Вестник серия «Филологические науки» основан в 2008 году выходит 4 раза в год астана 2014 2



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет7/11
Дата23.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Список использованной литературы: 
1.  Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая степь. М., 1989. – 765 с. 
2.  Чернявская В.Е. Интерпретация научного текста. СПб., 2004. – 127 с. 
3.  Вспоминая  Л.Н.  Гумилева.  Воспоминания.  Публикации.  Исследования.  / 
Составление  и  комментарии  Воронович  В.Н.,  Козырева  М.Г.  СПб.:  ООО 
«Издательство Росток», 2003. – 368 с. 
4.   Гумилев Л.Н. Хунну – М.: Айрис-пресс, 2004. – 17 с. 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
57 
М.Б. Примбетова  
АБАЙДЫҢ АРНАСЫ КЕҢ РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ ӘЛЕМІ 
/Қазақтың бас ақыны ұлы Абайдың туғанына 170 жылдығы қарсаңында/ 
primbetova54@mail.ru
 
 
Аңдатпа 
Бұл мақалада қазақтың бас ақыны Абайдың рухани танымы жайлы ізденістер 
қарастырылады. 
 
Аннотация 
В  данной  статье  рассматривается  духовно-познавательные  стороны 
творчества великого поэта казахского народа Абая. 
 
Abstract 
This  article  discusses  the  spiritual  and  cognitive  side  of  the  great  poet  of  Kazakh 
people Abai. 
 
Ұлтымыздың  рухани  әкесі,  поэзия  пайғамбары  ақын  Абай  туралы  сан  алуан 
мақалалар  жазылып,  талай-талай  зерттеу  еңбектері  жарық  көрді.  Жыл  сайын 
еліміздің  түкпір-түкпірінде  Абай  оқулары  өтіп,  дәрістер  оқылады.  Қара  сөздеріне 
талдаулар  жасалып,  ақынның  философиялық  қыры  айқындалуда.  Шетелде  Абай 
есімімен көше аталып, ескерткіштер орнатылуда. Бұл бірінші кезекте Абайдың ұлы 
тұлға,  қайталанбас  кемеңгерлігін  жат  жұрттың  танығаны,  танып  қоймай 
мойындағаны. Бұл мәдениет алмасу ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін мәртебе. 
Алайда әр жүректе бір Абай бар. Абай туралы жазу әрі қиын, әрі жеңіл. Күрделілігі 
–  оның  жұмбақ  болмысын  жан-жақты  зерделеу  қажеттігі,  өйткені  Абай  -  арнасын 
тапсаң  жарқырай  түсетін  саф  алтындай  құбылыс.  Жеңіл  дейтініміз  –  ақын  рухы 
қашанда  жанымыздан  табылады.  Абай  халыққа  жақын,  ұлт  жадында.Оның  өз 
кезінде  айтқандары  бейнебір  бүгінді  болжап,  көрегендік  танытқандай.  Қоғамның 
қай  саласын  алсаңыз  да  өзекті  мәселелер  жоқ  емес,  ендеше  қандай  бір  тығырыққа 
тірелгенде  Абай  сөздерімен  рухтанып,  оның  терең  танымынан  қуат  аласың.  Тек 
Абайды  оқу  керек,  тану  ләзім,  білген  мақұл.  Абай  әлемі  -  телегей  теңіз.  Түпсіз 
тұңғиық,  адамзаттың  ой-танымы,  тіпті  зиялылардың  кісілігі,  қарабайыр  адамның 
пайымы  жетпейді.  Абай  руханияты  осынысымен  қымбат,  шығармашылығы 
өміршең.  
Абай  қалай  танылуда,  жай  қара  қазақтың,  сол  дәуірдегі  сауаттылық  пен 
жаңашылдыққа  үрке  қарайтын  Құнанбай  кезеңіндегі  Абай  қалай  ерекше 
жаратылды? Бала ақын қалай ұлы ақынға айналды? Оған кімнің немесе ненің әсері 
болды?  Ақын  қалай  өз  ортасында  озық  ойлы  тұлғаға  айналды?  Ол  қалай  ауылдан 
алысқа  аттап  баспайтын  көп  баланың  бірі  болып  есеймеген?  Айталық,  әке 
дәулетінің арқасында мұңсыз, ойсыз жүріп ержетуге де болар еді ғой?  
...  кейде  бір  ұлт,  бір  халық  үшін  бір  тұлғаның  өзі  сан  ғасырларға  жететін 
рухани  мол  мұра  қалдырып,  өзі  өзіне  ескерткіш  орнатып  кетеді.  Жоғарыдағы  сан 
сұраққа  осылай  уәж  айтуға  болар.  Тарихтан  белгілі:  ұлылар  ұмытылмастай  іс 
тындырып, ұрпақ үшін ұлағатты өнеге қалдырады. Олардың бірі ғылым саласында, 
бірі  ұлттық  тәрбие,  енді  бірі  өнер-білім  саласында  өз  бойындағы  рухани  мол 

 
 
58 
мұраны  қалдыра  біледі.  Әлемдік  тәжірибеде  ұлылардың  аты  мәшһүр,  ал  олар 
жасаған жан-жақты ізгі  істер көпке  ортақ. Тіпті ұлылар ұлт таңдамайды, мына ісім 
өз  ұлтыма,  жақын  жұртыма  деп  таяздық  танытпайды.  Сондықтан  көзі  қарақты 
оқырман,  ойы  озық  зиялылар,  өнерді  өмірім,  білімім  болмысым  деп  жүрген 
азаматтар  сонау  түркі  заманынан  бастап  алыс-жақын,  Батыс  және  Шығыс 
елдеріндегі  озық  ойлы  парасатты  жандардың  рухани  мұрасын  өз  кәдесіне  жарата 
алады.  Айталық,  қытай  ғұламасы  Конфуцийді  кім  білмейді.  Шыңғыс  Айтматов 
туындыларын  кім  оқымады.  Әмір  Темірді  кім  білмейді.  Әлем  таныған  әл-Фараби 
мен Баласағұнды, М.Қашқариды, А.Яссауиды, Ұлықпан хакімді кім мойындамайды. 
Осындай  даналықтың  дәнін  сепкен  ұлы  тұлғалар  сияқты  біздің  Абайды  да  әлем 
таныды,  оқыды,  білді.  Тіпті  тамсана  оқыды,  салыстыра  оқыды,  ой  түйді,  пікірлері 
мен  тұжырымдарын  жасады.  Міне,  нұр  сәулесін  төгіп,  шарапатына  бөлеп  тұратын 
ұлылардың қасиеттері де осынысымен құнды шығар.  
Ал  Абай,  әрбір  жүректегі  Абай  кім?  Неге  Абай  жазбалары  сан  сұраққа  жауап 
бере  алады.  Нендей  қасиетімен  Абай  ұлы  суреткерге  айналды?  Бұл  сұрақтарға  тек 
Абайдың  шығармаларына,  рухани  әлеміне  терең  бойлап,  інжу-маржан  сөздерін 
іздеу керек сияқты. Сияқты емес-ау, дәл солай. Абайды алғаш сөйлеткен, танытқан, 
сынатқан  заманымыздың  заңғар  жазушысы  Мұхтар  Әуезов  болды  және  қаламгер 
төрт жасында киіз үйдің керегесінен көріп қалған бала кезіндегі ақынның бейнесін 
көркем сөзбен сұлу суреттеді. Қай кезде де бала Абайдан дана Абай жасаған шебер 
суреткер  М.Әуезов  есімі  Абай  атымен  қатар  аталады.  Бұл  –  «Абай  жолы» 
эпопеясының құдіреті болар. 
Абайдың  біздің  жанымызға  жақындығы  сол,  ұлы  ақын  әдебиеттің  басты 
міндеті адамды дәріптеу, адамды эстетикалық сезімге бөлеу, сөйтіп оны жан-жақты 
дамытып,  толық  адам  дәрежесіне  жеткізу  деп  білді.  Өз  кезіндегі  жарты  басты 
жартыкеш  пенделердің  толық  адам  кейпіне  енуін  көкседі.  Халықтың,  әсіресе 
жастардың  білім  қууын  мақсат  тұтты.  Сол  үшін  өз  жанын  қинады,  үстем  таппен 
алысты,  жазаланды,  қамықты,  қасірет  шекті.  Өмірінің  соңында  пайғамбар  жасына 
жетпей  Шыңғыс  шатқалын  мекен  етіп,  жалғыз  жапа  шекті.  Оны  түсінетін,  жан 
сырын  ұғатын  адам  аз  болды.  Саусақпен  санаулы  достары  болмаса,  сенікі  дұрыс 
дейтін  кісі  жоқтың  қасы  еді.  Абай  өзі  «әліпті  таяқ»  деп  білгеннен  бастап,  туған 
халқының  рухани  байлығын  молынан  пайдалана  алды.  Онымен  шектелмей,  бүкіл 
адамзаттың  игілікті  мұрасын  да  арқау  еткен.  Соның  арқасында  Абайдың  поэзиясы 
мен  қара  сөздері  жалпы  адамзаттық  мәнге  ие  бол  болды.Абай  есімімен 
байланыстыра  айтылатын  дүние  мол,  сөз  жетерлік.  Соның  бірі  –  қазақ  әдебиеті 
тарихында Абайға дейін ешкім фольклорды мақсатты түрде пайдаланғаны. Бұрынғы 
поэзиямызда  сюжетті  шығармалар  тек  қана  эпоста  болатын.  Батырлар  жыры  мен 
ғашықтық  дастандар,  шығыстық  қисса-дастандар,  тарихи  өлең-жырлар  белгілі  бір 
сюжет бойынша құрылып, шытырман оқиғаны суреттейтін.  
Абай  сан  қырлы  шығармашыл  тұлға  болып  танылды.  Айталық,  Абай 
шығармашылығының ең басты қайнар көзі – қазақтың төл фольклоры. Абай тек ұлт 
фольклорын  емес,  күллі  әлем,  әсіресе  шығыс  халықтары  фольклоры  мен 
классикалық  әдебиетін  де  игерген,  әрі  оны  өз  шығармашылығына пайдаланған.  Ол 
Еуропа  мен  Ресей  халықтарының  мәдениетін,  әдебиетін  меңгерді,  олардың 
сюжеттерімен  толық  танысқан.  Өзінің  білгенін  қазақ  жұршылығына  айта  білді, 
жастар  өмірінің  мәні  махаббат  тұрғысындағы  кейбір  тұстарын  алуды  ұсынды.  Ұлт 

 
 
59 
болашағы  жастардың  махаббат  пен  достықтың  терең  түсінуін  армандады. 
Өлеңдерінде  де,  қарасөздерінде  де  бұл  ойларын  әсерлі  түзе  білді.  Ақын  барынша 
жаңашылдықты  қолдады.  Қатып  қалған  дәстүрдің  озығын  алып,  тозығын  жоққа 
шығаруға талпынды. Алайда оны біреу түсініп, енді бірі күле қарады.  
Абай  көп  ізденді.  Ол  өзінің  жас  шағынан  жақсы  білген  классик  ақындарды: 
Фердоуси,  Низами,  Шейх,  Сағди,  Хожа  Хафиз,  Науаи,  Физули,  Бабурлерді  өмір 
бойы зор қадірлеп өткен. Ерте кезде оларға еліктеп жазған шығармалары да болған. 
Кейін  Низами,  Науаи  жырлаған  Ескендір  жайын,  Аристотель  жайын  батыс 
әңгімелерінен  алып  қосқан  жаңа  сарындармен  көркейтіп,  жыр  дастан  етеді.  Біз  сөз 
етіп  отырған  Абайдың  фольклорға  деген  ғылыми  көзқарасы,  әсіресе  «Бесінші», 
«Жиырма тоғызыншы», «Отыз тоғызыншы» қара сөздерінде де байқалады. 
Біздер күллі адамзат мәдениетіне, әлемдік әдебиетке айтарлықтай үлес қосқан, 
абайтану  ғылымының  негізін  салған,  ұлтымыздың  заңғар  жазушысы  М.Әуезов 
шығармаларынан өзінің Абай туралы еңбектерінде дана ақынның өз халқынан және 
жалпы  адам  баласының  ой-таным,  өнер-білім  байлығынан  сусындап,  нәр  алғанын 
зерттеулерімізге арқау етеміз. Абайды толық тани түсу үшін ақын шығармаларымен 
қатар  М.Әуезовтің  әлем  оқырмандарына  танымал  эпопея  мазмұнынан  мол  мәлімет 
аламыз. Өкінішке  орай, барша қазақ осы шығарманы оқып шықты деуге сенбейсіз. 
Ал ақын Пушкинді алаштың аға ұрпақтары жатқа біледі. 
Ендеше  кемеңгер  тұлға,  поэзия  пайғамбары,  философ,  аудармашы,  гуманист, 
жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абайдың туылғанына 170 жыл қарсаңында ақын 
туралы 
толғану 
артық 
емес. 
Ұлтымыздың 
мақтанышы 
ретінде 
Абай 
шығармашылығына  арналған  талай  ізгілікке  бағытталған  игі  істерді,  мәдени  іс-
шараларды  ұйымдастыру  парызымыз,  ол  жаһандану  жағдайындағы  өмір  сүріп 
отырған ұрпақтың рухани азғындамауына игілікті іс болары анық және ол қажет деп 
білеміз. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Абай Құнанбаев. Шығармалар. Екі томдық. –Алматы: Жазушы, 1968.320. 
2. Әлімқұлов Т. Жұмбақ адам: Әдеби-сын зерттеу. Алматы: .Жазушы, 1993 
3. Абайды оқы, таңырқа .../Құраст. М.Мырзахметов. – Алматы: Ана тілі, 1993 
4. Абай. Қалың елім қазағым: Шығармалары. – Алматы, Жалын, 1995 
5. Абайдың дүниетанымы мен философиясы. –Алматы: Ғылым, 1995.-184 
6. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия. – А., 1998. -720. 
7. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. –А., «Ана тілі», 1994 . -192 
8. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. –А., Ана тілі, 1995. -272.  
9. Уақыт және қаламгер /құраст. З.Қабдолов/. –Алматы: «Жазушы», 1975. -316. 
10. Ұлағат. Ғылыми-психологиялық және педагогикалық басылым. –Алматы, 
№3/1995. -128. 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
60 
Кульжанова М.А. 
Discussion Lesson 
THEME OF THE LESSON: “ GOLDEN AGES” 
 
Аңдатпа 
Бұл  мақалада  10  сыныптағы  ағылшын  тілі  пәнінен  практикалық  сабақ 
жоспары  ұсынылған.  Практикалық  сабақтын  мақсаты  –  сөйлеу  дағдыларының, 
“Алтын ғасыр” тақырыбы бойынша білім арттыруының қалыптасуы. 
 
Аннотация 
В  данной  статье  предложена  разработка  практического  занятия  по 
английскому  языку  в  10  классе.  Целью  практического  занятия  явилось 
формирование  навыков  говорения  на  практике,  обогащение  знаний  учащихся  по 
теме «Золотой век». 
 
Abstract 
This  article  proposes  the  development  of  practical  classes  in  English  in  the  10th 
grade.  The  purpose  of  the  practice  session  was  the  formation  of  speaking  skills  in 
practice, enrich students' knowledge on the topic "The Golden Age". 
 
Objectives : to practise speaking skills, to enrich students’ knowledge on the topic. 
Grade: 10
th
 “B”  
 Lesson Plan 
I. Introduction. 
 Tasks & aims of the lesson. 
II. Warm- up. 
 Answer the questions. 
III. Brainstorming. 
 Task to the students.  
 “What do you associate with the word “Golden Ages” ? 
 Students write the words, then read them to the partners. 
IV. Presentation. 
 Group Work. 
 Group 1  
 They describe this period in Athens. 
 They  point  out  the  main  events  happened  at  that  time,  about  the  reasons  for  the 
“Golden Ages.” 
 Group II 
 “Golden Age” in Florence. 
 The  students  tell  about  the  changes  happened  in  that  period,  the  reasons  to  the 
creative outbursts in this city. 
 They tell about famous painters whose works are still popular now. 
 Group III 
 “Golden Age” in London. 
 The 17
th
 century for London was the flowering time of all forms of literature, but the 
main explosion of creativity was centered around the theatre. 

 
 
61 
 London was undergoing dramatic changes. 
 Theatres were visited by the rich & by the poor, theatres had to satisfy the demands 
of the people.  
Shakespeare was the founder of the London theatre. The “Globe Theatre was opened 
by Shakespeare. 
V. Writing. 
 Write 5 sentences on the topic: “Great Time for Art & Culture.” 
VI. Conclusion. 
“The Influence of the “ Golden Ages”  
 to our present life. 
VII. Home-task. 
Write an essay on this issue. 
Teacher’s introduction. 
Tasks & aims of the lesson. 
Today  we  are  going  to  talk  about  one  of  the  most  important  period  in  the  world, 
about the “ Golden  
Ages .“ This period  was in  Athens, Florence, London & in  many  other  countries & 
cities.  It  is  the  period  of  peace,  harmony,  stability  &  prosperity.  The  Renaissance 
produced  a  “  Golden  Age”  with  many  achievements  in  art,  literature  &  science.  The 
Renaissance  was  a  time  of  creativity  &  change  in  Europe.  It  was  a  rebirth  of  cultural  & 
intellectual  treasures.  There  was  a  movement  from  the  old  beliefs  in  the  gods  &  myths 
towards the values based on a belief in human nature. Etc. 
Presentation. 
Group I. 
“ Golden Age” in Athens. 
Fifth century BC Athens was one of the first societies to have a golden age. 
The “ search for truth” was born with philosophers like Socrates, Plato. 
Hippocrates,” the  father of  medicine,” the  historian Herodotus began the systematic 
study of the world. 
Sculpture, painting flourished. 
It was all happened in Athens because it could afford it. The city state of Athens was 
the great trading centre in the Mediterranean with an empire which provided plentiful food 
&  other  goods.  Rich  Athenian  citizens  had  plenty  of  time  for  leisure  &  culture  as  most 
work  in  the  city  was  done  by  slaves  &  much  business  &  trade  was  conducted  by 
foreigners.  Socially,  Athens  was  in  a  period  of  transition  between  a  conservative, 
aristocratic society & an urban, commercial society in which citizens  were  equal by law. 
Athens became the first direct democracy& major political decisions were taken by large 
numbers  of  citizens.  At  the  same  time  ,  Athens  society  was  moving  away  from  the  old 
beliefs in the gods & ancient myths towards values based on a belief in human nature. 
Group II 
“golden age” in Florence. 
In  the  15
th
  century  the  Italian  city  state  of  Florence  was  to  undergo  a  frenzy  of 
creativity like the cradle of Renaissance. Outstanding painters and sculptors like Botticelli, 
Michelangelo,  Leonardo  da  Vinci  rediscovered  classical  traditions.  They  aimed  to  create 
an ideal form of beauty based on nature. Humanism was an intellectual movement, which 
stressed  the  importance  of  the  individual.  Why  did  this  happen  in  Florence  and  not  in 

 
 
62 
other  Italian  cities?  One  reason  was  that  Florence  was  the  richest  city,  it  was  a  major 
trading and industrial city. Florence was in a state of flux between the old, stable medieval 
world  and  a  new  dynamic  commercial  world.  There  was  greater  social  mobility  than 
before.  In  Florence  developed  modern  banking  and  accounting.  New  merchants  and 
bankers  had  money  to  spend  for  building  magnificent  palaces  and  filled  them  with 
excellent works of art. Finally, there was an open and tolerant climate for artists to work. 
Architects revived many ancient Greek and Roman styles. 
Group II 
“Golden age in London”. 
In the late 16
th
 and early 17
th
 centuries there was flowering of all forms of literature 
in  London.  The  main  explosion  of  creativity  was  centered  around  the  theatre.  Humanist 
ideas are reflected in works of Renaissance literature. There was an insatiable demand for 
new plays, and more than 800 plays were written. 
What  caused  this  burst  of  literary  activity  to  take  place?  First  of  all,  London  was 
undergoing  dramatic  changes.  It  was  growing  rapidly.  The  city  was  also  undergoing  an 
economic revolution as a centre of commerce. London was the home of the English court 
and  the  aristocracy.  Theatres  like  the  Globe  grew  up  to  satisfy  the  demand  for 
entertainment  for  rich  and  poor.  The  London  theatre  was  big  business,  and  playwrights 
and actors like Shakespeare, Jonson were celebrities in their time. 
The most famous writer William Shakespeare wrote 37 plays. 
His plays reflect the ideas of individualism and unconquerable human spirit. The old 
beliefs in the gods and ancient myths towards values based on a belief in human nature. 
V. Conclusion. 
So what was the key to the creative outbursts of these cities ? 
First  of  all,  Athens  &  Florence,  London  were  all  important  trading  centers  with 
money  to  be  spent  on  culture.  They  are  acted  as  cultural  magnets,  attracting  talented 
individuals  from  far  and  wide.  Above  all,  they  were  not  stable  or  conservative  societies. 
All  three  were  dynamic  places  living  through  major  changes,  bursting  with  new 
opportunities & new ideas. These cities were undergone economic changes and there was 
greater social  mobility than before. Many sculptures,  artists & writers were  drawn to the 
cultural  magnet  of  the  city  from  all  over  Europe.  In  this  way,  these  cities  played  an 
important role in the explosion of creativity that flourished in this period. 
Приложения 
 
   
 
 

 
 
63 
   
Golden age in Greece and Italy
 
 
 
 
 
 
 
Малгаздарова Б.Е. 
ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Аңдатпа 
Бұл  мақалада  шешендік  сөздердің  оқытудың  маңыздылығы  көрсетілген. 
Мұғалімдердің  басты  мақсаты  -  шешендік  сөздерді  тәрбие  құралы  ретінде 
пайдалана білу туралы айтылған.  
 
Аннотация 
В  данной  статье  показана  значимость  обучения  ораторскому  мастерству. 
Также  говорится  об  основной  задаче  преподавателей  -  умении  использовать 
ораторское искусство в качестве воспитательного средства.  
 
Abstract 
This  article  shows  the  importance  of  learning  public  speaking  skills.  Also  refers  to 
the main task of teachers - the ability to use rhetoric as educational tools. 
 
Халқымыз  «сөз  қадірін  білмесең,  өз  қадіріңді  білмейсің»,  «шешеннің  тілі 
қылыштан өткір, қылдан нәзік» деп сөз өнерін қадірлесе,  Ахмет Йасауидің «Өлмей 

 
 
64 
тұрып, тірі өлдім» деген сөзі халқымыздың «тіл-ерді қабырға салады, нарды қазанға 
салады»  деген  нақылын  дәлелдей  түседі.  Шешендер  тілге  тиек  еткен  мақал,  нақыл 
сөздердің түп-төркіні тілдің даму эволюциясымен тікелей байланысты. Қазір де ұлт 
тілінің дамып қалыптасуында үлкен рөл атқарады.Өткенді біліп, өшкенді жандыру – 
парасаттылықтың белгісі. 
«Дәуірлердің  қателігін  түзетіп,  Дана  уақыт  өтіп  жатыр  сырғанап»  деп 
Мұқағали  Мақатаев  жырлағандай,  бүгінгі  өмір  талабына  сәйкес  рухани 
қазыналарымызға  жаңаша  қарап,  рухани  танымдық,  тәрбиелік  маңызына  қарай 
оларға  әділ  баға  берілуде.  Рухани  мұраға  сүйенбеген  елдің  жұлдызы  жанбайды 
демекші,  заман  ағымы  талап  етіп  отырған  ата-бабаларымыздан  қалған  әдеби 
мұраларды,  халқымыздың  өсиеті  мен  өнегесін  дәріптеп,  ұрпаққа  үлгі  етіп  ұсыну 
басты мақсатымыз болғаны абзал. Халқымыздың сөз өнерінде жансызға жан бітіріп, 
адамның  сезіміне  әсер  етіп,  сендіріп,  нандырып,  ұйытып  сөйлейтін  талантын, 
шындыққа  жүгінетін,  сөзге  тоқтайтын  қасиетін,  астарлы  сөз,  ұтымды  ой, 
философиялық  парасат  иесі  болғандығын  танытатын  шешендік  өнерді  оқыту  аса 
жауапкершілікті  қажет  етеді.  Ұлтымыздың  ерте  кезден-ақ  өлең-жырға  шебер, 
сөйленер  сөзге  талғампаз,шешендікке  бейім  екенін  оқып  білген  оқушылардың 
шешендікті үйренгісі келетін талабын байқатады. 
Тарихымызды білмей тұрып, болашақты болжай алмаймыз. Оқушыларға туған 
халқының тарихын білу міндет  екенін ұғындырып, сол тарихи -әдеби мұраның бірі 
–шешендік  сөздер  екенін  қазақ  әдебиеті  сабағында  ерекше  айтамыз.  Қазақ 
халқының оқымаса да ойына тоқығаны көп екенін  Батыс Еуропаның түрік тілдерін 
зерттеушілері  әлдеқашан-ақ  әлемге  паш  еткенін  оқушы  білсе,  өз  ұлтына,  тіліне 
деген сүйіспеншілігі арта түспек. 
Қазақтың шешендік сөздері бата-тілектен бастап, бүкіл айшықты, өнегелі өсиет 
сөздерді  қамтиды.  Шешендік  сөздер  –  атадан  балаға  аманат  болған,  ұрпақтар 
сабақтастығын  сақтаған  алуан  түрлі  оқиғалардың  нәтижесіндетуған  терең  ойдың 
қорытындысы. «Өнер алды – қызыл тіл» деп түсінген ата-бабамыз «сөйлей білу,сөз 
қадірін  түсіну  де  өнер»  деп  бағалаған.  Сондықтан  қазіргі  жаһандану  заманында 
халық арсында айтылып келген ұлағатты сөздерді ұмытпай, сол асыл қазынамызды 
оқушыға  жеткізу,  сөздің  қадір-қасиетін  таныту,  ең  бастысы,  шешендік  сөздерді 
тәрбие құралы ретінде пайдалана білу – мұғалімдердің маңызды міндеті. 
Өнердің ең жоғарғы түрі, ең дарындысы, ең данасы – халық өнері, яғни халық 
жасап  сақтаған,  халық  ғасырлар  бойы  өңдеген  өнер  екендігі  күмәнсіз. 
Халқымыздың  даналығы  мен  дәстүрлі  шешендігі  ғасырлар  бойы  халық  сынынан 
өткен  құнды  мұра, асыл  қазына  болып  табылады. Сондықтан  оның  қазіргі  ұрпаққа 
берері  мол.  Сөзді  дұрыс  қолдану,  орынды  жұмсау,  тіл  тазалығын  сақтау-  қазіргі 
жастар  үшін  керек-ақ.  Патшаның  тағынан  шешеннің  бағын  жоғары  бағалап,  сөз 
өнерін  бүкіл  өнердің  бастауы  деп  таныған  халқымыздың  даналық  қасиетін  терең 
түсінуге  жол  көрсетсек,  оқушының  құпия  да  қызықты  сөз  құдіретінің  тылсым 
сырларын тануға ден қояры анық. 
 
 
 
 
 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет