Заң бойынша отандық теле ар на лардағы қазақ тілінің үлесі 50 па



жүктеу 0.64 Mb.
Pdf просмотр
бет6/6
Дата11.01.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5   6

Әңгімелескен 

Мәриям ӘБСАТТАР

АЛАШ АЗАМАТЫ



?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Академияға мүше болу үшін 

қандай құжаттар керек?

Феннің пайда болғанына 

ғасырдан асыпты

АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ...

Қазір қазақтардың ішінде балаларын музыкаға беретіндер 

азайып барады. Бұрын ауыл-ауылдардан қаншама дарынды, 

тума талант балалар келуші еді. Қазір ондай жоқ. Сондықтан 

«бара-бара қайда барамыз?» деп алаңдаймын. Сондықтан 

мәдениет жағында жүрген жастарға көбірек көңіл бөлінсе 

екен. Музыка мектептеріне қамқорлықты күшейту керек! 

Қазір бізде ең үлкен проблема – трубачтар мен волтарнистер. 

Кезінде қазақтарды осы аспаптарға тәрбиелемеген, себебі 

жаны ашымастар отырған. Бұл – олардың өнерге жасаған ең 

үлкен қастандығы. 

ДАТ!


Мұхтар ӨТЕУОВ, Жамбыл атындағы Қазақ 

мемлекеттік филармониясының бас директоры: 

Баласын музыкаға 

беретін қазақтар 

азайып барады

Қазіргі уақытта жуылған шашты кептіретін фендер тұрмысқа ең қажетті 

бұйымдардың біріне айналды. Мұндай құралдар қай кезден бері бар?

 

 

 Мөлдір БАЙЖАНОВА, Алматы қаласы

Энциклопедиялық мәліметтерге 

қарағанда, шашты кептіріп, белгілі бір 

пішінге келтіретін электр бұйымдардың 

тарихы 1900 жылдан басталады. Осы 

жылы Германиядағы «Санитас» атты 

құрастыру бюросы тұтқасы бар қалбыр 

тәрізді құрал ойлап шығарды. Салмағы 

екі келі болатын электр құрал шағын дви-

гателі арқылы қызып, айналатын болат 

оралмасының көмегімен ыстық ауаны 

үрлейтін. Бірақ әйелдер шаш кептіруге  

15 минуттан астам уақыт кетіретін болды. 

Мұндай уақытта шаш бөлменің қалыпты 

температурасында табиғи жолмен де 

кеуіп қалатын. Фашистер кеңестік импе-

рия ға соғыс ашатын жылы неміс өнертап-

қыштары шаш кептіргіш бұйымдардың 

мейлінше жетілген түрін қолданысқа 

енгізіп, оған «фен» деген атау берді. Ғoen 

– Альпінің жылы желі. 

МЕРЕЙ


А

ЛАШ-АҚПАР

А

Т

Меруерт Өтекешова мерейлі 60 жасқа 



толса, наурыздың 10-ы күні оның өмірлік 

серігі, өнердегі Төлегені, Халық әртісі 

Құман Тастанбеков 66 жасқа толады. Жұл-

дызды жұп биыл өздерінің мерей тойларын 

атап өтпекші. Меруерт апайдың туған күні 

қарсаңында Құман ағайдың сырқаттанып 

қалғаны туралы хабар алдық. Бір қуаныш-

тысы, әртістің денсаулығы түзеліпті. «Оның 

денсаулығы жақсы, алаңдайтын дәнеңе 

жоқ. Алла қаласа, біздің тойымыз алдағы 

жазда, мүмкін, күзде өтуі тиіс. Бұл бір үлкен 

шығармашылық кеш болмақ», – дейді 

киноактриса. Орта мектепті бітірмей 

жатып-ақ киноға түсіп, қазақ қызының 

эталонына айналған Меруерт Өтекешова 

Құрманғазы атындағы Өнер институтын 

тамамдаған 1973 жылдан бері М.Әуезов 

атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық 

драма театрында қызмет етіп келеді. 

Сахнаның саңлағы бүгінге дейін 20-ға 

жуық кинофильмде көрнекті рөлдерді 

орындапты. Қазақ киноиндустрия сындағы 

«Жаным», «Арман қала» телехи кая лары 

мен «Бұлқыныс», «Бір звено», «Махам бет» 

атты жаңа фильмдердегі өнері көпшіліктің 

көңілінен шықты.



Болатбек МҰХТАРОВ

Қазақ киносының  

Жібегі 60 жаста!

Автокөлік базарында 

алдамшы салық

e-mail: info@alashainasy.kz

Ақпанның 25-і – қазақ 

киносының «Қыз Жібегі» 

Меруерт Өтекешованың туған 

күні. ҚР еңбек сіңірген әртісі, 

КСРО Кинематографистер 

одағының мүшесі, театр және 

кино жұлдызы 60 жасқа 

толды.

Бүгінде автокөлік базарын-

да алымшы да көп, сатушы да 

көп. Бірі көлігін саудаласа, 

енді бірі – аяқартар алуды 

армандап, нарық бағасын 

бағамдауға келгендер. Бәрі-

нің де мұндағы бағаға бас 

шайқамайтыны кем. Мұнда-

ғы баға қырдың қызыл 

түл кі сіндей  мың  құбылып 

тұрады. 

Осыған байланысты Тараз қалалық 

әкімдігі қалалық автобазардағы салық 

жинау жағдайын түзету үшін бірнеше 

шараларды қолға алуда. Жамбыл облысы 

ІІД жол полициясы басқармасының қала-

лық әкімдікпен бірлесіп отырып жүргізген 

рейді барысында автокөлік сатуға берілетін 

талон салықтары туралы ақпар 2-3 есеге 

азайтылып беріліп отырғаны анықталған. 

Қаладағы автокөлік базарындағы салық 

жинау фактісі мен сатылымға қойылған 

автокөліктер арасындағы үлкен айырма-

шы лық бар екен. Апта аралатып қалалық 

қазынаға 200 мың теңге ақша кем түсетіні 

белгілі болды. Жылына бұл сома 10 мил-

лион теңгеге барып тіреледі екен. Салықтан 

жалтарып, қазынаның қоржынын ортайтып 

жүргендерге алдағы уақытта шара көрілетін 

болады. 


   Гүлжан КӨШЕРОВА

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде 

ұзақ жылдан бері қызмет етіп келемін. Ғылым кандидаты, әрі 

университет профессорымын. Халықаралық ақпараттандыру 

академиясына мүше болғым келеді. Ол үшін қандай құжаттар 

керек?  

  

 

ТАЛШЫН, 

Ақтөбе қаласы

Халықаралық ақпараттандыру 

академиясы жыл сайын мүшелер 

мен мүше-корреспонденттер ва-

кан сиясы үшін байқау жария лай-

ды. Оған ақпараттық тех но ло гия-

лар және коммуникациялар, 

экономика және өнеркәсіп, ақ-

параттық-коммерциялық қызмет, 

экология, медицина, жаратылыс-

танудың ақпараттық-кодтық мә-

се лелері, әлемдік қоғамдастықты 

ақпараттық-рухани жаңғырту, 

геоақпараттық технологиялар, 

жүйелік тұғырнамалар және 

қосымшалар салалары бойынша 

ғылым өкілдері қабылданады. 

Қажет құжаттар: Халықаралық 

ақпараттандыру академиясы 

президентінің атына жазылатын 

өтініш, түйіндеме, жариялаған 

еңбектерінің тізімі, жоғары білімі 

туралы дипломдары мен ғылыми 

атақтары туралы куәліктерінің 

көшірмелері, академия мүшеле-

рі нің бірінің ұсыныс хаты, жеке 

куәлік пен СТН көшірмесі және 

3х4 өлшемдегі екі фотосурет. 

Құ 

жаттар Алматы қаласы, 



050000, Наурызбай батыр көшесі, 

102-үйге немесе offi ce@academy.

kz поштасына жолдануы тиіс.


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№35 (487) 26.02.2011 жыл, сенбі



www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

ДОДА

ШАЙБ


А

ЛЫ ХОККЕЙ

ФУТЗАЛ

АРДАГЕР


Футзалдан Бакуде өтіп жатқан 2012 жылғы Еуропа чемпионатының 

електік турнирінде Қазақстан құрамасы Әзірбайжан намысын қорғаған 

ойыншылардан 3:6 есебімен ұтылып қалды.

Қазақстандағы жеңіл атлетиканың ең қарт шебері 74-тегі Қани 

Әйпиевтің 100-ден асқан шағында марафонның жартысын жүгіріп 

өткен ағылшындық Бастер Мартин мен австралиялық Руф Фрос секілді 

әлемді таңғалдыруға қауқары жетеді. Оның бүгінге дейін елімізбен қатар 

әлемнің түкпір-түкпірінде өткен қашықтыққа жүгіру жарыстарынан алған 

жүлделері осыны айғақтайды.

Әзірбайжаннан емес, Бразилиядан жеңілдік

74-тегі желаяқ қарияға қолдау керек

– Бейбіт аға, алғашқы сұрағымыз 

«Ас  тана  арландары»  командасының 

әле  уеті жайлы болғалы тұр. Сондай-ақ 

қар  сыластарымыз туралы айта кет се-

ңіз...

– Команда өткен жылдың сәуір айында 

құ  рылған болатын. Өздеріңіз де білесіздер, 

қа зір әлемде осы тектес 12 клуб бар. Азия-

да төртеу, Америкада төртеу және Еуропада 

төр теу. Шетелдік мамандардың өздері де 

мо йындап отыр, Азия аймағына кілең азу-

лы командалар жиналған. «Бейжің айда-

һар лары» мен «Қызыл қанаттыларды» же-

 ңіп жүргеннен кейін жанкүйерлерге бұл 

ко  ман далар әлсіз болып көрінетіні рас. Бі-

рақ, шынтуайтына келгенде, қытайлықтар 

мен кәрістер басқа аймақта айқасса, Еу ро-

па мен Америка аймақтарының көшбас-

шы  ларынан кем жұдырықтаспайды. Ал 

«Ба  ку оттарының» әлеуетін өздеріңіз де кө-

ріп жүрсіздер. Дегенмен әділ жекпе-жекте 

біз дің жігіттер жеңеді.



– Аға, командалық жекпе-жектер-

ден бөлек, жекелей сындардың да үз-

дігі анықталатынын білеміз. Осы жай-

лы толығырақ айтып өтсеңіз...

– Қазір аймақтар бойынша айқастар 

өтіп жатыр. Бұл кезең 18 наурызда аяқ -

талады. Содан кейін үш аймақтың үздігі 

және өз тобында екінші орын алған 

командалардың ішінде ұпайы жоғарысы 

жартылай финалға өтеді. Сосын коман да-

лар өзара финалдық жұпты анықтайды. 

Бұ дан бөлек, боксшылар арасында жеке-

лей сындардың да үздіктері анықталатыны 

рас. Турнир қорытындысы бойынша өз 

сал 


мақтарында ұпайы жоғары бокс-

шылардың рейтингі жасалып, бірінші және 

екінші орындардағы боксшылар 28 ма-

мырда Макаода өтетін арнайы жекпе-жек 

кешінде өзара жұдырықтасады. Ол ай-

қастар бес раундтан емес, жетеуден тұ-

рады. Сөйтіп, жеңімпаз боксшы 2012 

жыл ғы Лондон Олимпиадасының ли цен-

зиясын қалтасына басады. Ал рейтинг 

боксшылардың жекпе-жектеріне бай ла-

ныс ты түзіледі. Мәселен, Қанат Әбутәліпов 

пен Ержан Мусафиров барлық жекпе-жек-

терін жеңді. Олар қазір өз салмақтарында 

бі рінші  орында  тұр.



– Демек, кейбір салмақтарда олим-

пиада ойындарына екі боксшы апаруға 

мүм кіндік туады екен ғой. Олай дей-

тініміз, «Астана арландарының» жігіт-

те 

рі өз салмақтарында олимпиада 

СЕНБІ КҮНГІ СҰХБАТ



жол дамасын қалталарына басса, сол 

сал мақта әуесқой боксшыларымыз да 

ли цензияға иелік етуі мүмкін ғой... 

– Жоқ, бәрі сіз айтқандай оңай емес. 

Егер «арландардың» бірі лицензия алып 

жатса, сол салмақта әуесқой бокстан ұлт-

тық құрамамыз Лондон Олимпиа да сының 

ли цензиялық турнирлеріне боксшы қа тыс-

тыра алмайды. Өйткені қоржында жол-

дама бар ғой. Бір елге бір салмақта екі 

жол дама берілмейді. Дегенмен мынадай 

жағдай бар. Егер «арландардың» сапында 

61 келіде өнер көрсететін Ержан Му са фи-

ров жолдама алса, одан: «Олим пиадаға 

60 келіде бара ма, әлде 64 келіде ме?», – 

деп сұрайды. Яғни мұнда жолдама алған 

боксшыда таң дау еркі бар деген сөз. 

– Енді, аға, өз тобымыздағы жағ-

дайға келсек... Мойындауымыз керек, 

топ 

тан суырылып шығуға үмітіміз 

шамалы. Жартылай финалдан құр 

қал ғанымыз  ба?

– Алда әлі жекпе-жек кештері бар. Со-

лар ды ұту керек. Әзірбайжандықтарды 

Ас  танада қабылдаймыз. Міне, сол кезде 

«Ба ку оттарын» қайта жанбастай сөндіруге 

тырысамыз. Негізі, осы командамен Алма-

тыда өткен алғашқы айқаста Сейтімбетов 

пен Сәрсекбаевқа төрешілер әділетсіздік 

жа сады. Қабақтары жарылғанда жеңісті 

қарсыластарына берді. Негізі, WSB ережесі 

бо йынша, мұндай жағдайда қай раундта 

қа бағы жарылды, соған дейін ұтып келе 

жат қан боксшыға жеңісті беруі керек. Ал 

Еу ропа аймағында төрешілер мұндайда 

дұрыс шешім қабылдап жүр. Мәселен, 

Мәскеудің «Кремль аюлары» командасы 

Италияға барды. Жекпе-жектердің бірінде 

әлем чемпионы итальян Валентино Доме-

ни коның қабағы жарылды. Дегенмен бұл 

раунд қа дейін Валентино ұтып тұр ған-

дықтан, жеңісті соған берді. Тағы бір әлем 

чемпионы Клементо Руссо да жеңіске 

солай жетті. Ал біз болсақ өз жерімізде 

әділетсіздікке ұшырап отырмыз.



– Апелляцияға беріп көрдіңіздер 

ме? 

– Айттық. Алайда шешім қабылдап 

қой ғаннан кейін төрешілер еш нәрсені өз-

герт пейді ғой. Соңынан келіп кешірім сұ-

рады. Бірақ мұндай әділетсіздіктен кейін 

ке шірімнің не қажеті бар?! Әзірбайжандағы 

жек пе-жек кештерінде де солай болды. 

Төре шілер бізді тағы да қыспаққа алып, 

шаршы алаң қожайындарын көтер 

ме-


леумен болды. Бакуге соңғы рет бар ға ны-

мызда бас төреші, яғни супервайзер Ита-

лиядан келді. Білесіздер, қазір басты қар-

сыласымыз – «Баку оттары» емес, Ита-

лияның «Милан найзағайы» командасы. 

Өйткені екінші орын алғандардың ішінде 

осы ұжымнан жоғары болуымыз қажет. 

Міне, соны білетін италиялық төреші Қанат 

пен Міржанды әзірбайжандықтарға жығып 

берген сияқты. Ал басқа жекпе-жектерде 

ауыр салмақтағы боксшыларымыздың 

әлсіздігінен жеңілдік. Бізде ауыр салмақ-

ты лар бұрыннан келе жатқан «бас ауру» 

екенін өздеріңіз де білесіздер.



– Өзбекстаннан алдырған Сардор 

Абдуллаев та көмектесе алмай жатыр 

ма?

– Абдуллаев әлі мұндай деңгейдегі ай-

қас тарға дайын емес секілді. Оған әлі ысы-

лу керек. Украиналық Алексей Без верхний 

деген тағы бір легионерді қарап жатырмыз. 

Украинада өз салмағында екін ші нөмірлі 

боксшы. Егер жараса, ауыр сал маққа соны 

аламыз. Яғни ол коман даның алтыншы ле-

гионері болады. 

– Сонда легионерлерге шектеу жоқ 

па? Командада қанша легионердің 

өнер көрсететінін клуб басшылығы өз і 

шеше ме?

– Қарапайым тілмен айтқанда, оның 

ере жесі былай. Егер командада 11 қазақ 

бол  са, онда легионерлер төртеуден кем 

бол  мауы керек. Ал қазақтардың саны 12 

не месе 13 болса, легионерлер саны алтау 

бо луы  қажет.

– Шыны керек, легионерлеріміз әл-

сіздеу секілді. Мықтырақ боксшылар 

ша қыртуға болмады ма?

– WSB турнирінің алдында Англия ас-

танасы Лондонда үлкен жиналыс өткенде, 

же ребе бойынша біз легионерлерді тоғы-

зын шы болып таңдауға құқық алдық. Оның 

алдында бәрімізге легионерлердің жек пе-

жектері жазылған таспаларды бер ген. Біз 

мықтыларын қарап, қалғандарына мән 

бермедік. Дегенмен «осыларды ала мыз» 

деп дайындалып барған боксшылардың 

бар лығын басқалар алып кетті. Таңдауға 

жөні түзу боксшы қалмады. Сөйтіп, амал 

жоқ, Иштван мен Станковичті алдық. Екеуі 

де жас, өздерінің толық мүмкіндіктерін қазір 

емес, алдағы уақытта көрсетеді. Ал Ам пон-

саға келер болсақ, негізінен, әлем чемпио-

на тының жүлдегері, Колумбияның мықты 

бокс шысын алғанбыз. Алайда отбасылық 

жағ дайына  байланысты  Қа зақ станға  келе 

ал маған дықтан,  ганалық  Мак свел  Ампон-

саны ал дыр туға мәжбүр бол дық.

Сұхбаттасқан Әзиз ЖҰМАДІЛОВ

Бүгін «Астана арландары» кәсіпқой бокс клубы Оңтүстік Кореяда 

жергілікті «Қызыл қанаттылармен» жекпе-жек кешін өткізеді. Бұл 

айқастар аса маңызды жекпе-жектердің бірі болып отырғаны жасырын 

емес. Өйткені жерлестеріміз үшін әрбір ұпай ауадай қажет. Жартылай 

финалға төрт ұжымның бірі болып жолдама алу үшін өзіміз ғана жеңіп 

қоймай, қарсыластарымыздың да сүрінгенін тілеуіміз керек. Осы 

орайда «Астана арландарының» қазіргі ахуалы жөнінде команданың 

бас бапкері Бейбіт Есжановпен сөйлескен едік.

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Қазақстанның тумасы Қазақстанға 

қарсы ойнамақ

1/8-финалда қай командалар кездеседі?

Бірінші ойын Қазанда өтті. Өйткені 

«Ак- Барс» Құрлықтық хоккей лигасы ның 

не гізгі додасында астаналықтардан жо ға-

ры орналасқан-ды. Плей-оффтағы алғаш-

қы кездесу тура былтырғыдай шек тен тыс 

тар 


тысты өтті. Бұл ойын екі бап 

кер 


дің 

кәсіби біліктілігінің айнасы бол ды десек, 

еш қателеспеспіз. Татарстан клубы 

ның 


айлакер де әккі бас бапкері Зинэтула 

Билялетдинов бұл ойынға тың 

ғылықты 

дайындалыпты. Алғашқы ойын 

да нақты 

бір тактика қолданып, соның ар қасында 

жеңіске жетті. Бірнеше күн бойы Билялет-

ди новтің ойын «астаналықтардың бірінші 

бестігіне қалай төтеп берсек екен» деген 

мәселе шырмауықтай шырмағаны сезіліп 

тұр. Әрі ол бұл мәселенің шешімін тауыпты 

да. Сыралғы бапкер «Барыстың» айбынды 

бірінші бестігіне өзінің шаш ал десе, бас 

алатын қарулы жігіттерін шы 

ғарды. Ал-

пам 


садай Алексеев пен Сте 

па 


нов біздің 

бі рінші  бестіктегі  бесаспап  ша буыл шы ла-

рымызды ойнатпады. Реті келсе, қа ғып жі-

бе 


реді, оңтайлы сәтте итеріп қа 

лады, 


мүм кіндік болса, мұзайдынның жақ тауына 

апа рып соғады, қойшы, әйтеуір, қа ғып-

со 

ғып ойнатпады. Олардың мақ 



сатары 

тек «Барыстың» сұрмерген ша буыл шы ла-

ры 

ның жолдарына кесе-көлденең тұру 



болған сияқты.

Өкінішке қарай, «Барыстың» ойынынан 



Құрлықтық хоккей 

лигасының ең қызықты 

кезеңі басталып, плей-офф 

сатысындағы алғашқы 

матчтар өтуде. Астананың 

«Барысы» аталмыш 

лиганың үшінші маусы-

мында көгілдір көктемді 

үшінші рет Қазанның «Ак-

Барсымен» қарсы алмақ.

осындай тұрғыда қандай да бір тактикалық 

айла-әрекет байқай алмай дал болдық. 

«Барыстың» бас бапкері Андрей Хомутов 

екі «Барыс» арасындағы осы текетірес ал-

дында «біз ойын өрнегімізге қандай да бір 

өзгеріс енгізбейміз, плей-оффқа де 

йін 


гі 

қысқа үзіліс кезінде тек құрамамыз бір 

ойыншыға артық болғанда, соны кәдеге 

асыру жағына көңіл бөліп, жаттығатын 

бо ламыз» деген болатын. Алайда «Барыс» 

осы бір осал тұсын да жетілдіре алмапты. 

Екі мәрте осындай мүмкіндіктері болғанда, 

қа зандықтардың қақпасына айтарлықтай 

қауіп төндіре алмай, пұшайман болды. 

Бірінші және екінші кезеңде «Ак-

Барстың» арыны да, қарқыны да керемет 

болды. Әйтсе де олар бар болғаны бір-ақ 

гол соқты. Бұл жерде «Барыстың» қақпа-

шы сы Виталий Еремеевтің шеберлік таны-

Әміржан Мұқанов жаттықтыратын 

фут   зал шы ларымызды  Әзірбайжан  құра-

масынан ұтылды дегеннен гөрі Бразилия 

ойыншыларынан жеңілді деген дұрыс 

шығар. Өйткені осы матчтағы алты голды 

да Әзірбайжан азаматтығын алған Бра-

зилия майталмандары соқты. Әрі олардың 

бі рінші төрттігінде үш оңтүстікамерикалық 

футзалшы ойнады. Енді біреуі қосалқы 

құрам орындығында отырып, алаңға 

шығып тұрды. Сондай-ақ бұл елдің құра-

масын осыдан бірер жыл бұрын Алма-

тының «Қайрат» футзал клубының бас 

бапкері болған Бразилия маманы Жозе 

Алесио да Силва жаттықтырады. Осы ел-

дің намысын қорғап жүрген бразилия-

лық 

 

тардың біреуі, атап айтқанда, Биро 



70-тен асқан желаяқтың осыған дейін 

өзі қатысқан Үндістанда, Америкада, Таи-

ландта, Австралияда, Ресейде, Малайзия-

да тағы бас 

қа да шетелдерде ардагер 

спортшылар арасында өткен қашыққа 

жүгіру марафондарынан құр қол қайтқан 

кезі болған емес. Күні кеше, 2010 жылдың 

желтоқ са нында Малайзиядағы XXVI Азия 

чемпионатында жеңіл атлетикадан 

жүлделі екінші орынмен оралды. 

Күнделікті 50-60 шақырым жер жү-

гіретін желаяқ үшін қыс мерзімі қиындық 

тудыратыны рас. Ақсақал қыс бойы мек-

теп стадионының қарын күреп, жүгіру жо-

Қазақстанда дүниеге келіп, алты жа 

сына 

дейін Алматыда тұрған, кейін нен та рихи ота ны 



Германияға көшіп кет кен Алек сандр Мер кель 

деген  фут бол шыны  та нитын  бо лар сыздар.  Бү-

гінде 52 нөмірлі жей деде Ита лия ның «Ми лан» 

команда сы ның  негізгі  са пын да  өнер  көрсетіп 

жүр.  Гер ма нияның  жас өспі рім дер  және  жастар 

құ ра ма ларында сыннан өткен 18 жастағы тар-

лан Бундестим 

нің ұлт 


тық құрамасына да 

тарты луда.  Нақ тырақ  айт сақ,  Гер мания  ұлттық 

құра масының бас бап кері Йо хим Лев бұл фут-

болшыны 25 нау рыз да өтетін ойынға шақы-

рыпты. Ал бұл күні неміс жерінде Гер 

мания 


құра масы  Қа зақ стан  ұлттық  құра ма  сын  қа-

былдайды. Мі не, сөйтіп, Қа зақ станның тумасы 

Қазақстанға қар сы ойнауы да мүмкін.

Ұялы телефонымнан м-агентімді косып отырғанмын. Бір кезде блогта «футбол-

дан Қазақстанның тумасы Қазақстанға қарсы ойнайды» деген ақпарат жылт етіп, жоқ 

болды. Хабарламаны кім жібергенін біле алмадым. Сондықтан әлгі ақпараттың түп-

төркінін сіздерден сұрап отырған жайым бар еді. Ол қай футболшы?

Бауыржан ИСМАЙЫЛОВ, Тараз қаласы

Дұрыс айтасыз, 1/8-фи-

нал   да  қай  командалардың  өз-

ара  кез де сетіндіктері  алдын 

ала бел гілі болып қойған. Енді 

бұл ке зең нің бірінші ойындары 

нау  рыз дың 10-ы күні өтеді. Ал 

жа  уап ты  кез де сулер  17  нау-

рыз ға  жос пар ланған.  Ширек 

фи нал сә уірдің 7-сі және 14-і 

күн дері  өт се,  жар ты лай  фи-

налдың кез 

де 

сулері 28 сә 



уір 

және 5 мамыр күн дері ой на-

ла 

ды. Ал финал ма 



мырдың 

18-і күні Ирландия ас 

танасы 

Ду  блин де  өтуі  тиіс.



1/8-финалда мына ко-

ман   да лар  өзара  кездеседі:



ПСВ (Нидерланды) – 

«Рейнд  жерс»  (Шотландия)

«Ди намо» (Украина) – «Ман-

Футболдан Еуропа лигасының 1/16-финалы аяқ-

талды ғой. Менің білейін дегенім, 1/8-финалда өзара 

қай ко 

 

мандалар кез 

де 

седі? Әлде жеребе тарту рәсімі 

бола ма? 

Рауан ЕСІРКЕНОВ, Алматы қаласы

честер Сити» (Англия)

«Байер» (Германия) – 

«Ви льярреал»  (Испания)

«Твенте» (Нидерланды) – 

«Зенит» (Ресей)

«Аякс» (Нидерланды) – 

«Спартак» (Ресей)

ЦСКА (Ресей) – «Порту» 

(Португалия)

«Ливерпуль» (Англия) – 

«Брага» (Португалия)

ПСЖ (Франция) – «Бенфика» 

(Португалия)

Ескерту: алғашқы ойындар 

бі 


рінші болып жазылған ко-

ман   д а   лардың  алаңында  өтеді.

СУРЕТТЕ КІМ?

Талантты жазбай таныңыз

«Арландардың» ахуалы қандай?

Татар клубы басым түсті

Бүгін VIІ қысқы Азия ойындарында 

жай оғындай жарқылдаған жарық 

жұлдызымыздың суретін беріп отырмыз. 

Бұйыртса, тамыз айының 13-інде 23-ке 

толады. Азия ойындарында ол ұлттық 

құрамамызды алға сүйреумен болды. 

Бір-бірінен өтетін тамаша голдар соғып, 

көрермендер сүйіспеншілігіне бөленді. 

Қазір өзі Ресей клубтарының бірінде 

ойнайды. Ресей чемпионаты шешуші 

кезеңіне тақаса да, ел намысын қорғау 

үшін Азия ойындарына келді. Кейінгі 

жылдары әлем чемпионаттарында ел 

намысын үздіксіз қорғап келе жатқан өз 

жігіттеріміздің бірі. Мұны айтып отырған 

себебіміз, спорттың осы түрінде біздің 

елдің намысын Еуропадағы додаларда, 

негізінен, легионерлер қорғайды. 

Сонымен, бұл кім?



А) Талғат Жайлауов

Ә) Рауан Исалиев

Б) Ескендір Нұғманов 

В) Ерлан Сағымбаев

тып, айдын иелерінің бірнеше шабуылы 

мен соққысына тосқауыл бола білген дігін 

атап өту ләзім. Осы екі кезеңде «Ба рыс» 

қанша бұлқынса да, Қазан хоккей ші леріне 

төтеп бере алмады. Абырой бол 

ғанда, 

мұз үстінде зырылдаған қара шайба Қа-



зақстан клубының қақпасында бір-ақ рет 

тулады.


Тек үшінші кезеңде ғана «Барыс» «Ак-

Барстың» аптығын басып, олардың қақ-

пасына қауіп бұлтын төндірді. Сондай 

ұрым тал шабуылдарының бірінде гол да 

соқты. Бірақ төрешілер бұл голды есепке 

алған жоқ. Өйткені бірінші бағытталған 

соқ 

қы қазандықтардың финляндиялық 



қақ пашысы Петр Веханеннің дулығасына 

тиіп, ол бірер минут есінен танып, «нок-

даун 

ға» түсті. Қақпашының дулығасына 



тиіп, кері қайтқан шайбаны біздің хоккей-

шілер қақпаға тоғытқан, бірақ төрешілер 

оны есепке алмай, Хомутовтың зығыр-

данын қайнатты.

Сол-ақ екен Андрей Хомутов әдет те-

гідей төрешілерді жанына шақырып алып, 

дауысын көтеріп біраз дауласты. Олардың 

шешімдеріне өзінің наразы екендігін эмо-

циямен жеткізді. Өкініштісі, кейінгі кезде 

осындай сәттерді «Барыстың» әрбір ойы-

нынан көруге болады.

Енді Хомутовқа қандай да бір тактика 

қолданбаса болмайды. Әйтпесе биыл да 

татардың «Ак-Барсы» қазақтың тарғыл 

«Ба рысын» тақырға отырғызып кетуі әб-

ден мүмкін. Негізі, дәл қазіргі құраммен 

Қа зан клубымен тайталасуға болушы еді. 

Хомутов мырза астаналықтар сапындағы 

үш әлем чемпионының әлеуеттерін жүзеге 

асырса екен деген ниеттеміз. Ал «Ак-Барс-

тың» капитаны, Ресей құрамасының ша-

буыл 


шысы Алексей Морозов «жылда 

плей-оффты «Барыспен» бастап жүрміз, 

астаналықтармен кездесіп, жолымыз 

ашылып жүр, оларды жеңсек, Гагарин 

кубогын иеленеміз» деп, Қазақстан клу-

бының өздеріне оңтайлы қарсылас екен-

дігін меңзеді. Ал біз, керісінше, «Ак-Барс-

ты» жеңіп «Барыстың» бағы қашан ашы-

лады екен деп, көмескі үмітімізді үзбеу де-

міз. Бірақ осы сәтсіздіктің тамырына Хо-

мутов балта шаба ала ма екен деңіз? Жоқ 

әлде, Александр Высоцкий мен Андрей 

Шаяновтың кебін киіп, «Ак-Барсқа» азуын 

батыра алмай, жасыта ма екен?!.



Нұрғазы САСАЕВ

«Ак-Барс» – «Барыс» – 1:0 (1:0, 0:0, 0:0) 

Гол: Иммонен (Зарипов), 13:34 (1:0).

Қақпашылар: Веханен – Еремеев (59:00).

Айып уақыты: 4 – 6.

Соққылар: 44 (20+18+6) – 30 (6+12+12).

Жа де осыдан біраз уақыт бұрын «Тұлпар» 

(Қа рағанды) клубының сапында ойнаған. 

Қа зақстан құрамасы қақпасына соғылған 

алты голды үш бразилиялық футзалшы 

қос-қостан енгізді (Сержао, Фелипе, Био 

Жаде).

Ал Қазақстанда жүрген бірнеше Бра-



зилия футзалшысына көз ілмеген Әмір-

жан Мұқанов бұл ойынды төрт қазақ жі-

гітімен бастап, бірінші төрттікте алаңға 

Дін мұхамед Сүлейменовті, Серік Жа ман-

құлов 

ты, Дәурен Нұрғожинді, Шыңғыс 



Есенамановты шығарды. Біздің құрама 

сапынан голдарды Серік Жаманқұлов, 

Николай Казаков және Павел Таку соқты.

Әлихан ЖАППАР

лын тазалаудан жалықпайды. Оған қоса 

Текеліден келетін теміржолдың бойымен 

жүгіруді де әдетке айналдырған. 

Қани қарияның сүйікті спорттық ба сы-

лым  дарының көптігімен қатар, жүгіру дің 

жұм 

бақтары жайлы 100-ге тарта кітабы 



бар. Ал жарық көрген жаңа жинақтарды 

пошта арқылы жаздыртып алады. «Жеңіл 

атлетиканың сан қыры мен сырын әлі күн-

ге үйреніп келемін», – дейді кейіпкеріміз. 

Ол — Қазақтың спорт және туризм ака де-

мия сы ның ізденушісі, көптеген ғы лыми-

әдіс темелік мақаланың авторы. 

«Жетісудың желмаясы» атанған 

қарттың ендігі арманы – биыл Берлинде 

өтетін әлем дік марафонға және Калифор-

ниядағы жел аяқтар додасына түсу. Интер-

нет ар 


қылы жарысқа тіркелу барысын 

бақылап отырған қария Берлиндегі ма ра-

фонға бү гінге дейін 32 мың қатысушы жа-

зылыпты, қатысуға тілек білдіргендер 40 

мыңға жет 

кенде тізімдеу аяқталатынын 

айтады. Ал жетісулық желаяқ оған әлі 

тіркел ген жоқ. Себебі жалпы жарысқа қа-

тыс  қаны үш ін төлем жасау, дүбірлі до даға 

ба  рып-қай ту  шығыны  қарияға  оңайға 

түспейді. Егер демеушілер табылып жатса, 

елдің туын тағы бір рет биікке көтеріп ке-

летініне сенім діміз.

– Бізде ардагерлер спорты беделді бо-

лып саналмайды. Ал, меніңше, Елбасы 

көте 


ру керек деп тапсырған бұқаралық 

спорт 


 

тың бір тармағы осы ардагерлер 

спор ты болуы тиіс. «Секундомер іске қо-

сылған жер 

ден бастап денешынықтыру 

спортқа айна 

лады» деген қағида бар. 

Сон дықтан ардагерлер спортын сауықтыру 

спорты деу ге де болады, – дейді 74-тегі 

желаяқ. 


Сағыныш НАМАЗШАМОВА,

Алматы облысы

Өткен жолы VII қысқы Азия ойындарының алтынын жеңіп алған азғана қаракөз 

аруларымыздың бірі Эльмира Молдашеваның суретін бергенбіз. Шаңғымен бағдарлау 

спор тындағы командалық сында, яғни эстафетада, алтынмен апталғандығын да жаз-

ғанбыз.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№35 (487) 26.02.2011 жыл, сенбі                      



www.alashainasy.kz

8

e-mail: info@alashainasy.kz

ДУМАН

№35 (487) 26.02.2011 жыл, сенбі                



www.alashainasy.kz

8

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ



e-mail: info@alashainasy.kz

К

е



зекшi  ред

ак

тор – Р



оза ҚАР

АЕВ


А

Республикалық

қоғамдық-саяси 

ақпараттық газет

Бас редактор  – Серiк ЖАНБОЛАТ 

Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ 

Бас ред


ак

тордың бiрiншi орынб

ас

ары


Мақсат ӘДIЛХАН 

Бас ред


ак

тордың орынб

ас

ары


Қабылд

а

у бөлмесі: 8(727)388-80-60, 



факс: 8(727)388-80-61

Айдын ҚАБ

А – ж

а

уапты х



а

тшы


Талға

т КIРШIБ


АЕВ  – 

ж

а



уапты х

а

тшының орынб



ас

ары


Нұрлыб

ай ИТЕКБ


АЕВ  – 

те

х.ред



ак

тор


Күләш НАҚЫПОВ

А – 


аға к

оррек


тор, т

е

л.: 



388-80-76

Газе


т 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

а

т  


минис

трлiгiнде тiрк

е

лiп, бұқар



алық ақпар

а

т құр



алын есепк

е қою 


тур

алы №9650-Г  к

уәлiгi берiлг

ен.


Р

ед

акция авт



орлар мақаласы мен ж

арнама мазмұнына ж

а

уап 


бермейдi.

Авт


орлар қо

лж

азб



асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi екi к

омпью


терлiк бе

тт

ен (14 к



ег

ль) ас


а

тын ма


териалд

ар 


қабылд

анб


айды.

«Алаш айнасынд

а» ж

арияланған ма



териалд

ар мен с


уре

тт

ердi 



көшiрiп немесе өңдеп б

ас

у үшiн ред



акцияның ж

азб


аша рұқс

а

ты 



алынып, г

азе


тк

е сiлт


еме ж

ас

алуы мiнде



ттi.

Құрылтайшысы және меншiк 

иесi – «ТОЛҒАУ» ЖШС

Директор –  

Александр Филимонович АН

Тар


а

ту қызме


тi 

те

л.: 



8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00

Алма


ты  қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС 

Қалд


аяқов көшесi, 17-үй. Т

ел.: 


8

 (727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №894

А

ст



ана  қаласы «А

ст

ана-По



лигр

афия»,


Бр

усиловский көшесi, 87-үй. Т

ел.: 

8

 (7172) 37-05-59

Тапсырыс – №377

Шымк


ент қаласы «Оңтүс

тiк по


лигр

афия» б


аспалар үйi» ЖШС

Байтұрсынұлы  көшесi, 18-үй. Т

ел.: 

8

 (7252) 30-03-30, 30-03-31

Тапсырыс – №2240 

 

 



 

   


Бағасы  к

е

лiсiмдi



Таралымы – 10 000 дана

Газе


т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

«А

ла



ш а

й

на



сы» г

аз

ет



е ж


аз

ы

лу



 и

нд

екс



i: 6

42

59



Ре

да

кц



и

ян

ы



ң ме

ке

нж



ай

ы



А

лм

ат



ы

 қ

ал



ас

ы

,05



0

0

51



, Б

ег

ал



и

н кө


ш

ес

і, 1



4

8/

1 А



e-

m

ail



inf

o

@

a

lashainas

y.

kz

Аймақтағы тiлшiлер:

А

тыр



ау – Нарғыз ҒАБДУ

ЛЛИНА, т


ел.: 8702 5876587

Қар


ағанды – Серiк САҒЫНТ

АЙ, т


ел.: 8777 3909779

Ж

амбыл – Гүлж



ан КӨШЕРОВ

А, т


ел.: 8701 7711648

Қызылж


ар – Ерб

ақыт АМАНТ

АЙ, т

ел.: 8 705 4418255



Қызылорд

а – Әділж

ан ҮМБЕ

Т, т


ел.: 8777 7054466

Өск


емен – А

зама


т ҚА

СЫМ, т


ел.: 8777 3554114

Шымк


ент – Шадияр МО

ЛДАБЕК, т

ел.: 8705 9877799

Бөлiм редакторлары:

Құб


аш МЕҢДIҒА

ЛИЕВ – с


аяси бюро, т

е

л.: 



388-80-72

Берiк ӘШIМОВ – нарық, т

е

л.: 


388-80-69

Қалд


ар КӨМЕКБ

АЕВ – қоғам, т

е

л.:


 388-80-65

Алма


т ИСӘДIЛ – өрк

ение


т, т

е

л.: 



388-80-64

Нұрғазы СА

САЕВ – дод

а (спор


т), т

е

л.: 



388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АРОВ – ж


аңалықт

ар, т


е

л.: 


388-80-68

Дарх


ан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ – меншiк

тi 


тiлшiлер қосыны, т

е

л.: 



388-80-62

Астана бюросы:

Мек


енж

айы: Сейфу

ллин көшесi, 31, офис 215

Те

л.:



 8 (7172)  54-27-31

E-mail: aa_as

tana@mail.ru

Айбын ШАҒА

ЛАҚОВ – 

А

ст



ана бюросының ж

ет

екшiсi 



Салт

ан СӘКЕН – тiлшi

Бүркiт НҰР

А

СЫЛ – тiлшi



Қана

т Т


ОҚАБ

АЕВ – тілші

Эльвир

а ЕРКІНБЕК



ОВ

А – үйлес

тір

уші


БҮГІН:

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

AҚПАН

1

2

3



4

5

6



7

8

9



10

11

12



13

14

15



16

17

18



19

20

21



22

23

24



25

26

27



28

ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ 

ТАРАЗЫ

Бұл күнді тыныш өткізесіз. 

Осы мүмкіндікті пайдаланып 

болашағыңызға жоспар құрып, 

өткен өміріңізді саралап шығы-

ңыз. Дегенмен кез келген нәрсені 

алдын ала тәжірибеден өткізудің 

қажеті шамалы, бәрі өз уақытымен 

келеді.

САРЫШАЯН

Әсерлі романтикалық оқи-

ғаларға толы күн. Сондықтан 

қо лыңыз бос болса да, ойдан 

арыла алмайсыз. Көптеген 

қиы н  дықтар  кездескен  болса  –  ай-

на  лаңыздағыларға  берген  уәде-

ңізді уақытында орындамаға ны-

ңыздың салдары. 

МЕРГЕН

Сізге бүгін шыдамдылық 

пен сабыр сақтау қиынға соға-

ды. Әртүрлі күрделі мәселе ту-

дырып, айналаңыздағы адам-

дардың мазасын алмай, кез келген 

нәрсені өзіңіз шешуге тырсыңыз. 

ТАУЕШКІ 

Кәсіби және жеке тұрғыдағы 

көптеген мәселелерді оңтайлы 

шеше аласыз. Күрделі деген кез 

келген оқиға сізге қорқынышты 

емес. Барлығынан амалын тауып 

шығып, азғантай қаржымен көп 

жұмыс бітіруге мүмкіндігіңіз бар. 



СУҚҰЙҒЫШ

Таңертеңнен бастап өзіңізді 

мазасыз сезінуіңіз мүмкін. 

Оның себебін кейін түсінесіз. 

Қазір сізге босаңсуға болмайды, 

белсенді түрде әрекет етіп, өзіңізді 

ғана емес, ағайын-туыстың да 

жағдайын ойлаған жөн. 



БАЛЫҚТАР

Өзіңізді көптен бері мазалап 

жүрген сұрақтардың жауабын 

табасыз. Маңызды шешім қа-

был дау қажет болса, көңіл күй-

дің әсеріне берілмей, ақыл тара-

зысына салыңыз. 

ТОҚТЫ

Өмірлік жарыңызды іздеп 

жүрcеңіз, онда абай болыңыз. 

Өйткені тағдырласыңыз бүгін 

жолығуы мүмкін. Сондай-ақ 

жаңа киімдер мен әшекейлер 

сатып алуға да қолайлы күн. 

ТОРПАҚ

Бүгін күрделі шешімдер 

қабылдауыңызға тура келеді. 

Әдетте шындықтан қорық па-

саңыз да, қазіргі мәселе сезім-

ге, адамның ар-ұятына қатысты 

болғандықтан абайлау қажет. 

Көзіңіз жетпеген ақпаратқа сен-

бе ңіз. 

ЕГІЗДЕР

Бұл күні қиялға ерік беріп, 

жұртты таңғалдыратын идея-

лар ойлап таба аласыз. Олар-

дың барлығы бірден жүзеге 

аспаса да, сол ойдың іске асуына 

көмектесетін ниеттес адамдар 

табуға болады. 



ШАЯН

Әртүрлі күрделі оқиғаларға 

байланысты бүгін өз ұстаны-

мы  ңызға  адал  болу  қиынға 

соғуы мүмкін. Ал оған қарсы 

тұру оңай емес. Өзіңізді қолда-

майтын жандармен арада түсі-

ніспеушілік туады. 



АРЫСТАН

Көп жұмыстар атқаруға 

қолайлы күн. Ішкі түйсігіңіздің 

арқасында қай кезде не істе ген 

орынды екенін түсінесіз. Сон-

дық тан да ешнәрсе жоғалт пай-

сыз. Оған қоса, пайдалы келі сім-

шарттарға отыра аласыз. 



БИКЕШ

Өз өміріңізді түбегейлі 

өзгертуге үлкен мүмкіндік бар. 

Ол үшін ерекше шешім қабыл-

даудың да қажеті жоқ, тек өз 

мүмкіндіктеріңізді дұрыс пайда-

ланып, кездескен кедергілерге 

мойы масаңыз, жеңіске жете ала-

сыз. 

Ақпанның 26-сы

Туған күн иелері 

Доқтырхан Тұрлыбек (1949) – «Түркі әлемі» киностудиясының бас 

директоры, жазушы, сықақшы;



Сұлтан Әбенов (1952) – Мәжіліс аппараты жетекшісінің 

орынбасары;



Бірғаным Әйтімова (1953) – Қазақстанның БҰҰ-дағы Тұрақты 

өкілі; 


Мейірхан Жаманбаев (1953) – генерал-майор; 

Мұратжан Жанғозин (1955) – полковник;

Сабыржан Мәдеев

 (1961) – «Тұран-Астана» университетінің даму 

жөніндегі директоры;

Серік Тәукебаев

 (1961) – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 

орынбасары;

Абай Рахметуллин (1965) – Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының 

төрағасы.



Ақпанның 27-сі

Туған күн иелері

Амалбек Тшанов (1942) – Республикалық спорт колледжінің 

директоры;



Абай Байкенжин (1947) – медицина ғылымының докторы, 

академик;



Момбек Қозыбақов

 (1951) – Шымкент әлеуметтік-педагогикалық 

университетінің ректоры, педагогика ғылымының докторы;

Елена Бахмутова (1962) – Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын 

бақылау және реттеу агенттігінің төрайымы;



Амантай Әубәкіров (1963) – полиция генерал-майоры;

Тайыр Назханов (1972) – «Адвокаттар форумының» төрағасы.

Ақпанның 28-і

Алаштың атаулы күні

• 165 жыл бұрын (1846-1945) ұлы ақын, жырау, жыршы, КСРО мемлекеттік 

сыйлығының лауреаты Жамбыл Жабаев дүниеге келді.

Туған күн иелері

Сабыркүл Асанова (1944) – «Сымбат» сән академиясы» АҚ президенті, техника 

ғылымының докторы;



Төлеген Хасенов (1947) – «Теңізшевройл» біріккен кәсіпорнының Астана 

қаласындағы өкілдігінің жетекшісі;



Ерсайын Ихсанов (1950) – физика-математика ғылымының докторы, 

академик; 



Әуелбек Ізтаев (1950) – техника ғылымының докторы, профессор, академик; 

Бақыт Нұртазаев (1953) – Ауыл шаруашылығы министрлігі Қызылорда 

аумақтық инспекциясының бастығы;



Ахметжан Мұқажанов (1954) – Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген 

қызметкері, полковник, заң ғылымының кандидаты;



Еркін Баймырзин (1956) – «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасының 

орынбасары;



Әбубәкір Қайран (1958) – ақын;

Марат Анарқұлов

 (1961) – Президент Әкімшілігінің бас инспекторы; 



Батырхан Исаев (1962) – «Қазақстан даму банкі» АҚ-тың Өзбекстандағы 

өкілдігінің директоры;



Берік Асылов (1964) – Бас прокурордың орынбасары, аға әділет кеңесшісі;

Айбатыр Сейтақ (1966) – ақын, Президент стипендиясының иегері;



Алмас Рымов (1975) – «Экспорттық кредиттер және инвестицияларды 

сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ басқарма 

төрағасының орынбасары;

Кәмшат Сатиева (1979) – «Алаш айнасы» газетінің тілшісі. 

Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, 

мәртебелеріңіз арта берсін!

Алаш айнасы

Шығуы 

 

        Ұзақтығы 

 

          Батуы

 07:35  

 

            11.02 

 

           18:36    

 

 



  

СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?



Германияда әлемдегі 

ең жылдам шайтанарба 

нарыққа шығуға 

әзірленуде. Сағатына 

100 шақырымды артқа 

тастауға мүмкіндік 

беретін көліктің құны 60 

мың евродан кем 

болмайды.

Б і р е ге й   в ел о с и п е д т і 

немістің PG-Bikes компаниясы 

жасап шығарған. Аты – Black-

trail. Оның моторы 100 км/

сағат жылдамдықпен қозғалуға мүмкіндік береді. Жаңа шайтанарбаның алғашқы 

модельдері наурыз айында-ақ саудаға шығарылады. Оларға танымал актер 

Орландо Блум, тележүргізуші Джей Лено мен ресейлік бизнесмендердің бірі 

тапсырыс беріп қойыпты. Жылдам велосипед титан, көмірталшық, магний, 

алюминий сияқты материалдардан жасалған. Салмағы – 20 келі.   

Ең жылдам әрі ең қымбат 

велосипед саудаға шығарылады

Масалар тер иісіне өш екен

Нидерландының 

Вагенинген универ-

сите тінің  энтомолог-

тары масаның не 

себепті адамға өш 

екенін анықтады. 

Масаларды еріксіз 

тартатын нәрсе тер 

иісі көрінеді.

Discovery News-тің мәліме тін-

ше, ғалымдар әуелі адам денесі-

нің әр мүшесінен тер иісі бөліне-

тінін анықтаған. Бұған денеге 

жа қын өмір сүретін микроағзалар 

да қосылады. Соның нәтижесінде 

түзілетін аралас газ масаларға 

ма г нит тей әсер етеді екен. Зерт-

теу ші Ренат Смэйлгейндждің ай-

туынша, денесінен тер иісі көп 

бөлі  нетін адам масаға таланғыш 

келеді. Тер иісі құрамында көмір-

тек қосто ты ғы, аммиак, сүт қыш-

қы 

лы және жеті түрлі карбон 



қыш қылы бо лады. Бір қызығы, 

адамнан бөлі не тін бұл иіс жа нуа-

р лар иісіне қа рағанда жағымсыз 

болатын көрінеді. Смэйлгейндж 

бұл зерт теудің негізінде масалар 

тарататын малярия сияқты ауру-

лар дың ал дын алудың жаңа жол-

дарын  қа рас тыруды  ұсынады.

МЫҢНЫҢ АТЫН БІЛГЕНШЕ...

Сәтбаев көшесі

Абай даңғылы

Құрманғазы көшесі

Қабанбай батыр көшесі

Достық даңғылы

Луганский көшесі

Бегалин көшесі

Бегалин көшесі

«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259

Редакцияның мекенжайы:

Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 148/1 А

Телефон: 8(727)388-80-60,

Факс: 8(727)388-80-61

e-mail: info@alashainasy.kz

Республика

сарайы

Коккинаки көшесі

Байтасов көшесі

«АЛАШ АЙНАСЫ»

Бегалин

көшесі, 148/ 1а

Жұмысқа қабылдау сәті:

– Алғашқы жылы орташа жалақымен жүре 

тұрасыз. Келесі жылдан бастап айлығыңызды 

көтеріп, пәтер мәселесін шешіп береміз.

– Жұмысқа келесі жылы бір-ақ шығайын онда...

***

Екі кәсіпкердің әңгімесінен:

– Сенің төрт қабатты үйің, саяжайың, қымбат 

көлігің, жекеменшік дүкенің бар. Енді саған 

ештеңе керек емес шығар?

– Енді Салық комитетінен таныстар керек.

***

Мейрамханада:

– Мен тауыққа тапсырыс берейін деп едім...

– Бізде тірі тауық жоқ, мүмкін, сізге оның еті 

керек шығар?

***

Емханада:

– Дәрігер, мен осыдан кейін тірі жүремін бе?

– Әрине, тірі боласыз, бірақ жата бересіз...

***

Бір жігіт көлігімен МАИ бекетінің жанынан күнде 

өтеді екен. Бір күні оны тоқтатады:

– Басеке, неге тоқтаттыңыз, ереже бұзған жоқпын 

ғой?

– Маған қарызға 10 мың теңге бере тұршы.

– Қалай қайтарасыз?

– Келесі жолы бір-екі рет ереже бұза берсең 

болады.

Алматтың әзілдері



Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ

СКАНВОРД


Газетіміздің  №34 (486)  санында жарияланған сканвордтың жауабы 

КӨЛДЕНЕҢІНЕН: Шайла. Оба. Оқап. Румба. Акт. Аноа. Каолин. Пикассо. Арена. Рәпат. Фрак. Сағи. Ине. АК. Емле. Мата. 

ТІГІНЕН: Палуба. Рем. Опера. Глобулин. Кие. Ақа. Икар. Ана. Әсем. Топан. Сапа. Кокс. Ағат. Мақта. Оптика. 

Хош иісті 

су

Түсінік


Алыпқашпа

сөз


«Махаб-

харата»,


кейіпкер

Вигонь


Кебін

Орман 


бұқасы 

(Үндістан)

Екпінді, 

жігерлі ән

Майлы 

дәнді 


дақыл

Көкбауыр


Қазының 

ең майлы 

жері

Жылтыр 


қағаз

Мейрамха-

на түрі

Тоты құс 



түрі

Бураға 


арналған 

темір 


тұмылдырық

Білім пай-

ғамбары

Оторинола-



рингология

Туынды 


иесі

Чаплиннің 

әйелі

...


Саппрас

(Теннис)


Жеті 

жасар 


бүркіт

Ит

 тұқымы



Мылтық-

тың арт-


қы бөлігі

Уағыз


Бухгалтер-

лік тексеріс

Бір 

нәрсенің 



белгісі

Мағжан-


ның 

поэмасы


Рауан

Латвия


қаласы

Фильмдегі 

жазу

Винни


Үрпектің

досы


Ауа райы

 -13-15

о

 

  -23-26

о

-13-15

о

 

 

-18-20



о

-14-16

о

 

-20-21

о

 -13-16

о

 

 -22-23

о

 -1-2

о

 

-4-6

о

 

-14-16



о

 

-24-26

о

 

-14-17



о

 

-26 -28

о

 -16-18

о

 

  -22-24

о

-8-11

о

 

-15-16

о

-6-8

о

 

 -17 -20

о

-14-16

о

 

 -20-21

о

 -15-19

о

 

  -22-24

о

  

-16-18

о

 

 -

27-28

о

 

-20-22

о

 

   -34-36

о

 

-10-12

о

 

 -21-24

о

  

-10-12

о

 

-14-16

о

 -10 -12

о

 

    -16-19

о

         



-16-18

о

 

-23-25

о

Document Outline

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8

Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.64 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет