Вестник жгу им. И. Жансугурова №4 / 2011



жүктеу 62.33 Kb.
Pdf просмотр
Дата21.02.2017
өлшемі62.33 Kb.

                 ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   №  4 / 2011

 

 



 

47 


 

2.  Оқылған  шығарма  мазмұнын  әңгімелету.  Мұндай  сабақтарда  алға  қоятын  мақсат 

балалардың  байланыстырып  сөйлеу  дағдыларын  жетілдіру,  оқылған  шығарма  мазмұнын 

дұрыс  түсініп,  грамматикалық  жағынан  дұрыс  байланыстырып,  жүйелі  әңгімелеп  беруге 

үйрету.  

а)  Кіріспе  ретінде  әңгімелесуде  баланы  оқылатын  шығарма  мазмұнының дұрыс түсінуі, 

зейінін  жаңа сабақ мазмұнына аударуы  ескеріледі.   

ә)  Шығарма  оқу.  Шығарманы  кейіпкердің  іс-  әрекетіне  қарай  дауыс,  үн  қарқынын 

өзгертіп,  мәнерлі  оқу.  Баланы  шығарма  кейіпкерлерінің  мінез-құлық  ерекшелігін  байқауға, 

өздігінен  әділ  баға беріп, сипаттап айта білуге  үйрету.  

б)  Оқылған  шығарма  туралы  әңгімелесу.  Әңгімелесуден  соң  қойылатын  сұрақтар 

шығарма  мазмұнын баланың қаншалықты түсінгенін  айқындау мақсатын көздеу  керек.   

4) Шығарманы қайталап оқу. Шығарманы оқыр алдында балаларға оны мұқият тыңдап, 

түсініп  алыңдар, қайталап әңгімелеп  бересіңдер деп ескерту  қажет.   

5)  Әңгімелеп  айтқызу.  Бұл  сабақтың  ең  басты  бөлімі.  Балалар  оқылған  шығарманың 

мазмұнын өзгертпей, жүйелі түрде әңгімелеуге  тиісті.   

Сабақтың қорытындысын балалар жасайды. Шығарма не туралы еді, оны кім әңгімелеп 

береді.  Тәрбиелік  мәніне мұғалім  көп көңіл аудару  керек.   

3.  Сурет  мазмұнын  әңгімелеу.  Балалардың  сурет  мазмұнын  түсіну,  қабылдай  білу 

дағдыларын  біртіндеп  қалыптастырады.  Сюжетті,  шағын  сюжетті  және  жеке  затқа 

байланысты суреттер бойынша әңгімелеп беруге  балаларды үйрету керек.   

4.  Ойыншықтар  көрсетіп  әңгімелету.  Балаларға  әртүрлі  іс-әрекетті  бейнелейтін 

ойыншықтар беріп  сипаттап, әңгімелету.  Бір-бірінің  әңгімесін  қайталамауды  ескерту  керек.  

5.  Өз  тәжірбиесі  бойынша  әңгіме  құрату.  Бұл  сабаққа  мұғалім  көрнекі  құрал 

пайдаланбайды. Өздігінен  әңгіме  құрап айтуға балаларды үйретеді.    

6.  Өздігінен  әңгіме  құрату.  Бұл  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  әңгімелей  білуге 

үйретуде  маңызды.  Мұнда  балалар  бір  оқиға  мазмұнын  өздері  ойдан құрастыруды үйренеді. 

Өздігінен  әңгіме  құрастыру  тәсілдері:  әңгіменің  тақырыбын  ойдан  табу,  айқындау,  әңгіменің 

басталуы, аяқталуы.   

Арнайы  мектеп  оқушыларының  қазақ  тілі  сабақтарында  оқушылардың байланыстырып 

сөйлеу  тілін  дамыту  бағытындағы  жүйелі  жүргізілген  жұмыстар  дамуында  ауытқуы  бар 

балалардың  әлеуметтенуі  мен  қоғамда  еркін  өз  бетінше  өмір  сүруіне  жағымды  әсерін 

тигізеді. 

ӘДЕБИЕТТЕР   

1.

 

Аксенова А.К. Методика обучения русскому  языку  в коррекционной школе.  –М.: 



- Владос, 2004 

2.

 



Гнездилов М.Ф. Методика руссого  языка во вспомогательной школе.  – М., 1965 

3.

 



Воронкова  В.В.  Обучение  грамоте  и  правописанию  в  1-4  классах  вспомогательной 

школы.  – М.:  1988 

 

 

        ӘОҚ  376.8:811              Ж.А. Жунусова,  Н.Д.  Байтасова  



І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы 

 

АРНАЙЫ   МЕКТЕПТІҢ   ҚАЗАҚ ТІЛІ  САБАҒЫНДА   

СӨЙЛЕМДІ ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ 

 

Types  of  works  with  sentence  in  Kazakh  language  lessons  in  special  schools  are  observed  in  this 



article. 

В  данной  статье  изложена  методика  работы  над  предложением  в  специальной  школе  на 

уроках казахского языка.  

 


                 ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   №  4 / 2011

 

 



 

48 


 

Тіл  –  қарым-қатынас  жасаудың  басты  құралы.  Сол  қызметін  атқаруда  ол  жеке 

формалардан  құралған,  жалпыға  ортақ  жеке  сөздерге  негізделген  сөйлеу  тәсілдерін  керек 

етеді.  Сондай ойды айтудың ең басты тәсілі, тілдің  біртұтас  ұйысқан бөлшегі  – сөйлем.  

Қазақ  тіл  білімінің  негізін  салушы  А.Байтұрсынов:  «Сөйлем  дегеніміз  –  сөздердің 

басын құрастырып, біреу айтқан ой. Сөйлегенде, жазғанда кім де болсын ойын айтады. Ойын 

айтуға  тиісті  сөздерді  алады  да,  олардың  басын  құрап,  біріне  бірінің  қырын  келтіріп, 

қиыстырады.  Ауыздан  шыққан  сөздің  бәрі  сөйлем  бола  бермейді,  айтушының  ойын 

тыңдаушыға  ұғарлық  дәрежеде  түсінікті  болып  айтылған  сөздер  ғана  сөйлем  болады». 

Аталған  еңбектің  алғысөзінде  берілген  осы  қысқаша  түсініктеменің  өзінен  «сөйлем»  деп 

аталатын 

синтаксистік 

категорияның 

логикалық, 

семантикалық, 

грамматикалық, 

коммуникативтік  қыры айқын аңғарылады.  

Балалардың  сөйлеу  тілінің  даму  кезеңдерін  зерттеген  ғалым  А.Н.Гвоздев:  «Сөйлем  – 

баланың  сөйлеу  тілінің  дамуында  үлкен  рөл  атқарады.  Сөйлемдер  баланың  өз  ойын 

жеткізуде,  хабарлауда  тілдің  басты  бөлшегі,  қарым-қатынас  жасаудың  басты  құралы»  -  деп 

пайымдап, сөйлемнің қарым-қатынас жасаудағы маңызын ашып жазса, ал дамуында ауытқуы 

бар  балалардың  даму  ерекшеліктері  туралы  ғалым  Л.С.Выготский:  «Бұл  балалардың  ақыл-

ойы,  соның  ішінде  сөйлеу  тілі  өзіндік  ерекшелігімен  қалыпты  балалардың  даму 

заңдылықтары  негізінде  дамиды.  Тек  дамуында  ауытқуы  бар  балалар  мен  қалыпты  балалар 

сөйлеу  тілінің даму сатыларынан әртүрлі жас кезеңдерінде өтеді»  - деп салыстырмалы талдау 

жасайды. 

Бала  алдымен  ауызша  сөйлеу  тілін  меңгереді.  Қалыпты  балаларда  ауызша  сөйлеу  тілі 

арнайы  оқытусыз,  қоршаған  ортамен  қарым-қатынас  жасау  барысында  қалыптасады.  Ал, 

зиятында  ауытқуы  бар  балалардың  ауызша  сөйлеу  тілі  баяу  және  өзіндік  ерекшелігінен 

сипатталады  және  арнайы  оқытылусыз  өз  бетінше  дамымайды.  Арнайы әдебиеттерде зияты 

зақымдалған  балалардың  есту  қабілеті  қалыпты,  сөйлеу  мүшелерінің  құрылымында 

ақаулықтар  болмаса  да,  бұл  балалардың  өздерінің  қалыпты  құрдастарына  қарағанда  сөйлеу 

тілін  кеш  меңгеретіндігі  көрсетілген.  М.С.Певзнер  көмекші  мектеп  оқушыларының  даму 

ерекшеліктерін  зерттей  келе,  зияты  зақымдалған  балалардың  алғашқы  сөздері  бір  жарым 

жастарында,  тіпті  бес  жасына  қарай  пайда  болатынын  анықтап,  бұл  балаларға  тән  көрініс 

кешеуілдеп  дамуы  деп  айтқан.  Қалыпты  балаларда  былдырлау  4-8  айларында  пайда  болса, 

зиятында  ауытқуы  бар  балаларда  12-14  айларында  пайда  болады.  Көмекші  мектептің 

бастауыш  сынып  оқушылары  жиі  бір  сөзден  тұратын  сөйлемдерді,  зат  есім  мен  етістіктен 

тұратын  жалаң  сөйлемдерді  қолданады.  Бұл  балаларда  жай  сөйлемді  қолданудан  күрделі 

сөйлемдерді  қолдануға  көшуі  қиын  және  баяу  жүзеге  асады.  Балалар  сөйлеу  тілінің 

дамуының  бұл  кезеңінде  ұзақ  уақыт  кідіріп  қалады.  Олар  өз  ойларын  күрделі  сөйлемдермен 

жеткізуге  тырысады,  бірақ  сөйлемдерді  грамматикалық  жағынан  дұрыс  байланыстыра 

алмайды.  М.П.Феофанов,  Г.И.Данилкинаныың  зерттеулерінде  көмекші  мектептің  4-5  сынып 

оқушыларының  сөйлеу  тілінде  ерекше  құрылымдағы  сөйлемдер  кездесетінін  айтады.  Бұл 

сөйлемдер  не  күрделі  сөйлемге,  не  жай  сөйлемге  жатпайтын,  зиятында  ауытқуы  бар 

оқушыларға  ғана  тән  сөйлем  түрі  болып  табылады.  Арнайы  мектеп  оқушыларының  сөйлем 

құрауда  өзіндік  ерекшеліктері  болады. Ол балаларға тән: 

-

 



Зиятында  ауытқуы  бар  оқушылар  қысқа,  сөйлемнің  тұрлаулы  мүшелерінен  құралған, 

қарапайым  құрылымдағы  жай  сөйлемдерді  қолданады.  Сөйлемнің  тұрлаусыз  мүшелерінен 

құралған сөйлемдерді  сирек қолданады; 

-

 



Сөйлемдегі  сөздерді  тастап  кету  салдарынан,  сөйлемнің  мағынасының  өзгеруімен 

сипатталады; 

-

 

Салалас және сабақтас құрмалас  сөйлемдерді өте аз қолданады;   



-

 

Сөйлемдегі  сөздердің  байланысының  бұзылуы  жиі  кездеседі.  Жалғау,  жұрнақтарды 



байланыстыруда жиі қателер  жібереді; 

-

 



Сөйлемдегі  сөздердің  орнын ауыстырады. 

                 ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   №  4 / 2011

 

 



 

49 


 

     Аталған  қателермен  жұмыс  жасау  негізінен  3  бағытта  жүзеге  асырылады.  Бірінші 

бағыт  –  сөйлемнің  мағынасын  түсіну  үшін, оның  мазмұнымен жұмыс жасау. Екінші бағыт  – 

өз  ойын  толық  жеткізу  үшін  нақты,  қажетті  сөздерді  таңдай  білу  дағдыларын  қалыптастыру. 

Үшінші  бағыт  –  сөйлемнің  грамматикалық  жоспарын  қалыптастыру,  яғни  сөздерді  дұрыс 

байланыстыра  білу,  қолданған  сөйлемдерінің  құрылымын  түсіне  білу  дағдыларын 

қалыптастыру.  

 Арнайы  мектептерде  сөйлеммен  жұмыста  бастауыш  сынып  оқушылары  үшін 

төмендегідей  тапсырмаларды ұсынылады: 

-

 



Сөйлемді интонациямен оқу және сөйлем құрамындағы сөздердің санын анықтау; 

-

 



Мәтіннің  ішінен  мұғалімнің  нұсқауы  бойынша  сөйлемдерді  табу;  (Мысалы:  «Балапан 

туралы сөйлемді тап»). 

-

 

 Балалардың  жасаған  іс-әрекеттері  бойынша,  яғни  ойындар,  түрлі  суреттерді 



құрастыру  арқылы, саяхат  сабақтардан алған әсерлері  бойынша сұрақтарға жауап беру; 

-

 



Схема бойынша сөйлем құрау; 

-

 



Сөйлемдерді мағынасына қарай аяқтау;  Мысалы:  Ұшақ  аспанға ... 

-

 



Берілген  сөздер  бойынша  сөйлем  құрау;  Мысалы:  Ойнап,  далада,  жүр, 

балалар.Сөйлеммен  жұмыс  жасау  барысында  мұғалім  балалардың  сөздерді  дұрыс 

байланыстыруына көңіл бөлуі  қажет. 

    Арнайы  мектептің  жоғарғы  сыныптарында  қазақ  тілі  сабақтарында  сөйлеммен жұмыс 

барысында тапсырмалардың келесі  түрлері ұсынылады:  

-

 



Мәтіннен  сөйлемдерді  бөліп  алу  және  интонация  арқылы  сөйлемдерді  құрастыру, 

дұрыс оқу. 

-

 

Мәтіндегі  сөйлемдер  құрамындағы  сөйлемнің  бірыңғай  мүшелерін,  құрмалас  және 



жай сөйлемдерді бөліп  алу және дауыстап оқу. 

-

 



Мұғалімнің  нұсқауы бойынша сөйлем құрау;  (Нұсқауды  мұғалім  береді) 

-

 



Берілген  сөздер бойынша сөйлем құрау; 

-

 



Сөйлемдерді қайта құрастыру; 

-

 



Шығармашылық  жаттығулар  (Оқушылар  оқыған  мәтіндері  бойынша,  суреттер 

бойынша, берілген  сөздер бойынша сөйлем құрайды). 

-

 

Дұрыс емес сөйлемдермен жұмыс жасау. 



-

 

Схема бойынша сөйлем құрау;   



-

 

Сөйлемдерді  толықтыру.  Бұл  жаттығуларда  әр  сөйлемде  бір  лексикалық  немесе 



грамматикалық-стилистикалық  қате  жіберіледі.  Тапсырмалар  оқушылардың  жастарына 

сәйкес  берілуі  керек.  Себебі,  тапсырмалардың  қиын  болуы  оқушылардың  сабаққа  деген 

қызығушылықтарын  төмендетіп жіберуі  мүмкін.   

-

 



Сөйлемдерді  сәйкестендіру.  Бұл  тапысырмаларда  әртүрлі  құрылымдағы  сөйлемдердің 

схемалары  беріледі.  Мысалы:  Оқушылардың  спорттық  жарыстарға  қатысқаны  және  жоғары 

нәтижеге қол жеткізгені  бойынша екі  сөйлем құрау  тапсырмасы беріледі.   

-

 



Ауызша  және  жазбаша  сөйлеу тілін байланыстыру. Оқушылар өз ойларын айтып, оны 

жазбаша  жазуы керек. 

           Арнайы мектептерде сөйлеммен жұмыс барысында әдістемелік  талаптар қойылады: 

    1.  Үнемі  оқушыларды  белсендіріп  отыру  қажет.  Көрнекі  құралдар,  ойын  тәсілдері, 

оқушылардың  жасына  сәйкес  қызықты  жағдаяттарды  ұйымдастыру,  сөздік  материалдарды 

қолдану,  оқушылардың  кішкене  жетістіктері  үшін  мақтап,  мадақтау,  іс-әрекеттерін  бағалау, 

және т.б. 

2.  Сөйлеммен  жұмыс  барысында  оқулықтағы  материалдармен  шектелмеу  керек.  Әсіресе, 

бұл  жоғарғы  сынып  оқушыларына  қатысты.  Міндетті  түрде  газет,  журналдардан,  көркем 

шығармалардан,  өзге де оқулықтардан  мәтіндерді  қолдану. 

3.  Сөйлеммен  жұмыс  барысында  сөздік  жаттығуларды  қолдану.  Сөздік  жаттығулар 

оқушылардың  өз  ойларын  толық  жеткізе  білуге  дайындау  мақсатында  жүргізіледі.  Сөздік 



                 ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   №  4 / 2011

 

 



 

50 


 

жаттығуларға:  сұрақтарға  жауап  беру,  шынайы  жағдаяттарға  сүйене  отырып,  сөйлем  құрау, 

диалог құрау,  диафильмдерді  дыбыстау, ойын жаттығулары жатады. 

4.  Сөйлеммен  жұмыс кез-келген тақырыпты өту барысында мұғалімнің назарында болып, 

қазақ  тілі  сабақтарының кез-келген  кезеңінде  іске  асырылуы тиіс. 

 

Қорыта  келсек,  арнайы  мектеп  оқушылары  сөйлем  құрауда  жиі  қателер  жібереді. 



Сөйлем  құраудағы  қателер  арнайы  мектеп  оқушыларының  қарым-қатынас  жасауына,  оның 

әлеуметтенуіне  кері  әсерін  тигізеді.  Арнайы  мектеп  оқушыларының  өз  бетінше  өмір  сүріп, 

қоршаған  ортамен  қарым-қатынас  жасауына  қазақ  тілі  сабақтарындағы  жүйелі  жүргізілетін 

жұмыстардың маңызы зор.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР   



1.Аксенова А.К. Методика обучения русскому  языку  в коррекционной школе.  – М.:   

- Владос, 2004 

2.Гнездилов М.Ф. Методика руссого  языка во вспомогательной школе.  – М.: 1965 

3.Воронкова В.В. Обучение грамоте и правописанию в 1- 4 классах вспомогательной школы. 

– М.:  1988 

 

         УДК 94(574).1941/45   

 

    Г.С. Майлыбаева,  Б.З. Дуанбекова 

Жетысуский государственный университет им.И.Жансугурова, г.Талдыкорган 

С.Ш. имени Жансугурова,  Аксуский район,  с. Кызылагаш 

 

 



 

 

ВЕЛИКИЙ СЫН СВОЕГО  НАРОДА 



( Урок – лекция, посвященный  фронтовику, писателю, герою, панфиловцу  

Бауыржану   Момышулы) 

 

 



Халық қаҺарманы, батыр, жазушы  Бауыржан Момышұлының ерлігі жөнінде жазылған. 

 Is written about the brave heroe of the nation, and writer B.Momishulu

.  

  

Любовь к свободе,  любовь к Родине 



Через тысячи километров, 

Через вершины хребтов, глубины  рек, 

Топкие болота, чаши дремучих лесов, 

Через бескрайние равнины вела нас.  

                                                                                                                                                  

Б. Момышулы

 

 

 



 

 

 



             

          22 июня 1941 года – кровью отмеченная дата в истории нашей страны. Долгие четыре 

года  отделяют  ее  от  того  майского  дня,  когда  ценой  миллионов  человеческих  жизней  наш 

народ  избавил  мир  от фашизма. И с первого дня до последнего вместе с воюющим народом 

сражалась  советская  литература.  Солдаты,  офицеры,  военкоры,  авторы  стихов,  плакатов, 

песен, статей, рассказов, пьес, опытные и юные, известные и не напечатавшие до войны  ни 



строчки  – наши писатели оказались на передовой  линии. 

Каталог: uploads -> files -> 2016-02
2016-02 -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 /2013
2016-02 -> Жансҥгіров атындағы жму хабаршысы №4 / 2013
2016-02 -> Вестник жгу им. И. Жансугурова №1 / 2011
2016-02 -> Вестник жгу им. И. Жансугурова №4 / 2011
2016-02 -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 / 2014
2016-02 -> Вестник жгу им. И. Жансугурова №4 / 2011
2016-02 -> Программа рнцп «Дарын» (республиканский научно-практический центр)- алматы, 1998
2016-02 -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 /2013
2016-02 -> ӘОЖ: 82-1 А.Қ. Тұрысбекова
2016-02 -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет

жүктеу 62.33 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет