Вестник Казахстанско-Американского



жүктеу 5.1 Kb.
Pdf просмотр
бет11/53
Дата25.04.2017
өлшемі5.1 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
57 
ретін  орта  -  мәдениет  және  социум.  Сон-
дықтан  соңғы  кездері  тіл  білімінде  тілдегі 
жаңа  бір  деңгейді,  нақты  айтқанда,  мәде-
ниет деңгейін бөліп алу қисыны пайда бол-
ды, бұл көзқарас мәдениет  деңгейі арқылы 
заттанады деген пікірді ұстанады. Сондық-
тан,  мәтінді  лингвистиканың,  әдебиеттің 
бір  бөлшегі  ретінде  тану  аз.  Мәтін 
бірліктері  мәдениет  деңгейінің  құрамында 
жүреді,  яғни  төменгі  және  өзінен  жоғары 
деңгейдің  бірліктері  арасында  байланыс 
болуы  керек  деген  қағида  сақталады,  яғни 
тіл  заңдылығына  сәйкес  қалыптасқан 
иерархиялық  қатынастың  талаптарына  мә-
тін бағынады. 
Сонымен  «Мәтін  –  тіл  жүйесіндегі 
өзіндік  мәні  мен  болмысына  сай,  сөйлем-
дердің  жай  ғана  тізбегі  емес,  мағыналық 
құрылымдық күрделі тұлға. Ол логикалық, 
грамматикалық,  мағыналық  байланыстарға 
негізделген, тиянақты мазмұнға ие біртұтас 
қарым-қатынас бірлігі» [4, 102]. 
Студенттердің  білімін  кеңейтуде  мә-
тіннің  алатын  оны  ерекше.  Мысалы, 
«Морфологиялық 
норма,  оның  тілдік 
негізі»  деген  тақырыпты  алсақ,  онда 
студент  сөздерді  орынды,  дұрыс  қолдану 
жайлы мағлұмат алады. Тұтас бір мәтін бір 
ғана мәселеге арналады. Ең алдымен, тілдің 
морфология  саласы  қандай  мәселелерді 
қарастыратындығы айтылады. Нәтижесінде 
студенттер  морфология  курсынан  алған 
білімдерін  жаңғыртады,  естеріне  түсіреді. 
Негізгі  көңіл  аударатын  мәселе  морфоло-
гиялық  норма  мен  морфологияның  қалып-
тасқан  заңдылықтарының  бір-біріне  қаты-
сы.  Яғни  норма  –  жүйе  –  дағды  мәселесі 
нақтыланады. Мысалы, студенттерге мына-
дай проблемалы мысалдар беруге болады: -
ла,  -ле,  -да,  -де,  -та,  -те  қосымшасы  есім 
сөздерден  етістік  тудыратыны  белгілі. 
Осыған  орай  аяқ-та,  бас-та,  су-ла,  ау-ла, 
шөл-де  деп  қолдана  береміз.  Ал  неге 
кірпікте, 
соғымда, 
кітапта 
деп 
қолданбаймыз? Оның себебін Н.Уәли: «бұ-
лай  деу  жүйеге  қайшы  болмағанымен, 
дағдыда жоқ», - деп түсіндіреді [5, 79]. Де-
мек, белгілі бір қолданысты норма деп тану 
үшін  оның  тілдік  дағдыға  айналуы  тиіс 
екен.  Осы  сияқты  мысалдарды  студенттер 
көптеп  келтіреді.  Айталық,  жүйе  бойынша 
сан  есімдерге  қосымша  -ыншы,  -  інші  (-
ншы,-нші)  түрінде  жалғанады:  бірінші, 
бесінші,    алтыншы  т.т.  Ал  тілдік  дағдыда 
жиырмасыншы деген қолданыс бар. Оның 
себебі  неде?  Оның  себебі  тілдік  жүйеден 
тілдік дағдының басым болуы. Сабақ бойы 
студенттер  тілдің  жүйесі  мен  тілдік  дағды, 
олардың  бір-бірімен  байланысы,  нәти-
жесінде дағды тілдік жүйеден үнемі басым 
түсе бермейтіндігін, екі түрлі қолданыстың 
қатарласа  жұмсалуы  нәтижесінде  біреуінің 
халықтық  сипат  алып,  қолданыста  қалуы, 
екіншісінің  тілдік  қолданыстан  ығыса 
бастайтынын түсінді. 
Сонымен  қатар  мәтінге  лингвисти-
калық  талдау  әдісінің  де  студент  үшін 
маңызы  зор.  Лингвистикалық  талдаудың 
мақсаты  –  негізінен  тілдік  норма,  оны  дұ-
рыс қолдану, нормадан жөнді-жөнсіз ауыт-
қулардың  сипатына  тоқталу.  Лингвисти-
калық  талдауға    берілген    сөйлемдерден 
тілдік  нормадан  ауытқуларды,  түсініксіз 
сөздерді  тауып,  мәнін  ашу,  дұрыс  қолда-
нысын табу. 
Жалпы  алғанда  белгілі  бір  ақпарат 
алып, білім жинақтауда мәтіннің атқаратын 
ролі зор. Бірақ оны жүйелі түрде белгілі бір 
әдістеме негізінде жүзеге асырған жөн. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі ІХ том. – 
Алматы:  Қазақ  ССР-інің  «Ғылым»  бас-
пасы, 1986. – 560 б. 
2.  Омарбекұлы  Қазақ  тіл  білімінің  өзекті 
мәселелері.  -  Алматы:  «Арыс»,  2007.  - 
312 б. 
3.  Құрманова  Н.,  Мухлис  К.  Текст  тео-
риясы  мен  әдістемесі.  -  Алматы,  2000.  – 
114 б. 
4.  Шалабай  Б.  Мәтінді  зерттеудің  ғылыми 
негіздері Ұлағат. - 2007. - №10. - 80-87 б. 
5.  Уәли  Н.  Қазақ  сөз  мәдениетінің  тео-
риялық  негіздері.  -  Докторлық  диссер-
тация  қолжазбасы. - Алматы, 2007. 
6.  Балақаев  М.  Қазақ  тілі  мәдениетінің 
мәселелері. – Алматы, 1965. 
 

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
58 
УДК 811.512.122’1 
ҚАЗАҚ АУЫЗША ӘДЕБИ ТІЛІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН НОҒАЙЛЫ 
ЭЛЕМЕНТТЕРІ 
Симбаева С. 
 
Жалпы  әдеби  тіл  анықтамасы,  оның 
арналары  туралы  С.  Аманжоловтың  «Воп-
росы  диалектологии  и  истории  казахского 
языка»,  С.  Исаевтың  «Қазақ  әдеби  тілінің 
тарихы»,  Р.  Сыздықтың  «Қазақ  әдеби  тілі-
нің  тарихы»  еңбектерінде  айтылды.  Деген-
мен, тіліміздің табиғи болмысын толық та-
ныту  үшін  оны  көптеген  қырынан  талдап, 
зерттеп көрсету қажет болды. Ол үшін тілді 
зерттеудің  жаңа  бағыттарын  енгізу  кезек 
күттірмейтін  іс  еді.  Міне,  осындай 
мүмкіндікке ХХ ғасырдың соңында болған 
саяси-экономикалық  өзгеріс  нәтижесінде 
қол  жетті  деуге  болады. Сөз етіліп  отырған 
ғасырдың  соңғы  он  жылдығы  бұрынғы 
Кеңестік  ареалдағы  мемлекеттердің  ұлттық 
бет-бейнесін нақтылаумен ерекшеленеді.  
Осы  уақыт  аралығында  қазақ  тілін 
зерттеудің жаңа бағыттары өріс ала бастады. 
Тіл тарихын жүйелеуде де тың пайымдаулар 
белең алды. С. Исаевтың «Қазақ әдеби тілі-
нің  тарихы»,  Р.  Сыздықтың  «Қазақ  әдеби 
тілінің  тарихы»  еңбектеріндегі  дәуірге,  ке-
зеңге бөлуге, оған сипаттама беруге байла-
нысты айтылған ойлар қашан да құнды бо-
лып табылмақ. Себебі бұл еңбектерде қазақ 
әдеби  тілінің  қалыптасу  жолы  тұтастай 
сипатталған.  Дегенмен,  профессор  Б.  Мо-
мынова  айтқандай:  «Қазақ  әдеби  тілінің 
тарихы»  бір  қарағанда  еш  қиындықсыз 
меңгерілетін  пән  сияқты  көрінуі  әбден 
мүмкін.  Бірақ  ондай  пікір  шындыққа  сай 
келмейді,  өйткені  жеке  пән  болып 
табылатын  қазақ  әдеби  тілінің  проблема-
лары  жеткілікті,  оларға  тереңдеп  бару  да 
оңай шаруа емес» [1, 3 б.].  
Тілдегі  әрбір  құбылыс  белгілі  дәре-
жеде  басқа  құбылыстармен  тығыз  байла-
нысты. Тілдік құбылыстар арасындағы бай-
ланыстар  мен  олардың  сипаттары  тарихи 
жағдайларға  байланысты  құбылып  өзге-
реді.  XV  ғасырда  түркілік  тұтастық  бөл-
шектенуге  ұласып,  Еуразия  қос  құрлы-
ғында  түркі  тектес  ұлттар  өзіндік  этни-
калық тұлғасын даралай бастаған еді.  Ұлт-
тық даралану мен этностенудің (этнизация) 
шыңдалуы  жалпы  адамзаттық  дамумен 
байланысты  болғандықтан,  бұл  үдеріс  тек 
түркі  тектес  емес,  әлемнің  басқа  халық-
тарына да ортақ болды.  
Алтын  Орданың  сынықтары  сияқты 
Ақ  Орда,  Көк  Орда,  Сары  Орда  (Сырлы 
Орда)  атанған  хандықтардың  бәрінде  де 
осы күнгі қазақ халқының құрамындағы ру-
тайпалар  болды.  Осынау  тарихи  ұлы 
саралану  барысында  өзінің  ата  жұртында 
қазақ  халқы  да  ел  болып  іргесін  айырып, 
ұлт  болып  шаңырақ  көтерген.  Сөйтіп,  бұл 
кезең  қазақ  хандығы  құрылып,  дербес 
мемлекеттің  нығая  бастаған  дәуірі  болды. 
Осы  кезден  бастап  қазақ  халқы  мәдение-
тінің  де  өзіндік  беті  айқындала  түсті.  Ол, 
әсіресе,  халықтың  тілінен,  әдебиетінен  ай-
қын сезілер еді. Осылай басталған даралану 
нәтижесінде  қазақ  елі  халық  ретінде,  ұлт 
ретінде  өзінің  дербестігін  300  жылдай 
сақтап келді.  
Белгілі  тарихи  жағдайларға  байла-
нысты  осындай  тағдырдың  тамаша  сыйы-
нан  айырылып  қалған  кезеңдерде  халық-
тың  тұтас  мәдени  үдерісін  құрайтын  тілі 
мен  әдебиеті  де  үлкен  өзгерістерге 
ұшырады.  Аккультурация  ықпалынан  ұлт 
тарихында,  оның  мәдениеті,  соның  ішінде 
тілінің  тарихында  бос  орындар  пайда  бол-
ды. Олай дейтін себебіміз, Кеңестік дәуірде 
мектепте  оқытылатын  Қазақстан  тарихы 
атты  пәннің  көлемі  қазіргі  осы  салаға 
арналған  еңбектердің  бір  тарауына  да 
жетпейтін  еді.  Бүкіл  бір  ұлт  тарихын 
танытатын  пәннің  жағдайы  осындай 
болғанда,  оның  тілін  егжей-тегжейлі  зерт-
теп,  баға  беру  үшін  көптеген  қиындықтар 
мен кедергілерді жеңуге тура келді. Ұтжан-
ды  лингвист-ғалымдарымыздың  еңбекте-
рінің  нәтижесінде  қазақ  әдеби  тілінің  та-
рихы  зерттеліп,  ғылыми  тұрғыдан  негіз-
делді. 
Тілдегі болып жатқан өзгерістер, бел-
гілі бір тілдік құбылыстың өшіп, екінші бі-
реуінің  туып,  жандана  бастауы  ешбір  се-
бепсіз  болмайды.  Әр  заманның  ағымына 
қарай  жанрлардың  өсетіні,  өнетіні,  жоға-
лып  жаңадан  қайта  туатыны  бар.  Белгілі 

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
59 
кезеңдегі жаңалық, өзгерістер жалпы тілдің 
дамуы барысынан, қоғамдық қажеттіліктен, 
тілдің  ішкі  заңдылықтарының  негізінде 
туып  отырады. Тілдің  белгілі  бір  кезеңдегі 
тармағын зерттегеннің өзінде де, ол жалпы 
тілдің  даму  заңдылығына  бөлінбей,  сол 
дамудың  желісінде  қаралады.  Зерттеуші  Р. 
Будаговтың пікірінше, «тілдің дамуы оның 
өткен  кезеңінен  ғана  емес,  қазіргі  сәтінен 
де  байқалады,  тілдегі  тарихи  құбылыстар 
оның қазіргі сәтінен көрініп отырса, қазіргі 
дәрежесіне 
жетуі 
тарихи 
дамуынан 
танылады» [2, 17 б.].  
Сондықтан  да  ұлт  тарихында  көрініс 
берген  әрбір  оқиға,  әрбір  кезеңнің  өзіндік 
ерекшелігіне мән бермеу дұрыс емес. Қазақ 
халқы  да  ұлт  болып  ұйысып,  ел  болып 
етек-жеңін  жиғанда  дейін  бірнеше  тарихи 
оқиғаларды басынан кешіріп, көптеген бір-
лестіктердің  құрамында  болды.  Халқы-
мыздың  тағдырында  өзіндік  орны  бар 
осындай  бірлестіктің  бірі  ретінде  Ноғай 
ордасын  айтуға  болады.  Ноғай-қыпшақ 
консолидациясына  кірген  ұлыстардың  тілі 
мен қазақ әдеби тілі арасындағы сәйкестіктер 
мен  ортақтықтардың,  олардың  арасындағы 
жалғастық  дәстүрдің  бар  екенін  көрсетіп, 
қазақ ауызша әдеби тілін қалыптастырудағы 
мұның  рөлін,  оған  қандай  дәрежеде  негіз 
болғанын  ашу  қажет.  Бұндай  қажеттілік 
бүгінгі  күн  талабынан  туындап  отыр.  Қазақ 
тілінің  мемлекеттік  тіл  мәртебесінде  дамуы 
кезінде  бұндай  қажеттілік  мәтін  таным  негі-
зінде  диахрония  мен  синхронияда  салыс-
тырмалы  талдау  әдісімен  тіл  дамуының 
динамикасын анықтауға мүмкіндік береді.  
ХІV-ХV  ғғ.  қазақ  поэзиясы  Ноғай 
Ордасында  туындап,  кейінгі  дәуірлерде 
осы  дәстүрлерді  ұстанғандықтан,  сол  аре-
алда  болған  қазіргі  ұлттардың  тілімен  са-
лыстыра зерттеу өзекті болып табылады.  
Ноғай  Ордасына  қараған  тайпалар 
қыпшақтар  болды  және  сол  тілде  сөйледі. 
Ал  қыпшақ  тілі  -  түркі  тілдерінің  бір 
бұтағы. Түркі тілдері арасындағы байланыс 
пен  ұқсастықтарды  анықтау  және  оларды 
жіктеу  –  тек  лингвистика  үшін  ғана  емес, 
басқа  ғылым  салалары  үшін  де  маңызды 
мәселе. 
С.Е. Маловтың классификациялауын-
ша  қыпшақ-ноғай  бұтағына  енетін  тілдер 
ең жаңа, яғни дамыған, жетілген, жаңарған 
түркі тілдеріне жатады. Ол тілдердің пайда 
болып,  қалыптасу  уақыты  Алтын  Орда 
мемлекетінің  ыдырау  дәуіріне  сәйкес 
келеді.  
Жалпы  Ноғай  Ордасы,  ноғайлының 
тегі,  жері  мен  елі,  рухани  өмірі,  экономи-
касы  мен  шаруашылығы  туралы  тарих 
ғылымында  зерттеу  еңбектер  жеткілікті, 
әсіресе,  соңғы  жылдары  осы  тақырыпқа 
тереңдеп бару кең өріс алып отыр.  
Қазақ  әдебиеті  тарихында  да  осы 
мәселені  сөз  еткен  еңбектерді  кездестіруге 
болады.  Ноғайлы  дәуірі  әдебиеті  туралы 
алғашқылардың  бірі  болып  Шоқан  Уәли-
ханов ХІХ ғ. сөз еткен еді. Ол өзінің еңбек-
терінде  қазақтың  батырлық  эпосы  Ноғай 
ордасы  заманында  туған  деп  тұжырым-
дайды [3, 138 б.] Бұндай қорытынды жасау-
ға көп жырларда Ноғай ордасы кезінде жа-
саған  кейбір  тарихи  адамдардың  аты  ата-
луы  себеп  болса  керек.  Және  Шоқан  Тор-
ғай  даласынан  «Ер  Көкше»,  «Едіге», 
«Орақ» жырларын жазып алады.  
Қазақ эпосының, оның ішінде ноғай-
лы  дәуіріне  қатысты  эпостың  тарихилығы 
туралы да алғаш пікір айтқан Шоқан бола-
тын.  Оның  еңбектерінде  қазақ  түсінігінде 
«ноғайлармен көрші отырған кездері алтын 
заман»  болғандығы,  осы  дәуірде  тарихта 
өмір  сүрген  Едіге,  Тоқтамыс,  Орақ,  Ер 
Көкше  т.б.  қайраткерлердің  қазақ  жырла-
рынан кең орын алғандығы арнайы сөз бо-
лып,  бұл  есімдердің  тарихилығына  ерекше 
мән береді.  
Кейіннен  Сәкен  Сейфуллин  осындай 
жағдайларды  ескере  келіп,  эпикалық  аң-
сыздауларға  «Ноғайлы  дәуірінің  туынды-
лары»  деп  сипаттама  берге  [4,  138  б.]. 
Автордың  бағдарлауынша,  біздегі  эпостық 
жырлардың  көпшілігі  қазіргі  қазақ  атанып 
отырған рулар «Ноғай», «Ноғайлы» атанып 
жүрген  замандағы  Ноғай,  Ноғайлы  батыр-
ларын әңгімелеген.  
Қазақтағы  батырлар  жырының  дені 
«Ноғайлы дәуірінде туды» дей келе, пікірін 
дәлелдеу  үшін  сол  дәуір  жайында  тарихи 
деректер  келтіреді.  Сонымен  қатар  жыр-
лардың  Ноғайлы  дәуірінде  туғандығын 
көрсету үшін бірнеше жырдан («Қозы Көр-
пеш  –  Баян  сұлу»,  «Қамбар  батыр»,  «Ер 
Сайын»,  «Қобыланды  батыр»,  «Ер  Тар-
ғын», «Ер Көкше», «Жабай батыр» т.б. сө-
зіне дәлел ретінде үзінділер алады.  
Сәкен  еңбегінде  қазақта  эпостық 

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
60 
жырлар  тек  «Ноғайлы  дәуірінде»  туған 
деген  пікір  баса  айтылады.  Әрбір  шығар-
маның тарихын тәптіштеп зерттеген уақыт-
та  С.  Сейфуллин  тың  ғылыми  тұжырым 
жасап  отырған.  Қазақ  эпосын  ұлы,  кіші 
батыр деп топтауға болмайтындығын және 
оларды  белгілі  бір  елдің  басы  бүтін 
иемденуіне,  бауыр  басуына  тарихи  негіз 
жоқ  екендігін  ашық  айтады.  «Қазіргі 
Қырым,  Астрахань,  Қазан,  Еділ  бойлары, 
Башқұртстан,  Өзбекстан,  Қарақалпақ  және 
басқа  жерлердегі  түркі-монғол  руларының 
ол  заманда  ноғайлы  елі  атанғандары  – 
ертедегі  ноғайлы  батырлары  туралы 
айтылған  жырларды,  әңгімелерді  «біздікі 
еді»  десе,  –  айтуларына  болады.  Олай 
айтуға  хақылары  бар.  Ноғайлы  заманын-
дағы ноғайлының батырлар әңгімесіне бәрі 
де ортақ деуге болады. Оларға қазіргі қазақ 
та ортақ» деген пікірін тарихи деректермен 
дәлелдеп  айтып,  әр  батырдың  шыққан 
тегіне үңіледі.  
Сәкен  өз  тұжырымдарын  бекіте 
түсетін  мағлұматтарды  түркі  тілдес  елдер-
дің шығармаларын көп жинап, өзінің түйін-
ді  пікірін  айтқан,  бүкіл  шығыстану  ғылы-
мына  үлкен  үлес  қосқан  В.  Радловтың, 
қазақ  ауыз  әдебиетін  зерттеу,  жариялау 
саласында  еңбек  еткен  Ә.  Диваевтың атта-
рын зор ілтипатпен атап, қажетті жағдайда 
пайдаланып отырады [5, 161 б.].  
«Ноғайлы  эпосы»,  «ноғайлы  әде-
биеті»  сияқты  ұғымдардың  қазақ  әдебиеті 
тарихында  қалыптасуына  ХХ  ғ.  Қ.  Жұма-
лиев, Ә. Марғұлан, Н.С. Смирнова, М. Ма-
ғауин,  Б.  Кенжебаев  сияқты  әдебиет  зерт-
теушілері  қомақты  үлес  қосты.  Мысалы, 
«Ер  Төстік»,  «Жиренше  шешен»,  «Алдар 
Көсе» т.б.  ертегі, аңыздар мен «Алпамыс», 
«Қобыланды  батыр»,  «Қамбар  батыр»,  «Ер 
Тарғын»,  «Ер  Қосай»,  «Ер  Сайын»,  «Еді-
ге», «Қырымның қырық батыры», «Ер Жа-
бай»,  «Ер  Шора»,  «Орақ-Мамай»  сияқты 
эпостық жырлар – сол ноғайлы заманының 
мұралары  екенін  айтады.  Ежелден  аттары 
әйгілі  болып  келген  қазақ  жырауларын  ел 
ноғайлы  немесе  ноғайлыдан  шыққан  деп 
аңсыздайды.  Мысалы,  Тоқтамыс  хан 
тұсында  өмір  сүрген  ноғайлының  Сұрғыл-
тайұғлы  Сыпыра  жырау,  Жәнібектің  тұс-
тасы  Асанқайғы  мен  Жиренше  шешендер 
ноғайлы  елінен  шыққан.  Ел  аузында 
сақталған бір өлеңде:  «Тегінде ноғай-қазақ 
түбіміз  бір,  Алтай,  Ертіс,  Оралды  қылған 
дүбір...»  делінуі  тегін  емес.  Қазтуған, 
Доспамбет,  Шалкиіз  жыраулардың  қай-
қайсысы  да  ноғайлы  елі  атынан  сөйлеп 
отырады.  Олардың  шығармаларында  «Но-
ғайлының ауыр жұрт», «Орманбет би өлген 
күн,  он  сан  ноғай  бөлген  күн»,  Шалкиіз 
«Қара  ханға»,  «Ер  Шобан»,  «Темір  биге» 
толғауларында  аталатын  тоғыз  батырдың 
бәрі  де  ноғайлының  аты  шулы,  аруақты 
ерлері  боп  баяндалады.  Демек,  жоғарыда 
аталған Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазту-
ған,  Доспамбет,  Шалкиіз  жыраулар  жаса-
ған ХІV-ХVІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы 
түгел  дерлік  ноғайлы  дәуір  әдебиетіне 
жатады.  
Ал қазақ әдеби тілінің тарихы туралы 
сөз  болған  еңбектерде  аталмыш  дәуірдің 
әдеби үлгілері белгілі бір кезең немесе дәу-
ір  есебінде  қарастырылмайды.  Тек  ақын-
жыраулар  шығармашылығы  қазақ  әдеби 
тілін танытатын үлгілер ретінде беріледі.  
Профессор  Б.  Момынова  ғана  Алма-
ты:  «Атлас  баспасы  –  2001»,  2006  ж.  Жа-
рық  көрген  «Қазақ  әдеби  тілінің  тарихы» 
еңбегінің  «ХV-  ХVII  ғасырлардағы  қазақ 
әдеби  тілі»  тарауындағы  «Ауызша  әдеби 
тіл  және  ноғайлы  элементтері»,  «Ноғайлы 
дәуірі  және  дәуірдің  негізгі  мұрасы»  тақы-
рыптарында сөз етеді.  
Жалпы, Ә. Сарайдың сөзімен айтқан-
да:  «Ноғайлы  –  халқымыздың  тарихи  бел-
белестерінде  жүріп  өткен  бір  кезеңі.  Ғұн 
дәуірі,  түркі  дәуірі  сияқты,  ол  да  тарихы-
мыздың  бір  қатпары.  Ноғайлы  –  түркіге 
қарағанда  уақыт  жағынан  кейінгі  ұрпақ 
бізге  бір  табан  жақын,  сондықтан  да  улы-
шулы  ол  заманның  кескілескен  ұрыстары-
ның  даңғыры,  қаһармандарының  келбеті, 
бір  төбенің  шаңын  бір  төбеге  қосқан  тұл-
парларының  шабысы  көз  алдымызға  анық 
келіп,  абыздар  мен  жыраулардың  мұңды 
қоңыр үндері, замана шерін шерлеген қара 
қобыз, қара домбыра сарыны құлаққа анық 
жеткендей.  
Қатаң  тарихи  сараппен  таразыласақ, 
бірігіп  -  ыдырау,  жоғалып  -  табылу  тарих 
көшінде  еншілеген  ен-таңбамыз  сияқты. 
Ғұн,  түркі,  қыпшақ,  ноғайлы,  ақыры  қазақ 
болдық, осының бәрі бірінен-бірінің артық-
кемі  жоқ,  үзіліп-жалғанып,  шұбала  созыл-
ған төл тарихымыз [6, 7 б.]. 
Басқаша  айтатын  болсақ,  ноғайлы 

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
61 
дәуірі  қазақ  хандығының  құрылуының 
алғышарттарын  жасап  берді.  Сонымен 
қатар  төл  әдебиетіміздің  бастауы  ретінде 
қарастырып  жүрген  романтикаға,  зор  па-
фосқа  толы  жыраулар  поэзиясын  дүниеге 
әкелді.  Олай  болатын  болса,  қазақ  әдеби 
тілінің қалыптасып, дамуына да ықпал етті. 
Сол  себепті  де  ноғайлы  дәуірін  зерттеп, 
танудың  салмағы  арта  түседі  Халық 
поэзиясына  тән  бұл  сөздер  айналаға, 
табиғат дүниесіне, мал, жан-жануарлар, аң-
құсқа  байланысты.  Мысалы,  тұрымтай, 
торғай,  сұңқар,  бүркіт,  құлан,  торпақ, 
қасқыр,  тобылғы,  бұлт,  көл,  аспан,  айдын, 
қошқар,  бура,  айғыр,  бұқа,  көктем,  жас, 
мас,  торы  ат,  тобық,  теңіз,  терек,  тышқан, 
аққу,  қиян,  қилы  заман,  тұлпар;  қоғамның 
әлеуметтік  құрылысына,  әлеуметтік  топта-
рына  байланысты  сөздер:  халық,  ел,  жұрт, 
кеңес  қылу,  хан,  қарашы,  жамандар, 
жақсылар,  т.б.;  жаугершілікке  байланысты 
сөздер:  жау,  дұшпан,  топ  бастау,  қол 
бастау, жағасына адам қолы тимеген; қару-
жарақ  атаулары  мен  соғысқа  байланысты 
сөздер:  дұшпан  аттым,  көбе  бұзар  жебе, 
дулыға, атқан оғын таба алмау, қан жұқпас 
қайқы  қара  болат,  шабылмаған  семсер,  ақ 
сауыт, қанды көбе, ала балта сияқты сөздер 
мен  сөз  орамдары  жиі  қолданылғанын 
көреміз. 
Осындай  фактілер  бізге  ноғайлы  дә-
уірі  кезінде  батырлық,  ерлік  жырлары  мен 
ақын-жыраулар  толғауларының  не-гізінде 
дамыған  әдебиет  тілін  қазіргі  қазақ  әдеби 
тілінің негізгі арналарының бірі болды деп 
қорытынды жасауға мүмкіндік береді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Момынова  Б.  Қазақ  әдеби  тілінің  та-
рихы.- Алматы: «Атлас баспасы – 2001», 
2006.- 200 б. 
2.  Будагов  Р.А.  Проблемы  в  развития  язы-
ка. – М.: Наука, 1965. 
3.  Қазақ  фольклористикасы  /  Жалпы  ред. 
басқ.  проф.  М.  Ғабдуллин.  –  Алматы: 
Ғылым, 1972. – 297 б. 
4.  Сейфуллин  С.  Қазақ  әдебиеті  //  Шы-
ғармалар: 6 томдық. – Алматы, 1964. – 6 
т. – 455 б. 
5.  Жұмалиев  Қ.  Қазақ  эпосы  мен  әдебиет 
тарихының  мәселелері.  –  Алматы:  Ғы-
лым, 1958. – 201 б. 
6.  Сарай  Ә.  Ноғайлы.-  Алматы:  «Арыс», 
2009.- 480 б. 
 

ПЕРЕВОДОВЕДЕНИЕ 
 
 
Вестник КАСУ
 
62 
УДК 81'322.4 
MACHINE TRANSLATION TECHNIQUES 
Larina M.V. 
 
Technology  represents  one  major  strat-
egy  that  agencies  use  to  address  and  manage 
their  foreign  language  shortfalls.  Computer 
translation - often referred to as machine trans-
lation  -  has  been  under  development  for  dec-
ades.  Machine  translation,  which  is  the  auto-
mated  translation  by  a  computer  from  one 
written  language  to  another  without  human 
oversight and intervention. It has distinct prob-
lems.  One  of  the  difficulties  that  machine 
translation  is  faced  with  is  the  ability  of  ad-
justment  to  context,  but  an  advantage  of  ma-
chine translation is the speed. Machine transla-
tion  is  cheaper  and  faster,  although  it  is  also 
less accurate, than using human translators. To 
be  effective,  the  translated  text  must  initially 
be  in  grammatically  correct  form  and  cannot 
include  colloquialisms.  Because  of  this,  only 
60  to  70  percent  accuracy  is  claimed  by  ven-
dors. 
One  of  the  great  inaccessibility  prob-
lems  of  the  Web  is  to  the  people  who  do  not 
speak  the  major  language,  English,  the  lingua 
franca. And the demand for translation of Eng-
lish  into  other  languages  and  vice  versa  leads 
to  a  steady  improvement  on  the  curve  of  ma-
chine translation. There are a  variety  of third-
party  Web  sites  that  specialize  in  having  the 
best  software,  making  it  possible  to  read 
someone's site through that intermediate site. 
Information  technology  has  made  re-
markable advances in recent years. The private 
sector  (without  the  same  kinds  of  security 
concerns  as  the  Intelligence  Community)  has 
led  the  adoption  of  technologies  that  are  also 
critical  to  intelligence.  The  Community  will 
never be able to hire  enough  linguists to  meet 
its  needs.  It  is  difficult  for  the  Community  to 
predict  which  languages  will  be  most  in  de-
mand  and  to  hire  the  necessary  linguists  in 
advance.  And  even  an  aggressive  hiring  and 
training  effort  would  not  produce  an  analytic 
workforce that can absorb the huge quantity of 
unclassified  foreign  language  material  avail-
able today. 
Eventually,  all  analysts  will  have  basic 
foreign-language processing tools easily avail-
able  to  them  so  that  even  those  who  are  not 
language-qualified  can  pull  pieces  of  interest 
and  get  a  quick,  rough  translation.  NSA  has 
done  pioneering  work  on  machine  translation 
and  is  pursuing  a  number  of  separate  initia-
tives; the military services, CIA (including In-
Q-Tel),  and  other  agencies  sponsor  largely 
independent  projects.  There  is  an  abundance 
of  activity,  but  not  a  concerted,  coherent  ef-
fort,  which  has  led  to  steady  but  slow  devel-
opment. 
The  general  idea behind  machine trans-
lation  is  that  computers  have  the  patience, 
stamina  and  speed  to  quickly  parse  through 
gigabytes  of  text,  matching  text  terms  with 
equivalent terms from an  external  vocabulary. 
Human translators often scoff at the output  of 
machine  translators,  noting  the  high  rate  of 
comical  errors.  An  often  cited,  perhaps  apoc-
ryphal, example of poor machine translation is 
the  English  to  Russian  transformation  of  "out 
of  sight,  out  of  mind"  to  the  Russian  equiva-
lent  of  "invisible  idiot."  Despite  limitations, 
machine  translation  is  the  only  way  to  trans-
form  gigabytes  and  terabytes  of  text.  As  long 
as  people  continue  to  type  messages,  reports, 
manuscripts  and  notes  into  electronic  docu-
ments,  they  will  need  computers  to  parse  and 
organize the resulting text. 
Although 
many 
machine-translation 
programs  are  currently  available,  few  evalua-
tion  methods  of  such  translation  exist  for  any 
given  application  area.  It  is  difficult  to  evalu-
ate  machine-translation  systems  objectively 
because the quality of a translation depends on 
the  combination  of  three  factors:  the  transla-
tion  program,  the  dictionary,  and  the  original 
document. 
During  the  1950s,  enthusiasts  voiced 
extraordinary  claims  for  new  Machine  Trans-
lation technology. It has had lofty goals, prom-
ising  quick  and  cheap  translation.  DARPA 
funded a computer program to translate Soviet 
documents  into  English.  The  difficulties  of 
machine  translation  became  clear  when  the 
Russian  term  hydraulic  ram  was  translated  as 
"water  goat."  There  was  a  backlash  of  skepti-
cism  following  the  disastrous  failure  of  the 
machine translation effort in the 1950s. 
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет