Уа, Алаш баласы! Ақсарбас айтып, сүйінер



жүктеу 0.69 Mb.
Pdf просмотр
бет3/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.69 Mb.
1   2   3   4   5   6

Кеңес кәсіпкердің 

құқығын қорғайды

«Атамекен» одағы қазақстандық кәсіпкерлердің құқығын 

қорғау жұмысына білек сыбана кіріскен сияқты. Ұйым жанынан 

құрылған қоғамдық кеңес кәсіпкердің құқығын бұзу оқиғаларын 

анықтап қана қоймай, оның заңды қызметіне заңсыз тосқауыл 

қойған шенеуніктерге қатысты нақты шаралар қолданатын 

болады. Оған бұқаралық ақпарат құралдарының да көмегі 

аса қажет. Кеше қоғамдық кеңестің алғашқы отырысына Бас 

прокуратура, Қаржы полициясы, Адвокаттар одағы, салық және 

кеден комитеттері қатысып, отандық кәсіпкерлердің құқығын 

барынша қорғауға уағдаласты.

КӘСІПКЕРЛЕР ОДАҚҚА 

СЕНУІ ТИІС

Бүгінде «Атамекен» жанындағы қоғам-

дық кеңестің құрамында кәсіби заң гер-

мамандар жұмыс істейді. Олар кәсіп кер-

лердің құқықтарын бұзу оқиғаларына 

қатысты ақпаратты құзіретті органдарға 

жеткізіп, ол бойынша қолға алынған істер-

ді орындау барысын бақылайды. Алдағы 

уақытта «Атамекен» одағының порталында 

қоғамдық кеңестің электронды нұсқасын 

ашу жоспарланып отыр. Ол арқылы кәсіп-

кер азаматтар заң бұзу оқиғалары бойын-

ша өз арыздарын жолдай алады. Ал жел-

тоқсанның 1-інен бастап ұйымның барлық 

облыстық бөлімшелерінде екі заңгер-

кеңесші жұмыс істеп, аймақтағы кәсіпкер-

лердің құқықтарын қорғайтын болады. 

Оның біреуі құқық қорғау органдарымен 

тығыз жұмыс жасаса, екіншісі жергілікті 

жердің заңнамасын қадағалайды. «Атаме-

кен» одағы» ұлттық экономикалық палата-

сының төрағасы Абылай Мырзахметовтің 

айтуынша, еліміздегі құқық қорғау орган-

дарының барлығы кәсіпкерлерді қорғауға 

даяр. «Қазіргі кезде олар кәсіпкерлердің 

құқығын бұзу оқиғалары бойынша нақты 

ақпаратты ұсынуды сұрап отыр. Сонда ғана 

тиісті тергеу амалдарын жүргіземіз дейді. 

Әрине, бұл жерде бұқаралық ақпарат құ-

рал дарының көмегі зор. Журналистер заң-

ды бұзған шенеуніктің аты-жөнін, тіпті фо-

тосуретін де берсе, бұл жұмыс ойдағыдай 

атқарылады деп білеміз», – дейді А.Мыр-

захметов. Ұйым төрағасы атап көрсет кен-

дей, осы іс-шаралардың арқасында заңды 

бұзған шенеуніктерді жауапқа тартумен 

қатар, қазіргі заңнаманың шикі тұстарын 

анықтау көзделіп отыр. 



ҚАЛТАНЫ ТЕСКЕН ТЕКСЕРІСТЕР...

Мемлекеттік органдардың тарапынан 

жүргізілетін тексерістер тым көп. Осы мәсе-

леге қатысты қазақстандық кәсіп кер лер 

жиі арызданып жатады. Мамандар дың 

мәліметі бойынша бүгінде еліміздегі кәсіп-

керлік нысандарды мемлекеттік бақылау 

мен қадағалаудың 482 түрі тіркелген. 

Оның сыртында бақылаудың негізінде куә-

лік берудің 108 қызметі тағы бар. 2011 

жылдың соңғы тоғыз айында жеке кәсіп-

керлік нысандарға 225 мыңнан астам тек-

серіс жасалды. Тексерістердің саны жағы-

нан Денсаулық сақтау министрлігі көш 

бастаса, Төтенше жағдайлар, Қаржы және 

Ауыл шаруашылығы министрліктері де 

кәсіпкерлердің қыр соңынан қалмаған-

дардың қатарынан көрінді. Осы уақыт 

аралығында Бас прокуратура 550 заңсыз 

тексерісті анықтады. Бұл жағдайға байла-

нысты отандық кәсіпкерлер мемлекеттік 

бақылау және қадағалау шараларын бір 

жүйеге түсіріп, бақылау органдарының 

нақты тізімін жасау қажет деп санайды. 

Осыған орай алдағы уақытта «Мемлекеттік 

бақылау және қадағалау туралы» Заңға 

өзгерістер енгізу арқылы мемлекеттік 

бақылаудың барлық түрлерін бір тізімге 

салып, қадағалаудың бірыңғай тәртібін 

бекіту көзделген. «Атамекен» одағы болса, 

ҚР «Куәліктер мен рұқсаттар туралы» жаңа 

заңды қабылдауды ұсынып отыр.



Абылай МЫРЗАХМЕТОВ, «Атамекен» 

одағы» ҰЭП басқарма төрағасы:

– Қоғамдық кеңес кәсіпкерлердің 

арыздары бойынша айына кем дегенде 

бір рет жиналады деген ойымыз бар. 

Ал, ең бастысы, біз аймақтарға шығып, 

жергілікті жерлердегі кәсіпкерлердің 

құқығын қорғау тәжірибесін қолға 

алуы 

мыз қажет. Олар біздің кәсіби 

көмегімізге сенуі тиіс. Бұл іске еліміздің 

бұқаралық ақпарат құралдары да атса-

лысып, бюрократия мен жемқорлық 

оқиғаларын ашық көрсетеді деп се-

неміз. Себебі заңды бұзған шенеунік 

туралы құқық қорғау органдары ғана 

емес, қоғам да білуі тиіс.

Василий РЕЗВАН, «Кәсіпкерлер мен 

меншік иелерін қорғау одағы» қоғамдық 

бірлестігінің президенті: 

– Қазіргі кезде біз кәсіпкердің құқы-

ғынан бұрын тұтынушыны да қорғай 

алмай жатырмыз. Мәселен, бізде жұма 

күні кешке қарай қоғамдық тамақтану 

орындарында адам улану оқиғасы бола 

қалса, санитарлық қадағалау қызметі 

тек дүйсенбі күні таңертең ғана келіп, 

сол жерді тексере алады. Сонда дема-

лыс болатын сенбі-жексенбі күндері қа-

зақ стандық тұтынушының құқығы қор-

ғал  майды. Егер біз шетелдегі сияқты 

«911» шұғыл хабарласу орталығын ен-

гізіп, тұтынушының құқығын бұзу оқи-

ғаларын анықтайтын болсақ, бүгінгі 

қадағалау органдарының тек 10 пайы-

зы ғана өз қызметін атқарған болып 

шығады. Ал қалған 90 пайызы салық 

төлеушінің мойнындағы артық жүк 

екендігін анық байқауға болады. 

Арман БЕЙСЕНБАЙҰЛЫ 

Кездесу барысында қорғаныс минист-

рі Қазақстан мен АҚШ арасында әртүрлі 

бағытта, оның ішінде әскери салада 

стратегиялық әріптестік орнағанын атап 

өтті. Қорғаныс және қауіпсіздік сала сын-

дағы өзара іс-қимылды айта отырып, 

тараптар ынтымақтастықтың бесжыл-

дық жоспа рының маңызына да тоқтал-

ды. Осы жоспар шеңберінде бітімгерлік, 

кадр да йындау, техникалық жәрдем көр-

сету және әскери білім жүйесін дамыту 

сала сындағы жұмыстар жемісті жүргізіліп 

келеді.


Аталған жоспардың мерзімі 2012 

жыл дың соңында бітеді. Қазіргі уақытта 

екі ел қорғаныс ведомстволарының өкіл-

де рі 2013-2017 жылдарға арнал ған жос-

пардың жобасын талқылау жұмыс тарын 

бастап кетті. Үстіміздегі жылғы қараша 

ай ын да Астанда екіжақты қорғаныс кеңесі 

өтеді.


Қазақстан өз қауіпсіздігін мемлекет 

басшылығы жүргізіп отырған тату көр-

шілік және бейбітшіліксүйгіш саясаты 

арқылы қамтамасыз ететін болады, — деді 

қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков. 

— Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар-

баев Қарулы Күштерді дамыту мен жетіл-

діруге айрықша назар аударып келеді, 

саны жағынан аз, жедел қимылдайтын, 

техникалық тұрғыдан жарақтандырыл-

ған армия құруға тапсырма берді. Осыған 

байланысты біз АҚШ-тың қорғаныс 

қыз меті және қарулы күштерді қолдану 

саласындағы жетекші тәжірибесіне ерек-

ше маңыз беретін боламыз.

Сәкен КӨКЕНОВ

Қорғаныс министрі 

АҚШ елшісімен кездесті

ҚР қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков АҚШ-тың Қазақстан 

Республикасындағы елшісі Кеннет Дж. Фэйрфакспен кездесті.

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ



Р.S.

Кенесарының басы қайда? 

Министрдің мәліметінен 

бұл мәселеге елмен бірге 

Елбасының да алаңдаушылық 

білдіргені байқалады. Олай 

болса, ханның басы, шынымен 

де, оңай орайда емес. «Әдейі 

жоғалтып жібергеннен сау 

ма?» деген күдік те ойға орала-

ды. Бірақ ізденіс үзілмеуі шарт! 

Ізденіс мемлекеттік деңгейдегі 

арнайы бағытпен ашық 

жүргізілсе де болатындай.

Басы 1-бетте

Мансұр Х


АМИТ (фо

то)


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№195 (647) 3.11.2011 жыл, бейсенбі



www.alashainasy.kz

4

e-mail: info@alashainasy.kz

ТҰЛҒА

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Шамшырақтар не үшін қажет?

Ең кішкентай мемлекет қайда?

Әлемнің жеті кереметінің бірі – Форостағы шамшырақ көрінеді. Сол жайында мағлұмат 

берсеңіздер.

Орынбасар ЖАНАЙДАР, Талдықорған

ҮРКЕР


Ең кішкентай ел Монако деп ойлаушы едім. Бірақ жақында одан да кішкентай Сан-Ма-

рино деген мемлекеттің барын білдім. Сол туралы кеңірек жазсаңыздар? 

Нұрғайша ҚАЛДЫБАЙ, Шымкент

ҮШТАҒАН: 

БИЛІК — БАСЫЛЫМ — БҰҚАРА

Ел басқару ісінде билік біткеннің бәрі 

мемлекеттік саясатты құрудан бұрын, ең ал-

дымен, оны қалай дұрыс жүргізуді ойлайты-

ны идеологияны бәрібір бірінші планға 

шығармай қоймайды. Содан да болар, билік-

тің сөзін сөйлеуге, саясатын бұқара халыққа 

тиімді таратуға бағзы заманнан ең дарынды 

адамдар ғана шақы рыл ған. Сократ, Платон, 

Аристотельдерден бастап Әз Жәні 

бектің 

ақылманы Аяз биге дейін осы жолда жарты 



ғұмырын сарп еткен. Өйткені билік тұрғы сын-

дағы дұрыс саясат бұқаралық ракурстан 

қара ғанда да, мінсіз көрінуі үшін пәрменді 

наси хат керек. Олай дейтініміз – халық сана-

сынан өтпеген саясат тың маңдайы ашылмай-

тыны тарихта сан мәрте дәлел денген. Сон-

дық тан да сол саясатты жүзеге асыру үшін 

қоғамның сүт бетіндегі қаймағын билік сүзіп 

алма ғанда, кім сүзіп алады?! Абдрахманов 

амплуасы алғышартының сағым бастауы 

осында жатыр. 

Қазақстанның әріде мемлекеттік, беріде 

жалпыұлттық басылымы болып табылатын 

«Егемен Қазақстан» газетінің бір ғасыр ға 

жуық тарихында да билік кездей соқ адамды 

басшылыққа тағайындаған емес. Ең аяғы 

социалистік қоғам агонияның алдында тұр-

ған кезде де ЦК-дағылар «бізді бір құт қарса, 

осы құтқарады» деген ең сенімді адамын 

«СҚ»-дағы бірінші крес лоға қонжит қанын 

жақын тарихымыздан жақсы білеміз. Тәуел-

сіздік алып, мемлекеттік саясат 180 градусқа 

өзгерген тұста да дербес ел болу жолында 

саяси, эконо ми калық және әлеуметтік рефор-

малар табиғатын түсіндірумен қатар, жаңа 

жас мемлекеттің идеологиясын халықтың 

тарихи санасына айналдыру ісінде ұлтжанды, 

жаңаша ойлай білетін адамдарға ставка жа-

салды. Екі ғасыр тоғысында таңдау біз дің 

кейіпкерімізге түсті. Бұл өзінің логика лық жо-

лымен болған тағайындау екенін билік бекіт-

ті, қоғам қабылдады. Билік те тізгінді кімге 

ұстатып тұрғанын жете сезінді. Өйткені ол 

мемлекеттік қызметтің бұған дейінгі биік са-

тыларынан барынша сүрін бей өткен өз кадры 

болатын. Бас газеттің ұжымы да бұл тағайын-

дауды бас шұлғып қарсы алды. Себебі ол 

жалпы журналистиканы былай қойғанда, 

дәл осы «Егемен нің» қара қазанында қайнап 

үлгерген қа рым ды қаламгер еді. 

Бірақ қызметке келу басқа, істі келістіру 

бір басқа. Такти калық шаруаларды тап-тұй-

нақтай етіп жасау көп адамның қолынан ке-

летінін көріп жүрміз. Бұл да – өнер. Дегенмен 

кішкентай өнер. Өнердің үлкені – страте-

гиялық істердің буы нын босатып алмай, 

көрінуі қиын көм беге барар жолда бағ да-

рыңды жоғалтпай, бар шаруаңды тындырып, 

бабыңмен жету. Ол екі міндетті де мінсіз 

орындап отыр. Тарихы бай газетті ең ұзақ 

бас қарған жетекші дәрежесіне жеткен Аб-

драхманов амплуасы ауқымды лы ғының ай-

қын бастауы осында жатыр.

Мұның сыры неде? Айтары жоқ, ол – га-

зет миссиясының да, өз миссиясының да 

табиғатын терең түсінген басшы. Кез келген 

нәрсенің ішкі сырына үңіле білген адам ша-

руаны тиянақты атқара алады. Бар болмысын 

істің қырына бағындыра білген кісі көрсет-

кішке жете біледі. Сауытбектің жаратылысы 

сойып қаптап қойғандай, қазіргі атқарып 

отырған міндетінің табиғатына егіздің сыңа-

рындай ұқсас екені таңдан дырмай қоймайды. 

Төл кәсібімен біте қай насып кетудің шыңына 

жеткен адамды, шынында да, мамандығының 

шын шебері деуден басқа амалың қалмайды. 

Өзімен ешқашан ымыраға келе алмайтын 

адам дара дамуының апогейіне жетпей тоқ-

та майтыны рас. Алып-қосары жоқ түйін, кәсі-

бін күнделікті қажеттілікке айналдыра алған-

дар «драматургиямен» емес, нәтиже көрсету-

мен айналысатынын қазақ журналистика-

сында Сәукеңдей дәлелдегендер өте аз.

Миссия табиғаты демекші, билік пен 

халық бір-біріне антогонистік ұғымдар емес 

екені айдан анық. Тапсырыс беруші халық та, 

орындаушы билік те сайлау арқылы жасала-

тын «келісімшарт» бойынша ортақ істің оң 

шешілуіне мүдделі. Өйткені халық жақсы 

өмір сүргісі келеді. Билік абыройдан айырыл-

мауды ойлайды. Бірақ процесс барысында 

екеуінің арасында антогонистік емес қайшы-

лықтардың нышандары болуы әбден мүмкін. 

Журналистика билікке жақсы мағынасындағы 

оппозиция екені де халықтық тұрғыдан 

қарағанда осы тұста байқалады. Бұқаралық 

ақпарат құралдарының тарапынан болатын 

бұл «қарсы позиция» ең алдымен журна-

листикаға емес, билікке керек. 

Себебі мемлекеттік саясаттың кемшін 

тұстарын халық билікке өркениетті түрде тек 

баспасөз арқылы ғана білдіре алады. Журна-

листика билікке жақсы мағына сындағы оп-

позиция деп отырғанымыз да – сол. Білікті 

билік өз саясатының осал тұстарына осы бай-

ланыс арқылы түзетулер мен өзгерістер ен-

гізіп отыруы тиіс. 

Қазіргі «Егемен Қазақстан» газетінің ста-

тусы да осы қағида айналасында ай қын дала 

түсті. Дәлірек айтсақ, Сауытбек Абдрахманов 

ұстанымы арқылы. Ақырын жүріп, анық ба-

сатын позиция – нағыз азамат тық позиция. 

Ол атышулы «Біз Тәуел сіздікке тәуелдіміз» 

деген сөзі арқылы қоғамдағы азаматтық 

ұста ным төңірегіндегі рух ұлылығынан алыс 

дау-дамайға нүкте қоя білуімен ерлік жаса-

ғанын біз ешқашан ұмытпауымыз керек. 

Пайымы мол публицист кесек сөзі арқылы 

заманауи мемлекетшілдіктің ұра нын асқақ-

татты. Жай ұрандатып ғана қой май, билік 

жүйесі мен бұқараның ара сын дағы байла-

ныстың берік қазығын баянды сөзімен ба-

рынша санамызға терең сіңдіре білгендігімен 

де құнды. Тәуелсіздігімізді қорғайтын канон-

дарға берік болуымызды қадап айтқан ды-

ғымен де барша жұртты иландыра алды. 

Осыдан кейін «Егер мем лекетіңді сүйсең, 

оның мүдделерімен өмір сүре білу керек» 

деген патриоттық сезімге бір сәтке де селкеу 

түсір мейтін  Абдрах ма новтық  характердің 

қапысыз екенін мо йындайсыз.

Ұлт құдіреті бірлікте екенін басты маз-

мұны мен мәніне айналдыру арқылы билік 

пен бұқараның диалектикалық байланысын 

нығайта отырып, мемлекеттің барлық пара-

метрлер бойынша нақты әрі сенімді дамуына 

қол жеткізуіне газет ықпал ете алатындай дә-

ре жеге көтерілгенін қазір бай қау қиын емес. 

Тәуелсіздікке тәуелді туындыгер он жыл дан 

астам уақыт бойы өзі басқарып отыр ған ба-

сы лымының осы мәртебесін теориялық тұр-

ғыдан дәлелдей білді, практикалық тұр ғыдан 

туын бір сәтке де төмендеткен жоқ. 

Демократиялық елдегі халықтық бас-

қарудың тиімді тетігін салиқалы да сал мақты 

басқарып отырған қайраткер қа лам гердің 

шеберлігін асқақтату артықтау болар. Сол тұ-

тас тетіктің рөлін атқаратын газет өз миссия-

сын билік алдында да, ха лық алдында да 

сон шалықты адал орындап отырғандығы қо-

ғам дағы тұрақтылық пен азаматтық келі-

сімнен де көрінеді. Әрине, қоғамдағы пози-

тивтік құбылысты тек газет беделіне ғана тели 

алмайсыз. Бұл жерде «мемлекет саясаты га-

зет идеология сы – халық сенімі» сияқты үш-

тағанның же келей алғанда әрқайсысының 

дұрыс  құ рыл ғандығын  және  тұтастай  алғанда 

ұлы органикалық бірлікке жеткендігін баса 

айту парыз. 

Мемлекеттік саясатты жасау құқы тек 

қана билікке берілген. Сол себептен де Гобс 

билікті табиғи монополияға теңеген. Аталған 

артықшылықты армандайтындар әр қоғамда 

табылуы ықтимал. Сондықтан да халыққа біз 

біртабан жақын тұрмыз деп ойлайтын неме-

се соған иландырғысы келетін мемлекеттік 

емес басылымдар болсын, жалпы, билікке 

оппозициялық басылымдар болсын, кей 

тұстарда іс жүзіндегі билік саясатына байла-

нысты әділетсіз пікір білдіруі де ғажап емес. 

Әрине, мұның бәрі – айналып келгенде таби-

ғи процесс. 

Десек те, кез келген саясатты халыққа сәл 

болса да бұрмалап көрсету сол сая саттың 

тағдырына нұқсан келтірмегеннің өзінде 

салқынын тигізбей қоймайды. Дәл осы жер-

де жалпыұлттық басылымның пәрмені айқын 

көрінеді. Ара ағайын болу барлық жағдайда 

да абыройлы бола бермейтіні бар. Екі оттың 

ортасында жүру қай кезде де оңай болмаған. 

Орыстарда әдемі тіркес бар: «Свой среди чу-

жих, чужой среди своих»! Әлгі айтқан Сок-

рат, Платон, Арис тотельдер, бір жағынан, 

билік басын дағылардан, екінші жағынан, 

сабырсыз тобырдан екіжақты қыспақта 

қалып, бастарымен қайғы болып кеткен. «Аяз 

би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» деген 

сөз де осы оттың ортасында айтылған.



Беренсөздің бірегей бегі

Билік басылымының басында отырған 

басшы бұл ситуацияда қоғамда алтын көпір 

бола білуімен оң бағаланады. Десек те, тар 

қапастан абыроймен шығу оңай ма? Жоқ. 

Халық пен биліктің арасында таразы басын 

тең ұстау – кез келгеннің қолы нан келе бере-

тін шаруа емес. Жоғарыда ғыларға жалтақ-

таған басшы берекет таппайды. Халықшыл 

болса, билікке жағуы екіталай. Не істемек 

керек? 

Сауытбек Абдрахманов – параллельді 



біліктілікпен түйістірген қайраткер. Билік 

әлемінің де бабын табу, сабырсыз жұртты да 

сөзіне сендіру механизмін іске қоса отырып, 

екіжақты қыспақтың арасын барынша алшақ 

ашу арқылы қоғамдағы тұрақ тылықты сақ-

тау ға сүбелі үлес қосуға болатынын жүре гі-

мен ұғатын мемлекетшіл Сәукеңнің барлық 

ісін осы бағытта ұйым дастыруы – ұтқыр 

тәсіл.

Жалпақ қазақ өз ұлтымыздың басынан 



өткен сан қилы зауалды жақсы біледі. Дей 

тұра дербес мемлекеттікке қол жеткізе алмай 

зарлаған үш ғасырлық кіріптарлық көп құн-

ды лықтарымыздан  айырылуы мыз ға  әкел-

генін біле тұра, қазіргі тәуел сізді гіміздің кри-

терийін әркім өзінше бағалай тыны жасырын 

емес. Сондықтан да азат мемлекеттігімізді, 

шекаралық тұтастығы мызды, әлеуметтік бір-

лігімізді сақтау мен нығайтудың, эконо ми-

калық іргетасымыз ды бекітудің зіл батпан 

салмағы атқарушы биліктің иығына түсіп 

тұрғанын тек мемлекетшіл қайраткер ғана 

халыққа дұрыс түсіндіре алады. Қарымы мол 

қаламгер осы мүдде үдесінен шыға алуымен 

де құрметке лайық. Мемлекеттік билік пен 

азаматтық қоғам институттарының өзара 

қарым-қатынасы елдің ең басты басылымы 

арқылы жүзеге асатынын ескерсек, қайраткер 

басшы еңбегі Президент инсти тутының көп 

қырлы қызметіне тұтас қоғам ның түсіністікпен 

оң ықпал етуіне жол аша білуімен де ерекше-

ленеді. 


Бас басылымды басқарып отырған жыл-

дардағы өлшеусіз еңбегі әлеуметтік топтар-

дың өз мүдделерін билікке жеткізуін қамта-

масыз етумен қатар, олардың өз ұсыныстарын 

нақты айту арқылы мемлекеттік басқару ісіне 

араласуын қамтамасыз ете білуімен де баға-

лануы тиіс.

ЕГІЗ ҰҒЫМ: ЕҢБЕК – ЕРЛІК

Жоғарыда Сәукеңнің газет басшысына 

тағайындалуы өзінің логикалық жолымен 

болғанын акцент жасап айтуымызда да мән 

жатыр. Ерекшелігі сол: Сауытбек Абдрахма-

нов қайраткерлік пен қаламгерліктің ұшар 

басына қызмет баспалдағының бар лық саты-

ларынан өтіп келуімен қызық ты рады. Мем-

лекеттік қызметте референттіктен министрлік 

креслоға дейінгі екі ара лықтағы барлық қыз-

меттің қыр-сырын те рең меңгерді. Президент 

және Министр лер Кабинеті аппара тының 

бөлім мең геру шісінің орынбасары да, бірінші 

орынбасары да болды. Министрдің орынба-

сары қыз метін де абыроймен атқарды. Са-

быр лы лықтың мұнан асқан үлгісі бар ма 

екен? 

Журналистикадағы карьерасы да дәл 



осыған ұқсайтынын қайтерсіз. Тілші, бөлім 

меңгерушісі, редакциялық алқа мүшесі. 

Қарап отырып жымиясың, жұрт «бас ре дак-

тордың орынбасары болмағансың» деп айт-

пасын дегендей, Сәукең екі ара лық та «Қазақ-

стан теледидары мен радиосы» рес пуб-

ликалық корпорациясының бірінші вице-

президенті қызметін істеп келген ғой. Биігіне 

әділ жеткен адам осын дай-ақ болар. Шы-

нында да, ұсақ нәрседен басталатын ұлылық-

қа ұмтылудың ұзақ сонар ізі ең әдемі жолды 

көз алдыңа әкеледі. Дегенмен келісіңіз, бұл 

сүрлеу қазіргі күн тұрғысынан ғана көрікті 

көрініп тұр-ау?! Әйтпесе артта қалған кедір-

бұдырлы соқпақпен жүріп өтуге көп адам 

келісе қоймайды. Ең соңында бәрі жақсы бо-

лады деп сендірсең де. 

Ол жүріп өткен жолдың әр аялдамасын 

неге тәптіштеп кеттік? Біздің ойымызша, бұл 

– керек нәрсе. Адамның наградаларын айт-

пасаң, айтпа, бірақ атқарған жұмы сын айт-

пау күнә. Өйткені еңбек кітапшасы – оның 

өмірі. Онда адамның төккен тері, сіңірген 

еңбегі тасқа басулы тұр. Кісінің кісілік келбеті 

мен ізгілік істері сайрап жатыр. Осының бәрін 

елемеу – сол адамды толыққанды сыйламау. 

Оның үсті не біз Сауытбек Абдрахмановтың 

үлгі сіндегі жолды кейінгі ұрпаққа, қала берді, 

қасымызда жүрген басқаларға өне ге ретінде 

ұсынуға тиіспіз. Адамның адал еңбекпен 

шың ға шыға алатынын насихаттаудан қалсақ, 

басқаларды ақиқаттың барына қалай сенді-

ре алмақпыз. 

Ең бастысы, ол бүгінгі күніне аптығып 

жеткен жоқ. Асықпай жетті. Шынында да, ол 

өмірде жедел жасалатын шаруаның бәрі 

маңызды емес екенін көкірегіне жастайынан 

түйіп өскеніне күмән жоқ. Бұл да соншалықты 

таңғаларлық қасиет емес дерсіз. Ал енді өзін 

қашанда маңызды істе асықпауға тәрбиелеу 

әркімнің пешенесіне жазыла бермейді. 

Шыдамдылықты адамға тек Жаратушы сый-

лайды. Сәукеңнің кейде құдай қолдаған 

адамдай көрінетіні де сондықтан. Ал, шын-

туайтында, бұл фено меннің астарында үсті-

нен түйе жүріп өтсе де, қыңқ демейтін Сәу-

кеңнің өзіне ғана тән мықшеге мінезі жатыр. 

Ол бәрінен бұрын осынысымен ешкімге ұқса-

майды. 

Жиырма бірінші ғасырда білектің күші-



мен емес, білімнің молдығымен ерлік жаса-

латынына көзіміз жетті. Керек десеңіз, 

академиялық білім иесі болу да аздық етеді. 

Ұшан-теңіз біліми әлеуетің пайдалы коэффи-

центі өте жоғары еңбек өнімділігіне ұласқанда 

ерлікке жақындайсың. Кейіпкеріміз де осын-

дай амбициялық ұмтылыс тардан аулақ жүре 

алмайды. Өйткені биік планка ерлікке жете-

лейді. Жетелеп ғана қоймайды, жеткізеді де. 

Басқаша кестелесек, ерлік жасатпай қой-

майды екен. Олжас Сүлейменов бағзы тарих 

қатпарларынан келген «Игорь жасағы туралы 

дастаннан» түркі сөздерін терсе, Сауытбек 

Абдрахманов күні кеше өмір сүрген Пушкин-

нің жырларынан 217 түркизм сөзді тапқанын 

ерлікке бағаламай отыра береміз бе?! 

Еңбек пен ерлікті егіз ұғым деп отырға-

нымыз да – сол. Кім екені есімізде тұрған ба, 

бір оқымыстының айтқаны бар: «Да ныш-

пандық деген — бір пайыз талант, плюс тоқсан 

тоғыз пайыз — еңбекқорлық». Да ныш пан

-

дықта шаруамыз шамалы. Еңбек 



қорлық 

қасиет ке диктатура жасағаннан асқан не бар? 

Біздің айтпағымыз, құдай берген дарыны бар 

әр қаламгер талантын бұлдап жатып алмай, 

Сәукең секілді еңбек тене білсе, ұлттық рухы-

мыз қазіргіден де жоғары сатыға көтерілер 

еді. Анығы сол: құдай үлкен жерден орынтақ 

берген әр қаламгер қызметін бұлдап, жүріп 

алмай, Сәукең сияқты ортақ істе өзі үлгі 

көрсетсе, азаматтық мәдениеттің биік дей-

гейіне же те қаба құлаймыз. Осыны ең алды-

мен Сауыт бектің өзі түсінген, өзгелердің 

түсінуі үшін өз өмірін осылай сүріп келе жа-

тыр. Оған тоқтау мен тоқырауды білмейтін 

тынымсыз шығармашылығы куә. Әлгіндей 

инемен құдық қазғандайын зерттеушілік 

зейіні куә. Бұл бір адамның өмірі үшін аз ба? 

Осы қыруар шаруаның фонында Аб драх-

мановтық характер тағы да анадайдан мен-

мұндалайды.



Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.69 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет