Туризм бойынша бұқаралық іс шараларды ұйымдастыру мен өткізу пəні бойынша



жүктеу 0.62 Mb.
Pdf просмотр
бет6/7
Дата26.01.2017
өлшемі0.62 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

               

 

     Семинар сұрақтары: 



    1.  Курстың негізгі мақсаты 

    2.  Курсты оқытудың материалы неше тақырыптан тұрады? 

    3.  3 тақырыпта туризмнің қай кезеңі қарастырылады? 

 

 



Семинар-2 

                

 

Адамзат тарихи жəне алғашқы  ұйымдасқан саяхаттардың     



                      

əлеуметтік-экономикалық себептері 

  

 

Туризм  тарихы  дегеніміз-  саяхаттардың  ең  қарапайым  түрінен  бастап 



күрделі түрлерін қоса жəне көне заманнан қазіргі заманға дейінгі жүріп өткен 

жолын  зерттейтін  ғылым.  Туризм  тарихының    зерттеу  пəніне  туристік 

қозғалыстың  əлеуметтік  құбылыс  ретінде  шығу,  қалыптасу  жəне  даму 

заңдылықтары жатады. 

 

Туризм 


тарихы 

өз 


зерттеулерінде 

археология, 

нумизматика, 

палеография,  этнография  жəне  т.б.  тарих  ғылымының  салаларының 

деректеріне сүйенеді. 

 

«Туризм»    термині  түрлі  халықтардың  тілінде  ХІХ  ғасырда  ғана 



тұрақтала  бастады.Көне  жəне  орта  ғасырларда  адамдар  оның  орнына 

«саяхат»  деген  сөзді  қолданды.Қазіргі  туризмтануда  саяхат  деп  адамдардың 

мақсатына қарамастан кеңістік пен уақытта орын ауыстыруын атайды. 

 

Қазіргі  ТМД  елдеріндегі  туризм  кеңестік  кезеңде  əлеуметтік  туризм  



ретінде  дамып,  шығындарына  қоғамдық  қаржы  жұмсалды.Сол  кезде  туризм 

теориялық    тұрғыда  нақты  адамдардың  туристік  іс-əрекеттегі  мұратына 

байланысты  зерттелді  де,  туризмнің  қалыптасу  тарихы  ереше  əлеуметтік 

құбылыс санатында қарастырылды. 

 

Туризм  тарихын  зерттеушілердің  көпшілігі  белгілі  бір  саяхаттар 



бойынша айқындалған фактілерді ғана баяндады.Олар адамзат тарихының əр 

түрлі  дəуіріндегі  туризмнің  жеткен  жетістіктерін  ұйымдасқан  саяхаттардың 

нақты 

əлеуметтік-экономикалық 



себептерімен 

байланыстырмады 

В.Б.Сапрунованың  басқалардан  басты  ерекшелігі-туризм  тарихын  4  кезеңге 

бөлді: 


1-кезең «туризм тарихының алды» деп те атайды; 

2-кезең элитарлық туризм кезеңі, яғни туристік қызметтер көрсететін арнайы 

кəсіптің туындауы; 

3-кезең бұл əлеуметтік туризмнің қалыптаса бастауы; 



4-кезең  бұл  жаппай  туризмнің  қазіргі  кезеңі,  туристік  индустрияның  туризм 

үшін тауар өндіру мен қызмет көрсету кешенінің қалыптасуы; 

 

Туризмнің  дамуының  əртүрлі  кезеңде  дамуының  дəуірге  бөлуге 



техникалық-  экономикалық,  əлеуметтік  алғы  шарттар  жəне  туризмнің 

мақсатты қызметтерін негізгі критерийлер етіп алған. 

 

                Семинар сұрақтары: 



 

 1.  «Туризм»  термині қай ғасырдан бастап тұрақтала бастады? 

 2.   В.Б.Сапрунов туризмді неш кезеңге бөлді? 

 3.   Туризм тарихы қай ғылымдар салаларына сүйенеді? 

 

 

 



Семинар-3 

                 

 Көне жəне орта ғасырлардағы туризмнің туу тарихы  

 

«Туризм»  термині  əлемнің  түрлі  халықтарының  тілінде  ХІХ  ғасырға 



қарай  ғана  тұрақтады.Көне  жəне  орта  ғасырларда  адамдар  «саяхат»  деген 

терминді  қолданып  келді.  С.И.Ожеговтың  «Словарь  русского  языка» 

еңбегінде  «жол»  сөзіне  кеңістіктегі  қозғалыс  болып  жататын  сызықты, 

қимыл-қозғалыстың бағыиы деген түсіндірме жасалады.Əуелде «саяхат» сөзі 

жолмен  жүру,яғни  уақыт  пен  кеңістікте  белгілі  бір  бағытпен  жаяу  орын 

ауыстыру деген мағынада қолданылған. 

 

Саяхат-  адамның  күрделі  де  сан  салалы  іс-əрекеті,  сондықтан  да 



«саяхатшы»  болып  көне  заманнан  бері  саудагерлер,  қажылыққа  барушылар, 

теңізшілер,  зерттеуші  ғалымдар,  авантюристер  жəне  табиғат  ландшафтына 

қызыққандар  саналған.Қазіргі  туристер  де  саяхатты  жоспарлау  барысында 

күрделі  мұраттар  мен  мақсаттарды  басшылыққа  алады.Түйіндей  келгенде,іс 

əрекеті  туризммен де,саяхатпен  де байланысты  адамдардың  сыртқы  да, ішкі 

де  мұраттары  сəйкес  болады,  яғни  адамның  маңызды  қажеттіліктері  болып 

табылады. 

 

«Туризм»  жəне  «турист»  ұғымдары  қоғамдық  санада  ХVІІІ  ғасырдың  



соңы  –  ХІХ  ғасырдың  басында  əбден  орнықты.Шамамен  осы  кезеңде 

Францияда  француз  тілінің  сөздігінде  «турист»  ұғымына  «қызығушылықтан 

туындаған  саяхатпен  уақытты  өткізу»  деген  анықтама  берген.    1838  жылы 

Ф.Стеньдалдың  «Туристің  жазбалары»  деген  еңбегі  шығады,  сондықтан  да 

«турист» деген сөзді ойлап тапқан Стендаль болып саналады. 

 

Зерттеуші  Г.С.Усыскиннің  ойынша,  «туризм»  термині  ХVІІ-ХVІІІ 



ғасырларда  Англияда  пайда  болған.Бұдан  басқа  да  зерттеушілер  бұл  ойды 

шет ел ғалымдарының еңбектеріне сілтеме жасай отырып түйіндейді. 

 

Көне  гректің  б.д.д    VІ  –V  ғасырлар  шегіндегі  географиялық 



түсініктерін  Гекатей  Милетскийдің  «Обозрения  Земли»  атты  еңбегінің 

сақталған  үзінділері  бойынша  елестетуге  болады.  Атақты  экономика 

тарихшысы  А.М.Петровтың  «Великий  Шелковый  путь»  атты  кəтабында 


Гекатей    екі  жарым  мың  жыл  бұрын  қамтығандеректердің  қазіргі 

географиялық  картасын  жасалды.Бұл  реконструкцияланған  картада  кіші 

Азияның  ,  Қара  жəне  Азов  теңіздерін  шекаралары  айқын  көрінеді,  Қызыл 

теңіздің  аумағы,  Араб  түбегінің  ,Тигр  мен  Евфрат  өзендерінің  контурларын 

шын  шекаларына  жуық.Гекатейдің  картасынан  Үндістанды  табу  қиын, 

дегенмен  де  оның  батыс  жақ  бөлігінде  Инд  өзені  белгіленген.Шығыс 

Индостан мен Қытай картада жоқ. 

 

                             Семинар сұрақтары: 



 1.Көне  жəне  орта  ғасырларда  адамдар  туризмнің  орнына  қандай  терминді 

қолданып келді? 

 2. «Туризм» жəне «турист» ұғымдары қай ғасырларда əбден орнықты? 

 3. Турист ұғымын ойлап тапқан кім? 

Семинар- 4 

Көне жəне орта ғасырлардағы туризмнің туу тарихы 

 

 

Геродотты «тарихтың атасы» деп атайды.Оны географияның  да атасы 



деп  есептесе    еш  əділетсіздігі  болмас  еді.Ол  өз  оқырманына  атақты 

«Тарихынында»  белгілі  де,  белгісіз  де  Көне  Əлемді  ,  кейде  өз  ойынан 

шығарылған  дүниені  ,  яғни  өзіне  белгілі  болған  əлемнің  барлық  үш  бөлігін 

таныстырды.Геродот:  «Менің  бір  түсінбейтінім  –неліктен  тұтас  жерге  үш 

атау  берген  ?!»-дейді.  Ол  үш  атау:  Европа,  Азия  жəне  «Ливия»  деп  аталған 

Африка. 


 

Геродот  б.д.д  484    жылдың  шамасында  кіші  азиялық  қала  Галикарнес 

қаласында дүниеге келген.Ол жан-жақты сауда байланысы бар, бай да атақты 

отбасында дүниеге келген. 

 

Геродотты арманы өз замандастарына əлдеқайда кең көлемді болған, ол 



мықты  мемлекет  болған  халықтар,  гректерден  өркениетті  болған  елдер 

жөнінде  білгісі  келді.оны  сонымен  қатар  басқа  елдердегі  əр  түрлі  жəне 

жабайы  көрінетін  əдет-ғұрыптар  қызықтырды.Осыдан  келіп,  ол  сол  кезде 

гректердің  өздері    аз  білетін  парсы  соғысының  тарихын,  Грецияға  шабуыл 

жасаған барлық халықтар туралы кең көлемді зерттеу жүргізді. 

 

Ол Нілдің тасуы негізінде жасаған Египетте саяхатының маршрутының 



орнын  толықтырды.Ол  алыс  өңірлерге  көптеген  саяхаттар  жасап,өз  көзімен 

көріп,өз  аяғымен  жүріп  өтті,  əрине,атпен,есекпен  жүрген,қайықпен  жүрген 

кездері де аз болмады. 

 

Ол  храмдардан  жазуларды  аударды,  абыздардан  перғауындар  тарихы 



туралы  сұрағыштады.Египеттіктердің  діни  мерекелеріне  қатысып,  олардың 

түрлі 


бояулы 

киімдеріне 

жəне  шаш 

қою 


əдеттеріне 

таңырқады. 

Пирамидаларға  тап  болып,  оның  əрбір  сатысын  адамдарымен  өлшеп,  өз 

өлшемдерінде ешбір қате жібермеді. 

 

Геродот  өзінің  «əлемді  айналу»  саяхатын  Вавилониядан  бастап,  онда 



қлы  қала  Вавилонның  квадрат  пішінді  қабырғалары  мен  қорғандарын 

көрді.Бұл  қабырғалардың  периметрлік  ұзындығы  сексен  бес  шақырым 

болатын.  Геродот  Вавилонды  өте  үлкен  қала  ретінде  сипаттайды. 


Шындығында  да  Вавилон    -    ол  көрген  қалалардың  ішінде  болсын,  көне 

əлемнің  өз  кезегінде  ең  үлкен,  көлемді  қала  еді.Онда  тікбұрыш  болып 

қиылысатын  түзу  көшелер  туралы  əңгімеледі.Вавилондағы  өз  елінде 

көрмеген  үш,  төрт  қабатты  үйлерге  сүйсінеді.Геродот  Вавилонды  зерделеп 

болған соң,Персияға аттанады. 

  

  



                             Семинар сұрақтары: 

  

1. Геродот Ніл мен жоғарғы жүзіп Эльфантина аралына қай жылдары барды?  



 2.  Геродоттың  :  Менің  бір  түсінбейтінім  –неліктен  тұтас  жерге  үш  атау 

берген ?!»-дейді. Ол үш атау қалай аталады? 

 3. Геродоттың туризмнің туу тарихына қосқан үлесі? 

 

Семинар-5 



             

       Жаңа дəуірдегі туризмнің қалыптасуы 

 

 

Жалпы  тарихтың  орта  ғасырлар    дəуірінң  соңғы  кезіне  ұлттық 



мемлекеттердің  қалыптасуына  байланысты  зайырлы  билік  бекіп,  феодализм 

ыдырап, капиталистік қатынастар біртіндеп құрыла бастады.феодалдық жəне 

енді  қалыптасып  келе  жатқан  капиталистік  укладтардың  қайшылықтардың 

күшеюі  европалық  мемлекеттердің  өз  ішінде  өнеркəсіптік  өндірісті  дамыту 

саясатын табанда түрде жүргізуіне əкеліп тіреді. 

 

ХV  ғасырдың  ІІ  жартысында  европалық  мемлекеттерде  шексіз 



монархияның  туындауы  өнеркəсіптік  тауарлардың  ішкі  жəне  сыртқы 

рыноктары  негізінің  біртіндеп  қалануына  жағдай  жасады.  Дамудың 

буржуазиялық  жолы  адамдардың  крепостнойлық  тəуелділіктен  ада  болуына 

ғана  емес,  бастапқы  капитал  қорының  ,  шикізаттың  жаңа  көздерінің  жəне 

табарды өткізу рыногының еркін болуын талап етеді.Бірақ европалықтардың 

бұрынғы  құрлық  жəне  теңіз  жолдарын  пайдаланып,  оңтүстік  шығыс  Азияға 

шығуға түріктердің жаулап алуы мүмкіншілік бермеді. Сондықтан Потугалия 

ірі  теңіз  державасы  ретінде  Африканы  айналып  өтетін  оңтүстік  жолдарын, 

Испания  мен  Англия  Европадан  азияға  Атлантика  мұхиты  арқылы  баратын 

батыс жолдарын іздей бастады. 

 

Ұйымдасқан  саяхаттар  тарихында  «Теңізде  жүзгіш»    деген  лақап  атқа 



ие  болған  Португалия  принці  Генрихтің  алатын  орны  ерекше.  Оның 

жетекшілігімен  көптеген  тəжірибелі  теңізшілер  дайындалып,  корабль  жасау 

ісі  дамып  ,  Африканың  батыс  жағалауы  3500  шақырымға  дейін  зерттеліп  , 

картаға түсірілді. 

 

Осы  португалдықтар  компасты,  арабтардан  алған  ай  мен  күннің 



жайын,ендігін есептейтін бұрыш өлшегіш аспапты жетілдірді. 

 

Испандықтардың  зерттеушілік  саяхаттардың  дайындаушы  басқа 



елдердің  ғалымдары  болды.Мəселен,  неміс  географы  Мартин  Бехайм  1492 

жылы  үлкен  глобус,  неміс  ғалымы  сонымен  қатар  күннің  биіктігіне  қарап 

бағдар алудың əдісін ойлап тапты. 


 

Итальян астрономы Паоло Тосканелли де Жердің шар тəріздес екендігі 

жөніндегі  ілімді  жақтады,  ол  Үндістанға  ең  қысқа  батыс  жолын  ашты  деген 

пікір  бар.Сондықтан  да  америка  жағалауларын  алғаш  ашушы  Х.Колумб 

М.Бехайм жəне П.Тосканеллилермен саяхатқа шығар алдында хат жазысқан. 

 

Х.Колумб 



бұл 

жаңалықтары 

португалиялықтарды 

дүр 


сілкіндірді.Сондықтан  да  болар,  португал  королі  І  Мануэль  Үндістан 

экспедициясына жас дворянин Васко до Гаманы жетекші етіп тағайындады. 

 

                             Семинар сұрақтары: 



 

 1. Итальян астрономы Паоло Тосканелли қандай ілімді жақтады? 

 2. Португал королі І Мануэль Үндістан экспедициясына жас дворянин   етіп   

кімді  тағайындады? 

 3.Х.Колумб  Азияның жағалауы деп санаған арал? 

Семинар – 6 

 

 

  



                     ХХ ғасыр мен қазіргі кезеңге дейінгі халықаралық  

                                             туризмнің дамуы 

 

 

ХХ  ғасырдың  басы  жаппай  туризмнің  қалыптасуымен  ерекшеленеді. 



Бұл  процесс  əсіресе  І  дүниежүзілік  соғыстан  аоң  ұйымдаса  түсті.  Туризм 

тарихшылары  мұны  жалпы  халықтық  жəне  əлеуметтік  туризмнің  пайда 

болуымен байланыстырады. Жаппай туризм деп мұнда туристік іс-əрекетпен 

халқының деншілігі немесе тең жартысы шұғылданатын елдерді санау қажет. 

 

А.А.Крючковтың  пікірінше,  халықтық туризм  дегеніміз  –  туристік  іс  - 



əрекетпен  халықтың  табыс  көзі  төмен  өкілдерінің  өз  қаржылық 

мүмкіндіктеріне орай туризмнің ең арзан түрін таңдауы екен. Ал əлеуметтік 

туризм  деп  мелекеттік  қазынадан  немесе  басқа  көздерден  қаржылық 

мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қаржыландыратын саяхаттарды атайды. 

 

І  дүниежүзілік    соғыстан  кейінгі  туризмнің  жаппай  сипат  алуына  əсер 



еткен  ол  –  автомобиль,  самолет  секілді  көлік  құралдарының  туристік 

деңгейде  қызмет  ете  бастауы.Ал  əлемде  ХХ  ғасырдың  басында  туризмнің 

жаппай сипат алуын кедергі болған басты себеп – халықтардың көпшілігінің 

кедей күйде болуы жəне төлемді еңбек демалысының болмағандығы. Осыдан 

көптеге адамдардың туристік іс-əрекеттерге қатысуы аз болғадығын байқатса 

керек.  Тіпті  экономикасы  басқа  елдерге  қарағанда  алдыңғы  қатарда  болған 

Англияның  өзінде  ірі  өнеркəсіп  орындарының  жұмысшылары  мен 

қызметкерлерінің  еңбек  демалысы  жылына  1903  жылы  1-2  апта    ғана 

болады.Мемлекеттік  қызметкерлердің  еңбек  демалысы  1908  жылы  бастап 

қызметі үш жылдан асса ғана 6 күн берілетін. Мұндай жағдай еңбекшілердің 

наразылығын  тудырып,  олар  біртіндеп  жұмыс  берушілерге  демалысын 

жақсартатын  шарттарды  орындата  бастады.Сонымен  қатар  І  дүниежүзілік 

соғыстан  кейін  жұмысшылардың  туристік  қозғаласы  өрістеп,  оларды 

кəсіподақтар  мен  социал-  демократиялық  партиялар  ұйымдастырып, 

өздерінің туристік бюроларын құрып, туристерді жайғастыратын қаражаттар 


шоғырланды.Мұндай  қозғалыстар  əсіресе  Германияда,  Швейцарияда  жəне 

Австралияда кең өріс алды. 

                                  

 

 



                         Семинар сұрақтары: 

 

 1.   А.А.Крючковтың пікірінше, халықтық туризм дегеніміз не? 



 2.    ХХ  ғасырдың  басында  туризмнің  жаппай  сипат  алуын  кедергі  болған 

басты себеп 

 3.    І  дүниежүзілік    соғыстан  кейінгі  туризмнің  жаппай  сипат  алуына  əсер 

еткен  жағдайлар? 

  

 

Семинар- 7 



                     ХХ ғасыр мен қазіргі кезеңге дейінгі халықаралық  

                                             туризмнің дамуы 

 

Германияда  национал-социалистер  «ұлт  бірлігі  »  идеясын  демалу 



мақсатындағы жаппай туризм арқылы іске асырып, бұл іс-əрекетті национал-

социалистердің «Қуаныш арқылы күш дарыту» деген арнайы ұйымы арқылы 

бағыттап  отырды.1933  жылы    иппериялық  туризм  жөніндегі  комитет 

негізделіп,ол  ағарту  жəне  үгіт  –насихат    министріне  бағынышты 

болды.Герман мемлекеті демалу мақсатында ұйымдасқан толық сапарларға , 

круиздерге,  теміржол  саяхаттарына  көмек  көрсетіп  отырды.Саяхаттардың 

қалта  көтерерлік  құны  алғашқы  «туристік  серпелістің»  өсуіне  жағдай 

жасады. 


 

ХХ  ғасырдың  ІІ  жартысында  қоршаған  ортада  көптеген  өзгерістер 

болды.П.Г.Олдак  айқындағандай,  статикалық  өмір  типінің,  яғни  халықтың 

басым көпшілігінің тұрған жерінен жылжымай, отыра беруінің орнына жаңа  

динамикалық  өмір  салты  ене  бастады.Өзгермелі  өмір  салты  миграциялық 

процестердің ерекше өсуімен сипатталады. 

 

КСРО  Ғылым  академиясы  географтарының  деректеріне  қарағанда, 



əлемдегі елдердің барлығын қоса есептегенде, шет елдерде  1950 жылы – 25,3 

млн.адам  ,  1968  жылы  –  141  млн.адам,  яғни  жер  шары  халқының  4  %  -  ы 

турист болыпты. 

 

Қазіргі дүниеде туризм түрлі елдердің ынтымақтасуында, өзара мəдени 



игі  əсер  етуде  ерекше  рөл  атқарады.Туризмнің  дамуы  халықтың 

рекреациялық  қажеттіліктерін  қанағаттандырып  қана  қоймайды,  өнеркəсібі 

дамыған  жəне  дамушы  елдердің  арасындағы  əлеуметтік-экономикалық 

тұрғыдан  маңызды мəселелерді  шешуге  де пайдасы  зор.Туризм    ісі дамыған 

елдердің туризмнен табатын пайдасы экспорттың барлық мөлшерінің  10-нан 

35-ке дейінгі пайызын құрайды. 

 

БҰҰ  мен  ЮНЕСКО  60-70  жылдарда-ақ  туризмді  дамыту  дамушы 



елдердің  ең  қиын  əлеуметтік  экономикалық  мəселелерін  шешудің 

«таңғажайып  əсерлі  шансы»  деп  есептеген.Дамушы  елдер  жаңарып  келе 



жатқан  халықаралық    туризм  рыногына  өз  ресурстарын  шығару  арқылы 

өздеріне  қажетті  тұрақты  валюта  табудың,  жаңа  жұмыс  орындарымен 

қамтамасыз етудің,  өз экономикасын жұмылдыра білудің жолын тапты. 

 

Осылайша, халықаралық туризмнің көмегімен тұтынушылықтың өрісін 



кеңейтті.Дамып келе жатқан туристтік бизнес түрлі ұйымдардың ұлттық аяда 

ғана емес əлемдік масштабта бірлесе жұмыс істеуін талап етті.Мұндай ұйым 

1898 жылы Люксембургте алғаш рет ұйымдастырылды. 

      


                             Семинар сұрақтары: 

 1.  1898  жылы  Люксембургте  алғаш  рет    қандай  туристік  ұйым 

ұйымдастырылды? 

 2.    Туризм жеделдеуінің көрсеткіші дегеніміз не? 

 3.     ХХ ғасырда   халықаралық туризмнің дамуы 

 

 Семинар – 8 



 

                        Туризмнің Ресей империясында дамуы (1777-1917 жж) 

 

 

Ресей  империясындағы  туризмнің  ұзақ  тарихы  бар.  Егер  «шет  ел 



туризмі»  деген  ұғымның  қазіргі  түсінігін  басшылыққа  алатын  болсақ,  орыс 

дворяндарының  шет  елге  шығуы  ХVІІІ  ғасырдың  басынан  басталады. 

Олардың сапарларын «туристік» деп атауға əбден болады, себебі дворян шет 

елге барғанда ақша табу үшін емес, білім жəне əсер алу үшін жолға шықты. 

 

Ресей  ішінде  немесе  шет  елге  арнайы  ұйымдастырылған  ұжымдық 



сапарлардың  алғашқысы  деп  зерттеушілер  1977    жылы  Москвада  Вениамин 

Генш ұйымдастырған «Жат елдерге мүмкін болар саяхаттардың жоспарын » 

санайды.Бұдан  ерте  мұндай  саяхат  болды  деген  құжат  табылған 

емес.Сондықтан  да  В.Генштің  «Жоспарын»  Ресей  туризмінің  тарихының 

басталуы,  кездейсоқ  жеке  адамдардың  уақыт  өткізуі  емес,  алғашқы 

ұйымдасқан қимыл-қозғалыстың бастамасы болып есептеледі. 

 

1777  жылы  желтоқсанда  «Московские  ведомостидің»  оқырмандары 



түрлі  хабарлардың  қатарында  газет  беттерінен  «Жат  елдерге  мүмкін  болар 

саяхаттарды  ерекше  адамдардың  талап  етуі  бойынша  Гениамин  Генш 

мазмұнды да игілікті істі бастап отыр» деген айдармен мақала ашты. 

 

Ресей велосипедистер қоғамының дамуы жайлы деректер Ресейде ХІХ 



ғасырдың  аяғын  ала  шыққан  журналдарда  көптеп  кездеседі.Оған Москвадан 

жарық  көріп  тұрған  «Циклист»,  «Велосипедист»,  Петербургтегі  «Самокат» 

журналдаын  атауға  болады.Ресейдегі  велосипедист  туристер  қоғамының  –

негізгі  мақсаты  «жалпы  алғанда-  туризмнің,жекелей  алғанда-велосипед 

туризмінің дамуына көмектесу» болды. 

 

Ресейдің велосипедистер туристер қоғамының құрамы қоғамның толық 



жəне  қоғамның  өмірлік  мүшелерінен  құралды.Түйіндей  келе,Ресейдің  тау 

клубы,  қоғамдары  жəне  ресейлік  туристік  қоғамы  Ресейдегі  туристік 

қозғалыстардың  ірге  тасын  қаласты,елде  көптеген  экскурсиялар  мен 

саяхаттар ұйымдастырды.ХХ ғасырдың басына қарай елдің түрлі тұрмыстық 



деңгейдегі  азаматтарының  экскурсияға  деген  қызығушылығы  кейбір 

қоғамдардың  жанынан  экскурсиялық  комиссия,  бюро  жəне  комитеттердің 

құрылуына 

түрткі 


болды.Олар 

жекелеген 

экскурсиялық 

топтарға, 

экскурсанттарға  астанамен,  губерниялық  қалалармен  таныстыруда  өз 

қолғабыстарын  көрсетті.Түрлі  қоғамдар  экскурсиялар  ұйымдастырумен 

қатар,жеке  туристік  конторлар  арқылы  Ресейде,  шет  елдерде  экскурсия 

өткізудің басқа да кəсіпкерлік қызметтерін ұсынды. 

 

 

                                          



                                Семинар сұрақтары: 

 1. Орыс дворяндарының шет елге шығуы  қай ғасырдан  басталады? 

 2. «Жат елдерге мүмкін болар саяхаттардың жоспарын » ұйымдастырған қай 

ғалым? 


   

  Семинар- 9 

                             КСРО- туризмнің даму тарихы  

 

 



1917 жылғы революциядан кейін де Ресейде туризм мен экскурсияның 

дамуы жалғаса берді. Ол əсіресе жалпы білім беретін мектептерде болды.Оқу 

ағарту халық комиссариаты құрыла салысымен, Ресей Кеңестік Федеративтік 

Социалистік  Республикасы  халық  комиссары  А.В.Луначарский  профессор 

И.И.Полянскийді  шақырып  алып,  1917  жылға  дейін  өткізіп  жүрген 

сабақтарын  –  солтүстік  облыстардың  мұғалімдеріне  жаратылыстану 

бойынша  экскурсия  жүргізу  жөнінде  курстар  өткізуін  өтінді.Халық  ағарту 

комиссариаты  революцияға  дейін  жинақталған  қысқа  экскурсиялық 

дайындықтың тəжірибелерін осылайша пайдалана білді. 

 

1919  жылдан  бастап  қала  сыртындағы  жаратылыстану-  тарихи 



станциялары 

құралып,онда 

оқушылар 

тəжірибелі 

педогогтардың 

жетекшілігімен  экскурсиялар    өткізуге  қатысты.  Жаратылыстану-  тарихи 

бағыттағы  ұйымдармен  қата  балаларға  эстетикалық  жəне  гуманитарлық 

тəрбие  беретін  гуманитарлық  тəрбие  беретін  гуманитарлық  станциялар  да 

ашыла  бастады.Бұл  станциялар  гуманитарлық  сипаттағы  мұражайларға, 

архитектуралық  ескерткіштерге,  қалалардың  көрікті  жерлеріне  экскурсия 

жасады. 

 

КСРО-  да  жаппай  туристік  қозғалыс    20-  жылдардың  аяғынан 



басталады.1929  жылға  қарай  Туристердің  ресейлік  қоғамы  елдегі  туристік 

қозғалыстардың  жетекші  орталығына  айналды.Қоғамға  мүше  ретінде  енген 

көптеген  жұмысшылар  оны  Ресей  Кеңестік  Социалистік  Федерациясының 

пролетарлық туризм қоғамы деп қайта атауды талап етті.Қоғам 1929 жылдың 


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 0.62 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет