Туралы таным


ІІІ БөЛІм  СӘЛӘФИя ХАҚ жОЛ мА?



жүктеу 2.46 Kb.
Pdf просмотр
бет9/11
Дата07.03.2017
өлшемі2.46 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ІІІ БөЛІм 
СӘЛӘФИя ХАҚ жОЛ мА?

138

139
сӘлӘФия хАқ жол МА?
100
Сәләф сөзі және оның діни әдебиеттегі 
мағынасы. Сәләфия сөзін қалай түсініп жүрміз?
өзін «сәләфимін» деп арнайы жамағатқа кіру 
қаншалықты дұрыс?
Шынымен сәләфия жамағаты ғана тура жолда 
ма?
Тура жолда  болуды анықтаудың қандай тара-
зысы бар?
мәзһаб ұстанушылар сәләфус-салихиннен 
бөлек жолда ма?
Егер  «сәләф»  сөзінің  сөздік  мағынасына  келер 
болсақ «алдыңғы, бұрынғы» деген мағынаны білдіреді. 
Уақыт ағымына қарай әрбір өткен шақ кейінгілер үшін 
«сәләф»  деп  аталады.  Алайда  бұл  сөз  Ислам  дінінде 
тұрақты, әрі арнайы ұғымға айналып, басқа мағынада 
қолданылмайтын  сипатқа  ие  болды.  Діни  әдебиетте 
Ислам  дәуірінің  ішіндегі  ең  абзал  кезеңді  білдіреді. 
Ол кезең Ислам үмметінің Пайғамбарымыздан (с.а.у.) 
кейінгі  алғашқы  үш  буынының  дәуірі  еді.  Себебі 
Бухари мен Муслимде Абдуллах ибн Мәсғудтан риуаят 
етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Адамдардың 
ең  абзалы  менің  заманымдағылар.  Одан  кейінгі  аб-
залдары  –  олардан  кейін  келгендер.  Олардан  кейін-
гі  абзалдары  –  олардан  кейін  келгендер.  Бұлардан 
кейін  куәлігінен  бұрын  анты,  антынан  бұрын  куәлігі 
100
 Сәләфия  тақырыбына  қатысты  мәтіндер  м.С.Р.  Әл-бутидің 
«әс-сәләфия» атты кітабынан алынды

140
Мәзһаб туралы таным
жүретін  қауымдар келеді» – деген.  Осы үш буынның 
абзалырақ болуының себебіне үңілетін болсақ, олардың 
пайғамбарлық бұлағынан тікелей сусындап, пайғамбар 
(с.а.у.)  тағылымына  ең  жақын  болғандықтарын 
көреміз.  Сахабалар  Исламның  сенім  негіздерін  және 
діни  ұстанымдарды  Пайғамбарымыздан  (с.а.у.)  ті-
келей  үйренді.  Ал  табиғиндар  (сахабаларды  көрген 
мұсылмандар) пайғамбарлық нұрына сахабаларға еру, 
олардың  насихаттарын  естіп,  тәлім-тәрбиелерін  көру 
арқылы  жетті.  Әтбағут-табиғиндер  (табиғиндерді 
көрген мұсылмандар) болса, осы саф пікір мен Ислами 
табиғаттың  бұзылмай  сақталуының  соңғы  кезеңінде 
еді. Осы кезеңнен бастап әр түрлі дінге жат әрекеттер 
(бидғат) жайыла бастады. Дегенмен осы үш буынның 
қайырлы  болып  көрсетілуі  бізге  бұдан  басқа  нені 
меңзейді? Осы сұрақ төңірегінде ой өрбітсек.
Бұл – бізге солардың ізімен жүруімізді, солардың 
ұстаным-қағидаларын үйреніп, сол қағидалар мен при-
нциптерді ұстануымызды меңзейді. Арасын ажыратып 
түсіну керек бір жәйт бар. Алғашқы үш буынға (сәләфус-
салихинге) еру – олардың ауызынан шыққан әрбір сөзді 
дәлме-дәл орындау немесе олар істеген әрбір істі айна-
қатесіз  қайталау  арқылы  болмайды.  Себебі  олардың 
өзі бұлай істеген жоқ. Жекелеген әрекеттерді ешқашан 
өзгермес  заңдылық  деп  қабылдамады.  Оларға  еру  – 
олардың Құран мен хадисті түсіндіріп талдаудағы және 
шариғи үкімдер мен негіздерде белгілеген қағидаларын 
ұстану арқылы болады. Бұл қағидаларды ұстану олар-
дан  кейінгі  ғасырларда  келетін  барлық  мұсылмандар 
үшін  парыз.  Бұл  қағидалар  уақыт  айырмашылығына 
қарамай  бүкіл  мұсылман  үмметінің  арасын  біріктіріп 
тұратын ортақ ғылыми әдістемелік жол.

141
Сәләфия хақ жол ма?
Олай болса, сәләф сөзіне сүйеніп Ислам шариғаты 
мен  түсінігіне  жат,  жаңа  ұғым  қалыптастыру  үлкен 
қателік. Бүгінгі күні «сәләфия» ұғымы мұсылмандардың 
арасында  арнайы  ерекшеліктерге  ие  ағымның  атауы 
болды. Олар өздеріне осы атаудан белгілі ұғым жасап 
алды. Сол арқылы өзіндік пәлсапаға сүйенеді. Өкінішке 
орай, онсыз да аз болмай тұрған Ислам жамағаттарының 
тізіміне «сәләфия» атымен жаңа бір жамағат қосылды. 
Олар өздерінің өзгеше болмыстарымен, психологиялық 
ерекшеліктерімен мұсылмандардың арасында ерекше-
ленуде. Бұл жаңа ұғымның бүгінгі сипатта пайда болуы 
дінге жаңадан енген бидғат екендігін айтудың ақиқатқа 
еш қайшылығы бола қоймас. Сонымен қатар, «сәләфия» 
сөзінің де Ислам тарихына жат екендігінде күмән жоқ. 
Себебі сол алғашқы буын «сәләфтардың» өзі де, олардың 
жолын ұстаған кейінгі ұрпақ та бұл ұғымды білген жоқ. 
Алғашқы буын өкілдері «сәләфия» сөзін өздерінің жеке 
бастарын ерекшелеу үшін қолданған емес. Оларға тән 
идеология немесе әлеуметтік ерекшеліктерді де білдір-
меді. Бұл сөз – өздері мен өздерінен кейін келетін буын 
арасын  айыратын  кедергі  ретінде  де  рөл  ойнамады. 
Керісінше, олардың ұстанған қағидаларының аясында 
өздері мен кейінгі келген қауым арасында соншалықты 
үйлесімділік, мұрагерлік алыс-берісі толық орнағанын 
көреміз. Мынау сәләфтің жолы, мынау халафтың жолы 
деп,  кейінірек  әлдебір  мұсылман  жамағаты  олардың 
арасын бөлетіндігін, араларына тосқауыл қоятындығын 
олардың ешбірі ойламаған болар. Шындығына келген-
де,  олар  үшін  «сәләф-хәләф»  сөзі  уақыт  өлшемінде 
қолданылатын  «бұрынғы-кейінгі»  дегеннен  басқа 
ештеңе білдірген емес.

142
Мәзһаб туралы таным
Енді  бүгінгі  сәләфилік  жайына  тоқталайық.  Олар 
өздерін  сәләфус-салихиннің  жолын  жеке-дара  өздері 
ғана ұстанушы етіп көрсетуде. Оларға ерсең ақиқатты 
табасың,  ермесең  адасқаның  дейді.  Енді  мұның 
қаншалықты  жөн  сөз  екенін  қалай  ажыратамыз?  Ол 
үшін  бірінші  бұл  жолдың  ұстанымын  анықтауымыз 
керек болады. Сондықтан олардың сәләфус-салихинге 
қатыстылығы,  сәйкестігі  қаншалықты  екендігін  білу 
үшін мына сұрақты қоямыз «Біз осы «сәләфия» деген 
жамағатқа кіріп, оған мүше болғымыз келеді. Біз соның 
жолымен  жүріп, мүшелігіне енуіміз үшін қандай шарт-
тар  бар?» 
Мұның екі түрлі ғана жауабы бар,  үшінші жауап 
болудың  еш  қисыны    жоқ.  Егер  осы  екеуінен  басқа 
жауап  берілсе,  еш  қиындықсыз  олардың  сәләфус-
салихинге қатысы жоқ екендігін біле аламыз. Ал, біздер 
үшін талқылауға тұрарлық екі жауапты төменде бірге 
қарастыратын боламыз.
Бірінші жауап: «Мұның шарты – еш өзгеріссіз, кем-
шіліксіз, қоспасыз сол сәләф қауымының сөздерін, іс-
әрекеттерін, әдет-ғұрыптарын ұстану». 
Бірақ  біз  бұл  жауапты  қостай  алмаймыз.  Себебі 
бұрынғы  сәләф  қауымы  өздерінен  тараған  сөзді,  іс-
әрекетті  соншалықты  өзгермейтін  заңдылық  деп 
қарамайтын.
Сонымен  қатар,  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  және 
сахабалардың  әдет-ғұрып  пен  өмір  жағдайларының 
өзгеруіне  байланысты  күнделікті  іс-әрекеттерін 
өзгерткендігіне 
мысалдар 
көптеп 
кездеседі. 
Мәселен,  Меккеде  мұсылмандардың  әдет-ғұрпы 
Мәдинадағыдан өзгеше еді. Киім, баспана және басқа 
да  қажеттіліктерде  ешқандай  қиындықсыз  өзгерістер 

143
Сәләфия хақ жол ма?
жасады.  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  өзі  «патшалар 
мөрсіз  хатты  оқымайды»  деген  сөз  айтылғанға  дейін 
мөр қолданбады. Бір әйел  келіп баласының ұста екен-
дігін, егер қаласа жұмада уағыз айтатын мінбер жасап 
беретінін айтқанға дейін құрма ағашының түбіртегіне 
сүйеніп құтпа оқыды. Яғни бұлар уақыт пен ортаның 
шарттарына қарай өзгеретін істер қатарына жатады.  
Сахабалардың кезінде де өзгерістер болып отырды. 
Табиғиндардың  фиқһшыларының  өзі  сахабалардың 
кезінде болмаған жаңа шариғи жаза үкімдерін шығарды. 
Бұхтари айтады: «Шурайхқа (хазіреті Омардың кезінен  
бастап  ұзақ  жыл  қазылық  атқарған  атақты  табиғин) 
барып оған:
–  Мына шығарған жаңалығың не? – дедім. 
–  Адамдар  жаңа  мәселелер  шығаруда,  мен  де 
жаңаша шешім қабылдадым, – деді.
...Олай  болса  сұраққа  берілген  бірінші  жауаптың 
бос,  сәләф  дәуіріндегі  өмір  шындығына  сай  ешбір 
мағынасы,  тарапы  жоқ  екендігі  анықталады.  Себебі 
олардың өздері жеке сөздерінде дәлме-дәл қатып қалған 
жоқ.  Іс-әрекеттері  мен  әдет-ғұрыптарында  да  сыртқы 
көрініске  жабысып,  одан  тайқымауға  шақырған  жоқ. 
Керісінше,  олардың  өмірінде  мұның  терісін  көреміз. 
Ендеше, олардың өзі істемеген істі қалай үлгі тұтамыз? 
Сондықтан, біреу бірінші жауаптағы айтылғандай «еш 
өзгеріссіз, кемшіліксіз, қоспасыз сол сәләф қауымының 
сөздерін,  іс-әрекеттерін,  әдет-ғұрыптарын  ұстанса», 
оның  қателікке түсетіндігі белгілі болды.
Екінші жауап:
Бізге былай деуі: «Бұл жамағаттың құрамына кіріп, 
оларға  ұқсаудың  шарты  –  сәләфус-салихиннің  Құран 
мен сүннет мәтіндерін талдау және одан үкім шығару 

144
Мәзһаб туралы таным
және ижтихад жасау қағидаларын бекіту үшін жинақтап, 
реттеп кеткен ғылыми әдістемелік жолдарын анықтау. 
Одан кейін Құран мен хадисті түсіну барысында және 
шариғи  үкімдердің  тұрақтысы  мен  дамып  отыраты-
нын ажырату кезінде осы жолды мықтап ұстану. (Яғни 
жеке іс-әрекеттерін емес, шариғатты түсіну жолдарын 
үйреніп, ұстану)».
Бұған  біздің  айтарымыз:  «Алайда    сәләф  болсын, 
басқа  болсын  мұсылман  жамағаттарының  ішінде 
ешбір  жамағатта мұндай  ғылыми-әдістемелік жолдың 
жамағатқа кірудің шарты ретінде немесе ол жамағатты 
өзгелерден ерекшелейтін белгі ретінде рөл атқарғанын 
көрмейміз. (Себебі бүгінгі төрт мәзһабтың барлығы осы 
ғылыми-әдістемелік жолға негізделіп құрылған)».
Бір  жағынан,  сәләф  дәуірінің  алғашқы  кезеңінде 
мұндай  әдістемелік  жолдың  болғандығы  айтылмай-
ды.  Терминдердің  қалыптасуын  зерттеу  саласында 
да,  шариғи  ғылымдардың  жүйеленуін  қарастыратын  
салада да ондай мәлімет кездеспейді. Мұндай ғылыми-
әдістемелік жолдың орнына оларда Құран мен сүннетті 
түсініп,  талқылауға  жарамды  таза  табиғи  арабша-
ны  меңгеру  қасиеті  ғана  болды.  Шариғи  үкімдер  мен 
қағидаларды  белгілеуде жалғыз сүйеніш сол болды.
Ал  табиғиндер  дәуірі  «хадис  мектебі»  мен  «рәй 
мектебінің»  басшылары  арасындағы  ижтихади  пікір-
талас  майданына  куә  болды.  Егер  ол  кезде  атал-
мыш  ғылыми-әдістемелік  жол  болғанда  сондай 
түсініспеушілік туындамас еді. Бір қызығы, жоғарыдағы 
екі  мектеп  те  бүгінгі  (өзге  мұсылмандардан  ғылыми, 
фиқһи  және  идеологилық  тұрғыдан  ерекшеленетін)  
сәләфия  ағымының құрылымында басты рөл атқаратын 
сәләф дәуірінің нақ өзегін қамтиды. Сол дәуірдің өзінде 

145
Сәләфия хақ жол ма?
осындай  көзқарас  айырмашылықтары  болып  жатса, 
онда барлық мұсылманды менің айтқаныммен жүр деп 
бір пікірге ғана мәжбүрлейтін  бүгінгі сәләфияның қай 
жолды  ұстанғаны?  Мұндай  ғылыми-әдістемелік  жол 
қашан пайда болды? Енді соған келейік.
Имам  Шафий  бастаған  сол  заманның  мүжтаһид 
имамдары  Құран  мен  сүннет  мәтіндерін  тәпсірлеу 
ережесін  және  ижтихад  негіздерін  бекіту  ісін  баста-
ды. Бұл жолда олар жәһилия дәуірі мен Исламның бас 
кезіндегі арабтар қолданған таза арабша түсінігін үлгі 
етіп алды. Осы кезде ғана барлық мұсылмандар үшін 
ижтиһади пікрлерді таразылайтын Құран мен сүннетке 
тәуелді араб тілі ережелері дайын халге келді. Ал бұл 
уақыт сәләфус-салихиннің соңғы кезеңі еді. Осы ереже 
– ижтихад талаптарына сай жасалған тұжырымдар мен 
дүниелік  мақсат  үшін  Құран  мен  хадисті  бұрмалау 
арқылы  туындаған  шариғатқа  қайшы  пікірлердің 
арасын ажыратып тұрады. 
Бұл  ережелер  сол  заманнан  бастап  барлық 
мұсылмандар  үшін  барлық  жерде  ортақ  жол  ретінде 
қабылданды. Хәләфтан бөлек сәләфқа немесе жекеле-
ген топқа тән емес. (Осы орайда, фиқһ мәзһабтары осы 
ережелер аясында құрылғандықтан жоғары құндылыққа 
ие  екендігін  айта  кеткен  жөн.  Сондықтан  уақыттың 
өтуі  мен  ортаның  өзгеруіне  қатысты  туындайтын 
қиыншылықтарда осы ережелер аясында өміршеңдігін 
жалғастыра береді.) 
Яғни  шариғи  ғылымдарда  зерттеу  жасайтын  адам 
осы  ережелерден  біреуіне  бағынбаса,  дінге  жеңіл 
қарап,  ойынға  айналдырған  болып  саналады.  Тіпті 
бұл оның Исламнан шыққанын көрсетеді. Дәл осыған 
керісінше,  кімде-кім  шариғи  ізденісін  осы  ережелер-

146
Мәзһаб туралы таным
ге негіздесе, сол  нағыз Құран мен Сүнетті ұстанушы, 
пайғамбарымыз өсиет еткен қауымға еруші деген сөз. 
Қай заманда өмір сүрсе де бәрібір. Өздерін «сәләфия» 
деп  атайтын  жамағат  оны  дұрыс  деп  қабылдаса  да, 
қабылдамай  жолдан  таюшы  деп  қараса  да  ешнәрсе 
өзгермейді. 
Осы  ережелердің  шегінен  шықпай  ижтихад  жа-
саушы  адам  өзі  тоқтаған  пікірін  дұрыс  деп  есептеуге 
құқылы.  Бірақ  сол  мәселедегі  басқа  пікірлерді  қабыл 
етушілерді  адасушы,  хақ  жолдан  таюшы  деп  тануға 
хақысы жоқ.
Қорыта айтар болсақ, бүгінгі «сәләфия» жолының 
ешбір  ғылыми  мазмұны  да,  мұсылман  жамағатына 
сәйкесетін  тұсы  да  жоқ.  Бұл  сөзіміздің  тағы  бір 
айғағы – олардың өздері «сәләфия» сөзін Аллаға және 
пайғамбарына  иман  келтірген,  Исламның  қайнар 
көзі  Құран  мен  сүннетті  шынай  түрде  ұстанған 
мұсылмандардан  өздерін  ажыратып  тұратын  белгі, 
ерекше сипат ретінде қолдануда. 
* *  *
Біз бұл тақырыпта анықтаған мәселелерімізге шолу 
жасар болсақ:
–  бүгін  «сәләфия»  сөзі  делінген  сәләфус-салихин 
өздерінің  үш  ғасырлық  дәуірінде  сөздерінде  немесе 
күнделікті істерінде қатып қалмағандығы анықталды;
–  олардың  Құран  мен  хадисті  түсінуде  ұстанған 
жолдары  –  бүгінгі  «усулул-фиқһ»  және  «тәпсір 
қағидалары»  деп  аталатын  ғылым  саласы  екендігі 
анықталды;  бұл  –  мұсылмандардың  барлығының  ис-
ламды  іс  жүзіне  асырудағы  ұстанатын  жолы,  төрт 
мәзһаб осы қағидалар аясында құрылған.

147
Сәләфия хақ жол ма?
Сондай-ақ,  ол  қағидаларды  қолдану  мұсылман-
дардың  ішінде  белгілі  бір  жамағатқа  кірудің  белгісі 
бола алмайды. Бұл ережелер мен қағидаларды барлық 
мұсылман Құран мен хадисті түсіну үшін басшылыққа 
алуы парыз. Бұл мәселе нағыз тіл ережелеріне бағыну 
сияқты. Егер тіл ережелерін өзгелерден бөлек бір ғана 
жамағатқа тән ету мүмкін болған да, бұл ережелерді де 
бір ғана жамағатқа тән қылуға болар еді.  Сондықтан 
хақ жолды өз жамағатына ғана тән етіп алушылардың 
қаншалықты хақ жолдан алыс екенін көреміз.
Енді  былай  деп  айтуымыз  ғана  қалады:  «Ислам 
үмметі тарихының алғашқы үш буыны өздерінен кейін 
келген  ұрпақтан  жалғыз  нәрсемен  ғана  ерекшеле-
нетін. Ол – тақырыптың басында айтып өткен белгілі 
себептерге  байланысты  оларды  пайғамбарымыздың 
«абзалдықпен» атауы. Ал бұл себептердің осы үш буын 
өкілдеріне арнайы бір жамағат қалыбын кигізіп, бүгінгі 
бір-біріне  алакөз  ислами  жамағаттардың  қатарын 
көбейтетіндей әсері жоқ. Яғни сәләфус-салихиннің атын 
жамылып  жамағат  қалыптастырудың,  оны  өзгелерден 
бөлектенудің қаруы етудің ақиқатқа еш қатысы жоқ. 
Тағы  бір  анықталған  нәрсе  –  «сәләфия»  сөзі  тек 
қана  тарихтағы  «өткен  уақыт  бөлігін»  білдіретін-
дігі.  Бұған  бар  қоса  алатынымыз  пайғамбарымыздың 
(с.а.у.)  ол  кезеңді  абзалдықпен  сипаттағандығы. 
Алайда,  пайғамбарымыз  сәләф  дәуірінен  кейінгі  ке-
летін ғасырдың әрбірін өзінен кейінгі келетін ғасырдан 
абзалырақ  деп  сипаттаған  болатын.  Сондықтан  бұл 
сипаттаудан  бүгінгі  мағыналарды  шығаруға  еш  себеп 
жоқ.
Демек,  «сәләфия»  сөзімен  өзіне  тән  белгілі  жолы 
бар  ислами  жамағат  мақсат  етілсе,  әрі  оған  кір-

148
Мәзһаб туралы таным
гісі  келген  адамға  белгілі  шарттар  қойылса,  онда  ол 
пайғамбарымыздан кейін пайда болған көп бидғаттың 
бірі болмақ.
Сәләфия ағымын ұстану мен сәләф 
қауымын үлгі тұтудың айырмашылығы
Құран  мен  хадисті  түсінуде  және  оны  өмірде 
қолдануда сәләфу-с салихиннің жолын үлгі ету Құран 
мен Пайғамбар (с.а.у.) сүннетін ұстанатын мұсылман бо-
лудан туындайтын міндет. Себебі, Аллаһ Тағала өзінің 
елшісіне бой ұсынуды әмір етіп: «Пайғамбар сендерге 
не  берсе  соны  алыңдар,  сендерді  неден  тыйса  содан 
тыйылыңдар»
101
 деді. Ал Пайғамбарымыз (с.а.у.) болса, 
өзінің және тура жолдағы әділетті орынбасарларының, 
сондай-ақ сахабалар мен алғашқы үш буын өкілдерінің 
ішіндегі  ізгілердің  жолымен  жүруді  әмір  етті.  Бұл 
жайындағы хадис шәріптер:
«Дінге  жаңадан  енгізілген  істерден  сақтаныңдар. 
Ол – адасушылық. Кімде-кімнің өмірі осыған (дінге ен-
гізілген жаңа істер етек алған уақытқа) жетсе, ол менің 
және менің тура жолдағы әділ халифаларымның жолын 
ұстанып, мықтап жабыссын»
102
.
«Адамдардың  ең  абзалы  менің  заманымдағылар. 
Одан  кейін  оларға  ергендер,  одан  кейін  оларға 
ергендер»
103

Олай болса олардың ең абзал қауым ретінде баян-
далуында, оларға еру мен оларды үлгі тұтудан басқа бір 
мағына жоқ. Ал «сәләфия» деп аталатын, құрамындағы 
мүшелерін көбейтуге негізделіп құрылған жаңа ағымды 
101
 «Хашыр» сүресі, 7-аят
102
 Тирмизи, Ибн Мәжә және Әбу Дәудта
103
 Ахмад, Тирмизи және Бәйхақида

149
Сәләфия хақ жол ма?
мәзһаб  ретінде  ұстанудың  жоғарыдағы  «үлгі  тұту» 
ұғымына қатысы жоқ бөлек нәрсе екені белгілі. Себебі 
көптеген  мәселеде  екеуі  екі  бөлек  үғым  екені  айқын 
байқалады. 
Енді  осы  сәләф  деп  аталған  Исламның  алғашқы 
дәуіріндегі  үш  буын  өкіліне  еріп,  үлгі  тұту  мен 
бүгінгі  «сәләфия»  деген  ағымды  ұстанудың 
арасындағы  айырмашылыққа  тоқталайық.  Бұл 
екеуінің  арасындағы  айырмашылықты  «Мухаммади-
лер»  мен  «Мұсылмандар»  деген  сөздің  арасындағы 
айырмашылыққа  ұқсатуға  болады.  Мұсылмандарға 
«Мухаммадилер»  сөзін  қолдану  мұсылман  емес  зерт-
теушілер мен ориенталистердің әдеттері екені баршаға 
мәлім. Тағы бір айқын нәрсе – бұлай атаудың ислами ере-
желер мен шынайы мұсылмандардың өмір шындығына 
сәйкеспейтін  теріс  іс  екендігі.  Себебі  «мухаммади-
лер»  сөзі  мұсылмандарды  Мұхаммедтің  (с.а.у.)  жеке 
басына тәуелді, оның жеке пікірлерінің тараптарлары 
етіп  көрсетеді.  Ал  «мұсылмандар»  сөзі  болса,  Аллаһ 
Тағаланың әмірі мен үкімдерін дін етіп ұстануды және 
Мұхаммедтің  (с.а.у.)  елшілігі  арқылы  келген  барлық 
нәрсені  қабылдау  дегенді  білдіреді.  Шын  мәнінде 
пайғамбарға (с.а.у.) бой ұсыну оны сүю – Аллаһқа бой 
ұсыну мен оның елшісі екендігін қабылдаудың нәтижесі. 
Міне осы «Мухаммадилер» мен «мұсылмандар» сөзінің 
арасындағы  айырмашылық  сәләф  қауымына  еру  мен 
«сәләфия»  жолын  ұстанудағы  айырмашылықтың  нақ 
өзі.  Сәләфилікті  ұстану  –  сәләфус-салихиннің  жеке 
тұлғалық  қасиеттерін  сомдайтын  және  олардың  жеке 
жамағат  болғандығын  көрсететін  арнайы  мәзһабтары 
болды  дегенді  білдіреді.  Бұл  қате  пікір.  Ақиқатында, 
оларда Аллаһ пен пайғамбарына кәміл түрде бойсұнудан 

150
Мәзһаб туралы таным
басқа  жеке  бастарына  тән  ерекшеліктері  болған  жоқ. 
Бұған  қоса  бүгінгі  сәләфия  мәзһабына  кірушілер  өзге 
мұсылмандардан ерекше, өздерін ғана шынайы Ислам-
ды алып жүрушілер, Исламды ең дұрыс үлгіде жандан-
дырушылар етіп көрсетуде. Олардың осылай түсіндіруі 
мен суреттеулерінің нәтижесінде Ислам – осы ағымның 
және сол ағымдағылардың ізінен еру; олар қайда барса 
сонда бару; этика негіздерін олар неге негіздеп құрса 
соған  негіздеп  құру;  олар  неге  қарсы  күрессе,  соның 
барлығымен күресу болып шыға келеді. 
Ал сәләфтарға шын мәніндегі еру дегенге келетін 
болсақ,  ол  Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  құрметтеуге  әмір 
еткен,  Аллаһтың  дінінде  шынайы  болған  үш  буын 
өкілдерін құрметтеуді білдіреді. Сондай-ақ Құран мен ха-
дисті түсіну мен олардан шариғи үкімдерді, діннің басты 
қағидаларын анықтауда солардың ұстанған жолын үлгі 
тұту болып табылады. Ислам – өзінен бұрынғылардан 
үйрену арқылы болатын жол. Яғни Пайғамбарымыздан 
(с.а.у.) бері қарай үзіліссіз жеткен болуы керек.  Ешкім 
өзінің  жеке  ақылына,  тәжірибесіне  сүйеніп,  дінге 
өзгеріс енгізе алмайды. Сондықтан шариғаттың негізі 
мен діңгегі – дұрыс түсінік пен таным қалыптастыратын 
өзгермес  әдістемелік  ережелер  жиынтығы  болып  та-
былады.  Ал,  Пайғамбарымыздан  (с.а.у.)  қалған  осы 
әдістемелік ережелерге қол жеткізуде Аллаһ Тағаланың 
дінінде  шынайылықпен  танылған  сәләфус-салихин 
нағыз үлгі болады. Себебі сәләф дәуірінің өзінде осы 
діни нормалар мен ережелердің таразылауында қадірі 
артқанның  қадірі  артты,  дәрежесі  түскеннің  дәрежесі 
түсті.  Бұл  нормаларды  ұстанбағандар  Исламның 
алғашқы дәуірінде өмір сүргеніне қарамастан салафус-
салихин қатарынан шығып қалды. 

151
Сәләфия хақ жол ма?
Сәләфия  деп  аталатын  ағымды  ұстану  мен 
Пайғамбарымыз өсиет еткен сәләфус-салихинге ерудің 
арасындағы  айырмашылық  осы.  Яғни  бірі  –  олардың 
жеке  бастарының  ерекшелігіне  еліктеп,  сол  дәуірді 
аңсау. Бұл Аллаһ Тағала рұқсат етпеген және тарихта 
ешбір  көрініс  таппаған  іспен  айналысу  ғана.  Бүгінгі 
сәләфилік  осыны  көрсетеді.  Ал  екіншісі  –  діннің  не-
гіздерін үйренуде олардың ұстанған жолын үлгі тұту. 
Бұл – нағыз діннің өзегі, асылы және Пайғамбарымыз 
(с.а.у.) шақырған өзінің және оның әділетті, һидаяттағы 
халифаларының  жолының  негізі.  Жоғарыда  айтып 
өткеніміздей төрт мәзһаб осы ережелерді басшылыққа 
алады.
Исламның  әуеліндегі  қасиетті  үш  ғасырда  Ислам 
үмметінің  ішінде  өзге  мұсылмандардан  ерекше-
леніп тұратын құндылықтары мен негіздері бар, оның 
құрамына  кіргендерді  «ұлық  дәрежеге»  ие  қылатын 
«сәләф мәзһабы» немесе «сәләфия» деген мәзһабты көре 
алмаймыз. Ол ғасырларда өзге ешбір сипат оның орнын 
басып, теңесе алмайтын бір ғана ерекше сипат болды. 
Ол сипат – дінде шынайылық таныту және дінді арнайы 
ережелерге сәйкес түсініп,  іс жүзіне асыру. Ол ереже-
лер бүгінгі «усулу-л фиқһ» (фиқһ негіздері) пәнінде рет-
теліп жинақталған. Кімде-кім осы сипатқа ие болса ол 
дүниеде де, ақыретте де биік мәртебеге лайық болады. 
Сондықтан оның Ислам қауымының мүшесі, бір бөлігі 
болуына  мезгіл  мен  мекен  кедергі  ете  алмайды.  Егер 
кімде-кім осы сипатқа ие болмай Исламды түсінудегі 
жолдың  негізінен  шықса  немесе  жат  бір  нәрсе  енгіз-
се, онда оның бұл жат әрекеті оны Ислам қауымының 
қатарынан шығарып тастайды. Жат әрекеті үшін оның 
қай уақытта, қай мекенде өмір сүргені ешбір мәнге ие 

152
Мәзһаб туралы таным
болмай  қалады.  (Автор  сәләфус-салихиндердің  дінді 
түсініп  іске  асыруда  ұстанған  жолына  арнайы  тарау 
бөліп  кеңінен  тоқталған.  Бұл  жолды  қысқаша  негізгі 
үш бөлікке бөлуге болады.  1- Жеткен хабардың дұрыс 
немесе бұрыстығын таразылауды үйрететін қағидалар 
мен  деректер  жиынтығы.  Бұл  хадис  ғылымының 
риуаят саласы. 2- Араб тілінің құрылымына негізделген 
сөздің мағынасы мен мазмұнын түсіндіретін қағидалар 
жиынтығы. Бұл қағидалар мен деректердің нәтижесінде 
бүгінгі  қолданыстағы  араб  сөздіктері,  түсіндірме 
сөздіктер және мәтінтану негіздері қалыптасты. Кейін-
нен бұлардан мәтінді тәпсірлеудің және сөздің мағынасы 
мен  мазмұнын  анықтаудың  ғылыми  әдістемелігі 
құралды.  3-  Күнделікті  оқиғаларды  қорытындылап 
баға  берудегі  логикаға  негізделген  мантық-қисын 
қағидаларының жиынтығы. Бұл қағидалар қорытынды 
үкім шығаруда басшылық жасайды.)
Сәләф  кезеңінің  өзінде  де  осы  бекітілген  жолдан  
ауытқыған  әртүрлі  топтар  мен  ағымдарды  көреміз. 
Олардың  сәләф  дәуірінде  өмір  сүрулері  оларға  пайда 
бермеді. 
Сәләфқа  еру  мен  бүгінгі  өзін  «сәләфи»  атаудың 
арасындағы  айырмашылықты  көрсеткеннен  кейін 
былай деймін:
«Егер  «сәләфия»  мәзһабын  құрып,  өздерін  соған 
тиесілі етіп, мұны өздерін өзге мұсылмандардан ерек-
шелейтін белгі етіп алғандардың бұл ісі дұрыс болса, 
онда былай дер едім:
–  Егер  Исламның  тарихының  сәләфус-салихин 
өткен жалпы кезеңінен бір мәзһаб шығару дұрыс бола-
тын болса, онда өзге біреулердің «Хуләфә-и Рашидин 
(әділетті халифалар)» кезеңіне тиесілі мәзһаб шығарып 

153
Сәләфия хақ жол ма?
«Рашидиин (әділеттілер)» деп атауы дұрысырақ болар 
еді. Себебі хадисте «сәләфиин» сөзі емес «Рашидиин» 
сөзі айтылады. «Сендер менің және әділетті (рашидин), 
тура  жолдағы  халифаларымның  жолын  ұстаныңдар» 
(хадис).  Бәлкім  үшінші  біреу  сахабалар  кезеңінен  бір 
мәзһаб шығарып, сөйтіп оған кірген әрбір кісіні «саха-
биин» деп атауы дұрыс болар». 
Сәләфу-ссалихин өзі де фиқһи үкімдерде ижтихад 
жасап,  ижтихади  айырмашылықтарының  нәтижесінде 
әр  түрлі  фиқһи  мәзһабқа  бөлінді.  Ең  азы  бүгінгі 
төрт  мәзһабты  айтуға  болады.  Бұл  мәзһабтар  мәзһаб 
иелерінің  ізденісі  мен  зерттеулерінің  нәтижесінде 
жеткен ғылыми тұжырымдар жиынтығы ғана. Олардың 
ижтихад  жасаған  мәселелері  шариғатта  орындалуы 
және  үкімі  белгіленуі  керек  істер  еді.  Ал  осы  мәзһаб 
иелерінің бір-бірімен қарым-қатынасына келер болсақ, 
олар  жақсы  қарым-қатынаста  болды.  Барлығы  әхли 
суннә уәл-жамаға шеңберінде жүрді. Шариғи үкімдерді 
анықтауда,  Құран  мен  сүннетті  тәпсірлеуде  барлығы 
сенімді  жолдың  басшылығынан  шықпады.  Ижтихад 
жасауда  бір-біріне  жәрдемші  болды.  Өздерінің  ижти-
хадтары неге алып барса сонымен амал етуге міндетті 
екендігін олардың әрбірі жақсы білуші еді. Ал, итиқади 
және  фиқһи  ізденісте  өз  көзқарастарынан  өзінің  жеке 
діни тұлғасын ерекшелеп тұратын белгі жасап алушы 
адамдарда  осы  бір  өзара  жәрдемдесу  ісі  қайда  екен? 
Сондықтан  олар  ұлық  имамдардың  жолын  түсіне  ал-
майды.  Аллаһтың  дінінде  өзара  жәрдемдесу  былай 
тұрсын,  олар  өздерінің  ұстанған  пікірлерінен  қарулы 
қорған соғып алуда. Сәләфус-салихин мен оларға ерген 
ғұламалардың мақұлдап кеткен ижтихад қағидаларын 
ұстанғандарына  қарамастан,  бұл  қорғанға  өздерінің 

154
Мәзһаб туралы таным
пікірлеріне қайшы пікірмен кіргендерге соғыса кетпек. 
Сонда сәләфус-салихинді үлгі тұту қайда қалды?
Құран  мен  сүннетті  ұстану  барысында  әр  түрлі 
тұжырым жасауға алып баратын ижтихади мәселелер көп 
екендігінде талас жоқ. Бұл мәселелердің көпшілігінде 
сәләф қауымының өзі де әр түрлі тоқтамға барды. Енді, 
бұл  мәселелерге  бүгін  өздерін  «Сәләфия»  деп  атай-
тын топ араласып, дұрыс тарапын «бір тұжырым, бір 
сөзбен» ғана шектеуге тырысуда. «Дұрыс тұжырымды» 
өздерінің  қабылдаған  пікірлері  етіп  қана  көрсетеді. 
Одан  кейін  ол  пікірлерін  хақ  діннің  рәмізі  етіп  бел-
гілеп,  өздеріне  қарсы  болғандардың  барлығының 
адасушылығы  мен  жөнсіздігіне  осы  рәмізді  дәлел 
етіп  береді.  Олар  осының  барлығында  әртүрлі  пікір 
мен  ижтихадтарды  таразылайтын  ешбір  әдістемелік 
қағидаларды ескермейді. Сәләф қауымының өзі де бұл 
мәселелерде әр түрлі пікірді қабылдағанын есепке ал-
майды да.
Осылайша сәләфқа еру, оны үлгі тұту мен жаңадан 
шығып Ислам түсінігіне кейіннен енген, мұсылмандарды 
екі топқа бөлмесе тұра алмайтын сәләфия деген ағымды 
ұстанудың араларындағы айырмашылық айқындалады. 
Алайда  сәләфияны  арнайы  жол  ретінде  ұстанудың 
ислами түсінікке жат, кейіннен енген нәрсе екендігіне, 
сондықтан «сәләфқа еру» деген ұғыммен үйлеспейтін 
бидғат іс болатындығына нақты дәлел не? Енді осыған 
тоқталамыз.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет