Қуаншы, қуан қазақ! Айдынымыз – Айбынымыз!



жүктеу 0.98 Mb.
Pdf просмотр
бет2/11
Дата13.01.2017
өлшемі0.98 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 

ТЕҢДЕССІЗ ТАРТУЫ

Астанадағы Тәуелсіздік сарайын да 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­

тың қатысуымен Ата Заңның 20 жыл­

ды ғы на арналған «Конституция: бірлік, 

тұрақтылық, өркендеу» тақырыбында 

ха лықаралық ғылыми­тәжірибелік конфе­

ренция өтті. 

М е м л е к е т   б а с ш ы с ы   Н ұ р с ұ л т а н 

Назарбаев өз сөзінде осыдан 20 жыл бұрын 

бүкілхалықтық референдумда Ата Заңымыз 

қабылданғанын атап өтті. 

– Конституция туралы, – деді Елбасы, 

– 1995 жылғы 30­тамыздағы референдумда 

біз бірден­бір дұрыс жолды таңдадық және 

оны біздің 20 жылдық тарихымыз растап 

отыр. Мен бізді кейде автократиялы деп 

жазғырып жататынын білемін, бірақ біздің 

халқымыз өз Президенті мен Парламентін 

еркін балама сайлауда таңдап алып жатқанда 

қалайша бұлай деуге болады. Бізге АҚШ­

тан Еуропаға дейінгі батыс елдері өмір сүріп 

жатқан демократия жолымен тездетіп жүру 

қажеттігін айтады. Біз мұның бәрін жақсы 

түсінеміз. Демократия – адамзат дамуының 

ортақ магистральдік жолы. Біз де сол жол­

мен келеміз, бірақ бұл ретте біздің азиялық 

қоғам екенімізді ескеру керек. Бізде Батыс­

тан ерекшеленетін дәстүрлер, өзгеше діни 

және мәдени көзқарастар бар. 

Елбасы мемлекеттік тіл, тарих, 

мәдениет жөніндегі ой­пікірін былайша 

білдірді. «Ең бастысы, біз қазақтың тілін, 

тарихы мен мәдениетін өркендетіп, өрісін 

кеңейттік. Мектептеріміздің көпшілігінде 

оқу қазақ тілінде өтетін болды. Қазақ 

тілінде басылымдар мен кітаптар көптеп 

шығарылып, барлық Жер шарын ара­

лап, біздің тарихымызға қатысты «инемен 

құдық қазғандай» етіп, қайта жаңғыртуға 

мүмкіндік алдық. Өз тілімізді, ділімізді, 

дінімізді өркендете отырып, біз өзге эт­

нос өкілдерін кемсітпедік, басқаларды 

төмендетпедік, оларға өз деңгейімізде қарап, 

олардың құқықтарына құрметпен қарадық. 

Біздің тұғырымыздың, біздің бірлігіміз 

бен тыныштығымыздың ең негізгі арқауы 

осы болып саналады. Қазақ мәдениеті мен 

тарихы еліміздегі барша ұлыстардың руха­

ни ұйытқысына айналды. Күллі ел болып 

атап өткелі отырған Қазақ хандығының 550 

жылдығы осының айқын көрінісі. Тіл, тарих 

және мәдениет үштағанының бірлігі – біздің 

Облыста тоқсанға жуық әртүрлі этнос­

тар өкілдері 19 этномәдени бірлестікке 

топтасқан. Аудандық, қалалық және 

облыстық мәслихаттар депутаттары 

қатарында тұрғылықты халық өкілдері 

мен қатар украиндар, орыстар, немістер 

және басқа тілі бөлек, тілегі бір ағайындар 

бар. Наталья Шарипова, Виктор Тиль, 

Гаик Тертерьян, Аркадий Ни, Александр 

Пашкевич сияқты азаматтар еңбегімен, 

Отанымызға деген адал көңілімен танымал 

болды.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 



игілікті іс» деген ұранмен жарияланған 

акцияны жұртшылық қуана қабылдап, 

біршама шаруаны тындырды. Нәтижесінде 

х а л ы қ т ы ң   ж е т к і л і к т і   қ а м т а м а с ы з 

етілмеген тобынан, соғыс және еңбек 

ардагерлерінен, балалар үйлері мен интер­

наттар тәрбиеленушілерінен төрт мыңнан 

астам адам 4 миллион теңгенің атаулы 

көмегін алды. Шалқар қаласындағы №2 

гимназияда «Қайырымдылық – жылы 

жүректен» атты концерт ұйымдастырылып, 

о д а н   т ү с к е н   қ а р ж ы ғ а   2 0   о қ у ш ы ғ а 

материалдық жәрдем көрсетілді. «Қоғамдық 

келісім» коммуналдық мемлекеттік 

мекемесі облыстық филиалының ұжымы 

өздерінің бір күндік жалақысын Ақтөбе 

қаласындағы жасөспірімдер үйіне аудар­

ды. Облыстық Ассамблея хатшылығының 

Ресей Федерациясының Орынбор облысы 

халқының Ассамблеясымен және Оңтүстік 

Орал және этнография институтымен 

тұрақты байланыс жасауы сүйсінтеді.

Сессияда сөз сөйлеген облыстық Ас­

елбасы және ел мұраты

бір шаңырақ астында 

А

пта айшықтары



А

пта айшықтары



 Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР

8 (727) 394-41-30

елБасы 


үкіМет

алқалы жИын

партИя

парлаМент 



Қазақстан Республикасының Прези денті 

Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республи-

касының Президенті Реджеп Тайып Ердо-

ғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшылары Қазақстан мен 

Түркия арасындағы екіжақты өзара іс­

қимылдың ахуалы мен перспективала­

рын, сондай­ақ бірқатар өңірлік және 

халықаралық мәселелерді талқылады. Екі 

ел лидерлері әлемдік қоғамдастықтың 

халықаралық терроризмге қарсы күрестегі 

күш­жігерін қолдайтындарын айтты. Сонымен қатар тараптар 

Түркітілдес елдердің Мемлекет басшыларының 11­қыркүйекте 

Астанада өтетін бесінші саммитінің маңыздылығын атап өтті.

***


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ғарышкер­

сынақшы Айдын Айымбетовпен телефон арқылы сөйлесті. 

Елбасы әңгіме барысында А.Айымбетовтің алдағы ғарышқа 

сапары отандық ғарыш саласының одан әрі дамуына серпін 

беретін және Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджін 

нығайтуға қызмет ететін айшықты оқиға екенін атап өтті. 

А.Айымбетов сенім білдіргені үшін Мемлекет басшысына алғыс 

айтты және ұшуға дайын екенін мәлімдеді. Соңында Қазақстан 

Президенті ғарышкердің Халықаралық ғарыш стансасына 

экспедициясы табысты болуына және оның алдына қойылған 

барлық міндеттің орындалуына тілектестігін білдірді.

Үкімет Үйінде Премьер-министрдің орынбасары Бердібек 

 С а п а р б а е в   Х а л ы қ а р а л ы қ   ә л е у м е т т і к   қ а м с ы з д а н д ы р у 

қауымдастығы (ХӘҚҚ) президенті Эррол Франк Стуве бастаған 

делегациямен кездесу өткізді.

Кездесу барысында әлеуметтік қамсыздандыру саласында 

ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (АКТ) 

пайдалану мәселелері талқыланды. Б.Сапарбаев Қазақстанда 

әлеуметтік саладағы АКТ дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін 

атап өтті. Сонымен қатар ол Қазақстан дағдарыс кезінде де 

барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындап отырған әлемдегі 

санаулы елдердің бірі екенін айтты. 

Өз кезегінде Эррол Франк Стуве қазақстандық тарапқа кон­

ференция ұйымдастыруға қол ұшын бергені үшін алғыс білдіріп, 

аталған диалог алаңы әлеуметтік қамсыздандырудағы АКТ 

саласын одан әрі дамытуға сындарлы шешім жасауға септігін 

тигізетініне сенім білдірді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара 

Әбдіқалықова әйелдерге арналған «WAW! Tokyo 2015» атты 

бүкіләлемдік конференцияда баяндама жасады. 

Г.Әбдіқалықова Қазақстанның гендерлік мәселелерді шешу, 

қоғамдық­саяси, әлеуметтік­экономикалық және мәдени­

гуманитарлық салаларда ерлер мен әйелдер теңдігін қамтамасыз 

ету ісіндегі табыстарына тоқталды. Ол әйелдерді мемлекеттік 

және қоғамдық басқару жұмыстарына белсенді түрде тартып 

келе жатқан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

саяси ерік­жігерін айрықша атап көрсетті. Мемлекеттік хатшы 

әйелдерді экономикалық сала бойынша ілгерілету мәселелерін 

талқылау үшін Астана экономикалық форумын халықаралық 

алаң ретінде пайдалану жөнінде ұсыныс жасады. Сондай­ақ 

Г.Әбдіқалықова конференцияға қатысушыларды Дүниежүзілік 

ЭКСПО­2017 мамандандырылған көрмесіне атсалысуға 

шақырды және әйелдерге арналған, 2016 жылы Токиода өтетін 

келесі бүкіләлемдік конференция шеңберіндегі «Энергетик 

және кәсіпкер әйелдер форумының» арнаулы панельдік сес­

сиясында «жасыл бизнесті» дамыту мәселелерін талқылауды 

ұсынды. 


Елордада Қазақстан Патриоттар партиясының кезектен тыс XIV 

съезі өтті.

Делегаттар алдында сөз сөйлеген Ғани Қасымов алда тұрған 

міндеттерді шешу үшін партияға жаңашылдық қажет екенін 

атап өтті. Ол енді өзінің бар күш­жігерін Ұлттық кәсіпкерлер 

палатасындағы қызметіне жұмсайтындығын мәлімдеді. 

Ал съезд делегаттары дауыс беру арқылы Қазақстан Патриот­

тар партиясының төрағалығына Толымбек Ғабділәшімовті сай­

лады. Жаңа төраға көптен бері осы партияның мүшесі ретінде 

саяси ұйымның жұмысына белсене қатысқан. Бірнеше рет Пар­

ламент Мәжілісі депутаттығына кандидат ретінде ұсынылған. 

Сондай­ақ ол мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер 

атқарды.


Қазақстан Республикасының Парламенті 

Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт 

Тоқаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың институттық реформала-

рын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету 

мәселелері бойынша жоғарғы Палатаның 

Бюро мүшелері және Аппаратының басшы 

қызметкерлерімен кеңес өткізді. 

Кеңес барысында Қ.Тоқаев Конститу­

ция ның 20 жылдығына арналған ха­

лықаралық конференцияда сөйлеген 

сөзінде Президент алдағы үш­төрт жыл ішінде Ұлт Жоспарын 

заңнамалық қамту мақсатында жетпістен астам заң қабылдау 

жоспарланып отырғанын, оның ішінде жыл соңына дейін 

57 заң қабылдау қажеттігін айтып өтті. Қалыптасқан ерекше 

ахуалға орай Қ.Тоқаев жеделдікті және заңдарды жоғары са­

пада қабылдауды қамтамасыз ету үшін Сенат комитеттерін 

Мәжілістің тиісті комитеттерімен және заң жобаларын 

әзірлеген министрліктермен ынтымақтаса қоян­қолтық жұмыс 

істеуге шақырды. Төраға, сондай­ақ палатаның қосымша 

отырыс тарын өткізу мүмкіндіктері туралы да айтты. 



Бір бәйтерек бұтағымыз 

Сенат жұмысындағы басым бағыт 

Ынтымақтастық көкжиегі кеңейе түспек

Гендерлік саясатқа мән берілді  

Патриоттар жаңа төраға сайлады 

мызғымас рухани тірегіміздің, Ел бірлігінің 

негізі». Жиында Елбпсы атап өтекендей, 

азаттығымыздың айшықты айғағы болған 

Ата Заң – тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы. 

Сан буын ұрпақ алмасса да ескірмейтін, жыл 

өткен сайын жаңғыра беретін құндылықтар 

жинағы. Мемлекеттігіміздің алтын қазығын 

қастерлеу – әрбір қазақстандықтың қасиетті 

парызы. 


ҚЫТАйМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ 

НЫҒАя БЕРЕДІ

М е м л е к е т   б а с ш ы с ы   Н ұ р с ұ л т а н 

Назарбаевтың Қытай Халық Республикасы­

на мемлекеттік сапары жалғасуда. Сапар ая­

сында Елбасы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин­

мен жүздесті. Ал ҚХР Мемлекеттік кеңесінің 

Премьері Ли Кэцян мен кездесуде екі ел 

арасындағы  қол жеткен уағдаластықтарды 

іске асыру мәселелері талқыланды. 

Мем лекет   басшысы  Қазақстан­Қытай 

қарым­қатынастарын дамытуға қосқан 

үлесі үшін Ли Кэцянға алғыс айтып, ҚХР 

Мемлекеттік кеңесі Премьерінің былтырғы 

желтоқсандағы сапарының маңызына 

тоқталды.

Қазақстан Президенті сондай­ақ, 

«Нұрлы Жол» және «Жаңа Жібек жолы» 

бағдарламаларының синергиясы екі елдің 

стратегиялық ынтымақтастығын нығайту 

үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын 

айтты. «Қазіргі уақытта Қазақстаннан 

Ресейге қарай автомобиль жолы, Иран 

самблея хатшылығының меңгерушісі 

Жолдас Нұршин, украиндардың «Оксана» 

этномәдени тобының мүшесі  Вероника 

Кабачек, Хромтау ауданының әкімі 

Аязбай Османғалиев және басқалары 

Елбасының сарабдал саясатымен өмірге 

келген жарқын жаңалықтарға тоқталды. 

Мысалы, «Нұрлы көш» бағдарламасы 

бойынша Хромтау ауданында «Көктау – 2» 

деп аталатын жаңа елді мекен бой көтерді. 

Оған Қытайдан, Өзбекстаннан, Ресей 

Федерациясынан 92 отбасы көшіп келіп 

қоныстанды. Атамекенді аңсап жеткен 

қазақ, қарақалпақ, орыс, тәжік, ұйғыр 

ағайындар өз мамандықтары бойынша 

өндірістік нысандарда, әлеуметтік қызмет 

мекемелерінде жұмыс істеуде.

Украиндардың «Оксана» этномәдени 

орталығы жанында соңғы он жыл бойы­

на үзіліссіз жұмыс істеп келе жатқан 

жексенбілік мектепте сабақтар қазақ және 

украин тілдерінде жүргізіледі. Мұғалімдер 

Сталина Балюра мен Татьяна  Нечитайло 

украин халқының тәрбиелік тағлымы 

зор салт­дәстүрлерін үйретеді. Қарабұтақ 

ауылында Тарас Шевченко атындағы 

орта мектепте «Майбутне» деп аталатын 

арқылы Парсы шығанағына қарай 

теміржол салынды, Каспий теңізінде 

теңіз порты құрылды, Орталық Азияның 

барлық мемлекеттері Қорғас арқылы бай­

ланыстырылды. Жаңа Жібек жолының 

Қазақстан арқылы өтетін бөлігі толығымен 

дайын деп сеніммен айтуға болады» 

деді Мемлекет басшысы. Өз кезегінде 

Ли Кэцян Қазақстан мен Қытай халқы 

арасындағы достықты нығайтудағы рөлі 

мен елдеріміздің қарым­қатынастарын 

жаңа сапалы деңгейге шығару ісінде 

Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесі зор екенін 

атап өтті.

Бейжіңдегі брифинг барысында Елба­

сы ҚХР­ға мемлекеттік сапардың маңызы 

жоғары екенін атап өтті. «Әлемдік экономи­

ка дағдарысты бастан өткеріп жатқан бүгінгі 

уақытта әлемдік қаржы институттарының 

инвестициялық мүмкіндіктері айтарлықтай 

азайды. Осындай жағдайда Қытаймен өзара 

іс­қимыл біз үшін күрделі кезеңді еңсерудің 

қолайлы мүмкіндігі болып саналады» деді 

Мем лекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев 

сондай­ақ журналистерге ҚХР төрағасы Си 

Цзиньпинмен кездесу барысында жасалған 

екі жақты келісімдер туралы айтып берді. 

Бүгін бейсенбіде Елбасы Бейжіңде өтетін 

қытай хал қының жапон басқыншыларына 

қарсы соғыстағы жеңісінің 70 жылдығына 

арнал ған салтанатты парадқа қатысады деп 

күтілуде.

Марат БАйСҰЛТАНОВ

класс ұйымдастырылған. Өзара достық 

байланыстың жемісі – сегіз ақтөбелік 

жас, оның ішінде үшеуі Қарабұтақтан, 

Украина Үкіметінің квотасымен сол елдің 

жоғары оқу орындарында білім алуда. 

Мәртөк ауданындағы «Русичи» этномәдени 

орталығы көрші Ресейдің Орынбор об­

лысы аудандарымен қарым­қатынасты 

орнықтырды. Жыл сайынғы «Біртұтас от­

басында тұрамыз» спартакиадасы, «Сабан­

той» мейрамы және басқа шаралар достық 

дәнекеріне айналды.

Облыстық көліктік бақылау инс пек­

ция сының қызметкері Нарек  Гегамян 

сөзін мемлекеттік тілде: «Ұлтым армян, 

анам қазақ қызы, сондықтан Сіздер 

менің нағашыларымсыздар» деп бастады 

да ана тілімізді жетік білгені арқасында 

мемлекеттік қызметте абырой алып 

жүргенін, облыс әкімінің өз қолынан және 

облыстық тілдерді дамыту басқармасынан 

Алғыс хаттар алғанын мақтанышпен баян­

дады. Ол залда отырған  жұртшылықты 

мемлекеттік тілді меңгеруге шақырды. 

Мұғалжар аудандық білім бөлімінің әдіскері 

Нұрбол Ибраев жүректен жарып шыққан 

жалынды жырымен тыңдаушыларды баурап 

алды.

Сессияға қатысушылар талқыланған 



мәселе бойынша қарар қабылдады. Қазақ 

және орыс тілдерінде дайындалған маңызды 

құжатты болгарлардың «Вяра» этномәдени 

бірлестігінің жетекшісі Анастасия Подо­

льянова нақышына келтіре оқыды.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов сал­

танатты жағдайда облыстың қоғамдық 

– саяси өмірінде айрықша белсенділік 

көр сеткен бір топ азаматтарға «Қазақстан 

халқы Ассамблеясына – 20 жыл» және 

«Қазақстан Республикасы Конституциясы­

на – 20 жыл» мерекелік медальдарын, Алғыс 

хаттар мен Дипломдар тапсырды.

Жанғабыл ҚАБАҚБАЕВ,

журналист

АҚТӨБЕ


Ең бастысы, біз қазақтың тілін, тарихы мен 

мәдениетін өркендетіп, өрісін кеңейттік

Достықпен нұрланған жол даңғыл

Нұрсұлтан НАзАРБАЕв:

қазақ хандары



Парламент палаталарының бірлескен 

отырысында бесінші шақырылған 

Қазақстан Парламентінің V сессиясы өз 

жұмысын бастады. 

Елбасының мемлекеттік сапармен Қытай 

Халық Республикасында жүруіне бай-

ланысты «Қазақстан Республикасының 

Парламенті және оның депутаттарының 

мәртебесі туралы» Конституциялық 

заңға сәйкес, Қазақстан Республикасы 

Президентінің берген тапсырмасы бойын-

ша бесінші сайланған Қазақстан Респуб-

ли касы Парламентінің V сессиясын 

Мә жі ліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов 

ашты.

Сессияның ашылуы салтанатты түрде 

жарияланғаннан кейін еліміздің Әнұраны 

орындалды. Одан әрі Мәжіліс Төрағасы 

әріптестерін жақсы демалып келулерімен 

құттықтай отырып, енді Елбасының тапсыр­

масына сәйкес заң шығару жұмыстарының 

қауырт кезеңі басталатынын айтты. 

Одан әрі Мәжіліс Спикері бүгіннен 

Парламенттің бесінші сессиясы өз жұмысын 

бастағанын айта келіп: «Қазіргі таңда біздің 

алдымызда Елбасының тапсырмаларын 

орындау жөніндегі орасан зор, қауырт әрі 

жауапты жұмыс тұр. Бұл бізден, құрметті 

әріптестер, қай кездегідей Парламенттің 

қос Палатасының Мәжіліс пен Сенаттың 

үйлесімді, бірлескен және ұйымшыл 

жұмысын, әрқайсымыздан зор жауапкершілік 

пен жоғары кәсібилікті талап етеді. Осы 

жұмыста баршаңызға сәттілік тілеймін» деді. 

Сондай­ақ Төраға Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаев сапардан келген соң өзінің жос­

парларын айтатынын жеткізді. Бірлескен 

отырысқа Қазақстан Республикасының 

Премьер­министрі, Мемлекеттік  хатшысы, 

Президент Әкімшілігінің Басшысы, 

Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың 

және Орталық сайлау комиссиясының 

төрағалары, Үкімет мүшелері, Республика 

Президентіне тікелей бағынатын және есеп 

беретін мемлекеттік органдардың басшыла­

ры, Президент Әкімшілігінің, Премьер­ми­

нистр Кеңсесінің, Парламент палаталары 

аппараттарының жауапты қызметкерлері 

және бұқаралық ақпарат құралдарының 

өкілдері қатысты. Мәжіліс депутаты Камал 

Бұрханов пен Сенатор Владимир Бобров де­

малыс кезінде атқарған жұмыстары жөнінде 

есеп берді. 

Нұрлан ҚҰМАР 

Парламент 

сессиясы өз жұмысын 

бастады


АзАттығымыздың 

Айшықты АйғАғы



зияткерлік 

баспалдағы

Тағылымды кездесу 

Студенттердің 

449-ы «Алтын белгі» иегері

алқалы жИын

дөңгелек үстел

Алматыда белгілі жазу-

шы, мемлекет қайрат кері Әди 

Шәріповке арналған ескерт-

кіштің ашылу салтанаты өтті. 

М ә д е н и   ш а р а ғ а   қ а л а 

ә к і м н і ң   о р ы н б а с а р ы 

Зәуреш Аманжолова, ақын­

ж а з у ш ы л а р ,   ө н е р   қ а й  ­

раткерлері, мемлекет қай­

р а т к е р л е р і   қ а т ы с т ы .   Қ Р 

Парламенті Сенатының де­

путаты, Қазақстан Жазушы­

лар одағы басқармасының 

төрағасы Нұрлан Оразалин 

Ә.Шәріпов әдебиетті биікке 

көтерген санаулылар бірі 

ғана емес, қоғамның рухани 

тіршілігіне, біліміне ерекше тер төккен тұлға екендігін атап өтті. 

Жиналғандар жақсының – аты, ғалымның – хаты өлмейтіндігін, оның 

шығармалары ел жадында екендігін тілге тиек етті. 

Алматыда өтіп жатқан «Оркестрлер шеруі» фестивалінің екінші 

күнінде қазақ классиктерінің өміршең шығармалары орындалды. 

Мәдени шарада қала әкімі Бауыржан  Байбек қатысып, сөз 

сөйледі. Көрермендер музыкант Дінзухра Тілендиеваның жетекшілі­

гімен Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық 

фольклорлық­этнография лық оркестрінің концертін тамашалады. 

Бағдарламада Абай, Құрманғазы, Нұрғиса Тілендиевтің және басқа 

да ұлы дала алыптары – қазақ халқының композиторларының атақты 

туындылары орындалды. Алматылықтар алдында Астана опера 

солистері, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары, «Саржайлау», 

«Құсни­Қорлан», «Гәкку», «Бұлбұл» топтары өнер көрсетті. 



Қызылорда облысына қарасты Қазалы ауданында алты Алаштың 

ардақтысы, қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың 125 жылдығына орай 

жас ақындар мүшәйрасы өтті. 

Мұстафа Шоқайдың өмір жолы мен жарқын істерін насихат­

тау, жастардың отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, туған жерін 

қастерлеу, жас ақындардың шығармашылығын шыңдау мақсатында 

ұйымдастырылған мүшәйраға 15­30 жас аралығындағы 20­ға тарта жас 

ақындар қатысты. 

Сайыс қорытындысымен бірінші орынды Қожабақы ауылынан 

Дина Бөкебай жеңіп алды. Екінші орынды Жанқожа батыр және Ақтан 

батыр ауылдарынан Ғабит Кәдірбаев, Ақжол Түменбай иеленді. Жүлделі 

үшінші орынға Қожабақыдан Раушанбек Шарапат, Кәукейден Берекет 

Байсалбай, Ақсуаттан Бақытбек Мәкеев қол жеткізді. Жеңімпаздар ар­

найы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.



Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов атындағы кітапханада қазақ 

халқының ұлы ақыны, философ, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің 

негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына орай 

«Әлемге танылған Абай» атты облыстық конференция өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы 

ұйымдастырған конференция аясында Абай Құнанбаев оқулықтары 

көрмесіне шолу жүргізіліп, облыстық жас ақындар арасында ойшыл 

ақынға арналған өлеңдер байқауы жарияланды. Байқау барысын­

да әділқазылар алқасы қатысушылардың өлеңдерімен танысып, 

жеңімпаздарды анықтады. Байқау қорытындысы бойынша бірінші 

орынды – Жақсылық Арайлы иеленсе, екінші орынды – Сейдуалиев 

Шынболат пен Пренов Сәндібек, үшінші орынды – Абылай Ғалия 

мен Жұмабеков Нұрлан өзара бөлісті. Бұдан бөлек байқауға қатысқан 

үміткерлерге ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдар мен 

бағалы сыйлықтар табыс етілді.



Қазақстанның Венгриядағы Елшілігінде Қазақ хандығының 550 

жылдығын мерекелеу ауқымында Венгрияның бірқатар ресми тұлғалары 

мен қоғам қайраткерлерін әл-Фараби және Бейбарыс сұлтан халықаралық 

қайырымдылық қоры тағайындаған медальдармен марапаттау рәсімі өтті.

Қор президенті Сапар Ысқақов Венгрия ұлттық экономика 

министрі Михай Варгаға, Венгрияның ауыл шаруашылығы министрі 

Шандор Фазекашқа және басқаларға наградаларды тапсырды. Өз 

кезегінде С.Ысқақов Қыпшақтар одағының құрмет грамотасы­

мен марапатталды. Венгрия ұлттық экономика министрі М.Варга 

Мажарстанның «Астана ЭКСПО­2017» халықаралық көрмесіне 

қатысатынын ресми қуаттайтындығын атап өтті. 

Венгрияға сапары ауқымында С.Ысқақов Лакителек және Қарсақ 

қалаларында болып, Венгрия Мемлекеттік жиналысы төрағасының 

орынбасары Шандор Лежакпен және Яс­Надькун­Солнок облыстық 

кеңесінің төрағасы Шандор Ковачпен кездесті. Сонымен қатар ол 

«Пештихидегкут» жазғы XVII өнер фестиваліне қатысты. Онда «Көк 

түріктер» фольклорлық­этнографиялық ансамблі өнер көрсетті. 



Каталог: wp-content -> uploads
uploads -> Лекция: 20 Семинар 10 СӨЖ 30 соөЖ 30 Аралық бақылау 4 Консультация 2 Емтихан: 3
uploads -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
uploads -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
uploads -> Өмірбаяны Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897
uploads -> Филология кафедрасы
uploads -> 46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары
uploads -> Ғылыми-танымдық конференция Қалмақтөбе көрінісі
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

жүктеу 0.98 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет