Вестник Казахстанско-Американского



жүктеу 5.1 Kb.
Pdf просмотр
бет6/53
Дата25.04.2017
өлшемі5.1 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
29 
лық  тіршілікті  еске  салар  мұнда  ештеңе 
болмаса да, тағдыр тәлкегі қуалап батыстан 
әкелген  адамды  осынау  сұлулықтың  өзі-ақ 
тәнті етер еді... Бұл бір ғажап көрініс: олар 
көш  кезінде  жасана  киінеді,  ең  әдемі 
киімдер,  әсіресе  байлардың  алтын  зерлі 
шапандарын  осы  кезде  көруге  болады.  Да-
ла  кемесі  -  түйеге  мінген  қазақтардың  ыр-
ғаң-ырғаң  жүрісін  теңіздің  кемені  шайқа-
уына  балауға  болады.  Үйдің  ең  қымбатты 
қазынасы  салынған  дүние-мүліктер  түгел-
дей  түйеге  артылады.  Кедей-кепшіктің 
малдарды  айдаған  үндері,  иттердің  бір-
бірімен  таласып  ырылдасқандары  —  бәрі-
бәрі  қосылып,  көш  думанын  арттыра 
түседі» [9; 12, 27]. 
Тіл  аралық  көпір  ретінде  қызмет  ет-
кенде  ғана,  тілдегі  ғалам  бейнесі  мен  қор-
шаған  ортадағы  заттар  мен  құбылыстар 
бейнесі бір-бірімен байланыста, адам арқы-
лы  оның  ішінде,  тіл  арқылы  айқындық 
дәрежесіне түседі. Осыдан ғаламның тілдік 
бейнесінің  өзіндік  тарихи-қоғамдық  тәжі-
рибесін,  ұлттық  құндылықтардың  мәдени-
этникалық  болмысын,  рухани  құндылық-
тардың орнын байқауға болады. 
Осы  ретте  көш  бойындағы  әдемі 
құбылысты  көш  жүктерін  артқан  жа-
нуарлардың  әбзелдерінен  де  көреміз.  Көш 
түйесін  сәндеуді  тілімізде  «комдау»  деп 
атайды.  Қом  -  түйенің  өркешінен  төмен 
қарай  жайылатын  майлы  қыртыс  (ҚТТС). 
Көш түйесін қомдау - казақ тұрмысындағы 
әсем  көріністердің  бірі.  Қомның  өзіне 
түрлі-түсті  тоқылған  кілемдерді  пайдалан-
ған. 
Табиғатпен  жарасым  тапқан  қазақ 
халқының  көшпелік  өмірі  туралы  этно-
граф-ғалым Ө. Жәнібеков «Уақыт керуені» 
еңбегінде:  «Маусымдық  жайылымдарға 
көшіп-қону  қожалық  етудің  дала  жағдай-
ындағы  тиімді  түрі  болған.  Жолдың  қиын-
дығына  қарамастан,  жазғы  көш  малшы 
қауым  өмірінің  ең  бір  қызғылықты  кезеңі 
болған.  Мал  шүйгін  шөпке  семіріп, 
қоңданатын  да,  жұрт  марқаға  тойынып, 
қымыз  бен  сүт  ішіп,  ашық  аспан  астында, 
кәусар  ауада  бірнеше  ай  қамсыз-мұңсыз 
өмір  сүруге  мүмкіндік  алатын.  Жазғы 
жайлау  –  құда  түсіп,  қыз  ұзату,  ән-жыр 
әуелеп  төгілетін  ойын-сауық  маусымы 
болған.  Сондықтан  да  саржаздың  сән-
салтанатты  көші  ән-жырға  қосылып, 
тұрмыстық-салттық  дастандарда  майын 
тамыза жырланған», деп жазады [8; 35]. 
Көш  әсемдігін  арттыратын,  халқы-
мыздың  әсемдіктегі  танымын  әшкерелей 
түсетін  тағы  бір  бұйым  бар.  Ол  -  «көш 
сырмақ» деп аталады, яғни көші-қон кезін-
де түйеге артқан жүктің үстіне сәндік үшін 
жабылатын  сырмақ.  «Көш  сырмақтар 
көлемі  3-4  метрдей  көлемде  көштің  сәнін 
арттыру  мақсатымен  арнайы  жасалып, 
әдемілігі  жағынан  кілемнен  кем  түспеген. 
Оны  күнделікті  төсеніш  ретінде  пайда-
ланбаған,  тек  қажетті  жағдайда  ғана  төрге 
«бір  салар»  бұйым  ретінде  қолданған»  [10; 
18]. 
Қазақ  этносының  ғаламның  тілдік 
бейнесіндегі әсемдікке ұмтылған танымдық 
болмысын  көш  дәстүріндегі  бірқатар 
салттардан  тануға  болады.  Бұл  құбылыс 
қыз  ұзату  салтымен  байланысты.  Қыздың 
жасау-жабдығын  артқан  көшті  ата-бабала-
рымыз «қыз көші» деп атаған. Қыз ауылы-
нан  бір  көш  жер  шыққаннан  кейін  атаулы 
көш  «келіншек  көші»  деп  аталған. 
Келіншек  көшінің  келе  жатқанын  білетін 
жолдағы  ауыл  қыз-келіншектері,  жастары 
оны  тоқтатып  «түйем  ұрындық»  кәдесін 
алып,  батасын  беріп,  «жол  болсын»  айтып 
шығарып салады. 
Халық танымында қазақтың қыз ұза-
тудан  басқа  жаңа  туған  нәрестеге  ат  қою 
салтында  да  өзіндік  ырымдар  мен  әдет-
ғұрыптардың  сақталғанын  байқаймыз.  Сол 
есімдердің бірі көш салтымен байланысқан, 
ұлттық  мазмұны  бар  адам  есімдері.  Жаңа 
қонысқа жеткенге дейін көш бойы дүниеге 
келген  балаға  атам  қазақ  -  Көшежан, 
Көшер,  Көшбасар,  Көшбике,  Көшімбек, 
Көшім, Көшімбай сынды есімдерді қойған. 
Ғаламның  тілдік  бейнесі  -  әмбебап 
бірлік  ретінде,  тілдік  тұлғаға  тән  барлық 
қасиеттердің  айқын  суреті  ретінде,  тілдік 
тұлға ретінде өмір сүретін категория. Бұған 
субъектінің 
қоршаған 
ортаға 
деген 
бағалаушылық  позициясы  да  енеді,  ол  өз 
кезегінде  қоршаған  орта,  ұлттық  салт-
дәстүрлер, әдет-ғұрыптар т.т. тілдік тұлғада 
бағаланған түрге еніп бейнеленеді. Ол адам 
тіліндегі  ойлаудың,  танымның,  рухани 
болмыс–бітімінің,  мәдениеттік  құндылық-
тары  барлық  деңгей  мен  дәрежесін 
көрсетеді. 
Қорыта келгенде, ғалам бейнесі адам 

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
30 
санасында  тұтас  күйінде  қайталанып  өмір 
сүреді.  Оны  жүзеге  асыратын,  обьектив 
тендіретін форма да – тіл. Ол арқылы адам 
баласының тілі «адам - әлем» қатынасының 
нәтижесінде жалпы адамзат атаулыға ортақ 
әлемдік бейне, яғни «тіл – ойлау» бірлігінің 
көрінісімен  сипатталады  деген  оймен 
қорытындылауға болады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі 
дүниенің тілдік суреті. Филол. ғыл. докт. 
дисс. автореф. – Алматы, 2004. – 47 б. 
2.  Колшанский  В.Г.  Объективная  КМ  в 
познании и языке. - М., 1990. - 320 с. 
3.  Маслова  В.А.  Лингвокультурология.  –
М.: «Академия», 2001. – 202 с. 
4.  Смағұлова  Г.Н.  Мағыналас  фразео-
логизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. 
Алматы: Ғылым, 1998. – 292 б. 
5.  Жұбаева  О.Қ.  Кемеңгерұлының  тіл 
танымдық  мұрасы  мен  лингвистикалық 
тұжырымдамалары.  Филология  ғылым-
дарының кандидаты ғылыми дисс. Авто-
реф. - Алматы, 2004. – 30 бет. 
6.  Казыханова  Б.Р.  Эстетическая  культура 
казахского  народа.  -  Алма-Ата:  Казах-
стан, 1973. - 332 с. 
7.  Гумбольдт  В.  фон.  Язык  и  философия 
культуры. – М., 1985. - 350 с. 
8.  Жәнібек  Ө.  Уақыт  керуені.  -  Алматы: 
Жазушы, 1992. - 192 б. 
9. Залесский Б. Қазақ сахарасына саяхат. — 
Алматы: Өнер, 1991. -132 б. 
10.  Әлімжанова  А.  Қазақ  тіліндегі  әйел 
қолөнеріне 
байланысты 
халықтық 
лексиканың  этнолингвистикалық  сипа-
ты.  Филология  ғылымдарының  кандида-
ты  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін 
дайындалған  диссертацияның  автореф. 
Алматы, 2008. - 30 б. 
 
 
 
УДК 811.512.122 
Р. БЕРДІБАЙ – ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ 
Рахметоллина З.Т. 
 
Бүгінде  ел  атынан  ұлттың  сөзін  сөй-
лейтін  дуалы  ауыз  үркердей  абыздары-
мыздың бірі әрі бірегейі болып отырған, са-
налы  ғұмырын  халқының  өзіндік  болмыс-
бітімін  сақтап,  болашаққа  апару  жолын-
дағы ағартушылық қызметіне арнаған және 
осы  жолды  таңдаған  алдыңғы  толқын 
ағалардың  туған  елінің  жоғын  жоқтағаны 
үшін  қуғындатып,  талай  зобалаңды  басы-
нан  кешіргенін  біле  тұра  алған  бағытынан 
қайтпаған 
қайсар 
ғалым 
Рахманқұл 
Бердібайдың ғылыми еңбектерін, публици-
стикалық  туындыларын,  газеттерге  жазған 
мақалаларын, 
радиодан, 
теледидардан 
сөйлеген сөздерін, сұхбаттарын көзі қарақ-
ты оқырман қалт жібермейді. 
Сондағы  байқағанымыз  -  автордың 
қандай  тақырыпты  әңгімелесе  де  айтар 
ойының  түп  төркіні  елдік  мәселесіне,  ұлт-
тың  көкейкесті  проблемаларын  қозғауға 
барып  тірелетіні.  Өткенге  үңілсе,  тарихы-
мыздың  тереңнен  сыр  тартатын  тұмса 
байлығын,  қадым  заманнан  бастау  алатын 
әдебиетіміз  бен  өнеріміздің  кемелдігін 
толғай келіп, өзгеге тәуелді болған ондаған, 
жүздеген  жылдарда  осынау  асыл  қазына-
ларымыздың  аяқ  асты  болғанын,  сол  жау-
һарлар  табанға  тапталғаннан  кейін  халық-
тың  да  қағажу  көріп,  пұшайман  күйге 
түскенін,  кешегісін  бұлдыр  етіп,  тарихын 
белінен  сызып,  өзін  қаңғыбас  тобыр 
дәрежесіне  дейін  құлдыратқан  бодандық 
кезеңін,  сол  кезеңде  қазақ  деген  ұлттың 
өкілі екенін айтудан бетін басатын бүгежек 
ұрпақтың  өсіп  жетілгенін  оқырманға 
жүрегі сыздай отырып жеткізеді. 
Енді 
қайтпек 
керек 
дегенде, 
Құдайдан  күндіз-түні  тілеген  тәуелсізді-
гіміздің  тұсында  бітірер  шаруаларды 
мұрнынан тізіп береді. Олардың бір парасы 
- қазақ тілін дамытудың, қазақ мектептерін 
көбейтудің,  халық  музыкасын  өркенде-
тудің,  халық  ауыз  әдебиетін  тәрбие  құра-
лына  айналдырудың,  түркі  халықтарының 
қарым-қатынасын жандандырудың, егемен-
дігіміздің  іргесін  бекітуге  септігін  тигізер 
тағы  басқа  толып  жатқан  мәселелердің 
төңірегінде  өрбиді.  Осының  бәрі,  түптеп 

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
31 
келгенде,  ғасырлар  бойы  езіліп-  жаншыл-
ған  халқымыздың  бағзы  замандағы  қуат-
тылығын қалпына келтіруге, сөйтіп, бүгінгі 
ұрпақтың  бір  талайы  көз  жазып  қалған, 
ұмыт  бола  бастаған  салт-дәстүрімізбен,  ті-
лімізбен,  дінімізбен  қайта  қауышуға  қол-
ғабыс жасары сөзсіз. 
Жалпы,  әдебиет  майданына  өткен 
ғасырдың  елуінші  жылдары араласып,  сын 
саласын  өркендетуге  сүбелі  үлес  қосқан, 
әсіресе  қазақ  романының  қалыптасу,  даму 
жолдарын зерттеуде соны серпін танытқан, 
қазақ  фольклорына  жаңаша  көзқараспен 
қараудың  тың  үлгісін  көрсеткен  іргелі 
ғалым  әдебиетшілік  өнерді  қоғам  ісіне 
белсене  араласумен,  көп  адам  тілінің 
ұшында  тұрса  да  айта  алмайтын  ұлтқа, 
оның  өсіп-өркендеуіне  қатысты  зәру 
мәселелерді  қалам  ұшына  алумен  тығыз 
ұштастыра білді. Қайраткердің бұл бағытта 
табандылықпен  жүргізіп  келе  жатқан 
еңбегін  «Р.  Бердібай  феномені»  десек 
жарасады.  Өйткені  күреске  толы  саналы 
ғұмырында  мыңнан  астам  мақала,  отыздан 
астам  кітап  жазған  ғалым  шығармала-
рының  басым  көпшілігі  халқым  деп  тебі-
ренген  іңкәр  жүректің  елім  еңселі  болса 
екен  деген  арманынан  туған  ізгі  тілек-
терден,  қынжылыстардан,  құнды  ұсыныс-
тардан тұрады. 
Ғалымның шығармашылық өмірде ел 
мүддесі  жолындағы  осындай  табанды 
күрескерлікті  таңдауына  не  себеп  болды? 
Бәлкім  бұл  ана  сүтімен,  әке  тәрбиесімен, 
өскен  ортаның  тәлімімен  бойға  сіңген 
қасиетін  ер  жетіп,  оң-солын  тани  келе 
іздегенде, ата салтынан, қазақтық қалпынан 
біртіндеп  қашықтап  бара  жатқан  (дұрысы 
басқа  біреулер  қашықтатқан)  халқының 
мүшкіл  хәлін  көріп,  отқа  күйген  яки  суға 
батып  бара  жатқан  баласын  құтқаруға 
ұмтылған  жандай  болып  шырқыраған 
адамның  жан  айқайындай  жанашырлық  па 
екен?!  Әлде  ұлттың  өзіндік  болмыспен 
дамуына титтей де болса үлес қоссам деген 
ниеттің  бара-бара  дес  бермеген  үлкен 
мұратқа  айналуы  ма  екен?  Жоқ  әлде 
таңдаған  мамандығына  байланысты  қалам 
тербеу  барысында  қоғам  тіршілігіне 
қатысты  сан  алуан  проблемаларды  көтере 
жүріп  қайраткерлікке  бой  ұрғанын  өзі  де 
байқамай  қалды  ма?  Қалай  болғанда  да 
елінің  ертеңіне  елеңдеген,  беймаза  да 
бейнетқор, халқына адал осы бір перзенттің 
ұлт  мүддесін  бәрінен  жоғары  қойып,  сол 
жолды  өз  өмірінің  айнымас  шамшырағы 
етіп алғаны ақиқат. 
...  Әрбір  істің  өз  сәті  болады.  Р. 
Бердібайдың  «Қазақ  әдебиеті»  газетінің 
1956  жылғы  22  сәуірдегі  нөмірінде  жарық 
көрген  «Ең  үлкен  мәдени  байлық»  деген 
мақаласы  соғар  сағатын  күтіп,  саналы 
ұлдың  көңіл  түкпірінде  жатқан  екен. 
Соңынан 
халық 
арасында 
кеңінен 
талқыланып,  үлкен  қолдау  тапқан,  бұған 
керісінше 
авторы 
өкімет 
тарапынан 
қудалауға  ұшыраған  бұл  еңбектің  жазылу 
тарихы  да  қызық.  Тілші  бір  үлкен  кон-
ференциядан  ұлы  орыс  тілінің  халық-
тардың  өсіп-өркендеуіне  тигізіп  отырған 
орасан  зор  әсері  туралы  газетке  материал 
дайындауға  тапсырма  алады.  Бастапқыда 
орыс  тілінің  құдіретін  көрсетуге  арналып 
жоспарланған  мақала  ақырында  керісінше, 
қазақ  тілінің  өз  тұсындағы  бейшара  хәлін 
жұртшылық алдына жайып салады. 
Бұл  ешкім  күтпеген  тосын  оқиға  еді. 
Осы-дан  үш-төрт  жыл  бұрын  ғана 
партияның  бағытын  «дұрыс  түсінбеген», 
саясаттағы  «теріс  көзқарастары»  үшін  М. 
Әуезов  бастаған  қазақтың  бір  топ  ақын-
жазушылары  қуғындатып,  кейбіреулері 
итжеккенге  айдалып  та  кеткен  болатын. 
Мұны  көзі  ашық  азамат  білмей  отырған 
жоқ.  Өзінің  басына  да  сондай  зобалаңның 
тууы  мүмкін  екенін  түйсінді.  Бірақ 
қайсарлық,  халқына  жанашырлық  сезімі 
жеңді. Өйткені  орыс тілінде  оқыту кеңінен 
қолға 
алынып, 
жер-жерлерде 
қазақ 
мектептерінің  жаппай  жабылып  жатқан 
кезі  еді.  Қазақ  тіліндегі  газеттер  тек  орыс 
тілінен  аударылып  шығатын  сүреңсіз 
дүниелерге  айналды.  Мектептерде  қазақ 
тілі мен әдебиетін оқыту сапасы нашарлап, 
ол  жүрдім-бардым  істелетін  тірліктің  бірі 
болды. Орта мектепті қазақ тілінде бітіріп, 
жоғары  оқу  орнына  түсуге  талаптанған 
шәкірттердің  тауаны  шағылды,  бағы 
байланды. 
Осының 
бәрі 
жинақтала 
келгенде, жоғарыдағыдай батыл мақаланың 
жарық көруі заңды әрі халық үшін пайдалы 
еді.  Бірақ  ол  авторға  таяқ  болып  тиді. 
Партияның  республикалық  орталық  басы-
лымдарында  мақаланың  «зияндылығын», 
оның  авторы  Р.  Бердібайдың  «ұлтшылды-
ғын» әшкерелеген материалдар жарық көр-

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
32 
ді.  Мұның  соңы  авторды  жиналыстан  жи-
налысқа  сүйреген  кінәлауларға  ұласты. 
Сонда  да  айтқанынан  қайтқан  жоқ.  Өзін 
жиналысқа  салып  «Қателігіңді  мойында» 
деп  сілкілеп  жатқанда  көлгірси  алмай: 
«Шыны  солай  ғой»  дегені  ортағасырлық 
Еуропадағы  инквизиция  кезінде  Жердің 
Күнді айналып жүретінін ғылыми тұрғыдан 
дәлелдеп  бағуға  тырысқан  атақты  ғалым 
Галилео 
Галилейдің 
тағдырын 
еске 
түсіреді. 
Тіпті әдеби зерттеуге ден қойып, осы 
тұстағы  ізденістерінің  нәтижесінде  «Әде-
биет  және  өмір»,  «Қазақ  әдебиетіндегі  за-
мандас  бейнесі»,  «Қазақ  совет  әдебиетінің 
қалыптасуы»,  «Дәстүр  тағлымы»,  «Роман 
және заман», «Қазақ романы», «От легенды 
к  роману»,  «Қазақ  тарихи  романы», 
«Тарихи  роман»,  «Мұхтар  шыңы»  тәрізді 
еңбектерінде  де  ғалым  өзінің  бойындағы 
туа  бітті  халықшылдық  қасиеттерін  одан 
әрі  дамытып  қана  қоймай,  сол  кезеңнің 
жазылмаған  заңы  бойынша  күнделікті 
тіршілікте  қазбалай  беруге  болмайтын 
ұлтқа, оның тарихына қатысты мәселелерді 
халқына  тарихи  көркем  шығармаларды 
талдай  отырып  жеткізуді  мақсат  тұтқаны 
аңғарылады. 
Ғалымның  сыншылығына,  зерттеу-
шілігіне,  фольклоршылығына,  ұстаздық, 
қоғамдық  қызметтеріне  жеке-жеке  тоқта-
сақ, әрқайсысы іргелі ғылыми еңбекке жүк 
болар  еді.  Ол  әрине  болашақтың  ісі. 
Сондықтан  оның  өз  халқының,  сондай-ақ 
түркі тектес бауырлардың өткеніне, қазіргі 
тыныс-тіршілігіне 
және 
болашақтағы 
өміріне  қатысты  мәселелерді  тереңнен 
толғайтын  публицистикалық  туындыла-
рымен  жұртшылықты  неғұрлым  жақы-
нырақ таныстырмақпыз. 
Неге  десеңіз,  әдеби  ортаға  араласа 
бастаған  сонау  елуінші  жылдардан  бастап 
күні  бүгінге  дейін  Р.  Бердібаев  осы  бір 
жауынгер  жанрды  жанына  серік  ету 
арқылы  туған  халқының  зәру  мәселелерін 
көтеруден  бір  танбай  келеді.  Әр  кезде 
жазылып,  ел  өмірінің  сан  алуан  пробле-
маларын  қамтитын  мұндай  мақалалардың, 
очерктердің, 
жолжазбалардың 
көптігі 
сонша - қазір  олардың санын автордың өзі 
де білмейтін шығар. 
Ең  бастысы,  оларда  халықтың  бүгіні 
мен  болашағы  үшін  қажетті  көкейкесті 
пікірлер  айтылады.  Мысалы,  мектептерде 
ана  тілін  оқытуды  жақсарту,  терминоло-
гияны  реттеу,  қазақ  фольклорының  бай 
мұрасын 
пайдалану 
және 
олардың 
көптомдығын  бастырып  шығару,  қазақ 
тілінде іс қағаздарын жүргізуді жолға қою, 
ауыл  мәдениетін  көтеру,  орыс  тілінен 
аударма  болып  шығатын  газет-журнал-
дарды  дербес  басылымдарға  айналдыру, 
қазақша  энциклопедия  шығару,  республи-
калық  спорт  мектебіне  Қажымұқан  атын 
беру,  қазақша  басатын  машинка  шығару, 
әл-Фарабиге  Алматыда  ескерткіш  орнату, 
мәдени  мұраны  игеруге  байланысты 
республикалық комиссия құру, Ғылым ака-
демиясы  құрамында  қолжазба,  шығыстану 
институттарын  ашу,  республикада  Абай, 
М.  Әуезов,  С.  Сейфуллин  күндерін  өткізу, 
Наурыз  мерекесін  тойлау,  тіл  мерекесін 
өткізу,  Астана  қаласында  қазақ  мектеп-
терінің 
санын 
көбейту, 
Түркістан 
қаласының  құрылғанына  1500  жыл  емес, 
2000  жыл  толды  деп  тойлау,  Түркістан 
қаласын  рухани  астана  деп  ресми  түрде 
жариялау, 
Отырар 
шайқасының 
850 
жылдығын  атап  өту,  Алпамыс  жырының 
1000  жылдығын  атап  өту,  Түркістан 
халықтарының  арғы-бергі  мәдениеті  мен 
тарихын  таныстыратын  журнал  шығару, 
ғылымның  түрлі  саласындағы  ізденістерді 
бірлестіріп,  жоспарлы,  жүйелі  түрде 
зерттеулер 
жасайтын 
Орталық 
Азия 
академиясын  ұйымдастыру,  Түркістан  ха-
лықтарының  энциклопедиясын  шығару, 
Қазақстанда  ноғай  мәдениетінің  күндерін 
өткізу,  орхон  жазуларының,  дәлірек  айт-
қанда,  ежелгі  түрік  алфавитінің  мерекесін 
ресми  атап  өту...  Осылай  тізіліп  кете 
береді.  Бұл  ұсыныстардың  ішінде  назарға 
ілігіп,  ел  игілігіне  айналғандары  біршама. 
Айтылған  жерінде  қалып,  ескерілмей 
жатқандары  да  баршылық.  Бірақ  ол 
мойымайды.  «Көзге  ілмей  қойды  ғой 
демей,  айта  беру  керек.  Біреу  болмаса 
біреудің құлағына шалынып,түбінде кәдеге 
жарайды», - дейді. 
Әрине,  ғалымның  елу  жылдық  шы-
ғармашылық  қызметінде  жазған  туынды-
ларының  бәрі  де  -  мейлі  ол  әдеби  сын 
болсын, мейлі ол ғасырлар қойнауынан сыр 
тартқан  фольклорлық  зерттеулер  болсын, 
мейлі  ол  заманының  өткір  мәселелерін 
қозғайтын  публицистика  болсын,  мейлі  ол 

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
33 
сан  алуан  қоғамдық  істер  атқару  бары-
сында  мінбелерден  айтылған  пікірлер, 
симпозиумдарда, конференцияларда жасал-
ған  ғылыми  баяндамалар  болсын,  бір-ақ 
нәрсеге  -  халқының  тарихын  тануға,  мәде-
ниетін  кемелдендіре  түсуге,  жадын  ұш-
тауға,  ұрпақ  сабақтастығының  сақталуына 
қызмет етеді. 
Мәселеге  осы  тұрғыдан  келгенде, 
ғалымның  журналистиканың  жауынгер 
жанры  публицистиканы  өзінің  негізгі 
ғылыми жұмыстарымен қатар алып жүруі - 
тегеурінді 
талант 
иесінің 
ғылыми 
зерттеулер  жүргізудегі  байыптылығын, 
тереңдігін,  жазудағы  ой-қиялының ұшқыр-
лығын  ғана  емес,  сонымен  бірге  оның 
педагогикалық  -  ағартушылық  дарынды-
лығын да көрсетеді. 
Бұған  оның  соңғы  жылдары  жарық 
көрген  «Байкалдан  Балқанға  дейін»,  «Ел 
боламыз  десек...»,  «Жұлдыздар  жарығы» 
деген  туындыларын  оқу  арқылы  тағы  бір 
көз  жеткізуге  болады.  Бұларда  автор 
егемендік  алған  елінің  ертеңі  еңселі  болу 
үшін  атқарылар  істерді  көлденең  тартады. 
«Дос  жылатып  айтады,  дұшпан  күлдіріп 
айтады»  деген  нақылға  сәйкес  халқы-
мыздың  басына  төніп  тұрған,  келешекте 
асқынып  кетуі  айдан  анық  қасіреттердің 
атын  атап,  түсін  түстеп  көрсетеді.  Өмір 
сүріп  отырған  табиғи  ортаны  ядролық, 
ракеталық 
жарылыстар 
зардабынан 
тазарту,  тілімізге  толық  «теңдік»  әперу, 
елдік  дәстүрді  жас  қауымның  бойына 
сіңіру,  діни,  имандылық  тәрбиесін  жүйелі 
түрде  жүргізу  секілді  көкейкесті  мәселе-
лерді 
қозғайды. 
Автор 
аталған 
проблемаларды  шешуге  мемлекет  тарапы-
нан  шын  жанашырлық  тұрғыдан  көмек 
көрсетілмесе,  мұның  ұлтымыздың  келеше-
гіне  тигізер  залалының  зор  екенін  де 
жасырмайды. Ғалымның жоғарыда аталған 
кітаптарымен,  баспасөзде  жиі  жарық  көріп 
тұратын  және  басқа  да  публицистикалық 
туындыларымен  танысқан  адам  оның 
бойындағы  халқына  деген  шексіз  махаб-
батты, отанына деген өте күшті патриоттық 
сезімді,  арысы  жалпы  адамзатқа,  берісі 
бауырлас  халықтарға  деген  асқан  мейір-
бандықты  қапысыз  аңғарады.  Осы  қасиет-
тердің  әрқайсысы  жеке  адамнан  табыл-
ғанның  өзінде  қоғам  үшін  зор  байлық 
екенін  ескерсек,  осындай  баға  жеткісіз 
игіліктердің  бір  адамның  жүрегінде  орны-
ғуын  ерекше  бір  құбылыс  ретінде  қарас-
тырғанымыз  орынды.  Себебі,  әлгіндей 
сипатты  қасиеттер  бір  арнаға  тоғыспаған 
жерден  адам  жанын  тебірентіп,  өзіне  ерік-
сіз  бас  идірер  сөздің,  тәрбиелік  мәні  зор 
пікірдің  шығуы  екіталай.  Тек  үлкен 
жүректі,  ізгі  тілекті,  тал  бойына  халқының 
көксеген  арманын  жинақтаған  адам  ғана 
осылай сөйлей алса керек. 
Ғалымнын түркі тілдерінде сөйлейтін 
отызға жуық ұлттар мен ұлыстардың тари-
хи-этностық  және  мәдени  байланыс-
тарының  тамырластығы  жан-жақты  әрі 
ғылыми 
тұрғыда 
дәлелді 
талданып, 
шұрайлы  тілмен  байыпты  әнгімеленетін 
«Байкалдан  Балқанға  дейін»  деген  кітабын 
оқығанда  бұған  және  бір  көз  жеткізгендей 
боласың. 
Бүкіл  адамзатқа  ортақ  гуманистік 
идеяларды  бұрын-соңды  жазған  еңбекте-
рінің  бәрінде  де  ұстанып  келген  және  оны 
кеңінен  насихаттаған  автор  осы  игі 
көзқарасын  барлық  шығармаларында  да 
жалғастырады.  Жан-жүрегі  адамгершілік 
пен  мейірбандықты  қалайтын,  өз  халқы 
ғана  емес,  басқа  халықтар  да,  барша 
адамзат  та  бақытты  болса  екен,  адам 
адамды  қанамаса  екен,  жауыздық  біткен 
жер  бетінен  жойылса  екен  деп  тілейтін 
нағыз  ізгі  ниетті  адамның  аузынан  шыға-
тын сөзді қайталайды. 
Осындай ізгі ниет, бауырмалдық, бір 
кезде тұтасып отырған, тілі де, тілегі де бір, 
салт-дәстүрі  де  ұқсас  түркі  жұртының 
заманалар  желінің  әсерімен  бөлшектеніп 
кеткен,  өзіндік  бет-бейнесін  жоғалта 
бастаған  бүгінгі  мүшкіл  хәліне  деген 
жанашырлық,  түрік  тектес  түгел  бол 
дегендей  ой  желісі  кітаптың  өн  бойынан 
байқалады.  Автор  мәңгілік  қарлы  өлке 
Саха  елінде  болса  да,  Алтай  жұртын 
араласа да, ұйғыр мәдениетіне зер салса да, 
хакастардың  эпосын  зерттесе  де,  тува 
(тоба)  халқының  өткеніне  үңілсе  де, 
қырғыз халқының әлемге аты мәлім жыры - 
«Манаста»  айтылатын  көзқамандар  туралы 
ой  толғаса  да,  өзбек  халқымен  туыстық 
байланыс  тамырларын  әңгімелесе  де, 
қарақалпақ  фольклорының  негізінде  қара-
қалпақ  пен  қазақ  халықтары  тарихының 
ұқсастығын 
дәлелдесе 
де, 
түрікмен 
әдебиетіне  шолу  жасаса  да,  қазақ  пен 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет