Вестник казнму, №1-­‐2012



жүктеу 52.89 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.05.2017
өлшемі52.89 Kb.

ВЕСТНИК  КАЗНМУ,  №1-­‐2012  

  

http://www.kaznmu.kz



  

ІС  ҚАҒАЗДАРЫН  ҚАЗАҚША  ЖҮРГІЗУ  –  МЕМЛЕКЕТТІК  ТІЛДІҢ  ЖҮЗЕГЕ  АСУЫНЫҢ  НАҚТЫ  КӨРСЕТКІШІ  

Шынықұлова  Т.  

ҚазҰМУ 

  

Түйін  Мақалада  медицина  ғылымы  саласындағы  іс  қағаздарды  мемлекеттік  тілде  жүргізу  туралы  жəәне  оның  

ө

зекті  мəәселелері  жазылған.  2009  жылда  іс  қағаздардың  мемлекеттік  тілде  жүргізілу  үлгісі  50%  болса,  3  жыл  



аралығында   20-­‐25%   көтерілген.   Жылда   құжаттардың   қазақ   тіліндегі      жазылуы   тексеріліп   салыстырмалы  

түрде  талдама  жасалып  келеді.      



Түйінді  сөздер  мемлекеттік  тіл,  іс  қағаздарың  жүргізу,  құжаттарды  жүргізу  

  

ВЕДЕНИЕ   ДЕЛОПРОИЗВОДСТВА   НА   КАЗАХСКОМ   ЯЗЫКЕ   –ПОКАЗАТЕЛЬ   РЕАЛИЗАЦИИ   ФУНКЦИЙ      

ГОСУДАРСТВЕННОГО  ЯЗЫКА  

Резюме   Статья   посвящена   проблеме   ведения   делопроизводства   на   государственном   языке   в   сфере  

медицинских   наук.   Как   известно,   в   2009   году   доля   делопроизводства   на   государственном   языке  

составляла50%,    в  течение  3  лет  уровень  поднялся  на  20-­‐25%.  Ежегодно    проводится  сравнительный  анализ  

ведения  документации  на  казахском  языке.  



Ключевые  слова  государственный  язык,  делопроизводство,  ведение  документации  

  

RECORDS  MANAGEMENT  IN  KAZAKH  LANGUAGE  IS  THE  INDEX  OF  THE  REALIZATION  OF  FUNCTIONS  OF  

STATE  LANGUAGE    

Abstract  The  article  deals  with  the  problem  of  record  keeping  in  the  official  language  on  the  field  of  medical  

sciences.  In  2009  the  share  of  office  records  in  the  state  language    was  50%  within  3  years  the  level  rose  by  20-­‐25%.  



Keywords:  state  language,  record  keeping  

  

  «Қазақ   тілі   мемлекетіміздің   барлық   азаматтарын   біріктіруге   қуатты»/1/         Нұрсұлтан   ƏӘбішұлы  



Назарбаев  

  

Қ

азақ   тілінің   мемлекеттік   тіл   ретінде   қызмет   етуінің   алғы   шарттарының   бірі   —   оның   қоғамдық  



ө

мірдің   əәр   алуан   саласында   қызмет   етуі   жəәне   соған   орай   іс   қағаздарының   қазақша   жүргізілуі.   Іс  

қ

ағаздарының,   ресми   құжаттардың   тілі   бір   жүйеге   түспей,   стильдік   жағынан   қалыптаспай,   мемлекеттік  



ресми  құжаттардың  барлығы  алдымен  қазақ  тілінде  жүргізілмей  қазақ  тілінің  қолданыс  аясы,  қызмет  қарымы  

ө

рісін   кеңейте   алмайды.   Іс   қағаздарын   қазақша   жүргізу   –   мемлекеттік   тілдің   жүзеге   асуының   нақты  



көрсеткіші.   Іс   қағаздары   қоғам   өмірінде   үлкен   қызмет   атқарады.   Іс   қағаздарының   саяси,   тарихи,   құқықтық,  

экономикалық   маңызы   өте   зор.   Мемлекет,   республика,   қала,   кəәсіпорын,   ұйым   мекеме   тарихын   жазғанда   іс  

қ

ағаздары   ақпараттың   табылмас   қайнар   көзі   бола   алады.   Құжаттар   фактілерді,   оқиғаларды,   қоғам   өмірінің  



құ

былыстарын   дəәлелдейтін   айғақ   қызметін   де   атқарады.      «Іс   қағаздары   -­‐   басқару   қызметіндегі   негізгі   бір  

сала»/2/.   Яғни,   ұйымдар   мен   мекемелердің,   кəәсіпорындардың   қызмет   етуі   барысында   шығарған   түрлі  

шешімдері,   басқару   істері,   атқарған   қызметі   іс   қағаздарынан   айқын   көрінеді.   Сондықтан   халық  

шаруашылығын  басқаруды  жетілдіру,  оны  ұйымдастыру  деңгейін  көтеру  онда  құжаттармен  жұмыс  істеудің  

қ

аншалықты  ғылыми  негізделгеніне  тікелей  байланысты.  Іс  қағаздарын  жүргізу-­‐басқару  үрдісінің  ажырамас  



бөлігінің   бірі   болып   табылады.   Мекемелер   арасындағы   ақпарат   алмасу   хат,   жеделхат,   телефонхат   сияқты  

құ

жаттар  арқылы  іске  асады.  Үкіметтің  басқару  істері  жарғы,  қаулы,  нұсқау,  ереже,  бұйрық  сияқты  құжаттар  



арқылы  жүргізіледі.  Іс  қағаздарын  жүргізу-­‐мекеме  жұмысының  нақты  құжаттармен,  деректермен  реттелген,  

дəәйектелген  жүйесі.  

Қ

азақ   ресми   іс   қағаздар   стилі   халықтың   қоғамдық   өмірімен,   мəәдени   өркендеуімен,   əәдеби   тілдің  



жанрлық  тармақталуымен,  қоғамдық  қызметінің  артуымен  байланысты  дамып,  жетіліп  отырған.  Қазақ  ресми  

іс  қағаздар  тілінің  тарихына  шолу  жасай  отырып,  оның  екі  түрлі  арнадан  сусындағанын  байқауға  болады.  Бірі  

-­‐  сонау  көне  дəәуірден  бері  үзілмей  келе  жатқан  хан  жарлықтары  жəәне  де  ресми  құжаттар  үлгілері.  Екіншісі-­‐

қ

азақ  жерінің  Ресей  мемлекетінің  қол  астына  кіруімен  байланысты  қазақ  тіліне  аударылып  таратылған  орыс  



əә

кімшілік   орындарының   бұйрық-­‐жарлықтары,   заңдары,   қатынас   қағаздары.   Яғни,   қазіргі   қазақ   ресми   іс  

қ

ағаздар  тілі  жоқ  жерден  пайда  бола  салмаған,  өзіндік  тарихы  бар  құбылыс.  



Бұрында   қазақтар   саны   басым   алыс   аудандарда   ғана   іс   қағаздары   қазақша   жүргізіліп   келгені   мəәлім.  

Қ

азіргі  таңда  республикада  мемлекеттік  органдар  іс  қағаздарын  мемлекеттік  тілде  жүргізуге  бет  бұрды.  Бұл  



əә

рине   əәр   мекемеде   əәр   түрлі   дəәрежеде   атқарылып   жатқан   іс.   Бұл   істің   оп-­‐оңай   орындалып,   бір   күнде  

қ

алыптаса   қалмайтыны   белгілі.   Осыған   байланысты   мəәселелер   де   жетерлік.   Оның   бірі-­‐мемлекеттік  



қ

ызметшілердің  ана  тілінде  еркін  сөйлеп,  жаза  алмайтыны.  Ал  орыс  тілді  кез-­‐келген  маман  орыс  тіліндегі  

ресми   құжатты   еркін   жазып   шығады.   Бұның   себебі,   біріншіден,   тілді   жетік   меңгергендігі   болса,   екіншіден  

орыс   тілінде   іс   қағаздары   ғасырлар   бойы   уақыт   тезінен   өтіп   əәбден   қалыптасқан,   қай   салада   да   дайын,  

мəәтіндері   стандартқа   айналған.   Оларда   бұл   дəәстүрлі   мектеп.   Біз   қазақ   тіліндегі   іс   қағаздарын   да   осындай  

дəәрежеде  көтеруіміз  керек.  Екінші  мəәселе-­‐қазақ  тілінде  іс  қағаздарын  жүргізуге  байланысты  оқулықтар,  оқу  

құ

ралдары,  сөздіктер,  іс  қағаздарының  үлгілері  өте  аз,  жоққа  тəән  десе  де  болады.  Үшінші  мəәселе-­‐жоғары  оқу  



орындарында  да,  арнаулы  оқу  орындарында  да  іс  қағаздарын  қазақша  жүргізуге  байланысты  пəән,  арнаулы  

курс   оқу   бағдарламасына   еңгізілмеген,   сондықтан   оқу   орнын   аяқтаған   маман   өндіріске,   я   мемлекеттік  

органға  іс  қағаздарын  қазақша  жүргізуге  еш  дайындықсыз  келеді.    

Құ

жат-­‐латын   тілінде,   «куəәлік»,   «дəәлелдеу   тəәсілі»   деген   мағына   береді.   Бүгінгі   қолданыста   оның  



негізгі  үш  мағынасы  бар:  а).  қандайда  бір  фактіні  не  бір  нəәрсеге  деген  құқықты  (мысалы,  жол  жүруге  деген)  

ВЕСТНИК  КАЗНМУ,  №1-­‐2012  

  

http://www.kaznmu.kz



  

растайтын   іс   қағаз;   əә)   жеке   басты   ресми   түрде   куəәландыратын   құжат   (төлқұжат);   б).   бір   нəәрсе   туралы  

жазбаша   куəәлік   (мысалы,   ескі   грамоталар);   Кəәсіпорында   басқару-­‐   мəәліметтерді   қабылдап   алу   жəәне   өңдеу,  

шешім   қабылдап   оны   орындау   сияқты   белгілі   бір   дəәрежедегі   ақпараттық   процесс   болып   табылады.   Дұрыс  

шешім  қабылдау  үшін  толық  түрдегі  жедел  жəәне  ақиқат  мəәліметтер  керек  болады.  Құжатта  ақпараттың  осы  

талабына  жауап  беруі  тиіс.  Дегенмен  хабардың  толықтығы  оның  көлемімен  ғана  емес,  сонымен  бірге  оның  

мəәнді  де  басты  мəәселелерін  көрсетумен  бағаланады.  Яғни,  ақпараттың  көптігі  оны  өңдеуді  талап  етеді,  оның  

маңызды,   жедел   орындауды   қажет   ететін   жақтарын   айқындап,   оны   қабылдап-­‐түсінуге   ыңғайлы   күйге  

түсіруді   керек   етеді.   Осы   жұмыстың   бəәрін   құжатты   толтырушы   атқаруы   тиіс.   Құжаттың   сапасы   оның  

толықтығы,   оралымдылығы   жəәне   анықтылығымен   ғана   емес,   сондай-­‐ақ   оның   ықшамдылығымен,  

көрнектілігімен  жəәне  қолайлығымен  айқындалады.  

Сондықтан  құжаттар  тікелей  қатынас  жасаумен  тиімді  ұштастырыла  жүргізілсе,  техникалық  жағынан  

жақсы  жабдықталып,  нақты  мақсаттарға  жұмсалса,  онда  олар  іс-­‐əәрекетін  табысты  болуына  жағдай  жасайды.  

Іс   жүргізу   құжаттары   сонымен   қатар   хабар-­‐мəәліметтің   қайнар   көзі   жəәне   таратушысы,   заң   арқылы  

қ

орғалатын   істі   белгілеудің   тəәсілі   де   болып   табылады.   Басқарудың   құралы   ретінде   құжаттар   жоспарлауда,  



қ

аржыландыруда,   несие   беруде,   бухгалтерлік   есептеу   мен   есеп   беруде,   оперативті   басқаруда,   ұйымның  

қ

ызметін   кадрлық   жағынан   қамтамасыз   етуде   т.б   қолданылады.   Құжаттарда   мемлекеттік   құрылым  



белгіленеді,   олар   мекемелер,   ұйымдар,   кəәсіпорындар   жəәне   азаматтар   арасындағы,   заңды   жəәне   жеке  

тұлғалар   арасындағы   қатынастар   үшін   қызмет   етеді.   Материалданған   (құжат   түріндегі)   заңды   күші   бар  

мəәліметтер   төрелік   сотта   бизнес   бойынша   əәріптестерімен   шаруашылық   дауларын   немесе   халықтық   сотта  

еңбек  тартыстарын  шешуде  қандай  да  бір  фактінің  негізгі  дəәлелі  ретінде  қызмет  етеді.    

Осы  тұрғыда  С.Ж.Асфендияров  атындағы  Қазақ  Ұлттық  медицина  университеті

    


Қ

Р  Денсаулық  сақтау  

министрлігінің   2009   жылдың   31   желтоқсанындағы   №   887   «Іс   жүргізуді   мемлекеттік   тілге   көшіру   туралы»  

бұйрығына,   Университет   ректоры,   профессор   А.Ақановтың   2009   жылдың   29   қаңтарындағы   «Іс   қағаздарын  

мемлекеттік   тілге   көшіру   туралы»   №25   бұйрығына   сəәйкес,   университеттің   құрылымдық   бөлімдеріндегі  

мемлекеттік   тілдің   қолданылу   деңгейі,   іс   қағаздарының   мемлекеттік   тілдегі   жүргізілу   сапасын   тексеру  

мақсатында    арнайы  комиссия  құрылды.    Университеттің  7  факултетінің  73  кафедрасы  тексерілді.  Тексеріс  

барысында   ескертулер,   кафедра   меңгерушілерінен,   оқытушылардан   ұсыныстар,   жетістіктер   жəәне   біраз  

кемшіліктерде  болды.    Бірақ  айта  кетері  бұған  дейінгі  2009  жылғы  тексерісте  құжаттардын  50%  орыс  тілінде  

болатын,   аудармалардың   мағынасы   болмайтын,   2010   жылғы   тексерісте   ескертулер   ескерілгенмен   65%    

ресми   тілде   болатын   салыстырмалы   түрде   қарағанда   2011   жылы   құжаттардың   70-­‐75%      мемлекеттік   тілде  

жүргізілуде.  Тексерілген  кафедралардың  барлығында  грамматикалық  қателер  жəәне    іс  қағаздары  бойынша  

біріздендірілмеген   сөздер.   Мысалы:   Рапорт-­‐Баянат,   Лекция-­‐Дəәріс,   Консультация-­‐Кеңес   беру   сияқты   тағы  

басқалары.  Мысалда  көрсетілген  сөздер  тек  орыс  тіліндегі  үлгісінде  қазақ  тіліндегі  құжаттарда  қолданылған.  

Кафедра   мəәжілістері   орыс   тілінде   өтетіндіктен   хаттамалар   орыс   тілінде   əәзірленіп,   мемлекеттік   тілде  

қ

ысқаша   түйіндеме   берілген.   Келешекте   мемлекеттік      тілде   жасалып,   ресми   тілде   (орыс   тілінде)   қысқаша  



түйіндеме  берілсін  деген  шешім  қабылданды.    

Іс   қағаздарға   келген   кезде   дау   тудыратын,   көкейкесті   мəәселелер   маңызды   орын   алады.   Тəәуелсіздік  

алғанымыздан   бастап   міне   20   жыл   іс   қағаздарын   бір   анадан   туған   егіздей   етіп   екі   тілде   жүргізіп   келеміз.      

Университетте   мемлекеттік   тіл   десе   ішкен   астарын   жерге   қоятын,   бастарын   байгеге   тігіп   ел   ағаларына  

қ

арсы  шығып  жүрген  тіл  жаншырларыда  жетерлік.  С.Аманжоловтың  “Ұлттың  тілі  —  сол  ұлттың  жаны,  жан-­‐



дүниесі.   Ол   жүректі   соқтыртып   тұрған   қан   тамыры   сияқты.   Егерде   қан   тамыры   жабылып   қалса,   жүрек   те  

соғуын  тоқтатпай  ма?”/3/-­‐  деген  сөзіне  сəәйкес  қан  тамыры  жабылмай  тұрғанда      Болат  Хабижанұлы  сынды  

елінің   ерлері      ұрпақтан   ұрпаққа   мұра   болып   келе   жатқан   ана   тілі   үшін   аянбай   еңбек   етуде.      Ал,   кейбір    

деканаттар   мен   құрылымдық   бөлімшелер   кафедраларға   орыс   тілінде   құжат   беріп   екі   тілде   немесе  

мемлекеттік   тілде   жауап   берулерін   талап   етеді,   кейде   қазақ   тілінде   құжат   қабылдамайды.   Себебі   олар  

мемлкекеттік  тілді  түсінбейді-­‐мыс.  Тіпті,  тек  мемлекеттік  тілді  оқытатын  қазақ  тілі  кафедрасыда  есепті  орыс  

тілінде  деканатқа  апаруға  мəәжбүр  екен.    Сол  сияқты  орыс  тілді  мамандардан  «біз  орыс  тілді  мамандармыз  

қ

азақ  тобына  сабақ  бергенде  тіл  байлығымыз  жетпейді  жəәне  қазақ  тілінде  оқулық  жоқтың  қасы.  Студенттерге  



қ

азақша   сабақ   түсіндіргенде   айтар   ойымызды   толық   жеткізе   алмаймыз,   ал   орыс   тілінде   түсіндіргенде  

мысалмен   əәдемілеп   жеткіземіз.   Бізді   орыс   тілділерді   осылай   қабылдасын.   Біз   қазақ   тілді   мамандарға  

қ

арағанда  өз  ісіміздің  шеберіміз,  біліміміз  терең»  деген  пікірлерде  айтылды.  Бұл  кафедраларда,  мемлекеттік  



тіл   өз   туған   əәкесінің   үйінде   жүріп   өкей   шешенің   зардабын   шеккен   күй   кешіп   журген   сыңайлы.      Бұндай  

сөздерді   өзге   ұлт   өкілдерінен   естісек   бір   сара   өзіміздің   көкірегі   ояу,   көзі   ашық   қара   көз   қандастарымыз  

айтқанда   бұны   естігенше   құлағым   тас   керең   болғаны   артық   еді.      Осындай      кездерде      Нұрсұлтан   ƏӘбішұлы  

Назарбаевтың      «Он   бес   жылда   аюға   да   тіл   үйретуге   болады»   /4/      деген   сөзі   орынды   айтылған.   «Сын  

түзелмей,   мін   түзелмейді»-­‐демекші   болашақта   ескертулерімізді   ескереді   деген   ойдамыз.   Шыймайланып  

байланған   жіптей   болған   осындай   өзекті   мəәселерді   бабымен      жіпті   тарқатқандай   шешпесек   жабулы   қазан  

жабулы   күйінде   қалады.   Біз   мемлекеттік   тілді   өзге   ұлт   өкілдеріне   жəәне   де   қаракөз   қандастарымызға  

айтарымыз  бұл  сендердің  отан  алдындағы  борыштарыңыз  дер  едім.    

«Көш   жүре   түзеледі»   ғой,   бірақ   та   келешекте   осындай   келеңсіз   оқиғалар   орын   алмас   үшін,   тек   қана  

Мемлекеттік   тілді   дамыту   бөліміне   міндеттеп   қарап   отырмайық.   Елбасымыз   айтқандай:   «Мемлекеттік   тіл  

енді  ұлттық  саясаттың  діңгегі  болуы  тиіс»  /5/.  Сондықтан  да,  барлығымыз  мемлекеттік  тіліміздің  қолданыс  

аясының   кеңеюі   үшін   жəәне   қазақ   тілін   Қазақстан   Республикасының   əәрбір   азаматы   «Мемлекеттік   тіл-­‐менің  

тілім»  дейтін  деңгейге  жеткізу  үшін  бір  үйдің  баласындай  атсалысайық  əәріптестер!    

1.  Н.ƏӘ.Назарбаев.  «Қазақстан  халқына  жолдауы  2009  жыл»-­‐  Алматы:  Жас  алаш  газеті,  3-­‐ақпан,  2009  ж.  



ВЕСТНИК  КАЗНМУ,  №1-­‐2012  

  

http://www.kaznmu.kz



  

2.  Н.ƏӘ.Назарбаев.   «Ұлттың   ұлы   мұраты   жолында   ұйысайық»-­‐Алматы:   Ана   тілі   газеті,      №23,   5-­‐

маусым,2008ж.  

3.  «Президенттің  қанатты  сөздері»-­‐Ғаламтордан,  16-­‐қараша,  2006ж.  

4.  Қ.Жарықбаев  «Ақылдың  кені    ұлағатты  сөздер»  -­‐  Алматы:  «Ана  тілі»  баспасы  ЖШС,    2008ж.,-­‐63  бет  

5.  Л.Дүйсембекова  «Іс  қағаздарын  қазақша  жүргізу».  –  Алматы:  «Ана  тілі»,  2001ж.,-­‐3  бет.  

6.  Л.Дүйсембекова   «Қазақ   тілі:   Іс   қағаздары   жүргізу».   –   Алматы:   «Мемлекеттік   тілді   дамыту  

институты»  (Екінші  басылым),  2011ж.,-­‐15  бет.  



  


жүктеу 52.89 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет