Вестник серия «Филологические науки» основан в 2008 году выходит 4 раза в год астана 2015 2



жүктеу 5.01 Kb.

бет24/35
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35

 
Жазылым  құрылысы  –  бұл  сұраққа  жауап  беру  немесе  дәлелдердің  классикалық 
жүйесіне негізделген тақырыптарды ашу. 
1.Титул беті (бірыңғай үлгі бойынша толтырылады) 
2. Кіріспе – берілген тақырыпты талдаудың мәні мен негіздемесі, бір- бірімен логикалық және 
стилистикалық  байланысты  сөйлем  оралымдарының  қатарынан  тұрады.  Бұл  сатыда  студент 
зерттеу жұмысының барысында жауап алғысы келетін сұрақты дұрыс тұжырымдай білуі керек. 
Жұмыста  қарастырылатын  мәселенің  ең  маңыздысын  және  негізгі  терминдерге  қысқаша 
анықтама  беру  керек.  Анықтамалардың  санын  аса  көп  болғаны  дұрыс  емес.  Кіріспеде 
тақырыптың  маңыздылығы  мен  жаңалығы,  аталмыш  жұмыстың  басқа  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарымен байланысы көрсетілуі қажет, сонымен қоса зерттеудің мақсаттары, нысаны мен 
пәні, міндеттері, олардың жалпы ғылыми-зерттеу (тәжірибелік-зерттеу) жұмысын орындаудағы 
орны, әдіснамалық базасы, қорғауға шығарылатын ережелері келтірілуі тиіс.  
3.  Негізгі  бөлім  –  таңдап  алынған  проблеманың  теориялық  негіздері  және  негізгі  сұрақты 
баяндау. Бұл бөлім дәлелдеу мен талдаудың дамуын қарастырады, сонымен қатар бұл  мәселе 
бойынша  бар  мәліметтерден,  басқа  да  дәлелдер  мен  көзқарастардан  өзге  негіздемелерді 
қамтиды.  Бұл  сұрақ  бойынша  көзқарастар  алынған  мәліметтер  және  басқа  аргументтерге 
сүйеніп,  студенттің  өз  талдауымен  негіздеуді  талап  етеді.  Ұсынылған  талдаудың  өзіндік 
құрылымы  болуы  тиіс.  Негізгі  бөлімде  мәліметтерді  пайдаланып  отырып,  білім  алушы 
талдауларды  қисынды  негіздеу  керек.  Өзі  оқымаған,  білмейтін  әдебиетке  сүйенбеу  қажет. 
Мәліметтерді  дұрыс  пайдаланбау,  соның  ішінде  артық  қорытындылау  жұмыс  сапасын 
төмендетеді.  Қайталамауға  тырысу  қажет.  Анық,  қысқаша,  нақты  жазылуы  керек.  Жұмыстың 
тарауларын  құрылымды  нақтылап  көрсету,  материалды  логикалық  қисанды  етіп  жазуға 
дағдылана  білген  абзал.  Жазылым  жұмыстарының  негізгі  маңызы  осымен  түсіндіріледі  және 
осы  басты  қиындықты  туғызады.  Сондықтан  дәлелдеулерді  жүзеге  асырылатын 
тақырыпшалардың  болуы  аса  маңызды;  осы  тұста  ұсынылатын  дәлелдеуді,  талдауды  негізге 
алу  қажет.  Қажет  болған  жағдайда  суреттерді,  кескіндемелерді,  диаграммаларды  және 
кестелерді пайдалануға болады. Зерттеу бағытының негіздемесі, міндеттерді шешу әдістері мен 
олардың  салыстырмалы  бағасы,  ғылыми-зерттеу  жұмысын  жүргізудің  таңдалған  жалпы 
әдістемесінің  суреттемесі  енетін  зерттеу  бағытының  таңдауы  да  осы  бөлімде  көрініс  табуы 
керек. 
 
Кез  келген  жазба  жұмысын  құрудың  жақсы  тәсілі  –  дәйектелетін  мазмұндаманың 
шешуші  мезетін белгілеу үшін тақырыпшаларды қолдану;  бұл  жасалуға  тиісті нәрсені көруге 
көмектеседі  (және  сұраққа  жауап  береді).  Мұндай  көзқарас  көрсетілген  зерттеудің  айқын 
мақсатын анықтауға  септігін тигізеді. Тақырыпшаларды  тиімді қолдану  –  жауап беру қажетті 
негізгі пункттерді белгілеу ғана емес. Олардың бірізділігі тақырыпты ашуда қисынның барын 
немесе жоғын куәландыра алады. 
4.
 
Қорытынды – тақырыптың қолданылу саласын көрсету арқылы ол бойынша қорыту 
және  дәйектелген  тұжырымдар.  Академиялық  сауаттылықтың  жазылым  саласы  жазба 
жұмыстар  бойынша  қорытады  немесе  тағы  да  түсініктер  енгізеді,  негізгі  бөлімде 
баяндалғандарды  бекітеді.  Қорытындыны  құрастыру  үшін  ұсынылатын  әдістер:  қайталау, 
безендіру, бекітуді әсерлейтін дәйексөз. Жұмыстан шығатын қажетті қорытынды болуы қажет. 
Тақырыптың  әрі  қарай  даму  бағыттарын  көрсету  де  маңызды.  Қорытынды  басқа 
проблемалармен  өзара  байланыс  арқылы  зерттеуде  қолдануға  нұсқауды  толықтыратын  өте 
маңызды элементтен тұруы мүмкін. 
 
Академиялық жазылымға қалай дайындау қажет? Бұл өзара байланысты үш құрамдас 
бөліктен тұрады: 

 
 
171 
- Қолданылатын бастапқы материал (оқылған әдебиеттерден конспектілер, дәрістер, пікірсайыс 
қорытындысының  жазбалары,  өз  пікірлері  және  көрсетілген  проблема  бойынша  жинақталған 
тәжірибелер); 
-  Қолда  бар  бастапқы  материалды  өңдеу  сапасы  (оны  ұйымдастыру,  дәлелдеулер  мен 
дәлелдемелер); 
- Дәлелдеу (тақырыпта көрсетілген проблемалармен қатыстылығы); 
Жазу кезеңін бірнеше сатыға бөлуге болады: ойлану – жоспарлау – жазу – тексеру – түзету. 
 
Жоспарлау  –  мақсатты,  негізгі  идеяларды,  ақпарат  көздерін,  жұмысты  аяқтау  және 
ұсыну мерзімдерін анықтау. Мақсат қоя отырып, іс-қимылды айқындау қажет. Идеялар мақсат 
секілді  нақты  және  жалпы  бола  алады.  Ойлар,  көзқарастар  мен  ұсыныстар,  ұқсастықтар, 
болжам жасау, талқылаулар, дәлелдер, дәлелдемелер және т.б. түрінде бейнеленуі мүмкін. Ол 
үшін: 
 - Тақырыпты өз ойы және өз сөзі арқылы (оқулықтан көшірмей) толық аша білуі
 - Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуы; 
 - Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көпсөздікке жол бермеу; 
 -  Тақырып  бойынша  қарастырылатын  мәселені  өзі  ғана  емес,  басқаларға  да  түсінікті 
болатындай оралымды тілмен, аз сөзге көп мағына сыйғыза баяндауы; 
 -  Шығарманың  барлық  бөлімдерінің  бір-бірімен  тақырып,  негізгі  ой  арқылы  шебер 
байланысуы; 
 - Шығарманың кіріспе мен қорытынды  бөлімдері  қоса алғанда тұтас  жұмыстың ¼ бөлігіндей 
болуы қажет; 
 -  Міндетті  түрде  жоспар  болуы  және  шығарма  мазмұнын  жоспарға  сай  рет-ретімен  жүйелі 
баяндауы қажет. 
 
Бұндай  жазу  жұмыстарын  тексергенде  оқытушылар  тарапынан  бағалау  өлшемдері 
«критерийлері»  міндетті  түрде  болғаны  жөн.  Бағалаудағы  балл  қою  шарттары  деп  біз  өз 
тарапымыздан мыналарды атап көрсетер едік: 
Студент  қажетті  материалды  терең  ұғынып,  жақсы  түсінуі,  оны  тақырыпты  ашу  үшін  дұрыс 
қолдана білуі керек; 
 - Берілген тақырыпқа толық әрі нақты жауап беруі
 - Мәселені өзіндік ой-пікір тұрғысында дұрыс талдай білуі; 
 - Ойын жүйелі желімен жазуға төселуі; 
 - Тілі бай әрі әдеби тіл нормаларына сай болуы
 - Жазылым жұмысының құрылысы ой жүйесіне сай шебер қиысса және стиль бірлігі сақталуы
 - Фактілік қателер болмай, сөзді орынды қолдана білсе
 - Қорытынды пікірі орынды, тиянақты болуы қажет. 
Жазба жұмысын тексергенде қателерді түрлі шартты белгілер арқылы көрсетудің өзіндік бір 
жүйесі бар. Олар:  
/- емле қатесі белгіленеді. 
V- тыныс белгісінен кеткен қате. 
Z- абзац керек деген белгі. 
Z- артық қойылған абзац. 
?- дүдамал, екі ұшты, «осы сөйлемді ойлан» деген белгі. 
?!- пікірді немесе фактіні бұрмалаудан кеткен кемшілік. 
!- «осы жерге ерекше көңіл аудар» деген белгі. 
~~ - ауыстыруды керек ететін, бірнеше қайталанған сөздер мен сөйлемдер. 
---_ стильдік жағынан дұрыс құрылмаған, «жөндеп жазу керек» деген белгі. 
...- сөз қалдырып кетсе, түсініксіз сөйлемдерді белгілейді. 
 Әрине, осы белгілерді қойып, студент дәптерін қайтаруға болмайды, оқытушы осы жұмыс 
жөнінде рецензия жазса, оның беретін әсері өте мол.  
 
Сондықтан  жазба  жұмыстарындағы  кемшіліктерді  жою  үшін,  студенттердің  осы 
шартты  белгілерді  жақсы  білулері  қажет.  Ол  үшін  оқытушы  осы  шартты  білім  алушыларға 
таныстырғаны дұрыс. Сонда бұлар студент жадында қалады, әрі екі жаққа да өте қолайлы. Бұл 

 
 
172 
тәсіл  өз  кезегінде  оқытушы  уақытын  үнемдейді.  Дегенмен  ұстаз  тарапынан  жазба 
жұмысындағы кемшіліктерді жазып көрсетудің де ұтымды тұсы бар.  
5.  Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі.  Тізімде  жұмысты  жазу  кезінде  пайдаланылған  әдебиет 
көздері  туралы  мәліметтер  болуы  қажет.  Бұлардан  басқа  түрлі  қосымшалар,  иллюстративті 
мәліметтер де беруге болады. 
 
Қазақ  гуманитарлық  заң  университетінде  ұстаздық  қызмет  ете  жүріп,  мемлекеттік 
тілдің  қолданыс  аясын  кеңейтуге  өз  үлесімізді  қосып  келе  жатқанымызды  мақтан  тұтамын. 
Академиялық сауаттылық курсының қазіргі студент  –  келешек  маманға  берері көп екендігіне 
нақты дәлелдер жетерлік. 
 
Оқу  жылының  алғашқы  бөлігінде  ғылыми  жұмыстарға,  жазылым  түрлеріне 
дағдыланатын  студенттер  университеттің  жоғары  курсына  барғанда  курстық  жұмыс, 
дипломдық жұмыс, тіпті ары қарай магистрік зерттеу жұмысын жазу барысында өз шеберлігін 
көрсете  алады.  Бірінші  курстан-ақ  академиялық  сауаттылыққа  төселген  білім  алушылардың 
қазіргі  білім  жүйесіндегі  ұтымды  тәсілдерді  меңгеруі  өз  жемісін  беріп  жатқанына  куә 
болудамыз.  Тілді  терең  меңгертудің  осындай  оңтайлы  бағыты  біз  қызмет  ететін  жоғары  оқу 
орнында қолданысқа енуі оқытушылар тарапынан қызу қолдау таба білді.  
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. Оқу құралы. – Алматы: РБК, 2000. – 207 б. 
2.
 
Жақсылықова  К.  Қазақ  тілін  орыс  тілді  бөлімдерде  модульмен  оқытудың  ғылыми-теориялық 
негіздері: п.ғ.докторлық дисс. ... 13.00.02. – Алматы: Абай атындағы АлМУ, 2001. – 397 б. 
3.
 
Бейсенбаева  З.  Жоғары  оқу  орындарында  сөзжасам  пәнін  оқытудың  ғылыми  әдістемелік  негіздері. 
п.ғ.докторлық дисс. ... – Алматы, 2004. – 322 б. 
4.
 
Жанпейісова  М.М.  Модулдік  оқыту  технологиясы  оқушыны  дамыту  құралы  ретінде  (Аударған 
Д.А.Қойшыбекова). – Алматы, 2002. – 180 б. 
5.
 
Cтратегии академического чтения и письма. Минск: Пропилеи, 2007. – C. - 140.  
 
 
ӘӨЖ 378.02:811.512.134   
Камиева Гульмира Камиевна 
АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ НАҚЫЛ СӨЗДЕРДІҢ КӨРІНІСІ 
 
 
Аңдатпа 
 
Бұл  мақалада  нақыл  сөздердің  шығу  тарихы,  этимологиясына  және  танымдық-
қатысымдық  міндеттерді  шешуге  керекті  ақпарат  қолдану  арқылы  түсіне  білуге 
дағдыландыру мәселесіне тоқталған. 
 
Тірек сөздер: ауыз әдебиеті, негізгі кейіпкерлер, қазақ ертегілері, нақыл сөздер, мақал-
мәтелдер. 
 
 
Аннотация 
 
В данной статье дается понятие пословицы и поговороки, расматриваются вопросы 
этимологии  и  разножанровости  пословиц  казахского  этноса,  а  также  привития  навыков 
правильного восприятия и прослушивания нужной информации в профессиональной сфере для 
принятия решений в познавательно-значимых ситуациях .  
 
Ключевые  слова:  устное  творчество,  главные  герои,  казахские  сказки,  слова 
назидания, пословицы и поговорки. 
 
 
Summary 
This  article  deals  with  proverbs  and  sayings.  The  etymology  and  different  genres  of  the  Kazakh 
proverbs are observed in this article. 
 
Key  words:storytelling,  main  characters,  kazakh  fairytales,  words  of  edification,  proverbs 
and sayings. 
 
 
Қазақ  халқы  –  қасиетті  сөз  қадірін  біліп,  оны  қастерлеп  қолданыстан  тастамай,  үлгі-
өнеге  ретінде  данышпандығын  ашу  мақсатында,  терең  мағыналы  сөздерді  қолданып  келе 

 
 
173 
жатқан халық. Сөз зергерлерінің аузынан шыққан мақалдар мен мәтелдерді үздіксіз қолданып, 
үлгі етіп, ұрпақ тәрбиесіне бағыштап пайдалану дәстүрге айналған. 
 
Қай  халықтың  ауыз  әдебиетін  алсақ  та  ертегілер  құрылысы  ауызша  айтуға  лайықты 
түрде  құрылады.  Сөз,  сөйлем  құрылыстары  да  осыған  сәйкес.  Қай  елдің  ертегісі  болсын, 
дәстүр, салтқа айналған бастамасы және шешуі болады. 
 
Ертегінің  көпшілігі  қара  сөзбен  айтылады.  Бірақ  араларында  өлең,  ырғаққа  құрылған 
үзінділер де жиі ұшырайды. «Күндерден күн өткенде, күн артынан күн жеткенде, айлардан ай, 
жылдардан  жыл  өтіп,  темір  теңгедей,  темір  таяқ  тебен  инедей  болып,  өлдім,  талдым,  өштім, 
жандым дегенде...» , — деп әсірелей суреттеу — ертегі атаулыға тән қасиет. 
 
Ертегілердің  негізгі  қаһармандары  —  хан,  оның  уәзірі,  шал,  кемпір,  мерген,  тазша, 
қойшы, алып дәулер, мыстан, жалмауыз кемпірлер, айдаһар, самұрық құс тағы басқалар. 
Мерген жігіт, айлакер, тапқыш тазшалар өздерінен күші басым алуан-алуан жаулармен күресте 
қайсысын  болсын  жеңеді.  Талай  қиыншылықтарды  басынан  кешіре  келіп,  ақыры  ойлаған 
мұратына жетіп тынады.  «Барша мұратына жете алмай», шешуі басқаша болып бітетін бір де 
ертегі болмайды. Ертегінің осылай бітуінің өзінде халықтың оптимистік, болашаққа сенушілік 
көзқарасы жатқандығын айқын көруге болады. 
 
Ертегі неғұрлым көне болған сайын, сөйлем құрылысы ырғақты келеді. Көбіне жалаң 
сөйлемнен  құрылады.  Сөздерінің  дыбыстары  бірыңғай  келіп,  сөйлемдерінің  аяққы  сөздері 
қайталанып  отырады.  Мысалы:  «Ертеде  бір  Ерназар  дейтін  кісі  болыпты,  өзі  бай  болыпты. 
Төрт  түлігі  сай  болыпты.  Қора  толған  қойы  болыпты.  Матау  толған  түйесі  болыпты. 
Ерназардың  сегіз  ұлы  болыпты»,—  деген  жолдарды  алсақ,  белгілі  бір  ырғақ,  ұйқасқа 
құрылғанын көреміз. 
 
Қандай  ертегі  болса  да  аяғы  жақсылықпен  бітеді.  Оның  әрқайсысы  —  жеңуге 
болмастай  қиындықтар.  Әйтсе  де  әр  түрлі  себептермен  бас  қаһарман  сол  бөгеттердің  бәрін 
жеңіп шығады да, «барша мұратына жетеді». Бұл барлық ертегілерге тән шешу және халықтың 
өмірге оптимистік көзқарасын көрсететін тұрақты шешім. 
 
Халық  ертегілерінде  жақсылық  пен  жамандық,  адамдық  пен  арамдық,  саналалық  пен 
сараңдық салыстыра айтылады. Мысалы:  
“Жақсыға берсең асыңды,  
Жақсы сыйлар басыңды. 
Жаманға берсең асыңды, 
Итке тастар басыңды”.  
“Жақсының шарапаты тиер тар жерде 
Жаманның кесапаты тиер әр жерде”. 
 
Халық ертегілерінде сөз  болмайтын, айтылмайтын өмiр саласы  жоқ, тақырыптары  да 
әр  алуан.  Әрбiр  адамға  өскен  елiнен,  туған  жерiнен  ыстық,  әрi  қымбат  ешнәрсе  жоқ. 
Сондықтын  халық  осы  сезiмдi  ертегілер  арқылы  әрбiр  жас  жеткiншектiң  кiшкентай  кезiнен 
бастап  көңiлiне  құяды,  өз  Отанын  қорғауға  уағыздайды.  Осы  ретте  төмендегiдей  мақал-
мәтелдердi мысалға келтiруге болады: 
“Туған жердей жер болмас, 
Туған елдей ел болмас”. 
“Туған жерге туың тiк” және т.б. 
 
Табиғат құбылыстары, жыл мезгiлдерi, ауа-райы туралы ертегілердегі қолданылған 
мақал-мәтелдер халықтың байқампаз, зеректiгiнiң көрсеткiшi бола алады. Мысалы:  
“Сүмбiле туса, су суыр”, 
“Қылышын сүйретiп қыс келер” 
“Сәуiр болмай, тәуiр болмас” және тағы басқалары. 
 
Үлкен  адамдарға  қарағанда,  баланың  өмiр  тәжiрибесi  аз  болады,  сол  себептен  оған 
айтылатын  ақыл,  өнеге  өсиет  сөздер  әсерлi,  әрi  естерiнде  қалатындай  мәндi  болуы  керек. 
Ертегілердегі  ақылға  қонымды  сөздер  айту  арқылы  баланы  тәрбиелейдi,  сана-сезiмiн 
арттырады.  
 
Халық  ертегілері  де,  мақал-мәтелдер  де  фольклор  жанрының  бiр  түрi.  Осыған 
байланысты  ертегілердегі  қолданылған  мақал-мәтелдер,  бiрiншiден,  халық  ауыз  әдебиетiнiң 

 
 
174 
ерекшелiктерiн  бойына  сақтаса,  екiншiден,  қазiргi  жазба  әдебиетiне  өзiнiң  халық  тiлiнде 
жасалған формасын ешбiр өзгертпей енiп отыр. Кейбiр мақал-мәтелдердiң халық ертегiлерiнен, 
өлең жырлардан пайда болғанын мына мақал-мәтелдерден аңғаруға болады: 
“Түйе бойына сенiп, жылдан құр қалыпты”. 
“Аяз би әлiңдi бiл,  
Құмырсқа жолыңды бiл” және т.б. 
 
Ертегілерді  де,  мақал-мәтелдердi  де  шығарушы,  әрi  таратушы  –  халық.  Ертегілер  де, 
мақал-мәтелдер де халықтың рухани бай өмiрiнен, ой-қиялынан, ақылынан туады. «Ер Төстік» 
ертегісінде:  «Бетегеден биік, Жусаннан аласа»  деп Шалқұйрық аттың өте  төмен қарай отыра 
қалуы  мағынасында  қолданылады,  бірақ  кейіннен  халық  арасында  жуас,  тәртіпті,  ұстамды 
адамға сипаттама беретін мақал-мәтел ретінде сіңіп кеткен.Со нымен бірге халық ертегілерінде 
де қазақ халқының сөзге тоқтап, ашуынан қайта білуіне байланысты айтылған мақал-мәтелдер 
де  жетерлік.  Мәселен,  «Аяз  би»  ертегісіндегі  «Тіл  тас  жарады,  Тас  жармаса  бас  жарады», 
«Сөз тапқанға қолқа жоқ» және тағы басқа мақал-мәтелдер. Қазақ халқының мақал-мәтелдері 
қай  кезде  де  болса  да  ұрпақты  жақсылық  жасауға,  тәрбиелеуге,  адамдардың  бір-біріне 
қаталдық, жауыздық жасамауға шақырып отырған. Бұған дәлел ретінде, «Аяз би» ертегісіндегі 
«Қылышүстінде серт жүрмейді», «Біреудің қанын жүктеме», «Аға өлсе, іні –мұра», «Біреуге 
ор  қазба,  өзің  түсерсің»,  ал  «Керқұла  атты  Кендебай»  ертегісіндегі  «Өзімдікі  дегенді  білме, 
Жатсынуды  сүйме»  мақал-мәтелі  жастарды  ортақшылдыққа,  өзінің  ортасынан  бөлінбеуге 
үгіттейді.  
 
Адамға  барлық  қажеттiлiк,  ақыл-ойы  еңбек  етудi  тiлейдi,  сонда  еңбек  ету  -  өмiрлiк 
бақыт, халық ойлаған арманына,  алға қойған  мақсатына  жету үшiн  бiлiм, еңбек,  қатаң тәртiп 
керек  екенiн  мақал-мәтелдерден,  нақыл  сөздерден  байқаймыз.  Өнерпаздық  дәстүрiн  қыз 
балаларға  iс,  өнер  үйрету,  ер  балаларды  еңбекке,  өнерге  баулу  әрекетiмен  жалғастырып, 
тәрбиелеп  отырған.  Жастарға  үлгiлi-өнегелi  iс-әрекеттердi  үйретiп,  ойлау  жүйесiн  дамытып, 
ақыл-ой тәрбиесiн iске асырады. 
 
Көркем  шығарма  жанрларының  ішіндегі  ертегінің  рөлі  ерекше.  Есте  жоқ  көне 
заманнан  бастап  халықтың  ауыз  әдебиетінде  ең  көп  дамыған  көркем  шығарма  түрі  -  ертегі. 
Ертегіні оқу - баланы ғажайып қиялға бөлеп, шым-шытырық оқиғаға араластырып жеті қат жер 
астына,  ғарышқа  самғатады.  Ертегілердің  түрлері  мен  тақырыбы  өте  көп.  Негізінен  жан-
жануарлар,  аң-құстар,  табиғат  туралы,  адамгершілік  туралы  ертегілер  берілген.  Ертегілердің 
көбі - аударма ертегілер. 
 
Мақал-мәтелдердің  табиғатының  күрделілігі,  оның  көнелігі  мен  қолдану  аясының 
кеңдігінде. Белгілі бір жағдайға, тақырыпқа байланысты шебер айтылған ұтымды, тиісті нақыл 
сөздер  ауыздан-ауызға  көшіп,  ел  арасына  кең  тараған.  Нақыл  сөздер  бастапқы  кезде  халық 
арасында анау айтқандай, мынау айтқандай деп шешеннің есімімен қосарлана жүрген еді. Ал, 
кейін  шығарушының  есімі  ұмытылып,  ұтымды,  орынды  қолданылған  сөздер  халық  сынынан 
өтіп, өңделіп, мақал-мәтелдерге айналып кеткен.  
 
Мақал-мәтелдер  айтылатын  ойдың  мақсатын  екінші  бір  адамға  бірден  аңғартып, 
сөйлеген сөзді қысқа, тұжырымды, мағыналы етіп айтуға әсерін тигізеді. Сөз мәйегі саналатын 
мақал-мәтелдер оқушы тілін байытып, оның тілінің көркемдігін арттырып, тілін дамытып қана 
қоймай,  қазақ  тілінің  байлығын  танытып,  қазақ  тілінде  әдемі,  көркем,  мәнерлі  сөйлеуге 
қызықтырады. 
 
М.Әлімбаев  мақал-мәтелге  төмендегідей  анықтама  берген:  «Мақал-мәтелдер  – 
халықтың  моральдық  кодексі,  тәрбие  қағидасы,  атаның  артындағы  ізбасарына  қалдырған 
өнегелі  өсиеті»  [1,  10].  Мақал-мәтелде  тілдің  адам  өміріндегі  рөлі  туралы  біраз  айтылған. 
Бейнелі,  мәнді сөз, шешендік өнерге  құрмет ертеден басталған. Ой шындығының  сөз  арқылы 
бейнеленуі, сөз арқылы көрініс табуы мақал-мәтелдерде мол дүние екендігі байқалады. 
 
Тәрбиенің  ең  негізі,  өзекті  мәселесі  баланы  жан-жақты  жетілдіру,  оқытушылардың 
балаларға,  студенттерге  білім  беру  ісін  тәрбиелеуден  бастау  қажет  екенін  қуаттайды.  Осы 
мәселеге  дәлел  ретінде  ғалым  С.Рахметованың  еңбегінен  үзінді  келтіруге  болады.  Ғалым 
«Қазақ  тілін  оқыту  методикасы»  атты  оқулығында  оқу  сабақтарының  мақсаты  деп 
төмендегідей мәселелерді атайды: 

 
 
175 
1.
 
Идеялық-саяси, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру
2.
 
Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру; 
3.
 
Үлкендердің  үлгілі,  ерлік  істерімен,  еңбектерімен  таныстыру  арқылы  қоғам  игілігіне 
адал  ниетпен  еңбек  етуге,  адамгершілікке,  бірін-бірі  сыйлаушылыққа,  адалдық  пен 
шыншылдыққа, кішіпейіл болуға тәрбиелеу; 
4.
 
Отанымыздың мейлінше бай, көркем де сұлу табиғаты жайлы материалдармен танысу 
арқылы табиғатта кездесетін өзгерістер мен құбылыстарды байқай біліп, теңдесі жоқ сұлулық 
пен көркемдікті бағалай білуге, елін, жерін қадір тұтып, сүюге тәрбиелеу  
5.
 
Саналы тәртіпке, дұрыс мінез-құлық нормаларына үйрету. 
6.
 
Еңбекке қызығу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу және т.б. [2, 27]. 
 
Аталған оқу сабақтың мақсатында көрсетілген тәрбиелік мәні бар салт-сананың, 
ұлттық  дәстүріміз,  білім,  отбасы,  достық,  адамгершілік,  адам  баласының  мінез-құлқы, 
әсемдік  пен  сұлулық  жөнінде  мағлұмат  беруді  көздейтін,  тәрбиелейтін  мақал-мәтелдер 
таңдап алынады. 
 
Жас  ұрпақты  жағымды  мінез-құлыққа  үйретуде  мақал-мәтелдердің  тәрбиелік 
мәні  бар.  Отбасында  ата-аналар,  оқу  орындарында  оқытушылар  бала  тәрбиесінде 
лайықтап  іс-әрекет,  пікірлесу,  пікірсайыс  негізінде  өнеге  көрсетіп,  өсиет  айтады.  Осы 
ретте мынадай тәрбиелік мәні бар мақал-мәтелдер қолданылады: 
«Өнегелі өрде жүзеді,» 
«Өнерді үйрен де жирен» 
«Өмір – үлкен мектеп». 
 
Мәнді де мағыналы сөздерді, яғни, мақал-мәтелдер орынды пайдалынған оқытушы ой 
қозғап, ақылға қонымды сөздер айту арқылы тіл сабағында студентті тәрбиелейді және білімін, 
санасын арттырады. 
 
Жерді ортақ мекен, Қазақстанды ортақ Отан есебінде жақсы көру сезімін, ортақ үй мен 
елдің  табиғатына  деген  жауапкершілік  сезімі  секілді  қасиеттерін  анықтайды.  Адамның  туған 
жерге,  өскен  елге  деген  сүйіспеншілігін,  сезімін  төмендегідей  мақал-мәтелдерді  қолдану 
арқылы білдіреміз. Мысалы: «Туған жер – алтын бесік», «Туған жерге туыңды тік», «Отансыз 
адам- ормансыз бұлбұл» – деген мақал-мәтелдер дәлел бола алады. 
 
Әрбір  адамның  күнделікті  өмір  тіршілігінде  істі  ақылға  салып  отыруы  керектігін, 
онсыз  алдына  қойған  мақсат-міндетіне  жету  қиын  екендігін  айтады.  «Ақыл  азбайды,  білім 
тозбайды»,  –  деп  ақылды  болуға  үндейді.  «Адам  туа  білмейді,  жүре  біледі»,  –  деп  ізденіс 
арқылы  өзін-өзі  тәрбиелеуге  уағыздайды.  Яғни,  үнемі  өзін-өзі  тәрбиелеумен  шұғылданып,  өз 
қабілетін жетілдіруге шақырады. 
 
«Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі талап, шолушысы ой, жолдасы кәсіп, қорғаны 
сабыр,  қорғаушысы  –  мінез,  сынаушысы  –  халық»  деген  әйгілі  Бөгенбай  батырдың  немересі 
Саққұлақ  би.  Нақыл  сөзде  адам  еңбек  етпесе,  ілгері  баса  алмайтындығы,  кері  кететіндігі 
жөнінде айтылған. Адамға барлық қажеттілік, ақыл-ойы еңбек етуді тілейді, сонда еңбек ету – 
өмірлік бақыт, халық ойлаған арманына, алға қойған мақсатына жету үшін білім, еңбек, қатаң 
тәртіп  керек  екенін  мақал-мәтелдерден,  нақыл  сөздерден  байқаймыз.  Ертегілерде  халық 
басынан кешкен ғасырлар ізі жатыр. Оларда еңбекші  халықтың тұрмыс-тіршілігі,  әдет-ғұрпы, 
елдік тарихы, қилы-қилы қиын асулары, халықтың мұң-шері, арман-мұраты бейнеленген. 
 
Мақал-мәтелдердiң шығу жолдары алуан түрлi. Мақал-мәтелдердi шығарушы – халық. 
Халық  тiлегiне  сай  туып  отырған  мақал-мәтелдердi  шығарушы  әуелде  жеке  кiсi  болса  да, 
авторы  ұмытылып  отырады.  Сондықтан  мақал-мәтелдi  халық  қазынасы  деп  атайды.  Мақал-
мәтелдердiң  ең  негiзгi  шығу  жолы  –  халықтың  әлеуметтiк  тұрмысына  және  экономикалық 
жағдайларына  байланысты.  Кейбір  мақал-мәтелдердің  халық  ертегілерінен,  өлең  жырлардан 
пайда болғанын да аңғарамыз. 
 
Қазақ  халқының  ерте  заманнан  берi  айналысып  келе  жатқан  кәсiбi  –  мал 
шаруашылығы.  Сол  себептен  жан-жануарлар  тақырыбындағы  ертегілерде  төрт  түлiкке 
байланысты  мақал-мәтелдер  жиi  кездеседi.  Халық  мақал-мәтелдерiнде  малдардың 
әрқайсысының жеке қасиеттерi айтылады: Мысалы:  

 
 
176 
“Қойдың сүтi - қорғасын 
Қойды соққан – оңбасын”. 
“Нар жолында жүк қалмас”. 
“Сиыр сипағанды бiлмейдi,  
Жаман сыйлағанды бiлмейдi”. 
“Жылқы - малдың патшасы”. 
“Ат ұстаған азабынан құтылар”.  
“Жомарт жоқтығын бiлдiрмес, 
Тұлпар тоқтығын бiлдiрмес”.  
“Ат ерiндi келер, 
Ер мұрынды келер”.  
 
Бiз  осы  соңғы  келтiрiлген  мақал-мәтелдерден,  қазақ  халқы  жылқы  малын  ардақтап, 
қастерлейтiнiн  байқаймыз.  Жылқы  малын  артық  көретiнi  сонша,  адам  бойындағы 
қасиеттерiмен  де  бейнелейдi.  Сонымен  қатар,  көбiнесе,  түпкi  мағынасы  емес,  жаңа  тұлғада 
адам өмiрiне жалғастырып айтылады.  
 
Қорыта келгенде, сөз мәйегi халық ертегілерінде мақал-мәтелдердi қолданудағы басты 
мақсат – жас бүлдіршіндерді биiк адамгершiлiкке, қайырымдылыққа, жоғары жауапкершiлiкке, 
өзiнiң  ұлтын,  халқын,  туған  жерiн,  Отанын  қастерлеп,  оған  қызмет  етуге  тәрбиелеу,  олардың 
өнер-бiлiмге  қызығушылығы  мен  ынта-жiгерiн  көтеру,  алған  бiлiмдерiн  өмiр,  табиғат 
заңдылықтарымен  байланыстыра  отырып,  қолдана  бiлуге,  олардың  ойлау  қабiлеттерi  мен  тiл 
шеберлiктерiн дамытуға, алғырлық пен ептiлiкке, әдемiлiк пен әсемдiкке, жақсылыққа, ерлiкке, 
өздерiне  және  қоғамға  қажеттi  кәсiп  түрiн  таңдай  бiлуге,  еңбекқорлыққа  үйрету  жастар 
өмiрiнде ең қажеттi мәселе болып есептеледi.  

1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал