Туризм бойынша бұқаралық іс шараларды ұйымдастыру мен өткізу пəні бойынша



жүктеу 0.62 Mb.
Pdf просмотр
бет7/7
Дата26.01.2017
өлшемі0.62 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

30    қарашасынан  бастап  жұмысшылардың  талап  етілуіне  қарай  аталды. 

Қоғамның  төрағасы  болып  тауда  саяхат  жасаудың  шебері  Н.В.Крыленко 

тағайындалды. 

 

Туристік  ұйымдардың  іс-əрекетінің  80-  жылдар  басындағы  маңызды 



бағыты 

ретінде 


түрлі 

аймақ, 


облыс, 

республикалардың 

туристік 

мүмкіндіктерін  зерделеу  жəне  жекелеген  өңірлерде  туризмді  дамыту 



схемасының 

перспективасын 

жобалау 

болды.Алынған 

нəтижелер 

қорытындылап,КСРО  территориясында  туристік-экскурсиялық  маршруттар 

мен мекемелердің орналасуы, туризмнің дамуының біртұтас барлық схемасы 

жасалды.Бұл  туризмді  жоспарлаудың  одан  əрі  перспективалы  дамуының 

ғылыми негізі болды. 

 

 



 

                                  Семинар сұрақтары: 

 

 1. КСРО- да жаппай туристік қозғалыс  қашан басталды? 



 2. 1929 жылы 30 қарашада қоғамның төрағасы болып кім сайланды? 

 3. 1929 жылдың аяғына қарай пролетарлық туризм қоғамының бөлімшелері 

қай қалаларда ашылды? 

  

Семинар – 10 



                

 

               Көне дəуірден қазіргі заманға дейінгі Қазақстанда туризмнің  



                                 қалыптасу, даму тарихы 

 

 



  

Қазақстандағы  ұйымдасқан    саяхат  мен  туризмнің  тарихы  негізінен 

əлемдік  туризмнің  тарихын  дəуірлеумен  сəйкес  келеді.Дегенмен  Қазақстан 

туризмінің тарихының өзіндік ерекшеліктері де бар. 

 

Қазіргі  Қазақстан  территориясын  біздің  жыл  санауымызға  дейіе 



мекендеген  адамдар  аңшылық  пен  терімшіліктен  өндірісті  еңбекке  əлемнің 

басқа  аудандарына  қарағанда  кешірек  көшкен.Қазақстан  ғалымдарының 

пікірінше,  біздің  республикамыздағы  ең  көне  адамдар  осыдан  шамамен 

жарты  миллион  жыл  бұрын  пайда болған.Оның негізгі дəлелі  адам  қолымен 

жасалған  еңбек  құралы.Көне  Қазақстандағы  тұрғындардың  өндірістік 

шаруашылығы б.д.д. ІІІ мыңжылдықта басталған. 

 

Көне  əлемнің  тарихында  қазіргі  Қазақстан  территориясында  алғашқы 



ұйымдасқан  саяхаттар  басты  туристік  нысан  –  Ұлы  жібек  жолымен 

байланысты.Ал оның қалыптасуының бастапқы дəуірі б.д,д, зерттеушілер өз 

еңбектерінде Қытай туралы мəліметтер келтіріп, ол елге баратын жолдардың 

сипаттмасын берді.Кейіннен Ұлы жібек жолы атанған жырдың алғашқы бізге 

жеткен  сипаттамасы  осы.Ал  бұл  сипаттманың  қағазға  түсуі  –  б.д.д.  І 

ғасырдың аяғы. 

 

Ұлы  жібек  жолының  қалыптасуының  ұзақ  процесс  болуы  батыс  пен 



шығыс  өркениеттерінің,  көне  əлем  мен  Қытайдың  бірін-  бірі  біртіндеп 

тануының дəлелі.Бірнеше ғасыр , тіпті бірнеше жыл əлем Қиыр Шығыстағы 

ірі отырықшы өркениет иесі Қытай жайлы ешнəрсе бəлмеді десе де болады. 

 

Қазақстан  территориясындағы  ең  алғашқы  туристік  нысандардың 



пайда  болуы  түркі  тайпаларының  көші  –қонымен,  басқыншылықпен 

байланысты.Қазақстанда алғашқы қажылық туризмді ұйымдастырушы Темір 

болды, оның атымен байланысты ескерткішті жерлер əртүрлі жылдарда түрлі 


əлеуметтік туризмдерді ұйымдастыруға септігі тиді.Мұндай негізгі ескерткіш 

–  1399  жылы  Ақсақ  Темірдің  бұйрығымен  Ахмед    Яссауиге    салынған 

мавзолей.Қазақсатн  туризмнің  тарихының  айрықша  табыстарға  қол  жеткізуі 

жаңа 


дəуірде 

болды.Қазақстанда 

туристік 

индустрияның 

біртіндеп 

қалыптасуы өлкетану негізінде іске асырылды. 

 

                       Семинар сұрақтары: 



  

1. Көне əлемнің тарихында   алғашқы ұйымдасқан туристік нысан 

 2. Қазақстанда алғашқы  қажылық туризмді ұйымдастырушы?  

 3. 1399 жылы Ақсақ Темірдің бұйрығымен  қандай мавзолей салынды? 

  

 

 



Семинар – 11 

              

            Көне дəуірден қазіргі заманға дейінгі Қазақстанда туризмнің  

                                 қалыптасу, даму тарихы 

 

 

Қазақстандағы  өлкетануға  арналған  зерттеулердің  ұзақ  та  қызықты 



тарихы бар. Кеңестік кезеңде Қазақстандағы өлкетану тарихына байланысты 

бірнеше  еңбек  жарық  көрді.Бұлардың  ішіндегі  ең  бір  қызықтысы  –  Тарих 

археология 

жəне 


этнография 

институтының 

ғылыми 

қызметкері 



А.Н.Мұстафааевтың    «Қазақстан  тарихы  мен  мəдениетінің  ескерткіштері» 

атты жинақта жарияланған мақаласы. 

 

Қазақстан    өлкелерін  зерттеу  мақсатында  Семей  елінің  1886  жылы 



А.Н.Красновтың,  1891-  1892  жылдары  Н.Ф.Рыбаковтың  экспедициялары 

ұйымдастырылды.Қазақ  ауылдарында  Г.Н.Потакин  ,  С.Г.Рыбаковтар  жұмыс 

істеді.Бұлармен  қатар  өз  ғылыми  жұмыстарын  Орыс  –  Сібір  бөлімдері 

жүргізді.Олар  қазақтардың  этнографиясы  туралы  еңбектер  жариялап, 

жергілікті  өлкетанушылармен  байланысып  тұрды.Орыс  географиялық 

қоғамының  қазақ  мəдениеті  мен  тарихының    алдындағы  ереше  сіңірген 

еңбегі  –«Орыс  географиялық  қоғамының  жазбаларының»  1904  жылғы  жеке 

томында Ш.Ш.Уалихановтың этнографияға қатысты негізгі еңбегі еңбектерін 

жариялауы. 

 

Қазақстанда  алғаш  ресми  түрде  ашылған  ұйымдасқан  туристік  ұйым 



ХХ  ғасырдың  басында  Верный  қаласында  Ресей  тау  қоғамының  бөлімшесі 

болды,ол  1927  жылға  дейін  қызмет  етті.Алғашқы  ресми  тіркелген  жорық 

Верный  қаласынан  Іле  Алатауына  ,  Ыстықкөлге  жасалды,  оған  Алматы 

қаласынан    17  мұғалім  қатысты.Бұл  жорықты  1929  жылы  Г.И.Белоглазов, 

Ф.Л.Савин,  В.М.Зимин  ұйымдастырды.Бұлар  тау  туризмнің  энтузиастары 

ретінде Іле Алатауына бұдан басқа бірнеше жорыққа мұрындық болды. 

 

Қазіргі 


кезеңде 

Қазақстандағы 

əлеуметтік 

туризмнің 

орнын 

экономикалық  туризм  басты,  сондықтан  датуризмнің  бұл  түрін  жоғары 



дамыған  индустрияға  жəне  ұлттық  экономиканың  басым  бөлігіне 

айналдыруымыз  қажет.Сонымен  қатар  қазір  біз  өз  еліміздегі,  шет  елдердегі 

туризмнің дамуының тарихын білу арқылы,оның адамзат тарихындағы өзекті 

мəселелерін білу арқылы қазіргі туризмді дамытудың тиімді жолдарын іздей 

аламыз.Туризм 

тарихындағы 

жұмыстардың 

нəтижелерін 

пайдалану 

туризмтанудың 

теориясын 

негіздеуге 

мүмкіндік 

береді,Қазақстан 

Республикасындағы  туризмді  дамытудың  қазіргі  ұлттық  концепциясын 

жасауға жəне туристік мамандарды дайындауға жол салады. 

 

                           Семинар сұрақтары: 



 1.  А.Е.Қайназарованың  пікірінше  Қазақстанның  өлкетану  тұрғысынан 

зерттелуі қай ғасырлардан басталады? 

 2.  Қазіргі  кезеңде  Қазақстандағы  əлеуметтік  туризмнің  орнын    қандай 

туризм басуда? 

 3.  Қазақстанда алғаш ресми түрде ашылған ұйымдасқан туристік ұйым 

Семинар-12 

  

             ТМД елдері мен Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайы  



                                     жəне дамуының мəселелері 

2002  жылдың  желтоқсанына  дейін  Қазақстан  Республикасындағы 

туристік іс-əрекет төмендегідей халықаралық жəне қазақстандық заңдармен , 

заңдық  актілермен,  үкіметаралық  келіссөздермен,  халықаралық  үкіметтік 

емес туристік ұйымдардың шешімдерімен реттеліп келеді: 

 

1)  Туризм  хартиясы.Əлемдік  туристік  ұйымның  бас  ассамблеясының 



1985 жылы  VI сессиясында мақұлданған; 

 

2) Туризм жөніндегі парламентаралық Гаага декларациясы.Гаага, 10-14 



сəуір.1989 ж; 

 

3)  Шекаралық  зонаға  кіру  мен  сонда  болу  үшін  рұқсат  берудің  тəртібі 



туралы  инструкция.Қазақстан  Республикасы  Ішкі  істер  министрлігі  1994 

жылы 4 сəуірде №92 бұйрықпен бекіткен; 

 

4) 


Қазақстан 

Республикасының 

«Халықтың 

санитарлық-

эпидемиологиялық  игілігі  туралы  »  заңы.  Қазақстан  Республикасы 

президентінің 1994 жылғы 8 шілдедегі 21 қыркүйектегі №156- ХІІІ жарлығы 

мен бекіткен; 

 

5)  Қазақстан  Республикасына  келетін  шетел  азаматтарына  ережелерді 



қолданудың  реті  туралы  инструкция.Қазақстан    Республикасы  Ішкі  істер 

министрлігінің 1994 жылғы 31 қазандағы №286 бұйрығымен бекітілген; 

 

6)  1996  жылғы  21  қазанда  қол  қойылған  Ташкент  декларациясы. 



Ташкентте  Қазақстан,  Əзірбайжан,  Қырғызстан,  Түркменстан,Өзбекстан 

республикаларының президенттері қол қойды; 

 

7)  Қазақстан  Республикасы  президентінің  «Түркі  тілдес  мемлекеттер 



басшыларының  Ташкент  декларациясын,  ЮНЕСКО  мен  Əлемдік  туристік 

ұйымның  Қазақстан  Республикасындағы  Ұлы  жібек  жолы  туристік 

инфрақұрылымын  дамыту  жөніндегі  жобаларын  іске  асыру  туралы» 

жарығы.1997 жыл 30 сəуір №3 476 



 

8)  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  «Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  жарлығын  іске  асырудың  шаралары  туралы»  1997  жылғы      7 

шілдедегі №1067 қаулысы ; 

 

9) Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 ақпандағы № 



3859  «Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта жандандыру, түркі тілдес 

мемлекеттердің 

мəдени 

мұрасының 



сабақтаса 

дамуы,туризмнің 

инфрақұрылымын құру туралы жарлығы»; 

 

10)    Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  1998    жылғы  10  тамыздағы 



№738  «Жібек  жолы-  Қазақстан  ұлттық  компаниясы  акционерлік  қоғамы 

туралы» қаулысы; 

                           Семинар сұрақтары: 

 1.  Қазақстан  Республикасының  «Халықтың  санитарлық-эпидемиологиялық 

игілігі туралы » заңы қай жылы қабылданды? 

 2. 1997 жылғы   7 шілдедегі №1067 қандай қаулы қабылданды? 

 3. «Жібек жолы- Қазақстан ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы туралы» 

қаулысы қашан қабылданды? 

Семинар-13 

 

 



   ТМД елдері мен Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайы  

                                       жəне дамуының мəселелері 

 

Қазақстан  Республикасы  осы  кезеңде  туризм  бойынша  төмендегідей 



келісімдер жасады: 

6) 


Қазақстан Республикасы Үкіметімен Пакистан Ислам Республикасы 

үкіметі 


арасындағы 

мəдениет, 

спорт 

жəне 


туризм 

салаларындағы 

ынтымақтастық туралы келісім.Исламабад, 1992 жылдың 24 ақпаны. 

7) 


Қазақстан Республикасымен Иран Ислам Республикасы арасындағы 

туризм  саласындағы  ынтымақтастық  туралы  келісім.Тегеран  ,  1993  жылдың 

20 маусымы. 

8) 


Қазақстан  Республикасы  туризм,  спорт  жəне  жастар  ісі  жөніндегі 

министрлік  пен  Венгер  Республикасы  өнеркəсіп  жəне  сауда  министрлігі 

арасындағы  туризм  саласында  ынтымақтастық  туралы  келісім.  Алматы, 

1994жылдың 30 наурыз. 

9) 

Қазақстан  Республикасы  туризм,  спорт  жəне  жастар  ісі  жөніндегі 



министрлік пен Египеттің туризм министрлігі арасындағы туризм саласында 

ынтымақтастық туралы келісім.Каир,1995 жылдың  25 мамыры. 

10) 

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Израиль үкіметі арасындағы  



туризм саласында ынтымақтастық келісім.Алматы ,1995 жылдың  

30 тамызы. 

          6)  Қазақстан Республикасы денсаулық, мəдениет жəне білім министр 

               лігі мен ҚХР –сының туризм ісі жөніндегі басқарма арасындағы  

               туризм саласында ынтымақтастық туралы келісім Пекин, 1998   

               жылдың  7 мамыры. 

8) 

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрік Республикасының үкіме 



ті  арасындағы  туризм      саласында  ынтымақтастық  туралы  келісім.Анкара  ,  

1998 жылдың 15 маусымы. 

          8)  Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Болгария Республикасы  


               Арасындағы келісімшарт.1999 жылдың  15 қыркүйегі. 

10) 


Қазақстан Республикасы туризм, спорт жəне дене тəрбиесі минис- 

трлігі    мен  Молдова  Республикасы  туризм,  спорт  жəне  жастар  министрлігі 

арасындағы келісім.Алматы, 1992 жылдың 4 қарашасы. 

         10) ТМД елдерімен туризм саласында ынтымақтастық туралы келісім. 

                1994 жылдың 23 желтоқсаны. 

 

                  Семинар сұрақтары: 



 1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Израиль үкіметі арасындағы  

туризм саласында ынтымақтастық келісімі қай қалада өтті? 

 2.  1994 жылдың 23 желтоқсанында қандай келісім болды? 

 3. 1992 жылдың 4 қарашада Алматы қаласында қандай келісім өткізілді? 

 4.  Қазақстан  Республикасымен  Иран  Ислам  Республикасы  арасындағы 

туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім 

                   

Семинар-14 

   

             Туризмді қазіргі əлеуметтік құбылыс ретіндегі тиімділігін   



                                         арттырудың    жолдары 

 

 Туризм  теориясы  мен  практикасында  «əлеуметтік  туризм»  жəне 



«экономикалық 

туризм» 


деген 

ұғымдарды 

дара 

қарастыратыны 



белгілі.Осыған  байланысты  туризмді  əлемдік  əлеуметтік-экономикалық 

құбылыс ретінде тиімділігін бағалаудың критерийлерінің де өзгешелігі бар. 

 

Туризмнің  қазіргі  ролі  адамның  өмірін  ұзартуы  мен  пайдалы  əсер 



етуінің  сапасы  арқылы  айқындалады.Сондықтан  да  туризмтануда  туризмнің 

медициналық-физиологиялық  ,  экономикалық  жəне  əлеуметтік  пайдалары 

деген ұғым қолданады. 

 

Туризм  жоғары  дəрежедегі  қозғалғыштыққа  əсер  беріп,  рекреациялық 



қажеттерді  белгілі  бір  уақыт  ішінде  барынша  қанағаттандыруы  жағынан 

басқа  істерге  қарағанда  сауықтырғыштық  пайдасы  зор.Өкінішке  орай,  қазір 

дəстүрлі медицинаның сауықтырғыштық пайдасы шамалы болып тұр, себебі 

аурудың негізгі себептері мен дамуын медициналық мəселе ретінде түсіндіру 

жұмыстары  жүргізілмейді.Дəрігерлер  жүздеген  адамды  инфарктан  емдей 

алады.Бірақ  бұл  аурудың  неге  ,  қалай  көбейіп  бара  жатқанының  алдын  ала 

алмай  отыр.Бұл  жерде  дəрігерлер  мен  пациенттердің  сауықтыру  шараларын 

сақтауы өзара түсінік жағдайында болмай тұр. 

 

Туризмнің 



денсаулықты 

сақтау 


мақсатындағы 

жүгіруден 

де 

артықшылығы  бар.Өйткені  туристік  жүрістің  жүгіруден    гөрі  адамның  тіреу 



қозғалу  аппаратына  зияны  аз.Жүгіру  кезіндегі  адам  денесінің  солқылдауы 

оның  дене салмағынан    2-3 есе  артық, сондықтан да ол  аяққа,  тізеге,  сіңірге 

зақым келтіруі мүмкін. 

 

Туризмде  ауыр  дене  жүктемелері  белсенді  қозғалыстың  ,  толыққанды 



демалыстың  заңына  бағынады.Мамандар  туристердің  сарқыраған  өзен 

жағасында,  тайгадағы  шу  мен  желдің  гуіліне  қарамастан  қатты  да 

тапжылмастан,  түс  көрместен  ,  бір  жағымен  ұйықтай  беретініне  таң-тамаша 


қалады.Дəл  осындай  ұйқы  ғана  адамның  бұлшық  еттері  мен  басқа 

органдарының энергия шығынын қысқа ішінде толтыра алады. 

 

Туризмді  ақылға  салып  ұйымдастыра  білсек,  халқымыздың  науқасын 



30%  пайызға  төмендетуге  болады.Қазақстан,  оның  ішінде  Алматы  қаласы 

үшін  медициналық-физиологиялық  жəне  əлеуметтік  туризмнің  маңызы  өте 

ерекше.Қазақстанның 

оңтүстік 

астанасының 

тұрғындарына 

туризм 

рекреациялық  құрал  ретінде  барлық  белсенді  демалыс  пен  спорттың    жəне 



қала маңында өткізілетін медициналық сауықтырудың түрлерінен əлдеқайда 

маңызды жəне пайдалы. 

                        

 

                                          Семинар сұрақтары: 



 1. Туризм теориясы мен практикасында қандай ұғымдар қарастырылады? 

 2. Туризмнің қоғамдағы  қазіргі ролі 

 3.  Туризмнің медициналық-физиологиялық пайдасы қандай? 

 Семинар-15 

                              Туризмді қазіргі əлеуметтік құбылыс ретіндегі тиімділігін   

                                         арттырудың    жолдары 

 

ХХ    ғасырдың  90-  жылдарындағы  негізгі  инвестиция  шикізатты 



өндіруге  жұмсалып,  олар  алыс  шетелдерге  сатылды.Тек  шикізат  сату  ғана 

Қазақстанға  валюта  қорын  жинауға,өмір  сүруге  мүмкіндік  береді.Шикізат 

1994  жылы  3,54  млрд.долларға  ,  1997 жылы  7,05  млрд.долларға  сатылды.Ал 

жеңіл  өнеркəсіп  өнімдерінің  шет  елдерден  сатылып  алынуы  жылдан-жылға 

арта  түсіп,елдің  төлемдік  қабілетіндегі  жетімсіздік  1,2-  1,5  млрд.доллар 

болды. 


 

Шикізатты  сату  елдің  энергетикалық  қорын  біржола  жойып 

кетсе,туристік  индустрияларда  ресурстарды  жаңартып  отырады.Демек, 

шикізатты  сату  –  экономикалық  тығырық  ,  ал  туризмнің  дамуы  –ұзақ 

экономикалық пайдалы келешек. 

 

Мексика,Бразилия,  Перу,  Аргентина,  Кения,египет  елдерін  керемет   



дамыған  елдерге  жатқызу  қиын.Бірақ  бұл  елдердің  үкіметтері  мемлекет 

көмегімен  туристік  қызметті  экономиканың  жақсарту  нəтижесінде  барлық 

саласының  көтерілетінін  баяғыда  түсінген.Оған  тағы  бір  дəлел-кейінгі 

жылдарда  туризмнің  Қытайда,  Тайландта,  Индонезияда  өркендеуі.Кенияда 

тіпті  туризм  халықтың  өзіндік  келбетін,  қолөнерін  сақтау  үшін  жұмсалатын 

қаржының  жалғыз  жолы  болып  қалады.Туризм  министрлігі  тіпті  Сейшель 

аралдарында бар.  

 

1963  жылы  25    миллион  халықаралық  туристік  сапарлардан 



мемлекеттердің    қазынасына  2,5  млн.  доллар  кіріс  түскен.  1993  жылы  бұл 

көрсеткіштер  500  млн.  турист  304  млрд.  түсім  болыпты.Əлемдік  туристік 

ұйымның    есебінше  ,  əлемнің  барлық  мемлекеттеріне  1980  жылы  барған 

шетелдік  туристер  экскурсанаттардың  саны  шамамен  234  млн      яғни    1975 

жылы  10  %  көп  жəне  20  жыл  бұрынғысынан  4,6  есе  артық.Туризм  аясында 

іске  асырылатын  жəне  пайдаланылатын  өнімнің  бағасы  жылына  100  млрд 



доллардан  асып  түседі.1995  жылы  əлемде      576  млн  туристер  келіп  , 

халықарлық туризмге түскен қаржы 372 млрд долларды құрады. 

 

Туризм  индустриясының  жұмысына  саланың  мəнді  мəселелерін 



түсінетін  қызметкерлерді  дайындау.Туристік  табарлармен  қызметтердің 

өндіріс  технологиясын  жоспарлай  алатын  жəне  туристерге  жұмсалатын 

қаржыны  жаратудың  тиімді  жолдарын  іздестіре  білетін  жəне  осы 

прцесстердің барлығын  басқара алатын болуы керек. 

 

                                   



                                           Семинар сұрақтары: 

 1.  Қай  уақыттан  бастап  негізгі  инвестиция  шикізатты  өндіруге  жұмсалып, 

олар алыс шетелдерге сатылды? 

 2.  1963  жылы  25    миллион  халықаралық  туристік  сапарлардан 

мемлекеттердің  қазынасына қанша кіріс түскен? 

 3.  1995  жылы  əлемде      қанша  турист    жəне  халықарлық  туризмге  түскен 

қаржы   

  

 



 

 

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 0.62 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет