Волейбол ойынының ОҚушының денсаулығын шыңдаудағы маңызы



жүктеу 79.61 Kb.
Дата11.02.2022
өлшемі79.61 Kb.
#17162
Волейбол (2)

ВОЛЕЙБОЛ ОЙЫНЫНЫҢ ОҚУШЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН

ШЫҢДАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ



АҢДАТПА

Мақалада волейбол ойынының оқушы денсауылығын жақсартудағы маңызы мен ойын техникасы, спорттық ерекшелігі жан-жақты әрі кеңінен талқыланған. Сонымен қатар ойынның спорттық талаптары да автор назарынан тыс қалмаған.

# Кілтті сөздер: волейбол, спорт, оқушы, жаттықтырушы, доп, қарсылас
АННОТАЦИЯ

В статье всесторонне и широко обсуждались значение игры в волейбол в улучшении здоровья учащихся, техника игры, спортивные особенности. Кроме того, не остались без внимания автора и спортивные требования к игре.

# Ключевые слова: волейбол, спорт, ученик, тренер, мяч, соперник
ANNOTATION

The article comprehensively and comprehensively discusses the importance of volleyball in improving the health of schoolchildren, the technique of the game, sports features. At the same time, the author did not ignore the sports requirements of the game.

# Key words: volleyball, sports, student, coach, ball, opponent
Адамның салуатты өмір салтын ұстанып, жан мен тәннің саулығын сақтауда спорттың тигізер пайдасы орасан. Спортпен шұғылданып, жаттыққан адамның жүріс-тұрысы ширақта, сергек болып келеді. «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтылмаған. Спорт адамның көңіл-күйіне де әсер етеді. Мектепте дене тәрбиесі пәнінің негізгі мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтына насихаттау, кемел келешегіміздің тірегі болар салуатты ұрпақ тәрбиелеу.

Мектеп бағдарламасына енген ойын түрлерінің бірі – волейбол. Оқу барысында волейбол ойыны міндеті пән ретінде жүргізіледі.

Волейбол – ұжымдық ойын. Топтағы әр ойыншы өзінің қарсыласының іс-әрекетіне орай қозғалыс қимылдарын іске асырады. Волейбол ойыны бойынша білім алушылар теориялық ақпараттар алып, тактика мен техниканың басты әдіс – тәсілдерін меңгеруіне, ойын талаптарына сай жаттығуына, екі жақты ойын кезінде игерген дағдыларын жетілдіруіне мүмкіндіктері бар. Спорт саласында волейбол ойынының кең көлемде таралуы оның түрлі жаттығуларға қолайлығымен, жастардың демалыстарын тиімді ұйымдастыруымен, ойын ережесінің қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Атаулы ойын команда мүшелерін ортақ мақсатқа жетудегі ұжымдық әрекетке, өзінің ойын кезіндегі іс-қимылын бірлескен мақсатына бағыттауға, ойын алаңындағы жағдайға байланысты шапшаң әрекет етуге, сайыс кезінде қиындықты жеңе білуге, ойын барысындағы шиеленіскен жағдайда дұрыс шешім қабылдауға баулиды. Бұл сынды әрекеттер оқушылардың ұжымдық ортадаға бейімділігін; тез зейін қоюы мен шапшаң ойлауын, шешім қабылдағыштығын және өзінше қимылдар жасай білу дағдысын қалыптастырады.

Волейбол арасы тормен бөлінген арнайы алаңда екі команда бәсекеге түсетін спорттық ойын болып табылады. Ойынның мақсаты – қарсыластың алаңына доп түсетіндей етіп оны тордың үстімен бағыттау және қарсыласының осындай әрекетін болдырмау. Бұл үшін команда допқа үш рет қол тигізуге құқылы (және тосқауыл кезінде тағы бір рет қол тигізуге құқылы).

Ойын допты қосумен басталады. Допты ойынға қосушы соғу арқылы допты қарсы жаққа бағыттайды. Ойынның әрбір сәті доп сыртқа шығып кеткенше немесе команда қате жібергенше ойналады.

Команда ойынға қосылған допты қарсыласының алаңына соқса, ол ұпайға ие болады және оның ойыншылары сағат тілі бойынша бір орынға ауысады.

Волейбол ойыны тегіс әрі қатқылдау алаңда өткізіледі. Залда дайындалу барысында артық құралдардың барлығы алаңнан 3 м-ден кем болмауы және жеткілікті жарық болуы керек. Ойын алаңының өлшемі 18х9 м тік төртбұрышты құрайды. Барлық сызықтардың ені – 5 м. Ортадағы сызық ойын алаңын әрқайсысының өлшемі 9х9 м болатын екі тең алаңға бөледі. Бұл сызық тордың асты арқылы бір бүйірден екінші бүйірге жүргізілген.

Әрбір алаңда алдыңғы аймақ (зона) ортадағы сызықпен, шабуылдау сызығымен шектелген. Шабуылдау сызығы ортадағы сызық белдеуінен 3 м қашықтықта жүргізіледі.

Допты ойынға қосатын аймақ – бұл жақтау сызығының артындағы ені 9 метрлік аймақ. Ол бүйірдегі ұзындығы 15 см екі қысқа сызықпен шектеледі, олардың әрқайсысы жақтау сызықтан 20 см қашықтықта жүргізіледі. Екі қысқа сызық та допты ойынға қосу аймағына енгізілген. Ойынға қосу аймағы еркін аймақтың соңына дейін (3 м) созылады.

Тор бекітілетін бағандар бүйірдегі сызықтан 0,5 – 1 м қашықтыққа орнатылады.

Доп илеген жұмсақ теріден немесе өзге де материалдардан жасалуы тиіс. Доп 2-3 түстен құралуы тиіс. Көлемі – 65 – 67 см, массасы – 260 280 г.

Волейбол ойыны бір топта алты-алтыдан 12 ойыншы ойнайды.

Ойын кезінде қойылатын талаптар: әр топты ерекшелейтін арнайы үлгідегі формасы болу қажет. Волейболмен жаттығу, үйрену жекелей, топтық немесе командалық түрде ұйымдастырылады.

Жеке жаттығу көп жағдайда волейболмен алғаш рет шұғылдана бастаған жаттығушының жас ерекшелігіне сай техникалық әдістерді үйрету мақсатында жүргізіледі. Ойын техникасы орын ауыстыру, допты ойынға қосу, беру, шабуыл соққысы, қорғаныс техникасы, допты астынан және үстінен қабылдау сынды ережелерден тұрады.

Орын ауыстыру. Ойын барысында әр түрлі техникалық әдіс-тәсілдерді орындау үшін – ойыншы алаңда орын ауыстырады. Мұндай орын ауыстырулар қорғанысқа және шабуылға байланысты техникалық-тактикалық әдістер жасағанда, өз орнын табу және шешім қабылдау үшін қолданылады. Техникалық-тактикалық мақсаттағы орын ауыстыруларды іске асыруда дене қыздыру жаттығуларын қолдану міндетті.

Допты беру техникасын үйрену жаттығулары:



Алаңда тордың жанында тұрып, ойыншы допты төменнен жоғары лақтырып, торды жағалатып биік береді:

а) әр түрлі бағытта (алға, артқа, жоғары);

ә) әр түрлі қашықтықта (ұзын, қысқа, қысқартылған);

б) әр түрлі биіктікте (биік, орташа, төмен).

в) айла асыру барысында қарсыластың ыңғайсыз тұсын көздеу.

Әріптеспен жаттығулар:

  • екі ойыншы екі жақтағы бірыңғай сызықта тұрып, бір-біріне допты тордан жоғары көтеріп береді;

  • әр ойыншы шабуыл сызығында тұрады, допты беру үшін торға дейін жүгіріп келіп, қайтадан өз орындарына кетеді.

Допты төменнен тіке ойынға қосу. Допты ойынға қосу торға қарап тұрғанда орындалады. Шынтақ буынынан бүгілген бір қолмен белдің деңгейінде допты алда ұстап тұрады. Екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады. Саусақтар шамалы ғана алақанға қарай бүгіледі. Ойыншы допты жоғары қарай сәл лақтырып қалып, созылған қолмен допты ұру арқылы ойынға қосады.

Допты берудің кең тараған түрі – екі қолмен жоғарыдан беру. Бұл тәсілдің артықшылығы – дәлдігінде. Мұндай берілуді орындау барысынды ойыншының аяғы тізеден сәл бүгіліп, қолы алға қарай шығып, беттің аядында болады, үлкен саусақ көздің деңгейінде болады. Ойыншы допты беруді орындаудан бұрын бастапқы қалыпты қабылдайды және допты қарсы алу үшін қажетті жағдайда орын ауыстырады.

Екі қолмен допты жоғарыдан беру үшін жасалатын жаттығулар:

  • допты жаттығушы екі қолмен төменнен жоғары лақтыру немесе бір жақ бүйірге жоғары, орын ауыстыру арқылы төмен түсіп келе жатқан допқа жақындап барып, допты жоғарыдан беруді орындайды;

  • қабырғаға жақын тұрып, қабырғаға бағыттап бұрып, 3 – 4 м-ден допты жоғары беруді орындайды.

Әріптесімен жасалатын жаттығулар:

  • ойыншы бастапқы қалыпта тұрады, серігі допты оның қолына лақтырады, ол серігіне жоғарыдан екі қолмен беру әдісін орындайды;

  • бір-біріне допты қайталап беру;

  • екі ойыншы да волейбол торының жанында тұрады, біреуі допты береді, екіншісі допты жоғарыдан екі қолмен торға түсіруге тырысады.

Төменнен қабылдау:

  • жаттығушы әр түрлі жағдайдан допты жоғары лақтырады, ойыншының бастапқы қалыбымен допты төменнен қабылдайды;

  • осылай, бірақ ойыншы допты жоғары-алға, жоғары-жанына лақтырады, ойыншы допқа жүгіріп шығып, допты төменнен қабылдап, қайта береді;

  • ойыншы допты еденге соғады, доп еденнен шоршығаннан кейін, жүгіріп жетіп, төменнен беруді орындайды. Әріптесімен төменнен беруде орындалатын жаттығулар жоғарыдан тура берудегі жаттығулар сияқты орындалады, тек төменнен орындалады.

Қарсыластың ойынға қосқан не шабуылдатып немесе алдайтын соққымен жіберген добын төменнен екі қолмен қабылдаған жақсы. Бұл жағдайда допты қабылдаудан көп қате кетпейді. Қол алда, алақандар біріктіріліп ұсталады. Қолдың қозғалысын қиындатпау үшін, оны еркін ұстайды. Соққыны жұмсарту үшін допты қабылдау кезінде екі шынтақты жақындатады, қолдарының қарын көтеріп, бұрады.

Допты жұдырықпен қабылдағанда, доп дәл тимей, шоршып, доп алаңның сыртына кетуі мүмкін. Допты алақанмен қабылдауға болмайды. Ойынның ережесі бұған рұқсат етпейді. Оған себеп, доп алақанда көбірек кідіріп қалуы мүмкін.

Волейбол ойынының техникалық элементтері:

  1. Бастапқы қалып (ойыншының тұрғысы);

  2. Допты ойынға қосу;

  3. Допты командалас серігіне беру;

  4. Шабуылдау соққылары;

  5. Тосқауыл қою; әр түрлі секіру түрлері, допқа қарай ұмтылу, құлау.

І. Волейболшының тұрысы.

Жаңа ойнай бастаған оқушы-волейболшылар үшін дұрыс тұрудың (бастапқы қалыптың) маңызы зор. Бастапқы қалыптың көптеген түрі бар. Дегенмен, ең тиімдісі «орташа тұрыс» болып табылады. Тұрыс немесе тұру – ол ойыншыға кез-келген ойын әдісін орындауға мүмкіндік беретін бастапқы қалып.

ІІ. Орын ауыстыру.

Жаңа ойын барысында ойыншы алаң ішінде орын ауыстырып жүруіне тура келеді.

Орын ауыстыруға мынадай қимылдар енеді:

  1. Қадамдар жасау – тік тұрған ойыншы әртүрлі бағытта ілеспелі (қосалқы) қадамдар жасайды, алға, артқа, оңға, солға, аттау және екі қадам жасау;

  2. Секіріп қалу (секектету) – бұл екі қадам жасау, қимылдың соңына қарай алаң ішінде белгілі бір бағытта тез жүгіріп орын ауыстыру;

  3. Жүгіру – басқа қалыпқа көшу үшін, яғни ойын тәсілін орында мақсатымен алаң ішінде белгілі бір бағытта тез жүгіріп орын ауыстыру;

  4. Құлау – ойыншы өз қимыл-әрекетін өрістетуге, дәлірек айтқанда, өте қиын сәтте допқа тез жақындауға көмектесетін тәсіл: құлау доппен тікелей кездескеннен кейін ғана жүзеге асады, осыдан кейін ойыншы жаңа бастапқы қалыпқа келеді;

  5. Секіру – қатты секіруден соң орындалатын ерекше қимыл.

ІІІ. Допты ойынға қосу.

  1. Допты төменнен тура беру арқылы ойынға қосу.

  2. Допты төменнен бір жақ жанына ойынға қосу.

  3. Допты жоғарыдан тура беру арқылы ойынға қосу.

  4. Допты жоғарыдан бір жақ жанына ойынға қосу.

  5. Допты айналып ұшатын және айналмай ұшатын етіп ойынға қосу.

IV. Допты беру әдістері.

  1. Тікелей шабуылдау соққысы – үш қадам жасап барып орындалады, бұл кезде ойыншы доппен секірудің барлық үш кезеңінде де, мысалы: ойыншы денесінің ұша бастау сәтінде, ұшудың жоғары нүктесінде және оның төмен түсу сәтінде кездесе алады.

  2. бір жақ бүйірден шабуылдау соққысы оны орындаудың техникасы өте күрделі және ол ерекше шеберлікті талап етеді.

V. Тосқауыл қою.

Тосқауыл қою – қарсыластың шабуылдау соққысынан соң доптың ұшына кедергі жасау мақсатымен тордың үстіңгі деңгейіне қолды қарсы тосу. Бұл қорғаныс әрекеті кей жағдайда қарсы шабуыл жасау тәсілі болып табылады. Тосқауыл жасауды бір, екі, кейде үш ойыншы бірігіп жүзеге асыра береді.

Әр түрлі қимылдарды түрлі қарқында,бағытта,түрлі жылдамдықпен орындай отырып,адам ағза жүйесінде және ішкі қүрылыстарына жақсы әсер алады.

Адам ойын үрдісі кезінде жоғары эмоциялды жүктеме және үлкен қуанышқа бөлініп, қанағат алады. Дене тәрбиесі жүйесінде волейбол ойынының маңызы зор.

Балалар және үлкендер қажетті дағдыларды имене отырып,өз бетінше үнемі дене шынықтыруды жетілдіруге, денсаулықты сақтауға, көңіл- күйін көтеруге және ұзақ өмір сүруге мүмкіндік береді.




ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Шагин В.И. Мяч в воздухе. М., 2017

2. Осколкова В.А., Сунгуров М.С., Техника и тактика игры в

волейбол. М., 2003

3. Осколкова В.А., Сунгуров М.С. Волейбол. М., 1961

4. Ганкуч В.В. Олимпийский новичок. М., 1965



5. Волейбол. От От Монреаля др Москвы. Справочник. М., 1980

  1. Справочник олимпийского телеболельщика. Автор-составитель Г.А.Степанидин. М., 1980

  1. Фурманов А.Г., Болдырев Д.М. Волейбол. М., 2007



жүктеу 79.61 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет