Вестник Казахстанско-Американского



жүктеу 5.1 Kb.
Pdf просмотр
бет7/53
Дата25.04.2017
өлшемі5.1 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
34 
башқұрт  елдерінің  көркемдік  мәдение-
тіндегі  тамырластықтан  сыр  тартса  да, 
татар  халқының  азаттық  жолындағы  күре-
сін сөз етсе де, ноғайлы елінің трагедиялық 
тағдырын  баяндаса  да,  құмықтардың 
өткенінен  сыр  шертсе  де,  қарашай,  балқар 
халықтарының  аянышты  халін  жазса  да, 
азербайжан  халқының  басына  соңғы 
жылдары  түсіп  отырған  ауыртпалықтарға 
байланысты ортаға ой тастаса да, жойылып 
кетудің  аз-ақ  алдында  тұрған  қарайымдар 
туралы  пікір  білдірсе  де,  қырымның  қилы 
тағдырын  көлденең  тартса  да,  месхет 
түріктері  жөнінде  айтса  да  бір-ақ  нәрсені 
көздейді.  Ол  -  тағдыр  тәлкегімен  ыдырап 
кеткен  түркі  халықтарының  өткеніне  ой 
жіберу,  оқырманға  ұлыстар  тарихының 
ұқсастығын  жеткізу,  бір  діңгектен  тараған 
халықтарды 
жақындастыру 
жолдарын 
іздестіру және тағы басқалар. 
Ғалымның  тамырластықты  іздестіру, 
халықтар  мәдениетінің  ортақ  үлгілерін 
қарастыру  арқылы  ел  мен  елді,  бауыр  мен 
бауырды  табыстыру  мақсаты  кітаптың  өн 
бойында  өріліп  жатыр.  Бұл  орайда  ғалым 
түрік  әлемінің  терең  тамырларына,  сан 
мыңдаған  жылдардың  көркем  естелігіне  - 
эпикалық 
аңыздауларға 
сүйеніп 
ой 
өрбітеді, солардағы ұқсастық сарындарына 
баса назар аударады. Тарихтың белестерін, 
ескі  ұғымдар  мен  салттардын  тізбегін, 
адамдардың  өзін,  оның  қоршаған  орта, 
табиғат,  қоғам  туралы  түсінігін  ерекше 
тәсілмен  баяндайтын  аса  бағалы  мұра  – 
эпос-жырларды  зерттеу  объектісіне  айнал-
дыра отырып ғылыми пайымдаулар жасай-
ды. 
Түрік  тілдес  халықтар  өмірінен  жа-
зылған  бұл  еңбегінде  автор  тарих,  әдебиет 
мәселелерін  құрғақ  баяндап  кана  қоймай, 
реті  келген  жерде  өткен  заманалар  шежі-
ресінің  бүгінгі  күнмен  тығыз  байланысты 
тұстарын  да  назардан  тыс  қалдырмайды. 
Еңбектің  құндылығы  да  осында  деген 
ойдамыз.  Кітаптағы  «Көзқамандар  туралы 
аңыз»  деген  туынды  осы  сөзіміздің  айқын 
куәсі  бола  алады.  Мұнда  қырғыз  фоль-
клорының  інжу-маржаны  -  «Манас»  жы-
рындағы  оқиғаның  қазіргі  өмірде  орын 
алып отырған жағдайлармен дәлме-дәл ұш-
тасуы  айтылады.  Эпоста  Манастың  іші-
бауырына  кіріп,  ақырында  оған  у  беріп 
опат  қыла  жаздаған  көзқамандар  жәдігөй-
лігі,  оның  осы  күнгі  тіршілігіміздегі  кө-
рінісі авторды бей-жай қалдырмайды. 
Көзқамандар  қайдан  пайда  болады 
дегенде,  олардың  өз  халқының  тілін 
білмейтін,  сондықтан  оны  жат  санайтын, 
іңгәлагі  дүниеге  келгеннен  ер  жеткенге 
дейін  басқа  түсінік,  пиғылда  тәрбиеленген 
жандардан  шығатыны,  оларға  өз  елінің 
асыл  қасиеттерінің  бірде-бірі  дарымағаны, 
өзін  асыраған,  адам  қатарына  қосқан 
халқының  тағдырына  дұшпанның  көзімен 
қарап  дағдыланғаны,  тіпті  жаратылысынан 
ақыл-есі  бүтін  болып  туғанмен,  мұндайлар 
өз  елінің  перзенті  болып  жарытпайтыны, 
ана  тілін  білмегендіктен,  көзқамандардың 
халқының  көңіліндегі  мұңды,  көкейкесті 
арманды  сезбейтіні,  халық  даналығы 
жаратқан  небір  әсем  ән,  құдіретті  күй, 
аталар  сөзі,  ғибрат,  нақыл  бұларға  әсер 
етпейтіні,  эпостағы  көзқамандар  жырақ 
жерлерде  өскендер  болса,  олардың  қазіргі 
замандағы  «ізбасарлары»  өз  елінде  жүріп-
ақ  жатауы  болып  қалыптасқаны  жеріне 
жеткізе айтылады. Автор мұндайлардан сақ 
болу  қажеттігін  де  ескертеді.  «Отандас-
тарымыз өз арамызда жүрген, ұлт мұратын 
қиып 
жіберетін, 
елге 
опасыздығына 
ұялмай,  қайта  өздерін  озық  өркениет 
жаршылары  деп  қарайтындардың  осы 
заманның  көзқамандары  екенін  таныса, 
олардан  сақтанудың  жолын  да  іздеп  табар 
еді», - деген тілегін де білдіреді. 
Жалпы,  Р.  Бердібайдың  публицисти-
калық  туындыларымен  жақынырақ  таныс-
қан  әрбір  адам  оның  сонау  бір  замандарда 
іргесі  сөгілмей,  айбары  күшті  ел  болып 
отырған,  кейін  небір  қилы  оқиғалардың 
әсерімен  бытырап  кеткен  түркі  жұртының 
бір-бірімен  байланысы  нығайса,  бауырлас 
халықтардың  бір-біріне  барыс-келістері 
көбейсе,  бірінде  бар  игілікті  екіншісі 
қабылдап,  рухани  байып,  үлкен  мұраттар 
көздеп,  тізе  қосып  қимылдаса,  дұшпанына 
дегенін істеткен мығым қалпын қайта тапса 
деген  түпкі  ойы  мен  арман-мақсатын 
сезінгендей болады. 
Мұндай  әңгімелер  арқау  болған 
жерлерде ғалымның айрықша шабыттанып 
кететіні  бар.  Түбі  бір  халықтардың 
тарихтағы тату болған, берекелі кезеңдерін 
сағынышпен  еске  алып,  бүгінгі  ұрпаққа 
ғибрат етеді, ауызбірлігінен жаңылып, тоз-
тозы  шыққан  тұстарын,  ұрымтал  сәтті 

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
35 
аңдыған  дұшпанның  қатігез  озбырлығын 
өзегі өртене отырып қағазға түсіреді. 
Айталық,  Қазан  хандығын  жүз  жыл-
дық  шапқыншылықтан  кейін  әрең  бағын-
дырған  Ресей  басқыншылары  зорлап  шо-
қындыру  арқылы  елді  мүлдем  тұралатуды 
көздеген,  мұнда  да  дегеніне  жете  алмаған 
жағдайда  солдаттарды  тағарларға  айдап 
салып  сабаттырған,  үйлерін  қираттырған, 
мешіт пен медреселерді ойрандатқан, кейде 
арандатушы  миссионерлер  шіркеулерді 
өздері  өртеп,  жаласын  татарларға  жапқан, 
сөйтіп  патшадан  бұрынғыдан  да  қатал 
бұйрықтар түсірткен. 
Жүздеген  жылдарға  созылған  осын-
дай адам  төзгісіз  зорлықтан  кейін  де  татар 
халқы  өмір  сүруін,  ағартушылық  қызметін 
тоқтатқан жоқ. Әу бастан отырықшылыққа 
бейімделген  сауатты  ел  түрлі  қысым-
шылықтарға  қарамастан,  Ресейдегі  мұсыл-
ман  халықтарының  тілінде  кітап  шыға-
рудан  көш  басында  болған.  Мысалы,  XIX 
ғасырда  Қазан  қаласы  шығыс  халықта-
рының  тарихын,  мәдениетін  зерттейтін, 
мәдени  мұрасын  басып  шығаратын  аса  ірі 
орталықтардың  біріне  айналған.  Шығыс 
халықтарының  ана  тілінде  жарияланған 
кітаптардың  70  пайыздан  астамы  Қазанда 
басылып тұрған. Соның ішінде бір мыңнан 
астам  қазақ  кітабы  бес  миллион  данамен 
тараған.  1901-1917  жылдар  арасында 
Кәрімовтар  баспаханасында  құран,  әптиек 
және  дұғалықтар  4  миллион  358  мын  200 
дана болып шыққан. 
Ғалым  еңбектерінің,  оның  публи-
цистикалық сарында жазылған шығармала-
рының  және  бір  ерекшелігін  атап  өткен 
жөн. Ол қай елде болмасын, қандай мәселе 
қозғамасын  әңгіме  арқауына  айналып 
отырған  нәрсенің  қазақ  халқына,  түрік 
тілдес  бауырларға  тигізер  ортақ  пайдасын 
ешқашан  естен  шығармайды.  Үнемі  жеке 
мәселеден жалпылама ой түйіп, белгілі бір 
қорытынды шығарып отырады. 
Ой  айту,  пікір  білдіру  арқылы 
халқының  мәртебесін  асырсам,  бір  кезде 
дүниені  тітіркенткен  түрік  жұртынын 
соңғы  ғасырларда  қағажу  көрген  қаһарман 
тарихын, ол туралы жосықсыз бұрмаланған 
шындықты  оның  өзі  де,  өзгелер  де  таныса 
екен  деген  арман  ғалым  шығармасының 
бүкіл лейтмотивінен көрінеді. 
Осындай  толғаныс,  халқының  бүгіні 
мен  ертеңіне  алаңдаушылық,  ұлттық 
сананы  қалыптастыруда,  тілді  дамытуда, 
дінді  насихаттауда,  республиканы  мекен-
деген  басқа  халықтармен  қарым-қатынаста 
атқарылып  жатқан  істер,  оларды  жетілдіре 
түсудің  жолдары,  республиканың,  ұлттың 
ілгерілеуіне  өзге  елдердің  оң  тәжірибесін 
тиімді 
кіріктіру 
мәселелері, 
ортаға 
тасталатын  және  басқа  ойлар,  пікірлер, 
тұжырымдар  ғалымның  «Ел  боламыз 
десек...» деген келесі бір публицистикалық 
толғамдарының  басын  біріктірген  қомақты 
кітапта топтастырылған. 
Бұл  кітабында  да  автордың  елдік,  
ұлттық, халықтық мәселені бәрінен жоғары 
қоятыны,  бүкіл  саналы  тіршілігінің  осы 
іске бағындырылғаны бірден аңғарылады. 
Мұнда  да  автор  қандай  тақырыпты 
әңгіме  арқауына  айналдырмасын фольклор 
мұрасы  жөнінде  айтса  да,  газет  тілшісімен 
әдебиет  жөнінде  сұхбаттасса  да,  экология, 
тіл,  дін  мәселелерін  қозғаса  да,  халық 
музыкасын  сөз  етсе  де,  қазақ  мектебінің 
мәселесін  көтерсе  де,  қазақтың  арғы-бергі 
көрнекті  мәдениет,  ғылым  қайраткерлері 
туралы  ой  өрбітсе  де,  -  барлығында  да 
оларды  ұлт  тағдырымен,  ұлтты  өркендету 
жолдарымен 
шендестіріп, 
ұсыныстар 
айтып  отырады.  Егер  ғалымның  осы 
кітаптағы  және  басқа  енбектеріндегі,  күн-
делікті  баспасөзде  жиі  жарық  көріп  тұра-
тын  мақалаларындағы  ұлттың  дәстүріне, 
тарихына,  тіліне,  әдебиеті  мен  өнеріне, 
мәдениетіне  қатысты  айтқан  ұсыныстарын 
тізімге  алып,  оның  маңыздылығына  мән 
берілсе,  ұлттың  өркендеуіне  қосылған 
өлшеусіз  үлес  болар  еді.  Осындай  құнды 
ұсыныстар  мына  кітапта  да  молынан 
қамтылған. Олардың тақырып аясы да кең, 
халықтың 
әлеуметтік-мәдени 
өмірінің 
барлық  саласын  дерлік  қамтиды.  Мақала-
ларының  бірінде  «ескі  түркі  әдебиетінің 
туындыларын  меңгеріп,  рухани  даму 
қасиетіне  жаратуды»,  «қазақ  халқының 
көркемдік 
мәдениетіне 
қатысты 
кем 
дегенде  2000  жылдық  тарихы  бар  әдеби-
фольклорлық  ескерткіштерді  жекелеп  те, 
топтап  та  зерттеуді»  сөз  етсе,  енді  бірінде 
«мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  тілін 
дамытып,  ой-өрісін  кеңейтетін  сан-сала 
суреттік  кітапшалар  мен  қолданбалар 
шығару»,  «бастауыш  мектептен  бастап, 
жоғары  оқу  орындарының  түрлі  пәндері 

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
36 
бойынша  қазақ  тілінде  төл  оқулықтар 
шығару»,  «Қазақ  тіліндегі  кітаптардың 
тақырыптық 
шеңберін 
кеңейту», 
«Дүниежүзінің  ең  үлгілі  ғылыми,  көркем 
ескерткіштерін  қазақ  тіліне  тәржімелеу», 
«Шет  жақта  жүрген  отандастарымыздың 
рухани  дамуына  көмектесу»  керектігін 
ескертеді, 
үшінші 
бір 
мақаласы 
мемлекеттік  тілді  дамытудың,  оны  өмірдің 
барлық  саласына  енгізудің,  халықтық 
музыканы  насихаттаудың  өзекті  мәселе-
лерін қаузайды. 
Туған тілінің бүгінгі хәл-күйі ғалым-
ды айрықша толғандыратыны осы еңбектен 
айқын  аңғарылады.  Бұл  жөнінде  кітаптың 
өн  бойында  ретіне  қарай  пікір  білдіріліп 
отыратынын былай қойғанда «Тіл тағдыры 
-  ұлыс  тағдыры»  деген  бір  тарау  түгелдей 
мемлекеттік  тілдін  көкейкесті  мәселелерін 
қозғауға  арналған.  Онда  мемлекеттік  тіл, 
яғни  қазақ  тілінің  еліміздегі  мәртебесіне 
қатысты  батыл  да  дәлелді  ойлар  ортаға 
салынады. Тарауда топтастырылған «Шегі-
нерге  жер  жоқ»,  «Заң  көкпар  емес»,  «Өзен 
басынан  былғанбасын»,  «Өзіңнен  туған  ұл 
өзекке  тепсе»,  «Дүбәрадан  дұрыстық 
шықпайды»,  «Қақпақылға  түскен  қайран 
тіл», «Ұлт рухы сезілсе», «Теңдік сұрар күн 
туса»,  «Мемлекеттік...  әрі  ұлтаралық», 
«Мәңгілік  кепілі»  деген  публицистикалық 
шығармаларында  ғалым  қазақ  тілінің 
мемлекеттік  тіл  мәртебесін  алғанына  тек 
қазақтар  ғана  емес,  әділдік  сезімін 
жоғалтпаған  барша  халық  өкілдерінің 
тілектес  болғанын,  Заңға  күмән  келтіруге 
дәті  барғандардың  арсыздығына  таң 
қалатынын,  ешқашан  шектеу  көрмей 
келген  орыс  тіліне  мемлекеттік  тіл 
мәртебесін  беру  мәселесін  талқылаймыз 
дегенді  біржола  ұмыту  керектігін,  қазақ 
тілінің  құрдымға  біржолата  түсіп  кету 
процесінің  тоқталғаны  көңілімізге  үміт 
ұялататынын,  қазақ  отаншылдары,  орыс 
халқының  және  басқа  ұлттардың  адал 
ұлдары қазақ тілінің шыққан биігінен қайта 
құлап  түсуіне  жол  бермес  дегенге 
сенетінін,  халықты  өзінің  төл  есімінен, 
тілінен, 
жерінен 
жұрдай 
еткісі 
келетіндердің  дегені  болмайтынын,  Ата 
Заңымызда  «біз,  қазақ  халқы  және 
Қазақстандағы барша халықтар» деп айтуға 
жүрексінсек,  былайғы  тіршілікте  ұлтпыз 
деп ашық айтуымыз екіталай болмақтығын, 
тілімізді  өзіміз  құрметтеу  үлгісін  көрсет-
песек,  басқаларға  өкпелеудің  орны  жоқты-
ғын,  туған  халқының  қасиетінен  хабарсыз 
өскендерді 
космополиттік 
дағдыдан 
қайтарып,  өз  елінің  тілін,  салтын  қадірл-
ейтіндей  ететін  батыл  шаралар  керектігін, 
ал бүгінгі жас буынға толық ұлттық тәрбие 
беру - ел боп жасауымыздың мықты кепілі 
екендігін  шабыттана  да  ширыға  да  тол-
ғайды. 
Ұлттың 
ұлт 
ретінде 
сақталып 
қалуының  бірден  бір  кепілі  -  ана  тіліне 
деген перзенттік жанашырлығын автор мы-
нандай  пікірмен  тұжырымдайды:  «Дүние-
дегі  ең  бай,  ең  сұлу  тілдердің  бірі  -  қазақ 
тілінің  мәртебесін  көтеріп,  оның  кең 
тыныспен  табиғи  дамуы,  ұлт  ретінде  өмір 
кешуіміздің  аса  қажетті  шарты  екенін 
басшымыздан  қосшымызға  дейін  мойын-
дап,  оны  сөз  жүзінде  емес,  іс  жүзінде 
орындағанда  ғана  ілгері  басамыз.  Қазір 
тіліміздің  рухы  мен  мәнін  қалпына 
келтіруге,  оны  әлемдегі  ең  озық  ғылыми 
халықаралық  тілдердің  қатарына  қосуға 
қолайлы  кезең  туып  отыр.  Жүздеген 
жылдарда 
кеткен 
есеміздің 
орнын 
толтыруға  тағдырдың  беті  бері  қарап 
отырған  сәттілікті  толығымен  пайдалана 
алмасақ, 
болашақ 
буындар 
алдында 
кешірілмес  айыпқа  батамыз.  Сол  үшін 
бүгінгі  таңда  «ана  тілі  үшін  күрес  —  ұлт 
келешегі  үшін  күрес»  деген  сөздер 
сарқылмас  қуат  беретін  ортақ  ұранымыз 
болсын». 
Ғалымның 
халқына 
деген 
шынайы  махаббаты,  елдігімізді  жоғалт-
пасақ екен деген игі тілегі үнемі ол үшін не 
істеу  керек  деген  сауалдармен  астасып, 
кітапта 
оған 
жұртшылық 
көкейіне 
қонымды  жауаптар  беріліп,  ұсыныстар 
айтылып  отырады.  Ел  мүддесіне  қатысты 
ондай  көкейкесті  пікірлер  тұрмысы-
мыздың,  мәдениетіміз  бен  өнеріміздің  сан-
саласын қамтитынын жоғарыда айтып өттік 
және  олардың бәрін бірдей мұрнынан тізіп 
беруді орынсыз деп санаймыз. Дегенмен де 
халық  мұрасына,  соның  ішінде  музыкаға 
қатысты  автордың  жүрегін  сыздатқан, 
сонан  соң  қалам  ұшынан  запыран  болып 
төгілген  мына  бір  жолдарды  айтпай  кете 
алмадық:  «Қазақты  ұлттық  ерекшелігінен 
айырғысы  келгендердің  бір  құрығы  халық 
музыкасына түсіпті. Бұндай «әккілік» «мен 
озбырмын»  деп  төтелеп  келмей,  «теория» 

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
37 
қисынын  жамылып,  өте  нәзік,  жымысқы 
желмен  бой  көрсеткен.  «Қазақ  музыкасы 
социализм  дәуіріне  сәйкес  келмейді, 
еуропалық  саз,  опера  жүйесіне  көшу  ғана 
бірден-бір дұрыс бағыт» деп музыка кешін 
табиғатымызға  жат  арнаға  итермелеген-
дердің  ішкі  пиғылын  аңғару  да  оңай  емес 
еді.  Қазақ  халқының  ең  білімді,  саналы, 
зиялы қауымын «халық жауы» атандырып, 
жоқ  қылған  соң,  «мынауың  дұрыс  емес» 
деп еуроцентристерге қарсы шыға қоярлық 
күш  те  ол  кезде  табыла  қоймайтын.  Ұлт 
деген  сөзді  айта  қалғандарға  «ұлтшыл» 
деген  таңбаны  баса  салу  оңайдың  оңайы 
еді.  Сонымен,  не  керек,  музыканың 
теориялық, методологиялық «майданында» 
саз  өнерінің  еуропалық  үлгісін  бірыңғай 
дәріптеушілердің  дегені  болып,  халық 
әндері  мен  күйлері  екінші  кезекке 
ысырылып  шыға  берген.  Шұғыл  түрде 
опера  жасаудың,  оны  казақ  музыкасының 
ірі  жетістігі  деп  марапаттаудың  тасасында 
ұлттық  саз  өнерінің  тамырына  балта  шабу 
процесі  үздіксіз  жүргізіліп  жатты.  Қазақ 
музыкасын  еуропалық  жүйеге  түсіруді 
көксегендер  бұл  күнде  негізгі  мақсатына 
жеткенін  «тойлап»  атап  өтуіне  болады. 
Халқымыздын  ғажайып  сұлу  да  бай  ән, 
күйі  төрдегі  орнынан  сырылып,  босағадан 
сығалап  қалған  қасіретті  шындықтын 
куәгері  болып  отырмыз.  Ән  де,  күй  де 
үздіксіз орындалып, үлкеннің де, кішінің де 
құлағына  сіңісті  болып  жүрмесе,  мейлі 
жауһар  не  алтын  болса  да,  ұмыт  бола 
береді  екен.  Қазақша  ән,  күй  есіттіретін 
жалғыз 
«Шалқар» 
каналын 
жауып 
тынғаннан  кейін,  тұрпайы  қышқырып, 
құлақ  тұндыратын  жат  сарын  толық 
үстемдік 
құрып 
алды. 
Осылайша 
еуроцентристер, космополиттер қазақ еліне 
рухани  экспансиясын  белгілі  белеңге 
жеткізіп, дарынды халқымызды мәңгүрткен 
айналдырып  отыр.  Сан  ғасыр  бойында 
күштілердің  ығында  келген  жұртымыз 
тәуелсіздікке  қол  жеткен  заманда  ұлт 
дәстүрін  мұншама  қорлыққа  түсіруге 
көнбейтінін  ашық  білдіруі  керек»  дей 
келіп,  ғалым  халық  музыкасын  дамытуға 
қатысты:  «Шалқар»  каналын  қайтадан  іске 
қосу, 
қазақтың 
халықтық 
музыкасы 
жинағын  том-том  етіп  басып  шығару, 
радио  мен  телевидение  де  дәстүрлі  әндер 
мен  күйлерді  бағдарламаға  қосып  отыру, 
музыкалық  оқу  орындарында  халқымыз-
дың  байырғы  төл  музыкасын  үйретуге  кең 
орын 
беру, 
қазақ 
музыкасының 
классикалық  үлгілерін  жасаған халық  ком-
позиторларының  өмірі  мен  шығарма-
шылығы  туралы  әдеби-музыкалық  хабар-
лар беріп тұру, ұлттық музыка тарихы мен 
теориясы  жөнінде  мақалалар,  зерттеулер, 
диссертациялар  жазуды  жүйелі  түрде 
жолға  қою,  «Қазақ  музыкалық  энциклопе-
диясын»  шығаруды  ойластыру,  қазақ 
музыкалық  мәдениетінің  бұрынғы  және 
болашақтағы  тағдырын  ұдайы  қадағалап, 
талдап, 
бұл 
тараптағы 
жұмыстарды 
бағдарлап  отыратын  тұрақты  комиссия 
құру қажеттігі туралы құнды ұсыныстарды 
көлденең тартады. 
Айта  берсек,  ғалымның  қазақ  елінің 
арғы-бергі  мұң-мұқтажынан  бастап,  түрік 
әлемінің ғажайыптары туралы сыр толғаған 
тартымды да танымдық әңгімелерінің ұшы-
қиыры жоқ деуге болады. Әдебиет пен мә-
дениеттің  сан  алуан  жанрларын,  ондаған 
ғасырлардың  тарихын  қамтитын  бұл 
еңбектерді  болашақта  жинақтап,  жүйелеп 
мектеп оқушыларына, жоғары оқу  орында-
рының студенттеріне оқулық ретінде ұсын-
са, келешек ұрпақтың бойына отаншылдық 
ұрығын  себетін,  оларды  патриоттық  рухта 
тәрбиелейтін, 
жеткіншектер 
санасына 
ұлтжандылықты  жас  кезінен  дарытуға 
септігін  тигізетін,  тағлым  алар  тамаша  бір 
игілікті  іс  болар  еді  деген  ойдамыз. 
«Жұлдыздар 
жарығы»  деген  кітабын 
танымдық тұрғыдан алғанда дайын оқулық 
деуге болады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Бердібай  Р.  Кемел  ойлы  көркем  сөз.  - 
Алматы: Жібек жолы, 1998. – 80 б. 
2. Бердібай Р. Бес томдық шығармалар жи-
нағы. - Алматы: Қазығұрт, 2005. - т. 1. - 
460 6. 
3.  Ислам  Д.  «Жұлдыздар  жарығын»  оқы-
ғанда // Ғалым мұраты. - Түркістан, 2004. 
4.  Жолдыбай  О.  Рахманқұл  Бердібай 
сабақтары // Ақиқат. – 2002. - № 12. – 74-
83 б. 
 

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
38 
УДК 821.7.512.712. 27.09 
ЖАНАТ ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ ЛИРИКАСЫНА ТӘН ФОЛЬКЛОРЛЫҚ 
НАҚЫШ 
Келгембаева Б.Б. 
 
Қазіргі  қазақ  поэзиясының  көрнекті 
өкілдерінің  бірі  -  Жанат  Әскербекқызы 
өзінің  әр  жылдары  жарық  көрген  «Ғарыш 
билер  ғұмырымды»,  «Қаңтардағы  қызыл 
гүл»,  «Көне  түркілер  әуені»,  «Қаз 
қанатындағы ғұмыр» тәрізді жинақтарымен 
танымал. Ақын өз жырлары арқылы ұлттық 
поэзия  дәстүрін  терең  меңгеріп,  шебер 
жаңғырта  білудің  үлгісін  көрсетіп  келеді. 
Суреткер 
философиялық, 
эстетикалық 
танымы  мен  идеалын,  қаламгерлік  пози-
циясын  оқырман  жүрегіне  жеткізу  үшін 
халық  ауыз  әдебиеті  үлгілеріне  көбірек 
үңіледі.  
Академик  З.  Қабдолов  суреткер  ше-
берлігіне қатысты: «Жазушы өзінің сөз қо-
рын  молықтыру  үшін  жалпы  халықтық 
тілдің телегей-теңіз бай қазынасын мүмкін-
дігінше  молырақ  игеруі,  оның  қилы-қилы, 
қиын  әрі  қызық  құбылыстарын  жете 
түсінуі,  әр  сөздің  мән  мен  мағынасындағы 
ұлан-ғайыр  өзгерулер  мен  өңдеулерді, 
құбылтулар  мен  құлпыруларды  дәл  аңғара 
білуі  қажет»,  -  десе,  поэзия  теориясының 
тағы бір білгірі С. Негимов: «Ақын міндеті 
–  сөзге  қанат  бітіруінде,  сөз  бен  сөзді 
жалғастырып,  қару  қайратын  қосып,  ойды 
тербейтін, бойды билейтін поэзиялық образ 
жасауында...  Халықтың  ұшан-теңіз  бай 
тілін, рухани өмірі мен қазынасын, тұрмыс-
тіршілігін  жан  жақты  білумен  бірге, 
оларды  ақыл-ой  елегінен  шебер  екшеп 
өткізіп  алатындай  көркемдік  қабілеті  мен 
эстетикалық  өткір  талғамы  болуы  қажет»  
(2,  17  б.),  -  деп  жазады.  Осы  тұрғыдан 
алғанда  Жанат  Әскербекқызын  ұлтының 
тарихы мен бүгінгі тынысына,  салт-дәстүрі 
мен  рухани  табиғатына  жетік,  ақындық 
мәдениеті  жоғары,  талғампаз  қаламгер  дей 
аламыз.  Оған  ақын  жырларындағы  фоль-
клоризмді  сөз  ету  барысында  көз  жет-
кіземіз.  Ақынның  поэзиясына  тән  ұлттық 
нақыш,  қазақ  халқының  өткенін  жаңаша 
бағамдау,  ауыз-әдебиетіне  тән  сюжет, 
персонаждарды  көркемдік  мақсатта  шебер 
қолдану  тән.  Ақын  фольклорлық  танымды 
интерпретациялап,  бүгінгі  күннің  өзекті 
мәселелерін  сөз  етеді.    Жанат  ақын  ата-
бабаларымыздың  салған  жолы  мен  салт-
дәстүріне  үңіле  отырып,  өткеннің  өнегелі 
сабақтарын 
бүгінге 
жеткізуді, 
адам 
жанының  құпия  қалтарыстарын,  сезім 
дүниесін  өрнектеуді  мақсат  тұтады.  Қазақ-
тың тұңғиық тарихы мен мәдениетінен бас-
тау  алатын  «Ақжүніс  ару  жылап  оянды», 
«Бітіридің  елге  сәлемі»,  «Иең  қайда, 
Көкжорға?!»,  «Ту  сыртымнан  Көкжорға 
кісінеді»  т.б.  өлеңдері  дәстүр  жалғасты-
ғының,  бүгінгінің  моральдық,  философия-
лық  мәселелерін,  лирикалық  қаһарманның 
сезім  арпалысын  жыр  тілімен  жеткізудің 
озық үлгілері.  
Қазақ  эпостарында  сомдалған  Қыз 
Жібек, Төлеген, Ақжүніс, Ер Тарғын, Қарт-
қожақ,  Қарлыға,  Едіге,  Тоқтамыс  сынды 
бейнелер  ақын  поэзиясында  символдық 
мән  иеленіп,  өлеңнің  идеялық-көркемдік 
қуатын арттыруға қызмет етеді.  
«Қыз  Жібек»  жырындағы  Қособа  – 
Төлегеннің өмірмен ерте қоштасып, арман-
да  кететін,  мөлдір  махаббатты  зұлымдық 
мерт  ететін  жер.  Жанаттың  жырында  бұл 
мекен:  
Қособаның түбінде... 
Күн батқан шақ, 
Зулай  ұшты  сұр  жебе  зұлматты 
аңсап,  
Ту сыртыңа, боздақ-ай бұрылмадың, 
Өкінбес  пе  ек...  соңғы  сөз  тыңдап 
қалсақ... (3, 138 б.), - деп эпостағыдай етіп 
суреттеледі.  Ту  сыртынан  қадалған  жау 
оғынан  қаза  тапқан  Төлегеннің  ажалы  да 
нанымды  бейнеленген.  Дегенмен  келесі 
жолдардағы: 
Жат тақымда боз жорға келеді аңдап,  
Бір үмітті мың күдік келеді арбап,  
Қособаның түбінде арман қалған 
Аңдаусызда... аңдыған жебе қандап... 
(3,  139  б.),  -  деген  ойлардан  мерт  болған 
Төлегеннің  бейнесі  арқылы  лирикалық  қа-
һарманның  үзілген  үмітінің,  орындалмаған 
арманының  сөз  болып  отырғанын  аңға-
рамыз.  
«Ту  сыртымнан  Көкжорға  кісінеді» 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет