Туризм бойынша бұқаралық іс шараларды ұйымдастыру мен өткізу пəні бойынша



жүктеу 0.62 Mb.
Pdf просмотр
бет3/7
Дата26.01.2017
өлшемі0.62 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

1. 

Қонақ үй қызметтері. 

Қонақ үйлердің  негізгі қызметтері:  брондау,  қызмет ету,  қабылдаужəне  есеп 

беру, номерлерді эксплуатация жасау. 

Брондау  қызметтері  келесі  қызметтерді  атқарады,  қонақ  үйге  өтініш  беру 

орын алу үшін, қажетті құжаттарды реттеу ( əрбір күннің режимін, апта, ай, 

квартал,  жылға)  Қозғалыс  картасын  жасау.  Əдетте  брондау  телофонмен, 

қонақүйлердің  коммерциялық  бөлімдері  (турагент,  туроператорлар  арқылы 

жүргізіледі) почтамен, телефакс, электронды почтамен де жүргізіле береді. 

Туристерге  қызмет  ету  ең  маңызды  қызметке  жатады.  Қонақтарды  қонақ 

үйде 


швейцарлар 

қарсы 


алады, 

олар 


қонақ 

үйлердің 

алдында 

тұрады.Қабылдау  жəне  есеп  беру  қонақ  үйдің  жүрегі  немесе  жүйкесі  деп 

атайды.  Қабылдаушылардың  қызметі  брондалған  қағаздарды  тексеру, 

анкеталарды толтыру, алдын-ала төлеу міндеттерін орындау. 



2.Туризмде тамақтану жүйесін ұйымдастыру. 

Тамақтану  жүйесін  ұйымдастыру  маңызды  шаруалардың  бірі.  Тамақтану 

жүйесі бойынша əр қонақ үйде əркелкі болады. Ол қонақ үйлердің деңгейіне 

байланысты. Мысалы: Қонақ үйлерде тамақтану орындары болмайды, екінше 

біреулерінде  бір  реттік  тек  таңертеңгілік  ас  беріледі.  Ал  үшінші  қонақ 

үйлерде үш мезгіл ас беріледі жəне тамақтың түрлері де алуан түрлі болады. 

Яғни  туристер  өздерінің  қаржысына  байланысты  бұл  мəселелрді  шешіп 

отырады. 

Тексеру сұрақтары: 

1. 


Қонақ үйлердегі қызметтердің түрлері. 

2. 


Брондау қызметі жайлы түсінік. 

3. 


Туристерді орналастыруды ұйымдастыру жолдары. 

4. 


Тамақтану жүйесіндегі өзгерістер. 

5. 


Туристерді  қабылдау  жəне  тамақтану  жүйесін  орындаудың  түризмнің 

дамуына тигізетін əсері. 

Қолданылған əдебиеттер: №1, 227-239 беттер. 

№10 дəріс  

Тақырыбы: Туризді көлікпен қамтамасыз етудің маңызы. 

1. 


Туристік белсенділікті арттырудағы көліктің ролі. 

2. 


Автомобиль тасымалы. 

Мақсаты:  Туризмді  ұйымдастыруда  көлік  түрлерінің  атқаратын  ролін 

түсіндіру. 



Тірек  сөздер:  көлік,  транспорт,  автомобил,  темір  жол,  əуе  жолы,  теңіз 

көліктері. 



1. 

Туристік белсенділікті арттырудағы көліктің ролі. 

Туристік  индустриясын  көлікпен  қамтамасыз  ету,  туризмнің  қарқынды 

дамуына  əсер  етуші  маңызды  фактор.  Көлікпен  қамтамасыз  ету  негізгі 

кешенді  қызмет  ету  бөліміне  кіреді.  БƏТҰ  шешімі  бойынша  көлікті  келесі 

топтарға жіктейді: су, ауа жəне құрлық көлігі.  

Туризмде  саяхатшылардың  басым  бөлігі  құрлық  көлігі  автомобиль  жəне 

темір жол көлігімен жүреді.  

Автомобиль  көлігі  қызметі  кеңінен  таралған  есіктен  есікке  жеткізеді.  Ал 

темір  жол  транспорты  барынша  жылдам,  бағасы  да  қымбат  емес,  туристер 

үшін  тиімді.  Су  транспорты  өзінің  ерекшелігіне  қарай  бөлінеді:  су  асты,  (су 

асты  экскурсиялары)  жəне  су  бетіндегі  (  теплоходтар,  теңіз  паромдары, 

серуендеу кемелері, яхта, катерлер жəне т.б) 



2. 

Автомобиль тасымалы. 

Автомобил 

тасымалы 

жылдам 


арзан 

жəне 


жүріп-тұруға 

ыңғайлы 


болғандықтан қолдануға тиімді. Авто қызметтер негізінен үш бағытта қызмет 

етеді:  автобустармен  саяхат  ұйымдастыру,  жек  еавто  көлікпен  жəне  авто 

көлікті жалға алу.  

Автобустар  көп  мөлшерде  қалааралық,  қалалық  бағыттақызмет  атқарады. 

Көптеген  елдерде  мемлекеттік  мекемелерге,  жеке  компанияларғатиеселі 

халықаралық  автобустар  қызмет  етеді.  Халықаралық  автобус  туризмі 

туризмнің  жас  түрлерінің  бірі.  Оның  дамуы  20  ғасырдың  70  жылдарынан 

басталады.  1986  жылы  темір  жол  жəне  əуе  жолы  транспорттарымен 

бəсекелестікке  байланысты,  33  европалық  автобус  паркінің  иелері, 

компаниялар  Евролиния  деген  ұйым  құрды.  Нəтижесінде  Евролиния 

Европада  250  маршрутты  қамтып,  оған33  европалық  автобус  компаниялары 

енді.1992 жылдан бастап Евролиния Шығыс Европада да қызмет ете бастады. 

Тексеру сұрақтар: 

1. 


Транспорт қатынастарының туризм дамуындағы маңызы.  

2. 


Көлік тасымалының классификацциясы. 

3. 


Авто көлік қатынастарының туризмнің дамуындағы ролі. 

4. 


Евролиния ұйымы қашан құрылды. 

5. 


Туризмде автобус тасымалынан түсетін жылдық табыс. 

6. 


Қолданылған əдебиеттер: №1, 239-252 беттер. 

№11 дəріс 

Тақырыбы: Туризмді көлікиен қамтамасыз етудің маңызы. 

1. 


Темір жол тасымалы. 

2. 


Теңіз жəне өзен саяхаттары. 

3. 


Əуе жолы туристік саяхаты. 

Мақсаты: 

Темір 


жолы 

жəне 


əуе 

жолы 


тасымалының 

туризмді 

ұйымдастырудағы маңызын анықтау. 

 Тірек сөздер: темір жол, əуе жолы, вагон, теңіз, өзен, параход, катер, круиз 

1. 

Темір жол тасымалы. 


Туризмді  дамытуда  темір  жолмен  тасымалдау  өті  тиімді.  Алыс  жəне  орта 

қашықтықтарда саяхаттағанда  кісі  көп сияды, жылдамдығы  да  көп, жол ақы 

да  қымбат  емес.  Темір  жолдарының  пайда  болуы,  саяхат  жасау  ісіне  нағыз 

революция  болды.жылдар  өткен  сайын  поезд  қауіпсіз  əрі  жылдамдығы  да 

арта  түсті.  1900  жылдардың  өзінде  темір  жолдар  қазіргі  заманға  сай 

поездардың  қызметін  атқарды.Вагондарда  электр  энергиясы,  жылу,  жататын 

жайлы  орындар,  ресторан,  ванна  бөлмелері  болды.1883  жылы  Шығыс 

экспресі  деген  атпен  белгілі  поездар  Парижден  Стамбулға  дейін,  қалталы 

азаматтарды,  4күн  жүрді  əрі  табиғаттың  ең  əдемі  жерлерін  тамашалауға 

мүмкіндігі болды.Жоғары дəрежедегі қызмет, тамақ уақыт жылдам өтті. 

2. 

Теңіз, өзен жəне əуе тасымалы. 

Теңіз жəне өзен тасымалы саяхаттың ең көп таралған түрі. Теңіздерде саяхат 

жасау  20  ғасырдың  70  жылдарынан  басталады.  1980  жыл  мен  1990  жылдар 

аралығында      АҚШ  3  млн  долларға  саяхат  жасайтын  кемелер  жасап 

шығарды.  Саяхат  жасау  маршруттары  көбейді.  Оның  басым  бөлігі  Европа 

елдеріне грек, итальян, норвег, дания, ағылшын кемелері саяхат үлкен үлеске 

ие.  

Əуе тасымалы туризмде алыс қашықтықтарға саяхатшыларды тасымалдауда 



маңызы  зор.  Қызмет  ету  бағасы  қымбат,  бірақ  баратын  жерге  жылдам 

жеткізетіндіктен  бұл  көлік  түріне  сұраныс  көп.  Жылдан-жылға  көбейе 

бермек. 

Тексеру сұрақтары:  

1. 

Темір жол тасымалының туризмдегі ролі. 



2. 

Қазіргі заманға сай поездар қайжылдан бастап қызмет ете бастады. 

3. 

Шығыс экспресінің маршруты қандай болды. 



4. 

Əуе тасымалының туризм дамуындағы маңызы. 

 Қолданылған əдебиеттер: №2, 252-271 беттер 

№12 Дəріс 

Тақырыбы: 

Əлемдік 


туризм 

индустриясының 

дамуының 

негізгі 


концепциялары жəне Қазақстан Республикасы үшін маңызы. 

Мақсаты

Əлемдік 


туризм 

индустриясының 

дамуының 

негізгі 


концепцияларына сипаттама беру.  

Тірек сөздер: индустрия, ұйым, саяхат 

Батыста  туризмнің  əлеуметтік-экономикалықмаңызын  баяғыда  түсінген. 

Сондықтан  20  ғасырдың  80-ші  жылдарынан  бастап  түрлі  сипаттағы 

комиссиялар  туристік  ұйымдар  туризмнің  тиімді  дамуын  қарастырып,  2025 

жылға қарай туризм қалай дамиды деген сұраққжауап іздеуде. 

Европалық одақ  комиссиясы  туризм  аясы  дамыған  көптеген  мемлекеттердің 

іс-əрекетін  қорыта  келіп,  2000  жылға  дейінгі  кезеңде  туризмнің  дамуының 

негізгі  тенденцияларына  талдау  жасады.  Онда  төмендегі  мəселелер 

қамтылды.  

1. 


Европаны туризмнен түсетін пайда үшін үлкен бəсекелестік күтіп тұр, 

сондықтан  Европа  туризм  индустриясы  көрсететін  қызметтердің  сапасын 

көтеру керек. 


2. 

Саяхаттың  барлық  түріне,  əсіресе  1-ші  кезекте  көлік  шығыны 

көбейеді.Саяхат жекелік сипат алады. 

3. 


Сапарлар  саны  Европада  Америкаға,  Азияғдан  Океанияға  секілді 

континентаралық саяхаттар есебінен өседі.  

4. 

Əуе көлігін пайдалану артады, ыңғайлы, тікелей рейстер саны артады. 



5. 

Топтық жанұялық демалыс азайып, адамдар демалудың əлдеқайда сан 

түрлі бағдарламалар таңдайды. 

6. 


Басқалардан  гөрі  егде  жастағы  кісілер  мен  жастар  белсенді 

саяхаттайтын болады.  

7. 

Қоршаған  ортаның  тазалығы  туристерді  тартудың  əсіресе  ауылдың 



жəне су жағасындағы аудандардың басым факторы болады. 

8. 


Рынокта маркетингтік істі нақті жүргізу керек болады.  

Тексеру сұрақтары: 

1. Əлемдік туризмнің дамуында,алда күтіп тұрған мəселелер. 

2. Қазақстанда туризм даму деңгейі. 

Қолданылған əдебиеттер: №3, 494-496 беттер. 

№13-14 Дəріс 

Тақырыбы: 

Қазақстан 

Республикасында 

туризм 


индустриясының 

дамытудың концепциясын негіздеу. 



Мақсаты: Қазақстанды туризмнің даму деңгейіне сипаттама беру. 

Тірек  сөздер:  Қазақстандағы  туризм,  рекреация,  комерциялық  туризм, 

экономика. 

Соңғы  10-12  жыл  ішінде  Қазақстан  Республикасының  туризмінің  дамуын 

төмендегідей екі көрсеткішпен сипатталады. 

1. 

Экономикалықтуризм (оның тиімділігі туристік іс-шаралардан түскен 



табыстармен  өлшенеді)  бұрын  сауықтыру,  танымдық  жəне  қарым-

қатынастық  қызметтер  атқарған  əлеуметтік  туризмнен  тауы  басым  болып 

келеді. 

2. 


Туризмге  арналған  мемлекеттің  жəне  кəсіподақ  қаржысының 

барынша қысқарғандығы яғни соның салдарынан ішкі туризмнің жойылуы. 

Экономикалық  туризмнің  Республикада  негізгі  үш  бағыты  бар  1.  Қазақстан 

азаматтарының  шет  елдерге  комерциялық  сапарлары.  2.  Азаматтардың 

рекреациялық  танымдық  мақсаттағы  шетелдік  сапарлары.  3.  Шет  елдік 

азаматтардың  Қазақстан  жəне  шекаралас  мемлекеттермен  саяхаттың 

тəсілімен  турлар  жасау.  Комерциялық  туризм  1990  жылдардың  басында 

ерекше  қарқынды  дамыды.  Бұл  еліміздің  экономикасына,  əлеуметтік 

жағдайына  қыруар  зиян  келтірді.  Себебі  шетелден  алынып  келген  тауарлар, 

отандық  өнімдерге  бəсекелестік  тудырады,  ұлттық  өндірістің  қысқаруына, 

халықтың  жұмыспен  қамтылуына  кедергі  келтіреді.  Мысалы:Араб  əмірлігі 

Дубайға Жылына 100 мың турист барады. Яғни олардың əрқайсысы Дубайда 

5-7  мың  доллар  қалдырады.мемлекеттік  органдардың  туризмді  тиімді  түрде 

үйлестіріп  отырмауы  туристік  фирмалардың  транспорттық  жəне  басқа 

ұйымдармен  ынтымақтастығынаң  болмауы.  Əлі  күнге  дейін  шет  елден 

туристер  қабылдайтын  турфирмалар  да,  біздің  шет  елге  жіберетін 

фирмаларда  салықты  бірдей  төлейді.  Бұл  басқа  елдің  экономикасын 


дамытып, еліміздің экономикасы дағдаысқа əкелуде. Мамандардың пікірінше 

Қазақстан шетелге жылына 4 млрд доллар алып кетеді. 

Əлі  күнге  дейін  туризм  экономиканың  қосалқы  саласы  ретінде  саналып, 

денсаулық, 

əлеуметтік 

қамтамасыз 

ету 

жүйесіне                                          



қоғамдық шығындарды жұмсаудың өсуін тежейтініне есепке алынбай келеді. 

Тексру сұрақтары:  

1. 

Қазақстанда туризм даму деңгейі. 



2. 

Қазақстанда туризмнің дамуына əсер етіп отырған факторлар. 

3. 

 Комерциялық туризмнің мемлекет экономикасына тигізетін кері əсері. 



4. 

Жақын  шетелдермен  туризмді  дамыту  мақсатында  келісім  шартқа  қай 

жылы қол қойылды. 

Қолданылған əдебиеттер: №3, 145-164 беттер 



№15 Дəріс  

Тақырыбы: Қорытынды. 

Мақсаты:  Халықаралық  туризмнің ғылымдар саласындағы маңызы. 

Тірек сөздер: феномен, туризмтану, туризм индустриясы. 

Туризм-  басты  феномен,  оның  потенциялы,  басты  əлеуметтік  мақсаты  адам 

өмірін  ұзарту  жəне  сапасын  жақсарту.  Қазіргі  туризмнің  феномені-  адамға 

қоршаған  ортаның  көзбен  көру  арқылы  танымын  кеңейтуге  мүмкіншілік 

жасау,  туристік  саяхатқа  шығушылардың  санын  арттыру.  Туризмнің  негізгі 

қызметтері  уақыт  өте  келе  маңызын  жоғалтты,  бірақ  Жер  бетіндегі 

адамдардың  өміріне  тиімді  əсерін  күшейтті.  Туризмтану  теориясының  ең 

басты  мəселлерінің  бірі  –  адам  баласының  уақыт  пен  кеңістікте  орын 

ауыстыруып  тұруға  əуелде  неліктен  талпынғандығының  мақсат-мұратына 

түсіну. Бұл мəселені түсіну- шешу туризм тарихы саласын зерттеудің негізгі 

мақсаты,  өйткені  ол  арқылы  əлемдік  жəне  өңірлік  туризм  индустриясының 

өзара байланыстарын түсінуге мүмкіндік береді.   

Əлемнің  жəне  Қазақстанның  туризмінің  даму  тарихын  ұқыпты  ғылыми 

негізде  талдағанда  ғана  талдағанда  халықаралық  туризмнің  теориясын 

жасауға, жетілдіруге болады. Толыққанды теориялық талдаулар ғана отандық 

туристік индустрияның тиімді болуына мүмкіншілік туғызады. 

Тексеру сұрақтары: 

1. 


Феномен ұғымының түсінігі. 

2. 


Туризмтану теориясының басты мəселелері. 

3. 


Қазақстан туризмі неліктен дұрыс дамымай отыр.    

 

6. Семинар сабақтарының жоспары, 

1.Халықаралық туризм тарихы мен географиясы. 

2.  Адамзат  тарихы  жəне  алғашқы  саяхаттардың  əлеуметтік-экономикалық 

себептері. 

3. Көне жəне орта ғасырлардағы туризмнің туу тарихы. 

4. . Көне жəне орта ғасырлардағы туризмнің туу тарихы. 

5. Жаңа дəуірдегі туризмнің қалыптасуы. 

6. 20ғасыр мен қазіргі кезеңге дейінгі халықаралық туризмнің дамуы. 

7. 20ғасыр мен қазіргі кезеңге дейінгі халықаралық туризмнің дамуы 


8. Туризмнің Ресей империясында дамуы. 

9. КСРо-да туризмнің даму тарихы. 

10    Көне  дəуірден  қазіргі  заманға  дейінгі  Қазақстанда  туризмнің  даму 

тарихы. 


11.  Көне  дəуірден  қазіргі  заманға  дейінгі  Қазақстанда  туризмнің  даму 

тарихы. 


12.  ТМД  елдері  мен  Қазақстандағы  туризмнің  қазіргі  жағдайы  жəне  даму 

мəселелері. 

13.  ТМД  елдері  мен  Қазақстандағы  туризмнің  қазіргі  жағдайы  жəне  даму 

мəселелері. 

14.  Туризмнің  қазіргі  əлеуметтік  құбылыс  ретіндегі  тиімділігін  арттырудың 

жолдары. 

15.  Туризмнің  қазіргі  əлеуметтік  құбылыс  ретіндегі  тиімділігін  арттырудың 

жолдары. 



7. Семинар- 1 

                      Халықаралық туризмнің тарихы мен теориясы 

 

 

Адамзат  тарихы  жəне  алғашқы  ұйымдасқан  саяхаттардың  əлеуметтік-



экономикалық  себептері.Көне  жəне  отра  ғасырлардағы  туризмнің  туу 

тарихы.Жаңа  дəуірдегі  туризмнің  қалыптасуы.1991  жылға  дейін  Ресей  жəне 

КСРО  жеріндегі  туризмніңтдаму  кезеңдері.Қазақстандағы  туризмнің  даму 

тарихы жəне оның негізгі сатылары. 

 

ТМД  елдері  мен  Қазақстандағы  туризмнің  қазіргі  жағдайы  жəне  оның 



дамуының мəселелері. 

 

Курстың 



негізгі 

мақсаты 


– 

студенттер 

бойында 

əлемдегі, 

Қазақстандағы  ұйымдасқан  саяхаттардың  даму  тарихынан  білімдер  жүйесін 

қалыптастыру,соның  негізінде  қазіргі  халықаралық  туризмнің  басты 

əлеуметтік  құбылыс  екндігінің  даму  теориясын  сіңіру,  алған  тарихи  жəне 

теориялық  білімдерді  отандық  туризм  индустриясын  жетілдіруге  жұмсауға 

үйрету. 

 

Бағдарламалық материал 

 

1-тақырып.  Туристік  іс-əрекет  жəне  оның  адам  өміріндегі  əлеуметтік 



қызметтері. 

 

Туризмнің  əлеуметтік  феномен  ретінде  түсіну.Ішкі  жəне  халықаралық 



туризм түсініктері. 

 

Туризмнің    негізгі  əлеуметтік  қызметтеріне  сипаттама:  танымдық, 



денсаулық, 

əлеуметтік 

-қарым-қатынастық, 

спорттық, 

эстетикалық, 

эмоционалдық- психологиялық, шығармашылық,қажылық. 

 

2-  тақырып.  Адамзат  тарихы  жəне  алғашқы  ұйымдасқан  саяхаттардың 



əлеметтік экономикалық себептері. 

 

Туризм тарихы түсінігі, оның зерттеу пəні.Туризм тарихы мен қосалқы 



тарих пəндерінің байланысы.Адамзат тарихының негізгі кезеңдерінің жалпы 

сипаттамасы 

жəне 

алғашқы 


ұйымдасқан 

саяхаттардың 

əлеуметтік 

экономикалық себептері. 



 

Адамның  жануарлар  əлемінен  бөлінуі  жəне  адам  ақылының 

қалыптасуы.Адамның  өндірістік  еңбегінің  басталуы.  Адам  еңбегінің 

бөлінісінің      3  кезеңі  жəне  адамның  құрлық  пен  суда      ұйымдасқан 

саяхаттарының басталуы. 

 

3-тақырып. Көне жəне орта ғасырлардағы туризмнің туу тарихы. 



 

«Туризм»  жəне  «саяхат»  түсініктерінің  өзара  байланыстылық 

негіздері.Алғашқы  ұйымдасқан  саяхаттардың  болғандығын  айқындайтын 

деркетер Геродот, Страбон, Клавдий Птолемей 

     Семинар сұрақтары: 

    1.  Курстың негізгі мақсаты 

    2.  Курсты оқытудың материалы неше тақырыптан тұрады? 

    3.  3 тақырыпта туризмнің қай кезеңі қарастырылады? 



Семинар-2 

Адамзат тарихи жəне алғашқы  ұйымдасқан саяхаттардың     

                      

əлеуметтік-экономикалық себептері 

Туризм  тарихы  дегеніміз-  саяхаттардың  ең  қарапайым  түрінен  бастап 

күрделі түрлерін қоса жəне көне заманнан қазіргі заманға дейінгі жүріп өткен 

жолын  зерттейтін  ғылым.  Туризм  тарихының    зерттеу  пəніне  туристік 

қозғалыстың  əлеуметтік  құбылыс  ретінде  шығу,  қалыптасу  жəне  даму 

заңдылықтары жатады. 

 

Туризм 



тарихы 

өз 


зерттеулерінде 

археология, 

нумизматика, 

палеография,  этнография  жəне  т.б.  тарих  ғылымының  салаларының 

деректеріне сүйенеді. 

 

«Туризм»    термині  түрлі  халықтардың  тілінде  ХІХ  ғасырда  ғана 



тұрақтала  бастады.Көне  жəне  орта  ғасырларда  адамдар  оның  орнына 

«саяхат»  деген  сөзді  қолданды.Қазіргі  туризмтануда  саяхат  деп  адамдардың 

мақсатына қарамастан кеңістік пен уақытта орын ауыстыруын атайды. 

 

Қазіргі  ТМД  елдеріндегі  туризм  кеңестік  кезеңде  əлеуметтік  туризм  



ретінде  дамып,  шығындарына  қоғамдық  қаржы  жұмсалды.Сол  кезде  туризм 

теориялық    тұрғыда  нақты  адамдардың  туристік  іс-əрекеттегі  мұратына 

байланысты  зерттелді  де,  туризмнің  қалыптасу  тарихы  ереше  əлеуметтік 

құбылыс санатында қарастырылды. 

 

Туризм  тарихын  зерттеушілердің  көпшілігі  белгілі  бір  саяхаттар 



бойынша айқындалған фактілерді ғана баяндады.Олар адамзат тарихының əр 

түрлі  дəуіріндегі  туризмнің  жеткен  жетістіктерін  ұйымдасқан  саяхаттардың 

нақты 

əлеуметтік-экономикалық 



себептерімен 

байланыстырмады 

В.Б.Сапрунованың  басқалардан  басты  ерекшелігі-туризм  тарихын  4  кезеңге 

бөлді: 


1-кезең «туризм тарихының алды» деп те атайды; 

2-кезең элитарлық туризм кезеңі, яғни туристік қызметтер көрсететін арнайы 

кəсіптің туындауы; 

3-кезең бұл əлеуметтік туризмнің қалыптаса бастауы; 

4-кезең  бұл  жаппай  туризмнің  қазіргі  кезеңі,  туристік  индустрияның  туризм 

үшін тауар өндіру мен қызмет көрсету кешенінің қалыптасуы; 



 

Туризмнің  дамуының  əртүрлі  кезеңде  дамуының  дəуірге  бөлуге 

техникалық-  экономикалық,  əлеуметтік  алғы  шарттар  жəне  туризмнің 

мақсатты қызметтерін негізгі критерийлер етіп алған. 

                Семинар сұрақтары: 

 

 1.  «Туризм»  термині қай ғасырдан бастап тұрақтала бастады? 



 2.   В.Б.Сапрунов туризмді неш кезеңге бөлді? 

 3.   Туризм тарихы қай ғылымдар салаларына сүйенеді? 

Семинар-3 

Көне жəне орта ғасырлардағы туризмнің туу тарихы  

 

«Туризм»  термині  əлемнің  түрлі  халықтарының  тілінде  ХІХ  ғасырға 



қарай  ғана  тұрақтады.Көне  жəне  орта  ғасырларда  адамдар  «саяхат»  деген 

терминді  қолданып  келді.  С.И.Ожеговтың  «Словарь  русского  языка» 

еңбегінде  «жол»  сөзіне  кеңістіктегі  қозғалыс  болып  жататын  сызықты, 

қимыл-қозғалыстың бағыиы деген түсіндірме жасалады.Əуелде «саяхат» сөзі 

жолмен  жүру,яғни  уақыт  пен  кеңістікте  белгілі  бір  бағытпен  жаяу  орын 

ауыстыру деген мағынада қолданылған. 

 

Саяхат-  адамның  күрделі  де  сан  салалы  іс-əрекеті,  сондықтан  да 



«саяхатшы»  болып  көне  заманнан  бері  саудагерлер,  қажылыққа  барушылар, 

теңізшілер,  зерттеуші  ғалымдар,  авантюристер  жəне  табиғат  ландшафтына 

қызыққандар  саналған.Қазіргі  туристер  де  саяхатты  жоспарлау  барысында 

күрделі  мұраттар  мен  мақсаттарды  басшылыққа  алады.Түйіндей  келгенде,іс 

əрекеті  туризммен де,саяхатпен  де байланысты  адамдардың  сыртқы  да, ішкі 

де  мұраттары  сəйкес  болады,  яғни  адамның  маңызды  қажеттіліктері  болып 

табылады. 

 

«Туризм»  жəне  «турист»  ұғымдары  қоғамдық  санада  ХVІІІ  ғасырдың  



соңы  –  ХІХ  ғасырдың  басында  əбден  орнықты.Шамамен  осы  кезеңде 

Францияда  француз  тілінің  сөздігінде  «турист»  ұғымына  «қызығушылықтан 

туындаған  саяхатпен  уақытты  өткізу»  деген  анықтама  берген.    1838  жылы 

Ф.Стеньдалдың  «Туристің  жазбалары»  деген  еңбегі  шығады,  сондықтан  да 

«турист» деген сөзді ойлап тапқан Стендаль болып саналады. 

 

Зерттеуші  Г.С.Усыскиннің  ойынша,  «туризм»  термині  ХVІІ-ХVІІІ 



ғасырларда  Англияда  пайда  болған.Бұдан  басқа  да  зерттеушілер  бұл  ойды 

шет ел ғалымдарының еңбектеріне сілтеме жасай отырып түйіндейді. 

 

Көне  гректің  б.д.д    VІ  –V  ғасырлар  шегіндегі  географиялық 



түсініктерін  Гекатей  Милетскийдің  «Обозрения  Земли»  атты  еңбегінің 

сақталған  үзінділері  бойынша  елестетуге  болады.  Атақты  экономика 

тарихшысы  А.М.Петровтың  «Великий  Шелковый  путь»  атты  кəтабында 

Гекатей    екі  жарым  мың  жыл  бұрын  қамтығандеректердің  қазіргі 

географиялық  картасын  жасалды.Бұл  реконструкцияланған  картада  кіші 

Азияның  ,  Қара  жəне  Азов  теңіздерін  шекаралары  айқын  көрінеді,  Қызыл 

теңіздің  аумағы,  Араб  түбегінің  ,Тигр  мен  Евфрат  өзендерінің  контурларын 

шын  шекаларына  жуық.Гекатейдің  картасынан  Үндістанды  табу  қиын, 

дегенмен  де  оның  батыс  жақ  бөлігінде  Инд  өзені  белгіленген.Шығыс 

Индостан мен Қытай картада жоқ. 



                            Семинар сұрақтары: 

 1.Көне  жəне  орта  ғасырларда  адамдар  туризмнің  орнына  қандай  терминді 

қолданып келді? 

 2. «Туризм» жəне «турист» ұғымдары қай ғасырларда əбден орнықты? 

 3. Турист ұғымын ойлап тапқан кім? 


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 0.62 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет