З. С. Ильясова Тарих ғылымдарының кандидаты



жүктеу 70.56 Kb.
Pdf просмотр
Дата16.06.2017
өлшемі70.56 Kb.
#11567

З.С.Ильясова 

Тарих ғылымдарының кандидаты, 

                                                                        Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ның 

                                                                           шығыстану кафедрасының 

доценті 

 

ҚАЗАҚСТАН-ЕГИПЕТ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ 

 

 



Мақалада  Қазақстан  Республикасы  мен  Египет  Араб  Республикасының  1991-

2011  жж.  аралығындағы    екі  жақты  қарым-қатынасы  қарастырылып,  барлық 

саладағы жетістіктері айтылады. 

Кілтті  сөздер:  Таяу  Шығыс,  Орталық  Азия,  сыртқы  саясат,  дипломатиялық 

қатынастар, Халықаралық ынтымақтастық 



 

Тәуелсіздік  –  ең  алдымен  қазақ  халқының  бостандыққа  ұмтылған  асқақ 

армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні 

–  ең  қастерлі  күн.  Еліміз  тәуелсіздігін  жариялап,  дербес  мемлекет  ретінде 

әлемге  танылды.  Елбасының  «Қазақстанның  тәуелсіздігі  қазақтарға  тартқан 

тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы 

қол  жеткізген  өз  мемлекттілігін  құруға  деген  заңды  құқығы,  бұл  даусыз  және 

саяси  фактіге  ешкім  күмән  келтірмеуі  тиіс»,  -  деп  атап  көрсетуінде  үлкен 

мағына жатыр. 

Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ тарихи 

жеріміздің  шекарасы  халықаралық  шарттарға  сай  бекітілді.  Мемлекеттік 

рәміздеріміз,  Ата  заңымыз,  ұлттық  валютамыз  және  Сарыарқаның  кең  жазық 

даласында  барша  елді  өзінің  тез  көркейіп  өсуімен  таң  қалдырып,  жаңа 

Астанамыз  дүниеге  келді.  Әлемдік  қауымдастық  алдында  «Қазақстан 

Республикасы» деген асқақ рухты ел екенін мойындаттық. Ел экономикасы да 

жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белесккөтерілуде. Өзіне 

тән барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып 

табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды.  

Қазақстан  өзінің  тәуелсіздігін  алғаннан  кейін,  егемен  мемлекет  ретінде 

халықаралық  байланыс  жасауға,  өзінің  сыртқы  саясатына  айрықша  көңіл 

бөледі. Бұрын КСРО-ның құрамында болғанда Қазақстанның ондай мүмкіндігі, 

жеке саясат жүргізу құқы болмаған. 

Қазақстан  өзінің  сыртқы  саясатында,  әсіресе,  басты  үш  мәселеге    ерекше 

назар  аударады.  Біріншіден,  басқа  елдермен,  соның  ішінде  бұрынғы  Одаққа 

кірген  республикалармен,  Азия,  Тынық  мұхит,  Таяу  Шығыс  аймағы,  Еуропа 

елдері  және  Америка    Құрама  Штаттарымен  халықаралық  байланысты 

өркендету.  Екіншіден,  шет  елдермен  тек  дипломатиялық  байланыс  қана 

орнатып  қоймай,  сонымен  қатар  олармен  мәдени-экономикалық  байланысты 

күшейту, сол арқылы алдыңғы  қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. 

Үшіншіден,  Қазақстанның  қауіпсіздігін  сақтау,  дүниежүзілік  соғысты 

болғызбау, ядролық қаруды қолдануды болдырмау. 


Міне  осы  бағытта  1991жылдан  бастап  тәуелсіз  Қазақстан  көптеген  игі 

шараларды  іске  асыруда.  Бұл  уақыт  ішінде  Қазақстан  Республикасын    дүние 

жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазірге дейін Қазақстан 70-тен астам 

елдермен  диломатиялық  қатынастар  орнатты.    Қазақстанды  алғашқылардың 

бірі болып Түркия, АҚШ, Франция және т.б. мемлекеттер мойындады.  Қазірде 

Қазақстан шет елдерде 60-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер 

ашты.  Ал  Алматыда    және  Астанада 80-нен  аса  шетелдік елшілік пен  миссия, 

халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді.  

Египет  Араб  Республикасы  Кеңес  Одағының  құлауы  салдарынан  өрбігін 

саяси  өзгерістерге  мән  беріп,  халықаралық  сахнада  пайда  болған  жаңа 

мемлекеттермен  әртүрлі  салада  қарым-қатынас  орнатуға  ұмтылды.  Орталық 

Азия  елдерінің  Египеттен  жағрапиялық  алшақтығы  олардың  саяси, 

экономикалық  және  стратегиялық  мәнін  кемітпейді.  Мысыр  елі  Еуразия 

континентіне байыппен  көңіл  аударып, ондағы  жас  мемлекеттермен  аймақтық 

байланыс  арқылы  барлық  салалар  бойынша  халықаралық  қатынастың  кең 

желісін құра бастады. 

Әлем  сахнасында  Орталық  Азия  елдерінің,  әсіресе  Қазақстанның  өмірлік 

күші  өскендіктен  Таяу  Шығыс  аймақтық  жүйесіне  кіретін  көптеген  елдер 

өздерінің қызығушылығын танытты. Египет Араб Республикасының көпсалалы 

сыртқы  саясаты  аймақтық  және  халықаралық  проблемаларды  шешуге  қатысу 

үшін  өзіне  жаңа  болашағы  бар  және  сенімді  серіктестермен  қарым-қатынас 

жасауға бағыт ұстанды. ХХ-ХХІ ғасырлар аясында Каир Азияда өз саясатының 

белсенділігін  танытып  отырған  –  Орталық  Азиядағы  экономикалық  жоспары 

жағынан  ірі,  әрі  күшті  мемлекет  Қазақстан  Республикасына  өзінің  назарын 

аударды.  Сондай-ақ,  Египет  Үкiметi  Қазақстан  тәуелсiздiгiн  мойындаған 

алғашқы мемлекеттердің бірі болып табылады. 

Ежелден  бастау  алған  қазақстан-египет  қарым-қатынасының  маңыздылығы 

мәдени-гуманитарлық,  ғылыми-техникалық,  сауда-экономикалық  саласы 

бойынша  өркендеп  келеді.  Президентіміз  атап  өткендей,  біздің  халықты 

Египетпен байланыстыратын қазақ даласының ұлы перзенті, ХІІІ ғ. Египет пен 

Сирияның  көрнекті  қолбасшысы  болған  Сұлтан  Бейбарыс  екені  тарихи 

шындық.  Ол  он  жеті  жылдан  астам  уақыт  бойы  өзге  елде  әділ,  әрі  салиқалы 

саясатпен  билік  құрды.  Елді  моңғол  шапқыншылығынан  және  кресшілер 

жорықтарынан қорғады. Ел билеген уақытында мемлекеттің шекарасы кеңейді,  

сауда және экономикасы дамыды.  

Шынында  да  тарихы  терең  бұл  екі  елдің  қазіргі  таңдағы 

байланыстарының жетістіктері өте мол. 

Қазақстан  мен  Египет  Араб  Республикасы  арасында  дипломатиялық 

қарым-қатынас  1992  жылы  6  наурызынан  бастап  орнады. Қазақстан 

Республикасының  Египет  Араб  Республикасындағы  Елшілігі  1993  жылы 

ашылды.  Ал  Қазақстандағы  Египет  Араб  Республикасының  Елшілігі  1992 

жылдың тамыз айынан бастап жұмыс істеп келеді.  

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 1993 жылы 13-

16  ақпан  аралығындағы  Египет  Араб  Республикасына  жасаған  бірінші  ресми 

сапары,  қазақ-египет  қарым-қатынастарының  тарихындағы  маңызды  оқиға 


болды.  Сапар  барысында  екі  ел  арасындағы  өзара  ынтымақтастықтың  барлық 

бағыттардағы  сипаты  анықталды.  Алматыда  ислам  мәдениеті  мен  рухани 

орталығының  құрлысына  Египет  тарапынан  қаржы  бөлуге,  Алматы  Каир 

аралығында  авиақатынас  орнату,  білім  саласында  біраз  ынтымақтастыққа 

(судент  алмасу,  экономика  мен  қаржы,  халықаралық  құқық  саласы 

мамандарымен  тәжірибе  алмасу)  қол  жеткізді.  Қазақстанға  Египет  дәрі-

дәрмектерін экспорттау мен фармацевтика құрылысын жүргізу талқыланды.  

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың  2007 ж. наурызындағы Египетке жасаған 

ресми  сапары  мен  2006  ж.  қарашадағы  Египет  Араб  Республикасының  экс-

президенті  Х.Мубарактың  Астанаға  бірінші    ресми  сапары  Қазақстан  мен 

Египет арасындағы ынтымақтастықты барлық салаларда одан әрі қарай дамыту 

және  нығайтуға  елеулі  серпін  берді.  Египет  Президенті    Орталық  Азияда  ең 

алғаш  Қазақстанға ресми сапар жасаған болатын. 

Өткен  жылдарда  тараптар  әртүрлі  деңгейлердегі  көптеген  өзара 

сапарлармен  алмасты.  Олардың  ішінде  ең  бастылары  ҚР  Парламенті  Сенаты 

мен  Мәжілісі    төрағаларының,  Сыртқы  істер,  Мәдениет  және  ақпарат,  Ауыл 

шаруашылығы,  Индустрия  және  сауда  министрлерінің,  Астана,  Алматы 

қалаларының,  Көкшетау  мен  Жамбыл  обылыстарының  әкімдерінің,  Жоғарғы 

сот  төрағасының,  Бас  муфтидің,    ҚР  Сауда-өнеркәсіп  палатасы  төрағасының 

т.б. Египетке жасаған сапарларын атап өтуге болады.   

Қазақстанда  сапармен  Египеттің  Уақуфтар  (діни  істер  жөніндегі) 

министрі  (үш  рет),  Жоспарлау  және  халықаралық  ынтымақтастық  министрі, 

Сыртқы  істер  министрінің  орынбасары  келді.  Екі  жақтың  Сыртқы  істер 

министрлері бес рет саяси кеңес өткізді. 

Египет  Азиядағы  өзара  ықпалдастық  және  сенім  шаралары  жөніндегі 

кеңес,  Әлемдік  және  дәстүрлі  діндер  басшылары  съезі  мен  мұсылман  және 

батыс  елдерінің  сыртқы  істер  министрлерінің  «Ортақ  әлем»  әралуандық 

арқылы ілгерілеу» форумы іспетті қазақстандық бастамаларға қолдау көрсетті.  

Египеттің Уақуфтар (діни мәселелер бойынша) министрі Х.Зақуқ 2008 ж. 

17  қазанында  Астанада  өткен  «Ортақ  әлем:  әралуандық  арқылы  ілгерілеу» 

форумына  және  (2003,  2006  және  2009  жж.)  әлемдік  және  дәстүрлі  діндер 

көшбасшыларының үш съезіне қатысты.  

2010  жылдың  18-20  мамыр  аралығында  Душанбеде  өткен  ИЫҰ-ның  37-

сессиясында  ҚР  мемлекеттік  хатшысы  –  сыртқы  істер  министрі  Қ.  Саудабаев 

Египет  Араб  Республикасының  экономикалық  даму  министрі  О.М.Османмен 

кездесті. 2010 жылдың 1-2 желтоқсанында өткен ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитіне 

ЕАР сыртқы істер министрі А.Абул Гейт қатысты.  

Саяси-дипломатиялық қарым-қатынастар жылдан-жылға нығайып келеді. 

Халықаралық  ұйымдар  арасында  да  екi  ел  бiр-бiрiне  қолдау  көрсетiп, 

белсендiлiк  таныта  бастады.  Екi  елдiң  сыртқы  iстер  министрлiктерi  өзара 

байланыса отырып, арнайы үкiметаралық комиссия құрылды. Бүгiнге дейiн осы 

комиссия  төрт  рет  мәжiлiс  өткiзiп  үлгердi  (екі  рет  Каир  қаласында  (1995  ж. 

мамыр,  2003  ж.  желтоқсан)  және  екі  рет  Астана  қаласында  (2001  ж.  маусым, 

2007  ж.  ақпан).  Үкіметаралық  кездесулерде  екі  ел  арасында  сауда-



экономикалық, 

ғылыми-техникалық 

және 

мәдени-гуманитарлық 



ынтымақтастықтарға қол жеткізілді.  

Екі ел арасындағы ресми іссапаралар нәтижесінде сауда және экономика, 

ғылым  мен  білім  беру,  мәдениет  және  т.б.  салалар  бойынша  ынтымақтастық 

дамып  жетілуде.  Сауда-экономика  саласы  бойынша    Қазақстан  мен  Египет 

арасындағы  тауар  айналымы  алғашқы  жылдары  көлемi  7  миллион  доллар 

болатын. ҚР статистикалық агенттіктің мәліметтері бойынша 2007 жылы тауар 

айналымы  76  млн  доллар,  ал  өзара  сауданың  көлемі  қаңтардан  қыркүйекке 

дейін  248,7  млн  долларды  (негізінен  экспорт)  құрады.  Экономикалық 

ынтымақтасу  қарқыны  өсе  бердi.  Сөйтiп  аталған  көрсеткiш  2008  жылы  250 

миллион  долларға  дейiн  көтерiлдi.  Бiрақ  соңғы  жылдары  бұл  көрсеткiш 

бiршама бәсеңдеп отыр. 2010 жылы екi елдiң тауар айналымы, 113 миллионды 

ғана  құрады.  Оның  95  миллионы  –  Египеттiң,  ал  18  миллионы  Қазақстанның 

үлесi.  Египет  Қазақстанға  дәрі-дәрмектер  (сондай-ақ,  ветеринарлық  дәрі-

дәрмектер),  косметикалық  құралдар,  жиһаз,  керамикалық  бұйымдар,  маталар,  

және т.б.

 

экспорттауда. Ал Қазақстан тарапы Египетке астықты жеткізіп беріп 



тұрады.  Дегенмен  екі  мемлекеттің  жағрапиялық  рынок  аймағының  алыстығы, 

транспорттық  коммуникация  мәселелері  сауда  айырбасының  тиімді  дамуына 

кедергі  келтіруде.

 

Қазіргі  таңда  Қазақстан  мен  Египет  арасында  30-дан  астам 



екі  жақты  келісімдер  бар,  оның  1-уі  мемлекетаралық  келсім-шарт,  1-уі  өзара 

қазақстан-египет  мәлімдемесі,  8  үкіметаралық  және  21  ведомствоаралық 

келісімдер орнаған.  

ҚР  Президенті  Н.Назарбаевтың  1993  жылғы  Египетке  барған  іс 

сапарының  жетістігі  Алматыдағы  қазақстан-египет  университеті  (Нур-

Мубарак)  салынуы  болды.  Университеттің  іргесі  1994  жылы  қаланып,  2001 

жылдан  бастап  жұмыс  істей  бастады.  Бұл  Египет  Араб  Республикасының 

Қазақстан Республикасына достық белгісі ретінде сыйға тартылған.  

«Нұр-Мүбәрәк»  ислам  мәдениетi  университетiнде  қазiр  300-дей  студент 

бiлiм алып жатыр. Бұл оқу орнында араб тiлiн бiлмегендер алдымен араб тiлiн 

оқиды,  одан  кейiн  ислам  мәдениетi  бойынша  бiлiм  алады.  Бұл  университеттi 

Қазақстан  мен  Орта  Азиядағы  ислам  мәдениетiнiң  мәйегi  деуге  болады. 

Жақында ғана осы университеттiң екiншi оқу корпусының құрылысы аяқталды. 

Бұл  университеттiң  оқыту  ауқымын кеңейтуге  және қабылданатын  студенттер 

санын  арттыруға  мүмкiндiк  бередi.  Ал  оқытушыларына  келсек,  қазақстандық 

ғалымдармен қатар мұнда Египеттен келген ғалымдар да сабақ бередi. Қазiр сол 

университеттiң өзiнде Египеттен келген жиырмадан астам оқытушы сабақ берiп 

жүр. Египеттiң бiлiм министрлiгi Қазақстан жастарының Египеттiң жоғары оқу 

орындарында бiлiм алуы үшiн жыл сайын 40 орын бөледi. Одан тыс әл-Азхар 

университетiнен  тағы  да  15  орын  бөлiнедi.  Осы  бастамалардың  арқасында 

бүгiнге дейiн көптеген қазақ жастары Египетте бiлiм алып шықты. Қазiр олар өз 

мамандықтары бойынша тиесiлi қызмет атқарып, елге еңбек сiңiрiп жүр.  

Египет  Араб  Республикасының  Сыртқы  істер  министрлігінің  «ТМД 

елдерімен  техникалық  ынтымақтастық  қоры»  арқылы  қазіргі  таңда 

Қазақстанның жоғары оқу орнындарында араб тілінің кәсіби мамандары дәріс 

береді.  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  универсиетінде,  Абылай  хан 



атындағы халықаралық қатынас және әлем тілдері университетінде, Қ.А.Ясауи 

атындағы 

Халықаралық 

қазақ-түрік 

университетінде, 

Қорқыт 


ата 

университетінде және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде  

араб  тілінің  жоғары  дәрежелі  мамандары  дәріс  оқиды.  Сондай-ақ,  қордың 

ұйымдастыруымен  500-ден  астам  қазақстандық  жастар  дипломатия,  туризм 

және  журналистика  салалары  бойынша  тағылымдамадан  өтіп,  тәжірибе 

алмасты. 

Мәдени  салада  белсенді  байланыс  жасауда  Египет  ТМД  елдеріне 

техникалық  көмек  көрсету  қорынан  басқа,  Білім  және  вакуф  ісі  бойынша 

министрлік  пен  әл-Азхар  университетіне  сүйенеді.  Басқа  салалардағы 

байланысқа қарағанда екі жақтың мәдени ынтымақтастығының өрісі кең. 1998 

жылы Қазақстан Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың Египетке сапары кезінде 

мәдениет,  білім  және  ғылым  салаларындағы  ынтымақтастық  туралы 

үкіметаралық келісім мәдени байланысқа жол ашты. Алматыда Египет мәдени 

орталығы, Каирде Қазақстан мәдени орталығы жұмыс iстейтiнiн айтуға болады. 

Египет  мәдени  орталығында  көптеген  мәдени  шаралар  өткiзiлiп,  араб  тiлiн 

оқып, үйренгiсi келгендер үшiн арнайы курстар ұйымдастырылады. Сол секiлдi 

бұл  орталық  қазақ  студенттерiн  Египетке  оқуға  және  қазақстандық 

оқытушыларды бiлiктiлiктi көтеру курстарына жiберумен де айналысады. 2001 

жылы  9-16  қараша  аралығында  Египетте  өткен  Қазақстан  Республикасының 

мәдениет күндері айтулы оқиға болды. Мысыр еліне Қазақстан елі өкілдерінен 

мәдениет  және  қоғамдық  келісім  министірі  Мұхтар  Құл-Мұхаммед  бастап 

барған болатын. 2008 жылы Каирде қазақ елшілігі орналасқан көшеге қазақтың 

ұлы  ақыны  Абайдың  есімі  берілді.  2010  жылдың  желтоқсан  айында  Сұлтан 

Бейбарыс  мешітінің  реставрациялық  жұмыстары  аяқталды  (жоба  құны  –  13,5 

млн,  Қазақстан  жағы  4,5  млн  доллар  қаржы  бөлді).  Бұл  шаралар  екi  елдiң 

ынтымақтастық деңгейi өте жоғары екенiн көрсетiп бердi.  

Екі  жақ  бірігіп  халықаралық  қуіпсіздікті  нығайту,  оның  ішінде 

терроризммен  күрес  және  ядролық  қару-жарақтарды  жою  жөнінде 

Халықаралық конференция өткізуді мақұлдайды. Қазақстан мен Египет әлемдік 

қауымдастық  алдында  халықаралық  заңнамалық  нормаларды  саақтап,  Таяу  

Шығыс  елдерінде  болып  жатқан  түсінбестіктер  мен  шиелденістерді  шешуге 

ықпал етуді көздейді. Сонымен қатар Таяу Шығыс елдеріндегі тұрақтылық пен 

саяси  қақтығыстардың  өршуіне  кедергілер  жасаудың  тиімді  жолдарын 

қарастыруға  күш-жігерін  салады.  Қазіргі  заманда  көптеп  қордаланған 

проблемаларды  шешу  үшін  екі  мемлекеттің  ішкі  және  сыртықы  саяси 

ведомстволары арасында жиі кездесулер өткізілуі қажет. Көне замандардан аса 

бай тарихы бар Египет елі мен тәуелсіздігінің  20 жылдығын атағалы отырған 

Қазақстан  арасын  мың  жылдықтар  бойы  жалғасқан  тарихи,  мәдени,  сауда-

саттық саласындағы тарихи сабақтастық әлі де жалғасын тауып келеді. 

 

Қазақстан  мен  Египет  арасындағы  әр  саладағы  ынтымақтастықтар  әлі 



дамып  жетіліп,  тәуелсіз  мемлекеттердің  өркендеуіне  жол  ашары  анық. 

Келешекте  Қазақстан  мен  Египетті  байланыстыратын  мүмкіндіктерді  көптеп 

атап  кетуге  болады.  Н.С.Гумилевтің  1918  жылы  жазылған  «Египет»  деген 

өлеңінде: «Нілден бір рет су ісшең, мәңгі Каирге құштар боларсың» деген еді. 



Соңғы жарты ғасырда Ніл дарияның суын қаншама қазақстан перзенттері ішіп 

көрген  болар.  Бұның  бәрі  қазақстан-египет  қарым-қатынасына  жебеуші 

болатын негізгі фактор – ол адам факторы екенін көрсетеді. Сондықтан бәріміз 

бірігіп осы үшін қызмет істей берейік деп тілеймін.   

 

Әдебиеттер 

1. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2005 ж. 

2. Жанатаева К.Б. «Египет пен Орталық Азия ынтымақтастығы: бүгіні мен 

болашағы». «Шығыс елдерінің ғылым және білім беру кеңістігінде». 

Халықаралық ғылыми конференция материалдары. –Алматы, 2004.  

3. П.Н. Мамед-заде «Приоритетные направления египетско-

казахстанского сотрудничества на современном этапе». 

http://www.iimes.ru/stat/2006/17-11-06ahtm. 

4. К.Токаев «Дипломатия Республики Казахстан» Алматы, 2001. 

5. Сотудничество Республики Казахстан с Арабской Республикой Египет. 

http:// www. portal.mfa. 

6. Казахстанская правда.  Казахстан – Египет: пирамиды становятся 

ближе. http://

 

www.kazpravda.kz/c/11  



7. Абдалла Омар Аль-Арнуси. Египет Араб республикасының 

Қазақстандағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi: Екі ғасыр бодан болса да, қазақ 

діннен ажырамапты.  http:// www . astana-akshamy.kz/ 

 

Аннотация 

В  данной  статье  описывается  становление  дипломатических,  политических  и 

культурных    связей  Казахстана  и  Арабской  Республикой  Египет  за 

двадцатилетний период с 1991 по 2011 годы включительно. 

Ключевые  слова:  Ближный  Восток,  Центральная  Азия,  внешняя  политика, 

дипломатические отношение, Международное сотрудничество 



 

Abstract 

This article deals with the formation of diplomatic, political and cultural relations of 

Kazakhstan with Egypt from 1991 to 2011. 

Keywords:  Far  East,  Central  Asia,  foreign  policy,  diplomatic  relation,

 

International 



cooperation   

 

Каталог: bitstream -> handle -> 123456789
123456789 -> №1 (74) 2010 Р. т саДыҚова мҰхтаР Әуезов ЖӘне халел ҒаббасовтыҢ Рухани-ӘРІптестІк баЙланысы
123456789 -> Мұхтар Әуезовтың "Хан Кене" трагедиясындағы Алашшылдық идеяның көріністері
123456789 -> Абайдың инновациялық Ұлы жаңалығы а.Қ. Омаров
123456789 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
123456789 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы н б. аҒалиева ШӘкӘРІм өлеҢДеРІнДегІ лиРикалыҚ кеЙІпкеР
123456789 -> Ш. айдарбекова ж. Аймауытұлы әҢгімелеріндегі кейіпкерлер жүйесі мен сюжеттік арналар

жүктеу 70.56 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет