Туралы таным



жүктеу 2.46 Kb.
Pdf просмотр
бет7/11
Дата07.03.2017
өлшемі2.46 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

аударатын жәйттер
Шариғат  тармақтарының  кейбірінде  әркелкілік 
болуы  табиғи  нәрсе,  әрі  үммет  үшін  мейірім  мен 
кеңшілік.  Соған  қарамастан  дін  саласының  ғибадат 
және  құқықтық  үкімдерінде  адамдардың  барлығын 
бір пікірге біріктіргісі келетіндер бұл істерінің мүмкін 
еместігін  білуі  тиіс.  Олардың  қайшылықтарды  жоюға 
күш салулары қайшылық ауқымының кеңеюінен басқа 
еш  нәрсеге  алып  бармайды.  Өйткені,  шариғаттың 
ұстанымы  саналмаған  үкімдерді  түсінуде  әркелкілік 
болуы табиғи қажеттілік екенін айттық. Біз қаламасақ 
та,  бұл  әркелкілікті  қажет  ететін  себептер  бар.  Олар 
–  дін  болмысы,  тіл  құрылымы,  адам  табиғаты  және 
жалпы  жаратылыс  пен  өмір  заңдылығы.  Шариғат 
осылардың  барлығымен  қатысты  болғандықтан  олар-

101
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
мен өзара үйлесімділік сақтайды. Әйтпесе, өміршеңдігін 
жоғалтқан өзге діндерден айырмашылығы болмас еді. 
дін болмысы
Аллаһ  Тағала  шариғаттың  өзгермес  заңдарынан 
басқа  дін  үкімдерінің  кейбірінде  әртүрлілік  болуын 
қалады. Сондықтан шариғат амалдарының ішінде арнайы 
үкім жіберілгені және ешбір үкім айтылмағаны кезде-
седі.  Құран  мен  хадистегі  арнайы  аталған  үкімдердің 
өзінің ішінде мағына тұрғысынан нақты болғаны, астар-
лы болғаны, тура мағыналысы, ауыспалы мағыналысы 
бар.  Бұлар  адам  ақылын  ізденіс  (ижтихад)  пен  үкім 
шығару (истинбат) жолын белгілеуге итермелейді. Са-
хабалар кезіндегі даму мен өзгеріске жол ашқан діннің 
осы  ерекшелігі  еді.  Ал  кейбір  ғайыпқа    иман  келтіру 
сияқты  мәселелер  шынайы  бой  ұсыну  мен  талқысыз 
қабылдауды  қажет  етеді.  Бұларда  ижтихад  жасаудың 
орнына  қалтқысыз  мойындау  сынағы  бар.  Осының 
нәтижесінде адам жаратылысының басты мақсаты са-
налатын сынақ іске асады. Құранда «Шын мәнінде біз 
адам баласын біріккен тамшыдан жараттық. Оны сы-
наймыз. Сондықтан оны еститін, көретін қылдық»
69
 – 
дейді. Демек, діннің нақты жағы мен болжамды жағын 
ажырата білу қажет. Себебі, біржақтылық та, екеуінің 
орнын ауыстыру да дұрыс емес. Мәселен, шариғаттың 
тармақ  мәселелерін  өзгерместей  етіп  көрсету  сияқты, 
нақты заңдарында өзгеріс енгізуге тырысу үлкен қателік 
болар еді.
Егер Аллаһ қаласа, дінді ешбір ізденіске қажеттілік 
тудырмайтын, ешқандай әртүрлілікті қабыл етпейтін бір 
тарапты, бір қалыпты етіп жаратар еді. Бірақ олай жа-
69
  «Инсан» сүресі, 2-аят

102
Мәзһаб туралы таным
самады. Себебі дін болмысын тіл мен адам табиғатына 
сай болуын қалады және құлдарына кеңшілік жасады. 
Біз  Құранның  мағынасы  мен  тәпсіріне  бармай-ақ 
тек  оқылу  үлгісінің  өзін  жеті  немесе  он  қырағатта 
оқылатынын  көреміз.  Бұл  қырағаттар  бүкіл  үммет 
бойынша қабыл етіліп, ешбір мұсылман ғұламасы мұны 
теріске шығармаған. Себебі Пайғамбарымыздан (с.а.у.) 
солай жетті. Бұхари Ибн Мәсғудтан риуаят етеді:
«Бір кісінің бір аят оқығанын естідім. Дәл сол аятты 
Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  өзгеше  оқығанын  естіген 
болатынмын.  Мұны  Пайғамбарымызға  (с.а.у.)  жеткіз-
дім.  Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  бұл  таласты  жақтырмай 
«екеуіңдікі  де  дұрыс,  таласқа  түспеңдер.  Сендерден 
бұрынғылар таласқа түскендіктен апатқа ұшырады» – 
деді»
70
.
Осы тақырыпқа байланысты ғұлама Ибн әл-Уәзир 
былай дейді: «Хадистегі апатқа ұшырататындығы үшін 
тыйым  салынған  талас  –  бұл  дұшпандыққа  бару.  Ал 
дұшпандықсыз  қайшылыққа  түсу,  әркелкі  көзқарас 
білдіру  болса  мұны  Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  қолдады. 
Көрмейсің бе, екеуінің қайшылығын айтқан кезде Ибн 
Мәсғудқа  «екеуіңдікі  де  дұрыс»  дегенін?  Одан  кейін 
барып сақтануы керек қайшылықты ескертті...»
Тіл құрылымы
Діннің  бастау  алар  қайнары  –  Құран  мен  сүннет 
екеуі  де  тіл  қағидаларына  сүйенетін  мәтіндер. 
Бұлардың  ішінде  тіл  тұрғысынан  мағынасы  айқыны 
және бүркемелісі бар. Бір ғана дәрет алуды парыз еткен 
«Мәида»  сүресінің  6-аятын  алсақ,  тілдік  ережелердің 
70
  Бұхари

103
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
әсерінен бір-бірінен бөлек қаншама үкімдер шығаруға 
болады. 
«Ей, иман еткендер! Намазға тұрарда жүздеріңді 
және  қолдарыңды  шынтаққа  дейін  жуыңдар. 
Бастарыңа  мәсіх  тартып,  аяқтарыңды  екі  тобыққа 
дейін жуыңдар»
71
 – дейді. Бұл аятта басқа мәсіх тартудың 
көлемі нақты белгіленгендіктен, Шафиғиларда бастың 
кішкентай  бөлігіне  мәсіх  ету,  тіпті  су  себу  жеткілік-
ті.  Ал  Ханафиларда,  кем  дегенде,  бастың  төрттен 
біріне  мәсіх  ету  парыз  болса,  Малики  және  Ханбали-
ларда  басты  түгел  мәсіх  ету  парыз.  Әр  мәзһаб  өзінің 
ұстанған көзқарасын қолдап, шариғи дәлел келтірген-
діктен, бәрі дұрыс. Себебі барлығы берген пәтуаларын 
аятта қолданылған «бастарыңды» деген мағынаны біл-
діретін «руусикум» сөзінің алдына қосылып жазылған 
«б»  әрпінен  шығаруда.  Араб  тілінде  «б»  әрпі  әртүрлі 
мағынада келеді.
•  Ешқандай мағынасы жоқ, тек өзінен кейінгі сөзді 
әдемілеу үшін келеді.
•  «Кейбір» мағынасын білдіреді.
•  «Тигізу,  жанастыру,  бітістіру»  мағыналарында 
келеді.
Міне,  сондықтан  Имам  Ахмед  пен  Имам  Малик: 
«Бастың  барлық  жерін  мәсіх  ету  керек.  Себебі  бұл 
жердегі «б» әрпі тек қана сөзді әдемілеу үшін келген, 
мағынасы жоқ артық әріп», – дейді.
Ал  Әбу  Ханифа  болса,  «бұл  жердегі  «б»  әрпі 
«кейбір»  деген мағынаны білдіреді. Сондықтан, бастың 
кейбір жерін мәсіх етсе жетіп жатыр»  дейді.
Ал Имам Шафий болса, бұл жерде «б» әрпі «тидіру, 
біріктіру, жабыстыру, жанастыру» мағынасында келген-
71
  «Мәида» сүресі, 6-аят

104
Мәзһаб туралы таным
діктен, тек қана қолдың басқа жанасуы, бірнеше шашқа 
тиюі мәсіх ету  болып саналады деп пәтуа берген.
Олай  болса,  Құран  мен  сүннетті  оны  түсінудің 
басты құралы саналатын тілдің ерекшелігінен бөлектеп, 
біржақтылық талап ете алмаймыз. 
Адам табиғаты
Адамдардың табиғатын Аллаһ Тағала әр түрлі етіп 
жаратқан. Әрқайсысының өзіндік ерекшелігі, қабілеті, 
сырт пішіні т.б. көптеген қасиеттері бар. Осының бәрін 
бір шетке ысырып қойып, адамдарды барлық мәселеде 
бір  ғана  қалыпқа  түсіру  нағыз  ерсілік  болар  еді.  Бұл 
мүмкін  де  емес.  Себебі  Аллаһ  Тағаланың  адамды 
жаратудағы  заңдылығына  қайшы.  Адамдардың  бір-
бірінен өзгеше болуы қайшылық емес, әртүрлілік қана. 
Ал, әртүрлілік әдемілік пен байлықтың бастауы. Аллаһ 
Тағала мұны өзіне дәлел болатын белгілерінің қатарына 
жатқызып: «Көктер мен жерді жаратуы, тілдеріңнің, 
түстеріңнің  әртүрлі  болуы  да  оның  белгілерінен. 
Шәксіз бұларда білгендер үшін белгілер бар»
72
 – дейді.
Адамдардың  бірі  жұмсақтықты,  бірі  болса 
қатаңдықты  қалайды.  Енді  бірі  сөздің  сыртқы 
мағынасын  алса,  бірі  ішкі  мағынасына  үңіледі.  Осы 
ерекшеліктердің нәтижесінде көзқарас айырмашылығы 
туындайды.  Бұған  ең  ашық  мысал  ретінде  екі  ұлық 
сахаба Абдуллаһ ибн Омар мен Абдуллаһ ибн Аббастың 
іс-әрекетін көрсетуге болады. Абдуллаһ ибн Омар жас 
баланың  сілекейінің  таза  болып-болмағандығынан 
күмәнданғаны  үшін  сақтықпен  балалардың  сілекейі 
өзіне  жұқпасын  деп,  оларды  өзінен  алыс  ұстайтын. 
Ал Абдуллаһ ибн Аббас балаларды құшақтап: «Бұлар 
72
  «Рум» сүресі, 22-аят

105
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
біздің иіскейтін райхан гүліміз» дейтін. Абдуллаһ ибн 
Омар «әйелдің денесіне қол тисе дәрет бұзылады» десе, 
Ибн  Аббас  «бұзылмайды»  дейтін.  Хазіреті  Әбу  Бәкір 
мен  Хазіреті  Омардың  жағдайлары  да  осындай.  Бірі 
тұтқындарға кеңшілік жасауды ұсынса, бірі жазалауды 
жөн көрген болатын.
Әлем және өмір әркелкілігі
Құранда: «Аллаһтың көктен жаңбыр жаудырғанын 
көрмейсің  бе?  Сонда  онымен  түрлі-түсті  жеміс-
тер  шығардық.  Сондай-ақ  таулардан  да  ақ,  қызыл 
әрі қап-қара түрлі-түсті жолақтарды көрмейсің бе? 
Адамдардың,  құрт-құмырсқа  және  ірі  жәндіктердің 
түстері  әр  түрлі  болғандары  да  осы  секілді.  Шын 
мәнінде Аллаһтан оның ғалым құлдары ғана қорқады. 
Расында Аллаһ өте үстем, аса жарылқаушы»
73
.
Демек,  бұл  бір-біріне  теріс  түсу  мағынасында 
емес.  Бұл  түрі  мен  түсі  әр  түрлі  бола  тұрып  бір-бірі-
не  үйлесімділік  сақтаған  әркелкілік.  Адам  өмірінің 
де  мезгіл  мен  мекен  әсеріне  қарай  өңін  өзгертіп  оты-
ратыны  анық.  Ендеше  осы  әлемнің  бір  бөлігі  санала-
тын адамдардың да әртүрлі түсінікте болуы кемшілік 
немесе кереғарлық емес. 
Ихтилаф – Аллаһтың мейірімі
Шариғатта 
кейбір 
мәселелердің 
болжамға 
сүйенгендіктен  әркелкілік  қабыл  ететіндігі  табиғи 
қажеттілік екендігін байқадық. Алайда кейбір адамдар 
«(Мұхаммед) егер Раббың қаласа адамдарды жалғыз 
үммет  қылар  еді.  Олар  үнемі  қайшылықта  тұруда, 
бірақ Раббыңның мейіріміне бөленгендер басқа. Оларды 
73
  «Фатыр»  сүресі, 27,28-аяттар

106
Мәзһаб туралы таным
сол  үшін  жаратты.  Раббыңның:  «әрине  тозақты 
бүкіл жандар мен адамдарға толтырамын» деген сөзі 
тура  шықты»    деген  «Һуд»  сүресінің,  118,119-аятта-
рын  мәзһабтар  арасы  айырмашылыққа  қатысты  етіп 
көрсетеді. Бұл аяттағы қайшылықтың мәзһабтар арасы 
айырмашылыққа қаншалықты қатысы бар екеніне алда 
тоқталатын боламыз.
Имам  Шатибидің  «Иғтисам»  атты  кітабында  их-
тилаф  жайында  пайдалы  зерттеулері  және  ихтилаф-
ты  шариғаттан  тыс  көрушілерге  дәлелді  жауабы  бар. 
Имам  Шатиби  өткен  үмметтердің  қайшылыққа  түсуі 
мен  хақ  жолдағылардың  бірлігін  баяндағаннан  кейін 
былай  дейді:  «Осы  бірлікте  болғандардың  өзі  кейде 
дұшпандық мақсатымен емес, тек ізденіс нәтижесінде 
бір-біріне  қайшы  пікірге  жолығады.  Аллаһ  Тағала 
өзінің  даналығымен  бұл  үмметтің  ұсақ  мәселелерінің 
көптеген  пікірлерді  қабылдайтын  болжамдар  нысаны 
болуын  қалады.  Әрбір  көзі  қырағы  кісі  үшін  болжам 
жүрген  жерде  келісімді  шешімнің  болмайтыны  анық. 
Әрине  бұлардың  бәрі  негізгі  ұстанымдарда  емес,  тек 
ұсақ  мәселелерде  ғана  болады.  Сондықтан  мұндай 
әркелкіліктің зияны жоқ. Тәпсір ғалымдары Хасаннан 
жоғарыдағы аят жайлы былай дегенін жеткізеді: «Мей-
ірімге  бөленген  қауымға  келер  болсақ,  олар  зиянды 
таласқа түспейді. Себебі олардың таласы арнайы мәтін 
жоқ  ізденісті  қажет  ететін  мәселелерде  ғана  болады. 
Қайта  олар  үшін  рұқсат  пен  үлкен  кешірімділік  бар. 
Сонымен қатар шариғат иесі Аллаһ қайшылықтың бұл 
түрін білгендіктен, жүгінетін билік орнын да көрсетіп: 
«Әй  мүміндер!  Аллаһқа  бой  ұсынып  Пайғамбарға  әрі 
өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар.  Егер 
бір нәрсе жайында таласқа түссеңдер, оны Аллаһқа, 

107
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
Пайғамбарға  ұсыныңдар.  Егер  сендер  Аллаһқа, 
ақырет  күніне  иман  келтірген  болсаңдар.  Міне  осы 
қайырлы  да  нәтижеде  жақсы»
74
  деді.  Осы  үлгідегі 
барлық  қайшылықтарда  бірінші  Аллаһ  Тағала,  яғни 
Құранға,  сосын  Пайғамбарға  (егер  тірі  болса  өзіне, 
қайтыс  болғаннан  кейін  сүннетіне)  жүгініп,  салыс-
тыруды  Аллаһ  әмір  етті.  Ғұламалар  солай  істеді  де. 
Демек  «Һуд»  сүресі,  118,119  –  аятындағы  «мейірімге 
бөленген»  қауымның  қайшылығы  мен  «қайшылықта 
қасарысып  тұратындардың»  қайшылығы  екі  бөлек 
нәрсе. Жоғарыдағы Хасаннан жеткен сөз аяттағы мей-
ірімге  бөленгендер  жайлы  еді.  Ал  тозақпен  ескерту 
жасалғандардың  қайшылығын  «Шариғатта  тыйым 
салынған ихтилаф қайсы?» деген тақырыпта қамтитын 
боламыз.
Ихтилаф – фиқһтың бай қазынасы
Бір  жағынан  ижтихадтағы  болжамдардың  әркел-
кілігі  арқылы  фиқһ  байи  түседі.  Себебі  әрбір  пікір 
дәлелдерге,  шариғи  сенімді  деректерге  сүйенеді. 
Шариғи  дәлел  көздерінің  барлығын  үкім  шығару 
жолын  білетін,  қияс  пен  истихсанды  меңгерген,  бір-
неше дәлел қатар келгенде сараптай алатын мүжтаһид 
дәрежесіндегі кісілер реттеп кеткен.
Мүжтаһидтердің  мектептері  мен  жолдарының 
әртүрлігі шариғаттың фиқһи қазынасын молайта түседі. 
Әрбір мектептің өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, бірі 
хадиске негізделген, ал бірі мәтіннің мазмұнын ашуға 
негізделген.  Бірі  сыртқы  мағынаны  ұстанатын,  енді 
бірі  осылардың  барлығының  жақсы  жағын  аламыз 
дейтін  мектеп  өкілдері.  Нәтижеде  осы  әр  түрлі  мек-
74
  «Ниса» сүресі, 59-аят

108
Мәзһаб туралы таным
тептер  мен  мәзһабтардың,  олардың  әркелкі  ізденіс-
пікірлерінің  арқасында  шексіз  қазына  мен  қадірін 
ғылым жолындағылар ғана біле алатын байлық пайда 
болды. 
Һижри 1408 жылы (1987ж.) Ислам әлемінің бірік-
кен  фиқһ  құрылтайының  оныншы  кезекті  отырысын-
да  мәзһабтар  арасы  ихтилафтар  және  кейбір  мәзһаб 
тараптарлығы мәселесінде алған қарары да жоғарыдағы 
пікірді қуаттай түседі. Сондай-ақ, бұл құрылтай бүгінгі 
біз  көтеріп  отырған  мәселелердің  маңыздылығын 
айқындай  береді.  Мұнан  бірнеше  жылдар  бұрын 
қарастырылған  мәселе  бүгін  бізге  де  келіп  жетті. 
Сондықтан  бұл  үндеумен  біздің  отандастарымыздың 
да таныс болғанын қалар едік. 
Қабылданған қарардың мәтінін бірге оқиық:
«Әлһамду  лилләһи  уаһдаһ,  уәссалату  уассаләму 
алә мән лә нәбия баадаһ сайидина Мухаммадин уа алә 
әлиһи уа сахбиһи уасаллим. Әмма бағд»
Ислам  фиқһы  құрылтайының  мәжілісі  Мәкка-
Мукаррамада  1987  жыл,  17  қазан  сенбі  (хижри  1408, 
24  сафар)  мен  1987  жыл  21  қазан  сәрсенбі  (1408,  28 
сафар)  аралығында  өткен  оныншы  кезекті  отыры-
сында:  «Халықтың  ұстанымындағы  мәзһабтар  арасы 
фиқһи  қайшылықтар»  тақырыбын  және  «кейбір 
мәзһаб  ұстанушыларды  өзге  мәзһаб  иелерін  даттауға 
алып  барып,  орта  жолдан  шығаратын  фанатизм» 
мәселесін  қарастырды.  Мәжіліс  бүгінгі  жас  ұрпақтың 
мәзһабтардың  құрылымы  мен  мәнін  білмегендіктен 
олардың  арасында  мәзһабтар  арасы  айырмашылық 
төңірегінде  туындайтын  проблемаларды  көтерді. 
Себебі  теріс  жолға  шақырушылар:  «Ислам  шариғаты 
жалғыз.  Шариғат  негіздері  Құран  мен  сүннеттен 

109
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
алынғандықтан ол да біреу-ақ. Ендеше мәзһабтар арасы 
айырмашылық неге қажет? Мұсылмандар бір мәзһабта, 
шариғат  үкімдерінде  бір  түсінікте  болу  үшін  неге 
мәзһабтарды  біріктірмеске»  –  деп,  оларды  азғыруда. 
Сондай-ақ  мәжіліс  мәзһаб  тараптарлығын  және  одан 
туындайтын проблемаларды да көтерді. Әсіресе қазіргі 
кезде пайда болған жаңа ағым мүшелерін талқылады. 
Бұл  ағым  мүшелері  жаңа  ижтихад  жолына  шақырып, 
ғасырлар бойы Ислам үмметі қабылдап келген белгілі 
мәзһабтарға  тіл  ұзатуда.  Мәзһаб  имамдарының  кей-
бірін адасушылықпен айыптап, халық арасында бүлік 
шығаруда.
Осы  тақырыпты  және  оған  қатысты  оқиғаларды, 
іріткі  салушылар  мен  теріс  жолға  шақырушылардың 
жеткен нәтижелерін кеңесе келе, теріс үгіт жүргізушілер 
мен фанатизмге шалдыққан екі топқа да ескерту және 
бағыт  беру  мақсатында  төмендегі  үндеуін  жолдауға 
шешім қабылдады:
Біріншіден мәзһабтар арасы айырмашылық 
төңірегінде.
Ислам елдерінде мәзһабтар арасында болатын пікір 
айырмашылығы екі түрлі. 
А) Итиқади мәзһабтардағы айырмашылық. 
Ақидадағы  айырмашылықтар  –  Ислам  елдерінде 
көптеген қиындықтарға алып барушы күрделі жағдай. 
Мұсылмандардың  саптарын  бұзып,  берекесін  алады. 
Өкінішке  орай  бұл  –  болмауы  тиіс  нәрсе.  Сондай-ақ 
«Сендер  менің  және  менің  әділетті  халифаларымның 
жолын ұстаныңдар» деп Пайғамбарымыз (с.а.у.) білдіріп 
кеткен  пайғамбар  заманындағы  және  оның  жалғасы 
болып саналатын әділетті халифалар заманындағы әһли 

110
Мәзһаб туралы таным
сүннет уәл-жамағат жолында мұсылмандардың бірігуі 
тиіс.
Ә) Фиқһи мәзһабтардағы айырмашылық.
Кейбір  мәселелердегі  мәзһабтар  арасы  фиқһи 
айырмашылықтар  –  Аллаһ  Тағаланың  ерекше 
даналығының  нәтижесінде  міндетті  түрде  болатын 
жәйт. Бұған көптеген ғылыми себептер бар. Мәселен, 
Аллаһтың құлдарына деген мейірімі, Құран мен хадис-
тен үкім шығару нысанын кеңейту арқылы құлдарына 
кеңшілік  жасау.  Сонымен  қатар  бұл  кеңшіліктің 
арқасында Аллаһтың игілігі мен фиқһи байлыққа қол 
жеткіземіз.  Ислам  үмметі  дін  мен  шариғат  істерінде 
кеңшілікте болғандықтан бұл салада тығырыққа тіреліп 
шектеліп  қалмайды.  Керісінше  егер  мұсылмандар  бір 
имамның мәзһабында қандайда бір уақытта немесе бір 
істе қиындыққа түссе, басқа мәзхабта жеңілдік, кеңшілік 
табылады.  Шариғи  дәлелдердің  басшылығымен  бұл 
ғибадатта  да,  әлеуметтік  жағдайларда  да,  отбасылық 
немесе  қазылық  мәселелерде  де  болуы  мүмкін.  Осы 
екінші  түр  мәзһабтар  арасы  фиқһи  айырмашылықтар 
дінімізде  кемшілік  немесе  кереғарлық  болып  санал-
майды.  Бұлардың  болмауы  мүмкін  емес.  Себебі  осы 
фиқһи ижтихади айырмашылықтарсыз толық құқықтық 
жүйесі  бар  ешбір  қауым  жоқ.  Себебі  негізгі  шариғи 
мәтіндерде  (Құран  мен  хадистер)  бірнеше  мағынаны 
білдіретін сөздер көп. Сонымен қатар Құран мен хадис 
бүкіл  оқиғаны  қамтуы  мүмкін  емес.  Сондықтан  бұл 
екеуі  шектеулі,  ал  оқиғалар  шексіз  құбылып  отыра-
ды.  Ғұламалардың  бір  тобы  былай  деген:  «Қияспен 
үкімдердің  себебін,  шариғат  иесінің  мұраты  мен 
шариғаттың көздейтін жалпы мақсаттарын зерттеу ісі, 
сондай-ақ  солар  арқылы  жаңа  мәселелерге  үкім  беру 

111
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
міндетті түрде қажет». Жаңа мәселеге үкім тағайындау 
үшін тұжырым жасауда және екі ұшты мәселені сараптау 
кезінде ғұламалар әр түрлі қорытындыға барады. Содан 
барып барлығы ақиқатты көздеп, іздегенімен шығарған 
үкімдері әр түрлі болады. «Кімде-кім дұрыс тапса екі 
сауап, қателессе бір сауап алады». Міне осы қағиданың 
арқасында  кеңшілік  орнап,  қиыншылық  кетеді. 
Мәзһабтар  арасындағы  осы  айырмашылықтардың 
болуы  атап  өткеніміздей  игіліктер  мен  кеңшіліктерді 
қамтуымен  қатар  ең  үлкен  шариғи  қазына  болып  са-
налады.  Сондай-ақ  бұл  –  Ислам  үмметі  мақтануға 
лайықты ерекшелік. Бірақ теріс үгіттеушілер мұсылман 
жастарының ислами сауатының аздығын пайдаланып, 
осы мәзһабтар арасы фиқһи айырмашылықты итиқади 
қайшылық сияқты көрсетіп, «шариғаттың кереғарлығын 
көрсетеді» деп жалғандықпен орынсыз азғыруда.
Екіншіден мәзһабты тәрк етушілерге
Мәзһабтардан бас тартуға шақыратын, адамдардың 
барлығына  жаңа  ижтихад  жолын  жүктегісі  келетін, 
бүгінгі  мәзхабтар  мен  олардың  имамдарына  тіл  тигі-
зетін  келесі  топқа  келсек,  жоғарыдағы  мәзхабтардың 
ерекшеліктері  мен  имамдары  жайлы  жасалған  баян-
дама оларға да қатысты. Сол арқылы оларды ұстанған 
мына  жағымсыз  жолдарынан  қайтуға  шақырамыз. 
Бүгін біз бөлінушілікке алып баратын мұндай жолдың 
орнына Ислам дұшпандарының қатерлі шабуылдарына 
қарсы бірлікке мұқтаж болып отырмыз. Сондай кезеңде 
олардың адамдарды адастыруын, іріткі салып саптарын 
бұзуын тоқтатуға шақырамыз. 
«Уа  саллаһу  алә  сайидина  Мухаммадин  уа  алә 
әлиһи уасаллама таслиман касиран. Уәлхамду лилләһи 
раббил аләмин.»

112
Мәзһаб туралы таным
Шариғатта тыйым салынған ихтилаф 
қайсысы?
Жоғарыдағы тақырыптардан кейін әлдекімнің былай 
сұрақ  қоюы  ықтимал:  «Егер  кейбір  басты  мәселелер 
мен  ұсақ  мәселелерде  айырмашылық  болуы  табиғи 
қажеттілік,  кеңшілік,  қазына  болса,  онда  Құран  мен 
хадистегі  қайшылыққа  түсуден  тыюдың  не  мағынасы 
бар?» 
Жауабы:  Тыйым  салынған  қайшылықтың  бірін-
шісі  –  қастандық  пен  құмарлықтан  туындаған  талас. 
Кітап  иелерінен  яһудилер  мен  христиандар  сол  үшін 
сөгіске  ұшырады.  Олар  дәлелдің  болғанына,  аяттағы 
мақсаттың  айқындығына  қарамастан,  дүниеқұмарлық 
пен менмендіктің кесірінен таласқа түсті.
Аллаһ  Тағала  Құранда  бұл  жайлы  былай  дейді: 
«Адам  баласы  жалғыз  ғана  үммет  еді.  Сонда  Аллаһ 
қуандырушы,  қорқытушы  пайғамбарлар  жіберді. 
Адамдардың  араларындағы  талас  нәрселерге  үкім 
ету үшін олармен бірге хақ Кітап жіберді. Сол кітап 
берілгендер ашық дәлел келгеннен кейін араларындағы 
кекшілдіктен  ғана  қайшылыққа  түсті.  Сонда  Аллаһ 
иман  келтіргендерді  олар  тартысқан  шындыққа  өз 
ұйғаруымен  жеткізді.  Аллаһ  қалағанын  тура  жолға 
салады»
75

«Аллаһтың құзырында шынайы дін – Ислам. Сондай 
кітап  берілгендер  өздеріне  мәлімет  келгеннен  кейін 
араларындағы  күншілдіктен  ғана  талас-тартысқа 
түсті. Кім Аллаһтың аяттарына қарсы келсе, күдіксіз 
Аллаһ тез есеп көруші»
76
.
75
  «Бақара» сүресі,  213-аят
76
  «Әли-Имран» сүресі, 19-аят

113
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
«Расында Исрайл ұрпақтарына кітап, патшалық, 
пайғамбарлық және өздеріне таза ризық беріп, сондай-
ақ бүкіл әлемге үстем қылған едік. Сонымен қатар дін 
істерінде  де  оларға  ашық  түсініктер  бердік.  Деген-
мен өздеріне мәлімет келгеннен кейін өзара күншілдік 
қылып,  мүлде  талас-тартысқа  түсті.  Шын  мәнінде 
Раббың  қиямет  күні  араларындағы  қайшылыққа 
түскен нәрселері жайында үкім береді»
77
.
Көріп  отырғанымыздай  сөгіс  жариялануының 
себебі  араларындағы  қастандық  пен  күншілдік  қана. 
Ал  фиқһтағы  талас  мәселелерде  өзара  түсіністік  пен 
жәрдем болатындығын айтып өткенбіз.
Тыйым  салынған  қайшылықтың  екіншісі  – 
үмметтің  ауызбіршілігін  бұзып,  өзара  дұшпандыққа 
алып баратын, ерегіс тудыратын және топ-топқа бөліп 
бір-біріне  зиян  келтіруге  себеп  болатын  талас.  Құран 
мен хадистің барынша қатты сақтандыратын таласы да 
осы талас. Құран Аллаһтан шынайы қорқу мен өлгенге 
дейін Исламға берік болуды әмір еткеннен кейін былай 
дейді:
«Барлығың  бірдей  Аллаһтың  жібіне  (дініне) 
жабысыңдар  да  бөлінбеңдер.  Сондай-ақ  өздеріңе 
Аллаһтың  берген  нығыметін  еске  алыңдар.  Өйткені 
бір-біріңе  дұшпан  едіңдер,  жүректеріңнің  арасын 
жарастырды,  оның  игілігімен  туысқа  айналдыңдар. 
Оттан  бір  шұңқырдың  ернеуінде  едіңдер,  сендерді 
одан құтқарды. Осылайша  Аллаһ сендерге аяттарын 
тура жолға түсулерің үшін баян етеді»
78
. Осы аяттың 
жалғасында  бізден  бұрынғылардың  бөлінгеніндей 
бөлінбеуімізді әмір етеді: 
77
  «Жасия» сүресі, 16,17-аяттар
78
  «Әли-Имран» сүресі, 103-аят

114
Мәзһаб туралы таным
«Өздеріне  ашық  дәлелдер  келгеннен  кейін  сондай 
бөлініп,  қайшылыққа  түскендер  тәрізді  болмаңдар. 
Міне соларға зор азап бар»
79
.
Басқа бір аятта былай айтылады:
«Аллаһқа  әрі  елшісіне  бойұсыныңдар,  өзара 
жанжалдаспаңдар.  Әйтпесе  үрейленесіңдер  де 
құттарың қашады. Сабырлы болыңдар, расында Аллаһ 
сабырлылармен бірге»
80
.
Кітап иелерінен бүлікшілер мен мүшриктердің дін-
дерін  бөлшектеп  топ-топқа  айналғаны  үшін  былайша 
сөгеді:
«Күдіксіз  діндерінде  бөлініп,  топтарға  айырыл-
ғандармен  ешбір  байланысың  жоқ.  Сөзсіз  олардың 
ісі  Аллаһқа  тән.  Кейін  оларға  істеген  істерін 
түсіндіреді»
81
.
Тағы бір аятта Аллаһ былай баяндайды:
«(Мұхаммед  с.а.у.)  Бәрінен  бет  бұрып  жүзіңді 
Ислам дініне жөнелт. Аллаһ жаратылыста адам ба-
ласын соған арнап жаратқан. Аллаһтың жаратуында 
өзгеріс болмайды. Осы тұп-тура дін. Бірақ, адамдардың 
көбі  түсінбейді.  Аллаһқа  бой  ұсынған  түрде  одан 
қорқа отырып намаз оқыңдар әрі ортақ қосушылардан 
болмаңдар. Сондай олар діндерін бөлшектеп, топтарға 
бөлініп, әрбірі өз алдындағыларына мәз болғандар»
82
.
Ал  фиқһ  мәзһабтары  арасында  бөліну  түсінігі 
болған  емес.  Керісінше  дін  тұтастығын  сақтап  келді. 
Мәзһаб  иелері  бір-бірін  құрметтеп,  қуаттап  отырды. 
Бұған  бүгінгі  фиқһ  әдебиеттері  мен  әр  түрлі  мәзһаб 
79
  «Әли-Имран» сүресі, 105-аят
80
  «Әнфал» сүресі, 46-аят
81
  Әнғам сүресі 159
82
  «Рум» сүресі, 30,32-аяттар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет