Туризм бойынша бұқаралық іс шараларды ұйымдастыру мен өткізу пəні бойынша



жүктеу 0.62 Mb.
Pdf просмотр
бет5/7
Дата26.01.2017
өлшемі0.62 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Семинар-12 

  

             ТМД елдері мен Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайы  



                                     жəне дамуының мəселелері 

2002  жылдың  желтоқсанына  дейін  Қазақстан  Республикасындағы 

туристік іс-əрекет төмендегідей халықаралық жəне қазақстандық заңдармен , 

заңдық  актілермен,  үкіметаралық  келіссөздермен,  халықаралық  үкіметтік 

емес туристік ұйымдардың шешімдерімен реттеліп келеді: 

 

1)  Туризм  хартиясы.Əлемдік  туристік  ұйымның  бас  ассамблеясының 



1985 жылы  VI сессиясында мақұлданған; 

 

2) Туризм жөніндегі парламентаралық Гаага декларациясы.Гаага, 10-14 



сəуір.1989 ж; 

 

3)  Шекаралық  зонаға  кіру  мен  сонда  болу  үшін  рұқсат  берудің  тəртібі 



туралы  инструкция.Қазақстан  Республикасы  Ішкі  істер  министрлігі  1994 

жылы 4 сəуірде №92 бұйрықпен бекіткен; 

 

4) 


Қазақстан 

Республикасының 

«Халықтың 

санитарлық-

эпидемиологиялық  игілігі  туралы  »  заңы.  Қазақстан  Республикасы 

президентінің 1994 жылғы 8 шілдедегі 21 қыркүйектегі №156- ХІІІ жарлығы 

мен бекіткен; 

 

5)  Қазақстан  Республикасына  келетін  шетел  азаматтарына  ережелерді 



қолданудың  реті  туралы  инструкция.Қазақстан    Республикасы  Ішкі  істер 

министрлігінің 1994 жылғы 31 қазандағы №286 бұйрығымен бекітілген; 

 

6)  1996  жылғы  21  қазанда  қол  қойылған  Ташкент  декларациясы. 



Ташкентте  Қазақстан,  Əзірбайжан,  Қырғызстан,  Түркменстан,Өзбекстан 

республикаларының президенттері қол қойды; 

 

7)  Қазақстан  Республикасы  президентінің  «Түркі  тілдес  мемлекеттер 



басшыларының  Ташкент  декларациясын,  ЮНЕСКО  мен  Əлемдік  туристік 

ұйымның  Қазақстан  Республикасындағы  Ұлы  жібек  жолы  туристік 

инфрақұрылымын  дамыту  жөніндегі  жобаларын  іске  асыру  туралы» 

жарығы.1997 жыл 30 сəуір №3 476 

 

8)  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  «Қазақстан  Республикасы 



Президентінің  жарлығын  іске  асырудың  шаралары  туралы»  1997  жылғы      7 

шілдедегі №1067 қаулысы ; 

 

9) Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 ақпандағы № 



3859  «Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта жандандыру, түркі тілдес 

мемлекеттердің 

мəдени 

мұрасының 



сабақтаса 

дамуы,туризмнің 

инфрақұрылымын құру туралы жарлығы»; 

 

10)    Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  1998    жылғы  10  тамыздағы 



№738  «Жібек  жолы-  Қазақстан  ұлттық  компаниясы  акционерлік  қоғамы 

туралы» қаулысы; 

                           Семинар сұрақтары: 

 1.  Қазақстан  Республикасының  «Халықтың  санитарлық-эпидемиологиялық 

игілігі туралы » заңы қай жылы қабылданды? 

 2. 1997 жылғы   7 шілдедегі №1067 қандай қаулы қабылданды? 

 3. «Жібек жолы- Қазақстан ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы туралы» 

қаулысы қашан қабылданды? 



Семинар-13 

 

 



   ТМД елдері мен Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайы  

                                       жəне дамуының мəселелері 

 

Қазақстан  Республикасы  осы  кезеңде  туризм  бойынша  төмендегідей 



келісімдер жасады: 

1) 


Қазақстан Республикасы Үкіметімен Пакистан Ислам Республикасы 

үкіметі 


арасындағы 

мəдениет, 

спорт 

жəне 


туризм 

салаларындағы 

ынтымақтастық туралы келісім.Исламабад, 1992 жылдың 24 ақпаны. 

2) 


Қазақстан Республикасымен Иран Ислам Республикасы арасындағы 

туризм  саласындағы  ынтымақтастық  туралы  келісім.Тегеран  ,  1993  жылдың 

20 маусымы. 

3) 


Қазақстан  Республикасы  туризм,  спорт  жəне  жастар  ісі  жөніндегі 

министрлік  пен  Венгер  Республикасы  өнеркəсіп  жəне  сауда  министрлігі 

арасындағы  туризм  саласында  ынтымақтастық  туралы  келісім.  Алматы, 

1994жылдың 30 наурыз. 

4) 

Қазақстан  Республикасы  туризм,  спорт  жəне  жастар  ісі  жөніндегі 



министрлік пен Египеттің туризм министрлігі арасындағы туризм саласында 

ынтымақтастық туралы келісім.Каир,1995 жылдың  25 мамыры. 

5) 

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Израиль үкіметі арасындағы  



туризм саласында ынтымақтастық келісім.Алматы ,1995 жылдың  

30 тамызы. 

          6)  Қазақстан Республикасы денсаулық, мəдениет жəне білім министр 

               лігі мен ҚХР –сының туризм ісі жөніндегі басқарма арасындағы  

               туризм саласында ынтымақтастық туралы келісім Пекин, 1998   

               жылдың  7 мамыры. 

7) 

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрік Республикасының үкіме 



ті  арасындағы  туризм      саласында  ынтымақтастық  туралы  келісім.Анкара  ,  

1998 жылдың 15 маусымы. 

          8)  Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Болгария Республикасы  

               Арасындағы келісімшарт.1999 жылдың  15 қыркүйегі. 

9) 

Қазақстан Республикасы туризм, спорт жəне дене тəрбиесі минис- 



трлігі    мен  Молдова  Республикасы  туризм,  спорт  жəне  жастар  министрлігі 

арасындағы келісім.Алматы, 1992 жылдың 4 қарашасы. 

         10) ТМД елдерімен туризм саласында ынтымақтастық туралы келісім. 

                1994 жылдың 23 желтоқсаны. 

 

                  Семинар сұрақтары: 



 1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Израиль үкіметі арасындағы  

туризм саласында ынтымақтастық келісімі қай қалада өтті? 

 2.  1994 жылдың 23 желтоқсанында қандай келісім болды? 

 3. 1992 жылдың 4 қарашада Алматы қаласында қандай келісім өткізілді? 

 4.  Қазақстан  Республикасымен  Иран  Ислам  Республикасы  арасындағы 

туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім             



Семинар-14 

   


             Туризмді қазіргі əлеуметтік құбылыс ретіндегі тиімділігін   

                                         арттырудың    жолдары 

 

 Туризм  теориясы  мен  практикасында  «əлеуметтік  туризм»  жəне 



«экономикалық 

туризм» 


деген 

ұғымдарды 

дара 

қарастыратыны 



белгілі.Осыған  байланысты  туризмді  əлемдік  əлеуметтік-экономикалық 

құбылыс ретінде тиімділігін бағалаудың критерийлерінің де өзгешелігі бар. 

 

Туризмнің  қазіргі  ролі  адамның  өмірін  ұзартуы  мен  пайдалы  əсер 



етуінің  сапасы  арқылы  айқындалады.Сондықтан  да  туризмтануда  туризмнің 

медициналық-физиологиялық  ,  экономикалық  жəне  əлеуметтік  пайдалары 

деген ұғым қолданады. 

 

Туризм  жоғары  дəрежедегі  қозғалғыштыққа  əсер  беріп,  рекреациялық 



қажеттерді  белгілі  бір  уақыт  ішінде  барынша  қанағаттандыруы  жағынан 

басқа  істерге  қарағанда  сауықтырғыштық  пайдасы  зор.Өкінішке  орай,  қазір 

дəстүрлі медицинаның сауықтырғыштық пайдасы шамалы болып тұр, себебі 

аурудың негізгі себептері мен дамуын медициналық мəселе ретінде түсіндіру 

жұмыстары  жүргізілмейді.Дəрігерлер  жүздеген  адамды  инфарктан  емдей 

алады.Бірақ  бұл  аурудың  неге  ,  қалай  көбейіп  бара  жатқанының  алдын  ала 

алмай  отыр.Бұл  жерде  дəрігерлер  мен  пациенттердің  сауықтыру  шараларын 

сақтауы өзара түсінік жағдайында болмай тұр. 

 

Туризмнің 



денсаулықты 

сақтау 


мақсатындағы 

жүгіруден 

де 

артықшылығы  бар.Өйткені  туристік  жүрістің  жүгіруден    гөрі  адамның  тіреу 



қозғалу  аппаратына  зияны  аз.Жүгіру  кезіндегі  адам  денесінің  солқылдауы 

оның  дене салмағынан    2-3 есе  артық, сондықтан да ол  аяққа,  тізеге,  сіңірге 

зақым келтіруі мүмкін. 

 

Туризмде  ауыр  дене  жүктемелері  белсенді  қозғалыстың  ,  толыққанды 



демалыстың  заңына  бағынады.Мамандар  туристердің  сарқыраған  өзен 

жағасында,  тайгадағы  шу  мен  желдің  гуіліне  қарамастан  қатты  да 



тапжылмастан,  түс  көрместен  ,  бір  жағымен  ұйықтай  беретініне  таң-тамаша 

қалады.Дəл  осындай  ұйқы  ғана  адамның  бұлшық  еттері  мен  басқа 

органдарының энергия шығынын қысқа ішінде толтыра алады. 

 

Туризмді  ақылға  салып  ұйымдастыра  білсек,  халқымыздың  науқасын 



30%  пайызға  төмендетуге  болады.Қазақстан,  оның  ішінде  Алматы  қаласы 

үшін  медициналық-физиологиялық  жəне  əлеуметтік  туризмнің  маңызы  өте 

ерекше.Қазақстанның 

оңтүстік 

астанасының 

тұрғындарына 

туризм 

рекреациялық  құрал  ретінде  барлық  белсенді  демалыс  пен  спорттың    жəне 



қала маңында өткізілетін медициналық сауықтырудың түрлерінен əлдеқайда 

маңызды жəне пайдалы. 

                                     Семинар сұрақтары: 

 1. Туризм теориясы мен практикасында қандай ұғымдар қарастырылады? 

 2. Туризмнің қоғамдағы  қазіргі ролі 

 3.  Туризмнің медициналық-физиологиялық пайдасы қандай? 



 Семинар-15 

                              Туризмді қазіргі əлеуметтік құбылыс ретіндегі тиімділігін   

                                         арттырудың    жолдары 

 

ХХ    ғасырдың  90-  жылдарындағы  негізгі  инвестиция  шикізатты 



өндіруге  жұмсалып,  олар  алыс  шетелдерге  сатылды.Тек  шикізат  сату  ғана 

Қазақстанға  валюта  қорын  жинауға,өмір  сүруге  мүмкіндік  береді.Шикізат 

1994  жылы  3,54  млрд.долларға  ,  1997 жылы  7,05  млрд.долларға  сатылды.Ал 

жеңіл  өнеркəсіп  өнімдерінің  шет  елдерден  сатылып  алынуы  жылдан-жылға 

арта  түсіп,елдің  төлемдік  қабілетіндегі  жетімсіздік  1,2-  1,5  млрд.доллар 

болды. 


 

Шикізатты  сату  елдің  энергетикалық  қорын  біржола  жойып 

кетсе,туристік  индустрияларда  ресурстарды  жаңартып  отырады.Демек, 

шикізатты  сату  –  экономикалық  тығырық  ,  ал  туризмнің  дамуы  –ұзақ 

экономикалық пайдалы келешек. 

 

Мексика,Бразилия,  Перу,  Аргентина,  Кения,египет  елдерін  керемет   



дамыған  елдерге  жатқызу  қиын.Бірақ  бұл  елдердің  үкіметтері  мемлекет 

көмегімен  туристік  қызметті  экономиканың  жақсарту  нəтижесінде  барлық 

саласының  көтерілетінін  баяғыда  түсінген.Оған  тағы  бір  дəлел-кейінгі 

жылдарда  туризмнің  Қытайда,  Тайландта,  Индонезияда  өркендеуі.Кенияда 

тіпті  туризм  халықтың  өзіндік  келбетін,  қолөнерін  сақтау  үшін  жұмсалатын 

қаржының  жалғыз  жолы  болып  қалады.Туризм  министрлігі  тіпті  Сейшель 

аралдарында бар.  

 

1963  жылы  25    миллион  халықаралық  туристік  сапарлардан 



мемлекеттердің    қазынасына  2,5  млн.  доллар  кіріс  түскен.  1993  жылы  бұл 

көрсеткіштер  500  млн.  турист  304  млрд.  түсім  болыпты.Əлемдік  туристік 

ұйымның    есебінше  ,  əлемнің  барлық  мемлекеттеріне  1980  жылы  барған 

шетелдік  туристер  экскурсанаттардың  саны  шамамен  234  млн      яғни    1975 

жылы  10  %  көп  жəне  20  жыл  бұрынғысынан  4,6  есе  артық.Туризм  аясында 

іске  асырылатын  жəне  пайдаланылатын  өнімнің  бағасы  жылына  100  млрд 

доллардан  асып  түседі.1995  жылы  əлемде      576  млн  туристер  келіп  , 

халықарлық туризмге түскен қаржы 372 млрд долларды құрады. 



 

Туризм  индустриясының  жұмысына  саланың  мəнді  мəселелерін 

түсінетін  қызметкерлерді  дайындау.Туристік  табарлармен  қызметтердің 

өндіріс  технологиясын  жоспарлай  алатын  жəне  туристерге  жұмсалатын 

қаржыны  жаратудың  тиімді  жолдарын  іздестіре  білетін  жəне  осы 

прцесстердің барлығын  басқара алатын болуы 

 Семинар сұрақтары: 

 1.  Қай  уақыттан  бастап  негізгі  инвестиция  шикізатты  өндіруге  жұмсалып, 

олар алыс шетелдерге сатылды? 

 2.  1963  жылы  25    миллион  халықаралық  туристік  сапарлардан 

мемлекеттердің  қазынасына қанша кіріс түскен? 

 3.  1995  жылы  əлемде      қанша  турист    жəне  халықарлық  туризмге  түскен 

қаржы   

8.  ОЖСӨЖ  сабағы  негізінен  алғанда  семинар  бағытында  өттізіледі.  Əрбір 

студент  берілген  тақырып  бойынша  дайындалып  келген  өзінің  ойын 

жеткізуге  тиіс.  Семинар  берілген  тақырып  бойынша  сұрақтар  беру, 

əңгімелесу, пікірлесу бағытында жүреді. 



1. ОЖСӨЖ. Тақырыбы:Туризм мағынасының түсінігі мен технологиясы. 

1. Турист туризмнің субьектісі. 

2. Туристік өнім. 

Қолданылған əдебиеттер: 2 55-72 беттер. 



2. ОЖСӨЖ . Тақырыбы:Туризм мағынасының түсінігі мен технологиясы. 

1.Туристік индустрия. 

2. Туристік ресурстар. 

Əдебиеттер:2 72-88 беттер. 

3.ОЖСӨЖ. Туризмді жоспарлау. 

1. Туристік саяхат 

2. Туризмді басқаратын органдар. 

Əдебиеттер: №1, 97-111 беттер 



4. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: халықаралық туризм географиясы. 

1. Көңіл көтеру жəне демалу туризмі. 

Əдебиеттер: №2, 126-128 беттер 

5. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Халықаралық туризм географиясы. 

1.Спорттық шаралар. 

Əдебиеттер: №2, 126-128 беттер. 

6.ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Халықаралық туризм географиясы. 

1. Тау шаңғысы туризмі. 

Əдебиеттер: №2, 128-132 беттер. 

7. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Халықаралық туризм географиясы 

1. Іскерлік бағыттағы туризм. 

Əдебиеттер№. №2, 132-135 беттер. 



8. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Халықаралық туризм географиясы 

1. Конгрес жəне көрмелік туризм. 

Əдебиеттер: №2, 135-137 беттер.  

9. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Халықаралық туризм географиясы 

1. туризмнің қарқынды дамуы. 



Əдебиеттер: №2, 137-140 беттер. 

10. ОЖСӨЖ: Халықаралық туризм географиясы 

1. Емдік жəне сауықтыру мақсатындағы туризм. 

Əдебиеттер: №2, 140 бет 

11. ОЖСӨЖ. Тақырыбы:Курорттардың негізгі типтері. 

Əдебиеттер: №142-154 беттер. 



12 ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Діни бағыттағы туризм. 

Əдебиеттер№. 2, 154-162 беттер. 



13. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Халықаралық туризм өндіріс ошағы. 

1. Халықаралық туризм өндірісінің структурасы. 

Əдебиеттер: №2, 163-164 беттер. 

14. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Халықаралық туризм өндіріс ошағы. 

1. Қонақ үйлердің классификациясы. 

Əдебиеттер: №2, 182-196 беттер. 

15.  ОЖСӨЖ.  Тақырыбы:  Халықаралық  туризмде  экскурсия  жəне 

ақпараттық қызметтерді тарату қызметтері. 

Əдебиеттер. №2, 202 беттер. 

16. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Туризм жəне ақпарат тарату жүйелерінің жағдайы. 

Əдебиеттер: №2, 202-212 беттер. 



17. ОЖСӨЖ.  Тақырыбы:Экскурсия жəне ақпарат тарату əдістемесі. 

Əдебиеттер: №2, 212-219 беттер. 



18. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Экскурсия композициялары. 

Əдебиеттер: №2, 219-221 беттер. 



19. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Туристік саяхаттарды ұйымдастыру. 

1. Туристік саяхаттарды ұйымдастырудағы туристік фирмалардың ролі. 

2. Агенттік келісімдер.  

Əдебиеттер: №2, 257-263 беттер. 



20. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Туристік саяхаттарды ұйымдастыру. 

1. Ресейдегі туроператорларының ерекшеліктері. 

Əдебиеттер: №2, 263-264 беттер. 

21. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Шетелдік туристік фирмалармен қарым-қатнас. 

Əдебиеттер: №2, 264-266 беттер. 



22. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Туристік фирмалардың жұмыс істеу функциялары 

жəне технологиялары. 

Əдебиеттер: №2 

23. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Халықаралық туристік ұйымдар. 

Əдебиеттер: №1, 447-465 беттер. 



24. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Халықаралық туристік көрмелер мен жəрмеңкелер. 

Əдебиеттер: №1, 44-465 беттер. 



25.  ОЖСӨЖ.  Тақырыбы:  Дүние  жүзі  туризмдегі  Маниль  декларациясының 

ролі. 


Əдебиеттер: №1, 475-488 беттер. 

26. ОЖСӨЖ. Тақырыбы. Гаага Декларациясы. 

Əдебиеттер: №1 488-495 беттер. 



27. ОЖСӨЖ. Туризмі жарнамалау. 

Əдебиеттер:№2, 500-503 беттер. 

28.  ОЖСӨЖ.  Тақырыбы:Европа  қауымдастығының  директивасы.(саяхат 

жасау, демалыс, жол жүру) 



29. ОЖСӨЖ. Тақырыбы:Туризм бойынша декларациялар. 

Əдебиеттер: №1, 619-622 беттер. 



30. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Осака декларациясы 

Əдебиеттер: №1, 622-626 беттер. 



10  Оқу  өндірістік  жəне  диплом  алды  сарамандыөткізу  жөніндегі 

əдістемелік нұсқаулар жəне есеп құжаттарының түрі (егер пəн бойынша 

қажет болса) жоспарланбаған. 

11.  Білімді бағалау туралы мəліметтер

Модуль аралық жəне аттестация бойынша жүргізілетін сұрақтар. 

1-7 апталар. 

1.Туризм ғылымының зерттеу нысаны. 

2.Туризм ұғымының анықтамасы. 

3.Туризмнің даму тарихы. 

4. Туризмнің статистикалық анықтамасы. 

5. Əлемдік туризмнің дамуында,алда күтіп тұрған мəселелер. 

6. Қазақстанда туризм даму деңгейі. 

7. Феномен ұғымының түсінігі. 

8. Туризмтану теориясының басты мəселелері. 

9. Қазақстан туризмі неліктен дұрыс дамымай отыр.    

10.Темір жол тасымалының туризмдегі ролі. 

11. Қазіргі заманға сай поездар қайжылдан бастап қызмет ете бастады. 

12. Шығыс экспресінің маршруты қандай болды. 

13. Əуе тасымалының туризм дамуындағы маңызы. 

14. Темір жол тасымалының туризмдегі ролі. 

15. Қазіргі заманға сай поездар қайжылдан бастап қызмет ете бастады. 

16. Шығыс экспресінің маршруты қандай болды. 

17.Əуе тасымалының туризм дамуындағы маңызы. 

18.Туризм дамыған мемлекеттер. 

19. Қонақ үйлердегі қызметтердің түрлері. 

20.Брондау қызметі жайлы түсінік. 

21.Туристерді орналастыруды ұйымдастыру жолдары. 

22.Тамақтану жүйесіндегі өзгерістер. 

23.Туристерді  қабылдау  жəне  тамақтану  жүйесін  орындаудың  түризмнің 

дамуына тигізетін əсері. 

24. Туризмде халықты еңбекпен қамту қандай дəрежеде. 

25.Халықаралық туризмде, туристердің жалпы саны. 

26.Ресейдегі туризм мамандарын қай қалаларда дайындайды 



Модуль аралық жəне аттестация бойынша жүргізілетін сұрақтар. 

8-15 апталар. 

1.Туризм ғылымының зерттеу нысаны. 

2.Туризм ұғымының анықтамасы. 

3.Туризмнің даму тарихы. 



4. Туризмнің статистикалық анықтамасы. 

5. Əлемдік туризмнің дамуында,алда күтіп тұрған мəселелер. 

6. Қазақстанда туризм даму деңгейі. 

7. Феномен ұғымының түсінігі. 

8. Туризмтану теориясының басты мəселелері. 

9. Қазақстан туризмі неліктен дұрыс дамымай отыр.    

10.Темір жол тасымалының туризмдегі ролі. 

11. Қазіргі заманға сай поездар қайжылдан бастап қызмет ете бастады. 

12. Шығыс экспресінің маршруты қандай болды. 

13. Əуе тасымалының туризм дамуындағы маңызы. 

14. Темір жол тасымалының туризмдегі ролі. 

15. Қазіргі заманға сай поездар қайжылдан бастап қызмет ете бастады. 

16. Шығыс экспресінің маршруты қандай болды. 

17.Əуе тасымалының туризм дамуындағы маңызы. 

18.Туризм дамыған мемлекеттер. 

19. Қонақ үйлердегі қызметтердің түрлері. 

20.Брондау қызметі жайлы түсінік. 

21.Туристерді орналастыруды ұйымдастыру жолдары. 

22.Тамақтану жүйесіндегі өзгерістер. 

23.Туристерді  қабылдау  жəне  тамақтану  жүйесін  орындаудың  түризмнің 

дамуына тигізетін əсері. 

24. Туризмде халықты еңбекпен қамту қандай дəрежеде. 

25.Халықаралық туризмде, туристердің жалпы саны. 

26.Ресейдегі туризм мамандарын қай қалаларда дайындайды 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

  

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Семинар- 1 

                      Халықаралық туризмнің тарихы мен теориясы 

 

 



Адамзат  тарихы  жəне  алғашқы  ұйымдасқан  саяхаттардың  əлеуметтік-

экономикалық  себептері.Көне  жəне  отра  ғасырлардағы  туризмнің  туу 

тарихы.Жаңа  дəуірдегі  туризмнің  қалыптасуы.1991  жылға  дейін  Ресей  жəне 

КСРО  жеріндегі  туризмніңтдаму  кезеңдері.Қазақстандағы  туризмнің  даму 

тарихы жəне оның негізгі сатылары. 

 

ТМД  елдері  мен  Қазақстандағы  туризмнің  қазіргі  жағдайы  жəне  оның 



дамуының мəселелері. 

 

Курстың 



негізгі 

мақсаты 


– 

студенттер 

бойында 

əлемдегі, 

Қазақстандағы  ұйымдасқан  саяхаттардың  даму  тарихынан  білімдер  жүйесін 

қалыптастыру,соның  негізінде  қазіргі  халықаралық  туризмнің  басты 

əлеуметтік  құбылыс  екндігінің  даму  теориясын  сіңіру,  алған  тарихи  жəне 

теориялық  білімдерді  отандық  туризм  индустриясын  жетілдіруге  жұмсауға 

үйрету. 

 

Бағдарламалық материал 

 

1-тақырып.  Туристік  іс-əрекет  жəне  оның  адам  өміріндегі  əлеуметтік 



қызметтері. 

 

Туризмнің  əлеуметтік  феномен  ретінде  түсіну.Ішкі  жəне  халықаралық 



туризм түсініктері. 

 

Туризмнің    негізгі  əлеуметтік  қызметтеріне  сипаттама:  танымдық, 



денсаулық, 

əлеуметтік 

-қарым-қатынастық, 

спорттық, 

эстетикалық, 

эмоционалдық- психологиялық, шығармашылық,қажылық. 

 

2-  тақырып.  Адамзат  тарихы  жəне  алғашқы  ұйымдасқан  саяхаттардың 



əлеметтік экономикалық себептері. 

 

Туризм тарихы түсінігі, оның зерттеу пəні.Туризм тарихы мен қосалқы 



тарих пəндерінің байланысы.Адамзат тарихының негізгі кезеңдерінің жалпы 

сипаттамасы 

жəне 

алғашқы 


ұйымдасқан 

саяхаттардың 

əлеуметтік 

экономикалық себептері. 

 

Адамның  жануарлар  əлемінен  бөлінуі  жəне  адам  ақылының 



қалыптасуы.Адамның  өндірістік  еңбегінің  басталуы.  Адам  еңбегінің 

бөлінісінің      3  кезеңі  жəне  адамның  құрлық  пен  суда      ұйымдасқан 

саяхаттарының басталуы. 

 

3-тақырып. Көне жəне орта ғасырлардағы туризмнің туу тарихы. 



 

«Туризм»  жəне  «саяхат»  түсініктерінің  өзара  байланыстылық 

негіздері.Алғашқы  ұйымдасқан  саяхаттардың  болғандығын  айқындайтын 

деркетер Геродот, Страбон, Клавдий Птолемей. 


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 0.62 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет