Вестник пгу №2, 2010 30 ƏӨЖ 001. 4 Білім беру мәніне педагогикалық



жүктеу 68.83 Kb.
Pdf просмотр
Дата11.09.2017
өлшемі68.83 Kb.
#13881

Вестник ПГУ №2, 2010

30

ƏӨЖ 001.4



БІЛІМ БЕРУ МӘНІНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

КӨЗҚАРАСТАР КОНТЕКСІНДЕГІ ЖОҒАРЫ 

МЕКТЕПТЕРДІҢ ӨЗГЕРІСТЕР СИПАТЫ

Н.С. Әлқожаева

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ.

XX-XXI ғасырлардағы ҚР-ғы түпкілікті өзгерістер барлық өмір 

бағыттарын қамти отырып, елдің жаңа жүз жылдықтағы дамуы үшін оның 

ең басты шарты  - білім екендігіне бүкіл қоғам болып мойындайды. Ең 

алғашқы университеттердің ұйымдастырылуы кезінде дәл осы оқу орындары 

білім беру жүйесінің жоғарғы сатысында тұрды, соған орай қазіргі таңдағы 

өзгерістер де университеттердің дамуына да ықпал етуде.

Қазақстандағы білімнің модернизациялану жағдайында жоғары мектеп 

педагогтарын дайындаудағы классикалық университеттердің орны мен 

рөлі олардың сипаты мен қалыптасу тарихын анықтау өзекті мәселе болып 

отыр. Осыған орай отандық классикалық университеттердің генезисінің 

ерекшелігін ұғыну мақсатында біз ғылыми әдебиеттерге ретроспективті 

талдау жасадық. Ол бізге классикалық университетінің өзіне ғана тән 

мәнді сипаттарды анықтауға мүмкіндік берді. Зерттелініп отырған мәселеге 

қатысты анықталған ерекшеліктер екі аспектіде болды: бір жағынан ХХІ 

ғасырдың басындағы Қазақстандағы университеттік білім мен ғылымды 

дамыту мен жетілдіру маңызды мемлекеттік міндетке айналды, әрі, әсіресе 

университеттердегі болып жатқан жаңалықтар университетпен байланысты 

барлық мәселелер кешенін тарихи ресурста қарастыруды ұсынады; екінші 

жағынан -  тамыры сонау он жылдыққа артқа кететін мәселелердің мәнін 

анықтау арқылы ғана білім беру саясатын тиімді етуге болады.

Қазіргі кезде Қазақстан нарықтық экономикалы ел ретінде әлемдік 

қауымдастықпен мойындалған. Қазақстан тәуелсіздікті алған қысқа ғана 

уақыт аралығында экономикада, әлемдік өркениетке кірігу, жаңа прогрессивті 

технологияларды қолдануда күшті серпілістерге қол жеткізді, ол еліміздің 

әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын анықтауға негіз болды.

Бұл контексте қазіргі заман университеттік білімнің рөлі мен мәні арта 

түседі, себебі оның даму көрсеткіші әлеуметтік қайта құрудың деңгейінің 

өлшемі болып табылады. Ол қоғам өмірінің жаңа сапасының негізін қалайды, 

экономикалық күштің базасы мен маңызды факторы бола отырып, әлемдік 

қауымдастықтағы орнын анықтайды. 

Өз кезегінде қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білімге де 

ықпал етеді және одан мобильділік пен жаңа тарихи кезеңнің міндеттеріне 


серия 

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ

31

адекватты жауапты талап етеді. Бұл университеттік білімді Қазақстанның 

даму қажеттіліктерімен сәйкестендіруге әкеледі. Дегенмен, барлық бұл 

өзгерістер білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне сатылап енуіне 

жеткіліксіз білім әдіснамасы, құрылымы мен мазмұны бұрынғы жағдайында 

жүзеге асуда. Алдыңғы қатарлы әлемдік державаларда білімнің философиясы 

мен әдіснамасын жаңартудың жаһандық тенденциясы орындалуда. Бұның 

негізінде білім мазмұнын жетілдіру, оқытудың тиімді модельдері мен білімді 

басқарудың тәсілдері іздестірілуде. 

Кез келген әлеуметтік жүйеге соның ішінде білім беру жүйесіне де «даму» 

құбылысы тән.  Ең алдымен «даму» түсінігін философиялық позицияда 

қарастырып көрелік. Онда даму -  қозғалыстың, материя мен сана өзгерісінің 

жоғарғы типі, бір күйден басқа  сапалы күйге, ескіден жаңаға ауысу деген 

мағына береді [1].

Даму, генезис – материя мен сананың заңдылықты өзгерісі, олардың 

әмбебап қасиеті, анықтау, бұрын да болған, дайындалған, бірақ қабылдауға 

жеткіліксіз заттардың, бөлшектердің, күйлердің, қасиеттердің болуы.

Дамуды өзгерістің синониміне немесе прогреске жатқызуға болмайды. 

Даму ұғымын әртүрлі типтегі әмбебап байланыстарды талдаудың негізінде 

қалыптастыруға болады. Даму – бұл өзгерістің ерекше типі. 

Обьективті шындықтың дамуы өзара байланысты , өйткені, бүгіні 

болашығынан белгілі бір кезеңдерден тұратын диалектикалық үдеріс болып 

табылады. Бұл тарихи сатылардың арасында әртүрлі байланыстар бар: 1) 

тұрақты, мәнді, заңды; 2) тұрақсыз, оқыс. Ерекше байланыстар жекелеген 

кезеңдердің құрылымдық,  функционалдық және мазмұндық элементтері 

арасында, сондай-ақ әрқайсысының өз ішінде орны бар. Даму ұғымы жүйені 

жаңартумен оның ішкі құрылымдық және функционалдық өзгерістерімен, 

жаңаға ауысуымен байланысты өзгерістердің ортақ массасынан бөлініп 

шығады. Даму – ұзақ, жинақталушы, қайта келмейтін, жеткілікті мөлшерде 

уақыт интервалдарының күрделі, жүйелі обьектілердің өзгірісі.

Философияда қоғамдық дамудың негізгі типіне эволюция мен шарықтау 

болып табылады, олар сандық және сапалық өзгерістерді көрсетеді. 

Дамудың тарихи кезеңдерінің өзара байланысының мәні, неміс классикалық 

философиясының өкілдерінің пікірінше, жаңа сатыда алдыңғы тарихи 

материалдарды сақтау мен дамытуда.

Қоғамдағы кез келген дамудың негізі – ұрпақтан-ұрпаққа берілу 

болғандықтан айтып өткен өзгерістерге де оның екі типі тән (біреуі 

– сапалылыққа, екіншісі – сандық өзгеріске арналған ). Оларды Э.А. Баллер 

шартты түрде: 1) бір деңгейдегі – ұрпақтан-ұрпаққа берілу;  2) әртүрлі 

деңгейдегі – ұрпақтан-ұрпаққа берілу [2].

Сандық өзгеріс кезінде обьектінің құрылымы ұрпақтан-ұрпаққа 

берілудің мазмұнын құрайды. Сапалық өзгеріс кезінде ұрпақтан-ұрпаққа 



Вестник ПГУ №2, 2010

32

берілудің мазмұнына обьектіні құрайтын жекелеген элементтер кіреді. 

Сондықтан өзгеріс кезінде ол дамуға әкеледі, ал сапалық өзгерісте даму 

құрылымның қайта жасалуымен анықталады. 

Я.А. Коменскийді қазіргі заманғы білім теориясының негізін салушы 

деп дәстүрлі түрде қабылданған. Кейінгі қайта жаңару дәуірінің қайраткері 

өзінен кейін көптеген маңызды жұмыстар қалдырды, оның негіздері қазіргі 

кездегі профильдік бейне жүйесін тапты. «Ұлы дидактикада» баяндалған 

бірыңғай ұлттық мектептің жобасы - өз дәуіріне сай өзіндік оқу аймағының 

моделін жасады [3].

 Автордың мектептік білімінің ұлттық жүйесін  - академия немесе 

университетпен байланыстырады.   

Я.А. Коменскийдің университеттік білім біртұтас мектептік жүйе 

моделінің екі деңгейі арасында ажыратылған. Университеттік білім беру 

ұйымдарына гимназия жатқызылуы керектігі айтылады. 

Я.А. Коменскийдің «Ұлы дидактикасының» құрылуы тұсында европалық 

өркениетте айтарлықтай өзгерістер болды.

Университеттік білімнің пәндік парадигмасының өзгерісін ортағасырдағы 

қалыптасқан күйінде қарастыруға болады. Я.А. Коменский бойынша 

университеттік білімнің бастапқы кезеңін ұйымдастырудың жаңа компоненті 

оқу үдерісін бірнеше бірізді топтарға бөлуде. Бір жағынан Я.А. Коменскийге 

университеттің бастапқы факультеті ретіндегі гимназияда сабақ берудің 

бағдарламасын айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік туды. Сол арқылы жаңа 

заман университеттік білімге жаңа талаптар қойып отырғандықтан қоғам өмірі 

мен ғылыми білімдер даму деңгейі және университеттік білім бағдарламасы 

арасындағы сәйкессіздікті жоюға ықпал етті. Я.А. Коменскийдің ойынша 

гимназиялар мемлекеттің әрбір қаласында болуы керек. Ал академиялар 

болса, ол жерлерде біреуден-ақ тіпті  «әрбір провинцияларда» бір немесе 

бірнеше болса жақсы болатындығын айтады [3]

Я.А. Коменский 3-пункттен тұратын Академия бағдарламасын ұсынды. 

Бағдарламаның бірінші пунктіне автордың пікірінше ғылымдар мен адамзат 

даналығының жинағын қамтитын барлық шығарылатын сабақтардан тұратын 

білім мазмұнын кіргізіледі. Осы пунктте Коменский университеттік білім 

үшін базалық болып табылатын академиялық білімнің тұтас қамтылуы, 

әмбебаптылық талаптарын қалыптастырады. Бағдарламаның екінші пункті 

Академиядағы білімнің әдістемелік базасына тоқталады. Я.А. Коменский 

Академияда « осында келушілердің барлығына негізделген білім беруде оңай 

әрі дұрыс әдістерді қолдануды ұсынады [3]. Үшінші пункте сый-құрметке, 

адамзат тағдырына ықпал етуші кандидаттар ретіндегі Академия түлектерінің 

әлеуметтік мобильділік мәселелері айтылады. Яғни, мұнда қоғамның барлық 

сферасын басқаруға  өзіндік рөлін қосатын жоғары білімді мамандарды 

қалыптастыру жайлы айтылады. 



серия 

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ

33

«Ұлы дидактикада» кәсіби белгілері бойынша яғни, әлеуметтік топ 

қасиеттерін меңгерген белгілі бір әлеуметтік топ пен генетикалық әдепті 

ашу үшін байқалатын академиялық әдепті ашу үшін негізделген бөлім 

көрсетіледі. 

Я.А. Коменский бойынша университеттегілердің әлеуметтік этикасын 

сипаттай келе, ең алдымен ортағасырлық кәсіби топқа тән сананың, қасиеттің 

корпоративтілігін атап өткен жөн. Я.А. Коменскийдің  «ортағасырлық  

университеттік интелегенцияны, студенттер мен оқытушылар арасындағы 

өзара сыйласымдық қатынас моделін сипаттағаны қызығушылық 

туғызады. Бір жағынан оқу үдерісінде авторитарлық позиция ұстанатын 

профессорлардың басқарушылығы мойындалады. Екінші жағынан студент 

қауымы  пікір сайысқа дайындалуды мәтін таңдауда белгілі бір еркіндікке 

ие, әртүрлі тіпті сыни сұрақтар қоюға құқылы, жиналыстағы талқыланып 

отырған мәселе бойынша өзінің пікірін айтуға құқылы. Осы айтылған құқықтар 

студенттерге кепілденген, ал ол кепілдікті өзінің моральдық және ғылыми беделін 

жүзеге асыратын профессор беретіндігін сенімділікпен айта аламыз.

Айтып өткеніміздей, Я.А. Коменскийдің шығармашылық іс-әрекеті қайта 

жаңғырту дәуірінің соңына тура келеді, олай болса, ол өзіндік дүниетанымы 

бойынша гуманист болуы керек. Гуманизм адамзат және барлық басқа болмыс 

бастауларынан адамзаттың жоғары тұратындығын  білдіреді. Бірақ, кез келген 

жағдаят дами келе өзінің қарама-қайшылықпен ғана айналуы мүмкін деген 

әйгілі заңдылық бар. Бұдан гуманизм де қашып құтыла алмайды. Гуманизмге 

қарама-қайшы -  технократизм болады. Ол да гуманизммен қатар пайда 

болды, онымен бірлесе отырып қалыптасу және даму кезеңдерін бастан 

кешірді, тіпті гуманизм өзінің көптеген жетістіктерімен ұтымды жақтарынан 

технократизмге міндетті. 

Гуманизм европада басты идеологияға айналғаны сол еді, технократизм 

сол сәтте-ақ онымен жеңісті бөлісуге кірісті. Одан әрі қарай гуманистік 

тенденциялар қалай басылды, солай оның орнын технократия басты, осылайша 

дүниетанымның ішкі метаморфозасы жүріп жатты. Гуманистік дүниетанымды 

тұтынушылардың көпшілігі бұл өзгерістерді байқамағандықтарын айтып 

өткен жөн. 

Европаның ағартушылық адамзат тұлғасының эмансипациясы, адамзат 

прогресінің негізгі қозғаушы күші ретіндегі ғылымды рационалды ойлауы мен 

түсінуге қабілетті адамзат ақыл-ойының  құдіреттілігі идеясын алға тартты. 

Европа ағартушыларының теориялық ізденіс пен практикалық іс-әрекетінің 

жоғарғы мәні қоғамды  дамудың феодалды-теократиялық перспективасының 

шынайы альтернативасын өмірге енгізуге дайындауда болды. Ағартушылар 

буржуазиялық өркениетке ауысу мен азаматтық қоғам идеясын жүзеге 

асыруды қажетті қоғам мен адамды терең транформациялауды орындауды 

ұсынды. 


Вестник ПГУ №2, 2010

34

Біз өзіміздің зерттеуіміздің аймағындағы сол замандағы Европадағы 

университеттік білімнің дамуын кең және толықтай айта алмаймыз, тек 

кейбір сәттерінен мәлімет береміз. 

Европалық университеттік тарихтың кезеңінің мазмұнын түсіну үшін 

ағартушылардың мұраларын талдау қажет.

Университеттік білімге деген европалық ағартушылардың қатынасы 

туралы айтқанда генетикалық тұрғыда жалпы европалық құбылысқа тән 

ағартушылықтың ұлттық көптүрлілігіне сай келетін үш ерекше нұсқаны  

бөлуге болады.  Яғни, ол ағылшын, француз және неміс деген үш нұсқа. 

Бөлінген бұл қатынас нұсқалары екі жағдайдың кешеніне: жекеленген немесе 

индивидуалды және жалпы немесе сыртқы байланыста. 

Қазіргі заманға қоғамның даму деңгейі жоғары білімге жоғары талаптар 

қойып отыр. Оларда ХІХ ғ. қалыптасқан университет модельдері ұстанымымен 

қанағаттандыру мүмкін емес. Сол себептен 90 ж. классикалық университеттің 

негізгі қызметі айтарлықтай кеңейіп, қайта түсіндіруді талап етті.

Біздер талдаған барлық теориялар жаңа замандағы классикалық 

университетті түсіндіруде негізгі пайымдауларды талдауды талап етеді. 

Ең алдымен жиі айтылып жүрген талаптардың бірі автономияға талдау 

жасаған жөн. Гумбольд былай деп жазады: «Мемлекет ішкі сенімге ие болуы 

керек, өзінің соңғы мақсатына жете отырып, университеттерде оның соңғы 

мақсатына жауап беруі керек [4], экономикалық жоқтық пен азаматтық 

парыздың  ығыстырылуы деген тәуелсіздік – сапалы оқу үрдісінің кепілі 

болып табылады.

Еліміздің, жеріміздің, халқымымыздың алдыңғы қатарлы мемлекеттер 

қатарына енуі білімдендіру жүйесіне, білімдендіру саясатына тікелей 

байланысты. Елді, жерді, мемлекетті дамытатын үш таған: саясат, экономика, 

әлеумет. Мұның біреуі төмендесе, қалған екеуі де сонымен бірге төмендейді. 

Ал, оларды дамытатын да, алға жетелейтін де білім, ғылымда  екендігіне 

ешкім күмән келтірмес.

Бұл тұрғыда ғұлама-ойшыл Ж. Баласағұнның пікіріне жүгінуге болады, 

ол: Жақсылық білімдіден елге жетеді,

Білімдінің даңқы шартарапқа кетеді…

- деп білім, тәрбие арқылы рухани өміріміздің толығып, толысатынын 

айтады. Ж. Баласағұн адам өмірін екі нәрсе ұзартады, бірі – жақсы ісі, екіншісі 

– жақсы сөзі, деп өте тамаша айтып кеткен. Сондай-ақ, адамның мінез-құлқы, 

оның ақыл-ойы мен білімділігін көрсетеді деп, адамзат бойындағы ізгі 

қасиеттер білім мен тәрбие арқылы қалыптастырылатындығын атап өткен. 

Ж. Баласағұнның ойын халқымызға белгілі ағартушы Ыбырай Алтынсарин 

ең басты нәрсе оқу-білімге, ғылымға қол созу деп жалғастырады. Әсіресе, 

ол өз елі үшін бұрын-соңды болмаған кәсіптік мамандықты жолға қойып, 

жастарға жаңа бағыттағы жұмыс ұсынуы сол кез үшін айырықша жаңалық, 



серия 

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ

35

асқан тапқырлық еді: Ол қазақ халқының экономикалық дамуына қажетті 

мамандар әзірлеу ісіне ерекше мән берді. Қолөнер, ауылшаруашылық 

училищелерін ашуға едәуір күш жұмсап, халқымыздың кәсіби білімденуіне 

қомақты үлес қосқан. Ал, әлемге танымал, халқымыздың мақтанышы ақын 

Абай Құнанбайұлы: 

Дүние де өзі, мал да өзі, 

Ғылымға көңіл бөлсеңіз [5]. 

деген өлең шумақтары дәлелдейді. Ақын адам - өз тағдырының қожасы және 

құрушысы деген ой түйді. Демек, мұны біз әрбір адам, халық өз болашағының 

иегері  және  автономияның негізі де осыда деп түсіне аламыз. 

Сонымен қатар, ақын балам адам болсын десең, оқыт деп кеңес беруі 

білімнің адам өмірінде қажеттілігін айқындай түседі. Және де ілім, білімді 

адамның өзіне, еліне, басқаларға пайда келтіру үшін меңгеру керек деген 

ой-пікірді де тудырған осы ойшылдар. Ілім, білім алу барысында адамдар 

бойында құнды қасиеттер қалыптасады, оның бірі ұждан деп көрсеткен  

Ш. Құдайбердиев. Ол «...Ұждан қатыспаған жерде адамдар өздері үйренген 

ғылыммен түрлі қару жасап, улы газдар тауып, басқа адамдарды аң есебінде 

атып, әлсізді қолданып, жердің бетін адам қанымен бояғаннан басқа іс 

бітірмейді» [Құдайбердіұлы Шәкәрім. Шығармалары. –Алматы, 1988.     –288 

б.], деп адамда ар, ұяттың қалыптасуы, пайдалы іс-әрекеттің кепілі болады, 

олай болмаған жағдайда кері процестің жүретіндігінен сақтандырады. Яғни, 

адам баласы үнемі даму үстінде болуы тиіс, ол оқу, білім алу барысында ғана 

нәтижелі болмақ. Сол үшін де дұрыс бағытта білім алуға жіберілген қаржы, 

еселеп қайтарым беретіндігіне сенім білдіруге болады. 

 Сонау, кеңес дәуірінде білім беру жүйесін қаржыландыру қалдықты 

принципке сүйенген болса, бүгінде арнайы қаржыландырылады. Бұл саланың 

мамандары білім, ғылымға салынған қаржының қайтарымы мол, нәтижелі 

екендігін жақсы түсінеді. 

Бүгінде университет автономияға қол жеткізіп, «өз шылбырын» өзі 

ұстап, жауапкершілікті өз мойнына алуда. 

Жалпы алғанда оқу орындарының автономия алуы мемлекет, қоғам, 

ЖОО араларындағы байланысты айқындайды. Университет нарықтың 

қажеттілігін қаншалықты ескерсе, соғұрлым оның сыртқы қызығушылықтары 

әр жақты бола бастайды. Лимск декларациясында автономия - жоғарғы оқу 

орнының мемлекетке тәуелсіздігімен еркешеленеді деп көрсеткен. Демек, 

қаржыландыру, басқару, өзіндік білім беру саясаты, ғылыми зерттеу іс-

әрекетіне өзі жауапты деп түсіндірілген.  Дегенменде, 1998 ж. ЮНЕСКО-ң 

Парижде өткен дүниежүлік конференциясында толық академиялық еркіндік 

пен автономияны жоғарғы оқу орындарының құқықтары мен міндеттерінің 

кешенділігі ретінде және қоғам алдындағы жауапкершілгі деп түсінуге 

болады, деп атап өткен.  Жоғарғы оқу орындарының автономиясы, оның 



Вестник ПГУ №2, 2010

36

оқу-тәрбие процесін өзіндік тұрғыдан құрастыруын қамтамасыз етеді. Яғни, 

мамандықтар бойынша оқу жоспарларын құруға құқықты, сондай-ақ білім 

мазмұнын және  міндетті, таңдау курстарын, бағалау өлшемдерін де өздері 

айқындайды. 

Сонымен қатар, жоғарғы оқу орындарының автономия алуы, оның 

ғылыми-зерттеу іс-әрекеттерінде өздері айқындауымен сипатталады. 

Оған кәсіби ғылыми-зерттеу құрылымдарын құру, ұйымдастыруды 

жатқызуға болады. Жоғарғы оқу орындарын басқару барысында, кеңестер, 

студенттер қоғамдастығын, өзіндік басқару органдарын құру да еркіндікпен 

ерекшеленеді. 

Әлемнің қазіргі заман талаптарына сай әлеуметтік-экономикалық 

тұрғыдан дамуы, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің және қоғамның 

басқа да салаларының жаңа өлшемдерін  талап етуде. Әлемдік экономикалық, 

қоғамдық, әлеуметтік даму барысында жастардың ортаға тез бейімделгіш, 

бәсекеге қабілетті қажеттіліктерді туындатты, адам капиталына, білім 

сапасына жоғары талаптар қойды. Қазақстан Республикасы, әлемдегі басқа 

да мемлекеттер сияқты, заман талабына сай өзінің білім беру сферасын 

экстенсивті дамыту жолында. Білім беру саласындағы халықаралық 

ынтымақтастықты кеңейту, халықаралық білім беру кеңістігіне ену жөнінде 

жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан білім беру жүйесіндегі көп  сатылы 

реформалардың қазіргі кезеңі ең алдымен, бүкіләлемдік интеграцияға, оқу 

жоспары мен бағдарламаларын әлем тенденцияларына сәйкес түзету, сонымен 

қатар, жоғарғы оқу орындарында дайындалатын мамандардың бәсекеге 

қабілеттілігін жоғарылату.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Философия. Энциклопедия. в 5 ТТ. Т.4.-М.,1967.

2. Баллер Э.А. Социальный прогресс и культурное наследие.-М.: 

Наука,1987, 2б. - 225 с.

3. Коменский Я.А. Избранные педагогические сочинения: в 2 т., Т.1,-М.:  

Педагогика, 1982. - 656 с.

4. Ляхович Е.С. Модель Гумбольдта: университеты-центры эталонного 

знания// ВВШ,1994, №2. - С.35-38.

5. Абай Шығармаларының І томдық толық жинағы. – Алматы: 

Қазақстан, 1968.

Резюме

В статье рассмотрены проблемы парадигмы в системе 

университетского образования, описана тенденция развития 

образовательных парадигм на современном этапе развития 

общества.


серия 

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ

37

Resume

In article paradigm problems in university education system are 

considered. Modern educational paradigms, the tendency of development 

of educational paradigms at the present stage of development of a society 

is described.

ƏӨЖ 371.13.16



БОЛАШАҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК 

БІЛІМ АЛУШЫ МАМАНДАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ 

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

А.Ж. Байоразова

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, 

Алматы қ.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауында «Біздің 

адамдар оқып-үйренуге тиіс. Мына жағдайда қайта оқуға, бүгінгі күнге қажет 

болып отырған мамандықты игеруге мүмкіндік те бар, қажеттілік те бар» 

деп атап көрсеткен болатын.

Жеке тұлғаның қажеттіліктері мен ұмтылысы тұрғысынан алғанда 

әрі ЮНЕСКО мен халықаралық еңбек ұйымдары ұсыныcтарына сәйкес 

техникалық және кәсіптік білім адамдарды тиімді кәсіби қызметте жаңа 

технологиялар мен еңбек нарығына сай талап деңгейлерінде даярлауға, ақыл 

ой қабілеттерін техникалық және кәсіптік дағдыларын дамыта отырып, өмір 

бойы  үздіксіз білім алуға шақырып отыр.

Қазіргі таңдағы еңбек нарығында болашақ мамандардың кәсіби және 

әмбебап қасиеттерінің шебер үйлесімі бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз 

етеді. Жастардың өзі қалаған белгілі бір мамандықты оқып,  игеріп, алған 

теориялық білімдері мен тәжірибелік машықтарын кәсібіне сай дұрыс 

пайдалануға үйрету, осы негізде олардың кәсіби өсуі мен мансабына ықпал 

етіп, жағдай жасау техникалық және кәсіптік даярлықтың негізгі міндеті 

болып табылады.

Сонымен бірге, елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың кәсіби білім беруді 

жетілдіру, ұлттық кадрды дайындау жөнінде алға үлкен міндет қойып, «Бізге 

экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттілігіне сай келетін осы заманғы 

білім беру жүйесі қажет», деген еді. 

Қазіргі таңда, психолог-педагог ғалымдардың еңбектерінде кәсіби 

қызығушылықтың дамуы мен кәсіби өзіндік айқындалу дәрежесі және 



Каталог: download -> zhurnal st
zhurnal st -> Литература абишева К. М. Основы теории и практики перевода. Астана, 2008
zhurnal st -> Педагогическая
zhurnal st -> Филологическая
zhurnal st -> Филологическая
zhurnal st -> Филологическая 9 Əож 827. 512. 122 Қазақ лирикалық прозасының Қалыптасу
zhurnal st -> Гуманитарная 47 Əож 297: 1 М. Ж. КӨпейұлының діни
zhurnal st -> Вестник пгу №2, 2011 64 Əож 882. 151. 212. 2-14 Қазақ поэзиясындағы табиғат лирикасы
zhurnal st -> Вестник пгу №1, 2010 126 Resume
zhurnal st -> Қазақстан мен ұлыбритания қарым-қатынасын тұРАҚты дамытудағы елбасының Қызметі р. Р. Оспанова

жүктеу 68.83 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет