Қуаншы, қуан қазақ! Айдынымыз – Айбынымыз!



жүктеу 0.98 Mb.
Pdf просмотр
бет1/11
Дата13.01.2017
өлшемі0.98 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қуаншы, 

қуан қазақ!

Айдынымыз – Айбынымыз!

www.anatili.kz

e-mail: anatili_gazetі@mail.ru

www.twitter.com/anatilikz

www.facebook.com/anatilikaz

№35 (1293) 

3 – 9 қыркүйек

2015 жыл


Сөзi жоғалған 

жұрттың 

өзi де жоғалады

1990 жылғы 

наурыздың 22-сiнен 

бастап шығады

Отаныңның тарихы мен мәдениеті

ана тіліңді білуің керек. Бұған 

алғашқы ұстазың мен оқулықтарың, 

осы кітабың көмектеседі. Қазақ­

станның  болашағы жарқын. Бұған 

достарыңмен бірге сен де өз үлесіңді 

қосасың. Білім әлеміне саяхатың сәтті 

болсын!». 

Аталған оқулық жас бүлдіршін­

дерге арналған тамаша тарту. Бірінші 

сынып оқушысы туған елі, сондай­ақ 

өңірлер туралы деректерге қаныға ала­

ды. Мұның бәрі баланың атамекенін, 

Отанын құрметтеп өсуге көмегі тиері 

анық.


Білім күнінің ерекше екендігін 

мынадан да аңғаруға болар.  Елбасы 

шетелде жүрсе де осы мерекеге байла­

ныста құттықтауын жеткізді. «Бүгін 7,5 

мың мектеп 2,6 миллион балаға есігін 

ашты, соның 300 мыңы бірінші сынып 

оқушылары. Біз оларға менің жеке 

құттықтауыммен бірге  Отанымыз ту­

ралы кітап сыйладық» деді Нұрсұлтан 

Назарбаев. 

Биылғы оқу жылындағы айрықша 

жаңалық Байқоңыр қаласындағы 

6 мектептің қазақстандық үлгіге 

көшкендігі. Олар бұған дейін Ресейдің 

білім үлгісі бойынша білім алған еді. 

Нәтижесінде мектептерді бітірген 

қазақ оқушылары Ұлттық бірыңғай 

тестілеуге  қатыса  алма ған дықтан, 

еліміздегі жоғары оқу орындарына түсе 

алмайтын. Енді бәрі де талаптағыдай 

өзгерді. «Жұл дызды қалашықтағы» 

6 қазақ мектебі еліміздің білім 

беру үлгісіне көшті. Білім күні 642 

байқоңырлық бүлдіршін алғаш рет 

қазақ мектебінің табалдырығын ат­

тады. 


Аталған мектептердің шығын­

Байқоңыр балалары қазақша оқиды!

дарын өтеу үшін республикалық 

бюджеттен 982,1 млн. теңге, мате­

риалдық­техникалық жағдайын 

қамтуға облыстық бюджеттен 200 

млн. теңге бөлінді. Қажетті оқу лықтар  

толық  жеткізілген. 

Біздің мемлекетіміз білім беру 

ісіне баса көңіл бөліп отыр. Соның 

жарқын бір көрінісі жаңа мектептердің 

көптен ашылуы. Мәселен, Білім күні 

Астана қаласы бойынша қатарынан 

үш жаңа мектеп ашылды. Жыл соңына 

дейін елорда оқушылары үшін тағы екі 

мектеп бой көтермек. Мұндай мысал­

дарды ел өмірінен көптен кездестіруге 

болады. Мұғалім қауымның жағдайы 

да – ел назарында. Алдағы уақытта 

ұстаздардың жалақысы елу пайызға 

дейін өсетін болып отыр.

 Ыбырай атамыздың  «Кел, балалар 

оқылық, оқығанды көңілге ықыласпен 

тоқылық!» дейтін сөзі бар емес пе. 

Олай  болса жас өрен, оқи да біл, 

оқығанды көңілге тоқи  да біл.

Нұркен ЖАНДӘУЛЕТҰЛЫ

Бет қатталып жатқанда:

Баспасөз – 2016

дәуір дауысы



 Алматыда «Атакент» Іс кер лік 

Орталығында 22-ші Қа зақстандық 

ха лықаралық «KazBuild 2015» 

құ  рылыс  және  ин терьер  көрмесі 

ашылды. 

 Оралда дәстүрлі қала күнін 

мерекелеу шарасы өз жұмысын 

бастады.

 Қарағанды облысына қа-

расты Ғ.Мұстафин атындағы кент-

те көктемгі су тасқынынан зар дап 

шеккендерге арналған 100 жаңа 

үй тапсырылды. 

 Қостанайда «Динамо» қазақ-

стандық спорттық қоғамдас ты-

ғының 90 жыл  дығы мен ҰОС Жеңі-

сінің 70 жыл ды ғына арналған күш 

құрылым  қыз мет кер лері  арасында 

президенттік көпсайыс өз мәресіне 

жетті. 

 Тараз қаласы әкімдігінің мә-

дениет және тілдерді дамыту бөлі-

мінің ұйымдастыруымен ҚР тұң-

ғыш Президенті саябағында «Дом-

быра-пати» іс-шарасы өткізілді.

  Оңтүстік Қазақстан 

облысында «Үздік та-

уар» конкурсының 

жеңім паздары  анық-

талды.

Біртүйер


6-7

Өткен сейсенбіде еліміз Білім күнін атап өтті. Осы күні білім ордаларында жаңа 

оқу жылы басталды. Қазақ елінің түкпір-түкпірінде алғашқы қоңырау соғылып, 

салтанатты жиын өтті. 

Мектептер мен колледждерде алғашқы сабақ патриотыққа, отансүйгіштікке 

арналды. Ол – «Ерлік сабағы» деп аталды. Сабақтың бұлай аталуы да жайдан-

жай емес. Өйткені биыл Қазақ хандығына 550 жыл, 1941-1945 жылдардағы 

Ұлы Отан соғысына 70 жыл толып отыр. Әскери-патроиоттық тәрбиені кешенді 

жүргізу, оны мектеп оқушылары арасында кеңінен насихаттау әрі жас ұрпақтың 

бойына сіңіру уақыт талабы екені анық. 

ҚазаҚ хандығы 

һәм руханият

Ұлт тәуелсіздігінің тарихы мен тағылымына 

жіті ден қойсақ, қазіргі кезеңге, арғы-бергі 

дәуірлерге, кеше-бүгін байланысына, болашақ 

бағдарына мән-маңыз беріліп, оны әр қырынан 

байыптап, зерттеп-зерделеп, танып-талдап, 

саралап-салғастырып, нәтижесінде оған кең 

көлемде назар аудару айқын аңғарылады. 

Әсіресе, Қазақ хандығының 550 жылдығын 

ұлттың мерейі мен мерекесі ретінде атап өту, 

осының аясында оның алғышарттары, саяси-

әлеуметтік құрылымы, тарихи-этникалық 

генезисі, мәдени-рухани сыр-сипаттары жаңа 

бағыт, соны қырларынан қарастырылуда.

Арыдағы арналар, атап айтқанда, Ғұн 

мемлекеті, Түрік қағанаты, Алтын Орда 

тұсындағы ұстанымдар жүйесі де біліми-

ғылыми һәм көпшілік жарияланымдарда кең 

түрде сөз етіліп келеді.Қазақ хандығы хақында, 

әсіресе, патриоттық бағыттардағы іс-жұмыстар, 

ғылыми-танымдық һәм көпшілік кітаптар, 

энциклопедия мен телехикая, т.с.с. қолға 

алынды.

өнер


8-бет

11-бет

4-бет

Жыл құсы

Арыстан баба мен 

Арыстан баб

Шетел сөзі 

қазақшаны 

шеттетіп тұр

жыр жолдарынан



Бұ күнге де жетті ел, кемел халық,

Жолына оның боз марқа бердім шалып.

Абыройдың көз жетпес мұнарына,

Жеткізді ақыр Елбасым бедел салып.

Көпұлтты елім қуаншы, қуан қазақ,

Болмас еді қазақ боп туа алмасақ.

Әнұранды бірігіп шырқа, шалқыт,

Жараспайды қолға көк Ту алмасақ.

Ғарышқа асық көрмеген жаттан құрғап,

Өз баласын жайдан-жай аттандырмақ.

Күмәнді ойға берілмей күллі ел болып,

Амандығын тілейік хақтан сұрап.

 «Білетін ұл ғарыштың жайын жетік,

Алдырмаңдар ағайын, уайымға түк!»

Әубәкіров Тоқтарың солай десе,

Айбының ол – Айдының Айымбетов.

Қиял жетпес қияға бет түзе бер,

Қуаттанса бітпес не, тектің егер.

Жолда қалар Айға да, жұлдыздарға,

Дұғай сәлем халқыңнан жеткізе гөр.

Жағдайлары жақсы деп шындықты жай,

Бастарына берді де бірлік шырай.

Ұлы жолда мәңгілік ел болуға,

Өре ұмтылды дерсің де жүнжіп тұрмай.

Елең етер ниеттес күллі түркі,

Үміттерін үкілеп бірлік ғұрпы.

Айымбетов Айдынды – қазақ ұлын,

Төрт күллі әлем түп-түгел білді жұрты.

Жан шақ келмей жағалай жарысқанда,

Алып ұрған шағың бұл алысқанда.

Осы емес пе, қатары елу елдің,

Желбіресе көк Туың ғарыштан да.

Келген болсаң таратшы, өкпеңді үйіп,

Жүзеге асар айтылған көптен жиі.

Ұл туа алған қазағым болғай еді,

Сенің асқақ рухың көктен биік.

Тәуелсіздік, мың тағзым, қай күнде алда,

Құшағыңды ғарыш – көк, жайдың ба алдан.

Қабыл болсын, Елбасы, ел тілегі,

Аман орал, жол болсын, Айдын – арман!

Таңатар ДӘРЕЛҰЛЫ

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Биыл бірінші сыныпқа барған 

б а л ғ ы н д а р   Е л б а с ы   Н ұ р с ұ л т а н 

Назарбаевтың ерекше сыйлығына  

ие болды. Ол – «Менің Отаным – 

Қазақстан» деген кітап. Мемлекет 

бас  шысы  кітаптағы  құтықтауында 

былай дейді:  

«Қымбатты жас дос! 

Сен жаңа белеске қадам бастың, 

мектепке келдің, оқушы болдың. Бұл 

сен үшін үлкен мереке. Ал мерекеде 

сыйлық беріледі. Бұл кітап – менің 

саған жасаған сыйлығым! Мектеп­

те сені қызықты жаңалықтар мен 

ғажайып уақиғалар күтіп отыр. 

Қазақстан – біздің Отанымыз. Өз 

Тоқтар, Талғат...Енді, міне, Айдын!

Кеше ғана қазақтың тағы бір 

азаматы ғарыш көгіне көтерілді. 

Ол – Айдын Айымбетов. 

Айдын жер жаннаты Жетісудың 

Өтенай аталатын ауылында 

өмірге келген. Аспан әлеміне 

құмарлығы бала кезінен 

басталған. Ғарышкер болуды 

армандапты. 

Ақыры сол арманына қолы 

жетті. Ресейдегі Армавир жоғары 

әскери ұшқыштар училищесін 

бітіріп, ұшқыш-инженер 

мамандығын алып шықты. Еңбек 

жолын Жамбыл облысы Луговой 

стансасында орналасқан әскери 

бөлімнен бастады. Ең маңызды 

саналатын ұшақтарды ұршықша 

үйірді. Осы ғасырдың бас кезінде 

ғарышкерлікке үміткер ретінде 

тіркелді. Кейін «ғарышкер – 

сынақшы» атағына ие болды. 

Осыдан алты жыл бұрын Айдын 

Айымбетов немесе оның серігі 

Мұхтар Аймаханов ғарышқа 

сапар шегеді деген ұйғарым 

болған. Алайда дағдарыс жағдайы 

бұл келісімнің жүзеге асуын 

кешіктіре берді.

«Жақсылықтың ерте-кеші жоқ». 

Көп күттірген қуанышты сәт 

те жетті. Кеше сағат 10.30-да 

бауырымыз Айдын жанындағы 

серіктерімен ғарыш сапарына 

аттанды. 

Жолың болсын, Айдын! Мақсат-

жоспарыңды ойдағыдай 

орындап, аман-есен жерге 

оралуыңа тілектеспіз!   

«Ана тіліне» жазылыңыз, ағайын!



Қ

А

зПОШТА

Индекс


Мерзімі

алматы


аймақ/қала

аудан/ауыл



Жеке жазылушылар үшін

65367

1 жылға


3083,04

3274,80


3427,68

Мекемелер мен ұйымдар үшін

15367

1 жылға


5991,84

6183,60


6336,48

«Астана Опера» театрының үшінші маусымы II «Жібек 

Жолы» халықаралық музыка фестивалімен ашылады. 

Аталған классикалық өнер мерекесіне Америка, Алма­

ния, Польша, Жапония, Корея, Ресей және Қазақстан 

артистері қатысады.  

Фестиваль 25 және 26­қыркүйекте тұсауы кесілетін 

А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсынан бастау 

алады. 

30­қыркүйек күні көрерменге аса көрнекті хорео­



г раф Б.Эйфманның «Роден» балеті ұсынылады. 

Әлемдегі музыкалық театрлардың жарқыраған 

жауһарларының бірі – «Аида» опералық спектаклі 

«Астана Опера» сахнасында 4­қазанда шырқалады. 

5­қазанда тамаша скрипкашы, беделді халықаралық 

конкурстардың жеңімпазы Ержан Күлібаев қатысатын 

кон церт  өтеді. 

«Астана операның» кезекті маусымы 

сүйінші!


3

№35 (1293) 

3 – 9 қыркүйек

2015 жыл


АНА ТІЛІ

2

№35 (1293) 



3 – 9 қыркүйек

2015 жыл


АНА ТІЛІ

ды. Иә, Кенесары сенімін Байзақ ақтады. 

Өзі басқаратын дулаттың Шымыр руынан 

қол жинап келіп, соңына дейін ханмен 

бірге болды. Қырғызға жорық басталғанда 

тау басында бекініп жатқан оларға бару 

үшін Байзақ Кенесарыға тау шатқалынан 

жол ашуды ұсынды. Міне, Кенесарының 

сенімді серігі. 

Алайда Нысанбай жырау айтпақшы 

«Алатаудың тасындай» саны көп қырғыз 

б ә р і б і р   ж е ң і с к е   ж е т т і .   М ә с е л е н і ң 

бұлай аяқталуына ең алдымен қырғыз 

сарбаздары ның сан жағынан әлдеқайда 

көп болуы ғана емес, Кенесары ханның 

қырғыздарға қарсы аса қатал күшпен 

бағындыру саясатын ұстануы да себеп 

болды. 


Ханның шектен шыққан қаталдығы 

қырғыздарды ғана емес, қазақтардың 

өздерін де шошындырды. Кейбір сарбаз­

дар ұрыс даласын тастап кетті. Осыны 

пайдаланған қырғыздар хан жасағын 

қоршауға алды. Қиын жағдайға тап болған 

Кенесары қырғызға берілуге мәжбүр 

болды. Айта кетер бір маңызды мәселе 

– Байзақ датқа басқарған Дулаттардың 

Шымыр руының жігіттері ханмен бірге 

қалып, қырғызға тұтқын болды. Кейінірек, 

қырғыздар қолында Кенесары қайтыс 

болған соң, Әулиеата төңірегіндегі Шы­

мыр руының ақсақалдары бір табын 

жылқы айдап барып, Байзақ пен оның 

серіктерін қырғыздан босатып алды. 

Кейіннен қоқан әмірі төрт зеңбіректің 

аузына байлап атқан Байзақ елге құрметті 

тұлға. Жамбыл облысында бір аудан 

оның есімімен аталатын болса, Таразда, 

Алматыда оның атында көшелер бар. 

Осындайда айтпасқа болмайтын тағы бір 

мәселе, Кенесарыны қырғыздардың қалай 

өлтіргені сан­саққа жүгіртілуде. Бүгінде 

айтарымыз: екі бауырлас халықтың ара­

сында сыздаған жараға айналған осы 

мәселені ұшықтыра өрбіту қажет пе? 

Қалай десек те, қазақтың соңғы ханы 

Кенесары бүгінде халқымыздың на­

мысын қайрайтын ұлтымыздың асқақ 

мақтанышы. Оның қайсар тұлғасы әлі 

қазақтың ғана емес, отаршылдыққа 

қ а р с ы   к ү р е с к е н   т ү р к і т і л д е с т е р д і ң 

сандаған ұрпақтарын ерлікке шақырып, 

тәуелсіздіктің заңғар биігіне ұмтылдыра 

беретін болады.



Талас ОМАРБЕКОВ,

 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

Қазақстан тарихы кафедрасының 

меңгерушісі, профессор, 

ҚР ҰҒА Құрметті академигі

Биыл қабылданғанына 20 жыл 

толған Конституция күнімен 

қатар келген Білім күніне 

орай Қ.И.Сәтбаев атындағы 

Қазақ ұлттық техникалық 

зерттеу университетінде сал-

танатты жиын болып өтті. 

Аталмыш шараға университет 

басшылығы, ұстаздар қауымы 

мен студенттер қатысты. 

Университет ректоры, академик 

Ж.Әділов атынан университеттің 

Тәрбие ісі жөніндегі проректо­

ры Г.Сәрсенбекова сөз алып, 

бар ша қауымды Білім күнімен 

құттықтады. «Елбасы Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаев өз Жолдау­

ын да «Қазақстан­2050» Жаңа 

ба ғытына сәйкес Үкіметке ха­

лық аралық үлгідегі куәліктер 

беру арқылы инженерлік білім 

беруді және заманауи техникалық 

мамандықтар жүйесін дамытуды 

қамтамасыз етуді тапсырған бола­

тын. Осыған орай, биылғы оқу жы­

лында техникалық мамандықтарға 

12 044 білім гранты бөлінсе, білім 

грантының 2229­ын Қ.И.Сәтбаев 

атындағы ҚазҰТЗУ иеленді» деді.  

Бұдан кейін Қ.Тұрысов атын­

дағы Геология және мұнай­газ 

ісі институтының директоры 

Е.Бесімбаев, Ә.Бүркітбаев атын­

д а ғ ы   Ө н е р к ә с і п т і к   и н ж е н е ­

рия институтының директоры 

Ә.Тұрдалиев, т.ғ.д., профессор 

М.Түсіпбеков, т.ғ.к, профес­

сор А.Жүнісов жиналғандарды 

Ата Заңымыздың 20 жылдығы­

мен қатар келген Білім күнімен 

қ ұ т т ы қ т а п ,   қ а р а ш а ң ы р а қ 

табалдырығын аттап отырған 

1­курс студенттеріне сәт­сапар 

тіледі. 

Шара барысында ҚазҰТЗУ­

Кенесары хан

Орыс отарлаушы билігінің 1822 жылы жарыққа шыққан жарғысы қазақ даласында ғасырлар 

бойы қалыптасқан дәстүрлі хандық билікті жойып, даланы Сібір әкімшілігіне бағынатын округтер-

ге бөлуге жол ашты. Терең ойластырылмаған бұл шара қазақ даласында табанды қарсылықтарға 

тап болды. Әсіресе, қазақтарды басқаруда аса ықпалды Абылай хан әулеті мұндай шешімге қарсы 

өре түрегелді. Оның үстіне 1824 жылдан бастап отаршыл билік Арқа өңірінде баса көктеп әскери 

бекіністер салуға кірісті. Құнарлы жерлер мен, көкшалғын жайылымдарға көшіп келген орыс ша-

руалары қалауларынша қоныстанып, жергілікті халықтың тынысын тарылта түсті. 

Отарлауға қарсы күресті алғаш Уәли 

ханның үлкен ұлы, Абылайдың немересі 

Ғұбайдолла сұлтан Абылайдың тағы бір ұлы 

Қасымнан туған Саржанмен бірге бастады. 

Ғұбайдолланы орыс билігі екі қайтара 

тұтқындап, итжеккенге жер  аударды. Осы 

күреске ол кезде әлі жасөспірім, Кенесары 

да қатысты. Кенесарының әкесі Қасым 

Абылай ханның қалмақ әйелінен туған 

еді.Абылай әулеті орысқа қарсы күресте 

Қоқан хандығымен одақтаспақ болып 

әрекеттенді. Алайда қоқандықтардың 

тұмсығының астынан арыны көрмейтін, 

т о п а с   с а я с а т ы   ж а ғ д а й д ы   т ұ й ы қ қ а 

тіреді. Азаттық үшін күреске шыққан 

Кенесарының бауырлары Саржанды және 

Есенгелдіні келіссөзге барғанда Қоқан 

билеушілері қаныпезерлікпен өлтірді. 

Көп кешікпей Түркістандағы Қожа  Ахмет 

Ясауиге мінәжат етуге барған Қасым да 

қоқандықтар қолынан қаза тапты. Бұған 

мойымаған керісінше, шыңдала түскен Ке­

несары қазақтардың азаттық жолындағы 

күресіне басшылықты өз қолына алды. 

1841 жылдың қыркүйегінде Торғай өзеніне 

жақын маңда оны Орта жүз бен Кіші 

жүздің игі  жақсылары ақ киізге отырғызып 

хан көтерді. Енді Кенесарыға қосылу үшін 

жан­жақтан қазақ сарбаздары ағылды. 

Көп кешікпей­ақ оның сарбаздарының 

сандары жиырма мың адамға жетті. Өзінің 

ерекше табиғи дарыны және жоғарыда 

аталған туыстары мен бауырлары бастаған 

соғыстарға жастай қатысып, бай әскери 

тәжірибе жинақтауының арқасында ол 

төңірегіне жиналған Ағыбай, Иман, 

Аңғал, Жанайдар, Басығара, Жәуке, Жа­

найдар тәрізді батырлар бастаған қалың 

қолды кемеңгерлікпен басқара білді.

Оның тамаша қолбасылық дарыны туралы 

орыстардың өздері де, шетелдіктер де аз 

жазған жоқ.Сондықтан да оған тоқталып 

жатпаймыз. Кенесары әрі шебер дипло­

мат, саяси тұлға ретінде де ерекшеленді. 

Орыстың оңай жау емес екендігін түсінген 

ол о  баста, орыспен араны бейбіт жолмен 

реттеуге баса назар аударды. Оның Омбы, 

Орынбор және Батыс Сібір билеушілеріне, 

Петербургке жазған хаттарында осы са­

рын байқалады.  Осындай саясат ұстанған 

Кенесары тіптен, 1840 жылы Николай 

І­ге жазған хатында оны асқақтата мара­

паттап, «ұлы патша» деп дәріптеді, импе­

раторды қақпанға түсірмек болып, саяси 

қулықпен одан шен­шекпен де сұрады. 

Кенесарының орыстар алдындағы осылай, 

«әдейі кішірею» тактикасын түсінбеген 

қазақтың Тілеш Шойынбаев тәрізді та­

рихшылары тарихшы Е.Бекмахановпен 

айтысқанда осы хаттарға сүйеніп, Кене­

сарыны «хандыққа қол жеткізуді аңсаған 

феодал­монархист» ретінде ақ пен қараны 

ажырата алмай, біржақты айыптады. Алда 

тарихымызда мұндай қателіктерге жол 

берілмеу үшін Кенесары ханның астар­

лы дипломатиясын дұрыс түсіндіруге 

баса мән беруіміз керек. Алғаш Сыр 

бойындағы қамалдарды қоқан билігінен 

азат етуді ойлаған Кенесарыға қарсы 

орыстардың жорықтары 1843 жылдан бас­

тап үдеп кетті. Кенесары оларға бірнеше 

рет ойсырата соққы берді. 1844­45 жыл­

дары орыс жазалаушы ларының Кенесары 

әскерін қоршап алып, жойып жібермек 

болған әрекеттері іске аспады. Алайда 

қазақтың кейбір сұлтандарының орыс­

тармен ауыз жаласып, көтерілісшілер 

соңына түсуі жағдайды ауырлата түсті. Енді 

көтерілісшілердің қозғалыс ауқымы тары­

ла бастады. Сондықтан да Кенесары 1845 

жылдың жазында жаңа жайылымдық жер­

лер іздеп, әлі де патша үкіметінің ықпалына 

түсе қоймаған Сыр бойына келді. Бұл 

өңірге  орыстардың ене қоймаған себебі, 

мұнда қоқан қамалдары орналасқан еді.  

Осында ол, біраздан бері қоқандықтармен 

күресіп жүрген Жанқожа батырды өзіне 

бірігуге үгіттеп, «...сізден сұрайтыным: егер 

сіз келіссеңіз, онда мен Ұлы және Орта 

Ордадан жігіттер жинап, Созақ қаласына 

келемін, ал сіз Кіші Ордадан жігіттерді 

жинап, қоқандықтармен соғысу үшін 

Созаққа келіңіз» деген сарында хат жолда­

ды. Жанқожа бұл ұсынысты құп алды. Ке­

несары мен Жанқожаның біріккен күштері 

қоқандықтар қарауындағы Жаңақорған, 

Жүлек, Созақ тәрізді қамалдарды қоршап, 

қоқандықтарды талқандады. Әскердің 

бір бөлігі Ақмешітті де қоршауға алған 

еді. Алайда сарбаздар арасында жұқпалы 

аурудың таралуынан, және барлаушылары 

арқылы Қоқан мен Бұқар хандықтарының 

бірігіп, қарсы шабуылға дайындалып 

жатқанын естіген Кенесары жігіттерін 

шығынға ұшыратпау үшін Балқаш,Іле 

өңіріне қоныс аударды. Осында Қамал 

атты түбекте қыстап шыққан ол, генерал­

майор Вишневский бастаған жазалау­

шылардың, және оны қолдаушы қазақ 

сұлтандарының қыспағына ұшырады. 

Жауларымен ұрыс жүргізе отырып, Ке­

несары, амалсыздан Ұлы жүз аймағына 

өтіп, Шу өзені бойына көшіп келді. Ке­

несары Ұлы жүз аумағына еш шақырусыз 

қадам басты. Алайда ол өзін осындағы 

туыстары Рүстем және Сүйік пен Әли 

Абылайханов бастаған төрелер қолдар де­

ген үмітте еді. Ол сонымен қатар көптеген 

рубасылар мен билер және батырлар 

қоқандықтардың зомбылығынан құтылу 

үшін өзіне қолдау көрсетеді деп ойлады. 

Шындығында да, ханды мұнда Саурық, 

Сұраншы, Тойшыбек, Сыпатай, Бұғыбай, 

Байсейіт тәрізді батырлар мен билер жылы 

ықыласпен қарсы алды. Солардың арасын­

да ол, әсіресе, дулаттың шымыр тармағын 

басқаратын Байзақ датқаға сүйенбек бол­



Каталог: wp-content -> uploads
uploads -> Лекция: 20 Семинар 10 СӨЖ 30 соөЖ 30 Аралық бақылау 4 Консультация 2 Емтихан: 3
uploads -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
uploads -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
uploads -> Өмірбаяны Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897
uploads -> Филология кафедрасы
uploads -> 46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары
uploads -> Ғылыми-танымдық конференция Қалмақтөбе көрінісі
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

жүктеу 0.98 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет