Вестник пгу №1, 2010 126 Resume



жүктеу 73.32 Kb.
Pdf просмотр
Дата15.02.2017
өлшемі73.32 Kb.

Вестник ПГУ №1, 2010

126

Resume

Автор статьи обращается к проблеме малоизученной в уйгурской 

фольклористике. На примере Комульского цикла исторических 

дастанов рассматривается вопрос образования циклов, отражения 

в них исторической действительности, а также созданию образов 

героев в исследумых дастанах. Приходит к выводу, что, в основном, 

образы героев дастанов созданы по готовой форме. Они сближены 

к образу богатыря героического эпоса. При описании портрета и 

деяний героя повествования сказителями исползуются такие приемы 

как гипербола, повтор, антитеза.

ƏОЖ 882.151.212.2



О. СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ АДАМ МЕН ӘЛЕМ ТУРАЛЫ 

КӨРКЕМДІК-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ

Г.С. Мұхамбетова

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Олжас Сүлейменов туралы көп және әр түрлі пікірлер айтылады: қарама-

қайшылық ақыны, тек қана ұлттық ақын, планетарлық ойдың ақыны, сонымен 

бірге оның дәстүрлілігі мен шешендігі туралы да сөз таластырып жатады. 

Олжас Сүлейменовтің поэзиясының мамандығын түсіну үшін оның терең 

тұлғалық сипаттағы көркемдік-философиялық мәніне ену қажет. Ол поэзияға 

анықталған әлемді тануымен келді. Оның ертедегі жазған өлеңдерінің бірін 

одан арғы шығармашылығы үшін анықтаушы деп санауға болады:

... Старики, я хочу знать, как погибли мои города?...

Сырдарья погоняет ленивые желтые волны.

Белый город Отрар, где высокие стены твои?... 

Бұл тек қана азиаттық көнелікті болжай білу ғана емес, одан да көп 

нәрсе. Бұл терең философиялық жалпылау. О. Сүлейменов тек қана өзінің 

туған халқының мәселесін ғана қозғап қоймайды, ол кеңірек алады – бұл 

адамның және оның жадының рухани және адамгершілік  құндылықтарының 

терең мағыналылығы. Жалпылама кең ауқымда алынады, себебі, барлық 

адамзатқа және әр адамға осы поэтикалық шығармада анық көрсетілген 

сапалар тән: құрып бара жатқан мәдениетті көрген кездегі қайғы; кітаптарды 

жағу,  кейін «өртелген шығыс»27 сағына еске алатын кітаптардың;  ауыр 

кітаптардың, ауыр дегенде салмағы жағынан емес, оны жасау жұмыстарының 

ұзақ та қиын деген мағынасы жағынан – рухани құндылықтардың іске асуы. 


серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

127

Отанды мықты қорғау, әлсіз, қорғансыз әйелдердің кегі. Өлеңде тарихи 

факті - әлемдік мәдениеттің орталықтарының бірінің, яғни қыпшақ қаласы 

Отырардың құлдырауы жайлы сөз болады. Мұнда жоғары адами мәннің 

- өтірік пен жауыздыққа қарсы күрестің қажеттілігі, қауырт жағдайларда 

адами құндылық сапаларын, адамгершілікті, рухты, патриотизмді сақтап 

қалу мәселесі қойылған. 

Жалпы алғанда, О. Сүлейменовтің поэзиясына жоғары динамизм, қозғалысқа 

ұмтылу, түрлі көзқарастарды қарама-қарсы қою мен бөліп-жару тән. 

О. Сүлейменовтің өлеңдері мен прозасы кез-келген ойлаушы қазіргі 

заманғы адам секілді ассоциативті, эмоционалдық жағынан шамадан тыс 

тырысатын болып келеді. 

Поэзия автордың еркелігінен күрделенбейді, ол өмірдің қиындығын 

сезінумен, өзінің әлемді танып-білуін білдіруге ұмтылумен күрделенеді 

және бұл оның адамгершілік және этикалық-философиялық позициясының 

бірлігімен анықталады:

... искусство-слепо,

когда у девочки в желтом сари

в глазах нет хлеба.

Ее растреляют ночью

росинка,

которой нет,

об этом предупреждает девочку

Шри, поэт

пока прибудет обоз

Из провинции Непала,

ее сожгут индуисты,

но раньше-

вьетнамку напалмом...

Бұл өлеңде өркениетті Батыс пен рухани бай Шығыстың өзара 

қатынасының тұтастай образы берілген. Бұл образда күрделі рухани 

қақтығыстар ашылып көрсетілген. Сары саридегі қызды өртеу бұл – аштық 

пен қайғы-қасіретте қалған қарсылық күштің көрінісі. Бұл үнді, африка, 

вьетнам әйелдерінің қасіреті. Бұл берілген образ – терең философиялық-

көркемдік жалпылау. 

Олжас Сүлейменовке сөздің семантикасын шешу, тек түрінің әдемілігіне 

ғана емес, оның эмоционалдық-көркемдік толықтығына ұмтылу сипаттары 

тән. Мұның бәрі де ой мен сезімнің стандарттарын қабылдамайтын нағыз 

өнердің белгілері.  Ақын өткенді тірілтеді, оны бүгінгі күнмен салыстыруға 

тырысады және осы салыстыру арқылы өз-өзін көруге тырысады, мұндай 

қарама-қайшылықтар ол үшін жай ғана поэтикалық сұлулық қана емес, 

шығармашылық өзіндік  бере білуінің сенімді  құралы. 



Вестник ПГУ №1, 2010

128

Бұдан басқа, ақын жай сипаттап қана қоймайды, көргені мен естігенінің 

тірі шынайы суретін беріп, тыныш жатқан сезімді қозғалысқа келтіреді:

Ах, какая женщина, 

руки раскидав,

спит под пыльной яблоней,

Чуть журчит вода.

В клевере помятом сытый шмель гудит,

Солнечные пятна бродят по груди. 

Суреткер-ақынның импрессионистік болжамдары келесі өлең 

жолдарында одан да үлкен күшпен өз-өзін көре біледі:

Вдоль арыка тихо еду я в седле.

Ох, какая женщина! Косы на земле!

В сторону смущенно

Смотрит старый конь.

Солнечные пятна шириной в ладонь.  («Жара»)

Бұл ақындық жолдар ерекше тазалықпен, мөлдірлікпен, ерекше бір  

алаңсыз тыныштықпен дем алады. Тамаша әйелдің образы аз сөзбен-ақ 

керемет суреттелген. Жеке алғандағы жазушы әр жолдың астарынан көп 

нәрсені көре алады. Жүректі тебірентер ашық та нәзік өлең жолдары жүректің 

ең түкпіріндегі қылын шертіп, жүректі тербеп, тебірентеді. Әйелдің әдемілігін 

мақтан тұту жүректі керемет сезімге толтырады.

Суреткер мен уақыт – Олжас Сүлейменовтің көп көңіл бөлетін мәңгілік 

тақырыбы болып саналады және оның барлық шығармашылығы арқылы 

ерекше тізіліп көрінеді.  Мысалы, «Құмырсқа», «Кактус» поэмаларында, 

әсіресе, «Сазды кітапта»:

И снова в будущее

пропутешествуют народы спящие,

и в следующем веке

проснется один человек,

чтоб зафиксировать или исследовать

настоящее.

Ұйықтап жатқан бар әлем мен ояу суреткер - әлемнің шынайы 

суреті. Олжас Сүлейменовтің поэзиясының басқа бір қыры  бұл – ойдың 

ауқымдылығы, жаһандығы. Оның поэтикалық таланты қазақ халқының 

ғасырлар түкпіріндегі терең ескілік контексіндегі және қазіргі заманғы 

тарихи тағдырының суреттерін қамтиды. Ақын және көтерілісші Махамбет 

ол үшін – тек қана халықтық көтерілістің көрінісі ғана емес, сонымен бірге, 

өз халқының мерейі үшін соңына дейін күресе білу:

Эх, если бы сказали мне:

«Великий,

Прости людей, уже пора-простить,



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

129

Мир будет счастлив

      От твоей улыбки!»

Тогда бы я старался не грустить

Сказали бы смущенные мужчины:

«Моря полны водой, пока Урал

    Не 

высохнет.



Пока ты жив, мы-живы...»

Тогда бы я, клянусь, не умирал.

О. Сүлейменовтің Махамбеті – күшті әрі тұтас тұлға. Ақын ол бейнеден 

әділеттілік үшін күресетін нағыз күрескерді ғана емес,  қаламдас бауырды 

да көре біледі:

«раскалывал врага ты до сапы,

Потом писал лирические строки

И в каждом слове улыбался – бы...»

Да – да,

Ты резал и шутил при этом,

Все правильно, все верно, Махамбет.

Какая радость, что я стал поэтом,

Иначе б не знал,

Что ты-поэт.

Олжас Сүлейменовтің шығармашылығында суырып салушылық өнердің 

ашық көрінісі таң қалдырады, ол дала жыраулары мен ақындарынан мирасқа 

қалған болатын. Бұл оған бір тақырыптан екінші тақырыпқа, бір ғасырдан 

екінші ғасырға жеңіл ауысып отыруға және түрлі ғасырдың суретін беріп, 

сол уақыттың жағдайларын тірілтуге  мүмкіндік береді. Оның образдары 

шапшаң және қарқынды өсіп отырады, «поэзия мен проза патшалығына еніп, 

әлемді метафорамен басқарады». Кей кезде әр қилы әлемді, сезімді және ойды 

толықтай сипаттап беру үшін ақынға өлең формасының шеңбері тар болып 

көрінеді, сол кезде ол рифмді прозаға немесе драмаға ауысып кетеді.

Олжас Сүлейменов үшін – ой мен сананың еркін қалықтауына кедергі 

жасайтын шаблон шеңберінен шыққан ақын ғана нағыз ақын болып саналады. 

Оның қашанда «әдетке айналған аллегориядан жүрегі айнитын». Ол ақынның 

Тәңірдей шебер нәрсе жасауына тырысуы қажет екенін түсінетін. Ақынның бүкіл 

шығармашылық жолы – осыған куәлік етеді. О. Сүлейменов көркем шындыққа 

ілесе отыра, адам ретінде, тұлға ретінде қоғамның дегуманизациясымен бетпе-

бет келіп, өзінің жанына өзі иелік иету құқығын талап еткендігі тулаы айтады. Ол 

үшін адам адамгершілігі жоқтыққа қарсы тұруға қаншалықты қабілетті деңгейде  

болса, сол деңгейде ғана өмір сүре алады. Оның шығармашылық ізденістерінің 

оның поэзиясының, публицистикасының, сонымен қатар әдебиет жайлы, 

әріптестері жайлы, сол замандағы адамдар жайлы мақалаларының мәніне түсіне 

отырып, бұған көз жеткізуге болады. 


Вестник ПГУ №1, 2010

130

Олжас Сүлейменов - өз халқының адал да лайықты перзенті. Ақын егер 

парыз бен патриоттық сезім әлемді ойсыратып, адами өмірдің тыныш ағынын 

бұзса, мұндай парыз бен патриоттық сезімнен бас тарту қажет деген оймен 

келісетін адамдар категориясына жатады. Оның жалпыға белгілі афоризмі 

– тауды аласартпай-ақ даланы көтеру – бұл ақын және азаматтың бүкіл 

шығармашылығы үшін өзіндік ұраны болып табылады. Өз елінің кең-байтақ 

даласының арқасында қазақ халқы әуел бастан кең жүректі халық. Оларға 

бұрыннан-ақ көңілінің кеңдігі тән. Олжас Сүлейменовтің шығармаларында 

сөздің материалдық және рухани жағы бар. Ақын ізденіс үстінде, ол үнемі 

сөздік ізденісте. Ақын үшін шығармашылық процестің өзі – Тәңірінің 

күшімен туатын бір ғана қажетті сөздің тууы. Олжас Сүлейменов сөздің 

әлемнің дамуы мен өзгеруі үшін әрекеттегі қару екенін түсіне біледі:

Любая влага,

      влитая в кувшин,

спешит принять 

      его литую форму.

А слово, проникая в глушь души,

ей сообщает 

     собственную форму.

Так, в мир входя, мы изменяем мир,

он-оболочка, мы-его основа,

мой мир, рябясь, морщинясь, как эфир,

приобретает очертание слова... 

Олжас Сүлейменов қазақ ақындарының бірегейі ретінде көп сапар шеккен. 

Ол Азияны, жақын Шығыс елдерін, Еуропаны, Американы аралап өткен. Ақын 

көшпенділер тұқымы, ол қозғалысты жаны сүйеді,  жылдам ағыстағы, қарқынды 

өмірді қалайды, адамдар мен басқа елдерді танып біледі:

Кочую по черно-белому свету,

Мне дом двухэтажный построить советуют,

А я, как удастся какая оказия,

Мотаюсь по Африкам, Франциям, Азиям,

В Нью-Йорке с дастанами выступаю,

В Алепе арабам глаза открываю

Вернусь,

И в кармане опять-

Ни копья.

Копье заведется, опять на коня! 

О. Сүлейменовтің барлық сүйікті ақындары – Пушкин мен Абай, 

Лермонтов пен Махамбет, Маяковский мен Рождественскийлер саяхат 

жасады, көшіп-қонды, саяхат романтикасын, орын ауыстыруға құмарлықты 

түсіне білді. 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

131

Олжас Омарұлы көп елдерді көрді,  әр түрлі нәсілді көптеген адамдармен 

достасып, бауырласты, сондықтан міндетті түрде ол өзінің туған халқынан, 

туған жерінен, туған тілінен қол үзіп кеткен жоқ па деген сауал туады. Иә, ол 

әлем азаматы сипатын алды, бірақ оның бойындағы ұлттық құндылықтары еш 

жағдайда да өзгерген емес. Бөтен елдерді неғұрлым көбірек көрген сайын, ол қазақ 

жерін, туған Қазақстанын соншалықты қатты, беріле сүйеді. Бөтен халықтың 

поэзиясымен неғұрлым көбірек танысса,  соғұрлым қазақ поэзиясының негізгі 

арнасы – Махамбет пен Абайға үлкен махаббатпен үңіледі. 

Олжас Сүлейменовтің орыс тілінде жазылған поэтикалық шығармаларында 

қазақ ұлтының өзіндік ерекшелігін көрсететін ұлттық-қазақи дәстүр туған 

тілінде, қазақ тілінде жазатын ақындардың өлеңдеріндегіден еш кем емес. 

Олжас Сүлейменов-ұлт ақыны, сонымен бірге, оның поэзиясында, 

жоғарыда айтып кеткеніміздей, жалпы адамзаттық мәселелер басым болып 

келеді, оның шығармашылығы қазақ ұлттық поэзиясының шеңберінде қалып 

қоймайды. О. Сүлейменовтің феномені туралы ой түйе отырып, орыс ақыны 

Леонид Мартынов былай дейді:  «... Қазақ, кеңес ақыны, қазіргі таңда тек 

қана кеңес оқырманына ғана емес, шетелік оқырманға да таныс, орыс тілінде 

жазады. Жалпы бұл факті туралы айтатын болсақ, бір ұлттың жазушысы, 

өз тілінде емес, басқа тілде жазғандығында еш ерсілік жоқ, тарихта мұндай 

мысалдар көптеп кездеседі.  Молдаван билеушісі Дмитрий Кантемирдің ұлы 

Антиох Кантемир жаңа орыс поэзиясының бастаушыларының бірі болды. 

Поляк Юзеф Теодор Конрад Кожневский кейін Джозеф Конрад деген атпен 

ағылшын көркем прозасының шебері болды. Жас поляк Альбер Владимир 

Александр Аполлинарий Костровицкий Гиийома Аполлинер деген атпен 

француз поэзиясын әлемге танытты. Бірақ, Конрад экваторлық көлдердің 

әншісі болса, ал Аполлинер өз еліне, Еуропаның шығысына тек анда-санда 

арманымен ғана оралатын, ал Олжас Сүлейменов, орыс тілінде жазатын 

қазақ ақыны толығымен қазақ ақыны, осы тамаша, паң, ежелден-ақ өз үмітін 

және мүддесін орыс халқының үмітімен ... біріктірген  халықтың туған ұлы 

болып қала береді. Олжас Сүлейменов осы барлық байланысты – тұрғындық, 

географиялық, саяси, эстетикалық байланыстардыіске асырады».

О. Сүлейменовтің поэзиясының өзекті мазмұны мен көркемдік 

шеберлігінің қайнар көзі осында.  Осы жерде сыншылардың Олжас 

Омарұлы жаңашыл  ма, жоқ әлде дәстүршіл ме деген дауларын еске алған 

жөн. Қазіргі кезде көп жағдайда бұл мәселеде екі түрлі көзқарас жоқ. Оның 

шығармашылығын зерттеушілер барынша шешімділікпен бірнші ойды жөн 

деп санайды. Бірақ бұл пікірлер бізге оны толығымен қазақ және орыс 

әдебиетінің дәстүрінен ажыратып алуға құқық бермейді.

О. Сүлейменовтің шығармашылығынан орыс  тілдік жүйесіне тұтасып 

кеткен қазақ ауыз әдебиетінің үлкен әсер еткендігін көруге болады. 

Осылайша, екі мәдениеттің тұтасуы негізінде бір жаңашылдық пайда болады, 



Вестник ПГУ №1, 2010

132

ол ақынның идеясын ерекше нақтылықпен береді. Орыс тілінде жазылған 

шығармаларынан біз қазақ поэтикалық тілінің өзіндік және органикалық  

сипаттарын қосқандығын көреміз. Мысалы, «Молитва батыра Махамбета 

перед казнью» атты өлеңіне келсек, бұл өлеңнің сөздік-сипаттық қатары 

қазақ ұлттық санасына тән архетипика түсінігіне негізделеді:

Я забуду как пахнет запаленный конь,

Я забуду в зиндане гортанные кличи

Утром тело разрубят и бросят в огонь,

Мое темя забудет былое величье. 

Қазақ халқының тарихи өткен тағдырының ерекшеліктерін бере білу ақынның 

өзіндік мақсаты емес. Ол өткенді қазіргі күнмен біріктіру үшін сипаттайды, өз 

халқының тағдырын адамзат тарихымен сәйкестікте қарайды, Азия мен Шығыстың 

жалпыхалықтық мәдениетке тигізген әсері туралы ойланады. 

Олжас Сүлейменовтің көркемдік-философиялық позициясын саясаткер О. 

Сүлейменовтен бөлек алып, толығымен көрсету мүмкін емес. Ақын өзінің саяси 

қызметінде есепті басшылыққа алмайды, ол ең алдымен адамгершіл идеал мен 

адамдарды біріктіруге ұмтылуды, оларға түрлі өркениетке жататындығын есепке 

алмауды негіз етеді. «Бүгінгі мәдениетте,- дейді ақын, -бірінші де, екінші де, 

үшінші де әлем жоқ. Біріккен әлем ғана болуы қажет».

Олжас Омарұлының шығармаларын оқи отыра, оның мәдени-

философиясының маңызды жағын құрайтын пацифистік позициясы туралы 

қорытынды жасауға болады. Мүмкін бұл тіпті де пацифизм емес шығар, 

ал  оны О. Сүлейменов ең басты қауіптің – ядролық қарудың  адамзатқа 

тигізетін қаупіне қарама-қарсы қояды.  Ақынның халықаралық ядролық 

қаруға қарсы қозғалыстың беделді көшбасшысы болуы – оның көркемдік-

философиялық ізденістерінің заңды нәтижесі.  Ол тарихтың образды-

көркем формададағы мәнімен сәйкес келеді. Бұл абстракты гуманизм 

емес,  толығымен қозғалыстағы белсенді позиция, ол соңында Семейдегі ірі 

ядролық полигонды жабуға әкелді. О. Сүлейменов өзінің ядролық қаруға 

қарсы күресінде ең алдымен адамгершілік критерийін алға қояды. Бұл күрес 

барлық әлемдік қоғамдастықты  бірлікке әкелетін адамгершілікті қозғалыс. 

Өзінің қарапайым ашық көркемдік-публицистикалық формасында ол былай 

деп жазады: «Адам ата мен Хауа ана туралы аңыз қазіргі заманда адамзаттың 

серіктестік пен махаббаттың өзара әсерінің нәтижесі деген ойдың тағы да 

бір дәлелі. Бірінші атомдық жарылыс адамдықтың жаһандық құлдырауының 

белгісі болды. Бұл соңғы ядролық жарылыс Ұлы Адам атаның адамгершілік 

жағынан құлдырауының соңғы нәтижесі  деген ескерту. Жазушылар - өз 

халқының ақыл-ойының үні, ол құлдырауға қарсы күш ретінде алғашқы 

болып біріктіруі қажет. Жалған үнқағаздарды, ұлттық және жергілікті 

сананың шеңберін бұзып,  адамзаттың планетарлық санасын құру».

Осылайша, Олжас Сүлейменов өзінің саяси көзқарасында сөздік образ 

арқылы тек тарихты ғана емес, саясатты да өзгертуге тырысады.


серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

133

О. Сүлейменовтің соңғы публицистік еңбектері Қазақстанның мәдени 

өмірінде ерекше жағдай болды. Олар өткен жүзжылдықтың қорытындысы 

туралы ойлануға ғана емес, ХХ жүзжылдықтың соңындағы және үшінші 

мыңжылдықтың басындағы болған барлық жағдайды терең сезіне білуге 

де мәжбүрлейді. Ақын геосаясатқа және тарихқа ең алдымен әдебиеттің 

және мәдениеттің көзқарасы жағынан тұтастықта қарайды.  Адам оның көз 

алдында тек қана жай тұлға ретінде ғана көрінбейді, екі әлемнің-шығыс пен 

батыстың қиылысуы көрінетін тұлға ретінде көрінеді.

Екі мәдениеттің мұндай қиылысуы, оның барлық шығармашылығында 

ерекше өтеді. Шығыс пен Батыстың өзара қарым-қатынасының жаһандануы 

1975 жылдан бастап О. Сүлейменовтің «Аз и Я» еңбегінде апофеозға жетті, 

ал 1978 жылы өзінің «Көшпенділер және мәдениет: қазақ эксперименті» 

атты эссесінде ол былай дейді: «... Шежіреде халықтың тарихының тек 

қана драмалық кезеңдері ғана орын табады. Бейбіт заман тарихи емес. Оны 

сипаттау қиын. Әлем есте қалмайды. Егер славяндар мен көшпенділердің 

бірге, бейбітшілікте, саудамен және мәдени қызметпен айналысып  тұрған 

жылдарын  қсоатын болсақ,  тұтас бір ғасырлар жиналар еді». 

Қазіргі заманғы саясатқа О. Сүлейменов қазіргі кезде де Батыс пен 

Шығыстың мәдениетінің қиылысуы арқылы қарайды. 

Тарихи санасыз, ойсыз адамда өзіндік таным, өзіндік МЕН түсінігі жоқ. 

Тарихи сана ұмытуға, яғни өткенді жоқ қылдыруға қарсы тұрады,  тек қана 

тарихи сана ғана ұрпақтың, халықтың, елдің тарихының,  тұтас адамзаттың 

жалғастығының шарты болып табылады. Адамда тектік және жеке санасының 

арасында бөлінушілік болуы мүмкін емес. 

Тарихи сана - өткен ерлік, жеңіс, елдің батыл күресі туралы естелік қана 

емес, қателік, қиындық, трагедия туралы да естелік. Өзіндік адами МЕН-ді 

сезіну, білу және өз халқының тарихы  - бөлінбес дүние және бұл бөлінбестік 

О. Сүлейменовтің шығармашылығында нақты көрінетіні кездейсоқтық емес. 

Оның  шығармаларындағы өткенге деген қатынас үнемі субъективті, терең 

жеке мінезді  сипатта болады. Ақын үшін өткенді сезіну, білу болашақты 

болжауды анықтауға мүмкіндік береді.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Сүлейменов О. Ты-мой герой // Эссе, публицистика. Өлеңдер, поэмалар. 12 б.

2. Кенжеев Б. Мегаполис. 13.05.2004ж. 

3. Сүлейменов О. Бетпақ-Дала. Алматы, 1976. 61 б.

4. Сүлейменов О. Кочевники и культура. // Эссе, публицистика. Өлеңдер, 

поэмалар. 38 б.

5. Әуезов М. Энкидиада // Шығыс жұлдызы. 1996. №3, 159 б.

6. Сүлейменов О. Портить отношения // Эссе, публицистика. Өлеңдер, 

поэмалар. 29 б.

7. Мартынов Л. Воздушные фрегаты. - М., 1974, 31 б.



Вестник ПГУ №1, 2010

134

Резюме

В статье затрагиваются проблемы преемственности в 

творчестве О.О. Сулейменова в восточно-западном контексте. А 

также рассматривается личность поэта в мировой литературе.

Resume

On the report is touched problem of successes in the East and West 

context creativity by O. Suleimenov. And it is considered person of poet 

in world literature.

ƏОЖ 882.151.212.2



О. СҮЛЕЙМЕНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ  

КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ

Г.С. Мұхамбетова

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

О. Сүлейменовтің басшылыққа алатын негізгі әлемдік көзқарастағы 

принциптерін қарастыруға тырысып көрелік. Бірақ, бұл принциптерді ақын 

қандай да бір тұтастықтағы логикалық кестеге келтірмеген. Бірақ, олар 

оның барлық көп образды шығармашылығында анық көрінеді. Ақынның 

шығармашылық кезеңінің басында, ерте кезде  көтерген ірі мәселелерінің 

бірі - қазақ халқының тарихының қайта даму мәселесі болды. Өзінің 

ертедегі публицистикалық мақаласында ол былай деп жазады: «Менің 

руымның қараңғы, мағынасыз өмірі туралы жалпы мәліметтер мені 

қанағаттандырмайды. Бұл жағдайды көптеген колониализм идеологтары өз 

мақсаттарында қолданып отыр. Олар қазір де мемлекеттілігі жоқ, мәдениеті 

жоқ Шығыс елдері тең дәрежелі дамуға қабілетті емес деп жариялап отыр. 

Біз өзіміздің немқұрайлығымызбен бұл пікірді растап отырмыз» [1].

Олжас Омарұлының өмірінің өзі бірыңғай адамның қабілетінен тыс 

күштерді талап ететін істерді жасаудан тұрады. Сондықтан ол барлық 

әлемге  қазақ халқын таныстыру сияқты қиын істі түсіне отыра, өз мойнына 

алды. Қазақ халқының өткені, қазіргісі және алдағы болашағы барлық 

тұтастықта алғашқы рет – Мұхтар Әуезовтің ұлы эпопеясынан кейін Олжас 

Сүлейменовтің – ақын және азаматтың шығармашылығында кең ауқымды 

және жоғары көркемдік деңгейде көрініс табады. О. Сүлейменовтің жеке 

тұлғасының кең ауқымдылығы туралы ақын Бақыт Кенжеев былай деген: «Ол 

(О. Сүлейменов) Қазақстанды әдебиет жағынан әлем картасына енгізді, себебі, 

ол нағыз бірінші халықаралық қазақ жазушысы болды. Олжас қазақтар 

туралы, Қазақстан туралы көп жазды, оның бәрі де бүкіл әлемге қызықты 



Каталог: download -> zhurnal st
zhurnal st -> Литература абишева К. М. Основы теории и практики перевода. Астана, 2008
zhurnal st -> Педагогическая
zhurnal st -> Филологическая
zhurnal st -> Филологическая
zhurnal st -> Филологическая 9 Əож 827. 512. 122 Қазақ лирикалық прозасының Қалыптасу
zhurnal st -> Гуманитарная 47 Əож 297: 1 М. Ж. КӨпейұлының діни
zhurnal st -> Вестник пгу №2, 2011 64 Əож 882. 151. 212. 2-14 Қазақ поэзиясындағы табиғат лирикасы
zhurnal st -> Қазақстан мен ұлыбритания қарым-қатынасын тұРАҚты дамытудағы елбасының Қызметі р. Р. Оспанова

жүктеу 73.32 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет