Қуаншы, қуан қазақ! Айдынымыз – Айбынымыз!


Қазақ төрт түлiктi қасиет тұтты



жүктеу 0.98 Mb.
Pdf просмотр
бет9/11
Дата13.01.2017
өлшемі0.98 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қазақ төрт түлiктi қасиет тұтты. 

Жылқыны түлiктiң төресiне балады, 

етiн, терiсiн, тiптi тұяғына дейiн 

кәдеге асырды. Сүтi – сусын әрi жанға 

шипа. Оны ұқсатып, қымыз ашытты. 

Мiнсең – көлiк, желмен жарысып, 

көңiлiң марқаяды. Жарты әлемге осы 

жануардың арқасында иелiк еттi. 

Арғымақ ат жайлы ән-күй, жыр-аңыз 

толғады. Ол – сән-салтанат, мәдениет, 

тарих. Қысқасы, қазақ пен жылқы егiз 

ұғым. Бiр-бiрiнен ажырағысыз әлем.

Б.Досманбетов Англияның Оксфорд университетінің «Ғылымдағы 

атағы үшін» аталымы бойынша «Сократ» орденінің иегері атанды. 

Қайтсем елге жақсылық жасаймын, ғылымға жаңалық әкелемін деп 

үнемі ізденіс үстінде жүретін мемлекет қайраткері, ғалым Бақберген 

Сәрсенұлы өзінің тың идеяларымен осылайша шетелдік әріптестерінің 

көзіне түсті. Сенатор Оксфорд университетінде өткен үлкен форумға 

қатысып, әлемнің көптеген мемлекеттерінен келген инвесторлармен, 

ғалымдармен пікір алысты. 

ЕЛДІҢ ҚАМЫН 

ЕР ОЙЛАР 

форумға қатысып, әлемнің көптеген 

мемлекеттерінен келген инвестор­

лармен, ғалымдармен пікір алысты. 

Еуропа және Азияның бірнеше жоғары 

оқу орындарымен меморандумға қол 

қойды. Бұл қазақстандық студенттер­

ге шетелде тіл дамыту үшін беріліп 

отырған үлкен мүмкіндік, тәжірибе 

алмасуда жақсы бастама болары сөзсіз. 

Б ұ л   к ү н д е р і   Қ ы з ы л о р д а д а ғ ы 

«Болашақ» университетінің ғылыми 

жетекшісі Б.Досманбетовтің ауыз тол­

тырып айтарлық игі істері көп. Ол 

университетте студенттік театр ашты. 

Студенттер труппасы жасақталды. 

И.Сапарбайдың «Ауылдан келген 

ару» пьесасын сахналады. Одан кейін 

Л.Егембердиеваның «Қалталы күйеу, 

қайдасың?» атты пьесасын сахнала­

ды. Бұл да бүгінгі өмірді сомдайтын, 

жастарға ой салатын, жаман әдеттерден 

аулақ жүруге шақыратын, тәлім­

тәрбиесі зор қойылым. Ж.Солтиеваның 

жетекшісі ретінде ғылыми­зерттеу 

жұмыстарының негізгі бағыттарын 

айқындап берді. Статистика және 

демографиялық жағдай, еңбек ресур­

стары мен еңбек нарығы, экологиялық 

және отбасы мәселелері проблемала­

ры. 100­ден астам ғылыми еңбектің, 9 

монографияның және оқу құралының

60 жарияланымның, соның ішінде 

«Бизнес пен маркетингтің негіздері», 

«Қазақстан тұрғындарының статисти­

касы», «Қазақстан халқының дамуы», 

«Қазақстанның халқы», «Қазақстандағы 

еңбек нарығы», «Аймақтың экономика­

сын басқару», «Сүйем сені, Сыр елі» 

атты еңбектердің авторы.

Қызылордадағы «Болашақ» уни­

верси тетінің, Қорқыт Ата атын дағы 

Қызылорда  мемлекеттік  уни вер си­

те тінің, Л.Н. Гумилев  атындағы Еу­

разия ұлттық университетінің про­

фессоры. ҚР Жоғары мектебі Ғылым 

академиясының академигі. Әлеуметтік 

С

Әсия Сейтқалиқызы Қарамен дина­

ның есімі өнерсүйер қауымға жақсы 

белгілі.  Құрманғазы атындағы Қазақ 

ұлттық консерваториясының доценті, 

Қазақстан Республикасының еңбек 

сіңірген мәдениет қайраткері болды.

Таяуда ғана өмірден озған абзал 

жан. Консерварторияның маңдайалды 

мамандарының бірі еді. Біздің жа­

дымызда өз ісіне шын берілген 

адамның үлгісіндей мәңгі сақталады. 

Ол дарынды педагог, ауыз толты­

рып айтарлықтай тамаша лектор бо­

латын. Оның ой­өрісі, қазақ және 

әлемдік музыка саласындағы жан­

жақты білімі таңдандыратын. Ол 

консерваториядағы білікті лектор бол­

ды. Кезекті лекциялардың соңында 

сабаққа ризашылық білдіруі ретінде 

студенттердің орнынан тұрып, ду қол 

шапалақтағанының талай рет куәсі 

болдық. Бұл минуттар ол үшін нағыз 

бақыт еді. Осындай бақытты сәттер 

үшін өзінің денсаулығына қарамастан 

(соңғы жылдары қатты ауырды) дәріс 

оқитын, содан көңілі көтерілетін. 

Орыс тіліне де, қазақ тіліне де жетік 

болғандықтан, энциклопедиялық 

білімінің арқасында композиторлар 

туралы көне дәуірден, Ежелгі Гре­

циядан бастап, ХХ ғасырмен аяқтап, 

тыңдаушысын қызықтыра отырып 

баяндаудан жалықпайтын. 

Әр адам қайталанбас тұлға. Оның 

істегенін басқа адам жасай алмайды. 

Әсия да сондай қайталанбас, теңдесі 

жоқ, біреумен салыстыруға келе 

бермейтін адам еді. Өзінің еңбекқорлық 

қасиетімен консерваторияда да, 

музыкалық колледжде де сабақ беріп, 

көптеген студенттерді әлемдік музыка 

жаңалықтарымен  таныстырды.  «Әсия 

Қарамендина кім?» дегенде, ең әуелі 

ол Әлем музыка әдебиетін қазақша 

сөйлеткен адам деп тануымыз керек. 

Бұл іске өмірін арнады десек артық 

айтқанымыз емес. 2011 жылы консер­

ватория әкімшілігі оның көп жылғы 

еңбегін елеп «Консерваторияның ең 

үздік лекторы» деген атақ берді. Кол­

леджде жұмыс істеген  жылдары «Әлем 

музыка тарихы»  пәні  бойын

 

 ша  оқу 



бағдарламаларын жасап, ол бағ дар­

ла малар осы уақытқа дейін өзінің 

құндылығын жоймай пайдаланылып 

келеді. 


 Әр жылдары республикамыздың 

түкпір­түкпіріндегі  қалаларға барып, 

музыкалық колледждерде шеберлік 

сыныбын өткізіп, мемлекеттік ем­

тихан төрайымы да болды.  Тыным­

с ы з   е ң б е к т і ң   ж ә н е   к ө п   ж ы л ғ ы 

тәжірибесінің арқасында дәрістерін 

қызғылықты өткізетін. Орыс және 

шетел композиторларының өмірбаяны 

мен шығармаларына талдау жасап, 

студенттердің ойында қалатындай етіп 

түсіндіретін. Ол оқытқан шәкірттер 

еліміздің әр өңірлерінде оны тек 

жақсы пікірмен еске алады.  Ол кон­

серваторияда тек қана сабақ беріп 

қоймады, музыка зерттеуші­мамандар 

құрған «Жаңа музыкалық газетте» 

де көп жылдар бойы жұмыс істеп, 

өнерді бұқаралық ақпаратта насихаттау 

ісімен шұғылданды. Республи калық 

теледидардан берілетін музыка туралы 

хабарларға қатысып, терең білімін 

көрсете білді. Ол музыка саласына 

қажымай­талмай адал қызмет етті. 

Әсия Сейтқалиқызы байсалдылы­

ғымен, әдептілігімен және ішкі жан­

дүниесінің адалдығымен ерекшеленді. 

Тарих, қазақ және шетел әдебиеті 

саласындағы білімі, ауқымды ой­өрісі, 

сезімталдығы, өзіндік ойы – осының 

бәрі адамдарды өзінің маңайына 

жақындатты, әсіресе жастар оны 

бағалады. 

Ол біздің жүрегімізде мәңгі сақ та­

ла ды.

Пернебек МОМЫНҰЛЫ, 

Т.Жүргенов атындағы өнер 

академиясының профессоры


10

11

№35 (1293) 



3 – 9 қыркүйек

2015 жыл


№35 (1293) 

3 – 9 қыркүйек

2015 жыл

АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

тәрбиенің басы – тарих 



безбен 

Қ

ұрақ көрпе



Қ

ұрақ көрпе



 Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР

ғалаМ


Қос басы жұмыр,

Жiңiшке құбыр,

Iшiне жиған,

Дәмi де шымыр.

Кермеде тұр қырық

кір қыстырғыш,

Қырық кір қыстырғышқа

Қырық қыз келіп,

кір қыстырды.

(Жілік майы)



Тамақтану – өмірді, өсіп-

өнуді, денсаулық пен адамның 

қызметіне деген ұтымды тәсіл. 

Ағза тамақ және сыртқы орта 

бірімен-бірі тығыз байланысқан.

Тамақтану арқылы әрбір 

адам өзінің денсаулығын сақ­

тап өмірін ұзарта алады.Жүйелі 

түрде тамақтанудың прин­

циптерін толық білу керек. 

Өзінің қалыпты салма ғыңды 

біліп, оны бір қалыпты тұрғылықты сақтау қажет.

Ұтымды тамақтану – ол жасушалар құрамына қажетті 

заттар мен ағзаны қамтамасыз ететін қуат, қимыл және 

тағы басқа қажеттілігін өтейтін, заттар алмасуын қажетті 

деңгейге ұстайтын тағамдарды пайдалану.



Огайо штаты университетінің физик ғалымдары 

ауадағы жылу ағымын магниттің көмегімен бағыттап, 

басқарудың тың тәсілін ойлап тапты. 

Зерттеуші­ғалымдар өздерінің іс­тәжірибе бары­

сында көлемі бірнеше миллиметр болатын шағын 

камертон дайындаған. Олар камертонды сурьма мен 

иридий антимонидынан жасаған. Бұдан кейін оны 

минус 268 цельсий градусқа дейін суытқан. Сонан 

соң, жылу жіберіп, жағдайды магниттік толқынмен 

бақылағанда иридий антимонидының жылу өткізгіштік 

қабілеті 12 пайызға дейін төмендеген. Өз кезегінде 

магниттік толқын арқылы кристалданған жылуды 

белгілі бағыттарға бағыттау мүмкін болған. Осылайша 

ғалымдар магниттік толқынның көмегімен жылуды 

кеңістік пен қандайда бір заттың әсерінен жұтылып 

кетпей, бағытты нысанаға жеткізудің жолын тапты.  



Жаздың ыстығында жеңіл, жұқа киілетін шалбар-

ды чинос деп атайды. Ал бұл шалбар кездейсоқ пайда 

болғанын көпшілік біле бермейді. 

1848 жылы ағылшын әскерінің генералы Сэр Гарри 

Ламсден Үндістанға сапарында өзінің ақ шалбары­

ның кірлей бастағанын байқайды. Ауа өте құрғақ 

бол ғандықтан, шаң­тозаңның бәрі аппақ шалбарға 

жабыса кетеді. Генерал кофе, карри, тұтты бір­бірімен 

аралас тырып, сол қоспамен аппақ шалбарын әскери ка­

муфляждың түсіне бояп тастаған екен. Содан бері шал­

бардың түсі сан рет өзгеріп, өзге өңге ие бола бастаған. 

«Брук Бразерс» фирмасы 1940 жылдан бастап бұл 

шалбарды «чинос» деп атаған. Өйткені ол тек қана мақ­

та дан тігілетін еді. Ал ондай мата сол кездері Қытайда 

жасалған. 

Табиғи өнім ағзаны нығай-

тады. Әсіресе, бақша дақылдары. 

Солардың бірі – асқабақ. Бақ-

шада жататын асқабақтың сырт 

пі шіні қауынға ұқсағанымен, тіл 

үйірер дәмі жоқ деп көпшілік 

ұнатпайды. 

Алайда оның адам ағзасына 

қаншалықты пайдасы бар екенін 

көпшілік білмейді. Асқабақ – 

өкпе ауруына, қант диабетінің 

алдын алуға, жүйке жүйесін реттеуде, асқазан­ішек 

ауруларына, бауыр мен бүйректің жұмысын жақсартуда, 

жұқпалы ауруларға бірден­бір ем екен. Асқабақ бұлшық 

етті де нығайтады.

Жапонияда күнделікті тағамның құрамында 

асқабақтың болуы мұқият қадағаланды екен. 

жасырдыМ жұМБақ

қайталап көріңіз

сіз Білесіз Бе?

таныМ  

артық БолМас Білгенің... 



өсіМдіктер әлеМі 

Басқа ғаламшарда 

тіршілік бар ма? 

Дұрыс тамақтану – 

денсаулық кепілі 

Жылу адаспайды

Чинос қандай шалбар? 

Асқабақ 

НАСА ғалымдары жерге 

ұқсас алғашқы планетаны тап-

қандарын хабарлады. Оны біздегі 

тіршілікке ұқсас планеталарды 

іздейтін «Кеплер» телескопы 

анық таған. 

Жаңа планетаға «Кеплер 

– 452 би» деген атау берілді. Ға­

лам шар күнге ұқсайтын өз жұл­

дызын айналады екен. Ғалым­

дар онда тіршілік болуы мүмкін 

деп болжайды. Планета жерден 60 пайызға үлкен, ал 

оның құрамы мен салмағы әзірге белгісіз. «Кеплер – 

452 бидің» бір жылы 385 күнге созылады. Себебі, оның 

орбитасы біздің планетамен салыстырғанда 5 па йызға 

үлкен. Тек жер мен жаңа планетаның аралығы тым алыс. 

азақ – ежелден ойға 

жүйрік, сөзге шешен халық. 

Ата-бабадан мұра болып 

келе жатқан қасиетіміздің 

бірі де осы. Шешендік 

өнердің қазіргі кезде 

кең тараған түрі – нақыл 

сөз. Оны қысқа да нұсқа 

айтылған ой мен сөздің 

өрімі десек болғандай. 

Өйткені ұйқасқанның 

бәрі өлең емесі секілді, 

тақпақтағанның бәрі 

нақыл да болмайды. Ол 

үшін ойдың сеңін қозғап, 

сөздің сөлін сығатын өнер 

күші керек. Сондай ой мен 

сөз ғана ғұмырлы болмақ. 

Бауыржан Момышұлының 

«Отан – оттан да ыстық» 

деген нақыл сөзі 

қысқалығымен ғана емес, 

ойының ұсталығымен ұзақ 

жасап келеді.

шара 


Әке

КҮЗГІ ҚОШТАСУ

Күліп тұрып қоштасып ек кетерде.

Бірақ қайта жолығуды жазбапты.

Мендей сорлы қадіріңе жетер ме?!

Асау мінез, ал жүрегі аздап мұң.

Өткен іске өкінгенмен шараң не?!

Қайта оралмай кеткен ол күн бір күліп.

Ал тағдырға не айтасың... сараң де,

Бірақ менде сөнбей қойды­ау мұңды үміт.

Жыласаң да жанып біткен шылымдай,

Қайтем сенің сезіміңді күл болған.

Шыққан күннің қызыл барқыт нұрындай

Оралар ма кездеріміз сыр толған?!

Әйтеуір, бір арман болып кеттің­ау!

Уысымнан ұшып кетіп байқаусыз.

Сен кеткенде «қайта келер» деппін­ау,

Енді қайтем?!

Бақытымды қайтар күз! 



МЕН БОЛАМЫН 

ОТПАНДАҒЫ ДЕГЕЛЕК

Күн айналып артынан күн шыққалы,

Жер жаралып төсіне гүл шыққалы.

Маңғыстаудың киелі топырағынан,

Неше дарын, неше жалын шықпады.

Бұл Маңғыстау кіл тектілер жатқан маң,

Көмейінен қазынаны ақтарған.

Жеті бұлбұл – жеті  қайқы ән салып,

Ел жадында жеті нандай сақталған.

Қайталанбас сөздің асыл зергері,

Еш адамнан кездеспеген өрнегі.

Абыл, Ақтан, Нұрым, Аралбай, Қашаған

Бес жүйрігім – бес қаруым белдегі.

Артындағы елге көмек керек күн,

Арасына түспейді ме ер оттың.

Т

аң қылаңдап атып келеді. 



Әсия көз ілер емес. Өн бойын тол ғаныс 

тербеп, сан ой санасын қаумалайды. 

Өткен күн елесі көз алдында көлбеңдейді. 

Ертең ол үшін ерекше күн болмақ. 

Әсия әкесін жақсы көруші еді. Есімін 

ерекше атап, еркелеткені, мейірлене 

құшып, маңдайынан иіскегені есінде. 

Жасыл терек жайқалған жол жиегін 

жағалай жетектеп, саялы баққа серу­

ендеткен сәті де. Алыс кетсе, жанары 

жасқа толып, томсырайып, тағатсыздана 

жолын тосатын. Тіл үйірер тәтті тоқаш, 

кәмпит­балмұздақ, қуыршақ дейсің бе, 

қолын қақпай, қалауын орындайтын. 

Сұңғақ бойлы бейнесі, аққұба жүзі, 

мейірім тұнған жылы жанары жадында 

жатталып, жүрек түбінде сақталған. 

Анасы мен әкесі бірін­бірі шексіз сүйді. 

Шаттыққа толы шаңырақ шайқалмастай 

еді. «Пенденің ойлағаны емес, Алланың 

бұйрығы болады» демекші, Жаратқан 

жарылқап, бақ­береке орнаған отбасы 

бір күнде ойрандалды. Қағаз жүзінде 

құжатқа қол қойылып, жарасымды жұп 

екі тарапқа кете барды. Әсияның анасы 

үн­түнсіз алыс қалаға қоныс аударды. 

Содан бері сынаптай сырғып сан 

жыл өтті. Бақандай он бес жыл. Жүрегіне 

мұң, көңіліне қаяу түсірген жайт жас 

жанын жүдеткендей. Қатігез тағдырына 

налыды. Әкесіз өткен өмірі сұрықсыз, 

сүйкімсіз көрінетін. Бәз­баяғыдай бауы­

рына басып, маңдайынан сүйер ме 

еді. Ағыл­тегіл әңгіме тиегін ағытып, 

басынан өткен бар қызықты жайтты 

баяндар ма еді. Осы жылдар ішінде оған 

айтары да, ақтарар сыры да көп. Тым 

болмаса, қоңырау шалып, халін сұраса 

ғой. Мүлдем хабарсыз кеткені ме сонда? 

ОТАН

Жанды түйер шүберекке алмас ұл,

Өйткені, Отан сенен асқан бар ма асыл?!

Ғаламдағы көк бөрідей бейнеңді, 

Қылбұраумен қылғындырды сан ғасыр.

Тозақ бұлты торлап неше көгіңді,

Топыраққа талай қалам көмілді.

 «Жаудан қаза жетпеді­ау» деп өлерде,

Орындалмай кетті арманы Төлептің.

Кұрығына мойынсұнбай осалдың,

Қиын сәтте бастай алған көш алдын.

Ары көктей қала берді биікте,

Тәнін еттей турағанмен Досанның.

Бұл өлкеге кім бұрмады ат басын,

Жат жасиды өңкей асыл тапқасын.

Біздің қауым қалай асыл болмасын,

Пір Бекеттен дұға дарып жатқасын.

Айта берсең шежіре көп не керек,

Келешекке жол салатын керемет.

Өзгелердің «айдаһарын»жасытқан,

Мен боламын Отпандағы дегелек.

ЖЕЛТОҚСАН

Бабаларым сан ғасырлар аңсаған,

Сан ғасырлар қолы жетпей шаршаған.

Тәуелсіздік күні туды қазаққа.

Жыр жазамын қуат алып мен содан.

Жыр жазамын естісін деп барша маң,

Бір ғажабы туындайды ән содан.

Маған өлең жазбау жұртым мүмкін бе?

Осы өлкеге кіндігімнен тамса қан.

«Көп оқығаннан сұрама, көп 

тоқығаннан сұра» дейді. Ал қа­

ламгер қауымның артықшылығы 

– оның оқуының да, тоқуының 

да молдығында. Өмірден көрген­

білгендерін өрнекті сөз кестесіне 

түсіріп, мақалдап­мәтелдеп айту – 

әдебиетімізде бұрыннан бар дәстүр. 

Белгілі жазушы Жақау Дәуренбеков 

осы дәстүрді өзінше жалғастырған. 

Автор «Ойдауа» атты кітабында («Ана 

тілі» баспасы, 2013): «Көрген, білген, 

естігенді ақ қағазға сурет қылып 

қайта сызу кез келгеннің қолынан 

келе бермейтін өнер» деп, бұл істің 

қиындығын да ескертіп өтеді. Де­

генмен, кітапты оқып шыққан кез­

де, автордың бұл қиындықты жеңе 

білгеніне көзіміз жетеді. Сондықтан  

«Жақсы сөз – жарым ырыс» демекші, 

автормен ой бөліскен оқырманның да 

ұтылмайтыны анық. 

Тегінде, нақыл сөз әдебиет 

пен публицистиканың тел жанры 

болғанымен, оны пәлсападан да 

бөліп қарау қиын. Өйткені әдебиет 

– дегеніміз сөйлеу өнері болса, онда 

пәлсапа дегеніміз – ойлау өнері. 

Сондықтан да болса керек, автордың 

өзі де алғы сөзінде: «Оймен бірге 

оянасың, оймен бірге самғайсың» деп, 

ой әлемінен адам жанына шипа болар 

дауа іздейді. Кітап атының қойылуы 

да осыған байланысты болса керек. 

Ой – қанатты құспен бірдей: 

көктен түсіп, жерге қона алады; 

шөлден шығып, көлге бара алады. 

Ой – шексіз, ой – дерексіз. Нақтыдан 

тұспалға, белгіліден белгісізге, 

жалқыдан жалпыға өту – ой үрдісіне 

тән сипат. Аталмыш кітапта бұл 

заңдылықтан аттап кетпеген. Мұнда 

да, әдеттегідей, ой нысанына: өмір, 

мақсат­мүдде, ар­ұят, мінез­құлық, 

өнер­білім, ұлт пен тіл, қоғам мен заң, 

адам мен табиғат, билік пен халық, 

өтірік пен шындық, т.б. секілді жалпы 

ұғымдар алынған. Осы ұғымдардың 

әрқайсысы туралы автор әлденеше ой­

толғамдар тудырып, жан­жақты пікір 

айтуға тырысады. Сөйтіп, бір ғана 

ұғымның өзі әр қырынан ашылып, 

сан қырлы сыр­сипатымен толық 

көрінеді. Мысалымызды «Өмір» 

дейтін дөкейдің өзінен бастайық. 

Авторға сөз береміз: «Бақыттың шын 

мірде тоқтау жоқ. Жылдар 

жылжып, күндер зырлай 

береді. Біздің әдебиетіміз 

де солай. Алдыңғы толқын 

ақын-жазушылардың 

қатарын кейінгі жас буын 

толықтырады. 

Жас буын дегеннен шығады, 

қазақ әдебиеті де жас 

таланттардан кенде емес. 

Оларды еліміздің әр өңірінен 

кездестіруге болады. Міне, 

сол аймақтардағы жас 

жүйріктерді  жұрт шы  лыққа 

таныстыру мақ сатында  

Қазақстан Жазушылар 

одағының облыстардағы 

филиалдарымен    бірлесе 

отырып «Жыл құсында» сәт 

сапар тілемекпіз. Бұл жолғы 

кезек Маңғыстау өңірінің 

жалындаған дарын иелеріне 

беріліп отыр. 

Поэзия – бірде самал леп маңдайыңнан желпіп өткендей, тағы бірде аласұрған асау мінезді ақжал толқындардай бойыңды сергітіп, 

жаныңды тербейді. Өлең дүниесі өмірді өрнектей, табиғат тылсымынан  өзгеше сыр ұға білуден тұрады десек, жүректері жалынды, 

өңшең дарынды жастардың бүгінгі замана бейнесі, жаратылыс туралы жаңаша  жырласам деген құлшынысы қуантады. 

Мұндай жас таланттар қасиетті Маңғыстау өңірінде де баршылық. Біз олардың бірқатарының шығармаларын «Ана тілінің» «Жыл 

құсына»  ұсына отырып, әдебиет айдынында сапарлары сәтті болсын демекпіз.

Ғалым ӘРІП, Қазақстан Жазушылар одағы 

Маңғыстау облыстық филиалының директоры

«Ана тілінің» жастар әдебиеті қосымшасы

«Жыл құсы» беті – 

оқырмандарымыздың 

сүйіспеншілігіне бөленген 

бастамалардың бірі. 

Қазақ – ана тілін, әдебиетін 

ардақтаған халық. 

Сондықтан өлең, әңгіме 

жазуға жастарымыздың 

қай өңірде болсын көптеп 

кездесетіні даусыз. 

ыл құcы


Қазақстан – ар мен ұждан қамалы

Айналайын, туған елім, қазағым

Астана – кербез сұлу 

бойжеткендей

Мен әйтеуір көк 

теңізге көп барам

Ө

(Әңгіме)



Ж

Мұхамбетберді 

СҮЙІТОв, 

1988 жылы 

дүниеге 

келген.  қазір 

«Өзенмұнайгаз» 

өндірістік 

филиалы 

ақпараттық талдау 

қызметінің бас 

талдаушысы.



Еділ 

БЕКМҰРАТОв, 

1988 жылы 

маңғыстау ау-

да ны,  қызан 

ауы лында  туған. 

маңғыстау поли-

тех никалық  кол-

леджін бітірген.



Айгүл  ТАлыСОвА, 

1986 жылы түпқараған 

ауданы, таушық ауы лын-

да дүниеге келген. Об-

лыс тық,  республикалық 

байқаулардың жүлдегері.



Азамат 

ОРыНБАСАРОв, 

1992 жылы қарақия 

ауданы, Жетібай 

кентінде дүниеге келген. 

ш.Есенов атындағы 

Каспий мемлекеттік 

технологиялар 

және инжиниринг 

университеті филология 

факультетінің түлегі. 



Голрох ЖЕМЕНЕЙ,

2014 жылы Әл-Фараби атындағы қазақ 

ұлттық университетінің журналистика 

факультетін  бітірген. «маңғыстау» облыстық 

газетінің тілшісі

Сүйем жерді сүйіп өткен бабамның,

Өзің үшін жауһар қаны төгілді.

Ындым кеуіп, ұрттап ішем суыңды,

Тұғырыма мықтап қадап Туымды.

Өйткені Отан – дақ түспеген дидарың,

Ұмайы­ана көз жасымен жуылды.

Мейлі, мейлі үйсіз­күйсіз жүрейін,

Ұлы Отан тілеуіңді тілейін.

Менен асқан бақытты жан жоқ, сірә,

Бар өмірді бір өзіңде сүрейін.

Керек емес түк те өзіңнен бағалы,

Қазақстан – ар мен ұждан қамалы.

Босағаңнан бір төмпешік бұйырса,

Тілеуім жоқ, маған сол да жарады.

Аярым жоқ, жолыңда әркез бір жаным,

Қолыңдағы сақасымын құлжаның.

Қазақстан, ұлың болып жүрмін ғой,

Бірақ саған құл болсам да ырзамын!

Осы өңір ғой менің – туған Отаным,

Отаныма арналуда от әнім,

Дардай істі жатпасам да тындырып,

Туған ел деп боздап жүрген ботамын.

Айналайын, туған елім, қазағым,

Тағдыр бізге көрсетті өз ғажабын.

Егемендік салды бізге назарын,

Бодандықтың келтірген күн ажалын.

Құдайым­ау, құдірет еді ол қандай,

Құтқардың­ау орманымды зорға Алла­ай.

Желтоқсанда шықпаса егер жастарым,

Біз ендігі жоқ болар ма ек жоңғардай?!

Жоқ болар ма ек құмға сіңген судай боп,

Отқа оранған қалың ағаш нудай боп.

Шыныменен болмағанда желтоқсан,

Жойылар ма ек қайнап ұшқан будай боп.

Жатыр, әне, өткенді айтып сайрап күн,

Жыршысы боп мына барша аймақтың.

Есіңе алшы кейінгі ұрнақ дегендей,

Есімдерін Ләззат пен Қайраттың.

Ей, ағайын өткенді еске ап жүрейік,

Тәуелсіздіктің қадірін әркез білейік.

Бұрын қанша қиындықты көп көрсек,

Енді сонша бақ келсін деп тілейік.


Каталог: wp-content -> uploads
uploads -> Лекция: 20 Семинар 10 СӨЖ 30 соөЖ 30 Аралық бақылау 4 Консультация 2 Емтихан: 3
uploads -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
uploads -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
uploads -> Өмірбаяны Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897
uploads -> Филология кафедрасы
uploads -> 46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары
uploads -> Ғылыми-танымдық конференция Қалмақтөбе көрінісі
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

жүктеу 0.98 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет