

телеграф бағаналарынан көзін алмай 

ды. 


Нияздын өмірі бүгін де дәл осы 

поезд сияқты зымырап барады. Ілік 

сең-іліктің, ілінбесен- орта жолда 

қалғаның. Алда-жалда ондай күн 

туса, алақанынды жай да кайыр 

сұра. «Мен келдім» деп кеше ғана 

әлемге жар сала шыңғырып туған 

адам, сол өмірден 

қайыр сұраса 

Анадан туып керегі не? Әрине, жақ 

сылық өзі кеп аузыңа түспейді, ди 

ханшы тәрізді, өзін егіп, өзің жи 

нап аласың! Соған күшің де ебін 

де жете ме? 

Нияздың күші жетсе де ебі жет 

пей сорлап жүргенін-шығарып са-

ларда Алексей Иванович та, Дә-

меш те  қатты ескертіп, осы жолы: 

«Байқа, біреуді шағып алып, маң 

дайыңды тасқа соғып жүр ме! Тілі-

ңе  қарауыл  қой!» деген жоқ па? 

Олардың кеңесі: жаны ашығандық 

достың  қамқорлығы. Жұлдызы оңы-

нан тумаса жалынып жалпайып, 

пенде боп, сөзін өткізе ала ма? Ба-

тыл айтқанда Нияз  қайыр сұрамай 

өмір поезына ілесіп келеді дей алар 

ма? Ауыз толтырып айтарлық че 

бітіреді? 

Қатардағы дәрігердің бірі шама-

шарқынша адам емдейді, білімін 

аяп, керенау еңбек істеген жері 

жоқ, бар ынтасымен 

қызмет етіп 

жүр. Еліміздің көп дәрігерлерінің 

санында бар, не керек бұдан артық? 

Сен осы «дәрігерлер атаулы жа-

ңадан ем тауып, герой атансын» 

деп  ұғасың ба? Өзіне деген талап-

талғамды  қиындатып күшейте түсе-

сің? Сөз білмеген сөзді өзіне тигі-

зеді. Ниязды олай  ұқпа! Дәрігер бол-

саң, баяғы институтта алған білім-

мен рецепті жазып: «Күніне үш рет 

тамағыңды шай!» деп самарқау 

емдеме, ізденіп, әр науқасқа еңбек 

сіңір, өнерлі дәрігер атан!» деген 

принципті  қолдайды Нияз. Клиника-

лық медицинаның атасы Боткин не 

деді, есіңдеме: «Ауруды емдеме, 

адамды емде!» деген жоқ па? Әр 

адамның организмі әр  қилы, біріне 

қонған ем, екіншісіне  қонбауы да 

ықтимал, еңдеше оған жаңа бір 

тәсіл тап!.... 

Рентген сәулесімен емдеуде, Нияз 

медицина ғылымында бір жаңалық 

ашып, атаққа ие болам деп  құлшын-

байды. Айта берсең, бұл емнің өз 

авторы бар, ол—профессор Штокин, 

Нияз болса сол жаңа емді іске асы-

рушы ғана... 

Қасына Әмір кеп тұрды. Практи-

касын бітіріп бұ да Алматыға  қай-

тып, барады. 

—Бүгін Ақмолаға Хрущев жолдас 

келетін көрінеді, естідіңіз бе?—деді 

ол вагон ішінде естіген сөзін  қайта-

лап; 

—Хрущев? Нияз ойланып калды. 



Ақмоладан түсіп, ертеңінде обкомға 

жетіп барып: «Мені Никита Сергее-

вичпен кездестіріңіздер, өте  қажет 

те маңызды сөзім бар!» десе... 

Жақсы, ол кісі  қабылдады, сонда не 

демек? 


—Рентген сәулесінің аз дозасы 

пайдалы, соны туберкулез ауруына 

қолданып көріп ем,  қарсы шықты 

рұхсат бермей  қойды!» 

—Кім ол кедергі жасап отырған? 

Аупартком хатшысы ма? 

—Жоқ!... 

—Енді кім? 

Тоқта, әнеугі екінші секретарьдің 

атын неге атамайды? 

—Е, ол  қарсы болды ма? Бірін-

ші секретарьсыз шеше алмаймын, 

тексерейік деген жоқ па? Енді кім? 

Бас дәрігер өзіңнің досың, іштей 

жаны ашып, бірге уайымдайды. 

Жоқ, комиссия бастығының атын 

аттайсын ба? Ой, тәйір, оған ауыз 

ауыртып не керегі бар, ол—орын-

даушы, аупартком секретары «Тек!» 

десе болды, орнынан  ұшып кететін 

қурай емес пе! Енді кім? Әлде Шор-

танбаев па? 

«Медицинадан хабары жоқ Шор-

танбаев  қалай  қарсы бола алады?», 

десе, Нияз не демек? Олай болса, 

Қырымдағы институт директорының 

күдігін  қайда  қоясын? Я, күдік те, 

қарсылық та, сенбеушілік те табы-

лады! 

Сол комиссияны басқарып келген 



жігіттің өзі іштей Ниязға тілектес 

емес екеніне, көзін анық жетті ме? 

Ол Шортанбаев пен Сусанна Михай-

ловадан сескенсе,  қаймықса  қайте-

сің? Әрірек үңілсең: аупартком се-

кретарының өзі солардың сөзінен 

қашады. Ертең обкомға, ЦК-ға арыз 

жазса, басымыз дауда  қалады, онан 

да пәлесінен аулақ, деп сенін сөзі-

не мән бермейді. Жеке адамға та-

бынушылык кезінде жалақорлардың 

сөзі өтімді боп, талайды зар  қақсат-

қан, содан зәрезеп болған жұрт 

арыздан осы күнге шейін  қорқады. 

Арыз жазушының сөзше  құлақ  қо-

йып, соны дұрысқа шығаруға бейім 

тұрады. Табынушылықтан 

қалған 


әдеттің бірі... 

Арыз жазушы жалғыз болса бір 

сәрі, ондайдың  қасында атқосшы-

сы, көтермешілері бірге жүрмей ме? 

Әне бір жылдар айғай-шуға үйреніп 

қалған 


қаныпезер Шортанбаев ті-

міскілеп жүріп, Сусанна Михайлов-

наны тауып ала койды. Себебі, ол 

Ниязға  қарсы. 

—Хрущев жолдас жаңа адам жа-

сайық дейді, соған сен сенесің бе, 

Әмір? 

Нияздың манадан бері ойға шомып 



тұрғанын сезген Әмір таңдана  қой-

ған жоқ, бұл—сол ішкі толқынңың 

сырт бейнесі. 

—Неге сенбейін? Әбден сенем! 

—Адам баласы жаралғаннан бергі 

қалыптасқан жала, өсек, күншілдік 

сияқты сезімдерді  қалай жоя ала-

сың? 


Әзілдеп тұр ма дегендей Әмір 

Нияздың бетіне үңілді. 

—Мұның бәрі Павлов айтқан 

шартты рефлекс, Жасынан басқаша 

тәрбиеленсе,  құритын рефлекстер! 

—Сенің бұл айтуыңа  қарағанда: 

әлі бір елу жыл керек, бір  ұрпақты 

жаңартпай, ол рефлекстерді  құрта 

аласын ба? Сонда Сусанна Михайлов-

на мен Шортанбаевтың шартты реф-

лексін  қалай түзейсің? 

Әмір сәл ойланып, мүдіріп  қалды. 

—Біздің бас дәрігер өте жұмсақ 

кісі, соларды жиылысқа сап, неме-

се жеке шақырып алып  ұрысса,— 

мыштай боп жүрер еді. Олар дәндеп 

алған. Бойға сіңген әдет-дау  қума-

са, ішкені ас болмайды, 

Қалай  ұрсады, ертеңінде жүгіріп 

жоғары орынға арыз ала жүгіріп 

бастықтың өз басын дауға салсын! 

—Рас, жалақордың арызын тың-

дамау керек! Сонсоң шүкіршілік, 

мұндайлар көпшілік емес. 

—Көпшілік болмағанымен, осылар-

дың саясатқа әлі де әсері бар... 

—Мен таптым!—деді Әмір жай-

раңдап. Оларға карсы өзіміздің 

санамызда иммунитет жасай алуы-

мыз керек! 

—Таптың! Тыңдамау деген сол— 

иммунитет.—Нияз күліп арқасынан 

қақты. 

Сол күні таң ата бұлар Ақмола 



стаңциясына кеп тоқтады. 

Нияз пальтосын иығына іле сап, 

вагоннан түссе, вокзал басы  қапта-

ған машина, ығы-жығы халық,  қы-

зыл шүберектерге: «Хош келіпсіз, 

қымбатты Никита Сергеевич!» деп 

жазылған жылы сөздер. Вокзал ба-

сы тап-тұйнақтай, тап-таза. 

Газет сататын киоскі аузында бір 

топ  қазақ әңгімелесіп тұр екен. 

Нияз аяңдап 

қастарына барды. 

Киімдері—әдемі, өздері  қызара бөрт-

кен, бірін-бірі іліп  қағып, әзіл отын 

жағады. Нияз дауыстап сәлем бер-

ді. Айыр сақал,  қызыл бет, мосқал 

қазақ сәлемін әндете алып шүйір-

келесе кетті. 

—Хрущев жолдасты тосып тұрмыз! 

Поезд кәзір келуі керек, Павлодар 

жақтан... Ия өзіңіз 

қай жақтан 

келесіз?—деді әлгі үсті-үстіне бас-

тырмалатып. 

—Дәрігермін, Бурабайдан Алматы 

барамын. 

—Ойбай-ау, біздін комбайнерді 

білетін боларсыз-ау?...  Құдай атқыр, 

бір дәрігер емдеймін деп өлтіріп тас-

тай жаздаған дей ме? 

—Фамилиясын білмейсіз бе? — 

Нияздың түс бұзылып кеткен болуы 

керек, айыр сақалдың  қасындағы 

жұқа өңді талдырмаш жігіт бүйір-

ден түртіп  қалды. 

—Бос сөзге жаның 

құмар-ау, 

Осеке, біздің дәрігерлер баяғының 

балгері деп тұрсың ба? 

— Мен жанымнан шығарыппын 

ба, тәйірі. Өзі хат жазыпты үйіне... 

Шырағым, оның аты - Әшім. Бай-

жан әкесінің аты. 

Дәл сол Нияздың өзі емдеген 

комбайнер боп шықты. Нияздың 

жаман аты бүкіл елге жайылды де-

ген осы. Кәзір фамилиясын айтса, 

сол, «құдай атқыр» дәрігердің өзі 

екен деуі хақ! Не деп жауап  қа-

йырса екен? «Білмеймін» деп  қолын 

бір-ақ сілтесе... Білмеймін деген 

бір сөз, білем деген көп сөз! Ша-

шағынан  ұстаған  қазақ, суыртпақ-

ша тарқатып алуы оп-оңай. 

— Әшімді білем! Оны емдеген 

«құдай атқан» дәрігер мына мен! 

Жігіттердің көздері алайып,  қым-

сынып  қалды, айыр-сақал  қызараң-

дап, көзін жыпылықтата берді. Нияз 

енді күлімдеп: 

—Әшім тәуір, жақында біржола 

сауығып  қайтады. 

—О, бәрекелді, шырағым, өзі бір 

жақсы көретін жігітіміз еді. Өткен 

жылы мына  Қазыбектің еккен жүге-

рісін жинаған сол! Бір гектар жер-

ден пәленбай центнер алып бүкіл 

Қазақстанға аты жайылған. Сонда 

қар түскенше жинап суық тисе ке-

рек-ті. 


Ендеше биыл тағы да жинайды. 

—Аузыңа—май, шырағым. Менің 

жаңағы айтқан сөзімді көңіліңе 

алып  қалма, біздің ауылға солай 

деген өсек тарараны рас. Әй, өсек 

жүрген жерден сайтанның өзі  қа-

шады деуші еді менің әкем. Екі ор-

тада арандап 

қала жаздадым-ау! 

—деп айыр сақал ақтала сөйледі. 

- К ө ң і л і м е алып  қайтейін,  қаңқу 

сөздің бірі де. Бірақ, дәрігерлер 

адамға ауру жамауға  құмар емес, 

емдеп-жазуға  құмар екені есіңізде 

болсын! Кейде, колынан келмей 

қалатыны болады. Машина екеш ма-

шина да жөндеуге жарамай  қала-

тын кезі болмай ма, ақсақал? 

— Әлбетте, шырағым. 

«Алматы—Свердлов» поезі кәзір 

жүреді» деп радиодан жар салды. 

Қап, Нияздың сұрайтын сөздері бар 

еді! 

—Ал, хош болыңыздар, туыстар 



қадірлі  қонағымыз Никита Сергее-

вичті жақсылап  қарсы алыңыздар! 

—Рахмет, шырағым, барса үйі-

ме шақырам ба деп тұрған  қазақ-

пын! 

Нияз поезға міне бергенде  Қазы-



бек деп таныстырған жұқа өңді жі-

гіт: 


—Әшімге сәлем айтыңыз!—деп 

қолын бұлғады. 

Нияз Алматыда өзімен бірге оқы-

ған досы, медицина институтының 

доценті  Қамардың үйінде отырып, 

Қазыбектің осы бір  қоңыр дауысын, 

радиодан тағы да еетіді. Тың өл-

кесінде жүгері өсіргендердің маң-

дайалды, жұлдызы боп осы, Ники-

та Сергеевичтің алдында Ақмолада 

сөз сөйледі ол. 

«Мен,—деді ол,—жүгері егудің 

тамаша тәсілін таптым. Маған соны 

жинауға көмектеекен, досым—Әшім-

ге суық тиіп, аурып кап еді, жа-

қында емдеп жүрген дәрігермен 

кездесіп едік, ол—"сауығып  қайта-

ды" деп уәдесін берді». Нияз селк 

етіп, ішіп отырған асын коя  қойды. 

—Саған не болды, Нияз? Бір же-

рің шаншып кетті ме?—деді  Қамар 

досына үңіле  қарап. 

Казыбектің жаңағы сөзін естіген 

Сусанна Михайловна, Шортанбаев-

тар не демек? «Әшімді емдеуші дә-

рігер ол емее, оның емін  қисық деп 

біз тоқтатқамыз. Өтірік, аллау, көз-

бояушылық, Дарханов деген—"ала-

яқ" деп не арыз, не газетке мақала 

жазса Нияз айтпадым, «жалған» дей 

алмайды... Сонда  қалай ақталады? 

Осы кезде радиодан жұрт ду 

қол шапалақтап, диктор: «Никита 

Сергеевич  Қазыбекті  құттықтап, ба-

ласындай баурына 

қысты» деді, 

Әрине, әйгілі болған мүндай адам-

нық сөзін ертеқ газетке түгелдей 

басады, Егер бүгін естімесе, ертең 

бәрібір газеттен оқиды.,. Көңілі жа-

бырқап,  ұн-жырғасы түсіп кеткенін 

үй иесі сезді де, кабинетіне оңаша 

алып барып,  ұзақ сырласты. 

Досымен айрылысқалы онбес жыл-

дай уақыт өткен, содан бері ол 

ысылып, байсалды ғалым болған. 

Сөйлеген сөзі нық, жүріс тұрысы 

маңғаз. 


Микробиология кафедрасына Ни-

язды алып  қаламыз деп жүргенде, 

профессор командировкаға кетіп 

қап, бұл іске таныстық араласып, 

Қамарды алып  қалған-ды. «Ыбыл-

жыған  Қамарды алсаңдар, жарыған 

екенсіңдер!» деп Нияз іштей мыс-

қылдап әскерге кете барған-ды. Ол 

кезде студенттерде деканат басшы-

лары да Ниязды артық бағалап, 

оған көп үміт артатын. Сол  Қамар 

міне, енді—доцент, ғылым кандида-

ты.  Қаланың  қақ ортасында дүние-

ге толы үш бөлмелі үйі, сұлу әйелі, 

екі баласы бар жеке машинасы 

және бар. Орнықты, салмақты ел 

ғалымдарының бірі. 

Нияз «бақытты» деп осы  Қамар-

ды айтар еді. Адаспай, бұл талақта-

май, өмірдің  қиғаш соқпағына түс-

пей, өзіне деген сара жолын тауып-

ап, сонымен тура жүру—бақыт 

емес пе! Өмірдің киғаш, бұрма соқ-

пақтарына түсіп кетіп, Нияз  құсап 

адаспаған да, күшін зая кетірмей, 

ғылымға сақтаған. Нияз осы рент-

ген сәулесінің өзіне  қанша уақыт 

қанша күш жұмсап отыр? Жемісті 

аяқтай ма, жоқ па? Осы ойын Нияз, 

жасырмай досының алдына тарт-

ты.  Қамар сөзін бөлмей, бар ық-

ласпен тыңдап болған соң жымиып, 

отыра берді. Неге жымияды? «Же-

ңілтек едің,  Қадамыңның сәтсіздігін 

өзіңнен көр, дегені ме? Әлде: «айт-

қанынның бәрі шын, 

қайтесің ба-

қыт  қонбаса!» деп іштей жаны аши 

ма? 

—Мен кәзір  қысылып кеп отыр-



мын. Не жәрдемің бар беретін? 

Нияз манадан бері өзі сөйлейді, до-

сында әлі үн жоқ. Шек-қарнын ақ-

тарды, кім білсін арқаға  қағып, өті-

рік күліп шығарып сала ма?—Қа-

мардың әлі үндейтін түрі жок, сас-

қанда адамның салмағы кетіп, же-

ңілтек болатыны несі екен? Я, жы-

ғылғаң үстіне жұдырық, өзімде де 

бар, сол  қазақтарға неге бардым 

екен шошаңдап?.. Нияз радиодан 

естіген әлгідегі хабарын  қоса жет-

кізді. 

Қамар әлі сөз  қатар емес.  Қалың 



тарғыл халатына оранып алған, 

жұмсақ креслода шалқайып жа-

тыр, көзін бір жұмып, бір ашады. 

Әлден соң: 

—Қиын екен достым,  қиын!—деді 

маңызданып.—Рентген сәулесі деген-

ді кайдан тауып алып ең? 

Қайдан тауып алғаны  қалай? Мы-

нау не дейді өЗі? Доцент жолдас не 

деп малтасын езіп отыр? Тілінің, 

ұшына оралған осы бір сөзді Нияз 

айтып  қала жаздап,  қопақтап, өзін 

өзі зорға ірікті. 

—Қиын болса  қайтесің, әуре боп... 

тағы да бір амалы табылар.—До-

сының пікірін білді де, әңгіме же-

лісін Нияз шорт үзді. 

—Басқа бір оңай, даусыз тақы-

рыпты алып айналысуың керек, он-

дай диссертация  қорғайтын ойың 

болғанда...—деп тағы бір басып өтті: 

«Ойдөйт дегенің!» Оңай даусыз 

диссертация 

қорғаудың рецептін 

көрдің бе, жеңілдің асты, ауырдың 

үстімен өмір сүр дегені ме, мұнысы? 

— Бұл диссертация  Қорғайын деп 

алғаң такырыбым емес еді  Қамар, 

сенсең!..  Қорғайыншы деген тіптен 

ойым да жоқ!—Нияз күлді — Біз 

медицинаның Павлов айтқан  қара 

жұмыскеріміз. 

—Қорғамаймын десен басынды 

қатырып, шатасып нең бар? 

Е, сенген  қойым сен болсаң... Осы-

дан жәрдем сұрай келген мен де 

қалжыраған екем. Іштегі осы бір 

ызалы, сөзді айта алмай тілін тіс-

тей зығырданы 

қайнаған Нияз, 

мысқылға көшті.  Қонақ хақы деген-

ді жинап  қойды. 

—Шет  қақпайда күн көретіндер 

шатаспай жүруші ме еді? Сендер-

ше басқан  қадамын санауға ақылы 

жете береді дейсің бе?! 

Қамар әуелі күлді де, сөз мәніне 

кейінірек түсінген соң  қабағын шы-

тып, кербезденіп орнынан тұрды. 

—Менің сөзіме шамданып  қалған-

ның  қай жағысың,—деп жымиды да, 

қасына кеп, арқасынан 

қақты.— 

Ұйықта, утро мудренее вечера, ертең 

ақылдасайық!—Сөйтті де, дауыстап 

әйелін шақырып төсек салдырды. 

Нияз  ұйықтамай, дөңбекшіп біраз 

жатты. Кабинет  қабырғалары тол-

ған портреттер, көзін ашса болға-

ны—бір бұрыштан Павлов пен Бот-

кин, енді бір бұрыштан Мечников 

пен Рентген көздерін бақырайтып 

қарайды да тұрады. «Эх, сен осын-

дай жасық па едің?» деп  қынжы-

лыс білдіре ме  қайтеді? Түсінбей-

тінің бар рентгеннін суретін неге 

ілесің достым?—деді Нияз күбірлеп 

көзі ілініп бара жатып. 



Советтік Қарағанды. - 1962. - 6 июль (№ 158). - 4 б. 

Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> Adebi omir -> Shashkin Z
Adebi omir -> Ай заман, қандай қоғам болсын саяси әлеуметтік өзгерістер кезең
Adebi omir -> Қазақтың тұңғыш режиссері Жұмат шаниннің туғанына 100 жыл толуына
Adebi omir -> Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ
Adebi omir -> Амантай сатаев абай мен Мәди
Adebi omir -> Жастық жыршысы 1 Аялайық асылды
Adebi omir -> Атадан балаға жалғасып ж е т к е н ауыз әңгімеде де
Adebi omir -> Түрсынбек КӨкішев ғалым, ж а з у ш ы
Adebi omir -> Кең-байтақ қазақ жерінің інжу-маржаны Қарқаралыға, оның көл-көсір тарихына түсінік беріп жатудың қажеті жоқ. Бір ғана
Adebi omir -> Әлібек Әбдіраш, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты
Shashkin Z -> Бұл романда совет дәрігерлерінің адам өмірі үшін еткен адал еңбегі, қажырлы қайраты, жаңа ем табудағы алуан түрлі іс-әрекеті суреттеледі

жүктеу 74.09 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет