Вестник серия «Филологические науки» основан в 2008 году выходит 4 раза в год астана 2015 2


Кірме сөздер мен терминдердің көркем шығармаларда қолданылуы



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет4/35
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

Кірме сөздер мен терминдердің көркем шығармаларда қолданылуы. 
Шығармаларын  ағылшынша  жазатын  Эрнест  Хемингуэй  өзінің  «Қызығы  мол  сол 
жылдар»  хикаятында  «Мен  сондай-ақ  алты  күнге  созылған  қызықты  велосипед  жарысы  мен 
биік таудың тас жолындағы дәл сондай қайталанбас жарыстарды да суреттеп жазар едім.Мұны 
тек француз тілімен ғана суреттеп жазуыма болар еді, өйткені велосипед жөніндегі терминнің 
бәрі французша  болып келеді. Бұл жайында  жазудың  қиындығы  да,  міне, осында  жатыр»[6]– 
деп  жазады.  Қаламынан  туындаған  шығармаларын  бүкіл  әлем  жұртшылығы  сүйіп  оқитын 
Нобель  сыйлығының  лауреаты  американдық  әйгілі  қаламгер  Э.Хемингуэй  велосипедке 
қатысты  терминдердің  бәрі  француз  тілінде  болғандықтан  велосипед  жарыстары  туралы 
ағылшынша  жаза  алмайтындығын  айтып  қиналыпты.  Ал  біздегі  кейбір  білгіштер  «шет 
тілдерінен  термин  қабылдаудың  тілге  еш  зияны  жоқ,  керісінше,  олар  тілді  байытады,  орыс 
тілінен  немесе  орыс  тілі  арқылы  қабылданған  сөздерді  өзгеріссіз  жазайық»  дейді.  Егер  өзге 
тілдің  терминдері  қабылдаған  тілдің  байлығы  болса,  оларды  өзге  тілдегідей  жазғаннан  тілге 
келер  зиян  болмаса,  онда  неліктен  Э.Хемигуэйдей  әлемге  мәшһүр  қаламгер  өз 
шығармашылығында оларды пайдалана алмаған?  
Ағылшындар  «велосипед»  сөзін  1819  жылы  француздың  vélocipède  сөзінен  алған. 
Француздар  бұл  сөзді  жоғарыда  айтылғандай  латынның  velox  (velocis)  –  тез;  жылдам,  pes 
(pedes)  –  аяқ  деген  екі  сөзін  қосу  арқылы  жасаған.  Яғни,  қазақ  тіліне  сөзбе-сөз  аударғанда 
«жылдамаяқ» немесе «жылдамаяқтар» болады. Ағылшындар «velocipede» сөзін біршама уақыт 
қолданып,  1849  жылы  велосипедтің  жаңа,  жетілдірілген  түрі  шыққан  кезде  оны  bicycle 
[‘baisikl]  –  қаз. /байсикл/ деп атап, осы сөзді  қазіргі  күнге  дейін  қолданады.  Қазіргі ағылшын 
тілінде «bicycle» сөзі берік орныққан. Бұл сөз латынның bi «екі» және гректің kyklos «дөңгелек, 
шеңбер» деген сөздерінен жасалған. Калка жолымен қазақшаласақ «екішеңбер», «қосдоңғалақ» 
болып  шығады.  Қазіргі  француз  тілінде  бастапқыда  өздері  жасаған  «vélocipède»-тіңvélo-сы 
ғана  қалған. Яғни,  «вело» түрінде ықшамдалған  нұсқасын қолданады.  «Велосипед»  сөзі  орыс 
тіліне  XIX  ғасырдың  2-ші  жартысында  француз  тілінен  кірген  болса,  ал  біздің  тілімізге  XX 
ғасырдың  1-ші  жартысында  орыс  тілінен  «велосипед»  түрінде  еш  өзгеріссіз  алынған. 
Француздар – «вело», ағылшындар – «байсикл», орыстар – «велосипед»деп әрқайсысы өзінше 
жасап  немесе  өз  тілдерінің  табиғатына  қарай  бейімдеп  қабылдаған  осы  сөзді  қазақтар  орыс 

 
25 
көршісінен  айна-қатесіз  көшіре  салыпты.  Туыстас  славян  тілдерінің  қатарына  жататын, 
орыстардың  іргелес  көршісі  белорустер  де  бұл  көліктің  атауы  ретінде  «ровар»  және 
«веласіпед» деген екі сөз қатар қолданылады. Тегі мен тілінің бір екендігіне қарамастан олар да 
басқа балама алған және кірме сөзді өз тіліне икемдеп қабылдаған. Ал бізде дәл орыс тіліндегі 
қалпын  сақтап  қабылданған  сөздер  жалғыз  «велосипедпен»  шектелмейтіні  баршамызға  аян. 
Олар  жүздеп,  мыңдап  саналады.  Кеңестік  кезеңде  қалыптасқан  шет  тілдерінің  сөздерін  орыс 
тіліндегідейайтып-жазып,  тілімізге  солай  қабылдау  дәстүрін  бүгін  де  жалғастырып  келеміз. 
Соған қарағанда біз  әлі  жасампаздық пен көшірімпаздықтыңаражігін ажыратуға, өз  тіліміздің 
табиғаты мен ішкі заңдылықтарын сақтауға аса құлықты емес те сияқтымыз.  
 
Осы әңгімеге арқау болып отырған «велосипед» сөзінің тіліміздегі қолданысына назар 
аударсақ, мына бір мысалды аттап өтудің реті келмей отыр. Белгілі жазушы Мархабат Байғұт 
бір  әңгімесінің  атауын  «Белесебет  пен  байлық»  [7]  деп  атапты.  Осы  бір  бүгінгі  қоғамды 
жайлаған  дертті  арқау  еткен  мазмұнды  да  шып-шымыр,  шағын  әңгімесінің  «–  Бала  кезіңде 
белесебет  ұрлағаның  тізімнің  басында  тұр,  –  деді  біреуі»  деп  басталатын  соңғы  төрттен  бір 
бөлігінде ғана автор «белесебет» сөзін 21 рет қолданыпты. Қазақтың қабырғалы қаламгері бұл 
сөзді  орфографиялық  сөздіктегідей  етіп  «велосипед»  деп  неге  жазбаған?  Әлде  оған  сауаты 
жетпеді  ме?  Жоқ,  мүлде  олай  емес.  Бұл  –  мақсатты  қолданыс.  Егер  қазақтың  тілінде,  қазақ 
үшін жазып отырған әңгімесінде қаламгер «велосипед» сөзін 21 рет қолданғанда, бұл әңгіменің 
тілі  осы  бір  сөзге  бола  ауырлап,  оқырман  өзін  тас  араласқан  күрішті  шақырлатып  шайнап 
отырғандай  сезінер  еді.  Қаламгер  осыны  жақсы  сезініп,  оқырманына  тас  шайнатқысы 
келмегендіктен  саналы  түрде  «белесебет»  сөзін  қолданған.  Бір  қарағанда,  «велосипед»  сөзі 
тілімізге  мұнда  ғана  кірген,  «монитор»,  «блоггер»,  «риэлтор»,  «паркомат»,  «прайм-тайм» 
сияқты  жаңа  атаулар  санатынан  емес.  Бұл  сөздің  тілімізде  қолданылып  келе  жатқанына 
шамамен  70-80  жылдан  асты.  Жұртшылықтың  көре-көре  көзі  де,  ести-ести  құлағы  да,  жаза-
жаза  қолы  да  үйренетін  уақыты  болды.  Бұл  сөз  қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігіне  де, 
орфографиялық  сөздігіне  де  «велосипед»  түрінде  енгзілген.  Яғни,  кірме  сөздің  тіліміздегі 
қолданылуы  лексикографиялық  тұрғыдан  заңдастырылған.  Былай  қарсаңыз,  оны  бұрмалап 
жазуға ешқандай негізіміз жоқ сияқты. Соған қарамастан, жазушы оны «белсебет» деп жазады 
да,  еліміздің  ең  көп  таралыммен  шығатын  бас  газеті  «Егемен  Қазақстанда»  М.Байғұттың 
әңгімесінің  атауы  үлкен  әріптермен  «Белесебет  пен  байлық»  деп  беріледі.  Неге?Оның 
себептерін  іздей  бастасақ,  ең  басты  себебі  –  бұл  сөз  о  баста  тіліміздің  фонетикалық, 
морфологиялық  заңдылықтарына  сәйкес,  өзгеріске  ұшырамай,  дәл  орыс  тіліндегі  қалпын 
сақтап  қабылданған.  Ахаңша  айтқанда  «қазақтың  шапанын  жамылып,  тымағын  кимей», 
тіліміздің  заңдылықтарына  бағынбай  енгендіктен,  бір  ғасырға  жуық  қолданып  жүрсек  те, 
жаттығын  жасыра  алмай,  тілге  сіңбей,  кірмелігі  көзге  ұрып  тұр.  Ал  «болыс»,  «самаурын», 
«бәтіңке»,  «бөтелке»  немесе  араб  тілінен  енеген  «қалам»,  «дәптер»,  «әлем»  сияқты  жүздеген 
сөздер  тілімізге  судай  сіңіп,  тастай  батып  кетті.  Мұндай  сөздерді  бүгінгі  тіл  тұтынушылары 
жат  сөз  деп  жатсынбайды,  төл  сөздерімізбен  тең  көреді.  Көркем  әдебиет  тілінде  де,  баспасөз 
бетінде де, оқулық пен ғылыми мәтінде де бірдей жазамыз, біркелкі қолданамыз. Өйткені олар 
тіліміздің  заңдарына  бағындырылып  алынған,  кірген  тілінің  төл  табиғатына  сәйкестендіріліп 
қабылданған сөздер. Ал енді «велосипед» сөзіне келсек, біріншіден, осы сөздің басында тұрған 
«в»  тілімізге  өткен  ғасырдың  40-шы  жылдары  қабылданған  кірме  дыбыс.  Қазақ  тілінде  «в» 
деген  дыбыс  болмаған,  сондықтан  әліпбиіміздің  басынан  орын  беріп,  70-80  жыл  ішінде  оны 
бірнеше  ұрпақтың  құлағына  құйып,  санасына  сіңіріп,  қанша  жерден  жаттап  алсақ  та,  одан 
басталған сөздің бөтендігі сезіліп тұр. Тілдік сезімі бар адам «в» әрпінен сөз  бастаудың тілге 
жатық, құлаққа жағымды бола алмайтынын бірден аңғарады. Екіншіден, қазақ сөздерінде «о» 
дыбысы (ойшыл, ойын, ошақ, бостандық, қолғап, жолаушы, торсық және т.б.) сөздің басында 
немесе  бірінші  буында  қолданады.  Кірме  сөздерде  болмаса,  төл  сөздерміздің  екінші,  үшінші 
буындарында немесе сөз соңында «о» дыбысы кездеспейді. «Вело» дегенде ол екінші буында 
тұр.Үшіншіден,  қазақ  тілінің  ең  негізгі  заңдарының  бірі  үндестік  заңы  бойынша  сөз 
құрамындағы  буындар  біркелкі  жіңішке  (береке,  желек,  көрік,  шүмек,  т.б.)  немеме  біркелкі 
жуан  (ағайын,  құдаша,  қарағай,  сабау,  тамыр,  тұмар  т.б.)  болады.  Ал  аралас  буынды 
«велосипед» қазақ сөзінің табиғатына бұл жағынан да үйлеспей тұр. Төртіншіден, қазақ тілінде 

 
26 
«д»  дыбысына  сөз  аяқталмайды.  «Бренд»,  «жиһад»  сынды кірме  сөздерде болмаса, қазақ сөзі 
«д»-ға  бітпейді.  Жалпы  көпшілік  үшін  бұл  сөздің  мағынасының  күңгірттігін  айтпағанда, 
жоғарыда  аталған себептердің өзі  оның тілімізде еркін қолданыс табуы  үшін аз кедергі емес. 
Міне, осындай себептерге  байланысты  қаламгер  «велосипед» орнына  «белесебет» деп саналы 
түрде  қолданған.  Сол  себептен  де  біз  авторға  және  оның  «Белесебет  пен  байлық»  деген 
әңгімесінің тақырыбын ірі әріптермен көзге ұрып тұратындай етіп берген «Егемен Қазақстан» 
газетіне  қазақ  тілінің  орфографиялық  сөздігі  мен  түсіндірме  сөздігін  басшылыққа 
алмадыңыздар  деп  кінә  артудан  аулақпыз.  Керісінше,  орыс  тіліндегі  қалпын  сақтай  отырып 
қабылдап  алынған  сөзді  сол  сірескен  күйінде  бермей,  қазақ  тілінің  үн-ырғағына  келтіріп 
үйлестіріп қолданған қаламгер мен оны түзетпей берген газет ұстанымына біз де қосыламыз.  
 
Белгілі  аудармашы  Бекболат  Әдетовтің  мына  төмендегі  пікірі  сөз  болып  отырған 
мәселеге  тікелей  қатысты.  Ол  көркем  аудармадағы  кірме  терминдердің  қолданысы  жөнінде 
мынадай пікір білдіреді: «Джек Лондонның жинағына енген екі әңгімесін Сейфолла Оспанов, 
тағы  екі  әңгіме  мен  «Теңіз  қорқауы»  романын  Дидахмет  Әшімханұлы  тәржімалапты.  Бірден 
айтайық: аударма сәтті, толымды. Кей тұстарындағы кедір-бұдырлары болмаса, сөз арнасы төл 
шығармадағыдай-ақ  еркін  жосылып  отырады.  Ал  бойындағы  кездесе  беретін  теңіз 
терминдерінің көптігі мен «брезент», «мокасин», «факт», «поселка», «морж», «ласос» (дұрысы 
– лосось – арқанбалық), «корм», (дұрысы – корма, ал «корм» деп малдың жемін айтса керек), 
«гудок», «шторм», «тропика» (дұрысы  –  «тропик»), «индивидуалист», «вивисектор», «шквал» 
секілді  сан-сапа  сөздерді  айтпасқа  амал  жоқ.  Роман  –  ғылыми  еңбек  емес  екенін  ескеріп, 
осылардың біразын жайдақтатып, жалпақ тілмен-ақ алса болмас па еді деген ой келеді» [8]. 
 
Кірме  сөздердің,  теңіз  терминдерінің  көптігі  шығарма  тілін  ауырлата  түскенін 
тәжірибелі  аудармашы  орынды  атап  көрсеткен  деп  ойламыз.  Қазіргі  қазақ  оқырманының 
көпшілігі  бұл  сөздердің  мағынасын  да  түсінеді,  орыс  тілінен  немесе  орыс  тілі  арқылы  енген 
жүздеген  атауларды  еш  қиындықсыз  оқып,  дыбыстай  да  алады.  Оған  таласымыз  жоқ.  Біздің 
айтпағымыз, қазақ тілінде түзілген мәтіннің жатық оқылып, кірме сөз немесе төл сөз екендігіне 
қарамастан  қолданылған  әр  сөздің  тіліміздің  дыбыс  жүйесіне,  буын  құрылымына  сәйкес 
үндесім тауып, сөздердің тіркесімділігі тұрғысынан келгенде жігі білінбей жымдасып тұруына 
қол  жеткізу  турасында  болып  отыр.  Түптеп  келгенде,  ондай  үндесім  мен  үйлесімділікке  қол 
жеткізу  шет  тілдерінің  сөздерін  қабылдау  кезінде  оларды  тіл  заңдылығына  бағындырып,  өз 
тіліміздің мәнеріне икемдеп алу мәселесіне барып тіреледі.  
 
20-30-жылдары  «велосипедке»  қазақ  қауымы  «шайтан  арба»  деген  балама  ұсынды. 
Осы  атау  сол  кездің  баспасөзі  мен  ауызекі  тілінде  қолданыс  тапты.  Көркем  әдебиет  пен 
баспасөз  беттерінде  қазір  де  ішінара  қолданылып  жатады.  Атауыштық  мағынасынан  гөрі 
бейнелілігі  басым  «шайтан  арба»  атауы  сөз  мағынасын  дәл  беріп  тұрған,  айтарлықтай  сәтті 
жасалған  атау  емес.  Бірақ  соған  қарамастан,  қазақ  қауымы  осы  «велосипед»  сөзінен  қашып, 
«шайтан арба» атауын неліктен қолданды екен деген сұрақ өз-өзінен туындайды.  Оған жауап 
іздер  болсақ,  кірме  сөздерді  қабылдау,  тілге  сіңіруде  кеше  басшылыққа  алынған,  бүгін  және 
ертең  табан  тіреуге  тиісті  қағида,  ережелеріміз  жөнінде  шындап  ойлануға  тура  келетіні 
байқалады.  Әңгіме  техника,  көлік  атауы  туралы  болып  отырғандықтан,  осы  тақырыпқа 
қатысты ғана сәл ой өрбіте бастасақ та талай мәселенің шеті қылтияды. Мәселен, «самолетті» – 
«ұшақ», «ракетаны» – «зымыран», «подводнаялодканы»– «сүңгуір қайық» деген баламалармен 
алмастырдық. Ал орфографиялық сөздікте «поезд» сөзін – «пойыз», «машинаны» – «мәшине» 
деп жазуды заңдастырдық. Солай жазып, қолданып та жүрміз. Ендеше, не себеті «велосипед», 
«мотоцикль»,  «трамвай»,  «автобус» сөздерін  «пойыз» тәрізді тілімізге  икемдеп, өзгертіп жаза 
алмаймыз? Өзге  де мыңдаған кірме  сөздер турасында осыны  айтуға  болады.  Яғни, бұл біздің 
кірме сөздерге, терминдерге балама ұсыну, оларды жазу, жалпы тілімізге қабылдау мәселесінде 
берік  ұстанатын  ортақ  қағидаттарымыздың  болмай  отырғанын,  барының  солқылдақ,  осал 
екендігін көрсетеді.  
 
Әрине,  көркем  мәтінді  аударушылар  онда  айтылған  ойдың  қазақ  оқырманына 
мейлінше  түсінікті,  дәл  және  шығарма  авторының  тіл  көркемдігі  мен  стильдік  ерекшелігін 
сақтай  отырып  жеткізуді  мақсат  етеді.  Мәселен,  аударма  мәтінде  кірме  сөздердің,  қазақ 
ұғымында,  оның  рухани-материалдық  мәдениетінде,  дүниетанымы  мен  дәстүрінде,  тұрмыс-

 
27 
салтында, өмір-тіршігінде кездеспейтін, жат, бөтен заттар мен ұғымдар атауларының өзгеріссіз 
қолданылуы  –  бір  жағынан  түпнұсқадан ауытқуға  жол  бермесе, екінші  жағынан оқырманның 
қабылдауына  қиындық  та  туғызады.  Оқырмандардың  да  білім  деңгейі  мен  өзге  тілдегі 
сөздердің  мағынасын,  олардың  қандай  ұғымды  білдіретінін  түсініп-білу  деңгейі  бірдей 
болмайды.  Ал  көркем  шығарма  тек  жоғары  білімді,  көп  тіл  білетін  немесе  тілге  жүздеп, 
мыңдап  еніп  жататын  өзге  тілдердің  сөздерін,  терминдерінің  мағынасына  мән  беріп  жүретін 
белгілі  бір  әлеуметтік  қауымға  ғана  емес,  жалпы  жұртшылыққа,  көпшілік  қауымға  арналады. 
Сондай-ақ  әр  тілдің  дыбыстық  жүйесі,  сөзжасам  табиғаты  бөлек  болатындықтан,  кірме 
сөздердің  көпшілігі  оқуға  жеңіл,  дыбыстауға  ыңғайлы,  құлаққа  жағымды  бола  бермейді. 
Сөйлемдегі  сөздер  өзара  үндесім  тауып,  тіркесімділік  табиғаты  бұзылмай,  сөйлем  құрылысы 
жатық  болуы  үшін  де  оны  құраған  сөздердің  жаттығы,  бөтендігі  аңғарылмағаны  абзал. 
Аударма барысында осы талаптардың үддесінен үнемі шығып отыру оңай емес.  
 
Бізде  бірқатар  ғалымдар,  кейбір  тіл  мамандары,  көркем  мәтіннің  ғылыми  мәтінге, 
термин  шығармашылығының  көркем  әдебиетке  қандай  қатысы  бар?  Терминжасам  көркем 
әдебиет тілінен бөлек ғылым тілі аясында неге дами бермейді? деген сыңайлы көзқарастарын 
білдіріп  жатады.  Терминдерді  шет  тілдерінен  өзгеріссіз  ала  беруден  де  жалпыұлттық  тілге 
келетін  ешқандай  зиян  жоқ  деп  түсінеді.  Бұл  біржақты,  жаңсақ  пікір.  Олай  болатыны  жалпы 
қолданыстағы  сөздердің  терминденуі  мен  ғылым  тіліндегі  арнаулы  терминдердің 
бейтерминдену  үдерісі  үздіксіз  жүріп  жатады.  Жалпылексикалық  өріс  пен  терминологиялық 
өрістің  арасын  мүлдем  бөліп  тастау  мүмкін  де,  қажет  те  емес.  Мәселен,  соғыс  тақырыбына 
жазылған  көркем  шығармалада  әскери  атақтар  мен  шендер,  әскери  техника  атаулары  мен 
әскери  бұйрықтар  мен  командаларсыз  елестету  мүмкін  емес.  Музыка,  медицина,  спорт 
тақырыбына  қатысты  жазылған  шығармалар  туралы  да  соны  айтуға  болады.  Сондай-ақ 
көптеген  көркем  шығарманың  кейіпкерлері  белгілі  мамандық  иелері  болады.  Шығармаға 
солардың  кәсіби  тіл  элементтерін  енгізіп,  өз  саласының  арнаулы  сөздерін,  терминдерін 
мақсатты  қолдану  арқылы  қаламгерлер  сол  кейіпкерлердің  образын,  көркем  бейнесін  аша 
түседі. Міне, сондықтан да терминдердің барлығын көркем шығарма тілінен оқшаулап ұстап, 
оларды  тек  ғылым  тілі  мен  терминологиялық  сөздіктер  шеңберімен  шектеп  тастау  мүмкін 
болмайды.  Ендеше,  терминдерді  шет  тілдерінен  алғанда,  аударғанда,  түрлі  тәсілдерді 
пайдалана  отырып  жасағанда  әдеби  тіл  нормасын,  тіліміздің  фонетикалық,  морфологиялық 
және басқа да заңдылықтарын сақтауды естен шығармауға міндеттіміз.  
 
Көркем  шығармалардағы  термин  қолданысы  туралы  сөз  еткенде  ескерусіз  қалдыруға 
болмайтын  тағы  бір  маңызды  мәселе  бар.  Ол  –  жаңа  терминдер  мен  атаулардың,  кірме 
сөздердің  ұлт  тіліне  сіңіп,  қалыптасуындағы  көркем  әдебиеттің  рөлі.  Бұл  тұрғыдан  келгенде 
мерзімді  баспасөз  бен  радио,  теледидардың  ықпалы  өте  күшті.  Қазір  оған  интернет  қосылып 
отыр.  Өйткені  ақпарат  құралдары  халыққа  күнделікті  ақпар  таратып,  көпшіліктің  санасына 
айрықша әсер ете алады. БАҚ-та жиі қолданылған терминдер мен жаңа атаулардың көпшілікке 
тезірек тарап, қалыптасып кету мүмкіндігі мол. Ал көркем әдебиетті жұртшылықтың бәрі және 
күнделікті  оқи  бермейді.  Әсіресе,  қазіргі  біз  өмір  сүріп  жатқан  қоғамда  өткен  ғасырдағыдай 
кітапты  жата-жастанып  та,  көлікте  келе  жатып  та,  кезекте  тұрып  та  оқитындарды 
кездестірмейтін  болдық.  Осындай  кітаптан  теріс  айналып,  кітапқұмарлар  өте  сиреп  кеткен 
заманда  көркем  әдебиетті  оқитындардың  көп  емес  екендігі  де  белгілі.  Бірақ  соның  өзінде 
көркем шығарманың аудиториясы арнаулы әдебиеттермен салыстырғанда бәрібір кең. Себебі, 
бүгінгі уақытта көркем шығарманың таралымы шектеулі, оқырманы аздау болғанымен ол бүкіл 
халыққа, жалпақ жұртқа бағытталып, жалпыға ортақ әдеби тілде жазылады. Оны хат танитын 
баладан бастап, барлық жастағы адамдар оқып, түсіне алады. Әрине, адамның білім-парасаты 
мен ұлт тілін меңгеруінің  деңгейіне  қарай шығарманың идеясы мен көтерген мәселесін әркім 
әр түрлі деңгейде қабылдайды. Ал шығарманың жалпы мазмұны мен оқиға желісін әдеби тілді 
орташа  меңгерген  оқырман  қауым  түсінетіндігіне  күмәнданбауға  болады.  Мәселен,  газетті 
мектепке  дейінгі,  мектеп  жасындағы  балалар  оқи  бермейді.  Сала  мамандарына  арналған 
кітаптар мен ғылыми әдебиетті де негізінен тек сол саланың мамандары пайдаланады. Көркем 
шығарма  белгілі  бір  мамандықпен  шектелмейтіндігімен  ерекшеленеді.  Міне,  бұл  жағынан 
келгенде  қанша  жерден  кітап  оқитындар  азайды  дегенмен,  көркем  шығарманың  сөз 

 
28 
қалыптастырудағы  орны  ерекше.  Көркем  шығарма  үшін  әр  сөздің  қолданысына, 
синонимдердің  таңдалуына,  сөздердің  тіркесімділігіне  үлкен  мән  беріледі.  Сонысымен  де  ол 
көркем әдеби тіл деңгейіне  көтеріледі. Жаңа атаулар мен терминдердің, тілімізге еніп жатқан 
кірме  сөздердің  көркем  шығармаға  енуі,  көркем  проза  мен  поэзияда  қолданылуы  –  олардың 
әдеби  тілге  қабылдануының  бір  шарты  іспетті.  Сол  себептен  де  әдеби  тілдің  сөздігін  жасау 
барысында  мысалдар  негізінен  көркем  әдебиеттерден,  белгілі  ақын-жазушылардың 
шығармаларынан  алынады.  Тіл  қадірін  білетін,  сөзқолданысқа  үлкен  жауапкершілікпен 
қарайтын  халыққа  кеңінен  танылған  көрнекті  қаламгерлердің  шығармаларында  қолданылуы 
жаңа  атаулардың  оқырманға  жетуіне  оң  ықпал  етуімен  қатар,  ондай  сөздердің  сол  сөз 
зергерлері  тарапынан  да  қабылданып,  көпшілікке  ұсынылғандығының  да  көрінісі  болып 
саналады.  Мысалы, кейінгі  жылдары  жасалған жаңа  атаулар мен кірме  сөздерді, терминдерді 
Ә.Кекілбаевтың, 
М.Мағауиннің, 
Д.Исабековтің, 
Қ.Жұмаділовтің, 
Т.Әбдіктің, 
Т.Нұрмағамбетовтің,  М.Байғұттың  және  басқа  да  көптеген  белгілі  қаламгерлердің 
шығармаларынан  кездестіріп  жатсақ,  онда  солардың  тарапынан  бұл  сөздердің  тілде  өмір 
сүруіне жолдама беріліп отырғаны деп түсінуімізге негіз бар.  
  
2.  Аударма  барысында  род  категориясының  ықпалымен  жасалған  сөздер.  Орыс 
тілінде «мужской род», «женский род» және «средний род» бар. Қазақ тілінде род категориясы 
жоқ  екені  белгілі.  Алайда  кейбір  сөздердің  орыс  тіліндегі  тұлғасына  қарап,  олардың  қазақ 
тіліндегі  баламаларын  да  соған  сәйкесендіріп  жаңа  тұлғалы  сөз  тудыру  арқылы  тілімізде  род 
категориясын жасауға ұмтылушылар кездесіп қалады. Сөзжасам, аударма барысында байқалып 
жүрген  бұл  құбылыстың  бастауы  кеңестік  кезеңде  жатыр.  Азамат  –  азаматша,  мұғалім  – 
мұғалима  сынды  сөздердің  екінші  сыңарлары  сол  кезеңнің  өнімі.  “Азаматша”  сөзі  кеңестік 
баспасөзде, көрнекті жазушы Бейімбет Майлиннің “Азамат” әңгімесінде де кездеседі. Жаппай 
қолданылып,  тілге  біржолата  сіңіп  кетпегенмен  де  бұл  атаулар  сирек  те  болса  қолданылып 
келеді. «Азаматша» мен «мұғалимаға» жұртшылықтың көзі біршама үйрене бастағанда кейінгі 
жылдары  төрайым,  медбике,  медаға  сияқты  атаулар  пайда  болды.  Бұлардың  ішінде  жиірек 
қолданылып  жүргендері  –  “төрайым”  мен  “медбике”.  Орыс  тіліндегі  “медсестраға”  балама 
ретінде  ұсынылған  –  медбике,  медбибі,  мейірбике,  мейіркеш,  аяжан  атауларының  арасынан 
көптеген  филологиялық,  терминологиялық  сөздіктерге  еніп,  баспасөзде,  кәсіби  мамандар 
тілінде көбірек қолданылып жүргені де осы “медбике” нұсқасы.  
 
«Азаматша»  «мұғалима»  «төрайым»«медбике»  атаулары  2011  жылы  шыққан  он  бес 
томдық  «Қазақ  әдеби  тілінің  сөздігіне»,  2013  жылы  жарық  көрген  қазақ  тілінің  «Қазақ 
сөздігі»мен  бірқатар  өзге  сөздіктерге  де  енді.  Тіліміздің  табиғатына  жаттығы,  жасандылығы 
көрініп  тұрғанымен,  мерзімді  баспасөзде,  кейбір  қаламгерлер  шығармаларында  қолданылып, 
әдеби тілдің сөздігіне енуі – мұндай атаулардың тілде заңдастырыла бастағандығының көрінісі. 
Соған қарамастан бұл атаулардың қолданысы жалпыхалықтық сипат алып, қалың көпшіліктің 
жатырқамай  пайдаланатын  сөздерінің  қатарынан  орын  алды  дей  алмаймыз.  Әсіресе,  тіл 
табиғатын  жақсы  түсінетін  кәсіби  мамандар,  лингвистер  мен  белгілі  қаламгерлердің  елеулі 
бөлігі  ондай  сөздерді  қолдануға  аса  құштар  емес.  Оның  басты  себебі  –  род  категориясының 
қазақ тіліне тән еместігі мен орыс тіліндегі баламаларына сәйкестендіру мақсатынан туындаған 
жасалымдардың жасандылығының аңғарылып тұрғандығы.  
 
Біз  бұған  дейін  де  мақалаларымыз  бен  баяндамаларымызда  қазақ  тіліндегі  сөзжасам, 
сөзқолданыс  мәселесіндегі  кемшілік  ретінде  бұл  мәселеге  тоқталғанбыз.  Біз  ғана  емес  өзге 
әріптестеріміз  де сөз болып отырған мәселені назардан тыс қалдырған емес. Тілімізде кейінгі 
жылдары  қолданылып  жүрген  осы«төрайым»  сөзі  жөнінде  пікір  білдерген  лингвист 
ғалымдардың  бірі  филология  ғылымдарының  докторы,  академик  М.Серғалиев.  Ғалым  былай 
деп  жазған  еді:  “Төраға,  төрайым  сөздерінің  маңында  әлі  күнге  дейін  бірауызды  пікірге  келе 
алмай жүргеніміз  шындық.  Дәл осы сөзге қатысты  қазақ тілінің тағы бір ерекшелігі назардан 
тыс  қалып  бара  жатыр.  Ол  ерекшелік  –  тілімізде  тек  (род)  категориясына  байланысты  қазақ 
тілінің  грамматикалық  көрсеткішінің  болмайтындығы.  Кім  де  болса  мектеп  табалдырығын 
аттап,  білім  шаңырағына  енген  сәттен  бастап  осы  мәселеге  құлақтары  сіңісті  болып  жатады. 
Соған қарамастан, төраға, төрайым сөздерін бастықтың жыныс ерекшелгіне қарай қолданып 
жүрміз.  Айталық  Қазақстан  Республикасы  Орталық  сайлау  комиссиясының  бірінші  бастығы 

 
29 
әйел  адам  болып  еді,  төрайым  аталды,  «Асар»  партиясының  жетекшісі  де  әйел  адам 
болғандықтан,  төрайым  болып  отыр.  Ал  Орсайкомның  басшылығына  ер  адам  келіп  еді, 
төраға  лауазымын  иеленді,  шамасы,  “Асардың”  жетекшілігі  ер  адамға  табыс  етілсе,  ол  да 
төрайымдық  емес,  төрағалық  ететін  шығар.  Біреулерге  төрайымның  айтылудағы 
жағымдылығы  жақсы  әсер  етеді-міс.  Ондай  тартымды  болу  үшін  басшы  адам  тек  қана  әйел 
бола  беруі  керек  пе?  Тегінде,  терминжасау,  мекемеге,  лауазымға  атау  беру  мәселесінде 
ешқандай  эмоцияның  араласы  болмауға  тиісті.  Оған  жол  берілген  жағдайда  мұндай 
төрайымдар  бағыныстыларының  жас  айырмашылықтарына  байланысты  төртәте,  төрапа, 
төрәже  аталып  кетулеріне  де  шүбәлануға  болмас.  Ал  «төраға»  сөзін  ешкім  эмоция  арқылы 
өзгеріске  түсіре  бермесі  анық,  себебі  басшылық  атауы  ретінде  бұл  сөздің  халық  тілінде 
өміршең болып кеткендігі соншалық – ол сөз қабылданып, сіңіп кеткен уақыт ішінде қаншама 
ұрпақтың ауысқанын есептеудің өзі қиын. Қазірге егде жасқа келген аталар мен әжелердің қай-
қайсысы  да  білімге  сусындатқан  ұстаздарынан  кейінгі  бір  сүйкімді  жанның  тәрбиесін 
көргендерін  мақтан  етеді.  Солсыйлыапаларын  да,  ағаларын  да,  аға(айым  емес) 
пионервожатый  дегендері  рас.  Осы  ұстаным  бойынша  қызметкердің  жыныс  ерекшелігіне 
қарамастан, аға оқытушы, аға инженер, аға ғылыми қызметкер, аға сатушы, аға есепші, аға 
тәрбиеші, аға лейтенант, аға сержант сияқты қалыптасып қалған атақтар мен лауазымдарды 
қайта жаңғыртып, өзгерте беру қисынға келе бермейді» [9] 
 
Белгілі  тілші  ғалымның  келтірген  деректері  де,  айтылған  пікірлері  де  орынды.  Тіл 
мамандарының  көпшілігі  осылай  ойлайды.  Көптеген  жиындар  мен  оқыған  дәрістерінде  олар 
бұл  жөнінде  айтып  та,  жазып  та  жүр.  Мамандар  арасындағы  өзара  кәсіби  қарым-қатынас 
барысында да осы мәселе жайында сөз болып жатады. Жалпы бұл мамандардың көпшілігінің 
көкейінде жүрген мәселе. Жуырда тағы бір әріптесіміздің пікірін оқыдық. Мәселен, филология 
ғылымдарының докторы Жеңіс Сәдуақасұлы «Сөз саптаудағы самарқаулық» атты мақаласында 
«төрайым»  сөзінің  жасалуы  жайлы  былай  деп  жазады:  «Ертеректе  «төраға»  (жиналыс 
төрағасы)  деген  жаңа  сөзді  ер  адамға  ғана  тән  деп  түсінген  кей  білгіштеріміз,  қазақ  тілінде 
сөздің  «родқа»  бөлінбейтініне  қарамастан,  әйел  адамдарға  қатысты  «төрайым»  сөзін  енгізген 
болатын.  Осы  сөздің  «төр»-і  түсінікті  болғанымен,  «айымы»-ы  «аға»  сөзіне  балама  бола 
алмайтыны  ескерілген  жоқ(еркелету  мәніндегі  «айым»,  «күнім»  сөздері  тек  әйелге  қатысты 
айтылмайды  ғой).  Бұл  сөз  жөнінде  кезінде  әңгіме  болғанымен,  көпшілік  қолданысқа  түсуіне 
байланысты үйреншікті сөзге айналып, қазірге дейін қолданылып келе жатыр»[10].  
 
Ж.Сәдуақасұлының «төрайым» сөзінің қазірге дейін қолданылып келе жатқанын айтып 
отырғаны рас. Алайда біздің пікірімізше, «төрайым» құрамындағы «айым» («күнім») еркелету 
мәнінде  айтылатын  сөз  емес.  «Қазақ  сөздігінде»  көрсетілгендей  бұл  сөздің  «Қыздарға  қарата 
айтылатын атауыш» деген көне мағынасы мен «әйел, жұбай,  зайып» деген жергілікті аумақта 
қолданылатын  мағыналары  да  бар.  «Төрайым»  сөзін  жасаушылар  «айым»  сөзінің  осы  екінші 
мағынасын,  дәлірек  айтқанда,  «әйел»  мағынасын  негізге  алған  деп  пайымдаймыз.  Яғни, 
«жиналысты басқарушы, жиын тізгігін ұстаушы әйел» деген мағынада қолданған.  
 
Көріп  отырғанымыздай,  орыс  тілінің  ықпалында  кетіп,  тіліміздегі  сөздерді  родқа 
жіктеудің  негізсіз  екендігі  тіл  мамандары  назарынан  тыс  қалып  жатқан  жоқ.  Айтылып  та, 
жазылып  та  жатыр.  Біз  жоғарыда  олардың  бір-екеуіне  ғана  тоқталдық.  Соған  қарамастан, 
әсіресе,  мерзімді  басылымдарда,  көркем  аудармада  адамды  жыныс  ерекшелігіне  қарай 
жіктеуден пайда болған «төрайым», «азаматша» секілді атаулар әлі де қолданыс тауып отыр.  
 
Біз  қарастырған  көркем  аудармаларда  жоғарыда  аталған  және  олардан  басқа  мына 
төмендегідей  атаулар  кездесті.  Олар:  құдай(бог)  –  құдая  (дева,  Дева  Исцелительница),  тәңір 
(бог)  –  тәңірия  (дева,  богоматер),  азамат(гражданин)  –  азаматша  (гражданка)
төраға(председатель)  –  төрайым  (председательница),  мұғалім(учитель)  –  мұғалима 
(учительница), 
қожайын(хозяйн) 
– 

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет