Впрочем, это был не совсем театр. Это было настоящее



жүктеу 0.77 Mb.
Pdf просмотр
бет5/7
Дата14.09.2017
өлшемі0.77 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Пікірсайысшылар

қаласынан  М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ-дың  Ақиқат  ЖҚБ-ның 

пікірсайысшылары  қатысып,  керемет  нәтижелі  тәжірибемен 

оралды.  Алғашқы  4  іріктеу турынан  40  команда  арасынан  6-шы 

орынға табан тіреп,  жартылай  финалға өткен  болатын.  «Мерген 

шәкірттері»  фракциясының  құрамында  М.  Өтемісов  атындағы 

БҚМУ-дың тарих, экономика және құқық факультетінің,  аймақтану 

мамандығының  2-курс  студенті  Шайқы  Ақерке  және  педогогика 

факультетінің,  педогогика  және  психология  мамандығының

2-курс студенті  Курмангалиева  Назерке  болды.  Республикалық 

турнир  барысы  3 тілде  өтті,  ойында талқыға түскен  тақырыптар 

х а л ы қа р а л ы қ   ұйы м дар,  ол ар ды ң  б ү гін гі  қ ы зм е тте р і  мен 

нәтижелері,  Қазақстанға  ықпалы,  миграциялық  саясат,  қарттар 

үйі,  феминизм  мәселелері  аясында  болды.  Кеншілер  қаласына 

жасалған  сапар  сәтті  нәтижелермен  аяқталды.

Алғаш  рет  Қарағандыға  жол  салған  батыс  пікірсайысшы 

қыздары осы турнир арқылы  Қарағанды  мен Оралдың арасында 

үлкен көпірдің орнағанын және сол көпірдің келесі жолаушылары 

ретінде  күтетінін  жеткізіп,  достық  ықыластарын  білдірді.  Үздік 

ж астар  қозғал ы сы н ы ң   көшін  бастап  ж үр ге н   әр  айм ақты ң 

үздіктерімен бірге бақ сынасып, үздік атанудың өзі үлкен жетістік. 

Осындай көшбастаушы жастарға мектеп болып, тәрбиелей жүріп, 

жетістікке  жетелеген  БҚО,  Ақиқат ЖҚБ  пікірталас  орталығының 

төрағасы  Мерген  Қуанышұлына  айтар  алғысымыз  шексіз.  Кіл

жүйрікте,  кім  жүйрік  заманында  «Сен  тұр,  мен  атайын!»  деген 

жастарды тәрбиелеп,  қоғамға  қосу  Қазақстанның жарқын  бола- 

шағының бір  кепілі десек те  болады.  Пікір айта  білу,  шешім таба 

білу- жеке тұлғаға тән,  белсенді  қоғам талабы.  Елінің әр жерінің 

тұтқасы бола алатын пікірсайысшылар ортасы, бүгінде жаңа даму 

кезеңіне жетіп,  шарықтау  шегіне  аяқ басуда.  Жемісті  нәтижелер 

мен  ж еңісті  сәттерді  көрсетуге  БҚМУ-дың  А қиқат  Ж ҚБ-ның 

пікірсайысшы жастары әркез дайын.  Күш бірлікте! Бірлік еңбекте!



А қерке Ш АЙҚЫ ,

аймақтану мамандығының 2-курс студенті

Қытымыр  қыс  пен  сықырлаған  сары  аяз  да  кетіп,  айнала 

бусанып,  қар еріп,  таудан  аққан  бұлақтың қыздың  күлкісіндей 

сыңғырлаған даусы,  қиқулаған қаздардың жағымды үні естіліп, 

тылсым табиғат түрленіп, жер ананың жайқалып,жасыл баққа 

орануы,  бейне  бір  жерге  қызыл  кілем  төсегендей  жайқалып 

өскен  қы зғалдақтар  мен  бәйш еш ектердің  көз  тартарлық 

бейнесі қандай әдемі десеңші?! Көктем келсе, күннің көзі бейне 

бір  кіршіксіз  таза  сәбидің  күлкісіндей  барлық  айналасына 

нұрын  шашып,  мейірлене  күліп тұрғандай  сезіледі.  Таңертең 

ұйқы ды н  тұрған д а,  бетіңе  анаңны ң  жылы  алақаны ндай 

сезілетін, күн нұрын шашып тұрғанға не жетсін! Далаға шықсаң, 

балалардың асыр-салып ойнаған даусы, төлдердің жайлауда 

жайылып,  құлындардың ойнақтағаны,  адамдардың бір-біріне 

деген  мейірімділігі,  ақ пейілдері  мен  махаббатарын  көргенде 

жұмақта өмір сүріп жатқандай сезінесің. Осы мезгілде көптеген 

мейрамдар  аталып  өтіледі.  Көктемнің  бастапқы  күнінде  бізге 

әркез  медеу  болған,  кішкентайымыздан  мәпелеп  өсірген,  ақ 

сүтімен әлдилеген, бойдағы барын берген аяулы аналарымыз 

бен  нәзік  жанды  қыздардың  мерекесі.  Кейін  көктемнің  22- 

сі  күні  күн  мен  түннің  теңелетін  уақытында  Наурыз  тойын 

тойлайды.  Бұл  мерекеде  Наурыз  көже  жасалып,  адамдар 

барлық  реніштерін  ұмытып,  төс  қағысып  бір-біріне  жақсы 

сөздер  айтады.  Ат  шаптырып,  алтыбақан  ойнап,  асық  атып, 

әсем  ән  салып,  күмбірлеген  күй  тартып,  қазақтың  ұлттық 

кимін  киіп,  сыңғырлаған  шашбау  тағып  мың  бұралып  билеп, 

айналадағыларына жақсы  шырай таратып,  мәре-сәре  болып 

шуласып Наурыз тойын қазақы дәстүрмен тойлап өтеді.  Көктем 

мезгілі  осындай  ерекше  мейрамдармен тойланады.

«Махаббат та,  мейірім  шапағат та,

Барлығы  да  көктемнен  басталады  -д е м е кш і,  көктем 

ерекш е  бір  м а хаб б атты ң  м е згіл і  секіл д і.  Түннің  самал 

желінде далаға  шығып саябақтарда жүрсең,  қол ұстасқан  қос 

ғашықтарды  көресің.  Ғашықтардың  бір-бірімен  сырласып, 

қимастықпен  мейірлене  қараған  көздері  сол  саябақты,  тіпті 

бүкіл  әлемді  шексіз  махаббатқа  толтыратын  секілді.  Осы 

мезгіл  бәріміздің жанымызда  ерекше  оқиғалармен,  қызықты 

уақыттармен  мәңгі  сақталады.

Көктем,  сені  қалай  асыға  күтетінімізді  білсең ғой,  шіркін?!

Р ы скүл   ТҰРСЫНҒАЛИҚЫЗЫ,

педагогика факультеті,  Пимно/п -23 топ студенті

Қалалиқ пікірсаиис турнирі

«Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі - қолбасшылық, екіншісі - шешендік өнер» - деп ұлы  шешен-ділмар 

М.Т.Цицерон  айтып  кеткендей,  қазақ  халқында  шешендік  өнер-атадан  мирас  болып,  алтын  баулы  желісі  үзілмей  келе 

жатқан  ардақты  өнер.

«Жас Отан» Ж астар қанаты  Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен  «БҚМУ «Ақиқат»  пікір-талас 

орталы ғымен» бірлесіп,  М.Өтемісов атындағы  БҚМУ ғимаратында жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студент 

жастары  арасында  конститутциялық реформаларды  насихаттауға арналған  қалалық пікірсайыс турнирі  өтті.

П ікір с а й ы с қа   М .Ө тем ісов  аты ндағы   БҚМУ,  Ж ә ң гір   хан

атындағы  БҚАТУ,  Ж.  Досмұхамедов  атындағы  педагогикалық 

колледж,  Батыс Қазақстан  мемлекеттік медициналық колледж 

бойынша жалпы 9 фракция қатысып,  іріктеу кезеңдерінен сүрін- 

бей  өткен  «Мерген  шәкірттері»  (Шайқы  А.,  Курмангалиева  Н.) 

мен «Enterpriser» (Тұрлыбай Е., Тұрсұнғалиев Н.)  командалары 

финалдық ойында өз бақтарын  сынады.  Ойын  барысында «БП 

Қазақстан  Р еспубликасы ны ң  билік  ж үй е сін ің   парлам енттік 

-  президенттік  басқаруы ны ң  тиім ді  жүйесін  ұсынады»,  «БП 

Әлеуметтік желіні алмастыратын жаңа бағдарламаны ұсынады»

секілді  тақы ры птары   ойналып,тың  идеялар  мен  ұсы ныстар 

тыңдалды.

Турнир қорытындысы бойынша «Enterpriser» фракциясы айқын 

басымдықпен жеңіске жетті,  екінші орынды «Мерген шәкірттері» 

фракциясы,  ал үшінші орынды  «Айтұмар» фракциясы  иеленді. 

Турнирдің  үзд ік  төреш ісі  Ш арипов  Сәкен,  ал  үзд ік  спикері 

А м а л о ва  С ы м бат  ж е ң ім п а зд а р ға   арнайы   сы й л ы қта р  мен 

дипломдар табыстады.

А л ин а МАМЕДОВА,

Филология факультеті,  ИЯ-23 топ  студенті


Т о^у

№3 (929) 31  наурыз 2017 жыл



П едаго ги ка  ф акультетінд е  18  наурыз 

күн і  п е д а го ги к а   ғы л ы м д а р ы   б о й ы нш а 

м а г и с т р а н т т а р д ы ң   у н и в е р с и т е т іш іл ік  

о л и м п и ад асы   о зд ы р ы л д ы .  М .Ө тем ісо в 

а т ы н д а ғ ы   Б Қ М У   п е д а г о г и к а   ж ә н е  

п с и х о л о ги я   к а ф е д р а с ы   о л и м п и а д а н ы  

ұ й ы м д а с т ы р у ш ы с ы   б о л ы п   та б ы л д ы . 

Университетішілік олимпиада өту барысын- 

да  мына  негізгі  қағидаларды  басшылыққа 

алды қ:  аш ы қты қ;  д и н ам и кал ы қ;  в ариа- 

ти втіл ік;  с е р ікте с тік  өзара  әр екеттестік; 

ғылымилық; шығармашылық тәсіл; барлық 

қатысушылар үшін  шарттардың бірдейлігі.

Университетішілік олимпиаданың мақсаты: 

ашық ғылыми-білім  кеңістігін  құруға  көмектесу 

жолымен  педагогикалық ғылымдар саласында 

таланты  жас  зерттеуш ілерді  айқындау  және 

ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындауды 

жетілдіру.

Университеттегі  жоғары  оқу  орындарының 

п е д а г о г и к а л ы қ   м а м а н д ы қ т а р   б о й ы н ш а  

магистратурада  білім  бағдарламасын  жүзеге 

асыратын құрылымдары бір ғылыми мамандық 

бойынша 5 адамнан көп емес команда қатыстыру 

құқығына ие болды. Сондықтан бұл олимпиадаға 

3  ком анда  өз  ұсы ны сы м ен  қаты сты .  Олар 

ж араты л ы стану  ф акультетінен  «Индивид», 

физика-математика  факультетінен  «Комета» 

және  п е д а го ги к а   ф а ку л ь т е т ін ің   « Ізд е н іс»  

командалары.  Командалар  құрамы  2-5  адам- 

ның  арасында  болды.  Олар  университетішілік 

о л и м п и а д а н ы ң   б а й қа у л а р   б а ғд а р л а м а с ы  

бойынша  5  кезеңнен  өтті.  Бірінш і  кезең-үй 

тапсырмасы:  «Бала деп соққан жүрегі:  мұғалім- 

дер тағдыры» тақырыбы бойынша  командалық 

шағын  зерттеу  нәтижесін  презентациялады. 

Бұл  к е з е ң д е   м а ги с т р а н т т а р д ы ң   з е р тт е у  

тақы ры бы   бойынша  зерттеу  аппараты   мен 

мазмұнының дұрыстығы,  қол жеткізген  нәтиже, 

жобаны ұсынуы, ғылыми білімді  меңгеру тәсілі, 

шығармашылық,  командада  жұмыс  істей  білуі 

бағаланды.  Өткізу форматы  мен  регламенті: 



байқау тапсырмалары «Pecha-kucha» үлгісінде

жүрді.  М агистранттар  үй  тапсы рм асы на  өз 

танымдары бойынша дайындалып,  бір  мұғалім 

тағды ры нан,  ел  м ұ ға л ім д е р ін ің   тағды ры на 

дейінгі  мәселелерді  қозғады.

С о н д а й - а қ   о л и м п и а д а   б а р ы с ы н д а  

м а ги с т р а н т т а р д ы ң   ғы л ы м и   х а б а р л а м а н ы  

қаншалықты деңгейде жасайтындығы, мақалаға 

сын  пікір  жазу  б іл ігі,  п ікіртал ас  мәдениеті, 

ғылыми  ой-өрістері  бағаланды.  Қатысушылар 

олимпиаданың әр кезеңінде өз зерттеу тақырыбы 

бойынша  білім  өрісі  және тереңдігін,  дербестік 

пен  даралығын,  дәйектілік  пен  сауаттылығын, 

ұстанымды дәлелдеу, көпшілік алдында сөйлеу 

мәдениетін, педагогикалық зерттеудің ұғымдық- 

терминологиялық аппаратын меңгеруін көрсетті.

Университетішілік олимпиаданың форматы 

командалық жұмыстан  зерттеушілік дағды  мен 

әдіснамалық мәдениетті көпшілік алдында жеке 

демонстрациялауға  дейін  құбылып  отырды. 

Әрине,  өз  идеясының  саралы ғы   мен  кәсіби 

даярлық аймағында білімдерінің айқындығымен, 

жүйелілігімен әділ қазылар алқасының назарына 

ерекше  көзге  түскен  м агистранттар  болды. 

Оған:  педагогика  факультетінен  А.Муканова, 

О.Панищева,  жаратылыстану  факультетінен

С.Шукранова,  физика-математика  факультеті- 

нен  А.Диханбай,  Н.Ержанованы  атап  айтуға 

болады.

Университетішілік  олимпиаданың  қазылар 



а л қ а с ы   қ а т ы с у ш ы л а р   е ң б е гін ,  ұ с ы н ға н

м а т е р и а л д а р ы н ы ң   с а п а с ы н   б а ғ а л а д ы , 

қ о р ы ты н д ы с ы н   ш ы ға р а д ы ,  о л и м п и а д а н ы  

өткізудің  осы  тәртібіне  сәйкес  жеңімпаздарды 

а н ы қта д ы .  У н и в е р с и т е т іш іл ік   о л и м п и а д а  

жеңімпаздары 1-дәрежелі дипломмен «Индивид» 

(ж а р а ты л ы с т а н у   ф а ку л ь т е т і),  2 -д ә р е ж е л і 

дипломмен  «Ізденіс»  (педагогика  факультеті),

3-д әр еж елі  диплом м ен  «Комета»  (ф изика- 

математика факультеті) марапатталды. Ерекше 

көзге  түскен  м агистранттар  республикалы қ 

д е ң ге й ге   ж о л д а м а   ал ды .  Р е с п у б л и ка л ы қ 

деңгейдегі  м агистранттарды ң  олимпиадасы 

еліміздің іргелі жоғары оқу орны Абай атындағы 

Қазақ  ұлтты қ  университетінде  10  -   12  сәуір 

аралы ғы нда  өтеді.  Университетім іздің  туын 

желбіретіп баратын командаға сәттілік тілейміз.

Ғылым мен шығармашылықтың рухы билік 

еткен  олимпиада  м агистратура  деңгейінде 

білім  алушы  жастарды ң  ғылыми  іс-әрекетке 

м о т и в а ц и я с ы н   д а м ы т ы п ,  о р ы н д а л а т ы н  

ғылыми  зерттеудің  маңызын  жете  түсінуіне 

ж ә н е   ө з ін ің   к ү ш ін е   с е н ім ін   к ү ш е й т у г е  

к ө м е к т е с е   о т ы р ы п ,  б о л а ш а қ   ғ ы л ы м и -  

п е д а го ги к а л ы қ   ка д р л а р д ы   д а й ы н д а у д а ғы  

түйткіл ді  мәселелерді  айқы ндауға  мүмкіндік 

берді  деп  айта  аламыз.

Ж. С.ИСМАГУЛОВА,

Педагогика және психология кафедрасының 

аға  оқытушысы,  магистр

А Л Ғ Ы С   А Й Т У   -  

р и з а ш ы л ы қ т ы ң   б е л г і с і

Алғыс айту күні тарихта алғаш рет 1621 жылы 

ағылш ындық  колонистердің  бастамасымен 

тойланды.Қыс мезгілі өте ауыр болып,адамдар 

аштыққа  ұшырағандықтан  губернатор  Уильям 

Брэдфорд  қол  астындағылардың  көңіл-күйін 

көтеру  үшін  «Алғыс  айту»  күнін  белгілейді. 

Айналадағы  басқа  көршілер  де  бұл  дәстүрді 

жылы қабылдап, осылайша олар қаһарлы қысты 

аман-есен өткереді.

Кейіннен,1789  жылы  Джордж  Вашингтон 

Р ахм ет  айту  күнін   «Ұ лтты қ  м ереке»  деп 

жариялайды.Бұл  күні  барлық  отбасы  міндетті 

түрде дастарқан басына жиналып,туыстарына 

ж а қсы л ы қ  ж асауға  асы ғады ,  ж а қы ндары н 

қуанту  үшін  түрлі  тосы н  сы йлар  да  ойлап 

т а б а д ы . Қ а л а д а ғы   м е т р о л а р д а   е р е кш е  

үстел дер  орнаты лы п,ад ам д ар  ақш а,азы қ- 

түліктерін  қайырымдылыққа  әкеліп  қояды.  XVII 

ғасырдан  келе жатқан  әр түрлі  киімдерді  киген 

тұрғы ндар  шеруге  шығып,думанды  кештер 

ұйымдастырады.

Біздің елімізде Қазақстан Республикасының 

Президенті  Н.Э.Назарбаев  2016  жылдың  14 

қаңтарында  өз  жарлығымен  жаңа  мерекенің 

енетінін  жариялады.  Қазақстан  халықтары 

Ассамблеясының  XXII  сессиясында  Елбасы 

осынау  мейрамды  Қазақстанда  жыл  сайын 

атап  отыруды  ұсыныс  етті.  Сөйтіп  1 наурыз 

«А л ғы с   а й ту »   кү н і  Қ а з а қ с та н   х а л ы қт а р  

Ассамблеясының  құрылған  күнімен  тұспа-тұс 

келді.  Бүгінде  елімізде  бұл  күн  өз  нәтижесін 

көрсетуде.  «Әлеуметтік  педагогика  және  өзін- 

өзі  тану  мамандығы»СПМ-21  топ  студенттері 

өз  белсенділіктерімен  «Алғыс  айту»  күніне 

арналған қабырға газетін безендіріп, тақырыптық 

сабақта алғыс айтудың маңыздылығы жөнінде 

өз  ойларын  ортаға  салып,  ойын-тренингтер 

арқылы  бір  -  біріне  жақсы  тілектер  айтып,  өз 

ризашылықтарын білдірді.

Алғыс  айта  білу  әр  адамның  парызы.  Ең 

бастысы  -  алғы с  әр  адамда  адамгерш ілік, 

қайы ры м д ы л ы қ,  м е й ір ім д іл ік,  сы й ла сты қ 

тәрізді  қасиеттердің қалыптасуына жол  ашып, 

мейірімділікке жетелейді.

Ақгул АЛИЕВА

,

педагогика факультеті,  әлеуметтік 



педагогика және өзін-өзі тану мамандығы,  2-курс 

СПМ-21тобының студенті

«Сен  де  бір  кірпіш  дүниеге,  кетігін  тап  та  бар  қалан»  демекші,  мектепті  аяқтаған  соң  , 

үкілі үмітіміз  бізді Орал  қаласына әкелді. Ақтөбе,  Маңғыстау, Қызылорда, Байқоңыр және 

өз  облысымыздың әр  қилы  аудандарынан  жиналып  келіп,  білім  нәрімен  сусындауға Ақ 

Жайықтың төріндегі, Махамбет баба атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 

студенттері атандық.Үйден жырақтап, өзге қаладағы өзге жандардан жылулық іздеген бала 

көңіліміз құлазып жүргенде, Ақмарал апайдай ұстаздың мейіріміне бөлендік.Университетке 

келген күннен бастап, бар назарын бізге салып, күн-түн  демей хабарласып, жағдайымызды 

сұрап, жатақханамы зға дейін  келіп, хал жағдайымызды үнемі сұрайтын Ақмарал  апайдай 

анамы здың қамқорлығы  не деген  пәк десеңізші...

16  құлынын  қанатының  астына  алып,  тәрбие  мен  білімді  санамызға  сіңіріп,  өмірде 

өз  орнымызды  табуға  ниеттес,  тілектес  анамыздай  болған  кураторымыздың  10  ұлы,  6 

қызы бар. Олардың әрбіреуі ерекше  қасиеттерге  ие. Алғашқы  күннен бастап топқа басшы 

болып,  староста  қызметін  ала  білген  Секер  бәріне  жанашыр,  адал  дос  болып  келеді.Топ 

үнемі  Секермен  мақтанып  оты рады .Олай  дейтінім,  Секер  -  ф акультетім іздің  белсенді 

студенті,еңбекқорлығымен көзге түсіп, аппақ ниетімен, пәк көңілімен топты бастап жүретін 

жанашырымыз.Сабағын тыңғылықты орындап, уақытты ұқыпты пайдаланады. Оқу үлгерімі 

өте жақсы.Мамандық игеруге деген  қызығушылығы  өте жоғары дәрежеде.

Университет қабыргасинан 

БІФ УЗІҚСЫФ

Топ  студенттері  ақындықтан  да  құр  алақан 

емес.  Қолдары   қалт  еткенде  кураторы мы з 

Ақмарал  Қонысқызы  мен  топтың  әр  мүшесіне 

арнау өлеңдерін де шығарған болатын, солардан 

үзінді  келтірсек:

Студенттердің арманы аппақ нұрдай,

Бар тілегі  қашанда жақұттардай.

Сол жақұттың ордасына  ие болған, 

А қ м а р а л   Қ о н ы с қ ы з ы   -   т о п т ы ң   б и ік  

қорғаныңдай.

Иваға:

Сабағын да  меңгерген,

Жақсы оқуды жөн  көрген.

Ата-анасы  Иваға,

Әдемі есім тең көрген.

Асланға:

Әрдайым сабаққа  келетұғын,

Үнемі  көңілді  боп жүретұғын.

Тобымыздың қарапайым жігіті ғой, 

Барлығымыз арқа  сүйеп сенетұғын.

Аңсарға:

Еңсесін биік ұстап тік көтерген,

Біздің Аңсар тобымызға  сай  келген 

Сабаққа  келсе болды бұл студент 

Мақтар ем апайларға егер де  мен.

Шынарға:

Форттан  келген  Шынардың,

Облысы оның Маңғыстау. 

Келің,  кетің дегені 

Естіледі  қызықтау.

Аянға:

Сабақтан еш қалмайтын,

Аян дейтін жігіт бұл.

Үнемі  бестік алғанда,

Ол  көңілден  шығып жүр.

Елебекке:

Салмаймын деп суретті , 

Қырсығатын бар бізде.

Салса егер суретті,

Қатырар  Елебек өзі де.

Наркенге:

«Не  ма? »,  « азанда» дегенді, 

Есітіп жүрміз әлі де. 

Қалмаймын деп  Оралда, 

Айтады ол бәріне.

Ж ігіттердің тарланы, 

Қыздардың ол арманы.

Ал сабаққа  келгенде,

Күтіп  қалар қалғаны.

Алтынбекке:

Сабаққа  мүлдем  келмейтін, 

Алтынбек деген жігіт бар. 

Сабақты дұрыс оқыса, 

Әжептәуір ойы бар.

Секерге:

Группаның жүрегі,

Әркез шауып жүреді.

Секер біздің бәріне,

Өзі үлгерер үнемі.

Ергенге:

Көзінде оты жанған  нұрлы адам, 

Көргенде  группа онымен ажарланған. 

Группаны  құрметтеп  келеді ол,

Ерген біздің жүзі жарқын  қызық адам.

Елдосқа:

Елдос біздің бір айтса,

Айтқанынан  қайтпайтын.

Әрқашанда  иә,  иә деп,

Жоқ деп жауап айтпайтын.

Арайлымға:

Не зат деп айтпаңдар дейді,

Аралдың қызы Арайлым.

Ренжідім деп айтса да,

Ашуы тез тарайтын.

Әділетке:

Сабақты оқи  бастады,

Жүрісті артқа тастады.

Әділет біздің көңілді,

Кекілі  қысқа  шаштары.

Гаухарға:

Даусы ұяң әдемі.

Құлпырған әсем әлемі 

Гаухар жиі сабаққа 

Келіп жүрер үнемі.

Акнурға:

Билейді әсем айнала,

Көркіне ақылы сай ғана.

Ақнұр біздің әдемі 

Сөйлейді өзі жай ғана.

Арманға:

XXI ғасырдың болашағы,

Келешекке сендей жас жол ашады, 

Экономикаға өз үлесін  қосатын 

Мемлекеттік қызметкер ол болады.

Міне,  менің  тобым  -   ең  асыл  жандардан 

құралған  топ.16  тілек  тоғысқан  топ,  16  арман 

орындалған  топ,  16  маман  дайындалар  топ. 

Ең  бастысы,  он  алтысы  бір-бірінен  ажырамас, 

қадір-құрметті  қасиет санайтын  бауырмал топ. 

Үш  жыл ішінде бір-бірімізге бауыр басып қалдық.

Өмірдің азды-көпті сынап қалар тұстары көп 

екен.Сол  уақыттарда  қасыңнан  табылар,  қол 

үшін  созып,  демеу  көрсетер тобыңның барына 

риза боласың.

Секер КУШКИНОВА,

тарих,  экономика және құқық факультеті, 

мемлекеттік және жергілікт і басқару 

мамандығының 3-курс студенті


№3 (929) 31  наурыз 2017 жыл

11

Қуқықтық  пэндер  кафедрасының 



қалыптасуы  мен  дамуы

14 наурыз -

Қазаңстанныц Батыс аймағына тэн көрісу күні



К ө р іс у   (М а ң ғы с т а у   ө ң ір ін д е   А м а л   м е р е к е с і  д е п   а т а л а д ы )  -  Қ а з а қ с т а н н ы ң   Б а т ы с   ө ң ір і  ж ә н е   Р е с е й м е н  

ш е к т е с е т ін   а й м а қ т а р д а  с а қ т а л ғ а н   к ө н е  д ә с т ү р .  О сы   м е й р а м н ы ң   ш ы ғу  т ө р к ін і т у р а л ы   М .Ө т е м іс о в  а т ы н д а ғы  

Б а т ы с   Қ а з а қ с т а н   м е м л е к е т т ік   у н и в е р с и т е т ін ің   д о ц е н т і,  т а р и х   ғ ы л ы м д а р ы н ы ң   к а н д и д а т ы   Ж а ң а б е к  

Ж а қ с ы ғ а л и е в   б ы л а й ш а   ә ң гім е л е п   б е р д і.

Кафедраның негізі тарих және құқық факультетінде « Құқықтану» 

мамандығының ашылуымен байланысты 1997 жылы қаланды.

1999  жылдан  бастап  құқы қты қ  пәндер  кафедрасы  қайта 

құрылып, мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы(меңгерушісі -  

т.ғ.к, доцент Ә.С.Тасмағамбетов) және арнаулы құқықтық пәндер ка­

федрасы (меңгерушісі -  доцент Б.З.Шалтаев) ретінде екіге бөлінді.

2003  ж ы лы   м е м л е ке тт ік -қ ұ қы қ ты қ   пәнд ер  каф едрасы  

«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы» атауына 

ие  болды,  арнаулы  құқықтық  пәндер  кафедрасынан  Азаматтық 

құқық және іс жүргізу кафедрасы (меңгерушісі -  з.ғ.к, аға оқытушы 

Жанабилов)  мен  Қылмыстық  құқық  және  іс  жүргізу  кафедрасы 

(меңгерушісі -  аға оқытушы  П.М.Мусин) бөлініп шықты.

2005  жылдан  бастап  мамандықтың  қажеттіліктеріне  байла­

нысты мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы өз 

атауын қайта өзгертіп, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы 

және  конституциялық  құқық  кафедрасының  меңгерушісі  -   т.ғ.к. 

Р.С.Мажитов болды.

2008  жылы  ҚР  Білім  және  Ғылым  министрлігің ұсынысы  не- 

гізінде барлық үш кафедра біріктірілді және 2008 жылдың маусы- 

мынан бастап біріктірілген заң пәндері кафедрасының меңгерушісі

-   з.ғ.к,  аға  оқытушы  С.К.  Есетова  тағайындалса,  2010  жылдың 

қаңтар айынан  күні  бүгінге дейін аталмыш қызметті т.ғ.к.,  доцент 

Л.С.Серикова атқаруда. Қазіргі  таңда  кафедра «Құқықтық пәндер» 

кафедрасы деп аталады.

М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік универ- 

ситетінде  құқықтанумамандығының негізі  қаланған  1998 жылдан 

бастап  3000-нан  астам түлек бітірген.  Олардың көпшілігі  маман- 

дығы бойынша қызметке орналасқан. Бітіруші түлектерінің қызмет 

аясы  мемлекеттік  және  коммерциялық  құрылымдардағы,  құқық 

қорғау органдарындағы лауазымдарды қамтиды.

К а ф е д р а д а   ғы л ы м и -ә д іс т е м е л ік   ке ң е с ,  т ә р б и е   ж ұ- 

мысы,  «К ри м и н а л и ст»   ғы лы м и  ү й ір м е с і,  З аң  кли ни ка сы , 

Криминалистикалық  кабинет жұмыс  істейді.  Кафедра  оқу  жылы 

басында  университет  әкімшілігінің  келісуімен  бекітілген  жоспар 

бойынша  жұмыс атқарады.

Каф едраның  материалды қ-техникалы қ  базасы  мынадай 

құрылымдық элементтерден тұрады:

Кафедра  жанында  «Криминалистика»  оқу  кабинеті  қызмет 

етеді.  Оқу  кабинетінің  қорында  компьютер,  криминалистикалық 

чемодан, теледидар, бейнемагнитофон, сабақ жүргізу үшін қолда- 

нылатын  (Криминалистика  және  қылмыстық іс жүргізу  бойынша) 

арнаулы оқу фильмдерінің видеотекасы, көрнекілік кестелер және 

сызбанұсқалар  (Криминалистикалық альбомдар,  оқу  қылмыстық 

істер, адамның сырт келбетінің сипаттамасы және т.б.) бар.

Сот  мәжілісінің  оқу  залы  сот  процестері  ойындарын  өткізуге 

арналған  қажетті  атрибуттармен  (судьяның  мантиясы,  арнаулы 

формалар және т.б.) жабдықталған.

«Қ ы л м ы сты қ  іс  ж ү р гізу »   ка б и н е ті  құры лу  саты сы нда. 

Аудиториялық  қордың  босауына  байланысты  оны  «Қылмыстық 

құқық  және  іс  жүргізу»  оқу-әдістемелік  кабинетіне  айналдыру 

жоспарлануда.  Онда  оқу үрдісінде  қолданылатын  көрнекі  стенд- 

тер бар.

Кафедра  мынадай  бағы ттар  бойынша  маманды қтарды  

даярлайды:  5В030100  -   «Құқықтану»,  5В011500  -   «Құқық  және 

экономика негіздері».

Кафедрада студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарына үлкен 

мән беріледі.  Оқытушылардың жетекшілігімен заңгер студенттер 

Астана  қаласындағы  Қазақ  гуманитарлық  заң  университеті  мен 

әл-Фараби  атындағы  Қазақ ұлттық университетіндегі  және  бақа 

да  ЖОО  арасындағы  ғылыми  конференцияларға  қатынасады. 

Кафедрада  студенттердің  кәсіби-өндірістік  машықтануы  оң 

жолға  қойылған.  Жоғары  курс студенттері  облысымыздың  құқық 

қорғау  органдарында  (прокуратура,  ішкі  істер  департаменті,  сот 

органдары  т.б.)  өндірістік  сараман  кезінде  өздерінің  теориялық 

білімдерін тәжірибемен ұштастырады. Кәсіби сараман жетекшілері 

кафедраның  тәжірибелі  ұстаздары,  құқық  қорғау  органдарының 

мамандары болып табылады.

Кафедраның  заң  клиникасы  2004  жылы  Американдық  заң- 

герлер ассоциациясының гранты негізінде құрылды.  Клиниканың 

негізгі мақсаты - студенттердің болашақта сапалы білімді, тәжіри- 

белі маман болып шығуына ықпал жасау, олардың бойында заңгер 

мамандығына тән  қасиеттерді  қалыптастыру.  Заң клиникасының 

мүшелері -  болашақ адвокаттар, заң кеңесшілері. Студенттер заң 

клиникасында  кафедраның тәжірибелі ұстаздарының жетекшілі- 

гімен заң кеңестерін береді, адвокатура, қылмыстық және азамат- 

тық іс жүргізу пәндерінен білімдерін тереңдетеді.  Сонымен  қатар 

кафедраның  заң  клиникасы  әлеуметтік  жағдайы  төмен  тұрғын 

халыққа және студенттерге заң көмегін тегін  көрсетеді.

Кафедрадағы криминалистика кабинеті бүгінгі заманның тала- 

бына сай жарақталған және оқу-әдістемелік талаптарға сай келеді. 

Кабинетте соңғы моделдегі криминалистика чемоданы, бейнека- 

мера,  фото  құрал-жабдықтары,  криминалистикалық  альбомдар, 

оқу қылмыстық істер, адамның сырт келбетінің сипаттамасы және 

т.б.  бар.  Криминалистика  пәні  оқытушыларының  жетекшілігімен 

кафедрада  «Криминалист»  үйірмесі жұмыс жасайды.  Үйірме  мү- 

шелері -  болашақ криминалист-сарапшы мамандығының иелері. 

Олар үйірме жұмысы кезінде негізгі криминалистика мен тергеудің 

әдіс-тәсілдеріне,  криминалистің  құрал-жабдықтарын  меңгеруді 

үйренеді.  Үйірме  мүшелерінің  қатынасуымен  бүгінде  кафедрада 

криминалистика  мен  тергеудің  әдіс-тәсілдері  бойынша  (тінту, 

жауап алу, оқиға болған жерді қарау, ұрлықты тергеу т.б.) оқу-бей- 

нефильмдері түсірілді.

Сот мәжілісінің оқу залы және  сот процестері  ойындарын  өт- 

кізуге арналған қажетті атрибуттар (судьяның мантиясы, арнаулы 

формалар  және  т.б.).  Онда  оқу  үрдісінде  қолданылатын  көрнекі 

стендтер бар.

Кафедрада академиялық ұтқырлық бағдарламасы жақсы жолға 

қойылған.  Бүгінде кафедра мен  Ресей Федерациясының Саратов 

мемлекеттік  заң  академиясы,  Орынбор  мемлекеттік  универси- 

тетімен арасында тығыз байланыс орнады.

Кафедраның оқытушылары елімізде құрылып жатқан құқықтық 

мемлекетімізге сапалы заңгер мамандарын дайындау үшін еңбек 

етуде  және  «Болашаққа  -   сапалы  заң  білімімен»ұранын  берік 

ұстануда.

Л.С.СЕРИКОВА,

құқы қт ы қ пәндер каф едрасының меңгерушісі,  т.ғ.к.

Ғалымның айтуынша, бұл - қазақ халқының өскелең ұрпақты 

ізеттілік пен  мейірімділікке,  ауызбіршілік пен  кішіпейілділікке, 

татулық  пен  бауырмалдыққа  бастайтын  ерекше  үрдістерінің 

бірі.  Көрісу  қашан  және  қалай  пайда  болды?  Неліктен  бұл 

дәстүр Қазақстанның өзге өңірлерінде кездеспейді? Аталмыш 

ғұрыптың түп-төркіні қандай жағдайлардан туындауы мүмкін? 

Әзірше  Отан  тарихы   ғы лы мы нда  мұны ң  ғылыми  тұрғы да 

тұжырымдалған нақты жауабы жоқ.  Бірақ әр түрлі болжамдар 

мен  ж орам алдар  бар.  А рхеолог-ғалы м   Андрей  Астаф ьев 

бұл  дәстүрді  ғылыми  тұрғы дан  түсіндіріп  беруге  тырысты. 

Ол  М аңғыстау  өлкесінің  тарихын  ұзақ  уақы т  бойы  зерттей 

оты ры п,  А мал  м е р е ке сін ің   там ы ры   моңғол  мен  тува л ы қ 

халықтарда  жатыр  деген  қорытындыға  келді.  Адай  руының 

аңыздары  бойынша  адамдар  Үстірт  аймағы  мен  Маңғыстау 

түбегіне  шығыстан  келген.  Бәлкім,  осы  жерден  өздерімен 

бірге күнтізбелік жүйесін алып келген. Моңғолдар күнтізбесіне 

сәйкес  бір  аптада  тоғыз  күн  болған  еді.  Ал  күнтізбенің  өзі  22 

желтоқсаннан  басталады.  Күнтізбедегі  төрт  маусым  (көктем- 

жаз-күз-қыс) тоғыз күннен тұратын кезеңдерге бөлінген.  Қысқы 

күн  тоқырауы  кезеңінен  Жаңа  жыл  басталып,  содан  бері  күн 

ұзақтығы созылады. Ал 23 желтоқсан-14 наурыз аралығындағы 

уақыт - қысқы осындай тоғыз аптадан тұратын кезең.  14 наурыз 

күні  көктем  келіп,  жапырақтар  бүршік  түрінде  болып,  көкек 

ән  салып  тұрған.  Көктемнің  тоғызыншы  күні  күн  мен  түннің 

теңесу күні тойланады.  Қолда бар кейбір там-тұм деректер 14 

наурыз  Қазақстанның  өзге  өңірлерінде  де  Ұлыстың ұлы  күні 

ретінде аталғандай әсер береді. Этнограф Серік Ерғали: «Шын 

мәнінде халқымыз Наурыз айының алғашқы (ескіше - 1  наурыз 

қазіргі  14-не  сәйкес)  күнінен  бастап,  Наурыз  мерекесін  бір ай 

бойы мейрамдаған.  Қазақтың ғұлама ғалымы - Мәшһүр Жүсіп 

Көпейұлы  өзінің  жазбасында  8  күндік  наурыздама  өтетінін 

жазады.  Ол ескіше:1 -8 наурыз, қазіргі күнтізбеде 14-21  наурыз 

аралығы»,  - деп жазады.

Ал кемеңгер ақын Шәкәрімнің ұлы Ахаттың жазбаларында: 

«14  март  -  ескіш е  1  март.  Әкей  айтты:  бүгін  ескіше  1  март 

қазақша Жаңа жыл Ұлыстың ұлы  күні. Жаңа жылдың бұрынғы 

аты  -  Наурыз,  бұл  парсы  тілінде  жаңа  күн»  дегенді  білдіреді. 

Жаңа  жыл  басының ¥лыс  екеніне  мынадай  дәлел  бар  «¥лыс 

күні  қазан  толса,  ол  жылы  ақ  мол  болады.  Үлкен  кісіден  бата 

алса,  сонда  олжалы жол  болар деген», делінген.

К е ң е с   ө к ім е т ін ің   Х а л к о м   к е ң е с і  1918  ж ы л д ы ң   24 

қаңтары нда  «Батыс  Еуропа  күнтізб е сін ің   Кеңес  өкіметіне

Қаш анд а  е л ім із  қо н а қж а й л ы л ы ғы м е н ,  а қкө ң іл   асыл 

жандылығымен,  алғысын  шексіз  білдірер  бауырмалдығымен 

ерекше.  Қазақ  халқы  өзім  деп  емес,  өзгенің  қамын  жасап,  сол 

жанның алғысына бөленгенді биік тұтып, әр қонағына  төрінен орын 

тауып, ақ дастарханын жинамай кең пейілді бола білген ел. Иә, бұл 

сонау халқымыздан бүгінгі күнге дейін біртұтас, зайырлы мемлекет 

болсақ  та  бойымызға  қанмен  бірге  сіңген,  тұла  бойымыздан 

ажырамас, ұмытылмас рухани қазынамыз.

Бүгінде  1  наурыз -  тұңғыш  Президентіміз  Н.Ә.Назарбаевтың 

қолдауымен  2016  жылы  14  қаңтарда  құрылған  Ассамблеяның 

өтуіне  байланысты  осы  күнді  елімізде  А лғы с  айту  күні  деп 

жариялап,  №  173  Жарлыққа  қол  қойған  болатын.  Бұл  жарлық 

шығуына  аздаған  уақыттар  болса  да  сол  күннен  бері  елімізде, 

облыс,  аудан,  ауыл  деңгейлерінде,  әр түрлі  мектептерде,  түрлі 

мекемелер  мен  жоғарғы  оқу  орындарында  аталып  өтілуде. 

Осындай  атаулы  мереке  талай  -талай  шәкірттерді  тәрбиелеп, 

ұясынан ұшырған, облыс, республика деңгейінде танылып, өзіндік 

абыройын жоғары деңгейде көрсетіп келе жатқан білім ордамыз -  

Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде де өткізілді.

Университетімізде  атаулы  шара  өте  жоғарғы  дәрежеде 

тойланып, көптеген оқытушылар мен студенттердің көзайымына 

айналды. Сондай шара Тарих, экономика және құқық факультетінде 

өткен  1  наурыз - Алғыс айту күніне орай «Алғыс -  сөздің асылы» 

атты презентациялар мен бейнероликтер байқауы түрінде өткен 

шара  болатын.  Бұл  шараға  студенттер  өте  жоғарғы  деңгейде 

атсалысты.  Эр  топтан  келген  білім  алушылар  әділқазыларды 

өздерінше таңғалдырып, тіпті бірінен бірі асып түсе білді.  Байқау 

тарих, экономика және  құқық факультетінің оқытушысы,  магистр 

Гулфия  Юсуповнаның  бастауымен  іске  асты.  Шараның  басты 

мақсаты  -   студенттер  арасында  достық  лебізін  қалыптастыра

енгізілуі» туралы декретін 

қол даны сқа  ен гізд і.  Бұл 

к е з д е   е к і  к ү н т із б е н ің  

а й ы р м а ш ы л ы ғ ы  

13 


к ү н ге   ж е т к е н   е д і.  Е скі 

күнтізбені  1918 жылдың 31 

қаңтарында жауып, келесі 

күнді  14  ақпаннан  бастап 

санады.  Сайып  келгенде, 

к ө р іс у   к ү н і н ің   т а р и х  

са х н а с ы н а   қай  уақы тта 

к ө т е р і л г е н і   т у р а л ы  

т а р и х ш ы л а р   а р а с ы н д а  

ортақ пікір жоқ. Сондықтан 

о н ы ң   ш ы ғу   т ө р к ін і  әлі 

де  ж а н -ж а қ т ы ,  е гж е й - 

т е г ж е й л і  з е р т т е у л е р д і 

қ а ж е т   е т е д і.   К е й б ір  

аталмыш  дәстүрдің  пайда  болуын  өңіріміздің  географ иялық 

ерекшелігімізден  іздейді.  Тарқатып  айтсақ,  Батыс  Қазақстан 

аймағында  өмір  сүрген  ата-бабаларымыздың  ғасырлар  бойы 

негізінен  көшпелі  мал  шаруашылығымен  айналысқандығын 

алға тартады. Мәселен, қар еріп, жер жіби бастағанда, шеті мен 

шегі жоқ сайын далада тарыдай шашылған халық туған-туысын, 

жақын-жуығын  іздеп,  бір-бірімен  сағына  көрісетін  болған.

А йта  кете й ін ,  14  наур ы з  күн і  ж а сы   кіш іл е р   қала  мен 

ауылдарда  ақсақалдар  мен  ақ жаулықты  әжелерге  барып,  қос 

қолын  беріп,  көріседі.  Бұл  күні  жасы  үлкендер  кішілерді  күтіп, 

келгендерге  «Бір жасыңмен! Ж ас қайырлы болсын, өмір жасың 

ұзақ  болсын!»  деп  ерекше  мейіріммен  батасын  береді.  Осы 

күні  әр  үйде  дастархан  жайылып,  ұлттық  тағамдар  қойылып, 

адамдар бір-бірімен  құшақ жая  амандасып,  есендік сұрасады. 

Көңілде  өкпе-реніштері  болса,  кешіреді.  Татулыққа  бастайтын 

бұл  жол  ислам  қағидаттарына  да  өте  жақын.  Көрісу  мерекесі 

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында және Ақтөбенің кейбір 

аудандарында,  Ресейдің көршілес Астрахан, Саратов, Орынбор 

өңірлерінде,  Қарақалпақстанда  аталып  өтіледі.  Маңғыстауда 

Амал мерекесі 14 наурыз күні басталып, жалғаса береді. Соңғы 

жылдары  Қазақстанда  мейрам аясы  кеңейіп  келеді.

Е се н о в Ж АЛҒАС,

юр-11  тобы,  құқықт ану мамандыгының  1-курс студенті

отырып,  «Алғыс  айту  да-  өнер»  демекші,  үнемі  бір-біріне  өзіндік 

ризаш ы лы қтары н,  алғы стары н  б ілдіріп  жүруді,  бойларына 

мейірімділік  пен  кішіпейілділік  құндылықтарын  сақтай  отырып, 

тәрбиелік ой қалдыру. Шара барысында осы мерейтойға жасалған 

бейнероликтер  таныстырылып,  тың  идеялар  мен  жақсы  пікірлер 

қалыптасты. Байқауға 8 топ студенттері белсене ат салысты. Эр топ­

тан презентация, сондай-ақ бейнеролик қаралып  сарапталынды. 

Бізді  қызықтырғаны  студенттердің  өзіндік  қиялдары,  жасаған 

еңбектері бір-біріне мүлде ұқсамайды. Шара соңында әділ-қазылар 

кеш  жеңімпаздарын  аңықтады.  Нәтижесінде,  бірінші  орын  -   Ист-

11  (тарих  мамандығы),  екінші  орын  -   Юр-13  (құқық  мамандығы), 

үшінші орын -  Юр-11  (құқық мамандығы) тобына беріліп, басқа да 

топ студенттері Алғыс хатпен марапатталды, студенттерге арнайы 

сыйлықтар табыс етілді. Кеш соңында қатысқан оқытушылар өзіндік 

алғыстарын білдіріп, сөз сөйледі. Студенттер оқытушылармен бірге 

естелік  суретке  түсіп,  өзіндік  алғыстарын  жеткізіп,керемет  көңіл 

күймен  тарқады.



жүктеу 0.77 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет