З. Ч. Умирбаева генетика: теория, практика



жүктеу 0.9 Mb.
Pdf просмотр
бет1/9
Дата01.04.2017
өлшемі0.9 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

РМҚК «Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК 

ТЕХНОЛОГИЯЛАР жəне ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ» 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

З.Ч. УМИРБАЕВА 



 

 

 

 

 

 

 

ГЕНЕТИКА: ТЕОРИЯ, ПРАКТИКА 

 

 

Оқу құралы 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Ақтау, 2010ж. 

 

УДК 575.083 (075.8) 



ББК 28.04Я73 

 

 



452     Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар жəне 

инжиниринг  университетінің ғылыми кеңесінің шешімі бойынша баспаға 

ұсынылды.  

 

 



Пікір жазғандар: 

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ахметов А.Қ. 

Биология ғылымдарының кандидаты, доцент Сартаев А.С. 

 

 



452  Умирбаева З.Ч. Генетика: теория, практика: 050113-«Биология» 

мамандығы бойынша студенттерге арналған  оқу  құралы-. Ақтау: Ш. Есенов 

атындағы КМТжИУ баспасы, 2010ж.-67  бет. 

 

 



ISBN 978-601-226-060-1 

 

Кітап қазіргі оқу талабына сай жалпы білім беретін мектептер мен жоғарғы оқу 



орындарында    генетика  саласы  бойынша  дидактикалық  материалдармен 

қамтамасыз ету мақсатында ұсынылып отыр. 

Оқу құралында генетика пəні бойынша теориялық негіздер студенттерге дəріс 

сабақтарында жəне зертханалық жұмыстарда  оқылатын қажетті  материалдар 

ретінде берілген.. 

  Құрал  биология  жəне  химия  мамандықтарының  студенттері,  сондай-ақ, 

оқушылар үшін де    жарамды. 

 

УДК 575.083 (075.8) 



ББК 28.04Я73 

 

 



 

ISBN 978-601-226-060-1                                                                    Ш. Есенов 

атындағы Каспий  

мемлекеттік технологиялар жəне 

 инжиниринг  университеті баспасы, 2010  

 


 

Мазмұны 



 

 

Кіріспе. Генетика ғылымының даму тарихы жəне зерттеу əдістері..................5 

1.Тұқымқуалаушылықтыңматериалдық негізі...............................................9 

1.1Тұқымқуалаушылықтыңцитологиялық негізі...........................................14 

1.2Тұқымқуалау заңдылықтары. Г.Мендель ілімі........................................17 

1.3Аллелді емес гендердің өзара əрекеттесуі...............................................22 

2. Жыныс хромосомаларының жынысты анықтау  механизмі.........................25 

2.1 Цитоплазмалық  тұқымқуалау.......................................................................27 

3. Тұқымқуалаудың молекулалық негізі.............................................................31 

3.1 Геннің  табиғаты.............................................................................................32 

3.2 Геннің құрылымы............................................................................................32 

3.3 Генетикалық код.............................................................................................33 

4. Өзгергіштік жəне оны жіктеу..........................................................................34 

4.1 Мутациялар классификациясы......................................................................35 

4.2 Гендік мутация................................................................................................36 

4.3 Хромосомалық мутация.................................................................................37 

4.4  Геномдық мутация........................................................................................37 

4.5 Цитоплазмалық мутация...............................................................................38 

5. Адам генетикасы. Адам генетикасын зерттеу əдістері................................40 

6. Популяциялық жəне селекциялық генетика негіздері.................................44 

6.1 Будандастыру түрлері...................................................................................48 

6.2 Сұрыптау əдістері..........................................................................................50 

7. Тəжірибелік жұмыстар....................................................................................51 

8. Генетикалық терминдер сөздігі......................................................................57 

9. Тест сұрақтары.................................................................................................64 

Əдебиеттер...............................................................................................67 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе. Генетика ғылымының даму тарихы жəне зерттеу əдістері 



 

          Генетика–организмдердің 

тұқым 

қуалаушылық 



жəне 

өзгергіштік 

қасиеттерін  зерттеген  ғылым.  Тұқым  қуалаушылық    деп  организмдердің  өз 

белгілерін  немесе  қасиеттерін  жəне  даму  ерекшеліктерін  келесі  ұрпаққа  беру 

қабілетін  айтады.  Өзгергіштік  дегеніміз  организмдердің  белгілерінде  немесе 

қасиеттерінде 

айырмашылықтардың 

пайда 


болуы. 

Осындай 


айырмашылықтарды  белгілі  бір  түр  ішіндегі  өкілдер  арасында  немесе  ата-

аналық  форма  мен  олардың  ұрпақтары  арасында  байқауға  болады.  Тұқым 

қуалаушылық пен өзгергіштік организмнің қарама-қарсы қасиеттері екенін айта 

отырып  оларды  диалектикалық  материализмнің  даму  заңын  айқындайтын,  бір-

біріне  байланысты  категориялар  ретінде  қарау  керек,  өйткені  органикалық 

дүние  пайда  болған  жаңа  өзгерістердің  тұқым  өуалауы  арқылы  дамиды. 

Организмнің  негізгі  2  ерекшелігін  тұқым  қуалаушылықтың  құрылымдық 

өлшемі  –  ген  қамтамасыз  етеді.  Ал  геннің  материалдық  негізі  клетка 

ядросындағы хромосомаларда орналасқан ДНҚ молекуласымен анықталады. Ал 

оның  белгілерді  анықтауы  жəне  құрылысы  генге  яғни  ДНҚ  молекуласының 

тізбегіне байланысты. 

       Тұқым  қуалаушылықтың  материалдық  негізі  болып  өзін-өзі  өндіре  алатын 

жəне  бөліну  процесіне  жаңа  клеткаларға  тарала  алатын  қасиеттері  бар 

клетканың барлық элементтері саналады. Осындай талаптарға жалғыз құрылым 

–  хромосома  ғана  сай  келеді,  ол  өзінің  дəл  көшірмесімен  өндіріп  клетканың 

бөліну  процесінде  заңдылықпен  таралатын  жəне  өзінің  гендері  арқылы 

белгілердің  дамуын  анықтай  алатын  бірден-бір  қосылыс.  Сондықтан  ДНҚ-сы 

бар  клетканың  кез-келген  құрылымы  тұқым  қуалаушылық  қасиетке  ие  бола 

алады.  Зерттеулер  ДНҚ-ның  клетка  ядросының  хромосомасында  ғана  емес, 

сонымен  бірге  ол  клетканың  цитоплазмалық  компоненттерінде  де  болып, 

бірқатар  белгілердің  тұқым  қуалауына  қатысатынын  анықтады.  Осыған 

байланысты  тұқым  қуалаушылық  ядролық  жəне  цитоплазмалық  болып  екіге 

бөлінеді.  Ген  мен  хромосоманың  өзгеруі  организмнің  өзгергіштік  қасиетінің 

материалдық  негізін  сипаттайды.  Барлық  белгілері  бойынша  бір-бірінен 

айнымайтын  2  дарақ  мүмкін  емес,  өйткені  олардың  гендер  құрамы  ешқашан 

бірдей болған емес, бірдей болмайды да. 

       Тұқым  қуалаушылық  туралы  алғашқы  көзқарастар  сол  кезде  басым  болған 

идеялар  мен  философиялық  жүйелерге  тікелей  байланысты  болды.  Грек 

мифологиясынан  кейін  ежелгі  грек  дəрігерлері  тіршіліктің  негізі,  білгілердің 

тұқым  қуалауы    ұрықтың  пайда  болуы  жəне  ондағы  əйел  мен  еркектің 

атқаратын  рөлдері  туралы  байыппен  толғады.  Гиппократ  былай  деп  айтқан 

болатын  «Ұрықты  организмнің  барлық  бөліктері  бөліп  шығарды,  дұрыс  ұрық 

дененің  сау  бөлігінде,  бұзылған  ұрық  –  ауру  бөлігінде  пайда  болады.  Егер 


 

тапалдан  тапал,  көк  көздіден көк  көзді,  қысық  көздіден  қысық  көзді  туса,  онда 



ұзын  бастыдан  ұзын  басты  тууына  ештеңе  бөгет  бола  алмайды».  Гиппократ 

теориясы  бойынша  тұқым  қуалаушылық  информацияны  таситын  ұрық  дененің 

барлық  бөліктерінде  пайда  болады.  Бұл  қағида  кейін  пангенез  теориясы  деп 

аталды. Мұның мəні ұрық организмнің барлық дене бөліктерінде пайда болады 

да,  қан  тамырлары  арқылы  ұрық  безіне  келіп  түседі.Ұрпақтың  ата-анасымен 

ұқсастығын  ұрықтың  дененің  əр  түрлі  бөліктерінің  де  пайда  болып,  солардың 

ерекшеліктерін 

өздеріне 

сақтауымен 

түсіндіруге 

болады 

Тұқым 


қуалаушылықтың толық қалыптасқан теориясын идеалист философ Аристотель 

берді.  Оның  пікірінше  организмнің  дамуы  тіршілік  күші  –  энтелехияның 

бақылауында  болады,  ол  организмде  өтетін  барлық  материалдық  процестерді 

анықтайды.  Ол  еркек  жəне  ұрғашы  жыныстың ұрпаққа деген  əсері  бірдей емес 

деп  есептеді.  Оған  алғашқы  қозғалысты  жіберетін    -  еркек  жыныс,  ал 

материалды беретін – ұрғашы болып көрінді. Егер еркек бастама күштірек болса 

ұл  əкесіне  көбірек  ұқсайды  жəне  керісінше.  Аристотелдің  пікірінен  қате 

теориялық  елеске  сүйенген  бақылаудың  теріс  ұғым  беретінін  көреміз. 

Аристотель ілімнің құндылығы ол пангенез теориясын жоққа шығарды, бұл ілім 

бойынша  ұрпаққа  дене  бөліктерінің  дайын  үлгісі  емес,  эмбрионның  дамуын 

бағыттайтын  информация  беріледі.  Тұқым  қуалаушылықтың  мəні  туралы  

Аристотель  пайымдаған  осындай  терең  ұғымға  23  ғасыр  бойы  мəн  берілмеді. 

Сондықтан  да  тұқым  қуалаушылық  құбылысына  материалистік  тұрғыдан 

берілген  түсініктемелер  жəне  кейін  пайда  болған  көптеген  идеялар  пангенез 

теориясын  анықтады.  Демокриттің  пікірі  бойынша  адам  қабілетінің  басым 

көпшілігі  табиғи  информация  арқылы  емес  негізінен  жаттығулар  арқылы 

дамиды.  Демокрит бойынша еркек  жəне  ұрғашылардың ұрығында  организмнің 

барлық  органдарының  материалдық  бөліктері  сақталды.  Ол  «адам  бүкіл 

адамнан  бөлінеді»  деп  айтқан  болаты.  Демокриттің  тұқым  қуалаушылыққа 

деген  көзқарасында  өте  таңғырыттылық  байқалса  да,  бірақ  өзінің  негізінде 

тұқым  қуалаушылық  құбылысын  материалистік  баяндауын  пайымдады,  еркек 

жəне ұрғашы жыныстың тұқым қуалаушылыққа қосатын үлесі тең  деп саналды,  

өйткені олар қосылғаннан кейін жаңа ұрпақтың бастамасын беретін ұрпақ пайда 

болды.  Платон,  Аристотель  жəне  басқа  да  ежелгі  грек  философтары 

Демокритпен  қақпайласып,  тұқым  қуалаушылықтың  материалдық  сипатын 

үзілді-кесілді  жоққа  шығарды.  Платон  кез-келген  организмнің  қасиеттері  мен 

ерекшеліктері ол туған кеде ғана оған қандай жанның орналасуына байланысты 

деп  санады.  Ол  кезде  Аристотельдің  беделі  орасан  зор  болатын,  сондықтан  да 

оның  ойы  əр  уақытта  дұрыс  деп  саналды.  Тіпті  қайта  өрлеу  дəуірі  мен  орта 

ғасырда Аристотельдің ойы бұрынғыдан да бағалы бола түсті. 

       Қайта  өрлеу  дəуірінде  тұқым  қуалаушылықтың  ұғымына  айтарлықтай 

жаңадан  енбеді,  бұл  кезде  жаратылыстану  ғылымдары  қайтадан  жаңғырып 

догмалық наным жоққа шығарыла бастады. 17-18 ғасырларда преформациялық 


 

бағыт  ерекше  өріс  алды.  Оның  теориялық  негізі  Гиппократ  іліміне  қарағанда 



əлдеқайда  қарапайым  болған  еді,  сондықтан  ұзақ  жылдар  бойы  əйгілі  болып 

қала  берді.  Преформация  теориясының  негізін  салушы  Свамердам  бойынша 

титтей  ұрық  –  гомонуклеус  дайын  күйінде  жыныс  клеткалардың  ішінде 

орналасады  екен.  Дайын  ұрықтың  қай  клеткада  орналасқаны  туралы  талас 

ұзаққа  созылды.  Дайын  ұрық  аналық  жыныс  клетканың  ішінде  болады  дегенді 

жақтаушылардың тұжырымы бойынша сперматозоидтың əсері тек ұрықтың əрі 

қарай  үлкейіп  дамуына  жағдай  жасаумен  ғана  шектетеледі.  Ал  бұған  қарсы 

ойды  жақтаушылардың  бірі  Гартсекнер  тіпті  спертматозоидтың  бас  жағынан 

дайын  ұрықты  шамалап  көруге  болады  деп  абсурдты  тезис  айтқан.  Мұндағы 

аналық  клетка  ұрық  көлемінің  өсіп,  ұлғаюына  қажетті  қоректік  заттармен 

қамтамасыз етеді екен.  

       Орта  ғасырдан  кейін  пангенез  теориясы  жаңа  деңгейгде  қайтадан  кең  өріс 

алды.  Жан  Батист  те  Ламарк  панкезисті  эволюциясының  негізгі  механизмі  деп 

санады.  Жеке  мүшелерді  жаттықтыру  немесе  сыртқы  ортаның  басқа 

факторларының  əсерінен  пайда  болған  өзгерістер  Ламарк  бойынша  тұқым 

қуалай  алады.  Тұқым  қуалаушылықтың  жай-жапсарын  ұғу  үшін  пангенез 

теориясын  19  ғасырда  көптеген  басқа  да  атақты  ғалымдар  тіпті  Ч.Дарвин  өзі 

қолдады.  Ч.Дарвиннің  уақытша  пангенез  гипотезасы  бойынша  ұрпақтың 

белгілері  оның  ата-анасының  əр  түрлі  дəрежелерінен  шығып  жыныс 

клеткаларға келіп түсетін дискрет тұқым қуалайтын элемент – гемулла арқылы 

анықталады.  19  ғасырда  тұқым  қуалаушылықтың  мəн-мағынасын  сипаттайтын 

бірнеше  ойша  жорыту  теориялар  ұсынылды.  Олардың  ішінде  генетика  Авгус 

Вейсманның пангенез теориясына қарсы шығарған ұрық плазмасы теориясының 

маңызы  өте  зор,  Вейсман  жыныс  клеткаларында  тек  ұрық  плазмасынан  ғана 

пайда  болады  жəне  ондағы  тұқым  қуалайтын  факторлар  уақытта  өзгермейді 

жəне хромосомаларда орналасады деген дұрыс болжам жасады. Ал организмнің 

басқа бөліктеріннің клеткалары басқа бөліктерінің клеткалары сома плазмасына 

пайда болады олар өзгеруі мүмкін бірақ тұқым қуаламайды А.Вейсман көптеген 

ұрпақ көлемінде тышқандардың құйрығын кесіп олардан алынған ұрпақтардың 

ұзын құйрықты болатынын байқады. Демек тышқан құйрығының тұқым қуалау 

бастамасы сол құйрықтың ерекше бөліктерімен емес керісінше құйрық кесілген 

кезде өзгермейтін ұрық плазмасының клеткалары арқылы анықталады. 

       19 ғасырда əр түрлі ойша жорыту теорияларының авторлары арасында қызу 

таластар жүріп жатқанда ғылымда сол кездің өзінде-ақ мағынасы кемдеу сияқты 

болып көрінетін зерттеулер болған еді. Олар эксперимент жүзінде тұқым қуалау 

проблемаларының  терең  шынайы көріністерін  ашты.  Мұнда  белгілердің  тұқым 

қуалауын  зерттеу  өсімдік  пен  жануарлар  гибридтерін  алу  арқылы  жүргізілді. 

Өсімдіктерді  будандастыру  арқылы  гибридті  зерттеу  жұмыстарын  алғаш  рет 

Кельрейтер  жүргізді.  Ол  əр  түрге  жататын  өсімдіктерді  будандастырудан 

алынған  гибридтердің  белгілері  аралық  формада  яғни  біркелкі  болатынын 



 

байқады.  Тозаң  мен  аналық  белгілердің  ұрпаққа  тұқым  қуалауына  тең  рөл 



атқарады  деп  дұрыс  жорамал  жасады.  1861  жылы  Нодэн  өз  тəжірибелерінде 

бірінші ұрпақтың біркелкілігі ережесімен қатар тұқым қуалаушылықтың екінші 

ережесін  белгілердің  екінші  ұрпақта  ажырау  сипатын  ашты.  Бірақ  ол  ережені 

дұрыс  түсіндіре  алмады  Кельрейтер,  Нодэн,  Сажре  жəне  өсімдік  пен 

жануалардың  гибридтерін  алумен  айналысқан  олардың  басқа  замандастары 

генетика  ғылымының  дамуына  айтарлықтай  үлес  қосқаны  мен  олар  тұқым 

қуалаушылықтың  табиғи  механизмін  аша  алмады,  бір  жағынан  ол  кезде  бұл 

механизмнің цитологиялық негізі белгісіз еді, ең бастысы бұл ғалымдар барлық 

белгілердің  тұқым  қуалауын  бір  мезгілде  зерттеуге  тырысты.Тұқым 

қуалаушылықтың  негізгі  заңдылықтарын  оның  дискреттік  табиғатын  тұңғыш 

рет  1865  жылы  Австрияның  Брюн  қаласының  монахы  Грегорь  Мендель  ашты. 

Ас  бұршақтың  əр  түрлі  сорттарын  шығылыстыру  арқылы  Г.Мендель 

белгілердің 

тұқым 


қуалаушылық 

факторларымен 

анықталатынының 

эксперименттік  дəлелдемелерін  ұсынды.  Мендельдің  табысқа  жетуінің  басты 

себебі  –  ол  барлық  белгілердің  емес  жеке  альтернативті  белгілердің  тұқым 

қуалауын  зерттеді,  ұрпақтардың  санын  есептеп,  тəжірибенің  нəтижесін 

математикалық  өңдеуден  өткізді.1.Бірінші  ұрпақ  белгілерінің  біркелкілік 

ережесі.  2.Екінші  ұрпақ  белгілерінің  3\1  арақатынасына  ажырау  заңы.  3.Əр 

түрлі  тұқым  қуалау  факторларының  бір-біріне  тəуелсіз  тұқым  қуалау  заңы.Бұл 

заңдардың  тұжырымдалуы  биология  ғылымының  барлық  саласының  дамуына 

аса  маңызды  талпыныс  əкелді.  Алайда  Мендель  ашқан  тұқым  қуалау 

заңдылықтары  оның  замандастарына  35  жыл      аралығында  түсініксіз  болды. 

Мендель  заңдарын  1900ж  Гуго  де  Фриз,  Кар  Коренс  жəне  Эрих  Чермарк  2-ші 

рет  ашты.  Осы  кезден  бастап  Мендель  жұмыстарының  тұқым  қуалаушылық 

сырын  ашудағы  маңызы  арта  түсті.  Генетикада  əр  салада  жұмыс  істейтін 

биологтарды  қызықтырып,  жаңа  ғылымның  өркендеуінің  ерекше  талпынысы 

басталды.  Сонымен  генетика  ғылым ретінде 1900  ж пайда болды, оның  негізін 

1865  ж  Г.  Мендель  салды.  Бұл  екі  арада  генетика  үшін  маңызы  зор  клетканың 

бөліну  заңдылықтары  жəне  оның  материалдық  заттары  ашылды.1874ж  орыс 

ғалымы  И.Д.Чистяков  клетканың  бөлінуін,  1882  ж  Флеминг  хромосомаларды 

ашты,  Э.Ван-Бенеден  1883  ж  аскариданың  ұрықтану  процесін  зерттей  отырып, 

жыныс клеткаларындағы хромосомалардың саны екі есе аз болатынын көрсетті 

,  ал  1887  ж  Т.Бовери  ұрықтану  кезеңінде  хромосомалардың  саны  бұрынғы 

қалпына келетінін арнайы тəжірибелер арқылы дəлелдеді. Клетка ядросындағы 

хромосомалардың  бөліну  тəртібіне  сүйене  отырып  1887  ж  А.Вейсман  гендер 

хромосомаларда орналасады деген болжамды ұсынды. 

       IX  ғасырдың  бас  кезінде  негізінен  3  ғалым  Люсьен  Кенс,  Вильям  Бэтсон 

жəне  Вильем  Кастл,  Мендель  принциптері  тек  өсімдіктерде  ғана  емес 

жануарларда  да  байқалатынын  дəлелдеді.  1902ж  Вальтер  Сэттон  жəне  Теодор 

Бовери  біріне-бірі  тəуелсіз  Мендель  генетикасының  митоз  бен  мейоз 



 

процестерімен тығыз байланысын  атап айтқанда гендер мен хромосомалардың 



клетка бөлінуіндегі ажырауының ұқсастығын көрсетті. Гендер хромосомаларда 

шоғырланған деген болжам тек 1910ж эксперименттік дəлелге ие болды. Мұны 

атақты  американ  генетигі  Томас  Хант  Морган  жəне  оның  мектебі  дрозофила 

шыбынына  тəжірибелер  жүргізіп  анықтады.  Сонымен  қатар  олар  гендердің 

хромосома бойында тізбектеле орналасуын дəлелдеді.1925-1943ж.ж аралығында 

гендер  мен  хромосомалардың  сыртқы  факторлардың  əсерінен  өзгеріске 

ұшырайтындығы  дəлелденді.  Сонымен  Мендель  заңдары  қайтадан  ашылған 

1900 жылдан бастап 1953 жылға дейінгі кезең классикалық генетиканың дəуірі 

деп  аталады.  Осы  мезгілде  ген  тек  таза  теориялық  тұрғыдан  ғана  зерттелді. 

Қазіргі  заманғы  яғни  1953  ж  басталатын  жаңа  генетика  дəуіріне  тұқым 

қуалаушылық  құбылысын  молекулалық  деңгейде  зерттеу  тəн.  Жалпы  тұқым 

қуалаушылық  субстанциясының  химиялық  негізі  нуклеин  қышқылы  ДНҚ-ға 

байланысты екенін 1944 ж О.Эвери, Мак Леод жəне Мак Карти көрсеткен  

 

 



 

болатын.  1953  ж  ДНҚ  молекуласы  құрылымының  ашылуы  генетикалық 

зерттеулерді  молекулалық  деңгейде  жүргізуге  үлкен  серпіліс  берді.  50-60  ж.ж 

гендердің жұмыс істеу принциптері сондағы генетикалық кодтың концепциясы 

арнайы  жүргізілген  эксперименттер  арқылы  дəлелденді.  Ал  70-жылдардан  бері 

генді  химиялық  жолмен  синтездеу  жолдары  жəне  генетикалық  инженерияның 

теориялық жəне практикалық мəселелерін шешу мүмкіндіктерін зерттеу. 

    Генетиканың  зерттеу  əдістері.  Жоғарыда  организмнің  тұқым 

қуалаушылық 

жəне 

өзгергіштік 



қасиеттері 

молекулалық 

деңгейден 

популяциялық  деңгейге  шейін  зерттелетіні  атап  өтілді.  Зерттелетін  белгілердің 

тұқым  қуалауы  мен  өзгеруін  талдау  үшін  мал  генетикасында  мынадай  əдістер 

қолданылады. 

Гибридологиялық 

талдауда 

организмнің 

белгілері 

мен 

қасиеттерінің  тұқым  қуалау  заңдылықтарын  зерттеу  үшін  оларды  бір-бірімен 



 

будандастырып,  алынған  бірінші,  екінші  жəне  келесі  ұрпақтарға  талдау 



жүргізеді. 

Бұл 


əдісті 

чех 


ғалымы 

Г.Мендель 

қолданып, 

жетілтті. 

Гибридологиялық  əдіс  генетикалық  зерттеулерде  негізгі  əдіс  болып  саналады. 

Генеологиялық  талдау  бір-бірімен  белгілі  дəрежеде  туыстық  байлынысы  бар 

мал  тобына  шежіре  кесте  құрастырып,  онда  белгінің  тұқым  қуалауын  бірнеше 

ұрпақта  бақылайды.  Бұл  əдіс  ең  алдымен  адамның  жəне  малдың  тұқым 

қуалаушылығын 

зерттеуде 

қолданылады. 

Цитогенетикалық 

талдау 

хромосомалардың  саны  мен  құрылысын  жəне  репликациясы  мен  қызметін 



зерттеу  үшін  қолданылады.  Осы  əдістің  көмегімен  хромосома  құрлысының 

жəне  санының  өзгеруі  салдарынан  малда  əр  түрлі  генетикалық  аурулар  мен 

кемістіктер  дамитыны  анықталды.  Популяциялық  талдауда  белгілердің  тұқым 

қуалауын, өзгергіштік дəрежесін жəне олардың өзара байланысын анықтау мал 

тобында 

жүргізіледі. 

Əдіс 

негізінен 



математиканы 

қолдануды 

тірек 

етеді.Онтогенетикалық  талдау  организмнің  жеке  дамуында  геннің  əсерін 



зерттеу үшін қолданылады. Бұл əдістің көмегімен малды азықтандыру мен күту 

жағдайларының  өзгеруінің  гендерге  əсерін  бақылауға  болады.  Кейінгі  кезде 

малдың  тұқым  қуалаушылық  қасиеттерін  тереңірек  зерттеу  үшін  жалпы 

генетиканың 

басқа 

да 


əдістері 

атап 


айтқанда 

биохимиялық, 

иммуногенетикалық, физиологиялық т.б. əдістері қолданыла бастады. 

 

1. Тұқым қуалаушылықтың материалдық негіздері 

  

Клетка  –  тірі  организмдердің  негізгі  құрылымдық  бірлігі.  Клетканың 



генетикалық  информациясының    материалдық  негізін  цитогенетика  ғылымы 

зерттейді.  Клетка  күрделі  биологиялық  жүйе  оның  генетикалық  құрылымы  əр 

қилы  жəне  ол  клетканың  бас  компоненттерімен  тығыз  байланысқан. 

Организмнің  кез-келген  клеткасы  2  негізгі  элементтен  –  ядро  жəне 

цитоплазмадан тұрады.   

Цитоплазманың  құрамында  органоидтар болады. Олар: митохондриялар,  

рибосомалар,  лизосомалар, Голджи  комплексі,  эндомлазмалық   тор  жəне тек  

өсімдік    клеткаларында    ғана    кездесетін    пластидтер.  Клетканың    бұл  

құрылымдық    элементтерінің    əрқайсысының  өзіне    тəн  құрылысы    мен  

атқаратын  қызметтері  бар.  

Митохондрия.  Оның    пішіні    таяқша    немесе    түйіршік    тəріздес,  

ұзындығы    5-7  мкм    болып    келеді.  Оның    іші-сыртын  мембраналар    қаптап  

жатады.  Ішкі    мембранасында    криста    деп    аталатын  қатпарлар    болады.  Əр  

организмдегі клеткалардың түріне  қарай  митохондриялардың  саны  шамамен  

2-2,5  мыңдай  болады.    Митохондриялардың  негізгі    қызметі    клеткадағы  

заттардың    алмасуы    үшін    қажетті    энергенияның  қорын    жинақтайды.    Ал  

оның  көзі – мейілінше  энергияға  бай  қосылыс  АТФ. 


10 

 

Рибосомалар    негізінен    эндоплазмалық  тор    мен  ядро    қабықшасының  

сыртқы    қабатында    орналасатын    шағын    денелер.    Химиялық    құрамы  белок  

пен  РНҚ –дан  тұрады. Рибосомада  ДНҚ  мен  РНҚ –ның  қатысуында  белок  

синтезі  жүреді.  

Лизосомалар  –  сыртқы  липопртеидті    мембраналармен      қоршалған,  

диаметрі,  0,4  мкм-дей    бөлшектер.    Олардың    құрамында  клетканың    ішіндегі  

заттарды  ыдыратуға  қатысатын  ферменттер  жинақталады.  

Гольджи комплексін  ең  алғаш  рет  1898 жылы  Италия   оқымыстысы  К.  

Гольджи  тапқан,  сондықтан  ол соның  есімімен  аталады. Гольджи  комплексі-

мембраналар,    гранулалар    жəне    вакуольдерден    тұратын    күрделі    құрылым.  

Онда    заттар      алмасуы    процесінде    бөлінетін    жəне    клеткадан    сырқа  

шығарылуға    тиісті  ыдырау    өнімдері  –  секреттер,    кейбір    улы    заттар    т.б. 

жинақталады.  



Эндомлазмалық тор  цитоплазманы  торлап  жататын  əр  түрлі  ұзынды-

қысқалы    түтікшелерден        тұрады.    Ол  клетканың  ядросы    мен  бүкіл 

органоидтарын  бір-бірімен    байланыстырып    тұратын  заттардың    алмасу  

процесіндегі бірден-бір  реттеуші  жүйе  болып табылады.  

Цитоплазмадағы  аса  маңызды  органоид  жасыл  өсімдіктердің  барлық 

клеткаларында  кездесетін    пластидтер.    Ол  үш    түрлі    болып    келеді:  

фотосинтез    процесіне  қатысатын    жасыл    түсті    түсті    пигмент    хлорофилл   

түзетін  хлоропластар,    түссіз  –  лейкопластар    жəне    əр    түрлі    пигменттер  

түзетін  хромопластар. 

       Ядро  -  өзінің  хромосомаларымен  гендерінде  организмнің  негізгі 

генетикалық информациясын жинақтаған клетканың негізгі компоненті. Ядролы 

организмдер  көп  клеткалы  балдырлар  жануарлар  мен  өсімдіктер  жəне  бір 

клеткалы  балдырлар  мен  қарапайымдар  эукариоттар  деп  аталады.  Ядросы 

қалыптаспаған  организмдер  немесе  прокариоттар  деп  аталады.  Ядро  2  түрлі 

күйде  болуы  мүмкін:  тыныштық  –  интерфаза  жəне  бөліну  стадиясы  –  митоз 

немесе мейоз.  



жүктеу 0.9 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет