Вестник жгу им. И. Жансугурова №1 / 2011 86



жүктеу 132.45 Kb.
Pdf просмотр
Дата23.04.2017
өлшемі132.45 Kb.

ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 1 / 2011

 

 



86 

 

 



 

Кожахметова С.Г. 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы 

k_saulet@mail.ru

 

 



ҚҰҚЫҚТАНУ  МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БЕРУДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ   

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ  ҚОЛДАНУ  

 

 В  статье  рассматриваются  вопросы  применения    инновационных  технологий  в 



образовательном    процессе    по  специальности  «юриспруденция».  Раскрыты  понятия 

основных    терминов в образовании и сделаны выводы и предложения.   

 The  article  deals  with  the  application  of innovative  technologies  in  education  with  a 

degree  in  law.  Discloses  the concept  of basic  terms  in  education  and  conclusions  and 

suggestions. 

 

 



Қазіргі    уақыт  талабына  сай,  өмірлік  салаларымыздың  барлығына  дерлік  жаңашыл 

идеялар,  нақты  жаңашыл  іс-әрекеттер  еніп,  өміріміздің  өзі  өзгеріске  ұшырап    отырғанын 

байқаймыз. «Білім таппай мақтанба, өнер таппай баптанба»,- деп Абай атамыз айтқандай, 

енді  осы  білім  алудың  (берудің)  өзінде  күрделі  реформалар  жүргізіліп,  ЖОО-ң 

педагогикалық процесіне енгізілгенін  де білеміз.   

Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздігіне  20-жыл  толмақ.  Тәуелсіздік  –  еліміздің 

ертеңі  –  жас  ұрпаққа  заман  талабына  сай  білім  мен  тәрбие  беруді  міндеттейтін  ерекше 

дәуір.    

Жоғары  оқу  орындарында  оқытудың  жаңа  инновациялық  технологияларын  

қолдану  заман  талабына    сай    маңызды    мәселе  болып  отыр.  Осыған  орай  педагогика 

ғылымына  айтарлықтай  үлес  қосып,  жан-жақты  зерттеулер  жасап  жүрген  ғалымдардың 

еңбектеріне  жүгінсек.    

  

Білім  беру  ұғымын  педагогикаға  тұңғыш  енгізген  И.Песталоцци.  Білім  беру  – 



оқыту    мен  тәрбие  жұмысын  біріктіретін  және  жеке  бастың  дамуына  ықпал  жасайтын 

процесс.    

Оқыту  –  білім  берудің  негізгі  жолы.  Оқыту  екі  жақты,  біртекті    процесс.  Ал 

адамның    білім  алуы  тек  оқыту  процесінің  нәтижесі  емес,  оның  білім  алуына    көпшілік 

ақпарат  құралдары  (яғни  БАҚ  -автордан),    кино,  радио,  телехабар,  т.б.  ықпал  жасайды 

[1,37].  Ғылыми  әдебиет  беттерінен    педогогикаға  өз  үлесін  қосқан  көптеген  ғалымдар 



ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 1 / 2011

 

 



87 

 

туралы,  олардың  еңбектері    туралы  білеміз.      Соңғы  кезде  білім  саласында    өте    жиі 



айтылатын термин «технология».  

«Технология»  гректің  «teche»-  өнер,  шеберлік  және  «logos»-  ғылым  деген  сөзінен 

шыққан,  яғни  «шеберлік  туралы  ғылым»  деген  мағынаны  білдіреді.    Сонымен,  шеберлік 

өнері,  әр  мамандық    студенттеріне  сабақ    жүргізуде    оқытушы    үнемі    шығармашылық 

ізденіс  үстінде  болуы керек.   

Педагогикалық  технология  –  тиімді  оқыту  жүйелерін,  оқу процестерін жобалаумен 

айналысатын  педагогикалық  ғылымның  бағыты.  Педагогикалық  технология  –  бұл 

болашақ  оқу  процесінің  жобасы.  Яғни,  педагогикалық  технология  оқу  жəне  тəрбие 

аймағындағы  педагогикалық  міндеттердің  шешілуіне  байланысты  орындалатын  педагог 

іс-əрекеттерінің  бірізді  жүйесі  болып табылады  [2,207].  

 

Жалпы  осы  оқу  технологиясы  туралы  ойлар  қай  кезде  пайда  болған  деген  сұрақ 



туындауы  мүмкін.  Бұл  мәселе  жаңалық  емес,  өйткені  сонау  ХVІ  ғ.  чехиялық ұлы педагог  

Я.А.  Коменский  өз  заманында оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық»), болатынын 

уағыздап,  оның  тиімді  нәтиже  беретінін  жолдарын  іздестіріп,  өмірде  қолдануға  енгізуге 

ұмтылғаны белгілі.   

 Сонымен,  жалпы  педагогикалық  процестегі  оқыту әдістеріне жалпы сипаттамаға 

назар  аударсақ.  Білімді  меңгерту  қандай  жолдармен  немесе  тәсілдермен    іске  асса  да, 

оқыту  әдістерін  таңдау  негізінен,  білім  берудің  мазмұны  сияқты,  оқытудың  жалпы 

мақсаттары  және  міндеттеріне  сәйкес  анықталады.  Оқу  процесінде  білім  берудің 

көздеріне  қарай қолданылатын әдістер:   

-

 



сөздік  әдістер:  түсіндіру,  әңгіме,  әңгімелесу,  лекция, кітаппен жұмыс;  

-

 



көрнекі  әдістер:  иллюстрация және демонстрация;  

-

 



тәжірибелік  әдістер:  лабораториялық,  практикалық,  графикалық  әр  түрлі  жаттығу 

жұмыстары.  

Оқыту  процесінде  ең  көп  тараған  әдіс  –  сөздік  немесе  мұғалімнің  ауызша  баяндау 

әдісі.  Бұл  әдіс  оқыту  процесінде  басқа  әдістерге  қарағанда  жеткші  роль  атқарады.  В.А. 

Сухомлинский:  «Сөз  –  ең  маңызды  педагогикалық  құрал,  оны  ешнәрсемен  ауыстыра 

алмайсың...»-  деп оның маңызына ерекше назар аударады.   

Мұғалімнің  сөзі  әсерлі,  тартымды,  сенімді  сондай-ақ  дауыс  ырғағы  мен  мимикасы 

мәнерлі және бай болғаны қажет [3,165].  

 

 

Педагогикалық 



технологиялар 

сипатын 


айқындайтын 

көптеген 

оқыту 

технологиялары:  білімді  ізгілендіру,  дәстүрлі  технологиялар,  бағдарламаластырылған 



және  проблемді  оқу технологиялары, дамыта оқыту технологиясы, әр деңгейлі оқу, толық 

меңгеру,  ұжымдық  ықпалдаса  оқу,  икемдесе  оқу,  жобалап  оқу,  авторлық  оқу 

технологиясы  (мысалы,  В.Ф.  Шаталов  технологиясы),  интерактивті  оқыту,  қашықтан 

оқыту, ақпараттық оқыту және т.б. [4,28]. 

  

Дүние  жүзі  елдерінде    білімді  реформалау    қашан  да  өте  баяу  және  қиындықпен 



өткен.  Жоғары  білімнің  осы  заманғы  жүйелерінде  олар  пайда  болып, дамыған әлеуметтік 

ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 1 / 2011

 

 



88 

 

–экономикалық  және    мәдени  жағдайлардың,  ұлттық  ерекшеліктер  мен    дәстүрлердің 



таңбалары  сақталатыны анық.   

Инновация  –  жаналық,  жаңашылдық,  өзгеріс  деген  ұғымды  білдіреді.  Инновация 

құрал  және  процесс ретінде әлдебір жаңалықты еңгізу деген сөз. Педагогикалық процесте 

инновация  оқыту  мен  тәрбиенің  тәсілдері,  түрлері  мақсаты  мен  мазмұнына,  мұғалім  мен 

оқушының бірлескен  қызметін  ұйымдастыруға жаңалық еңгізуді  білдіреді.   

Жаңа жол, яғни инновациялық  әдістерді қолдана отырып білім беру (алу) бойынша 

біршама  ұлы  ғалымдар  пікіріне  тоқталайық.    Сонымен,  Джон  Дьюидің  негізгі  идеялары: 

оқушыны  оқу  бағдарламасымен  біріктіру  (Кім?-  Оқушының  өзі!  Оқытушы  бұл  үшін  тек 

жағдай  тудырады).    Оқушылар    тікелей  оқыту  нәтижесі  мен  формальды  көрсетуде 

белсенді  емес.  Мұғалімдерге  мектептен  тыс  оқыту,  қашан  да  жанама  оқыту  жағдайында 

«драма  мен  біліп  кою  кернеуі  қатысатын»,  мүмкіндіктерінде  пайдалану  керек    [5,81]. 

Міне,  бұл  осы  ойшылдың  пікірі,  біз  білім  беруде  табыстарға  жетіп  жатсақ,  басқалардың 

өздігінен-ақ  алға  жылжитындығына  сенеміз  Е.  Дакворт  «мен  сұраққа  қалай  жауап  іздеу 

керектігі  жөнінде  ойлана  аламын  дегенді»-  мойындау  білім  берудегі  негізгі  қағиданың  бірі 

екендігін  айтады.      Міне,  сондықтан  да  балалардың  сұрақтарға  тапқан  жауаптары  аса 

маңызды  емес.  «Өз  зерттеулері  арқылы  жауап  алуға  болатындығын  олардың  түсінулері 

маңызды болып табылады» (Е. Duckworth,  1996, р.59)  [5,92].   

Мәселен 

тұлғаның 

бостандық,  жауапкершілік  және  бақытының  арасындағы  байланыс  туралы  Барри  Шварц 

(American  Psychologist,  2000)  айтады.  Ол  өзі  сүйенген  зерттеуі  бойынша  адамның бақытты 

өмір  сүруі  үшін  тек  өзіндік  қадамдар  ғана  жасап  қоймау  керек,  сонымен  бірге  өздері 

таңдап  алған  салада  шеберлікке  жетуге  талпынып,  шыншылдық  пен  берілгендік, 

мықтылық  пен  әділеттілік  тәрізді  сапаларды  алулары  керек.  [5,103].    Міне,    бұл  қазіргі 

заман ағысына өте дәл айтылған ой-пікірлер болып табылады.    

 «Жаңа  технологиялардың  бірі  –  В.Шаталовтың    тірек  сигналдары  арқылы  оқыту 

әдістемесі.  Тірек  сигналдары  дегеніміз  –  ойдың  элементі,  уақыт  үнемділігі  және  оқушы 

психологиясы  қызықты  құбылысқа  бағыттау.  Бірақ  ең  басты  мақсат  –  берілген 

тақырыпты  қисынды  байланыстыра  отырып  символикалық  таңбалармен  белгілеп  түсінуі 

және ұзақ уақыт есте сақтауы», - деп көрсетеді өз мақаласында.   [6,17].   Демек, Шаталов 

Виктор  Фёдорович  (01.05.1927ж.  дүниеге  келген)  Украина  жерінің  тумасы    -  педагог-

наватор  қолданған  әр  түрлі  әдістер:  түсіндіру,  тірек  конспектілер  (сигналдар),  символдар, 

дыбыстандыру,  оқулықпен  жұмыс,  тіректі  символдарды  жазбаша  қайта  жаңғырту,  өзара 

бақылау қағаздарын толтыру және т.б., бұлардың барлығы дерлік педагогикалық процесте 

оқушылардың  танымдық деңгейінің  артуына үлес қосатыны аңғарылады.   

 

Бұл  кішігірім  зерттеуді  жүргізу  барысында  бір  айта  кетерім,  бүгінгі  күнге  дейін 



«Сіз  магистратура  бітірдіңіз  ғой,  магистрантсыз  ба?»  деген  сауал  қоюларынан, 

студенттердің  жаңа  терминдерді  дұрыс  меңгермеуі  көзге  түседі.  Сондықтан,  студенттерге 

білім  беруде  жаңадан  қолданысқа  енгізілген  білім  берудегі  терминдердің  бірқатарын  

қарастырып  өткенді  жөн  санадым.  Оларға  мен,  анықтаманы  Бiлiм  туралы  Қазақстан 

Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi  N 319 Заңынан алуды ұйғардым.  Олар:  

кредиттiк  оқыту  технологиясы  -  бiлiм  алушының  және  оқытушының  оқу  жұмысының 

көлемiн  өлшеудiң  сәйкестендiрiлген  бiрлiгi  ретiнде  кредиттi  пайдалана  отырып,  бiлiм 



ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 1 / 2011

 

 



89 

 

алушылардың  пәндердi  оқып  зерделеу  дәйектiлiгiн  таңдауы  және  дербес  жоспарлауы 



негiзiндегi  оқыту; 

қашықтықтан  білім  беру  технологиясы  –  білім  алушы  мен  педагог қызметкердің жанама 

(алыстан  )  немесе  толық  емес  жанама  өзара  іс-қимылы  кезінде  ақпараттық  және 

телекоммуникациялық  құралдарды қолдана отырып жүзеге  асырылатын оқыту; 

бакалавр - жоғары  білім  берудің  тиісті  білім  беру  бағдарламаларын  меңгерген  адамдарға 

берілетін  академиялық дәреже; 



магистр  –  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  берудің  кәсіптік  оқу  бағдарламаларын 

меңгерген адамдарға берілетін  академиялық дәреже; 



философия  докторы  (PhD),  бейіні  бойынша  доктор  -  тиісті  мамандықтар  бойынша 

докторантураның  кәсіптік  оқу  бағдарламаларын  меңгерген  адамдарға  берілетін  жоғары 

академиялық дәрежелер [7].  

«Құқықтану»  мамандығы  студенттеріне    сабақ  жүргізгенде    жаңа  технологияны 

тиiмдi  пайдаланудың  гуманитарлы  бағыт,  яғни  осы  мамандық  иелеріне  негізделе  тиімді 

оқыту  технологиясын  қолданған  жөн.   Пәндік оқытуда, өз тәжірибемде оқыту барысында 

алдыма  қойған  мақсатым  –  студентті  (болашақ  білікті  маманды)  субъект  ретінде  оқу  ісіне 

өзінше  қызықтыратын,  оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу деп білемін. Студент тек 

білікті маман иесі ғана емес жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптасуына жәрдемдесу. 

Оның  бастысы  оқу  үрдісін  жаңаша  ұйымдастыру,  студенттердің  білім  игеруіндегі  іс-

әрекеті  арқылы  ойлау  дағдыларын  жетілдіру,  өз  бетінше  білім  алу  үрдісінде  бірлесе 

әрекет ету, жекелей тапсырмалар орындауға дағдыландыру. 

    

Әрине,  мақсатқа  жету  студенттің  өзіндік  ісі  арқылы  жүзеге  асады.  Оқытушы,  бұл 



орайда тек  – ұйымдастырушы, үйлестіруші,  бағыт беруші.   

 

Ең алды жаңа тұрғыда оқытудың инновациялық технологияларын қолдануда адами 



қасиеттің  негізгісі  –  қарым-қатынас,  осы  оқытушы  мен  үйренуші  (студент)  ортасында  

ашық,  силасымдылық,  түсінушілік  негізде  қарым-қатынас  орнауы  қажет.  Сондықтан  да 

болар, интербелсенді оқытудаА.Әлімов ұсынған интербелсенді оқытудың шарттарын:   

- жағымды психологиялық орта  қалыптастыру;  

-  студенттерге білім  алуда  қызығушылық (мотивация, ынта, жігер) тудыру;   

- білім  алушыларды   үнемі  сәттілікке  бағыттау;  

-  студенттермен  бірлесе  атқарылатын    іс-әрекеттерді  жүзеге  асыру  [8,94].      Міне  осылар 

сияқты  басымдықтарды  қағида  ретінде  ұстанамын.  Студенттер  алған  білімін  өмірлік 

жағдайда қолдануын қамтамасыз ету, соған дағдыландыруды әр кез бақылаймын.    

 

Қазіргі  таңда    сын  (сыни)  тұрғыдан  ойлау  жүйесін  (нысанды)  оқу   үрдісі де тиімді,  



мұнда  студенттердің  өз  бетінше  тұжырым  жасау,  қорытындыға  келу,  ұқсас  құбылыстар 

арасынан  тиімдісін  таңдай  білу,  проблеманы  шеше  білу,  пікірталасты  жүргізе  білу 

қабілеттері  қалыптасады.  


ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 1 / 2011

 

 



90 

 

 



Егер  нақты  оқыту  үрдісіне  келсек,  бұл  әрине  әр  пән,  тақырып  ерекшелігіне 

байланысты болады. Сонымен, сабақ барысында  интербелсенді дәріс оқылады, белгілі бір 

уақытқа,  кейін  үлестірмелі    материалдар  таратылады;  талқылау  жүргізіледі,  шағын 

топтарға  бөлу  арқылы;  интербелсенді  әдіс  түрлерінің  бірін  таңдау  (пәнге,  тақырыпқа 

байланысты),  мысалы:  пікірталас,  ойындар  (рөлдік,  іскерлік),  тренингтер  т.б. 

қолданылады.  Әрине  қазіргі  таңда  дәрістің  өзін  слайдтар  арқылы  LCD-проектор  арқылы, 

немесе интербелсенді тақта (стена) арқылы жүргізу  мүмкіндігі  мол.  

 

Осы  барлық  сабақ  түрінен  кейінгі  кезде  кең  қолданыста  жүрген  –  бұл  тест 



қолдану.   Тест  –

 

оқытудың  белгілі  бір  бөлігін  меңгеру  дәрежесін  өлшеуге  бағытталған 



тапсырмалар  жиынтығы.  Тест  –  көптеген  педагогикалық    оқулықтар  мен  оқу 

құралдарында,    тек    бақылау    түрі  ретінде  қарастырылып  келгені  белгілі.  Мысалы,  И.П. 

Подласый  өз  еңбегінде  оны  (тест)  оқытудың  (үйретудің)    әдістері    атты  бөлімшеде  тек  

бақылаудың  бір  түрі  ретінде,  тесттік  бақылауы  -    бұл машиналы немесе онынсыз (парақ), 

тест  –  арнайы  тапсырмаларды  қолдану  арқылы  оқушыларда  белгілі  білім  деңгейін 

анықтау,-деп көрсетеді [9,224].  Және де келесі авторлар Ж.Б. және Р.М. Қоянбаевтарда өз 

еңбегінде,  тест-  тек,    оқу-танымдық  іс-әрекетінің    бақылау    және  өзін-өзі    бақылау  

әдістеріне  жатқызады   [10,274].

  

Міне, авторлар ой-пікірі, әрине толық келісуге болмайды,  



өйткені  тестілеудің  өзі  қазіргі  таңда  тек    бақылау  түрі  ретінде  ғана  емес,   ол өзінше білім 

алудың  бір  нысаны  ретінде  дамып  келеді.   Мысалы, қазіргі таңда мысалы, п.ғ.к. Б.И. Ким 

оқытудағы  тестілеудің  интербелсенді  технологиясының  инновациялық  жүйесін  ұсынады 

(От  и  ИТУТ). Оның еңбегі «Интерактивная технология учебного тестирования.  – Алматы: 

Эверо,  2006.-  588  с.  баспадан  шыққан.    Тест  тапсырмасындағы  сұрақтардың  өзі 

студенттерді  қандай  да  болмасын  туындаған    сұрақ  бойынша  оны  одан  әрі  қарастыруға, 

тереңдетуге  ынталандырады,  сөйтіп  олар  өз    білімдерін  тереңдете  түседі.  Сонымен,  тест 

тапсырмасын  орындауды,  яғни,  өз  алдына  бөлек    әдістемелік    бағыт  деп  түсінген  жөн 

болар.     

Тағы  да  бір  айта  кетер  мәселе  бұл  қашықтықтан  білім  беру  технологиясы,  

электрондық    және  телекоммуникациялық  құралдар  арқылы  алыста  орналасқан 

адамдардың  оқу-танымдық  қызметі  мен  дамуын  ұйымдастыру.  Осыған  орай  келесі 

оқулық бетінен көрелік.   

Дистанциялық  сабақ  элементтері:  оқу  материалы;  диагностикалық  материал 

(тапсырмалар,  бағалау  парағы  т.б.);  көрнекілік;  мұғалім  оқушыларға  сұрақ  береді; 

материалды  түсіндіру  (мүғалім  оқушыларға  өзінің  бейнедәрістерінің  жазбаларын 

жібереді.  Кейде  Интернет  желісіндегі  білім  қорларына  сілтеме  жасап  жіберген  жақсы);  

мұғалім  пікірталастарды  басқарады;  оқушылар  мұғалімге  сұрақ  бере  алады;  оқушы 

оқушыға  сұрақ береді;  мұғалім оқушыларды  бағалайды.  

Дистанциялық  оқыту  құралдары:  электрондық  почта  (E-mail);  электрондық 

журналдардың,  конференциялардың  тізімі  (тақырып  бойынша);  нақты  уақыт  тәртібінде 

хат  жазысу;  тез  хабарласу  жүйесі    (Интернет);  Интернет  жүйесіндегі  www,  web-сайт 

ішіндегілер,  білімдік  сайтқа  тіркелгендер  қаралады,  on-line-дық    виртуалдық 

кітапханаларға  кіреді.  Web-  бетте  басқа  беттерге,  қорларға  сілтеме  жасалады.  Іздеу 

сервері  арқылы  желідегі  кез  келген  ақпаратты  табуға  болады.  web-сайтқа  жазатын 


ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 1 / 2011

 

 



91 

 

белсенді  арналар.  FTP-  серверлер  және  файлдік  архивтер.  Интернеттің  факсимилдік  



қызметі.  Интернеттегі  телефон  –  LP.  Мобильдік  телефон  көмегімен  Интернетке  шығу 

[1,306].   

Шет  елдердің  көбіне  таралған,  дамыған  компьтерлік  және  телекоммуникациялық 

жүйелерді  пайдалану  негізінде  іске  асырылатын    қашықтықтан  оқыту  технологиясы 

біздерге  бүкіл  білім  жүйесінің  даму  сатысындағы  жаңа  баспалдақ  тәріздес.  Мұндай 

оқытудың  тиімділігі  күндізгі  бөлім  студенті  кітапханада  оқулықтар  іздеумен  уақытының 

көбін  жоғалтқан  болса,  ал  қашықтықтан  оқитын  студент  ол  электронды  кітапхана 

ресурстарын мәлімет, мағлұматты тез арада табуға мол мүмкіндіктер  жасалады.  

 

 

Демек,  бұл тұрғыда бір айта кетері, әдебиет беттерінен «дистанциялық» деген сөзді 



көбірек  кездестіреміз,  алайда  ҚР  2007 ж. қабылданған «Білім туралы» заңында оған нақты 

анықтама  былай  деп  берілген:  «қашықтықтан  бiлiм  беру  технологиясы  -  бiлiм  алушы  мен 

педагог  қызметкердiң  жанама  (алыстан)  немесе  толық  емес  жанама  өзара  iс-қимылы 

кезiнде  ақпараттық  және  телекоммуникациялық  құралдарды  қолдана  отырып  жүзеге 

асырылатын оқыту» [7]. 

  

 «Құқықтану»  мамандығы  студенттеріне  білім  беруде  де  осы  жоғарыда  атап 

өткендей  педагогикалық  әдістердің  барлығы да қолданылатыны анық, атап айтсақ, сөздік 

әдістер  де,  көрнекілік  әдістер  де.  Демек  атап айтсақ, келесі әдістер, әрине бұл мамандық 

иелері  болашақ  мемлекеттік  қызметкерлер  -  «заңгерлер»  нақты  іс-тәжірибе  қызметкерлері 

болғандықтан  әр  сабақта    графикалық    жұмыстар  барлық  құқықтық  пәндерден 

орындалады:  кестелер  жасау,  диаграммалар  құру,  сызбалар  сызу.    Сонымен  қатар, 

тәжірибелік  әдістердің  ішінде  ең  көп  қолданылатыны  жаттығу  әдісі.  Бұл  әдіс 

студенттерде    білім  мен  дағдыларды  қалыптастырады.  Оқу  барысында  теориялық 

ережелер  мен    қағидаларды  (әсіресе  нақты  заң  терминдерін)  қайта  пысықтап  тереңірек 

меңгеру  жаттығу  арқылы  орындалады.    Жаттығу  студенттердің  оқу  жұмысын  өздігінен 

орындау 

белсенділігін 

арттырады. 

Өзіндік 


жұмыстарына 

студенттердің 

шығармашылықпен  атқаратын  жазбаша  жұмыстары  –  эссе, баяндама, реферат, курстық 

жұмыс  жұмыстары  жатады.    Ауызша  жаттығу  студенттің  оқу  материалын    ауызекі 

баяндауға дағдылану мақсатын көздейді.   

Жаттығу  түріне  Құқықтану  пәндері  бойынша,  мысалы  оқиға  бойынша  есептер 

(ситуационная задача), салыстырмалы карта, салыстырмалы кестелерді  жатқызуға  болады.  

 

Мен  осы  «Құқықтану»  мамандығына  сабақ  жүргізетіндіктен  ең  алдымен  осы 



мамандық  иелеріне  дәріс  жүргізу  мәселесіне  тоқталғым  келіп  отыр.  Өйткені    ЖОО  жаңа 

бағыт  бойынша    сабақ  жүргізуде  дәріс  сабағын  өткізудің  біршама  қйындықтары  да 

кездесетіні  бар.  

Дәріс 

сабағына 

дайындалу, 

өткізу: 

жағымды 


психологиялық 

орта  


қалыптастыруды  алдын  ала  ойластыру;  дәрістің  басынан  бастап  студенттердің 

қызығушылығын  оятуға  арналған  әрекетті  ұйымдастыру;  студенттерді  белсенді  әрекетке 

баулу  үшін  дәріс  құрылымын  жоспарлау,  ұйымдастыру;  дәрістің  мазмұны  түсінікті  болуы 

үшін  әр  түрлі  сұрақтарды  дайындау,  сұхбаттасып,  әңгімелесу;  мағынаны  ашу  барысында, 

студенттерді  жеке  –  жұпта  -  шағын  топта  бірлесіп  отырып  оқуға  жұмылдыру;  кері 


ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 1 / 2011

 

 



92 

 

байланыс  арқылы  студенттердің  білімді  меңгеруі  туралы  үнемі  ақпаратта  болып  өз 



кәсіптік  әркетін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік  алуы; дәріс  нәтижелерін бағалау.   

Қазіргі  таңда  бастауш  сыныптардан  бастап  мектеп  қабырғасында  инновациялық 

технологияларды,  интербелсенді  әдістерді  қолдану  арқылы    сабақ  жүргізіліп  жүргенін 

білеміз.  Әрине,  бұл  жаңа  бағыттағы  ЖОО  өте  тиімді.  Осы  мектеп  оқушылары  ертенгі 

біздің  студенттер  ғой,  олар  жаңашыл  бағыттарды  жақсы  меңгеріп  келуі  әбден  мүмкін. 

Сондықтан  да  қазіргі  кездегі  ЖОО  тарапынан  білім  беруде  жан-жақты  инновациялық 

тұрғыдан  шеберлігімен  ерекшеленетін  оқытушылық  қауым  болуы  шарт.  Демек  аталмыш 

Заңда  бекітілгендей  «баршаның  сапалы  білім  алуға  құқықтарының  теңдігі»  деген  білім 

беру  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың  негізгі  принциптерінің  бірін  ескере  отырып  біз 

оқытушылар  студенттерге  барша  жігермен  білім  беру  процессін  жақсартуға  үлес 

қосуымыз керек.   

Осынау  біздің  Президентіміздің  2007  ж.  өз  Жолдауында  көрсеткен  «үш  тұғырлы 

тіл»  мәселесін  нақты  алсақ,  ЖОО  оқу  процесіне  жас мамандарды (магистрлерді) белсенді 

қатыстырып,  соларға  мол  мүмкіндіктер  берілуі  тиіс.  Өйткені  қазіргі  таңда  зейнеткерлік  

жасында  жүріп  сабақ  өткізіп  жүрген  оқытушылар  аз  емес.  Олар  әрине,  жаңа  ақпараттық, 

компьютерлік  бағыттарды    білмейді  емес  біледі,  демек  олардың  өзін  ең  алды  үйрету 

қажет,  және  де  бұл  процесс  өте  баяу  жүретіні  анық.  Ал,  жас  мамандар  (егерде  ұстаздық 

етуді  қалайтын  болса  ғана)  олар  іскерлігіне  білімін  үнемі  жетілдіруге  тырысатын,  ізденіс 

жолында  жүргендер  деп  білемін.  Осындай  жас  мамандарды  қолдап  оларға  әрі  қарай  өз 

біліктілігін  арттыруға  жағдай жасау қажет-ақ.  

 «Қазіргі  заманғы  мұғалім    -  бұл  кәсіби  маман.  Педагогтың  кәсібилігі  оның  кәсіби 

жарамдылығымен,  яғни  өз  бойында  кәсіби  қызметті  орындау  үшін  қажетті  қасиеттерді 

мақсатты  түрде    қалыптастыруымен    анықталады.  ...ХХІ  ғ.  мұғалімі  –  педагогикалық 

қызметтің  әр  алуан  салаларындағы  жасампаз:  өз  жұмысының  қорытындыларын  

шығаруға,  өз  тәжірибесін  жинақтауға  міндетті  түрде  ұмтылатын  тәжірибелі  технолог, 

ұйымдастырушы.   [11,90].  

 

 

Сабақты  жақсы  әрі  толық  өткізу  үшін  де  жан-жақты  білімді  ұстаз  қажеті  анық.  



Демек  осы  арада  ЖОО  басшылығы  тарапынан    әр  пәндердің  нақты  оқу бағдарламасына 

сәйкес  өткізілуін  қамтамасыз  ету.  Өйткені  сағат  азайғаннан    оқытушының  жүргізетін 

пәндері  де  ұлғаятыны  белгілі,  ал  осынау  бірнеше  (5-6)  пәндерді  ол  оқытушы  толық,  өте 

жақсы  түрде,  жоғары  дәрежеде    студенттермен  жұмыс  жасайды  деу  артық  айтқандық 

екені  анық.  

  

Әрбір  оқытушы  тек  екі-үш  біртекті  (өзара  жақын)  пән  бойынша  ғана  сабақ жүргізуі 



тиіс,  осындай  кезде  ғана  сабақ  сапасы,  студенттердің  білім  деңгейі  артатыны  белгілі, 

мысалға алып  қарастырар болсақ медицина саласында да жалпы медициналық білімі бола 

тұра,  оны  жан-жақты  меңгергенімен  тіс  дәрігері  барып травмотологтың  жұмысын жасап 

кетпес.  Тағы  бір  айта  кетер  жәйт,  қазіргі  кезде  бұрынғы  «универсал»  судьяның  өзі  де 

нақты  ішкі  мамандану  иесі  болуда.  ҚР-да  сот  төрелігін  жүзеге  асыру  мамандандырылған 

соттардың  құрылып  қызмет  етуінде,  оларда  әрине  бір  ғана    құқық  саласы  бойынша 

тереңірек    маманданған  судьялар  қызмет  етуде.    «Сіз  солай    сабақ  өткізіңіз!»  дегеннің 

орнына  интербелсенді  дәріс  (жаңа  бағыттағы  сабақ)  осылай  өтеді  (өтуі  тиіс)  деп  бағыт-



ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 1 / 2011

 

 



93 

 

бағдар  беретіндей  осы  салада  әрбір  факультеттің  білікті  мамандары  тарапынан  семинар-



тренинг  өткізіліп  тұруы  қажет.  Бұл  арада  әрине,  жас маман заңгер біліктілігі бар оқытушы 

(немесе  магистрант)  мен  орта  буын  маман  педагог-психологтың  бірлесіп  өткізгені  абзал. 

Көзбен  көргенді,  демек  нақты  іс-тәжірибеде  сабақ  жүргізуді  өз  көзімен  көріп,  үлгі  алып, 

ертеңгі  күні  өз  сабағын  өткізуде  жас  мамандар  интербелсенді  әдістерді  қолданып  жүрсе, 

жаңашыл    бағыттарды  іздеуге  көшсе,  әрине  білім  сапасының  ауқымды  ұлғаюына  мол 

әсері болары анық.    

Кәсіби  білімді,  өз  біліктілігіне  іскерлігі  сай  келетін  ЖОО  оқытушысының  сөз 

сойлеу  мәдениеті  де  өте  маңызды  мәселе:  сөз  байлығы,  дәлдігі,  дұрыстығы,  тазалығы, 

әдебі  белгілерімен  танылатыны  анық.  Демек,  кәсіби  маманның  тіліне  қойылатын 

талаптың бірі – сөз байлығының болуы болып табылады. Осыған орай  әсіресе жас маман 

әр  кез  өзінің  сөлеу  мәдениетін,  сөйлеу  шеберлігіне  мұқият  қарап,  оны  жақсартуға, 

байытуға  ұмтылуы  қажет.  Әрине,  бұл  орайда  шешендік  өнерге  (риторика)  байланысты 

әдебиеттермен  танысып  отыруы  тиіс.  Әсіресе  «Құқықтану»  мамандығы  студенттеріне 

білім  беруші  оқытушылар  өз  өнеге  (үлгі)  ретінде  студенттерге    дұрыс  сойлеу,  заң 

терминологиясын  нық,  таза  қолдана  сойлеуге  дағдалануы  қажет.  Риторика  өнері, 

шешендіктану  ілімін  әрбір оқытушы  меңгеріп, қолданғандары жөн болар.  

Сонымен,  дидактика  -  білім  беру  және  оқыту  теориясы  екенін  ескере  отырып,  ең 

негізгі,  ғасырлар  бойы  педагогтар  қауымы  мойындаған:    ғылымилық,  саналылық  пен 

белсенділік,  көрнекілік,  жүйелілік  пен  бірізділік,    беріктілік,  тиімділік,  теория  мен 

тәжірибенің  байланыстылығы  дидактикалық  қағидалар  жүйесін  әр  оқытушының  берік 

ұстанып,  үнемі  пайдалануы  арқылы  студенттердің  (білім  алушылардың)  білімді  саналы, 

әрі  белсенді  түрде  меңгеруге  қызығушылықтарын  оятуы  анық.  Дидактиканың  нақты 

нәтижесінің болуы да ол, нақты прагматиммен байланысты болары анық.  

Инновация  өздігінен  пайда  болмайды.  Ол  ғылыми  ізденістердің,  жекелеген 

оқытушылар  мен  ұжымның  озық  педагогикалық  тәжірибесі.  Бұл  процесс  стихиялы 

дамымайтындықтан  басқаруды  қажет  етеді.  Оқытушының  кәсіптік  қызметі  арнаулы, 

пәндік  білімдермен  ғана  шектелмей,  педагогика  мен  психологияның,  оқыту  мен  тәрбие 

технологиясы  салаларының  қазіргі  заманғы  білімдерін  де  қамтитын    болғандықтан 

оқытушыдан  арнайы психологиялық–педагогикалық дайындық талап етіледі.    

Қазіргі  таңда  барлық  өркениетті  дамыған,  бәсекеге  қабілетті  мемлекеттер  ең 

алдымен  білім  беру  сапасына  назар  аударуда.  Ол  тек  сауаттылық  деңгейімен  (жазу,  оқу, 

есептеу)  өлшенбейді,  оның  критерийі  -  функционалдық  сауаттылық,    болашақ  кәсіби 

құзыретті    мамандардың  болуы.  Міне,  осы  мәселеде  инновациялық    технологиялардың  

атқаратын  ролі, маңызы зор.  

Инновациялық  іс-әрекет  –  қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай оқу 

орнына  жұмысын  дамытатын,  оқу  орны  (ЖОО)  өміріне  оң  өзгерістер  әкелетін  іс-әрекет. 

Инновациялық    іс-әрекетке  қоршаған  орта  да  әсер  етеді.    Әрбір  оқытушы  өзінің  оқу-

тәрбие  жұмысын    дамыту  үшін  түрлі  құралдар  арқылы  өзінің  іс-әрекетін  саналы  түрде 

өзгертеді. 

Инновациялық 

 

технологияларда 



пәнаралық 

бірігім-байланыстарды 

(интеграция)  іске  асыру  қажет.  Инновациялық  білім  жүйесі  білімді  гуманизациялау  және 

гуманитарландыру  проблемаларын  шешуді    талап    етеді,  адамның  шығармашылық  



ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 1 / 2011

 

 



94 

 

қуатын  сақтау    және  дамыту;  оқушылардың    бойында  шешімдердің  көп  өлшемділігіне, 



басқаша  ойлауға,  төзімділікке  және    өзінің  іс-әрекеттері    үшін    адамгершілік  

жауаптылыққа негізделген  көзқарасты   қалыптастыру қажет.   

Сонымен,  туындаған  жан-жақты  зерттеліп,  сараптама  өткен  оқытушылардың 

инновациялық  технологиялары  мен  жаңашыл  идеяларын  насихаттап,  ауқымды  ортаға 

жеткізуде  ЖОО  орнының  ОӘЖ  жөніндегі  басшылары,  олардың  көмекшілері  және  де 

ОӘЖ бойынша үйлестірушілердің  бірлескен  топтары жүзеге асырып отыруы қажет.   

 

Жоғарыда  қарастырылғаннан,  қысқаша  қорыта  айтар  болсақ,  ең  алдымен,  нақты 



осы сәтте бізге  қажеттісі:   

-      кредиттiк  оқыту  технологиясы  арқылы  білім  беруде  ЖОО    басшылығы  тарапынан 

жағдайлар  жасалуы  қажет,  яғни  заманға  сай  техника  құралдарымен    (ноутбук,  принтер, 

ксерокс,  сканер, интернет еркіндігі  және т.б.) әрбір оқытушы   қамтамасыз етілуі  тиіс;   

-  жаңа  бағыттағы  оқу,  білім  алу  жүйесімен  таныс  емес  студенттерге  жәрдемдесу  ретінде  

психологтың жұмыс белсенділігінің  артуы қажет;  

-  әрбір оқытушы  ұзаса екі-үш  пән бойынша ғана сабақ жүргізуі  тиіс;   

-  студенттермен  жұмыс  жасауда  ең  алдымен  оқытушы  тарапынан  әр  кез  белсенділіктің 

болуы;  

-  ЖОО жас мамандарға жол беру (магистранттар 2-жылдық білім  алғандар қызмет етуі);   

-    оқытудың    инновациялық  технологияларға  негізделген  интербелсенді  түрлі  амал 

тәсілдерін  үйлестіріп  қолдану;    

-  студенттердің  оқу-білім  алу  белсенділігін  арттырудың  тиімді  құралдарының  бірі  – 

студенттердің  өзіндік  жұмысы мен өздігінен  білім  алу әрекетін  жандандыру;   

-  нақты  білікті  мамандар  тарапынан  инновациялық  технологияларды  қолданумен    білім 

беру бойынша семинар-тренинг өткізілуі;   

-  мектепалды,  бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы  орта  білім  алуын  (колледж),    жоғары 

білім  (ЖЖО)  алу  барысында    үздіксіз  осы  иннвациялық  технологиялардың  қолданылуы 

мемлекет тарапынан қамтамасыз етілуі,  бақылау жүргізілуі.   

Демек,  заман  талабына  сай,  әр  оқытушы  жаңа  талапқа  сай  инновациялық 

технологияларды  өз  сабақтарында  күнделікті  пайдаланса,  сабақ  тартымды  да,  қонымды, 

тиімді  болары сөзсіз.   

 

Тағы  да  бір  айта  кетері,  қойылған  мақсатқа  жету  барысында,  студенттердің 



тәрбиелік  көркейюне,  жоғары  мәдениетті  болуына,  адамгершілік  қасиеттерін  биік ұстауға, 

тәртіптілікке  үнемі  бағыттап,  ескеріп  отыру  абзал.  Өйткені  оқыту  үрдісі  әр  кез  тәрбие 

үрдісімен  тығыз  байланыста  өтеді.  Осыған орай әл-Фарабидің «Бірінші мәселе білім емес, 

тәрбие...  Тәрбиесізге    берілген    білім  адамзатқа    апат  алып  келеді»  деген  ұлы  сөзі  өте 

орынды айтылған.  



ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 1 / 2011

 

 



95 

 

  



ӘДЕБИЕТТЕР: 

1.

 



Ш.Х.  Құрманалина,  Б.Ж.  Мұқанова,  Ә.У.  Ғалымова,  Р.К.  Ильясова    Педагогика.- 

Астана:  Фолиант, 2007.-656 б.  

2.

 

Таубаева  Ш.Т.,  Лактионова  С.Н.  Педагогическая  инноватика  как  теория  и  практика 



нововведений в системе образования. –Алматы, 2001.-296 с.   

3.

 



Педагогика.  Жалпы ред.басқарған Құдиярова А.М. – Алматы:  Дарын, 2004.- 448 б.  

4.

 



С.Б.  Құлдыбаева  Білім  беру  жүйесіндегі  жаңа  педагогикалық  технология  //  Білім-

образование. – 2009.-№6 (48). – Б. 27-31 

5.

 

Мирсеитова  С.,  Іргебаева  Ә.    Әрекеттегі    RWCT  философиясы    мен  әдістері.  Кәсіби 



даму мектебі.  – Алматы, 2006.-260 бет.   

6.

 



Н.М.  Амиргалина    Білім  берудегі  инновациялық  технологияның  бірі  –  тірек 

конспектілері  арқылы    оқытуды  колледж  оқу  үрдісіне ендіру // Білім-образование. – 2009.-

№4 (46). – Б. 17-19 

7.

 



Бiлiм  туралы  Қазақстан  Республикасының  2007  жылғы  27  шiлдедегi  N  319  Заңы  //

 

http://www.edu.gov.kz



 

8.

 



Әлімов  А.  Интербелсенді  әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану.–Алматы, 2009.-

328 б.  


9.

 

Подласый И.П. Педагогика:  100 вопросов-100 ответов. –М., 2003. -368 с.   



10.

 

 Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М.  Педагогика.- Алматы, 2004.- 420 б. 



11.

 

 Бексейітова  Б.Қазіргі  заманғы  педагог  //  Педагогика  мәселелері.-  2009.-  №1  (11).  –  Б. 



90-94   

 

 



Кылышпаева Б.Х. 

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы 

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ҒЫЛЫМИ - ТЕХНИКАЛЫҚ  ӘЛЕУЕТІНІҢ 

МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

 

Инновационная  политика  оказывает  воздействие  на  три  основных  аспекта: спрос, 

предложение  и  взаимодействие. Поддержка научных исследований- это пример оказания 

воздействия на предложение, а создание специализированных институтов, ответственных 

за  обслуживание  инновационного  процесса,  представляет  собой  попытку  создания 

эффективных  каналов взаимодействия между потребителями и продавцами инноваций. 

Innovation  politics  influences  to  three  main  aspects:  consumption,  offer  and 

interrelationship.  Supporting  of  scientific  researches  is  a  sample  of  influence  on  the  sentence  and 

formation  of  specialized  institutions  which  are  responsible  for  the  innovational  services.  And  it 

deals  with  creating  of  effective  canals  of  interrelations  between  consumers  and  innovational 



sellers. 

 

Каталог: uploads -> files -> 2016-02
2016-02 -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 /2013
2016-02 -> Жансҥгіров атындағы жму хабаршысы №4 / 2013
2016-02 -> Вестник жгу им. И. Жансугурова №1 / 2011
2016-02 -> Вестник жгу им. И. Жансугурова №4 / 2011
2016-02 -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 / 2014
2016-02 -> Вестник жгу им. И. Жансугурова №4 / 2011
2016-02 -> Вестник жгу им. И. Жансугурова №4 / 2011
2016-02 -> Программа рнцп «Дарын» (республиканский научно-практический центр)- алматы, 1998
2016-02 -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 /2013
2016-02 -> ӘОЖ: 82-1 А.Қ. Тұрысбекова

жүктеу 132.45 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет