Вестник Казахстанско-Американского



жүктеу 5.1 Kb.
Pdf просмотр
бет9/53
Дата25.04.2017
өлшемі5.1 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53

ЛИТЕРАТУРА 
1.  Джанузаков  Т.Д.  Основные  проблемы 
ономастики  казахского  языка:  Автореф. 
дис.  …  д-ра  филол.  наук.  -  Алма-Ата, 
1976. – 129 с. 
2.  Жанузаков  Т.  Очерк  казахской  онома-
стики. – Алматы: Наука, 1982. –176 с. 
3.  Кеңесбаев  С.,  Жанұзақов  Т.  Русско-
казахский  словарь  лингвистических  тер-
минов.  –  Алма-Ата:  Наука  Каз  ССР, 
1966. – 208 с. 
4.  Керимбаев  Е.А.  Этнокультурные  номи-
нации  и  функционирование  казахских 
собственных имен: Автореф. дис. … д-ра 
филол. наук. – Алматы, 1992. – 62 с. 
5.  Махпиров  В.У.  Древнетюркская  онома-
стика. – Алма-Ата: «Ғылым», 1990. – 159 
с. 
6. Мадиева Г.Б. Имя собственное в контек-
сте  познания.  –  Алматы:  Қазақ  универ-
ситеті, 2004. – 191 с. 
7.  Мусабаева  М.Д.  Қазақ  тiлiндегi  антр-
опонимикалық аталымдардың этнолинг-  
 

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
45 
вистикалық  сипаттамасы:  Филол.  ғыл. 
канд. ... дис. - Алматы, 1995. – 22 б. 
8.  Мусабекова  У.  Мотивационный  аспект 
антропонимов  казахского  и  русского 
языков:  Автореф.  дис  …  канд.  филол. 
наук. – Алматы, 1996. – 25 с. 
9.  Головина  К.М.  Сопоставительный  ана-
лиз  идиоэтнических  топонимов  и  антро-
понимов  русского  и  казахского  языков: 
Дис.  …  канд.  филол.  наук.  –  Алматы, 
2000. – 134 с. 
10.  Жанғабылова  З.К.  Етiстiк  тұлғалы  ан-
тропонимдер  түрiк  және  қазақ  тiл 
деректерi негiзiнде:  Филол. ғыл. канд. ... 
дис. – Алматы, 2002. – 110 б. 
11.  Ахметжанова  З.К.  Сопоставительное 
языкознание: казахский и русский языки. 
– Алматы, 2005. – 408 с. 
12.  Ниетбаева  К.А.  Историко-лингвис-
тический анализ казахских фамилий: Ав-
тореф.  дис  …  канд.  филол.  наук.  –  Ка-
зань, 1993. – 17 с. 
13. Теория  и  методика  ономастических  ис-
следований. – М/: Наука, 1986. - 250 с. 
14. Мадиева Г.Б. Фрагмент ономастической 
картины мира в языковом сознании лич-
ности  //  Вестник  КазНУ.  Серия  филоло-
гическая. - 2004. - № 6 (78) – С. 18. 
15.  Кирилина  А.В.  Мужские  и  женские 
имена  в  межкультурном  сравнении  // 
«Лингвауни-98»:  Материалы  междуна-
родной конференции ЮНЕСКО. – Моск-
ва, 2000. - С. 327 - 339 
16.  Кайдаров  А.Т.,  Керимбаев  Е.А.  Этно-
лингвистические 
аспекты 
казахской 
ономастики // Известия  АН КазССР. Се-
рия филол. - 1990. - № 3. – С. 3. 
17  Шимырбаева  Г.  Скажи  мне,  как  тебя 
зовут  [Электронный  ресурс]  //  Казах-
станская правда. - № 95-96 (26914-26915) 
10.04.2012 URL: http://nazarov.info/ 
18.  Абдрашитова  C.    Фамильная  гордость 
[Электронный  ресурс]//  Экспресс-К.  -  № 
222  (17172)  от  30.11.2011,  Астана  URL: 
www.centrasia.ru/ 
19.  Правила  о  порядке  регистрации  актов 
гражданского  состояния  в  Республике 
Казахстан  Источник:  grazhdans_sos.doc 
URL: http://www.unesco.kz/ cgi-bin/ 
20.  Правила  порядка  регистрации  актов 
гражданского  состояния  в  Республике 
Казахстан URL: www.minjustdvfo.ru/  
 
 
 
УДК 811.512.122 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН  
ҚОЛДАНУ 
Смаилова А.С. 
 
М.  Жанпейісованың  «Модульдік 
оқыту  технологиясының»  маңызы  ерекше. 
Себебі  аталмыш  технология  әдістері  оқу-
шыларды  өз  бетімен  жұмыс  істеуге,  қо-
рытындылар  жасауға,  жүйелі  білім  алуға 
жетелейді, өзін-өзі өзгені де бағалай білуге 
үйретеді.  Бұл  технологияның  бір  ерекше-
лігі  сабақтың  негізгі  кезеңдерінің  бәрінде 
оқушыларға  шығармашылық  жұмысты 
ұсынуға болады. 
Оқушының  белсенділігін  оның  ой-
лау,  есте  сақтау,  елестету,  қабылдау  қа-
білеттерін,  жадысы  мен  зейінін  дамытып, 
қызығушылығын арттырады. Сабақ форма-
ларының  өзгеріп  отыруы,  әсіресе  топтық 
формалар оқушылар арасында қарым-қаты-
настың  нығаюына  ықпалын  тигізеді.  Оқу-
шының  тапсырманы  өзінің  орындау  мүм-
кіндігіне  қарай  таңдап  алуға  еріктілігі, 
оның  өз  күшін,  шама-шарқын  бағалай 
білуге,  өзін  қауіпсіз  сезінуіне,  қиындыққа 
дайын болуға және оны жеңуге тырысуына 
жетелейді. 
Модульдік  оқыту  технологиясының 
негізі – модуль. Осы технологияны басшы-
лыққа  ала  отырып,  бағдарламада  берілген 
тақырыптар  логикалық  бір  жүйеге  келті-
ріліп, модульдерге бөлінеді. Бұл модульдік 
оқытудың негізгі идеясы – жаңғырту. Оның 
мазмұны: 
1) оқытудың жалпы мақсатын қою; 
2)  жалпы  құрылған  мақсатты  нақты-
ланды руға көшу; 
3)  оқушылардың  білім  деңгейін  ал-
дын-ала бағалау; 
4) оқу әрекеттерінің жиынтығы; 

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
46 
5) нәтижені бағалау 
Оқушыларды  оқу  мақсатымен  мо-
дульмен  таныстырамын.  Оқушылар:  оқу 
мақсатын, өзіне қойылатын талапты, лекси-
калық  және  грамматикалық  тақырыпты, 
модульдің мазмұнын, жұмыс үрдісін, нәти-
жесінің  бағаланып  және  түзетіліп  оты-
ратынын біледі. 
Оқыту  модулі  үш  құрылымдық  бө-
лімнен тұрады: 
1)  кіріспе  (модульге,  тақырыпқа  ен-
гізу); 
2) сөйлесу бөлімі (оқушылардың өза-
ра сөйлесуін ұйымдастыру); 
3) қорытынды бөлімі (бақылау, тест). 
Кіріспе және қорытынды бөлімге 1-2 
сағат мөлшерде уақыт бөлінеді. Кіріспе бө-
лімде  оқушылардың  осы  модуль  бойынша 
алатын  негізгі  ұғымға,  іс-әрекеттерге 
айрықша  мән  беріп,  негізі  ұғымдардың 
модуль  ішінде  алатын  орнына  көңіл  бөлу-
лерін  сұраймын.  Кіріспе  бөлім  мынандай 
оқу әрекеттерінен тұрады: 
- оқу-проблемалық жағдаятын жасау; 
- оқу мақсатын қалыптастыру; 
-  өзін-өзі  бақылау,  мүмкіншілігін  ба-
ғалау  арқылы  модульдің  тақырыптарын 
меңгеруге дайындау; 
-  модуль  бойынша  жұмыстарды жос-
парлап, бірге талдау; 
Қалған  уақыт  түгел  сөйлеу,  сұхбат 
құру,  сұрақ  жауап  бөліміне  беріледі.  Бұл 
барлық  оқушылардың  үш  деңгей  бойынша 
өзінің  дайындық  оқу  қабілетіне  байла-
нысты  әр  оқушының  өз  деңгейінде  оқу 
материалдарын  меңгеруін  қарастырады. 
Барлық  тақырыптар  бойынша  оқушылар 
оқып  аудару,  сөйлеу,  тындау,  жазу,  көру 
дағдыларын  барлық  модульдерде  қолдана 
беруіне  болады.  Білім  алуда  жайдан 
күрделіде  жоғарлау  оқушылардың  шығар-
машылық қабілеттерін ашып, оқу материа-
лын  түсініп,  қолдана  білу  сатысына  көте-
рілуіне  себепкер  болады.  Осы  жағдай  оқу-
шыларды  сынып  ішінде  бірнеше  шағын 
топтарға  бөліп  сұхбат,  монолог  құру, 
жұппен  жұмыс,  пікірталастар,  диспуттар 
арқылы  ойын  технологиясын,  жағдаят 
жасау  әдіс-тәсілдерін  қолдану  арқылы 
жетуге  болады.  Бұл  жерде  мұғалімнің 
алатын  орны  бағыт-бағдар  беруші  ретінде 
болып  отыр.  Мен  бұл  үрдіске  негізгі  құ-
рамдас  бөлік  ретінде  өзімнің  дайынды-
ғымды  мынандай адымдар арқылы  көрсет-
кім келеді. 
Сөйлесу  бөлімін  педагогика  және 
психология  ғалымдарының  жетістіктерін 
басшылыққа  ала  отырып,  оқушылардың 
қабылдау  деңгейлері  мен  қабілеттеріне 
қарай  ұйымдастырамын.  М.  Жанпейісо-
ваның  сөйлесу  бөлімін  құру  қағидаларына 
сүйене  отырып,  жеке  тұлғаны  дамытатын 
кез-келген  әрекет  емес  орындау  әрекеті 
екенін  ескере  отырып,  оқушының  таным-
дық  қызметпен  айналысуына,  ақыл-ой  жұ-
мысына қанағаттануына жағдай жасаймын. 
Міндетті  түрде,  сабақ  барысында,  оқушы-
ның  іс-әрекетінің  төрт  түрін:  тыңдау,  оқу, 
жазу  және  әңгімелесуді  қолданамын.  Мо-
дульдердің  нәтижелі  болуын  көздеп,  сөй-
лесу  сабағының  түрін  өзгерте  отырып, 
әртүрлі  белсенді  формаларды  пайдалану 
арқылы іске асырамын. Олар: 
- топтық; 
- жұптық; 
- жеке топтық; 
- ұжымдық. 
Оқытудың 
басты 
ерекшелігі 
– 
оқушылардың  қарым-қатынасы  арқылы 
тілдерін дамыту, тұлғаның дамуына жағдай 
жасау.  Оқушы  +  оқушымен  +  топпен  + 
ұжыммен + мұғаліммен қатынаста болуына 
жағдай  тудыру.  Сөйлесу  сабағы  үстінде 
тапсырманың  жеңілдігі  мен  күрделілігіне 
қарай бірнеше іс-әрекет формалары ауысып 
отырады.  Мысалы:  сабақтың  басында 
сөздікпен  жұмыс  жүргізгенде  жұптық  не-
месе бекіту кезінде топтық форманы неме-
се жеке топтық жұмысты қолданамын. 
Тілді  оқытуда  сөздікпен  жұмыс  оқу-
шының тілін байытуда ерекше орын алады. 
Бұл жұмыс оқушының сөздік қорын молай-
тып, тілін, ойлау қабілетін дамытады. Сөй-
лесу  сабағы  оқушыларды  тек  қана  қазақ 
тілінде ауызекі сөйлеуге үйретіп қоймайды, 
оларды  ойлау,  талдау,  сараптау  және 
қорытындылау  қабілеттерін  жетілдіреді. 
Оқушылар  қандай  да  бір  деңгейдегі 
тапсырмаларды  өзінің  орындау  мүмкін-
дігіне қарай тандауға еркін. Оқу модулінің 
сөйлесу  бөлімінің  тағы  бір  ерекшелігі  бар. 
Оқытудың  белсенді  және  ойын  формала-
рын  кеңінен  қолдану  оқушылардың  оқу 
материалына  бірнеше  мәрте  қайта-қайта 
оралып, жұмыс  істеуіне    мүмкіндік  береді. 
Оқу  материалын  меңгеру  оған  7  мәрте 

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
47 
қайта  оралып,  пысықтағанда  ғана  жүзеге 
асатынын психологтар дәлелдеп отыр. Сөй-
лесу бөлімі оқушылардың өзін-өзі оқытуы-
на және бірін-бірі оқытуына құрылады. Бұл 
әрбір оқушы үшін тек үш деңгейлі тапсыр-
ма  емес,  олардың  үлгі  жауаптарын  да 
даярлау арқылы іске асырылады. 
Бұл  технологияның  маңызды  шарты 
– оқушылардың кез келген ғылыми көздер-
ді,  оқулықтарды,  оқу  құралдарын  пайдала-
нуға  болатындығы,  сондай-ақ  ұйымдасты-
рушы,  көмекші  ретінде  мұғалімнен  жедел 
кеңес  ала  алатындығы.  Сөйлесу  бөлімі 
сабақтарының  ұйымдастырылу  формасы 
бойынша  әр  оқушы  өзінің  қалай  және 
немен шұғылдану тиіс, сабақ барысында не 
істеу  керек  екенін  біледі,  өйткені  мұғалім 
балаларды  сабақтың  құрылысымен    және 
жүру барысымен алдын ала таныстырады. 
Негізгі  бөлімде  әр  оқушы  бір-біріне 
мәтінді  оқып  береді,  танысады,  негізгі 
ұғымдарды  ажыратады.  Әр  деңгейге  қой-
ылған  сұрақтарға  жұппен  бірге  отырып 
жауап  береді.  Сөздік  көмегімен  оқу  мен 
қатар аудару  жұмысын  жасайды.  Сонымен 
осы  бөлімде  оқушылардың  мәтінді  қанша-
лықты  түсінгені  анықталады.  Бірінші, 
екінші  сабақтарда  оқушылар  жаңа  білім 
алады.  Негізгі  сұхбат  бөлімде  модульді  әр 
түрлі  бөлімдерге  бөліп,  саралап,  жеңілден 
күрделіде  өту  жағы  қарастырылады.  Оқу 
материалдарын  оқушыларға  белгілі  бір 
мөлшерде  беріп  отырамын.  Кейбір  тақы-
рыптарда  материал  үлкен  көлемде  берілсе, 
кейбір  тақырыптарда  аз  көлемде  беріліп, 
тиімді  меңгеру  үшін  әр  түрлі  жұмыс 
түрлері  арқылы  нәтижеге  жетуді    қарасты-
рамын. 
Оқу материалдарын үш деңгейде дай-
ындаймын: жеңіл, орта, жоғары деңгей.  ІІІ 
(“жеңілдетілген”)  деңгей  тапсырмалары 
тақырыпты  қарапайым  білім  мен  түсінік 
деңгейінде игеруді білдіреді 
Білу Түсіну 
... кейіпкерлерді атаңдар не білдіңіз... 
... қайда болды өз сөздеріңізбен айты-
ңыз.. 
...  тақырыбын  анықтаңдар  салысты-
рыңыз.. 
ІІ деңгей тапсырмалары алған білімін 
қолдана  білу  және  талдау  деңгейінде  иге-
руді білдіреді: 
 
Қолдану Талдау 
қолдану мақсатын түсіндіріңіз...   
... құрылымы қандай 
осы құбылысты түсіндіреді...  
... топтастырыңыз 
қорытындылар...  
... себебін талдаңыз 
І  деңгей  тапсырмалары  алған  білімді 
топтау  және  бағалау  деңгейіне  бағыттал-
ған: 
Топтау Бағалау 
өз шешіміңізді табыңыз... 
ойды бағалаңыз... 
баламасын табыңыз .. 
... туралы не ойлайсыз 
түсініктемесі қандай... 
қорытынды жасаңыз... 
Қай  деңгейді  қалауды  оқушылардың 
өздері  шешкені  дұрыс.  Сөйлесу  жаттығу-
ларын, тілдік материалдарын керек кезінде, 
айтылатын  ойға  байланысты  оқушы  орын-
ды қолдана алуын көздеймін. Оған: сұраққа 
дұрыс жауап беру; өзі сұрақ қоя білу; тілдік 
жаттығуларда  меңгерген  сөйлем  үлгілерін 
сөйлеуде еркін қолдану; тақырып бойынша 
мазмұндама,  шығарма  жазу;  сурет  арқылы 
әңгімелеу; оқыған мәтіннің мазмұнын әңгі-
мелету;  мақал-мәтелдерді  сөйлеуде  дұрыс 
қолдануға  жаттықтыру;  тақпақ,  өлең  ай-
туға,  ән  салуға  үйретемін.  Кей  модуль-
дерде ізденіс, шығармашылық ашатын тап-
сырмалар  ұсынамын.  Мысалы,  «Мен  тұра-
тын  жердің  табиғаты»  модулінде  «Қорша-
ған  ортаны  қорғау»  тақырыбына  «Қазақ-
стандағы  экологиялық  жағдайды  дұрыстау 
үшін  қандай  іс-шара  жасау  керек?»  тақы-
рып  бойынша  газетке  мақала  жазу  немесе 
жоба  құрастыру  тапсырмаларын    ұсына-
мын. 
Сұхбат бөліміндегі жұмыстар мынан-
дай негізгі принциптерге негізделеді: 
- танымдық материалға мақсат қойы-
лады; 
-  жеңілден  күрделіде  өту  принципі, 
алдымен  қысқаша,  кейін  үлкен  көлемде  әр 
түрлі  ұғымдар  мен  ережелермен  толықты-
рылып беріледі; 
-  осы  бөлімде  модулдағы  негізгі 
ұғымға  қайта  оралу  принциптерін  басшы-
лыққа аламын. 
Осы  сұхбат  немесе  ауызша  бөлімде 
оқушылардың  сөйлеу,  диалог  құру,  поли-
лог  құру  танымдық  тақырыптар  бойынша 

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
48 
ой  тұжырымын  жеткізу  жағына  үлкен  мән 
беремін. 
Оқушылардың  сөйлеу  дағдыларын 
қалыптастыру,  сөздік  қорын  байыту,  тілін 
дамыту,  яғни  олардың  тіл  туралы  білімін 
ғана меңгерту емес, қазақ тілінде сөйлеуге, 
пікір алысуға үйрету, қазақ тілі мұғалімінің 
негізгі  мақсаты  деп  ойлаймын.  Сабақты 
бекітуге  Венн  диаграммасын  жиі  қолда-
намын. 
Тілді оқытып, үйретудің сапасын арт-
тыру  әртүрлі  жағдайларға  байланысты. 
Орыс  мектебінде  оқытылатын  қазақ  тілі 
пәнінің  түпкі  мақсаты  –  оқушыларға  қазақ 
тілін  меңгерту,  сауатты  жазуға  үйрету, 
қазақ халқының әдет-ғұрпын, тілін құрмет-
теуге, Отанды сүюге баулу. 
Сабақ  өткізу,  оқыту  барысында  өткі-
зілетін  ең  күрделі  жұмыс  түрлерінің  бірі  – 
сабақта  мәтінмен  жұмысты  ұтымды  ұйым-
дастыру.  Мәтінмен  жұмыс  дегеніміз  – 
сабақта  мәтінмен  жұмысты  ұтымды  ұйым-
дастыру.  Мәтінмен  жұмыс  дегеніміз  –  са-
бақта  өтілетін  әртүрлі  жұмыстардың 
жиынтығынан құралады. Олар: 
1) Дыбыстармен жұмыс; 
2) Сөздіктермен жұмыс; 
3) Сөздік қорларын жетілдіру; 
4) Тіл дамыту; 
5) Ережемен жұмыс; 
6)  Ауызша  сөйлей  білуге  дағдылан-
дыру. 
Мәтінмен  жұмыс  істеу  мынадай 
кезеңдерге бөлінеді: 
1) Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс. 
2) Мәтінмен жұмыс кезеңі. 
3) Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең. 
1)  Мәтін  алдындағы  жаттығулар  мен 
соған  сәйкес  жұмыс  түрлері  мынадай  ба-
ғытта  жүргізіледі:  тілдік  тұлға  мен  сөйлем 
үлгілерін  мәтінде  танып,  айыра  білу  және 
әртүрлі 
құрылымдық 
материалдарды 
(сөзжасам  элементтері,  етістіктің  жақ,  шақ 
түрлері, т.б.) меңгерту. 
2) Келесі мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл 
кезеңде  мәтіннің  тілдік  материалы  мен  құ-
рылымы  орындалады.  Мәтін  ішінен  қажет 
мәліметті  бөліп  алу,  айыра  білуге  машық-
тандыру  жаттығуларын  әртүрлі  тәсілмен 
орындау.  Мәтінмен  жұмыс  былайша 
ұйымдастырылады:  оқығанның  мазмұнын 
айту,  мәтін  бойынша  сұраққа  жауап  беру, 
жоспар  жасату,  бірнеше  бөлімге  бөліп 
оқыту,  негізгі  жанама  ойды  таптыру, 
қорытынды жасату. 
3) Шартты түрде алып отырған үшін-
ші  кезеңде  мәтінді  оқып,  түсініп,  негізгі 
ойды қазақ тілінде жеткізе білу. 
Мәтінді  оқығаннан  кейінгі  жұмыс-
тар: 
1) Логикалық сұрақтар; 
2) Сөздік жұмыстар; 
3) Фонетикалық жаттығулар; 
4) Сөйлем құру; 
5) Мәтінге жоспар құру; 
6) Аударым; 
7) Мәтінге ат қою; 
8) Диалог, ситуация құру; 
9)  Мәтіннің  мазмұнын  жоспар  бой-
ынша айту. 
Мәтінді  оқытудың  мынадай  түрлерін 
сабақ үстінде қолданамын: 
1)  Дауыстап  оқыту  арқылы  оқу-
шының  сөйлеу  элементтерін  меңгерген-
дерін  байқауға  болады,  тағы  да  бір 
тиімділігі  –  оқушылар  бірінің  қатесін  бірі 
естіп және түзетіп отырады. 
2)  Іштей  оқу  –  бұл  жұмыстың  мақ-
саты  оқушылардың  шапшаң  оқу  дәрежесін 
анықтау.  Мысалы,  оқушыларға  іштей 
шапшаң оқу үшін бір мәтін беремін де, қай 
жерге  дейін  оқу  керектігін  белгілеймін. 
Әркім  белгілеген  жерге  келгенде  кітап-
тарын  жауып,  бітіргенін  байқатады.  Солай 
оқушылардың  оқу  шапшаңдықтарын  мөл-
шерін өзім белгілеп отырамын. 
Оқытудың  ең  басты  әрі  негізгі  мақ-
саты - білімнің сапалы, нақты, толық болу-
ында. Осы мақсатқа жетуде ойындардың да 
маңызы  зор.  Сабақ  тиімділігін  арттыруда 
ойын  элементтерін  қолдану  белсенділігін 
арттырып, оларды ынталандырады, теория-
лық  білімдерін  тәжірибеде  қолдануға  үй-
ретеді. Ойындарға қойылатын талаптардың 
өз алдына жеке мақсаттары бар. Олар: 
• ойынның мақсаты нақты  әрі керек-
ті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері 
дайындалып қойылу керек; 
• ойын ережелері оқушылардың түсі-
нуіне  оңай,  қарапайым    әрі  шағын  болуы 
тиіс; 
• ойынға оқушылардың түгел қатысу-
ын қамтамасыз ету қажет; 
•  ойын  жүру  барысында  мұғалім  ба-
лалардың түгел қатысуын қадағалаумен қа-
тар,  олардың  ойын  үстінде  шешім  қабыл-

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
49 
дай алуларына, ойлана білулеріне жол көр-
сетуі қажет. 
Ойын  элементтерін  сабақта  екі  түрлі 
мақсатта пайдаланамын.  Біріншісі  –  сабақ-
қа қызығушылығын арттыру, тілін дамыту, 
екіншісі  –  оқушылардың  ойлау  қабілетін 
дамыту,  тапқырлыққа  баулу.  Сабақта  қол-
данылатын  ойындар:  «Бәйге»,  «Білімпаз-
дар»,  «Ойлан  тап!»,  «Жалғасын  айт», 
«Полиглот»,  «Не,  қайда,  қашан?».  Ойын 
барысында  оқушының  ойлау  қабілеті, 
тапқырлығы дамиды. 
Модульдік технология мұғалімнің ал-
дында тұрған көптеген мәселелерді шешуге 
көмектеседі: 
- жалпы білім сапасын жоғарылату; 
- сабақтың тиімділігін жоғарылату; 
- дарынды оқушылармен жұмыс жүй-
есін жасау; 
-  оқушылардың  мақсаттарына    жету 
жолындағы  жетістіктерін  есепке  алу 
жүйесін жасау; 
- жеке тұлғаның өзін-өзі реттеуі, өзін-
өзі тәрбиелеуі, өзін-өзі дамытуы. 
Модульдік  технология  алға  қойған 
мақсатқа  оқушылармен  бірлесе  отырып 
проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. 
Модульдің  3-ші  бөлімі  қорытынды 
бақылау  бөлімі.  Қорытынды  бөлімде 
оқушы  өзінің  сөйлесу  бөлімінде  алған 
білімін,  білігі  мен  дағдыларын  ешкімнің 
көмегінсіз көрсетуі тиіс. 
Оқушылардың  білім-білік  дағды-
ларын тексеруге арналған бақылаудың бір-
неше түрлері ұйымдастырылады.Олар: 
1) Тест; 
2) Диктант, мазмұндама, шығарма; 
3)  Нәтиже  сабақтары  (Сайыс,  әр 
түрлі интеллектуалды ойындар). 
М.М.  Жанпейісованың  модульдік 
оқыту  технологиясы  оқушының  мұғалім-
нен қабылдаған білімін шығармашылықпен 
жеткізуге  үйрететін  әдіс  болып  табылады; 
эмоциялық  сезімге  бойлап,  әсерлі  сезімде 
болуға  жетелейді;  ойын  түрлері  арқылы 
баланың қиялын дамытады, зейінін тәрбие-
лейді, халықтық педагогикамен қаруланды-
рады,  терең  білім  береді;  оқушылардың 
сөйлеу  дағдысын  қалыптастырады,  осы 
сатыға  жеткізуші  дәнекер  ойдың  модулі 
деп  түйіндеуге  болады.  Бұл  әдіс  оқушыны 
ізденімпаздыққа,  өз  бетімен  білімін  жетіл-
діруге  баулып,  шығармашылық  қабілетін 
дамытады. Өскелең жас ұрпақты білімді өз 
бетінше  меңгеруге,  ойлау,  есте  сақтау, 
ауызша  және  жазбаша  дамытуға  дағды-
ландыруда  модульдік  технологияны  оқы-
тудың  маңызы  зор.  Оқушының  құзырлығы 
коммуникативтік 
оқыту 
технологиясы 
арқылы  дамиды.  Оның  ішінде  мәтінмен 
жұмыс  арқылы  танымдылық  қабілеттері, 
танымдық  процестері  дамып,  сөздік  қоры 
молаяды, 
оқытуда 
жағымды 
әрекет 
қалыптасады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Жанпейісова  М.М.  Модульдік  оқыту 
технологиясы  оқушыны  дамыту  құралы 
ретінде. - Алматы, 2002. 
2.  “Қазақстан  мұғалімі”  жұрналы,  2002-
2005 ж.ж. 
3.  “Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  орыс  мек-
тебінде”жұрналы, 2008-2011 ж.ж. 
 
 
 
УДК 811.512.122 
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
Самарханова Н.Н. 
 
Қазақстан  Республикасының  «Білім 
беру туралы» Заңында еліміздің білім беру 
жүйесінің  басты  міндеттері  атап  көрсетіл-
ген.  Сол  міндеттердің  бірінде  былай 
делінген:  «Білім  беру  жүйесін  ақпараттан-
дыру,  оқытудың  жаңа  технологиясын 
енгізу, халықаралық коммуникациялық же-
лілерге  шығу»  делінген.  Бұл  міндеттерді 
шешу  үшін,  нәтижеге  бағытталған  білім 
берудің  жаңа  жүйесіне  көшуіміз  керек 
екендігі  айдан  анық.  Бұл  үшін  әр  мұғалім, 
жеке  тұлға  күнделікті  ізденіс  арқылы 
барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл 
жол  ашарлық  жаңа  тәжірибеге,  жаңа 

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
50 
ақпараттық  технологияларға,  әлеуметтік, 
тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие бо-
луы  тиіс.  Бұл  талаптар  күнделікті  әдісте-
мелік  жұмыстың  жүйелі  түрде  ұйымдас-
тырылуы  негізінде  жүзеге  асырылады. 
Олай  болса,  бүгінгі  күннің  басты  талабы  – 
жаңа  ақпараттық  технологияларды  пайда-
лану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқы-
ту,  дара  тұлғаға  бағыттап,  оқыту  мақсат-
тарын  жүзеге  асыра  отырып,  оқу-тәрбие 
үрдісінің  барлық  деңгейлерінің  тиімділігі 
мен сапасын жоғарылату.  
Елімізде  болып  жатқан  әлеуметтік-
экономикалық  өзгерістер,  күннен-күнге 
үдеп келе жатқан ақпараттар ағымдары, ең-
бек нарығындағы бәсекелестіктің артуы кез 
келген оқу орнын бітірушілерге қойылатын 
талаптарды  күшейтуде.  Қазіргі  кездегі 
білім берудегі мақсат – жан-жақты, білімді, 
болашаққа  жаңа  көзқараспен  қарай  білетін 
және  өзгерістерге,  өмір  сүруге  бейім,  өзін-
дік ой-толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны 
қалыптастыру.  Бұған  қоса,  оқытушының 
билік  жүргізу  әдісінен  арылуы;  оқыту 
кезінде  білім  беретін  оқытушы  емес,  осы 
білімді  қызыға  қабылдауға  дайын  студент 
екендігін түсіну, студенттердің оқуға деген 
ынтасын  күшейту,  өз  дербестігін  дамыту 
қажет. 
Осыған  байланысты  студенттердің 
шығармашылық  әрекетін,  білімді  өздігінен 
ізденіс  арқылы  табудың  жолын,  жалпы 
педагогикалық  принциптерді  басшылыққа 
алу  біліктіліктерін  көтеру  мәселесі  қойы-
лып отырғандықтан, білім беруді ұйымдас-
тырушы-оқытушы  мен  білім  алушы-
студенттер  арасындағы  қарым-қатынас 
дәрежесі  мүлдем  басқаша  жаңа  деңгейге 
көтерілуі  тиіс.  Осының  негізінде  оқыту 
әдістері  мен  оқу  әрекеттері  түрленіп,  жұ-
мыстың  құрылымы  да,  мазмұны  да,  оны 
ұйымдастырудың  педагогикалық-психоло-
гиялық мақсаты да кешенді түрде өзгеріске 
ұшырады.  Осындай  өзгерістерден  кейін 
көп  жылдардан  бері  қалыптасқан  сабақ 
беру  әдістері,  оның  ішінде,  студенттерге 
дайын  білімді  бере  салу,  ұсынылған  тап-
сырманы  орындату,  бір  сарынды  тапсыр-
малар  жүйесі  сияқты  жұмыс  түрлері  өз 
актуалдығын жоғалтты. 
Қазіргі  ХХІ  ғасырда  ақпараттанған 
қоғам  қажеттілігін  қанағаттандыру  үшін 
білім беру саласында төмендегідей міндет-
терді  шешу  көзделініп  отыр.  Олар: 
компьютерлік  техниканы,  интернетті,  ком-
пьютерлік  желі,  электронды  оқулықтарды 
оқу  үрдісіне  тиімді  пайдалану  арқылы 
оқушылардың  білімділігін  күшейту  және 
білім сапасын көтеру. 
Ақпараттық  технологияларды  пайда-
ланып  оқыту  мынадай  нәтижелерге  қол 
жеткізеді: 
- оқу материалын терең түсінуге; 
- оқу мотивациясының артуына; 
-  алған  білімнің  ұзақ  уақыт  есте 
сақталуына; 
-  білім  беруге  жұмсалатын  шығын-
ның азаюына, т.б. 
Мысалы, қазіргі уақыттағы қазақ тілі 
сабақтарында  жаңа  ақпараттық  техноло-
гияларды  пайдалана  отырып,  оқушылар-
дың  сөздік  қорын  молайту,  сөйлеу  тілінің 
грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды 
дұрыс  айту,  диалогтік  сөйлеудің  қалып-
тасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға 
дағдыландыру,  дүниетанымын,  ой-өрісін 
кеңейту,  өмірге  деген  көзқарасын  жан-
жақты  дамытып,  шығармашылық  қабі-
летіне жол ашуға болады. 
Оқушылардың қазақ тілі пәніне деген 
қызығушылығын  арттыруда  көп  ізденіп, 
жаңа  ақпараттық  технологияларды  меңге-
руді, әр - түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет 
деп  санаймын  және  мен  өз  сабақтарымда 
техникалық  құралдарды  жиі  қолданамын. 
Бұл  оқушыларға  қазақ  тілінің  граммати-
касы  мен  фонетикасын  оңай  әрі  тиімді 
жолмен түсіндіруге көмектеседі. 
Жаңа  ақпараттық  құралдарды  қазақ 
тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәти-
желер: 
•  үлгерімі  төмен  оқушыларға  көмек-
теседі; 
• оқушыларың сабаққа деген қызығу-
шылығын арттырады; 
•  сабақта  пайдаланылатын  көрнекі-
ліктердің санын арттырады; 
•  оқушылардың  шығармашылығын 
арттырады; 
•  оқушыларды  жеке  жұмыс  істеуге 
үйретеді; 
• 
грамматикалық  құрылымдарды 
оңай түсінуге көмектеседі; 
•  оқушылардың  есте  сақтау,  есту, 
көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады; 
•  пікірталас,  талдау,  анализ  жасау 
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет