В экономической части выпускной работы рассмотрены вопросы расчета



жүктеу 3.34 Mb.
Pdf просмотр
бет1/8
Дата14.09.2017
өлшемі3.34 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8









 

 

10 

Аңдатпа 

 

Бұл бітіру жұмысында локальді желілердегі QoS (Quality of Service) сапа 



көрсеткіштері  көрсетілген.  Сонымен  қатар  жұмыста  локальді  желілердегі 

дестелердің  кезекте  күтуінің  орташа  уақыты,  тапсырыстың  жүйеде  болуының 

орташа  уақыты,  кезектің  орташа  ұзындығы  және  түйіндегі  тапсырыстардың 

орташа саны үшін есептеулер жүргізілді. 

Бітіру  жұмыстың  экономикалық  бөлімінде  жүйе  тиімділігін  есептеу 

мәселелері қарастырылған. 

Өміртіршілік  қауіпсіздігі  бөлімінде  электрқауіпсіздігін  қамтамасыз  ету 

мақсатында есептелу жүргізілген. 

 

 

Аннотация 



 

В  данной  выпускной  работе  дается  анализ  предлагаемых  методов 

численной оценки и  показателей качества QoS (Quality of Service) в локальных 

сетях  .  В  работе  еще  были  приведены  расчеты  среднего  времени  ожидания 

пакетов,  среднего  времени  пребывания  заявок  в  системе,  средней  длины 

очереди и среднего числа заявок в системе. 

В экономической части выпускной работы рассмотрены вопросы расчета 

эффективности системы. 

В  разделе  безопасность  жизнедеятельности  приводятся  расчеты  с  целью 

безопасности от электричества. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

11 

Мазмұны 

Кіріспе....................................................................................................................    9 

1

.

 Локальді желілердегі қызмет көрсету сапасының қазіргі күйін талдау.....



 

10 


1.1

 

Локальді желілердегі  QoS сипаттайтын негізгі параметрлер.........  10 



1.2 Қызмет көрсету функциялары............................................................ 

19 


2.

 

Қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету әдістері........................................



 

26 


2.1 Телекоммуникация желілеріндегі трафикті топтастыру..................

 

26 



2.2.Қосымшалар кластары.........................................................................

 

27 



2.3. QoS қамтамасыз ету модельдері........................................................

 

28 



2.4.Qos қамтамасыз ету технологиясын талдау......................................

 

30 



2.5. Математикалық модельдеу.................................................................  35 

2.6. Аналитикалық модельдеу әдісі..........................................................

 

35 


2.7 Көпарналы ЖҚЖ-ның сипаттамалары................................................

 

41 



3.Локальді желінің имитациялық моделі.............................................................  46 

3.1 GPSS/World имитациялық модельдеу жүйесіне ену..........................

 

46 


3.2 GPSS моделінің құрылымы және құрамы...........................................  46 

3.3  Сақиналы  құрылымды  локальді  –  есептегіш  желі  моделін  іске 

асыратын жүйенің имитациялық моделі............................................................. 

 

49 



3.4 Модельдің тұрақтылығын зерттеу....................................................... 

3.5Модельдің 

тиімділігін 

зерттеу 


үшін 

арналған 

тесттік 

есептеулер.............................................................................................................. 

4 Еңбекті қорғау және өміртіршілік қауіпсіздігі................................................ 

4.1 Еңбекті қорғау........................................................................................ 

53 

 

54 



56 

56 


4.2 Бөлме желдетуінің есептелуі................................................................ 

4.3Компьютер 

сыныбындағы 

табиғи 


жарықтандыруды 

есептеу..................................................................................................................... 

4.4 Өміртіршілік қауіпсіздігі...................................................................... 

59 


 

63 


67 

4.5 Қоршаған ортаны қорғау.......................................................................  73 

5 Бизнес жоспар.....................................................................................................  75 

5.1 Түйін........................................................................................................

 

75 


5.2 Компания және сала..............................................................................

 

75 



5.3 Қызметтерді (өнімдерді) бейнелеп жазу.............................................

 

75 



5.4 Нарықтық өтімді талдау. Нарық қызметтерін зерттеу....................... 

 

76 



5.5 Маркетингті стратегия (бағдарлама)...................................................

 

76 



5.6 Финанстық жоспар................................................................................

 

77 



5.7 Табысты есептеу....................................................................................

 

78 



5.8 Эксплуатациялық шығын есебі............................................................

 

81 



5.9 Әлеуметтік сақтандыру қорына шығару............................................. 

5.10 Экономикалық тиімділіктің көрсеткіштерін есептеу.......................

 

82 


84 

Қорытынды.............................................................................................................  87 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................  88 

Қысқартылған сөздер тізімі..................................................................................    90 

Қосымша А.............................................................................................................    91 

Қосымша Б............................................................................................................     94 



12 

Кіріспе 

 

Қызмет  көрсету  сапасымен  қамтамасыз  ету  (QoS)  телекоммуникация 



саласының  даму  тарихында  белсенді  түрде  зерттеліп  және  стандартталып 

келеді.  Қазіргі  заманғы  телекоммуникациялық  желілерде  таратылатын 

трафиктің  көлемі  мен  сипаты  әрқашан  өзгеріп,  осыған  сәйкес  көрсетілетін 

инфокоммуникациялық  қызмет  түрлері  де  әр  түрлі  болып  келеді.  Мұндай 

процесте  маңызды  рөлді  мәліметтер  тарату,  видео,  дауыс,  сонымен  қатар 

тапсырыс бойынша видео көрсететін IP телевидение, IP телефония, аудио және 

видеоконференция  және  т.б  секілді  мультимедиялық  қызмет  түрлері 

атқарады.Жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерін көрсету үшін қызмет көрсету 

параметрлерінің  талаптар  тізімін  орындау  қажет  екендігі  белгілі.Ол 

параметрлерге дестелерді жоғалту ықтималдығы, тарату кідірісі, джиттер және 

т. б жатады.  

Қызмет  көрсету  сапасымен  қамтамасыз  ету  (QoS)  –  локальді  желілерде, 

дистанциялық  оқыту  жүйелерінде  қазіргі  заманға  сай  мультимедиялық 

қосымшалары  бар  дестелер  коммутациясын  қолданатын  желілер  үшін  ең 

маңызды талаптардың бірі болып табылады.  

Қазіргі  кезде  телекоммуникация  саласында  қызмет  көрсету  сапасының 

талаптар  тізіміне  сай  трафиктерді  тарату  өзекті  тапсырмалардың  бірі  болып 

табылады.  Желі  ресурстарын  тиімді  емес  қолдану,  қызмет  көрсету  сапасына 

қойылатын  қатаң  талаптар  локальді  желілерде  трафик  тарату  кезінде  қызмет 

көрсетудің сапасының нашарлауына акеп соқтырады. 

Қызмет  көрсету  сапасымен  қамтамасыз  ету  әдістері  әр  түрлі  кезекті 

басқару  алгоритмдері,  резервтеу  және  кері  байланыс  қолданылатын  трафикті 

тарату кезіндегі коммутациялық құрылғылардағы кезекке әсеріне аса үлкен мән 

береді. 


Дестелер  коммутациясында  кезек  ең  маңызды  бөлшектердің  бірі  болып 

табылады.  Мұндай  желілердің  жұмыс  атқару  принциптері  дестелер 

коммутаторының әрбір кіріс және шығыс интерфейстерінде буфердің болуына 

негізделген.  Қайта  жүктелу  кезінде  дестелердің  буферленуі  осындай  типті 

желінің  жоғары  өнімділігін  қамтамасыз  ететін  трафиктің  негізгі  механизмін 

қолдауды көрсетеді. 

Бұл бітіру жұмысының негізгі мақсаты болып локальді желілерде қызмет 

көрсету сапасын арттыру әдістерін анықтау болып табылады. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

13 

1  Локальді  желілердегі  қызмет  көрсету  сапасының  қазіргі  күйін 

талдау 

 

 

1.1 Локальді желілердегі  QoS сипаттайтын негізгі параметрлер 

 

 

Локальді желілердегі  QoS қызмет көрсету сапасының функциясы желілік 

трафикті  дифференциалды  және  сенімді  қызмет  көрсетумен  қамтамасыз  ету 

болып  табылады.  QoS  мәліметтер  ағынын  тасымалдау  кезінде  желі 

ресурстарына қойылатын талаптар тобын көрсетеді. QoS  механизмдерін ендіру  

желілік  жалғанудың  өндірумен  белгілі  шектеулермен  қосылуына  жағдай 

жасайды.  Желілік  жалғанудың    өнімділігінің  негізгі  сипаттамалары  болып 

өткізу жолағы, кідіріс,діріл және дестелерді жоғалту деңгейі болып табылады. 

Осы  айтылған  өнімділік  сипаттамалары  осы  тараудың  келесі  бөлімдерінде 

толық қарастырылады.[1] 



Өткізу  жолағы.Өткізу  жолағы  термині  (bandwidth)  ақпаратты  тарату 

ортасының,хаттаманың немесе жалғаудың номинальді өткізу қабілетін сипаттау 

үшін қолданылады. Бұл термин желі қарым  – қатынасының қосымшасы талап 

ететін «арна енін» жеткілікті эффективті түрде анықтайды. 

Ереже бойынша сенімді қызмет көрсету сапасына мұхтаж әрбір жалғану  

желіден  минимальді  өткізу  жолағын  резервтеуді  талап  етеді.  Мысал  ретінде, 

цифраланған  сөзді  таратуға  негізделген    қосымша  интенсивтілігі  64  кбит/сек 

ақпарат  ағынын  тудырады.  Мұндай  қосымшаларды    жалғанудың  кез  келген 

аумағында  өткізу  жолағының  64  кбит/сек  төмендеуінен  қолдану  практикалық 

түрде мүмкін болмай отыр. 



Десте тарату кезіндегі діріл және кідіріс.Дестені тарату кезіндегі кідіріс 

(packet  delay),  немесе  латенттеу  (latency),  әрбір  өткелде  сериализация 

кідірісінен,  тарату  кідірісінен  және  коммутация  кідірістерінен  тұрады. 

Жоғарыда айтылған кідіріс типтерінің анықтамалары төменде көрсетілген: 



1)Сериализация  кідірісі  (serialization  delay).  Өткізу  жолағының  берілген 

ені  бойымен  дестені  таратуға  құрылғыға  қажет  уақыт.  Сериализация  кідірісі 

ақпарат  тарату  арнасының  өткізу  жолағының  енінен,  және  де  таратылатын 

дестенің  өлшеміне  тәуелді.  Мысалға,  64  байт  өлшемді  дестені  берілген  3 

Мбит/сек  өткізу  жолағымен  тарату  кезіндегі  уақыт  171  нс-қа  ғана  тең.  Назар 

аударатын  жайт,  сериализация  кідірісі  өткізу  жолағына  өте  қатты  тәуелді:64 

баит өлшемді берілген 19.2 Кбит/с өткізу жолағымен тарату уақыты 26 мс тең. 

Жиі сериализация кідірісін тарату кідірісі деп те атайды(transmission delay). 



2)Тарату  кідірісі  (propagation  delay).Арнаның  келесі  соңындағы 

қабылдап  алатын  құрылғыға  таратылған  ақпарат  битіне  кететін  уақыт.  Бұл 

өлшем  жеткілікті  түрде  бар,  себебі  ақпарат  тарату  жылдамдығы  жарық 

жылдамдығымен  өлшемдес.  Назар  аударатын  жағдай,  тарату  кідірісі  өткізу 

жолағы емес, арақашықтық пен ақпарат таратуға қолданылатын ортаға тәуелді. 

Глобальді  желідегі  байланыс  линияларына  арналған  тарату  кідірісі 



14 

миллисекундпен  өлшенеді.  Біріккен  штаттардың  трансконтинентальды 

желілеріндегі тарату кідірісі 30 мс тең.[4] 

3)Коммутация  кідірісі  (switching  delay).Дестені  қабылдаған  құрылғыға 

келесі құрылғыға таратуға кететін уақыт. Ереже бойынша, бұл 10 нс кіші. 

Әдетте бірдей трафик ағынына жататын дестенің әрбір түрі  кідірістің әр 

түрлі  мәндерімен  таратылады.  Дестені  тарату  кезіндегі  кідіріс  арадағы 

желілердің күйіне байланысты өзгеріп отырады. 

Желіде  жүктеме  жоқ  кезде  дестелер  маршрутизаторларда  кезекке 

тұрмайды,  ал  дестені  тарату  кезіндегі  кідірістің  жалпы  уақыты  сериализация 

кідірісі  мен  әрбір  арадағы  өткелдегі  тарату  кідірістерінің  қосындысынан 

тұрады.  Бұл  жағдайда  берілген  желі  арқылы  дестені  тарату  кезіндегі 

минимальді  кідірісті  айтуға  болады.  Айта  кететін  жайт,  сериализация  кідірісі 

тарату кідірісінен өткізу қабілеттігі үлкен арна көмегімен дестені тарату кезінде 

болмашы ғана болады. 

Егер  желі  жүктелген  болса  маршрутизаторлардағы  кезекті  құрайтын 

кідірістер дестелерді тарату кезіндегі жалпы кідіріске әсер ете бастайды, және 

сол  ағынға  жататын  әр  түрлі  дестелерді  тарату  кезіндегі  кідірістер 

айырмашылығын  туындауына  алып  келеді.  Дестелерді  тарату  кезіндегі 

кідірістер  ауытқуы  дестелерді  тарату  кезіндегі  діріл  деген  атауға  ие  болды 

(packet jitter). [1] 

Желілік  сервистарға  транспорт  қызметін  көрсететін  IP  желісінің 

тұрғысынан  қарағанда,  транспорттық  ортаның  сапасын  анықтайтын  бірнеше 

параметрлер қалыптасады: 

1)Айналу  кідірісі  (RTD  –  round-  trip  delay  time,  RTT  –  round  –  trip  time, 

RTL  –  round  –  trip  latency).  Дестенің  желінің  бір  нүктесінен  келесі  нүктесіне 

дейін,  және  керісінше  дестенің  жауабын  аламын  дегенше  қажет  уақыт. 

Сонымен  қатар  тәжірибеде  біржақты  өтудың  кідірістеріде  анықталынады, 

алайда оларды өлшеу қиындықтарына байланысты жиі емес қолданады. Өлшеу 

берілген уақыт аралығында орындалады, және де период ішінде максимальды, 

минимальды және орташа кідіріс мәні жазылады. 

Дестені желіде тарату көптеген факторлармен анықталынады:жіберуші  – 

станцияда дестенің қалыптасу уақытымен, желінің тарату түйіндері арасындағы 

кідіріспен,  маршрутизация  –  коммутация  кідірісімен,  қабылдаушы  станцияға 

дестені өңдеуге қажетті уақытпен.[5] 

2)Кідіріс  вариациясы  (Jitter,  IPDV  –  IP  Packet  Delay  Variation,  PDV  – 

packet  delay  variation).    Параметр  RFC3393  та  екі  дестенің  арсындағы  өту 

кезіндегі кідіріс айырмашылығы ретінде анықталынады: 

 

D

i,j



=(R

-R



i

)- (S


j

-S

i



)=(R

j

-S



j

)- (R


i

-S

i



)                                    (1.1) 

 

мұндағы R – дестені жіберу уақыты; 



S – оның жеткізілу уақыты; 

D

i,j 



– кідіріс вариациясы. 

 


15 

Кідіріс  вариациясының  пайда  болуы  –  IP  желісіндегі  дестелік 

коммутацияның тікелей айғағы. Идельды түр кезінде вариация нөлге тең болуы 

қажет,  яғни  дестелерді  жеткізу  жылдамдығы  өзгермеуі  қажет.  Алайда  желі 

түйіндері  арқылы  өтетін  желілік  ағынның  бірдей  еместігінен,  сонымен  қатар 

желілік  трафиктың  механизмдерінің  дифференциалдық  қызмет  көрсету  іс 

әрекетінен  вариация  нөлдік  емес.  Жүктеме  кезінде  желілік  құрылғының 

интерфейстерінде PDV өстетіндігін ескеру қажет. 

Төмендегі  сурет  дестені  бірқалыпты  емес  тарату  кесірінен  кідіріс 

вариациясының қалай пайда болатынын көрсетеді. 

 

 

 



 

1.1- сурет. Кідіріс вариациясының пайда болуы 

 

3)Магистральды  желіге  қосу  жылдамдығы  –  бұл  түсіндіруді  қажет 



етпейтін  анық  параметр.  Өткізу  жолағы  әр  түрлі  қосымшалармен  қатар 

қолданылады. 



Дестелер дірілі үлкен мәнге ие, тағайындалған соңғы пунктегі дестелерді 

қабылдау  кезіндегі  максимальді  кідірісті  анықтайды.Қолданылатын  қосымша 

типіне  байланысты  қабылдаушы  жақ  дірілдің  жоғары  шекарасына  тең  немесе 

кіші  уақыт аралығында қабылданған дестелерді сақтауға арналған қабылдаушы 

буферді  орнату  арқылы  компенсациялай  алады.  Бұл  категорияға  үзіліссіз 

мәліметтер  ағынын  тарату/қабылдау  үшін  бағытталған,мысалы  Internet-

телефония  видеоконференцияны  өткізуді  қамтамасыз  ететін  қосымшалар 

жатады. 


1.2-суретте  арнаның  өткізу  жолағының  өсуіне  байланысты  дестелерді 

тарату  кезіндегі  жалпы  кідіріске  сериализация  кідірісі,тарату  кідірісі  және 

коммутация кідірісінің әсері көрсетілген.[12] 

Көңіл  аударатын  нәрсе,  сериализация  кідірісі  арнаның  өткізу  қабілеттігі 

жоғарылаған  сайын  тарату  кідірісімен  салыстырғанда  елеусіз  болып  қалады. 

Коммутация  кідірісі  маршрутизаторлар  кезектеріндегі  дестенің  жоқтығы 

кезінде еленбейді, алайда кезектер саны өскен сайын маңызды түрде көбейеді. 

Дестелерді  жоғалту.Дестелерді  жоғалту  деңгейі  (packet loss) дестелерді 

тарату  кезінде  желіден  шығарылатын  дестелер  санымен  анықталады. 

Дестелерді жоғалтудың негізгі себептері болып  желі жүктемесі және байланыс 


16 

линияларымен  дестелерді  тарату  уақытында  дестелерге  зақым  келу  болып 

табылады. Жиі түрде дестелерді шығарып тастау жүктеме орындарында жоғары 

болады,  мұнда  келіп  түсетін  дестелер  шығатын  кезектің  өлшемінің  жоғары 

шекарасынан  біршама  басым  түседі.  Сонымен  қатар,  дестелерді  шығарып 

тастау  кірістегі  буфер  өлшемі  жеткіліксіз  болған  кезде  орындалады.  Ереже 

бойынша,  дестелерді  жоғалту  деңгейі  белгілі  уақыт  интервалы  кезіндегі 

шығарып тасталынған дестелер үлесімен өрнектеледі.[4] 

 

 

1.2-



сурет. 

1500 баит өлшемді дестені арнамен тарату кезіндегі жалпы 

кідіріс құрылымы 

 

Кейбір қосымшалар дестелердің жоғалуы кезінде қалыпты түрде қызмет 

ете алмайды немесе эффективті емес түрде қызмет етеді. Мұндай қосымшалар 

желіден барлық дестелерді сенімді жеткізіге кепілдеме талап етеді. 

Ереже  бойынша,  жақсы  жобаланған  желілерде    дестелерді  жоғалту  өте 

төмен  мәнмен  сипатталады.  Дестелер  жоғалуы  осы  қосымшалар  алдын  ала 

резервтеп  алған  ресурстарды  талап  ететін  қосымшаларға  тән  емес. 

Оптоталшықты байланыс линияларына келетін болсақ  (Bit Error Rate  — BER) 

10E-9  қателік  биттері  пайда  болу  жиілігіне  қарай  желінің  жүктемесі  жоғары 

жерлерде  ғана  дестелерді  жоғалту  пайда  болады.  Өкінішке  орай  дестелерді 

шығарып  тастау  кепілдіксіз  трафикті  тарату  кезінде  шарасыз,  алайда  бұл 

жағдайда  да  бұл  шарттасқан.  Ескере  кететін  жайт,  шығарылып  тасталынған 

дестелер  желі  ресурстарын  эффективті  емес  түрде  пайдаланғанымызды 

көрсетеді,  ресурстардың  бөлігі  олар  жоғалған  нүктеге  дейін  дестелерді 

жеткізуге кетеді.[3] 

Дестелерді  жоғалту  тағайындалған  жеткізу  жеріне  жеткізілмеген 

дестелердің проценті ретінде анықталынады. 

Желіде дестелерді жоғалтудың бірнеше себептері бар, олар: 

1)Желі  жүктелген  кезде  коммутатор  мен  маршрутизаторларда  кезектер 

саны  жылдам  өседі.  Егер  желі  жүктемесі  ұзақ  уақытқа  созылатын  болса, 



17 

буферлер көлемі артады да, сол себепті дестелер жоғалады. 

2)Дестедегі  қателер  саны  болса  дестелердегі  мәліметтер  қабылдаушы 

жақтың  сұранысымен  қайта  таратылуы  мүмкін,  ал  дестелерді  қайта  тарату 

дестелер  кідірісін  көбейтеді.  Сол  себепті  дестелік  тарату  кезінде  қателері  бар 

дестелер  шығарылып  тасталынады.  Сөздік  дестелердің  жоғалуы  үлкен  уақыт 

интервалы  кезінде  орташа  есеппен  1  пайыздан  аспауы  керек.  Жоғалту 

коэффициенті үлкен мәнге ие болған кезде сөз жағында үзілістер пайда болады. 



Джиттер.  Дестелік  коммутациясы  бар  желілерде  мәліметтер  мен  сөз 

локальді желі арқылы тарату үшін дестелерге бөлінеді, жиі мынадай жағдайлар 

орын  алады,  дестелер  тағайындалған  жерге  әр  түрлі  уақытта  және  әр  түрлі 

ретпен  келеді.  Бұл  дестелерді  жеткізудің  уақытының  бөлінуіне  алып  келеді  – 

джиттер  (немесе  кідіріс  вариациясы).  Джиттер  сөзді  тарату  кезінде  әр  түрлі 

бұзылуларға  алып  келеді,  бұл  әр  түрлі  түрдегі  шулар  ретінде  қабыл  алынады. 

Джиттердің негізгі үш пішінін бөлуге болады: кездейсоқ джиттер(Random Jitter 

-  RJ)  –  жылулық  шудың  нәтижесі;  мәліметтерге  бағынышты  джиттер  -  (Data 

Dependent Jitter - DDJ) – желі компоненттерінің бұзылуы кезінде немесе өткізу 

жолағы  шектелген  болған  кезде  орын  алады;  жұмыстық  циклдің  бұрмалануы 

(Duty  Cycle  Distortion  -  DCD)  –  жоғарыдан  төменге  және  төменнен  жоғарыға 

тарату кезіндегі тарату кідірісі кесірінен пайда болады.[5] 

Джиттердің пайда болуының келесі себептерін бөлуге болады: 

1)Желі  әсері.  Дестенің  желі  арқылы  өту  уақыты  әркелкі.  Егер  желідегі 

жүктеме  аз  шамада  болса,  коммутаторлар  мен  маршрутизаторлар  дестелерді 

дер  кезінде  өңдей  алады,  ал  байланыс  линиясына  әрқашан  қол  жетімді.  Егер 

желіде  үлкен  жүктеме  орын  алған  жағдайда,  дестелер  ұзақ  уақытта  кезекте 

қызмет 


көрсетуді 

күтетін 


болады. 

Десте 


өтетін 

коммутаторлар, 

маршрутизаторлар және маршруттағы линиялар саны көп болған сайын, оның 

кідіріс уақыты да және осы уақыттың вариациясы, яғни джиттері көп болады; 

2)Операциялық  жүйенің  әсері.  IP-телефонияның  көптеген  қосымшалары 

қарапайым  бағдарламалар  болып  табылады,  олар  кез  келген  операциялық 

жүйеде,  мысалға  Windows  или  Linux  орындалады.  Бұл  бағдарламалар 

перифериялы  құрылғыларларға осы  құрылғылардың драйверлерімен байланыс 

орнату  үшін  қосымша  бағдарламалар  интерфейсі  арқылы  назар  аударады, 

локальді желіге қатынау Socket-интерфейсі арқылы орнатылады. 

Жиі  түрде  операциялық  жүйелер  орталық  процессордың  әр  түрлі 

процестер  арасында  нақты  тарату  ондаған  миллисекундтан  асатын  уақытын 

бақылай  алмайды,  және  де  сырттағы  құрылғылардан  келетін  бір  келуді  осы 

уақыт  ішінде  өңдей  алмайды.    Нәтижесінде  желілік  интерфейстер  және 

сырттағы  құрылғының  сөздік  шығаруы  арқылы  ақпаратты  жылжыту  кезіндегі 

кідіріс қолданылатын сөздік кідірістің алгоритмынан тәуелсіз сол реттегі немес 

одан да үлкен өлшемге тең;[10] 

3)Джиттер – буфер әсері. Джиттер әсері кезіндегі қиыншылықтар дестелі 

–бағытталған желілерде білінеді.  Сөздік дестелер өлшенген уақыт аралығында 

таратылады  (әрбір  20  мс  сайын),  бірақ  желі  арқылы  таратылғанда  дестелер 

кідірісі әр түрлі болады, сол себепті олар тағайындалған жерге әр түрлі уақыт 


18 

мезеттерінде жетеді. 

 T



 желісі арқылы өтетін дестелердің өтуінің кідіріс уақытын анықтайық. 



Бұл  өз  кезегінде  тұрақты  Т  құраушысы  (тарату  уақыты  +  кезектегі  кідірістің 

орташа  уақыты  )  және  джиттердің  нәтижесі  болып  табылатын  j  айнымалы 

өлшемнің қосындысымен анықталады: 

 

                                                      T



i

= T±j                                                     (1.2) 

 

мұндағы T



i

 - дестелердің өтуінің кідіріс уақыты; 

T - тарату уақыты; 

j - джиттердің нәтижесі. 

 

Джиттер  әсерін  компенсациялау  үшін  терминалдарда  джиттер  –  буфер 



аталынатын  қолданылады.  Ол  жадысында  көлеммен  анықталатын  уақыт 

аралығында  келіп  түскен  дестелерді  сақтайды.  Дестелер  арасындағы 

интервалдар  RTP  –  дестелердің  уақытша  белгі  негізінде  қалыпқа  келеді.  Егер 

желі  арқылы  дестелер  таратқанда  олар  «шатасқан»  болса,  джиттер  –  буфер 

олардың кезегін қалыпқа келтіреді. [9] 

Өте қысқа буферлер «кешіккен» дестелердің жиі жоғалуына, ал өте ұзын 

буферлер рациональды емес үлкен қосымша емес кідіріске алып келуі мүмкін.  

Әдетте буфер ұзындығын жалғану орнатылған мезет бойы динамикалық түрде 

орнату  қарастырылады.  Ең  жақсы  ұзындықты  таңдау  үшін  эвристикалық 

алгоритмдер қолданылады; 

4)Таратылатын  кадр  дестелері  саны  мен  кодектің  пайда  болуы.  Сөзді 

кодтау/  декодтаудың  көптеген  заманға  сай  эффективті  алгоритмдері    жеке 

есептегі  кодтар  тізбегінде  емес,  мәліметтерді  кадр  ретінде  таратуға 

бағытталған.    Сәйкесінше  уақыт  аралығында  кадр  кодекінің  өлшемімен 

анықталатын  ұзындықтағы  есеп  беруді  көрсетудің  сандық  тізбектері 

жинақталады.    Сонымен  қатар,  кейбір  кодектерге  кадрға  қарағанда  сөздік 

ақпарат санының алдын ала талдауы қажет. Бұл құтылмайтын жинақтау уақыты 

және алдын ала алынған талдау десте кідірісінің жалпы ұзақтығына кіреді.[8] 

Кадр  ұзындығы  аз  болған  сайын,  кідірісте  аз  болу  керек  деп  болжауға 

болады.  RTP  /  UDP/  IP  дестелердегі  қосымша  ақпарат  аздығынан  кіші 

мәліметтер  дестесін  тарату  эффективті емес,  кадр  ұзындығы  аз  болған  кездегі 

кодекті қолдану бірнеше кадрды бір дестеге жинақтауға алып келеді.Сонымен 

қатар  ұзындығы  үлкен  кадрларды  тарату  тиімді,  себебі  үлкен  уақыт  периоды 

сигналды «бақылай» алады, және де осы сигналды эффективті моделдей алады. 



Желі  өндіруші-  тұтынушы  мәліметтерін  тарату  жылдамдығы.  Бұл 

таратудың  эффективті  жылдамдығы  ретінде  анықталады,  ол  секунд  битпен 

өлшенеді.    Ескере  кететін  жағдай  бұл  параметр  желінің  максимальды  өткізу 

қабілетімен  сәйкес  келмейді.  Қызмет  көрсету  провайдері  өндірудің 

минимальды мәніне кепілдеме береді, және ол өз кезегінде желі провайдерінің 

кепілдемесіне сәйкес болуы керек. 



Желі/  желі  элементтерінің  сенімділігі.  Әдетте  тұтынушылар  желі  және 

19 

желі  жүйелерінен  сенімділіктің  жоғары  деңгейін  күтеді.  Желі  сенімділігі 

бірнеше  параметрлер  ретімен  сипатталады,  соның  ішінде  ең  жиі 

қолданылатыны  желінің  дайын  болу  коэффициенті,  ол  объектінің  тұру 

уақытының  объектіні  объектінің  тұру  уақыты  мен  оған  бас  тарту  уақытының 

қосындысымен 

анықталатын 

бақылаудың 

косындысының 

өлшеміне 

қатынасымен  анықталады.Идеалды  түрде  желінің  дайын  болу  коэффициенті  1 

ге  тең  болу  қажет,  бұл  желінің  дайындығының  жүз  пайыз  екенін  көрсетеді. 

Алайда  тәжірибеде  желінің  дайын  болу  коэффициенті  «тоғыздық»  деп 

аталынатын  коэффициенттермен  бағаланады.  Мысалға,  «үш  тоғыздық»  дайын 

болу  коэффициенті  0,999  екенін  білдірсе,  бұл  өз  кезегінде  жыл  ішінде  желі  9 

сағат  кол  жетімді  болмағанның  айғағы.  Ал  жалпы  қолданыстағы  телефон 

желісінің  дайын  болуы  «бес  тоғыздық»  өлшемімен  анықталады,  бұл  5,5  мин 

тұрудың бір жылда болғандығының айғағы. [4] 

Дестені  жеткізудің  орташа  кідірісі  –  қабылданған  және  таратылған 

дестелер  топтамасында  дестелер  кідірісінің  орташа  арифметикалық  мәні 

ретінде анықталады. Оның мағынасы желі бойынша таратылатын трафик және 

желінің  қол  жетімді  ресурстарынан,  сонымен  қатар  өткізу  қабілетіне 

тәуелді.Қол  жетімді  желі  ресурстарының  азаюы  мен  жүктеменің  көбеюі  желі 

түйіндерінде  кезектің  көбеюіне  алып  келеді,  сәйкесінше  дестенің  жеткізудің 

орташа кідірісінің көбеюіне. 

Кідіріске  жиі  сезімтал  сөздік  ақпарат,  және  жеке  алғанда  видеоақпарат 

болып  табылады.  Ал  мәліметтерді  тарату  кідіріске  аса  сезімтал  емес.  Егер 

дестені  жеткізудің  кідірісі  арнайы  өлшем  Т

max 

асатын  болса,  онда  дестелер 



желіден шығарып тасталынады. Кідіріс вариациясын Vk шамасы сипаттайды. k 

индексі  бар  дестелер  үшін  желінің  кірісіндегі  және  шығысындағы  жаңағы 

параметр  k  индексі  бар  дестенің  Xk  кідірісінің  абсолютті  өлшемінен,  желінің 

сол  нүктелерінің  дестені  жеткізудің  кідірісінің  эталонды  өлшемінің 

айырмасымен анықталады: 

 

                                          Vk=Xk – d



1,2  

         

                 

     


(1.3) 

 

мұндағы Vk – кідіріс вариациясының шамасы



Xk – дестенің кідірісінің абсолютті шамасы; 

d

1,2



 - дестені жеткізудің эталонды кідірісі. 

 

Дестені  жеткізудің  эталонды  кідірісі  (тіреулі)  d



1,2 

  желінің  берілген 

нүктелері  аралығында  бірінші  дестені  жеткізудің  абсолютті  мағынасы  ретінде 

қабылдаушы мен таратушы арасында анықталады. Джиттер тізбектегі дестелер 

қабылдаушы белгіленбеген уақыт мезетінде келген уақытта анықталынады. 

Дестелерді  жоғалту  коэффициенті  жоғалған  дестелердің  қабылданған 

дестелердің  жалпы  санына  қатынасымен  анықталынады.  Локальді  желіде 

дестелердің  жоғалуы  тарату  кезіндегі  кідіріс  саны  қалыпты  Т

max 


өлшемінен 

артық  болған  кезде  пайда  болады.Мәліметтерді  тарату  кезіндегі  дестелердің 

жоғалуы  қабылдаушы  жақтың  қайта  сұранысы  бойынша  қайта  жіберуі 


20 

орындалуы  мүмкін.  Қабылдаушыға  кідіріспен  келген  дестелер  T

max 

мәнінен 


артық  шығарылынып  тасталынады.  Дестелерді  жоғалту  кезіндегі  басты 

себептердің  бірі  ретінде  желі  жүктемесі  кезінде  пайда  болатын  желілік 

түйіндердегі кезектің өсуін атап кетуге болады. 

Дестелер 

қателерінің 

коэффициенті 

қателермен 

қабылданған 

дестелердің  сәтті  түрде  қабылданған  қателіктері  бар  дестелермен  қосындысы 

арқылы табылады. [5] 

QoS  типтері  «қатаңдық»  деңгейі  бойынша  бөлінеді,  яғни  QoS 

сипаттамаларының  –  өткізу  қабілетінің,  кідірістің,  кідіріс  вариациясының, 

дестелерді жоғалту деңгейінің мағыналарын қаншылықты қатаң кепілдеме бере 

алатындығына байланысты. 

 

1.1-  к е с т е .  Мәліметтер  тарату  желісінің  функционалдау  көрсеткішінің 



техникалық нормалары 

№ 

 



Көрсеткіштер 

атауы 


 

Таратылатын трафик типі 

Интеракт

ивті 


 

Спутникті 

байланыс 

линиялары 

кезіндегі 

интерактивт

і 

 

Сигналды 



 

Ағынды 


 

Интерактивті,ағы

нды 

және 


сигналды 

трафикті ескермей 

отырып 

мәліметтерді 



тарату трафигі 

1



Ақпарат 

дестелерін 

таратудың 

орташа кідірісі 

(мс) 

100ден 


аспайды 

400ден 


аспайды 

100ден 


аспайды 

400ден 


аспайды 

1000нан аспайды 

2



Ақпарат 



дестелерін 

таратудың 

кідірісінің 

орташа мәннен 

ауытқуы 

50ден 


аспайды 

50ден 


аспайды 

нормалан


байды 

50ден 


аспайды 

нормаланбайды 

3



Ақпарат 



дестелерінің 

жоғалту 


коэффициенті 

 

 



 

0,001 ден 

аспайды 

0,001ден 

аспайды 

0,001ден 

аспайды 

0,001ден 

аспайды 

0,001ден аспайды 

4



Ақпарат 



дестелерінің 

қателіктерінің 

коэффициенті 

 

0,0001ден 



аспайды 

0,0001ден 

аспайды 

0,0001ден 

аспайды 

0,0001де


н 

аспайды 


0,0001ден 

аспайды 


21 

QoS қызметінің үш типін көрсетуге болады: 

1)Сервис  максимальді  күшейтумен,  соңғы  түйіндер  қарым-  қатынасын 

кепілдіксіз  қамтамасыз  етеді.  Бұл  қызмет  көрсетудің  түрлері  -  Ethernet  немесе 

IP,  бұлар  жеке  колданушылар  мен  қосымшалардың  дестелерінің  арасында 

ешқандай  айырмашылық  білдіртпейді  және  дестелерді  FIFO  (бірінші  келді  – 

бірінші қызмет көрсет) әдісі бойынша қызмет көрсетеді. 

2)Қалауы бар сервис. (QoS «жұмсақ» сервисі) – трафиктың кейбір типтері 

басқаларына қарағанда жақсырақ қызмет көрсетіледі. Жылдам өңделеді,орташа 

есеппен  өткізу  қабілеті  жоғары  және  мәліметтер  шығын  болуы  аз.  Бұл  тек 

статистикалық түсіндірме, сандық түрде көрсетілген кепілдеме емес. Осы типті 

QoS    қызметінің  жұмысы  арқылы  алынатын  QoS  параметрлерінің  нақты 

мағынасы белгісіз және желі ұсынған трафик сипаттамасына тәуелді. Мысалға, 

егер  жоғары  приоритетті  трафик  осы  уақытта  өзінің  дестелерінің  төменгі 

интенсивтілігін  ұсынатын  болса,  ал  төменгі  приоритетті  трафик  осы  уақыт 

ішінде  жақсы  қызмет  көрсету  ала  алады  –  айтарлықтай  өткізу  қабілетін  және 

төменгі кідірістер[2] 

3)Кепілдендірілген  сервис.  (оны  QoS  «қатаң»  немесе  «шынайы»  сервисі 

деп те атайды) трафиктің әр түрлі ағындарына статистикалық сандық кепілдеме 

береді. Ресурстар бөліп берген трафик оған сандық түрде анықталған кідірістер 

немесе  өткізу  қабілеттерінің  параметрлерін  желі  арқылы  өткізуге  кепілдеме 

алады.  Мұндай  типті  қызметтер  қосымшаларға  шартты  кез  келген  жағдайда  

желі  жүктемесі  кезінде  де  төмендемейтін  өткізу  қабілетіне  кепілдеме  бере 

алады.[6] 

QoS қызметіне арналған үш әдісте бөлмейді, тек бір бірін толықтырады. 

Олар  комбинирлеу  нәтижесінен  қосымшаның  әр  түрлі  талаптарын  және  желі 

жұмысының әр түрлі шарттарын ескеруге рұқсат етеді. 

QoS  қызметінің  базалық  архитектурасы  элементтердің  үш  негізгі  типін 

қамтиды: 

1)QoS  түйінінің  жабдығы,  қызмет  көрсету  талаптарына  сәйкес  трафик 

түйініне түсетін өңдеуді орындайтын; 

2)QoS  сигнализациясының  хаттамалары,  «соңғыдан  соңғыға»  қызмет 

көрсету  сапасын  қолдайтын  желілік  элементтер  жұмысының  координациясы 

үшін; 


3)Саясаттың  орталық  функциялары,  басқару  және  QoS  ескеру,  желі 

администраторларына  QoS  талап  ететін  деңгеймен  трафиктің  әр  түрлі  түрлері 

арасында мақатты түрде желі элементтеріне әсер ете алатын функция; 

Желілік  механизмдер  қосымшаларға  байланысты  қалыптасатын    қызмет 

көрсету  сипаттамаларымен,  қолданылуы  қажет.  Желілік  механизмдер 

архитектурасын шығарған кезде әр түрлі қызмет түрлері желі сипаттамаларына 

әр түрлі талаптар қажет ететіндігі ескерілген болатын. Мысалға, телемедицина 

үшін  жеткізу  дәлдігі  көбірек  рөл  атқарады,  орташа  кідіріс  немесе  джиттерге 

қарағанда,  ал  IP  телефония  үшін  джиттер  мен  кідіріс  негізгі  сипаттамалардың 

бірі және олар аз мәнде болуы қажет.[7] 

Қызмет  көрсету  сипаттамасына  қойылатын  әр  түрлі  талаптарға  сәйкес 


22 

қосымша  саны  өскен  сайын  QoS  архитектурасы  жалпы  механизмдердің 

топтамасын қосуы қажет. QoS қолдайтын архитектурасы конструктивті блоктар 

деп  аталынатын  желілік  механизмдердің  топтамасын  анықтайды.  Қазіргі 

уақытта конструктивті блоктардың бастапқы топтамалары анықталған, олар үш 

логикалық  жазықтықтарға  жауап  береді:  бақылау  жазықтығы,  мәліметтер 

жазықтығы  (ақпараттық  жазықтықтың)  және  административті  бақылаудың 

жазықтығы. 

Бақылау  жазықтығы.Бақылау  жазықтығының  QoS  механизмдері 

қолданушылар  трафигімен  таратылатын  жолдармен  алдын  алады,  және  де 

өзінің құрамына қосады: 

1)қатынауды басқару (Admission Control, AC); 

2)QoS үшін маршрутизация (QoS routing); 

3)ресурстарды резервтау  (Resource reservation). 

Мәліметтер  жазықтығы.  Бұл  механизмдер  топтарын  қолданушылар 

трафигімен алдын алады және өзінің құрамына қосады: 

1)буферлерді басқару  (Buffer management); 

2)жүктемені болдырмау (Congestion avoidance); 

3)дестелер маркировкасын (Packet marking); 

4)кезектердің  диспетчеризациясы  және  құрылуы    (Queuing  and 

scheduling); 

5)трафикті қалыптастыру  (Traffic shaping); 

6)трафикті өңдеудің ережесі  (Traffic policing); 

7)трафиктің жіктелуі  (Traffic classification). 

Административті  басқару  жазықтығы.  Бұл  жазықтық  эксплуатацияға, 

желіні  басқаруға  қатысты  QoS  механизмдерін  қамтиды.  Осы  жазықтықтағы 

QoS механизмінің санына кіреді: 

1)өлшеу(Metering); 

2)жеткізудің берілген параметрлері (Policy); 

3)трафикті қайта қалпына келтіру (Traffic restoration); 

4)қызмет ету деңгейіне рұхсатын беру (Service Level Agreement) [7] 

 


Каталог: student -> diplom -> 2014 -> frts -> aes -> aes kz
2014 -> Дипломдық жобаның мақсаты avr микроконтроллерінің қызмет мүмкіндіктерін зерттеу болып табылады
2014 -> Бұл дипломдық жобада жел энергетика қондырғысының моделі және
2014 -> Дипломдық жобада сатып алушылардың талаптарын
2014 -> Бұл дипломдық жобаның (немесе жұмыстың) мақсаты экг-5А шөмішті
2014 -> Дипломный проект посвящена актуальной теме разработка стенда пид
2014 -> Дипломдық жобада
aes kz -> Берілген дипломдық жобада Төрткүл каласында базалық станция мен

жүктеу 3.34 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет