Ю. Г. Попов 1937 жылдың 27 қыркүйек айында Қарағанды қаласында дүниеге келген



жүктеу 64.21 Kb.

Дата05.06.2017
өлшемі64.21 Kb.

103 

2.Қазақстанның  қазіргі  заман  тарихы:  Жалпы  білім  беретін  мектептің 9-сыныбына 

арналған  окулық. 2-басылымы,  өңделген.  Жалпы  редакциясын  басқарған  тарих 

ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009.    

3. Сұлтан Хан Аққұлы. «Жебе» газеті, 10 қазан 2013 жыл. 

 

 



ӨЛКЕТАНУШЫ Ю.Г.ПОПОВТЫҢ «АЛАШОРДА» ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ 

ЖАЙЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ 

Алшынбаева М.А  

Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Өскембаев Қ.С  

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 

 

Юрий  Григорьевич  Попов  белгілі  саяхатшы  əрі  өлкеміздың  тарихын  зерттеген 



өлкетанушы. Бірнеше жылдар бойы Ю.Г Попов Орталық Қазақстанды зерттеумен жəне осы 

аймақтағы  қалашық,  елді-мекендердің  ашылуымен,сондай-ақ  өлкемізден  шыққан  атақты 

адамдарды зерттеумен айналысты. Ғалым өз зерттеулерінде басқа өлкетанушы ғалымдардың 

ұсыныстарын,  жергілікті  ақсақалдардың  көзбен  көрген  өсиеттемелерін,  архив  құжаттарын 

пайдаланды. Біз үшін өзіміз мекен етіп жүрген өлкенің тарихын білу азаматтық борышымыз. 

Ал  бұл  кезекте  біз  бағыт,  бағдар  беретін  өлкетанушы  ғалымдардың  зерттеу  жұмыстарына 

жүгінеміз.  Сан  ғасырлық  тарихы  бар  Сарыарқа  жерінің  ежелгі  тарихыннан  сыр  шертетін 

өлкетанушның  бірнеше  еңбектері  жарыққа  шыққан.  Бұл  мақаланың  маңыздалығы  биылғы 

«Алаш» қозғалысына 100 жыл толуына орай қозғалыс басшылары мен қозғалыстың талбесігі 

Қарқаралы  жайында  Ю.Г  Поповтың  зерттеп  қалдырған  ғылыми  мұраларымен  танысатын 

боламыз. 

Ю.Г. Попов 1937 жылдың 27 қыркүйек айында Қарағанды қаласында дүниеге келген. 

Мектепті  бітіріп 1955 жылы  Қарағанды  политехникалық  институтқа  түседі. 1960 жылы 

оқуын  бітіріп  тау-кен  инженері  деген  мамандықты  игеріп  шығады.  Мамандығы  бойынша 

1961 жылы 47-48 «Ленинуголь» шахтасында, 1961-1962 жж. ХМИ АН Каз.КСР-да инженер 

қызметін  атқарады. 1985 жылы  институттың  ғылыми  хатшысы  дəрежесіне  көтерілді. 

Техника ғылымдары кандидатына ұсынылды. 

Ю.Попов 70-тен  аса  жарыққа  шыққан  еңбектер  мен 60 ғылыми  қолжазбалардың 

авторы. Ал 1962 жылдан бастап Орталық Қазақстанның тарихын зерттеумен айналысты. Ол 

өлкетануға туризм саласы арқылы келді. Қазақстан жеріне саяхат жасау арқылы оның өлкені 

тануға  деген  қызығушылығы  оянады.  Сол  кезден  бастап  өлкетанушының  Орталық 

Қазақстанды зерттеудегі еңбектері жарық көрді. Атап айтсақ олар: «Свидание с Сарыаркой», 

«Каркаралинские  узоры», «Велосипедные  маршруты  по  Казахстану», «Их  помнит 

Сарыарка», «Дорога  на  Коунрад», «Волостные  управители  и  народные  судьи  (бии) 



Каркаралинского уезда»«Возвращение в Каркаралы», «Под небом Каркаралы: рассказы о 

знаменитых 

и 

рядовых 

исследователях 

казахских 

степей», «Каркаралы», 

«Каркаралинские находки»[1]. 

Ю.Г.  Поповтың 1992 жылдың 19-шы  тамыз  айындағы  «Центральный  Казахстан» 

газетінде  Əлихан  Нұрмұхамедұлы  Бөкейханның  туғанына 125 жыл  толуына  орай  жарық 

көрген «Наш земляк Алихан Букейханов» атты мақаласында Əлиханның қазақ қоғамындағы 

ақсүйектен шыққандығы жөнінде айтылады. Бұл қоғам өкілдерін тікелей шыңғыс ұрпақтары 

«төрелер»  екендігін  ескере  келіп  Əлиханды  Шыңғысханның 23 ұрпағы  етіп  көрсетті. 

Сарыарқа  жеріне  осы  əулеттен,  яғни  шыңғыс  тұқымынан  Түркістаннан  Қазақстанның 

орталығына 1748 жылы  келген,  көреген  саясаткер  Бөкейхан  делінген.  Сол  уақыттан  бастап 

біздің өлке төрелердің қоныстанған құтты шаңырағына айналды. Қазақ ғалымдары арасында 

жерімізге  «Сарыарқа»  деген  атауды  ұсынған  Əлихан  Бөкейхан  еді.  Попов  өз  мақаласында 

Əлиханның  жарық  көрген  еңбектері  мен  мақалаларын  тізбектей  жазып  «Сибирские 

вопросы»,  газеттерінде  «Иртыш», «Семипалатинский  листок», «Степной  край», «Казах» 

жəне 1910 жылы  Санк-Петербургте  жарыққа  шыққан (599 беттен  тұратын)  жерлесіміздің 

Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

104 

«Киргизы.  Формы  национального  движения  в  современных  государствах»  еңбектерін  өте 

жоғары  бағалайды. 1905-1907 ж.ж  Қарқаралы  уездінде  орын  алған  саяси  оқиға  тікелей 

Əлихан  Бөкейхан  есімімен  байланысты.  Қарқаралыда  жаңа  саяси  оқиға  орын  алып  елді 

дүрліктірді, ол осы жылы 17 қазандағы патша манифесіне Əлихан Бөкейхан бастаған топтың 

қарсылығы  жəне  де 15 қарашадағы  митинг  еді  деп  көрсетілген  өлкетанушы  құжаттарында. 

Уезд  басшылығына  қарсылығын  Б.А.  Оссовский  қалдырған  архив  құжаттарында 

Бөкейханның  «Степного  края»  мақаласында  деп  көрсеткен.  Кадеттер  партиясының 

бағдарламасына  көңілі  толмаған  Əлихан 1917 жылдың  шілдесінде  бұл  партиядан 

шығатындығын  жəне  Алаш  партиясын  құратындығы  жөнінде  мəлімдеген.  Ал 1937 жылы 

КСРО  жоғарғы  сот  пленумында  Əлиханды  айыпты  деп  танып  тұтқынға  алады.  Тек 1989 

жылдың 16 мамырында оған тағылған айыпты негізсіз деп жариялады. 

1487-қор.  Осы  қордағы 214-ші  істе  Ю.Г.Попов  А.Бөкейханның  өмірі  мен  қызметі 

жайында көптеген зерттеулер жүргізген. Онда «Энциклопедия Казахской ССР» 1991. 4 т. 625 

беттінде  Қазан,  Мəскеу,  Том,  Петербургқа  Орталық  Қазақстаннан  оқуға  аттанған 

студенттердің алғашқысы Əлихан деп жазылған. Петербургке Əлиханның артынан туысқан 

бауыры  Дінмұхамед  Сұлтанғазин,  Жақып  Ақбаев,  Əлімхан  Ермеков,  Мұхамедия  Оспанов, 

Нығымет Нұрмақов, Мұстафа Шантин, Əубакір Құрманов, Иман Əлібеков, Қапал Қайсақов, 

Манан Тұрғамбаев, Рахымбай Сапақов, Иманбек Тарабаев т.б барды делінген. 

Əлихан Бөкейханның жары орыс ұлтының қызы Елена Яковлевна Севостьяновна. Бір 

ұл,  бір  қызды  тəрбиелеген  екі  баланың  əкесі.  Ұлы  Үкітай  Бөкейханов  тау-кен  мамандығы 

бойынша  жоғарғы  білім  иесі.  Оның  қызметі  Жезғазған,  Сəтпаев  қалаларындағы  Қарсақпай 

комбинаттарында жұмыс істеді. Оның есімі қазақша аталғанмен геологтар арасында Сергей 

Алиханович  Букейханов  деп  аталынып  кетті.  Сергейдің  тағдыры  да  оңай  болмады  əкесінің 

соңынан  тұтқындалып,  Норильскке  кетті.  Тек  араға  көп  жылдар  салып  соғыстан  кейін 

Оралда  уран  өндіретін  жерде  директор  қвзметін  атқарған  өз  ісінің  шебері  сирек  кездесетін 

шикізат  көздерін  табуды  жəне  қазуды  жақсы  меңгергендіктен  директор  дəрежесіне  дейін 

жеткен.  Қызы  Лиза  мамандығы  бойынша  дəрігер,  медицина  ғылымдарының  докторы, 

профессор .Ұлы Отан соғысына шақырылған. 

Ю.Г. Попов өз мақаласының соңында Əлихан Бөкейхан мен жалпы қазақ ұлтына сол 

ХХ  ғасырдың  басында    тағдырдың  қаншама  азабы  мен  тозағын  корседе,қазақ  халхын 

тамыры  тереңге  жайылған  алып  бəйтерекке  теңеп  түбінде  тəуелсіздікке  қол  жеткізгені 

жайында  ой  қортындылап  мақаласын  аяқтаған: «..... Алихан  Нурмухамедович  Букейханов 

напоминает  могучее  дерево  над  которым  пронеслась  жестокая  буря.  Прошло  полвека  и 

свершилось  чудо.  Глубоко  спрятанные  в  земле  корни  дали  молодые  побеги.  Им  жить  и 

жить!» [2]. 

Ендігі  мұрағаттағы 1487-қор.  Осы  қордағы 224-ші  істе      Ю.Поповтың  Алашорда 

үкіметінің  белді  мүшелері  жайында  жарық  корген  мақалалары  жинақталған.ХХ  ғасырдың 

басында  түрлі  оқиғалардың  қасынан  табылған  Ахмет  Байтұрсынұлы  жайында  зерттеулерді 

жиі  кездестіреміз.  Ол  құжатта  А.  Байтұрсыновтың 1873 жылдың 15 қаңтарында  Торғай 

уезінде  дүниеге  келгенін,  Ауылдағы  молдадан  ескіше  оқып  сауатын  ашқанын,  жастайынан 

жетім  қалғандықтан  ағайындары  Торғайдағы  екі  кластық  орысша – қазақша  мектепте 

оқытқаны  жайлы  жазады.  Оны  аяқтағаннан  кейін  Ахмет 1891 жылы  Орынборға  келіп, 

мұғалімдер  əзірлейтін  қазақ  училищесіне  оқуға  түседі.  Оны 1895 жылы  тəмімдап, 

Қазақстанның əр түрлі уездерінде мұғалім болып істегені жөнінде мəліметтер бар. 

Сондай-ақ  онда 1905 жылғы  орыс  революциясының  идеясының  Ахметке  қалай  əсер 

еткені  жəне  сол  кездегі  оның  қызметі  туралы  кездестіреміз.  Онда  Қарқаралы  уезінде 

оқытушылық  қызмет  атқарып  жүрген  Ахметтің  патша  үкіметіне  қарсы  əлеуметтік – 

революциялық  жасырын  жұмыстарға  белсене  қатысқаны  жайлы,  бірақ  ел  ішіндегі 

сатқындардың  көрсетуімен 1909 жылы  тұтқынға  алынып,  Семей  түрмесіне  айдалғаны 

туралы да айтыла кетеді. А. Байтұрсыновтың Лермонтовтың стилінде жазған 

Қош сау бол, Қарқаралы, жуылмаған, 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У


105 

Айдай бер, қалса адамың қуылмаған, - деген ызалы кекесіні осы тұста дүниеге келген 

болу керек. 1910 жылға дейін ол Семей түрмесінде қамауда болып, артынан екі жылға басқа 

жаққа жер аударылады.  

Патша  үкіметінің  жазасын  өтеп  шыққаннан  кейін  А.  Байтұрсынов 1913 жылдан 

бастап,  Орынборда  «Қазақ»  атты  газет  шығаруға  белсене  қатысқаны  жайлы  өлкетанушы 

тілге  тиек  етеді. 1918 жылға  дейін  шығып  тұрған  бұл  газеттің  бетінде  жарияланған 

мақалаларында  А.  Байтұрсынов  патша  үкіметінің  отаршылдық  езгісінде  отырған  туған 

халқын оқуға, өнер – білімге, мəдениетке шақырады. Патша үкіметінің қазақтардың байырғы 

қоныстарын,  шұрайлы  жерлерін  тартып  алып,  ел  тынысын  бірден-бірге  тарылтып  бара 

жатқанына наразылық білдіреді. 

«Халықтар түрмесі» болған патшалық Ресейдің ұлттық аймақтарында, солардың бірі 

Қазақстанда  да  ақпан  революциясынан  кейін  ұлт – азаттық  қозғалысы  кең  етек  алды.  Сол 

замандағы қазақ зиялыларының басым көпшілігін қамтыған ұлтшылдық, елшілдік топ ішінде 

А.  Байтұрсынов  та  болды.  Репрессияның  қара  бұлты  бүкіл  ел  аспанын  торлап  тұрған 

заманда, 1937 жылы мерт болады. 

Қырағы  көңілі  қиядағыны  шолған,  Алаштың  біртуар  ғалымы  болған  оның  ересен 

еңбегін  бүгінде  исі  түркі  жұртшылығы  түгел  мойындап  жатыр.  Кезінде  ғылым  көгінде 

шамшырақ болып жанған аяулы жанды замана зобалаңы өз иіріміне батырып бақты.... Бірақ 

«Алмас кездік қын түбінде жатпас» дегендей əрбір алашордашы ұрпағына үлгі ретінде қайта- 

қайта  жарқырап  тірілуде,  деп  өлкетанушы  Ахмет  Байтұрсынұлының  қызыметін  жоғары 

бағалайды. 

Ендігі  кезекте  Юрий  Поповтың  Жүсіпбек  Аймауытов  жайында  жазған  мақаласында 

мынандай  сипаттама  берген  екен.  Ж.  Аймауытов  қазақ  поэзиясының  інжу – маржаны, 

аудармашы, педагог, драматург. Попов 1889 жылы «Южный» совхозы Баянауыл ауданында 

дүниеге келген жерлесі Ж. Аймауытовты ерекше мақтан тұтқан. Ж. Аймауытов Баянауылда 

бастауыш білім алып кейін Павлодар, Семейде ұстаздық қызмет саласында дəріс алған. 

1917 – 1919 жылдары  Ж.  Аймауытов  Ə.Бөкейханмен,  М.  Жұмабаевпен,  М. 

Дулатовпен,  М.  Əуезовпен  «Алаш  орда»  үкіметін  құруда  белсенді  жұмыс  жасады.  Олар 

өздерінің  «Абай»  журналын  шығарып  тұрған  жəне  редактор  қызметін  Ж.  Аймауытов 

атқарған. Журналда Ш. Ққдайбердіұлының, С. Торайғыровтың, М. Жұмабаевтың жəнеде Ж. 

Аймауытовтың  мақалалары  жарияланып  отырған.  Бұл  журнал  «Сарыарқа», «Жас  азамат» 

журналдарымен байланыс орнатқан.  

Кеңес үкіметінің орнауына байланысты Ж. Аймауытов 1920 жылдың қаңтарында РКП 

(б)  қатарына  алынады. 1926 жылдан 1929 жылға  дейін  Ж.  Аймауытов  Шымкенттегі 

педпгогикалық  техникумда  директор  қызметін  атқарады,  кейін  Жамбылда  осы  қызметке 

тағайындалады.  Дəл  осы  қызметінде  Ж.  Аймауытов  тұтқвнға  алынды.  Себебі  М. 

Жұмабаевпен бірлесе «Алқа» ұйымын ұйымдастырып, 1929 жылы осы ұйымның арқасында 

билікке  қарсы  шыққан  қазақ  ұлтшылы  деген  айдар  тағылып  екі  жылдан  кейін  атуға  үкім 

шығарылып қаза болған. 

Бұл мақаланы Ю.Г. Попов Қарқаралыға 1994 жылы 170 жыл толуына орай «Орталық 

Қазақстан»  газетінде  жариялап,  Ж.  Аймауытовтың  ғылыми  мұраларын  зерттеп  оның 

Қарқаралыдағы  қылған  еңбектерін  жоғары  бағалап  келешек  ұрпаққа  зерттеу  жұмыстарын 

жүргізуді ұсынған. 

Ю.Г. Попов талай жылдар – өлкеміздің тарихын, шежіресін, ұлт зиялыларын зерттеу 

жұмыстарын  жүргізіп,  əсіресе  өлкетануда  таңдай  қақтырар  еңбектер  жазған. 1994 жылдан 

бастап Санкт-Петербург қаласының тұрғыны болып есептелді. Ол Қазақстан жайлы Ресейдің 

əр  түрлі  ғылыми  орталығынан  əкелінген 100-дей  кітапты  жинақтаған.  Алашорда  туының 

астында тəуелсіздік жолында тізе қосып əрекет еткен қоғам қайраткерлерін алғашқылардың 

бірі болып зерттеген. 

Ю  Поповтың  еліміздің  алдында  істеген  жақсылық,  істерін  ерекше  ескеріп,  бағалай 

отырып,  оны  алыс-жақын  ағайындарға  кеңінен  таныстырып,  насихаттау  мақсатында,  оған 

2005 жылы Қарқаралы қаласының «Құрметті азаматы» деген атақ беріліуі өлкетанушы Ю.Г. 

Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

106 

Поповтың Орталық Қазақстанның жалпы Сарыарқаның сары даласын зерттеуде баға жетпес 

талай  шаруа  атқарғанын  көруге  болады. «Жақсының  жақсылығын  айт», - дейтін  біздің 

халқымыздың дана сөзі осындай істер атқарып жүрген Ю. Попов сияқты азаматқа өте лайық! 

 

Əдебиеттер тізімі: 



1.  Қарағанды  облыстық  мемлекеттік  мұрағаты  (алда  ҚОММ,  Ю.Г.  Поповтың 

жеке қоры, 1487 қ., 1 т., 1-5 пп. 

2.  ҚОММ 214 қ., 1т., 22-24 пп., 59-61 пп., 64-65 пп. «1992 жылықазақтың қоғам 

қайраткері,  ғалымы  Ə.  Бөкейханның  өмірі  мен  қызметіне  арналған  өлкетанушының 

жинастырған мақала, хаттары, сұхбат жазбалары». 

3.  ҚОММ 224 қ., 1т., 5-13 пп., 17-29 пп. «ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы А. 

Байтұрсынов,  М.  Жұмабаев,  Ж.  Аймауытовтардың  репрессияға  ұшырап,  атылғандары 

жөнінде жинастырылған мерзімді басылымдардан алынған мақалалар 1988-1992 жж.». 

 

 

«АЛАШ»- ТƏУЕЛСІЗДІК ЖАРШЫСЫ! 



Байғани Д.Н. 

Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Бимаканова З.Ш 



 

                                                         Көзіңді аш оян қазақ көтер басты, 

                                                         Өткізбей қараңғыда бекер жасты, 

                                                         Жер кетті, дін нашарлап, қал харам боп, 

                                                         Қазағым, енді жату жарамасты. 

                                                                                                         М.Дулатұлы 

Қазағым....Ұлтым....Ана  тілім....Дəстүрім....Иə,  бір  кездері  осынау  сөздерді  ауызбен 

айтқанда, дене ысып, жүрек сыздайтын заманның болғаны рас еді. Ұлтым деген ұлыларымыз 

өзгеге күн сəулесін шаша отырып, сол сəулеге өздері жанып кете баруы балашақ ұрпақтың 

қамы  үшін  еді.  Расында,  мен,  еліміздің  бүгінгі  күніне  қуаныш,  сеніммен  қарайтын  болсам, 

елімнің  өткен  тарихы,  жүректе  өкінішті  қалдырады.  Ұшқыны  жалын  атқан  қазақ  

ұлтшылдарының еңбегі қазақ халқы арасында елеусіз қалмайды. Тарихқа көз жүгіртсек, бір 

замандар  қазақ  үшін  қиын  өткелдер  болатын  болса,  бір  кездері  қазақтың  өркендеу  дəуірі 

болып жатты. Сол секілді, ел дегенде-езіле, жұрт дегенде-жұмыла кіріскен тұлғаларымыздың 

бастамасымен  бой  көтерген,  Алаш  партиясы  да,  қиын  заман  тарихында,  қазақ  ұлттының 

жарық  аспанына  айналған  болатын.  Бүгінде  тарихи  сананы  қалыптастыруда  мемлекеттің 

концепциясында бұл өзекті мəселе. Осыған байланысты «Отан тарихының тағлымдары жəне 

Қазахстан  қоғамының    қайта  жаңғыруы»  атты  ғылыми  сессиясында: «Үшінші 

мыңжылдыққа  аяқ  басарда  бізге  өткен-кеткенімізді  қайтадан  сараптамасқа  жағдай  жоқ. 

Өйткені,  тарихи  жадымызды  қалпына  келтіріп,  тағдырымызды  қайта  таразылау 

тəуелсіздігіміздің мəн-мағынасын ұғындыра түседі. [1.-3 б.]  

Алаш  партиясы-қазақтың  тұңғыш  ұлттық-демократиялық  партиясы.  Жалпы  қазақ 

зиялылары  қоғамдық  сұранысқа  сай  партия  құру  əрекетін  бірінші  орыс  революциясы 

жылдарында қолға алған. Өйткені, бұл соғыстың екпіні мен  дүмпуін қазақ, қырғыз сияқты 

Ресей империясының отарлық қанауға ұшыраған халықтары көрді, күйзелді.  Дүние жүзлік 

соғыстың  қазақ  халқына  жəне  тұтастай  алғанда  Қазақстанға  тигізген  зардабы  ұлттық-

демократиялық партияның құрылуына ықпалын тигізді. Алайда, жалпыұлттық саяси партия 

құру  əрекеті 1913 жылы  бой  көрсетеді.  М.Сералиннің  басшылығымен  «Айқап»  журналы 

төңірегінде  топтасқан  зиялылар    өзекті  қоғамдық  мəселелерді  талқылап,  белгілі  бір 

бағдарламалық  тұжырымдарға  келу  үшін  жалпықазақ  сьезін  шақыру  жөнінде  бастама 

көтереді. Бірақ қазақ даласында орнаған қатаң əскери-отарлық тəртіппен есептесуге мəжбүр 

болады.  Бірақ  Саясы  партия  құру  үшін  қажетті  алғышарттар 1917 жылы  Ақпан 

революциясынан кейін ғана қалыптасқан болатын. 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал