Туралы таным



жүктеу 2.46 Kb.
Pdf просмотр
бет8/11
Дата07.03.2017
өлшемі2.46 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бірлік – діни парыз
Ислам  уағызшысының  және  дін  қамын  ойлаған 
адамның басты мақсаты бірлік, ынтымақ, сүйіспеншілік 
пен өзара татулықты орнату болуы керек. Бөлінушілік 
пен  кикілжіңге,  жамағат  арасын  бұзатын,  ауызбір-
шілікке  нұқсан  келтіретін,  сыртқы  дұшпандық  пен 
ішкі  араздыққа  алып  баратын  істердің  алдын  алуы 
қажет.  Өзара  ынтымақ  пен  татулыққа,  сүйіспеншілік 
пен  қолғабыс  көрсетуге  шақырып,  бөлінушілік  пен 
дұшпандықтан  сақтандыратын  Ислам  сияқты  дін 
жоқ.  Құран  мен  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  хадис-
тері мұның айқын дәлелі. Сондықтан төрт мәзһабтың 
арасындағы  айырмашылықтарды  қолданып  араздық 
туындату  дұрыс  емес.  Олардың  төртеуінің  де  әһлі 
сүннә  уал-жамағаттың  ұстанған  ғылыми  әдістемелік 
жолына  сүйенетіндігін  білеміз.  Сондықтан  жер-
гілікті  халық  арнайы  бір  мәзһабты  ұстанып  келген 
болса, онда ол жерге басқа мәзһаб көзқарасын тарату 
арқылы  бұқара  халықты  дүдәмалдыққа  салуға  бол-
майды. Ал, егер ғасырлар бойы бірнеше мәзхаб қатар 
келе  жатса,  барлығын  бір  мәзһабқа  мәжбүрлеуге  де 
болмайды.  Бұл  мәселеде  негізгі  таразылаушы  нәрсе 
мұсылмандардың бірлігі болуы тиіс. Себебі мәзһабтар 
арасы айырмашылыққа себеп болған мәселелер діннің 
негізгі  ұстанымдары  емес,  екінші  дәрежелі  мәселелер 
екенін білеміз. Осындай мәселелер үшін діннің басты 
ұстанымы бірлікті жоғалтпау керек.
 

116
Мәзһаб туралы таным
Құран үндеуінен:
«Ей,  мүміндер!  Кітап  берілгендердің  бір  бөлігіне 
бой ұсынсаңдар, онда олар сендерді иман келтіргеннен 
кейін күпірлікке қайтарады. Сендерге Аллаһтың аят-
тары  оқылуда,  әрі  іштеріңде  Аллаһтың  елшісі  бола 
тұра  қалайша  күпірлік  етесіңдер.  Сонымен  қатар 
кімде-кім  Аллаһқа  байланса  әрине  ол  тура  жолға 
түсіріледі. Ей, мүміндер! Аллаһтан шынайы қорқумен 
қорқыңдар да мұсылман болған күйде ғана өліңдер. Түп-
түгел Аллаһтың жібіне жабысыңдар да, бөлінбеңдер. 
Сондай-ақ  өздеріңе  Аллаһтың  берген  нығыметін 
еске  алыңдар.  Өйткені  бір-біріңе  дұшпан  едіңдер.  Ол 
жүректеріңнің арасын жарастырды. Оның игілігімен 
туысқа айналдыңдар. Оттан бір шұңқырдың ернеуін-
де едіңдер, сендерді одан құтқарды. Осылайша Аллаһ 
сендерге аяттарын тура жолға түсулерің үшін баян 
етеді. Сендердің іштеріңде жақсылыққа шақыратын 
және  дұрыс  істі  бұйырып,  бұрыс  істен  тыятын  бір 
топ болсын. Міне, олар құтылушылар. Өздеріне ашық 
дәлел  келгеннен  кейін  бөлініп  қайшылыққа  түскендер 
тәрізді болмаңдар. Міне, соларға зор азап бар. Қиямет 
күні кейбір жүздер ағарып кей жүздер қараяды. Сонда 
жүздері  қарайғандарға:  «иман  келтіргеннен  кейін 
қарсы келдіңдер ме? Ендеше қарсы келулерің себепті 
азапты  татыңдар»  (делінеді).  Ал  енді  ақ  жүзділер 
Аллаһтың  рақымында  болады  да,  олар  онда  мәңгі 
қалады»
83
.
«Шын  мәнінде  мүминдер  (бір-біріне)  бауыр. 
Сондықтан екі бауырларыңның арасын жарастырың-
83
  «Әли-Имран» сүресі, 100,107-аяттар

117
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
дар  және  Аллаһтан  қорқыңдар.  Сонда  игілікке 
бөленерсіңдер»
84
.
Осы аяттың артынан ынтымақ пен бауырластықты 
қалай сақтау керектігі баяндалады.
«Ей,  мүміндер!  Бір  ел  бір  елді  келеке  қылмасын. 
Бәлкім  олар  өздерінен  жақсы  шығар.  Сондай-ақ 
әйелдер  әйелдерді  келемеждемесін.  Бәлкім  олар 
өздерінен  жақсы  шығар.  Бір-біріңді  мінемеңдер, 
жаман  ат  тағыспаңдар.  Иман  келтіргеннен  кейін 
жағымсыз  ат  (тағу)  нендей  жаман.  Ал  кім  тәубе 
етпесе, міне солар залымдар. Ей, мүміндер! Күмәннің 
көбінен сақтаныңдар. Өйткені күмәннің кейбірі күнә. 
Сыр  тексермеңдер,  біреуді  біреу  ғайбаттамасын. 
Біреулерің  өлген  туысының  етін  жеуді  жақсы  көре 
ме? Әрине оны жек көресіңдер. Расында Аллаһ тәубені 
қабыл етуші, ерекше мейірімді»
85
.
«Күдіксіз 
діндерінде 
бөлініп 
топтарға 
айырылғандармен  ешбір  байланысың  жоқ.  Сөзсіз 
олардың ісі Аллаһқа тән. Кейін оларға істеген істерін 
түсіндіреді»
86
.
Хадистен насихаттар
Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  хадистері  Құран  аят-
тарын қуаттап, әрі тарқата отырып бірлікке шақырып, 
бөлінушіліктен  қайтарады.  Тирмизи  риуаят  еткен  ха-
дисте Абдуллаһ ибн Омар (р.ғ.) былай дейді:
«Омар  (р.ғ.)  Жәбия  деген  жерде  біздерге  насихат 
жасап Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мына сөзін айтты: «...
Жамағатпен  бірге  болыңдар.  Бөлінуден  сақтаныңдар. 
Себебі шайтан жалғызбен бірге. Екі адам біріксе шайтан 
84
  «Хужрат»  сүресі, 10-аят
85
  «Хужрат» сүресі, 11,12-аяттар
86
  «Әнғам»  сүресі, 159 аят

118
Мәзһаб туралы таным
аулақ  болады.  Сондай-ақ  кімде-кім  жәннат  рақатын 
қаласа жамағаттан ажырамасын».
«Аллаһтың құдірет қолы жамағатпен бірге»
87
 
Ибн Омар (р.ғ.) тағы да Пайғамбарымыздан (с.а.у.) 
мына  хадисті  риуаят  етеді:  «Аллаһ  Тағала  үмметімді 
адасушылықта  біріктірмейді.  Аллаһтың  құдірет  қолы 
жамағатпен  бірге.  Кімде-кім  бөлінсе,  тозаққа  (үшін) 
бөлінгені»
88
.
Сонымен  қатар  төмендегі  мына  хадистерге  де 
мұқият  назар  аударайық.  «Кімде-кім  жамағаттан  бір 
қарыс ажырап өлсе, надандықпен өлгені»
89
.
«Мұсылман  мұсылманның  бауыры.  Кімде-кім 
бауырының мұң-мұқтаждығына жәрдем етсе, Аллаһ та 
оның мұң-мұқтажына жәрдем етеді»
90
.
«Өзіне  жақсы  көрген  нәрсені  бауырына  да 
қаламайынша, сендердің ешбірің кәміл мүмін болмай-
ды».
«Жаным  құдірет  қолында  болған  Аллаһқа  ант 
етемін! Иман келтірмейінше жәннатқа кірмейсіңдер, ал 
бір-бірлеріңді жақсы көрмейінше толық иман келтірген 
болмайсыңдар.  Сендерді  бір-бірлеріңді  жақсы  көруге 
алып  баратын  іске  бастайын  ба?!  Онда  араларыңда 
сәлем беруді жайыңдар»
91

87
  Тирмизи 2167
88
  Тирмизи 2168
89
  Бухари; Муслим
90
  Бұхари; Муслим
91
  Муслим

119
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
4. сеБеп: МӘЗҺАБ жАйлы 
сАуАтсыЗдық
мәзһабпен жүресің бе, әлде сүннетпен бе?
Бұл  сұрақ  та  кейбір  бауырларымыз  тарапынан 
қойылып жатады?  Екі жауаптың қайсыбірін таңдасаңыз 
да ерсі естіледі. «Мәзһаб» десең сүннеттен тайғандай 
боласың,  «сүннет»  десең  мәзһабты  сүннеттен  бөлек 
нәрсе  еткендей  боласың.  Алайда  негізгі  проблема 
сұрақтың жөнсіз қойылуында ғана жатыр. Бұл жоғарғы 
оқу  орнының  құрлымынан  хабарсыз  адамның,  шала-
шарпы білгенімен «университетте оқисың ба, әлде фа-
культетте оқисың ба?» деген сұрағы сияқты. Қалай жауап 
берер  едіңіз?  Бір  ғана  жауабы  бар:  «университеттің 
пәлен факультетінде оқимын». Екеуін екі бөлек көрсету 
әсте мүмкін емес.  Мысырлық  Мұхаммад Ғазали (1917-
1996 ж.ж) өзінің мақалаларының бірінде былай дейді: 
«Менен  адамдардың бірі «Пайғамбарымызға ересің бе, 
әлде Әбу Ханифаға ересің бе?» деп сұраған кезде, оның 
сұрағына еріксіз күліп былай деуші едім:
«Пайғамбарымыздың  сөзіне  Әбу  Ханифаның 
түсіндіргені бойынша еремін. Әбу Ханифаның қадірлі 
болуы өзінің жеке басынан туындаған нәрсе емес. Тек 
оның  айналысқан  діни  ғылымына  және  пайғамбар 
(с.а.у.)  қалдырған  жолмен  жүруіне  ғана  байланыс-
ты. Бүгінге дейінгі барлық мүжтаһид имамдар да дәл 
осылай»
92
.  
92
  Уайс. А. «Шәйх Мухаммад әл-Ғазали», 19б.

120
Мәзһаб туралы таным
Яғни    мәзһаб  имамдары  мен  олардың  еңбектері 
жайлы хабарсыз болудан туындаған қате түсінік екенін 
көреміз. Осы орайда Ибраһим Салқини өзінің «Усулу-л 
Фиқһ әл-Ислами» атты еңбегінде былай дейді:
«Фиқһ  негіздеріне  көз  жүгіртіп,  зерделеген  адам 
Ислам фиқһындағы мол мұралардың жазылуында кәміл 
ғылыми  жол  ұсталғандығына  және  оны  жазғандар 
әрдайым сенімді де күрделі қағидаттардың шеңберінде 
ізденіс-зерттеулерін жүргізгеніне куә болады. Зерттеп 
қараған кісі олардың жеке қалауын қанағаттандыру үшін 
әуестікпен немесе дүниелік мақсат-мүддесіне қол жеткі-
зу үшін сыртқы күштің итермелеуімен жазбағандығына 
кәміл  сенеді.  Әрі  олардың  терең  түсініктері  мен 
ұстанған жолдарынан өнеге тұтарлық мысалдар алады. 
Сонымен  қатар  имамдар  мен  мәзһабтары  арасындағы 
қайшылықтардың  негізгі  себебі  жеке  көзқарастары 
емес, керісінше ғылыми қағидалар екеніне көзі жетеді. 
Егер  біз  мәзһабтар  арасындағы  айырмашылықтардың 
ғылыми  қағидаттардан  туындағанын  түсінсек,  онда 
мұндай айырмашылықтың болуы Құран мен Сүннеттен 
үкім шығаруда және сол жолда ізденіс жасауда жеңілдік 
әрі мүмкіншілік екенін түсінеміз. Әйтпесе, мұны Құран 
мен сүннеттің негізі мен мазмұнынан ауытқу деп түсіну 
дұрыс  емес.  Шариғаттың  негізгі  принциптерінің  ая-
сында әрбір мүжтаһид ғалымның арнайы қағидалармен 
жеткен  көзқарасы  жарамды  саналады.  Сондықтан 
осы  ғылыми  жолдың  нәтижесінде  пайда  болған 
айырмашылықтар мен қайшылықтар тыйым салынған 
қайшылықтарға жатпайды»
93
.  
Ал  Шейх  Юсуф  Набахани  өзінің  «әс-Сихамус-
Саиба»  атты  еңбегінде  былай  деді:  «Кімде-кім  Имам 
93
  әс-Салқини. И., «әл-Муйәссәр Фи Усул- ул Фиқһ». 24 б.

121
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
Зәйлағидің «Хидая» кітабындағы хадистердің сілтеме-
леріне  қараса  Имам  Әбу  Ханифаның  мәзһабының  да 
басқа мәзһабтар сияқты хадис білгірінің мәзһабы екені-
не көзі жетеді. Себебі барлық имамдардың кез-келген 
мәселеде  сүйенер  басты  дәлелдері  бірінші  –  Құран; 
одан  дәлел  таппаса,  Пайғамбар  сүннеті  (хадистер); 
сүннетте табылмаса ғұламалар ижмасы; онда табылма-
са, осы үшеуінде үкімі белгілі болған мәселелердің ең 
жақыны мен ұқсасына салыстыру тәсілі «қияс» болып 
табылады»
94
.
Шейх Әбдус-Салам Ират:
«Мәзһабсыздардың  айтып  жүрген  «мүжтаһид 
имамдар  сахих  хадиске  қайшы  амал  жасады  немесе 
оларға және ізінен ергендерге сахих хадистер жетпей 
қалды» деген сөздерін зерттеуге тырыстым. Нәтижеде 
бұл хадистердің барлығы оларға және ізінен ерушілер-
ге толық жеткенін көрдім. Бірақ олар бұл хадистерден 
мәзһабсыздардың  түсінгенінен  өзге  нәрсе  түсінген. 
Құран мен сүннеттің жалпы ұғымына қайшы келген ха-
дистерді алмаған. Ал мәзһабсыздарда ғылыми-әдістеме 
және сараптау қағидалары болмағандықтан мұны қате 
түсінуде. Фиқһ және оның негіздері жайында жазылған 
кітаптар,  мәзһаб  ғұламаларының  өз  мәзһабтарын 
әбден  тексеріп  зерттеуден  өткізгендігіне,  әрі  басқа 
да  мәзһабтардың  дәлелдерінен  хабардар  болып, 
соның  ішінде  Құран  мен  сүннетке  ең  жақын  дегенін 
алғандығына үлкен дәлел»
95
.
94
  Мухаммад Ю.Х., «әл-Маусуғат-ул юсуфия» 523 б.
95
  Мухаммад Ю.Х., «әл-Маусуғат-ул юсуфия». 524 б.

122
Мәзһаб туралы таным
мәзһабсыздардың кейбір пікірлері
1.  Мәзһаб ұстану қате және бидғат (дінге кейіннен 
енгізілген іс). Себебі, мәзһаб ұстанбау –  нағыз түпнұсқа 
әрі оңай жол. Аллаһ Тағаланың мақсат еткен нәрсесін 
дұрыс түсінуге ең жақыны да осы жол. Өйткені Аллаһ 
Тағала білімсізге «білім иесінен сұра» деп әмір берген-
де  белгілі  біреумен  шектемеді.  Керісінше  жалпылама 
меңзеді. Оны шектейтін келесі бір шектеу болмайынша 
жалпылама айтылған нәрсе жалпы күйінде қалады.
Жауап: Ия, жеке имамның мәзһабын ұстану шарт 
болмағаны  сияқты,  бірден  көп  имамның    көзқарасын 
ұстану керек деген де мағына шықпайды. Айтылған сөз 
орынсыз қолданылғаны көрініп тұр. Бұл жайында ғалым 
Мухаммад Саид Рамазан әл-Бути Ибнул-Имадтың мына 
сөзін өз кітабында ұсынады: «Белгілі мәзһаб ұстану сол 
мәзһаб имамына ғана еру дегенді білдірмейді. Бұл де-
геніміз – сол мәзһабпен жүріп өткен, қаншама еңбектер 
қалдырып халыққа дін үйреткен көпшілік ғұламаларға 
еру деген сөз. Біз олардың адамдар арасындағы бірегейі, 
осы үммет ғұламаларының ұлықтары екенін біле тұра 
оларды адасушылықпен айыптауға, істерінің терістігін 
және олардың жолына ерудің харам, бидғат екендігін 
айтуға қалай ғана ауызымыз барады.»
Айта  кетер  тағы  бір  жәйт,  «Аллаһ  Тағаланың 
шариғатын дұрыс түсінуге ең оңай әрі ең жақын жол 
мәзһаб ұстанбау» деген сөздің өмір шындығына қайшы 
келетіндігі.  Себебі  бір  адам  өзінің  айналасындағы 
адамдарды шариғат үкімдерін орындауда бір мәзһабта, 
бір  қалыпта  көруі,  «ана  имамның,  мына  имамның 
көзқарасы» деген қайшылықтарды білмеуі – оның діни 
міндеттерін тез әрі оңай үйренуіне кепіл. Өзінің таңдауға 
шамасы  жетпейтін  әртүрлі  көзқарас  пікірлердің  ара-

123
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
сында басын ауыртудан әлдеқайда абзал. Өзгелерді де 
өзі жүрген жолда көрген адам, өзгелерден ерекшеленіп 
жүрген адамнан әлдеқайда көңілі жайлы болады»
96
.
2.  Қателіктен  пәк  пайғамбар  мен  қателікке  түсу 
ықтималы басым біреуге ерудің арасын ажырату үшін 
арнайы мәзһаб ұстанбау қажет. Себебі мәзхаб ұстанушы 
адам пайғамбар мен жәй фиқһшы ғалымды тең көрген 
болып саналады.
Жауап:  Жоғарыда  да  айтылғанындай  пайғамбарға 
еру  білім  иелеріне  ерумен,  мәзһаб  ұстану  –  көпшілік 
ғұлама  қауымына  ерумен  болатыны  белгілі.  Ендеше 
қалай  ғана  пайғамбарға  еру  мен  мәзхабқа  еруді  екі 
бөлек  етіп  көрсетуге  болады.  Мұны  айтқан  кісінің 
қатеден  пәк  пайғамбарға  тікелей  ерерліктей,  шариғат 
негіздерін  зерттеп  саралауға  осы  ғұламалардан  артық 
шамасы жетер ме екен? Оған шамасы қайдан жетпек. 
Бұл өмір шындығына қайшы ғой. Ол үшін бұл жолда 
өзінен  әлдеқайда  лайығырақ  адамдар  бар.  Олар  – 
мәзһабындағы  ғалымдар  қауымы.  Сондықтан  оларға 
ереді.  Олардың  еңбектерін  жоққа  шығару  –  оларға 
жала  жабу,  орынсыз  табалау  болып  табылады.  Яғни 
ғұламалардың  ізінен  еру  –  қатеден  пәк  пайғамбарға 
еру  деген  сөз.  Білімсіз,  сауатсыз,  өз  бетінше  еруден 
құтылып хақиқи үлгіде еру осылай болмақ.
Ғалым  Мухаммад  Саид  әл-Бути  «Әллә  Мазха-
бия»  кітабында:  «Егер  бүкіл  адам  мағсум  (қатеден 
пәк)  Пайғамбарымызға  ерудің  ақиқатын  және  Аллаһ 
Тағаланың  сөзін  түсінудің  жолдарын  білсе,  онда 
муқаллид  (еліктеуші)  және  мүжтаһид  болып  екіге 
бөлінбес еді. Аллаһ Тағала бірінші топтағыларға «Егер 
96
  Мухаммад Ю.Х., «әл-Маусуғат-ул юсуфия». 5534-535 б.

124
Мәзһаб туралы таным
білмейтін болсаңдар білім иелерінен сұраңдар»
97
 деген 
кезде білім иелері қатеден пәк болмаса да оларға еруін 
әмір етті. Құран мен хадис қателіктен ада болғанына 
қарамастан осы екеуінен тікелей іздеулерін әмір еткен 
жоқ»
98
.
МӘЗҺАБ жАйындАғы сұхБАт
Ғалым  Мұхаммад  Сағид  Рамазан  әл-Бути 
«Мәзһабсыздық»    атты  еңбегінде  мәзһабты  теріс 
көрушілермен 
болған 
пікірталастың 
қысқаша 
қорытындысын бере отырып былай дейді:
«...Бұл  бөлім  осы  кітаптың  басқа  бөлімдеріне 
қарағанда маңыздылық тұрғысынан жоғары тұрса керек. 
Әрине мұның себебі, сіздің бұл жерде ғылыми қағидалар 
мен құралдар табатындығыңызда жатқан жоқ. Бірақ сіз 
мұнда ешбір адамнан көре алмайтын фанаттықты көре 
аласыз.  Соған  қарамастан  олар  да  бізді  фанаттықпен 
айыптайды.  Себебі  біздер  мың  бір  дәлелге  сүйенген 
ақиқаттан  (яғни,  мәзһаб  ғалымдарының  әбден  зертте-
ген  жолынан)  ауытқымаймыз.  Алайда  осы  тақырып 
арқылы  олардың  өз  әрекеттері  өздерін  ақылға  сый-
майтын дәрежеде фанатизм торына шырмайтындығын 
көресің. 
Бұл  бөлімде  біреуді  айыптап  жала  жабудан 
аулақпын.  Ойымнан  бірде-бір  сөз  қоспадым.  Осы 
тақырып бойынша айтысуға келген бауырыма:
97
  «Нахл» сүресі, 43-аят
98
  Мухаммад Ю.Х, «әл-Маусуғат-ул юсуфия».  536 б.

125
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
–  Осы  айтқан  сөздеріңді  жақында  жариялаймын, 
– деген болатынмын. (Аллаға аян, бұл сөзді оның ойла-
нып сөйлеуі үшін ескерту ретінде ғана айттым). Ол:
–  Қалағаныңды  жарияла!  Мен  қорықпаймын,  – 
деді.
Бұл адамды әшкерелеп, есімін атаудан да бас тарта-
мын. Оның мәзһабсыздықты енді үйреніп жүрген адам 
емес,  қайта  үйретіп  жүрген  адам  екендігін  білуің  сен 
үшін жеткілікті болар.
Оның  жанында  ақиқатты  іздеуші  басқа  да  жастар 
келген екен. Әңгімені мен бастап, былай дедім:
–  Аллаһтың  үкімдерін  түсінуде  қандай  жол 
ұстанасың?  Аллаһтың  кітабы  Құран  Кәрім  мен 
сүннеттен тікелей аласың ба, әлде мүжтаһид имамдар-
дан ба?
ОЛ:  Мүжтаһид  ғалымдардың  сөздеріне  қарап 
шығып, Құран мен хадиске ең жақынына сүйенемін. 
МЕН: Сенде бес мың Сирия лирасы бар еді. Сенің 
жаныңда  сақтаулы  халде  алты  ай  уақыт  өтті  делік. 
Кейін оған тауар сатып алдың да, айналымға салдың. 
Енді қашан зекет өтейсің? Қалған алты ай өткен соң ба 
әлде, толық бір жыл өткен соң ба?
ОЛ:  Сенің  бұл  сауалыңнан  сауда  малынан  зекет 
беру уәжіп деген мағына шығады ма?  деді сәл ойла-
нып.
МЕН:  Мен  сұрақ  қойып  отырмын.  Сен  өзіңе  тән 
жолыңмен  жауап  беруің  керек.  Міне  мынау  алдыңда 
кітапхана.  Ішінде  тәпсір,  хадис  және  мүжтаһид 
ғалымдардың кітабы жеткілікті.
Ол тағы да ойланып барып былай деді:  
Бұл  –  дін  ғой.  Дайындықсыз  жауап  бере  салатын 
оңай  шаруа  емес.  Мұның  барлығын  оқып-тоқып  ой 

126
Мәзһаб туралы таным
елегінен өткізу керек. Уақыт керек. Біз бұл жерге басқа 
тақырып талқылауға келген едік қой. 
МЕН:  Жарайды.  Имамдардың  дәлелдерін  зерттеп 
шығып,  Құран  мен  сүннетке  ең  жақынын  алу  әрбір 
мұсылманға парыз ба?
ОЛ: Иә. 
МЕН:  Демек,  барлық  адам  мәзһаб  имамдарының 
меңгерген ижтихад мүмкіндігіне ие бола алады дейсің 
ғой. Тіпті бұл адамдар ең жоғары кәміл дәрежеге жеткен 
болуы  керек  онда.  Себебі  мүжтаһид  имамдардың 
пікіріне  Құран  мен  сүннет  заңдылықтары  аясында 
дұрыс немесе бұрыс деп үкім айту – күмәнсіз, олардың 
барлығынан білімді деген сөз.
ОЛ:  Ақиқатында  адамдар  үш  сатыға  бөлінеді: 
мүжтаһид, муттабиғ, муқаллид болып. Мәзһабтар ара-
сында  салыстырмалы  түрде  қарай  алатын  және  оның 
ішінен Құран мен сүннетке ең жақынын таңдай алатын 
адамды «муттабиғ» дейміз. Бұл мүжтаһид пен муқаллид 
арасындағы орта дәреже.
МЕН: Муқаллидтің міндеті не?
ОЛ:  Мүжтаһидтердің  ішінен  лайық  көргеніне 
ереді.
МЕН: Егер муштаһидтерден біріне ғана ерсе, одан 
ажырамаса оған бір күнә бар ма?
ОЛ: Иә. Бұл харам болады.
МЕН:  Мұның харам екендігіне дәлелің не?
ОЛ: Аллаһтың өзіне жүктемеген нәрсесін өзіне мін-
деттеп алғандығы үшін.
МЕН: Құранды жеті қырағаттың (пайғамбарымыздан 
бері  сенімді  түрде  жеткен,  араларында  мағына 
бұзылмайтындай  дәрежеде  кейбір  өзгешелік  бар  жеті 
түрлі Құранның оқылу үлгісі) қайсысымен оқисың?

127
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
ОЛ:  Хафыс қырағатымен.
МЕН:  Әрдайым  оқисың  ба,  әлде  әр  күні  әртүрлі 
қырағатпен оқисың ба?
ОЛ: Әрдайым сол қырағатпен оқимын.
МЕН:  Не  үшін  ол  қырағатты  ұстанасың?  Аллаһ 
Тағала  оны  ғана  міндеттемей,  пайғамбарымыздан 
сенімді түрде жеткен барлық қырағатпен оқуға рұқсат 
берді ғой. 
ОЛ: Себебі мен басқа қырағаттарды оқыған жоқпын. 
Менің шамам осы қырағатқа қана жетеді.
МЕН: Егер, шафий мәзһабы бойынша фиқх оқыған, 
басқа  мәзһабтарды  оқымаған,  Аллаһтың  дінінде  сол 
имамның  жолынан  басқаға  шамасы  келмеген  адамды 
барлық имамдардың дәлелін алу үшін солардың дәлелін 
оқуға  міндеттейтін  болсаң,  онда  саған  да  барлық 
қырағаттарды оқып, үйренуің міндет болады. Ал өзіңді 
бұл істен шамаң келмеушілікпен ақтасаң, онда белгілі 
бір  имамға  еруші  адамға  солай  қарауың  керек.  Бұған 
қоса саған кім айтты, муқаллид бір мәзһабтан екіншісі-
не  ауысып  отыруы  шарт  деп.  Шариғат  бір  мәзһабты 
жалғасты  түрде  ұстауды  міндеттемегені  сияқты, 
әрдайым бірінен біріне ауысып отыруды да міндетте-
ген жоқ. 
ОЛ:  Бұл  жерде  харам  болған  нәрсе  –оның  мәзһаб 
ұстануды Аллаһ әмір етті деген сеніммен ұстануы. 
МЕН:  Бұл  бөлек  нәрсе.  Мұның  дұрыс  емес  екен-
дігінде еш күмән, талас жоқ. Бірақ бір адам Аллаһтың 
өзіне  жүктемегенін  біле  отырып,  белгілі  мүжтаһидке 
ерсе, қандай да бір күнә бар ма?
ОЛ: Ешбір күнә жоқ.
МЕН:  Алайда  мына  сенің  қолыңдағы  дәріс  беріп 
жүрген  кітабың  мұның  терісін  айтады.  Харам  дейді. 

128
Мәзһаб туралы таным
Тіпті, кейбір жерінде белгілі бір имамға ауытқымастан 
еруді күпірге шығаратын жері де бар.
ОЛ: Қайда.....? – деп кітабына үңіліп тақырыптарын 
оқи  бастады.  Кітап  авторының  «кімде-кім  барлық 
мәселеде бір имамға ерсе, ол қателесуші, фанат, соқыр 
сеніммен  еліктеуші.  Ол  діндерін  быт-шыт  қылып 
бөлушілерден»  деген  сөзіне  үңіліп  қарай  бастады. 
Сосын:
–  Бұл  жерде  «еру»  сөзімен  «шариғат  бойынша 
парыз» деп сенуді айтып отыр. Мәтінде кемшілік бар...  
деді.
МЕН:  Автордың  осындай  мағынаны  мақсат  ет-
кеніне  қандай  дәлелің  бар?  Не  үшін  кітаптың  авторы 
қателесті демейсің?
Жігіт сөйлемнің дұрыстығын жақтап тұрып алды. 
«Бұл жазылмай қалған жасырын мағынаға байланысты, 
әйтпесе автор қандай да бір қатеден аулақ» деп дес бер-
меді. 
МЕН:  Не  болғанда  да,  бұл  сөз  ешбір  мұсылманға 
қатысты  емес. Оның ешбір мәні де жоқ. Өйткені кез-
келген мұсылман төрт мәзһаб имамына ерудің қырық 
парыз секілді парыз емес екендігін біледі. Әрі кез-кел-
ген  мұсылман  мәзһаб  ұстанғанда  өз  ерік-қалауымен 
ұстанады.
ОЛ: Қалайша...?!  Мен көптеген адамдардан, тіпті 
кейбір ғалымдардан «белгілі мәзһабты ұстану шариғи 
тұрғыдан уәжіп және одан басқаға өтуге рұқсат жоқ» 
деп естідім.
МЕН:  Саған  осы  сөзді  айтқан  халықтан  немесе 
ғалымдардан  бір адамның есімін айтшы.
Біраз  үнсіз  қалды.  Бірақ  менің  сөзімнің  рас 
болатындығына  таңданып  отырды.  Адамдардың  көбі 

129
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
бір мәзһабтан екінші мәзһабқа өтуді харам деп санайды 
деген ойынан арыла алмады. Содан кейін мен:
–  Сен  муқаллид  пен  муттабиғ  арасындағы 
айырмашылықты қайдан шығардың? Бұл айырмашылық 
сөздік мағынада ма, әлде терминдік қолданыста ма? – 
деп сұрадым.
ОЛ: Екеуінің арасында сөздік ерекшелік бар.
Мен тілге қатысты әдебиеттерді алдына қойдым. Екі 
сөз арасында ешбір айырмашылық таба алмады. Оған 
әзіреті Әбу Бәкірдің сөзінде қолданылған «тәбәғун» сөзі 
(муттабиғ  сөзінің  түбірі)»  ешбір  талассыз,  талқысыз 
келісу» деген мағынаға келетіндігін айттым. 
ОЛ:  Терминдік  ерекшелік  болсын  делік...  Менің 
ешбір  нәрсеге  терминдік  ұғым  қалыптастыруға 
құқығым жоқ па?!
МЕН:  Бар.  Бірақ  сенің  терминің  ешбір  ақиқатты 
өзгерте алмайды. Сенің «муттабиғ» деп атағаның егер 
дәлелдерден  және  олардан  үкім  шығарудан  хабардар 
болса, онда мужтаһид саналады. Егер дәлелдерді біл-
месе, иә дәлелдерді білгенімен үкім шығаруға шамасы 
жетпесе  «муқаллид»  саналады.  Ал,  кейбір  мәселеде 
шамасы жетіп, кейбір мәселеде шамасы жетпесе, онда 
кейбірінде мүжтаһид, кейбірінде муқаллид деп атала-
ды. Қалай болғанда да екі-ақ топқа бөлінеді. Екеуі де 
түсінікті.
ОЛ: Муттабиғ дегеніміз – мәзһаб имамдарының сөзі 
мен дәлелдерін сараптап, ішінен тәуірін таңдап алады. 
Бұл муқаллидтің құр ере беруінен өзгеше іс.
МЕН:  Егер  сен  имамдардың  сөзін  сараптау  деп, 
дәлелі қуаттысы мен әлсізін ажыратуды айтып тұрған 
болсаң,  бұл  ижтихадта  ең  жоғары  дәреже.  Сен  жеке 
басың мұны істеуге шамаң келе ме?

130
Мәзһаб туралы таным
ОЛ: Мен шама-шарқымша істеймін мұны.
МЕН:  Мен  сенің  бір  мәжілісте  отырғаныңда 
«бір  сөзбен  айтылған  «үш  талақ»  бір  ғана  талаққа 
жүретіндігі жайлы пәтуа бергендігіңді білемін. Сен осы 
пәтуаңнан бұрын ғалымдардың сөздері мен дәлелдерін 
қарап шығып, кейін сараптап, соған қарай пәтуа бердің 
бе? Уаймир ибн Ажланидің пайғамбарымыздың (с.а.у.) 
мәжілісінде  әйеліне  «үш  талақ»  бергені  жайлы  хадис 
бар.  Енді  сол  хадис  және  оның  аталмыш  мәселеде 
алатын орны көпшілік имамдардың көзқарасына дәлел 
болады ма, әлде Ибн Таймияның көзқарасына ма? Бұл 
жайлы не білесің? (Ибн Таймия «үш талақ» мәселесінде 
төрт  мәзһаб  имамына  қайшы  пәтуа  берген.  Бұл  жігіт 
сол Ибн Таймияның пәтуасын ұстануда)
ОЛ: Бұл хадиске қарамадым. 
МЕН:  Дәлелдерінің  қуаттылығы  мен  әлсіздігіне 
қарамастан  қалайша  төрт  мәзхаб  имамының  келіс-
кен  мәселесіне  қайшы  пәтуа  бересің.  Міне,  сен 
өзің  ұстанатын  және  бізді  де  соған  шақыратын 
принципіңді  тәрк  еттің.  Ол  –  дәлелдер  мен  үкімдерді 
сараптап  қуаттысын  алатын,  өзің  термин  ретінде 
қалыптастырмақшы  болған  «муттабиғ»  принципі...! 
Олардың ешбір дәлеліне қарамай тұрып, сені мұсылман 
ғалымдарының  көпшілігіне  қайшы  пәтуа  беруге 
асықтырған нәрсе не екен?
ОЛ: Мен не істеймін? Сұрақ қойылды... Жанымда 
да шектеулі ғана әдебиет бар еді.
МЕН: Ғұламалар мен имамдарымыз істеген нәрсені 
саған  да  істеуге  болатын  еді.  Ол  сенің  «Мен  білмей-
мін»  деуің  немесе  ешбірімен  пәтуа  берместен  төрт 
мәзһабтың көзқарасы мен қарсыластарының айтқанын 

131
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
білдіруің. Сенің бұған шамаң жететін. Әрі солай істеуің 
саған міндет...
Ал енді (өзің мойындап тұрғандай) дәлелдерге көз 
жүгіртпестен төрт имамның біріккен пәтуасына қайшы 
пәтуа  беруің,  оларға  қарсы  пікірдегілердің  дәлеліне 
көңіліңнің бұруымен шектелуің – міне бұл бізді кінәлап 
жүрген «фанатизмнің» нағыз шегі.
ОЛ:  «Шауканидегі»,  «Субулус-Саламдағы»  және 
Сайд Сабиқтың «Фиқхус-суннасындағы» төрт имамның 
дәлелін қарап шыққан болатынмын.
МЕН:  Бұл  кітаптардың  барлығы  бұл  мәселеде 
төрт  имамның  қарсыластарынікі.  Барлығы  бір  тарап-
тан сөз қозғайды. Өз тараптарын қуаттайтын дәлелдер 
көрсетеді.  Сен  екі  дауласушының  бірінің  ғана  сөзін, 
куәсін, жақындарын тыңдап төрелік етуді жөн санайсың 
ба?
ОЛ:  Мен  өзімнің  бұл  әрекетімде  сын  тағылатын 
ешнәрсе  көрмедім.  Сұраушыға  пәтуа  беруім  керек 
болды.  Ал,  менің  түсінігіммен  жеткен  жерім  сол 
болды. 
МЕН: Сен өзіңді муттабиғпін дедің. Әрі бәріміздің 
солай  болуымызды  парыз  дедің.  Муттабиғ  болуды 
«мәзһабтардың  көзқарасының  барлығын  қарап  шығу, 
дәлелдерін  оқу,  сөйтіп  сахих  дәләлге  ең  жақынына 
сүйену»  деп  түсіндірген  болатынсың.    Енді  әлгі 
әрекетіңде  сен  өз  ұстанымыңды  ысырып  тастадың. 
Сен төрт мәзһаб имамдарының көзқарасы бойынша үш 
талақ берілсе, үш талаққа жүретінін білесің. Олардың 
бұл  мәселе  де  дәлелдері  барын  да  білесің.  Әрі  ол 
дәлелдерге қарамадың да. Бұған қоса олардың келіскен 
пікірінен өз нәпсің қалаған пікірге ауып кеттің.  Әлде 

132
Мәзһаб туралы таным
одан  бұрын  мүжтаһид  имамдардың  дәлелдері  теріс 
екендігін анық білген бе едің?
ОЛ: Жоқ. Мен іздестіріп те қарамадым. Себебі жа-
нымда жеткілікті әдебиет болған жоқ.
МЕН: Неге күтпедің? Аллаһ Тағала қайтсең де пәтуа 
бер деп жүктемесе де неге асықтың? Сенің имамдардың 
дәлелінен хабарсыз болуың, Ибн Таймияның дәлелінің 
қуатты болуына дәлел бола алады ма? Әлде, сендердің 
бізді  айыптап  жүрген  «фанатизмдерің»  бұдан  басқа 
нәрсе ме?
ОЛ: Менің жанымда табылған кітаптағы дәлелдер 
мені  қанағаттандырды.  Аллаһ  Тағала  маған  бұдан 
артығын жүктемейді де.
МЕН: Егер бір мұсылман өзі қарастырған кітаптан 
бір нәрсені дәлел етіп алуы, түсінігіне қайшы көрінген 
басқа мәзһабтардың дәлелдерімен таныспай-ақ, оларды 
ысырып тастауына шарт ретінде жеткілікті ме?
ОЛ: Оған сол жеткілікті болады.
МЕН: Дінге жаңадан бет бұрған, Ислам мәдениетінен 
ешбір  хабары  жоқ  жас  жігіт  Аллаһ  Тағаланың  
Құрандағы: «Шығыс, батыс әр тарап Аллаға тән. Қай 
жаққа  бет  қаратсаңдар  да,  Алланың  жүзі  (разылығы) 
сол жақта»
99
 – деген сөзін оқыды делік. Сөйтіп, сыртқы 
мағынасы  көрсеткендей,  мұсылманға  намазда  қалай 
қараса  да  болады  деп  түсінеді.  Сонымен  қатар  төрт 
имамның «намазда қағба тарапына қарау шарт» деген 
пәтуаға  бірауыздан  келіскенін  де  естиді.  Олардың 
дәлелі  бар  екенін  біле  тұра  таныспайды  да.  Енді  бұл 
адам  намазға  тұрғанда  не  істейді?  Өзінің  қолындағы 
бар дәлелден пайда болған тұжырымына ере ме, әлде 
99
  «Бақара» сүресі, 115-аят

133
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
оның түсінігіне қайшы имамдардың бірауыздан келіс-
кен пікіріне ере ме? 
ОЛ: Әрине ол өз тұжырымына ереді!
МЕН:  Мәселен,  шығысқа  қарап  оқыса  намазы 
дұрыс бола ма?
ОЛ: Иә. Себебі, ол өз тұжырымына еруге міндетті.
МЕН: Егер өзінің жеке тұжырымы оған көршісінің 
жарымен  зина  жасауға,  арақ  ішуге  немесе  өзгенің 
малын  орынсыз  тартып  алуға  шақырса,  сонда  Аллаһ 
Тағала оның «өзіндік жеке тұжырымының» арқасында 
осының бәрін ол үшін халал етіп қояды ма?
Жігіт біраз ойланып отырып:
–  Қалай  дегенмен,  бұл  айтқан  оқиға  ойдан 
құрастырылған ғой, хақиқи өмірде кездеспейді, – деді.
МЕН: Бұл ешқандай да қиял емес. Керісінше өмірде 
көптеп   көрініс табатын оқиға. Бұдан да сорақысы кез-
деседі...    Жарайды,  (қиял  десең  де,  ақиқат  десең  де) 
сен  кез  келген  жағдайда  «жеке  тұжырымға»  шешуші 
рөл бердің. Бұл сенің «муқаллидтер, муттабиғтер және 
мүжтаһидтер» деп үш топқа бөлуіңе қайшы емес пе? 
ОЛ:  Негізінде  оған  ізденуі  керек.  Ол  басқа  аят 
немесе хадис оқымады ма сонда?
МЕН: Дәл сен пәтуа берерде таппағаныңдай, оның 
да  жанында  әдебиеттер  табылмады.  Құбыланың  әмір 
етілуі  мен  бағыты  жайлы  басқа  аят  оқуға  мүмкіндігі 
болмады.  Сонда  да  сен  әлі  сол  жеке  тұжырымына 
сүйеніп, имамдардың ижмасын (пәтуа) тастайды деген 
пікірдесің бе? 
ОЛ: Иә. Егер зерттеу мен ізденіске шамасы келмесе, 
онда оны кешірімді санаймын. Ізденісі мен білімі неге 
бағыттаған болса, оған сол нәрсе жеткілікті болады. 

134
Мәзһаб туралы таным
МЕН:  Сенің  атыңнан  мына  сөздеріңді  жариялай-
мын...  Бұл  сөздерің  өте  қауіпті,  әрі  таңқаларлық  сөз 
болды.
ОЛ: Қалағаныңды жарияла. Мен қорықпаймын.
МЕН:  Егер  Аллаһтан  қорықпасаң,  менен  қалай 
қорықпақсың? Сен әлгі сөздеріңмен Аллаһ Тағаланың 
«Егер  білмесеңдер,  білім  иелерінен  сұраңдар»  деген 
сөзіне қарсы шығып отырсың.
ОЛ:  Бауырым,  ол  мүжтаһид  имамдардың 
қателеспейтіндігіне  кепілдік  жоқ.  Ал  менің  сүйенген 
аятым – қатеден пәк Аллаһ Тағаланың сөзі. Қалай ғана 
пәк  Аллаһ  Тағаланың  сөзін  тастап,  қателесуі  мүмкін 
біреудің сөзін ұстанамын.
МЕН: Онда бері қараңыз! Қатеден пәк болған нәрсе 
– Аллаһ Тағаланың сөзіндегі хақиқи мағына, «Шығыс 
та, батыс та Аллаһтікі» дегендегідей. Құран мен Ислам 
мәдениетінен ұзақ әлгі жас жігіттің  түсінген мағынасы 
емес.    Ал  енді  мен  екі  түсінік  арасын  салыстыруда-
мын.  Әлгі  дінге  жаңа  кірген  жас  жігіт  пен  мүжтаһид 
ғалымның  түсінігі.  Екеуі  де  қателіктен  ада  емес.  Бірі 
– білімсіздік пен үстірт ойлау дәрежесінде, екіншісі – 
ғылым мен ізденістің шыңында. 
ОЛ: Аллаһ Тағала оған өз ізденісінен артық ештеңе 
жүктемейді. 
МЕН: Онда сен менің мына сұрағыма жауап берші. 
Бір  адамның  суыққа  шалдыққан  науқас  баласы  бар. 
Оны  сол  елдегі  барлық  дәрігерлер  тексеріп,  арнайы 
бір  дәрі  беруге  келісті.  Балаға  пенсилин  салуға 
болмайтындығын  әкесіне  ескертіп,  баланың  өміріне 
қауіп  төнетіндігін  мәлімдейді.  Алайда  баланың  әкесі 
денсаулық  басылымдарының  бірінен  пенсилиннің 
суыққа  қарсы  пайдалы  екенін  оқығаны  бар  болатын. 

135
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
Дәрігерлердің  неге  сүйеніп  айтқанын  білмегендіктен, 
өзінің  жеке  біліміне  сүйеніп,  олардың  сөзіне  қарсы 
шықты.  Өзінің  жеке  тұжырымын  іске  асырып,  бала-
сына  пенсиллин  салдырды.  Нәтижеде  баласы  бақи 
дүниеге аттанып кетті... Енді осы адам істеген ісі үшін 
күнә алып, сұраққа тартылады ма, жоқ па?
Жігіт біраз ойланып, кейін былай деді:
–  Екеуі екі бөлек нәрсе. 
МЕН: Жоқ, дәл бірдей жағдай. Қалай ғалымдардың 
келісімді  пәтуасын  тыңдағаны  сияқты,  дәрігерлердің 
де келісімді нұсқауын естіді. Бірақ оған құлақ түрмей, 
өзі  оқыған  Құран  аятына  сүйенгендей,  әлгі  әке  де 
дәрігерлерге құлақ аспай өзі оқыған басылымға сүйенді. 
Екеуі де өздерінің жеке тұжырымдарын қолданды.
ОЛ: Бауырым, Құран нұр ғой, нұр...
МЕН: Құран нұры кез келген оқып, көз жүгірткен 
адамның  ақылына  сәуле  бере  салады  да,  Аллаһтың 
мақсат еткен мағынасын түсіне қояды дейсің бе? Егер 
барлығы  бірдей  бұл  нұрдан  керегін  алып  тұрса,  онда 
«әһлі-зікір» (білім иелері) мен өзгелердің арасында не 
айырмашылық  бар?!  Жоғарыдағы  екі  мысал  бірдей, 
араларында айырмашылық жоқ. Енді сен маған жауап 
беруге тиіссің: «Жәй ізденуші осы жағдайларда өзінің 
жеке тұжырымына ілесе ме, жоқ әлде арнайы маманға 
ілесіп, оның сөзін қабыл етеді ме?»
ОЛ: Әрине жеке тұжырымына. Өйткені ол – негіз 
болып саналады.
МЕН:  Бір  адам  өз  жеке  тұжырымына  сүйеніп, 
нәтижесінде  ұлының  қазасына  себеп  болды.  Оған 
шариғи немесе құқықтық тұрғыдан қандай да бір жау-
апкершілік жүктеледі ме?

136
Мәзһаб туралы таным
Ол сенімді түрде:
«Жоқ, ешбір жауапкершілік жүктелмейді» – деді.
МЕН:  Жә,  сенің  мына  айтқан  сөзіңнен  кейін 
біз  әңгімемізді  тоқтатсақ  жөн  болар.  Бұл  сөзіңмен 
екеуміздің  арамыздағы  ортақ  пікірге  жетуіміз  мүмкін 
болатын  барлық  жолдар  жабылды.  Сенің  Ислам 
үмметінің келісімді пәтуасынан (білім иелерінен сұрау 
жайындағы)  шығуыңа  әлгі  сөзің  жеткілікті.  Егер  сен 
сияқты фанаттар болмаса, «жиіркенішті фанатизмнің» 
жер бетінде мән-мағынасы қалмас еді». 
Иә, білімсіз мұсылман Құраннан оқыған нәрсесімен 
пәтуа берсе... Бүкіл мұсылмандарға қайшы, құбыладан 
өзге  тарапқа  қарап  намаз  оқыса,  онысы  дұрыс  санал-
са... Жәй бір адам өз тұжырымына сүйеніп, өз бетінше 
емдесе... Науқасты өз қолымен о дүниеге аттандырып 
«Аллаһ деніңе саулық берсін» десе...
Олай  болса  неге  олар  да  бізді  өз  жайымызға 
қалдырмайды  екен,  біле  алмадым.  Біз  де  «өз  жеке 
тұжырымымызға» сүйеніп,  «діни үкімдер мен шариғи 
дәлелдерді меңгермеген адам құран мен хадисті өзінен 
гөрі  жақсырақ  түсінген  мүжтаһид  имамдардан  бір 
имамның мәзһабын ұстануы тиіс» – дейміз. 
Олар  үшін  біздің  бұл  пікіріміз  қаншалықты  қате 
болса  да,  «жеке  тұжырым»  деген  қорғаушы  бар  емес 
пе?!  Құбылаға  теріс  қараса  да,  намазы  дұрыс  болған  
адам мен баласын өлтіріп мұны ізденіс пен емшілікке 
балаған кісінің пікірін дұрысқа шығарған нәрсе біздің 
де  пікірімізді    дұрысқа  шығаруда  басшылыққа  алын-
сын!
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет