Заң бойынша отандық теле ар на лардағы қазақ тілінің үлесі 50 па



жүктеу 0.64 Mb.

бет2/6
Дата11.01.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5   6

– Әңгімеңізге көп рақмет. 

Сұхбаттасқан 

Азамат ҚАСЫМ

Бес күнде бюджет бекітілді 

Тәуелсіздікті атап өтудегі 

мұрат – той тойлау емес, ой түю

Мемлекеттер арасындағы байланыстарды жүргізе-

тін дипломаттардың мерекесі бар ма?

Көркем БАЙЖІГІТ, Алматы

Осы Индонезия мен Монаконың мемлекеттік туы өте ұқсас келеді. 

Бұл тулар шынымен бірдей ме? 

Шолпан ҚАСТЕРОВА, Алматы облысы 

Әрине, дипломатиялық 

байланыстар жүргізетін бар-

лық мемлекетте дипломат-

тар дың мерекесі атап өтіледі. 

Ресми мейрам болмағаннан 

кейін бұл мерекені көпшілік 

біле бермейді. Мысалы, Қа-

зақстан дипломаттарының 

кәсі 


би мейрамдары шілде 

айы ның 2-сі күні деп бекі тіл-

ген. 1998 жылдың 20 қаң та-

рын дағы Президенттің Жар-

лы ғы бойынша осы күн ди п-

ло маттар күні болып аталып 

ке леді. Ал көршілес мемле-

кет т ерге келетін болсақ, Ре-

сей – 10 ақпанды, Түрікмен-

стан – 17 ақпанды, Әзірбай-

жан – 9 шілдені, ал Украина 

22 жел тоқсанды дипломатия-

лық қызмет қызметкерлерінің 

күні деп жариялаған. 

МЕРЕЙ

К

ОНФЕРЕНЦИЯ



ЖИЫН

Лауреаттарды марапаттау рәсімі Мәс-

кеу де өтті. Мемлекет басшысы үшін төсбелгі 

жә не Құрмет грамотасын Қазақстан Рес-

пуб 

 

ликасының Ресейдегі Төтенше және 



өкі летті елшісі Зауытбек Тұрысбеков алды. 

З.Тұ рысбековтің айтып өткеніндей, ҚР Пре-

зиденті Қазақстан мен Ресей арасындағы 

достық қарым-қатынастың дамуына қос-

қан үлкен үлесі үшін осы халықаралық 

сый  лыққа ие болып отыр. «Кеден одағын, 

Бір 

ыңғай экономикалық кеңістікті құру 



бас тамалары Нұрсұлтан Назарбаевқа тие-

сілі. Бұл жүлде Мемлекет басшысының ең-

бе гі зор бағаға ие болғанын, біздің Елба-

сы мыздың халықаралық беделін дәлел-

дейді», – деп атап өтті елші.

«Жыл адамы» дәстүрі бойынша Сарап-

шы лар кеңесі мүшелерінің дауыс беруімен 

анықталады. Кеңеске Ресей саясаткерлері, 

мемлекет және қоғам қайраткерлері, іскер 

топ өкілдері, сонымен қатар, ресейлік және 

шетелдік БАҚ кіреді.

Бір қызығы, маңызы зор халықаралық 

жиын «форс-можормен» басталды. Кон-

ференцияға экономикалық даму және 

сауда министрі Жанар Айтжанова келе 

алмай қалыпты. Бұл – біздің емес, жиынға 

бас-көз (модератор) болып отырған еліміз-

дің сыртқы істер вице-министрі Қайрат 

Сарыбайдың сөзі. «Бізде күн тәртібінде 

өзгеріс – форс-можор болып тұр. Парла-

мент Сенатындағы жалпы отырыстың қа-

уырт 


тығына байланысты экономикалық 

даму және сауда министрі Жанар Айтжано-

ва ханым келе алмай қалды. Сол себепті 

ми нистрдің баяндамасын вице-министрі 

Ти мур Сүлейменов оқып береді», – деді 

отыр ғандардан кешірім сұрай отырып.

Айтпақшы, Кедендік одақ және Еур Аз-

ЭҚ бірыңғай экономикалық кеңістігін құру 

мә селелеріне арналған отырысқа Мемле-

кет тік хатшы һәм сыртқы істер министрі 

Қа нат Саудабаев дұғай-дұғай сәлем жол-

дап жіберіпті. Оны Қайрат Сарыбай оқып 

берді. Өз құттықтауында Қ.Саудабаев Ке-

ден дік одақтың құрылуы тарихи маңызы 

бар оқиға екенін, бүгінгі таңда бірыңғай 

та риф тердің енгізілуі және ортақ кеден ау-

ма ғының толыққанды қызмет етуін қам-

титын құқықтық-келісімшарттық негізін 

қа лыптастыру жөніндегі іс-шаралар толы-

ғымен іске асырылғанын атап өткен. 

«Одақ тың институционалдық құрылымы 

жа салып, ол ойдағыдай жұмыс істей бас-

тады. Қазіргі кезеңде тек тауарлар ғана 

емес, қызмет көрсету түрлері, қаржы мен 

жұ мыс күшінің еркін қозғалысын қамтама-

сыз ететін – Біртұтас экономикалық кеңістік 

шеңберіндегі өзара әрекеттестікті тереңде-

туге қосымша күш-жігер біріктіру қажет. 

Бұл әлемдік экономикадағы ықтималды-

лығы жоғары дағдарыстық көріністерді 

бей тараптандыруға бағытталған ортақ іс-

қимыл дарымызға айналмақ. Кеден ода-

ғының тиімді қызметі мен Біртұтас эконо-

микалық кеңістікті құру идеясы үш мемлекет 

арасындағы достық пен тату-тәтті көр-

шіліктің жарқын дәлелі болып табылады», 

– де лініпті құттықтау хатта. 

Жиында бір жылдың ішінде талай ша-

р уа атқарылғаны белгілі болды. Әсіресе, 

Ке ден дік одақтың келісімдік-құқықтық ба-

за сы ерекше нығайған. Экономикалық да-

му және сауда вице-министрі Тимур Сүлей-

мен ов тің сөзіне сенсек, қазіргі таңда Ке-

ден дік одақтың келісімдік-құқықтық база-

сы 70-тен астам халықаралық құжатпен 

ма құлданған. Енді тек нақты жұмысқа кірі-

сіп, тарифтік және тарифтік емес кедер гі-

лерге төтеп берсек болғаны. Ол үшін отан-

дық кәсіпорындар бәсекеге қабілетті бо луы 

тиіс. «Осы аралықта үш ел арасын да ғы 

Кедендік одақ заңдылықтары кезең-ке зең-

мен іске қосылды. Біршама ауқымды 

жұмыс тар атқарылды. Бұл өте қуатты саяси 

ерік-жігер мен тынымсыз жұмыстың ар-

қасы деуге болады», – дейді Тимур Сүлей-

менов. 


Жиында тақырыпқа тұздық болған бір 

ғана мәселе – Кедендік одақтың отандық 

би з неске берер пайдасы. Қатысушылар 

Ке дендік одаққа байланысты көкейде жүр-

ген сауалдарын айтып, түйінді мәселелерді 

ортаға салып жатты. Олардың айтуынша, 

Ке дендік одақтың жұмысы отандық кәсіп-

кер лерге оң мүмкіндік тудырып, ел ішіндегі 

тауар айналымын жандандырып отыр. 

Сонымен қатар бизнес үшін айтарлықтай 

же ңілдіктерге қол жеткізілді. Яғни құры-

лымдалған нормативтік-құқықтық базалар 

біздің нақты кәсіпорындар мен шаруашы-

лық субъектілердің пайдасына шешіле бас-

таған.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Соттардың тәуелсіздігі мәселесіне Қа-

зақ стан судьяларының V съезінде Елбасы 

Нұр 


сұлтан Назарбаев та ерекше назар 

аудар 


ғаны мәлім. Осыған орай кеше, 

ақпан ның 25-і күні ҚР Жоғарғы соты ха-

лық а ралық ұйымдармен бірлесе отырып, 

«Сот билігінің тәуелсіздігі: халықаралық 

тәжірибе» тақырыбында конференция өт-

кі з іп, отандық сот жүйесін жетілдіру, оның 

тә уелсіз мәртебесін нығайту және судья-

лар дың кәсіби дайындығын көтеру жайын 

талқыға салды. Еліміздің сот саласының 

белді тұлғалары «мемлекет тарапынан 

судьялардың тәуелсіз мәртебесі толығымен 

қамтамасыз етілді» деп мәлімдеме жасаса, 

ха лықаралық ұйымдардың өкілдері бұл са-

лада әлі де түйткілді мәселелердің бар 



екендігін алға тартты. 

Мұсабек ӘЛІМБЕКОВ, 

ҚР Жоғарғы сотының төрағасы:

– Бүгінде еліміздегі барлық судьялардың 

жала қысы көтеріліп, олардың тұрғын үй 

мәселелері республикалық бюджет есебі-

нен шешіліп келеді. Сондай-ақ судьяларды 

кәсі би дайындау және осы жауапты қызмет-

ке тағайындау жұмысы қатаң бақыланып 

отыр. Сондықтан мен судьялардың тәуелсіз 

сот шешімдерін шығарулары үшін, олардың 

тәуелсіз құқықтық мәртебесі мен тәуелсіз 

ойлауы үшін мемлекет тарапынан барлық 

жағдай жасалды деп ойлаймын. Әрине, 

тәуелсіз ойлаудың да өзіндік талаптары 

бар. Ол судьяның кәсіби дайындығына 

тіке лей байланысты. Ал іштей тәуелді бо-

лып қалыптасқан судьялар болса, біз 

олардан құтылуымыз қажет. Осылай ғана 

біз отандық сот жүйесінің тәуелсіздігін қам-

та масыз ете аламыз.

Александр КЕЛЬЧЕВСКИЙ, 

Астана қаласындағы ЕҚЫҰ орталығының 

басшысы:

– Қазақстан өз кезегінде соңғы жыл-

дары сот жүйесінің тәуелсіздігі мен тиім ді-

лігін арттыру жолында біраз шараларды 

ат қар ды. Дегенмен қазақстандық сот жүйе-

сін е халықтың сенім білдіру мәселесі өзекті 

бо лып тұр. Жалпы, сот саласындағы барлық 

өзге 

рістер мен жаңашылдықтар тек бір 

ғана мақсатқа, мемлекеттік органдарды 

емес, азаматтардың құқықтарын қорғауға 

ба ғытталуы  тиіс.

Арман АСҚАР

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 

халықаралық «Жыл адамы - 2010» сыйлығының гран-при иегері атанды. 

Үш мемлекет арасында құрылған Кедендік одақ әне-міне дегенше 

бір жасқа да келіп қалды. Сан мәрте талқыға салынып, жүздеген құжат 

жасалса да әлі пысықталып жатыр. Жетістігі бағаланып, кем-кетігі 

саралану үстінде. Кеше елордада осы тақырыпты арқау еткен «Кедендік 

одақ: бірінші жыл қорытындылары. БЭК жолында» атты халықаралық 

конференция болды. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында өтіп жатқан 

жиынға Кедендік одаққа қатысушы мемлекеттердің сарапшылары, бизнес 

және ғылыми қоғамдастық өкілдері келіп қатысты.

Расы керек, біздің елде соттарға, судьяларға деген халық сенімі аз. Сол 

себепті де мемлекет осы сот жүйесін мейлінше дамытып, судьялардың 

тәуелсіздігін күшейту, жұртшылықтың оларға деген сенімін арттыру 

мақсатында түрлі жұмыстар жүргізіп келеді. 

Елбасы «Жыл адамы - 2010» 

сыйлығымен марапатталды 

Кедендік одақ бір жасқа толды

Сот тәуелсіздігі қай деңгейде?

Қазақстан дипломаттарының мерекесі қай күн?

Монако мен Индонезияның туы бірдей ме? 

Индонезия 1945 жылы тәуел сіз дік 

алып, ақ-қызыл жолақты ме м лекеттік 

туын жариялады. Сол кез 

де тура 

сондай туы бар Монако князь ды ғы 

бұған ресми қарсылық білді 

ре 


ді. 

Алайда Индонезияның мемле кет тік 

туы Монаконың туы нан әлде қай да 

көне екені дәлел 

ден 

геннен ке 



йін 

князьдық ресми қарсылық жа 

рия-

лауын тоқтатты. Ин донезияның туын-



дағы ақ-қы 

зыл жолақтар XIV 

ғасырдағы  Мад жа пахит  корольді-

гінен алынған. 1945 жылы 17 та мыз-

да бекітілген, про порциясы – 2:3. 

Ал Монаконың дәл сондай туы 

1881 жылы ІІІ Шарл князі ел би леген 

тұста белгіленген. Тудың түсі орта 

ғасырларда билік еткен Гри маль ди 

князьдарының таңдаған тү сінен алын-

ған. 1881 жылы 4 сәу ір  де бекітілген 

Мо на ко туының пропорциясы – 4:5 

немесе 2:3. 

Жақсылық ОМАР, Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының бастығы:

Үкімет биылғы бюджетті нақтылағанда Парламенттен «шапшаңдық 

танытуды» өтініп еді. Заң шығарушылар сол үдеден шықты. Аптаның 

дүйсенбісінде Парламенттің «есігін қаққан» бюджеттік өзгерістерді 

сәрсенбіде Мәжіліс мақұлдады, жұмада Сенат заң күйіне (күшіне емес) 

ендірді. Сөйтіп, бұрындары әр палатаның қарауында айлап жатып, 

төменнен – бір, жоғарыдан екі күзелетін бюджет жобасы бес күн ішінде-

ақ қос палатаның құптауынан өтті. Онда да бұл жолы үкіметтік бюджет 

Парламентке енген қалпында қабылданып, құжаттың «мұрты» да 

бұзылмады. 

Қанат ҚАЗЫ

Мансұр Х


АМИТ (фо

то)


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№35 (487) 26.02.2011 жыл, cенбі



www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz



ҚОСЫМША ПІКІР

ӨРКЕНИЕТ


 

Салалық телеарналарды ашатын уақыт жеткен жоқ па?



Тілеуқабыл 

МЫҢЖАСАР, 

«Хабар» 

арнасының Алматы 

облысындағы 

меншікті тілшісі:

Қасым 

АМАНЖОЛҰЛЫ, 

журналист:

Арман 

СҚАБЫЛҰЛЫ, 

Хабар» арнасы 

бас продюсерінің 

орынбасары: 

?

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

– Бұл жаңалық қазір біздің елімізге енді. Алғашқы қар-

лы ғашы деп балаларға арналған «Балапан» телеарнасын 

айта аламыз. Менің білуімше, жуық арада «Мәдениет» деген 

ар на ашылуы керек. «Білім беру» деген арна да дайындық 

үстін де. Былтыр өзім оның тұжырымдамасын жасауға атса-

лыс қан да едім. Министріміздің аузынан осы жайлы ақпарат 

шық 


қаны сол еді, бізге көптеген педагогтер, ұстаздар, 

ғалымдар хабарласты. Маман жағынан қам жемеуге де 

болады, тіпті журналистер онда ұйымдастырушылық рөл 

атқарса, қалғанын сала мамандары алып кетеді. Меніңше, 

бұл жерде мәселе салалық арналарды ашуда емес, мәселе 

сол салалық арналардың тілінде. Яғни қазіргі кезде оның 

қай тілде жұмыс жасайтыны нақты көрсетілмеген. Ал бұл 

– басты мәселе. Неге? Себебі қазақ тілінде 100 пайыз хабар 

та ра татын телеарнаға жете алмай отырғанымыз өтірік емес. 

Заң жағынан бекітілуі шарт. Әзірге менің естуімше, «Мәде-

ниет» арнасы қазақ тілінде болады» дейді. 

– Мен өзім салалық арналардың көптеп ашы луын 

құптар едім. Бірақ біз соған әлі дайын емеспіз бе деп 

қорқамын. Себебі таза қазақша бір арна аша алмай 

отырмыз емес пе? Әйтпесе, салалық ар налар көбейіп, 

қай сала жайлы болса да халық қа тереңдеп жеткізу 

ешқашан артықтық етпейді. Мы салы, өзім қазір ел 

ішінде жүрмін. Айталық, ауыл шаруашылығы сала-

сына жеке бір арна ашса, он да халықтың кәсіп жүр-

гізу, ең қарапайым тұр ғы да малды қалай өсіріп, егінді 

қалай баптауына жақ сы жағдай туғызар ма еді?.. 

«Ауылды көтеру» де ген – халқымызды көтеру. Бұл 

– бір ғана мы сал. Сол сияқты салалар жетіп-артыла-

ды. Онда біз де салалық машықтанған журналистер 

де кө бейер еді. Кадр жағынан тапшылық болмайды, 

тек «қар жы жоқ» дегенді алға тартар болмаса. 

– Салалық телеарна ашатын уақыт әлдеқашан жетіп қойған. Оның ары 

қарай жүзеге аспай жатуының сырын біле алмадым. Бұл журналистер өздері 

бірігіп, интузиазммен «телеарна ашайық» деп шеше салатын нәрсе емес. 

Жоғары басшылықтан бастама, шешім, арнайы қаулы қабылданып, ұлт тық 

компаниялардан болсын, басқа болсын, қаржы қарастырылуы керек. Яғни 

оның барлығы жоғарыдан басталмаса, төменнен басталмайды. Тікелей би-

ліктің ынта-ықыласы болуы керек. Тек декларациялық тұрғыда, жай ғана 

ай тылады да қояды. Мәселен, Ресей өзінің тәуелсіз телеарналарын әлдеқашан 

ашып алған, салалық та жетеді оларда. Ал бізде телеарналардың толқындары 

жоқ емес, бар. Көкжәшіктің іші арнаға толып тұр, бірақ қазақы мүдде, ұлттық 

маз мұн өте нашар. Тәуелсіздік алғанымызға қанша уақыт болса да, әлі күнге 

ақ параттық кеңістігіміз өз еркімізде, өз мүддемізге қызмет етпей, керісінше, 

ре сей ліктер тайраңдап кіріп, ойына келгенін жасай беретін дәрежеде еке-

німізді мойындауға тиіспіз. Сондықтан осы жағынан келгенде, егер салалық 

ар на ашу керек болса, ол міндетті түрде қазақ тілінде болуы шарт. Әйтпесе, 

орыс ша «Культурадан» артық салалық арна ашамыз деп айта алмаймын, біз 

тек қазақша болғанда ғана ерекше дүниелер жасай аламыз. 

Әзірлеген Мәриям ӘБСАТТАР 

Басы 1-бетте

ОЙ-КӨКПАР

Қалай десек те, біз осыдан біраз жыл 

бұрын 50 де 50 деген қағиданы шығарып 

алдық та, оны заң жүзінде бекітіп қойдық. 

Бір жағынан, мемлекеттік тілге жасалын ған 

қамқорлық болып көрінгенімен, екінші 

жағынан, бұл – орыстілді хабарлардың кең 

қанат жаюына зор мүмкіндіктер беріп отыр-

ған заң. Таяуда ғана мемлекет бас 

шысы 

2020 жылға қарай барлық қазақстандықтар 



қазақша сөйлейтін болсын дегенді қадап 

айтты. Ал ақпарат құралдары, оның ішінде 

теле 

арналарымыз ана тілімізде толық 



сөйлей алмаса, халық қайдан қазақшаға бет 

бұра қойсын?! 

Жақында менің қолыма телевизияға 

қатыс 


ты жасалынып жатқан заң жобасы 

тиді. Оны мұқият қарап шығып, тиісті орынға 

өз ұсыныстарымды жібердім. Мыса 

лы, 


аталған заң жобасында мемлекеттік тіл дің 

кабельдік жүйедегі үлесі 15-20 пайыз 

деңгейінде ғана көрсетілген. Меніңше, бұл 

– тым аз. Бұл көрсеткіш кемінде 35 пайыз 

болуы керек. Қалай болған күнде де біз 

Серік ӘБІКЕНҰЛЫ, «Алматы» телеарнасы 

бас директорының орынбасары

Серік АБАС-ШАХ, 

«Хабар» телеарнасының бас продюсері

Эфирдегі қазақ тілінің 50 пайыздық үлесінің орындалу 

мерзімін созбай, дереу жүзеге асыра аламыз ба?

кабельдік жүйеде қазақстандық телеарналар 

үстемдік құрсын десек, мемлекеттік тілге 

деген талапты күшейтуіміз керек. Ал біз «те-

ле визия мамандары аз, заманауи техника-

мыз жетілмеген, қаржы жеткіліксіз» деген 

сияқты жаттанды сылтаулар айтуға әуеспіз. 

Құдайға шүкір, бүгінгі Қазақстанның әлеуеті 

бәсекеге қабілетті телеарналар жасауға 

жетіп-артылады. Бұған тек құлық жоқ. Бізде 

заң жүзінде бәрі дұрыс шешілген сияқты. 

Бір ақ сол заңдардың орындалу жағын қа-

даға 

лап отырған ешкім жоқ. Тәуелсіздік 



алғанымызға 20 жылдың жүзі болды, бірақ 

біз телеарналарымыздың қазақшасын жөн-

ге келтіре алмай, әлі әлек болып жүрміз. 

Қазір кең қолданысқа ене бастаған спут-

никті, кабельді арналардың арасында 

қазақ тілді арналарымыздың үлесі ең төменгі 

саты  да тұр. Есесіне, орыстілді арналар эфи-

рімізді әбден жаулап алды. Еліміздегі ком-

мерциялық мақсаттағы телеарналардан 50 

пайыз қазақша табу қиын. Неге біз, жалпы, 

отан дық телеарналардағы қазақша хабар-

лар да 50 пайыздық көрсеткішке байланып 

қал дық? Бұл талапты телеарналарға ғана 

қоймай, жалпы, Қазақстандағы электронды 

бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ 

тілінің үлесі 70 пайыздан кем болмайтындай 

етіп бекітетін болсақ, ешкім бізді қолымыздан 

қаға қоймас.

Бірақ бізге қазіргі кезде 50 де 50 прин-

ципін бұзып, «100 пайыз қазақ тілінде хабар 

тара 

татын арна жасаңдар» деген күннің 



өзін де оның жұмысын игеріп кететін өзіміздің 

ма мандарымыз жоқтың қасы. Ал рейтингі 

жоғары қазақтілді бағдарламалары көп 

отан дық телевизия жасау үшін барлық мәсе-

лені тек заңға тіреп қоя салуға болмайды. 

Сондық тан да біз, ең алдымен, телевизия 

сала сын өркендете алатын арнайы маман-

дар ды дайындап шығаруды қатар алып жү-

руіміз керек. Өкінішке қарай, біз телеар на-

лар дағы қазақтілді бағдарламалардың са-

па сы мен мазмұнын жуық арада жақсарта 

ал  маспыз. Оның үстіне, жоғарыда отыр ған-

дар телевизия саласына қатысты кейбір мә-

селелерді телеөндірістің өзіндегі қайнаған 

жұмыс тың ортасында жүрген мамандармен 

ақыл 


дасып шеше бермейді. Өз басым 

телеарнаның ішкі өндірістік шаруаларынан 

бас ала алмай, өз міндетімді шамам келген-

ше атқарып жүрген адаммын. Сол себепті 

кей бір үлкен мәселелерден шет қалып та 

жатамын. Осы тұрғыдан алып қарағанда, 

аталған мәселе төңірегінде айта қоятын нақ-

ты ұсыныстар жасай алмаймын. Әйтсе де қа-

зақ телевизиясының болашағы мені де алаң-

датпай қоймайды. Қазақ теле жур налистикасы 

қазақтілді мамандарға зәру бо лып отырғаны 

– шындық. Өз тәжірибемнен айтатын болсам, 

еліміздегі жоғарғы оқу орын 

дарындағы 

журфак пен филфакті бітір ген жастардың 

басым бөлігі кәсіби тұрғы дан тым әлсіз. Ал 

осындай ортаңқол ма ман дармен отандық 

телевизияның сапа сын арттыру оңай емес. 

Аталған  фактор лар дың  әсерінен  эфирдегі 

қазақ тілінің 50 па йыз дық үлесінің орындалу 

мерзімі ұзарған үсті не ұзара бермек. Жалпы, 

50 де 50 прин ци піне жабысып, иек арта 

берудің қажеті жоқ. Бұл дегеніңіз, екі тілді 

арна жасаудан ажы рамау сияқты көрінеді. 

Қостілді арна 

ның жұмысын үйлестіріп, 

тұрақты аудитория қалып тастыру өте қиын. 

Қажет болатын болса, «қазақтілді және 

орыс тілді арналар» деп екі бөліп қойған жөн. 

Орыстілділер қазақтілді бағдарламалар ды 

көрмейді. Олар «қашан орыс тіліндегі 

бағдар лама бас талады екен» деп қазақшасын 

қарап отыра бер мейді. Мүмкін, белгілі бір 

телеар наларда жар ты күн қазақша, жарты 

күн орыс ша ха бар тарату қажет шығар. Егер 

де біз 50 де 50-ден арылғымыз келсе, ара-

лас тілді  арна лар дан  арылуымыз  керек.

ДӨҢГЕЛЕК ҮС

ТЕЛ

ТОЛҚЫН 


ЖӘДІГЕР

«TENGRI FM» 1-ге толды

Мағжанның суретін Ленин 

құтқарып қалыпты

Әуе толқынына аттап басқан ал-

ғаш 

қы қадамынан-ақ төл өнімдерін 



шы ғаруды басты ту еткен бұл радио өз 

хабар 


ларын еліміздің 18 қаласына 

тарат 


ты. «Тенгридің» тағы бір ерек-

шелігі – ақпаратты алдыңғы орынға 

қоя отырып, музыканың рок пен джаз 

бағы тына ден қойғандығында. Еліміз-

дің түкпір-түкпіріндегі рок стилінде ән 

орындаушылар арасында байқау 

ұйымдастырып, «Тенгри шыңында» 

деп аталатын жаңа жоба ұйымдастырған 

еді. Соның арқасында радионың «Ал-

тын қорындағы» алғашқы әндердің 

он ды ғы  құралды.  Радионың  «Шабыт» 

жүл десін алуына сол жолдағы еңбегі 

көп ықпал етті деуге болады. 

Мәдина ӨМІРБЕКОВА, «Tengri 

FM»радиостансысының директоры:

– Бір жылдағы басты жетістігіміз 

– біз жұмысқа  жан-тәнімен бе ріле 

істейтін, бір қолдың саласындай 

біртұтас ұжым құруға қол жеткіздік. 

Бұл – табысқа жетудің ең басты 

шар ты. Соның арқасында біз бір 

жыл да жаман болған жоқпыз. Тура 

жаңа, 2011 жылдың қарсаңында 

күтпеген жерден өзіміздің ха лық -

ара лық «Шабыт» фестивалінде ар-

найы жүлдеге ие болғанымызды 

есті дік. Ондайға ұмтылып, ол үшін 

арнайы дайындалмағандықтан, ол 

біз үшін керемет тосын сый болды. 

Елімізде өткен қысқы Азиада ойын-

дарын насихаттауға аталған радио 

бел сене кірісіп, «Жанкүйер» атты жаңа 

бағ 

дарлама жүргізді. Ойындар өтіп 



жат қан спорттық кешендерден тікелей 

репортаж түрінде өрбіген ол бағдар ла-

ма өзінің жеделдігі жағынан көптеген 

ақпарат құралдарының алдын алды 

деуге де болады. Әрине, болашақта 

бұ дан әлдеқайда ауқымды жетістікке 

жетуді көздеген радионың алға қойған 

мақсаты да биік. Тікелей эфирдегі ха-

бар ларды жандандырып, тыңдарман 

тынысын сездіретін интерактивтер 

«Ten gri FM» радиостансысының таяу 

бо лашақтағы жоспарында тұр. 




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал