Туралы таным



жүктеу 2.46 Kb.
Pdf просмотр
бет6/11
Дата07.03.2017
өлшемі2.46 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Үшінші  шарт:  Өзіне  дейінгі  бүкіл  ғасырдағы 
мұсылман  ғұламаларының  ижмасымен  қойылған 
шариғи амали үкімдерді білуі. Себебі осындай ижмамен 
(бүкіл  мұсылман  ғұламасының  қолдауымен)  шариғи 

87
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
үкім  белгіленгеннен  кейін  бұл  мәселеде  жаңа  ізденіс 
пен  өзгеріс  жасауға  орын  жоқ.  Бір  фиқһшы  ғалымға 
ижмамен бекітілген мәселеде пәтуа сұралса, бекітілген 
ижмадан    хабарсыз  болғандықтан  бұл  үкімге  қайшы 
пәтуа беруі мүмкін. Шариғатта бұған рұқсат етілмейді.
Төртінші  шарт:  Ислам  шариғатының  көздеген 
мақсат-мұраты  мен  басты  принциптерін  толық  білу. 
Себебі  егер  осылардың  біреуінен  хабарсыз  болса,  із-
деніс  жасауда  кейбір  мәтіндердің  сырт  мағынасына 
қарап,  қатеге  түсу  ықтималдылығы  басым  болып, 
нәтижеде бұл принциптерге  қайшы пәтуа беруі мүмкін. 
Бұған шариғатта рұқсат етілмейді.
Бесінші шарт: Халықтың әдет-ғұрыпын, хал-аху-
алын және олардың игілігі мен зиянына алып баратын 
нәрселерді  толық  білуі.  Себебі  бұларды  білмейінше 
дұрыс пәтуа беру мүмкін емес. 
Алтыншы шарт: Араб тілін толық меңгеру. Мор-
фология  (сарф),  синтаксис  (наһу)  және  араб  әдебиеті 
арқылы  сөздің  мағыналық  құрылысын  (баян)  біледі. 
Осы  арқылы  ижтихадта  сөздің  мазмұнына  қатысты 
нақты шешім қабылдай алады.
жетінші шарт: Дінінде және мінез-құлығында ту-
рашыл болу. Яғни жаман іс-әрекеттен аулақ болуы. Бұл 
шарт ғылыми тұрғыдан емес, бірақ пәтуасының қабыл 
етілуі тұрғысынан рөл атқарады.
Сегізінші  шарт:  Ақылының  кәмілділігі.  Дұрыс 
қорытындыға  қол  жеткізу  өте  қиын  болғандықтан, 
парасаттылық пен даналыққа  жетпеген адам мүжтаһид 
бола алмайды.

88
Мәзһаб туралы таным
Ижтихад  жасау үкімі
Ислам шариғаты өмірдің барлық саласында, барлық 
уақытта жүретіндігі, оған қоса өмірдің жаңарып, дамып 
отыратындығы, осыған сай жаңа шешімдерге қажеттілік 
туындауы  ижтихадтың  исламдағы  маңызын  ұлғайта 
түседі. Ижтихад жасаудың үкімі мүжтаһидтік дәрежеге 
жеткен адам мен жетпеген адам арасында өзгеріп оты-
рады.
а) Мүжтаһид дәрежесіне жеткен ғалымдар үшін кей 
жағдайда парыз айн, кей жағдайда парыз кифая, ал кей 
жағдайда мұстахаб болады. 
Яғни шариғи үкімі білінуі керек болған бір оқиғамен 
бетпе-бет  келсе,  онда  ол  басқа  ешкімнің  ижтихадына 
ермей өзі ижтихад жасауы мүжтаһидтікке лайық кісіге 
парыз айн болады.
Сондай-ақ  кез  келген  бір  мұсылман  немесе 
мұсылман жамағаты шариғи үкімі анықталуы керек бір 
оқиғаға тап болса, мүжтаһидтікке лайық кісі сол елге 
мүфти  болып  сайланса  немесе  одан  басқа  лайық  кісі 
болмаса тағы да ижтихад жасау парыз айн болады.
Егер  осы  жағдайларда  бірнеше  мүжтаһидтікке 
лайық кісілер болса, онда оларға парыз кифая болады. 
Іштерінен бірі пәтуа берсе, өзгелердің мойнынан міндет 
түседі. 
Ал  егер  әлі  кездеспеген,  болашақта  орын  алуы 
мүмкін оқиға жайында «осылай бола қалса» деп сұрақ 
қойылса,  онда  пәтуа  беруі  жақсы  (мұстахаб)  болады, 
қаласа жауап бермейді. Бұл пәтуаға зәрулік болмағаны 
үшін оған күнә жоқ.
ә)  Мүжтаһидтік  шарттарға  лайық  болмаған 
ғалымдар мен өзге халық үшін ижтихад жасау (өз бетін-
ше  Құран  мен  хадистен  үкім  шығару)  харам.  Себебі 

89
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
бұл адамдар шариғи дәлелдерді зерттеуге, ол жердегі 
Аллаһтың үкімін түсінуге қабілетті емес. Олардың із-
деністері Аллаһтың үкіміне жеткізе алмайтындығымен 
қоса,  адасушылыққа  итермелейді.  Сондықтан  Аллаһ 
Тағаланың  «Егер  білмесеңдер  білім  иелерінен 
сұраңдар»
62
 деген әміріне құлақ түріп, бұл адамдар өзге 
білетіндерден  сұрауы  тиіс.  Сондай-ақ  Аллаһ  Тағала 
пендесінің  шамасы  жетпейтін  нәрсені  жүктемейді. 
Құранда: «Аллаһ адамға шамасы келетін міндетті ғана 
жүктейді»
63
 – дейді 
Тақлид және муқаллид
Тақлид  дегеніміз  –  дәлелін  білместен  өзге  бір 
адамның  сөзін  айғақ  ретінде  ұстану.  Мәселен,  Әбу 
Ханифаның  сөзі  бойынша  дәретте  бастың  төрттен 
біріне мәсіх тарту парыз деу секілді. Мұндай адамды 
муқаллид дейміз.
Тақлидтің үкімі:
Жоғарыда мүжтаһид дәрежесіне жеткен адам үшін 
туындаған мәселеге өзі ізденіп үкім шығару керектігі, 
өзгенің сөзін ұстануға болмайтындығы айтылды. Енді 
мүжтаһидтік  дәрежеге  жетпеген  адам  (мейлі  ол  адам 
халықтан бірі болсын, мейлі ғылымда белгілі деңгейге 
жеткен ғалым болсын) шариғи-амали үкімдерде өзгенің 
пікірін ұстануы дұрыс па?
Бұл мәселеде әр түрлі көзқарастар бар. Бірақ соның 
ішінде  шариғи  дәлелдерге  сай  болғаны  төмендегі 
көзқарас:
«Мүжтаһид  дәрежесіне  жетпеген  әрбір  адам 
мүжтаһид  имамдардың  бірінің  жолын  ұстануы  шарт. 
62
  «Нахл» сүресі, 43-аят
63
  «Бақара» сүресі, 286-аят

90
Мәзһаб туралы таным
Жолыққан  мәселелерін  ғалымдардан  сұрауы  керек».  
Себебі:
1) Құраннан  дәлел:  Құранда:  «Егер  білмесеңдер, 
білім иелерінен сұраңдар»
64
 – дейді. Аллаһ Тағала біл-
мейтін  адамның  білетін  адамнан  сұрауын  әмір  етуде. 
Бұл аят адамдардың ішінде білмейтіндер және білетін 
ғалымдар  болып  екіге  бөлінетіндігіне  дәлел.  Білмей-
тін адам бір мәселеге жолыққанда өзі хабарсыз болған 
үкімін  ғалымнан  сұрап  оған  еруін  міндеттейді.  Егер 
оның сөзін қабылдамаса сұрауды міндеттеудің еш мәні 
қалмаған  болар  еді.  Тақлидті,  яғни  ғалымдарға  еруді 
тыйып, ижтихадты әрбір адамға міндеттеу жоғарыдағы 
аяттың мазмұнына қайшы келуде.
2) Ижмадан дәлел: Сахабалар мен табиғиндардың 
ішіндегі  мүжтаһид  болмағандары  бастарына  бір  іс 
түскенде  өз  араларындағы  мүжтаһидтеріне  жолығып, 
сол  істің  үкімін  сұрайтын.  Мүжтаһид  сахаба  мен 
табиғиндар осы іс жайындағы Аллаһтың қойған үкімін 
айтып  беретін.  Ешбірін  сұрақтан  тыймайтын.  Ешбір 
дерек көзінде сұрақ қоюшыларға «өздерің іздеп тауып, 
үкімін біліп алыңдар» деп, әмір еткен оқиға кездестір-
мейміз.  Шамасы  жетпейтін  адам  ижтихадпен  міндет-
телмейтіндігі және ижтихадқа шамасы келетін адамнан 
сұрауы сахаба мен табиғиндардың түгелдей қолдауымен 
(ижмамен) бекітілген іс. Ендеше бүкіл адамды өз бетін-
ше ижтихадпен міндеттеу ижмаға қайшы іс.
3) Адам табиғатынан дәлел: Ижтихад әрбір адамның 
қолынан келе беретін іс емес. Себебі шариғи дәлелдерді 
түсініп  үкім  шығару  ерекше  дарындылықты  талап 
етеді.  Бұл  мүмкіншілікті  Аллаһ  Тағала  құлдарының 
барлығына бермей, олардың ішінде аз ғана топқа тән 
64
  «Нахл» сүресі, 43-аят

91
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
қылады. Енді мүмкіншілік берілмеген адамнан сол істі 
талап ету шамасы жетпейтін істі міндеттеу болмақ. Ал 
бұл  болса,  Аллаһ  Тағала:  «Аллаһ  адамға  шамасы  ке-
летін міндетті ғана жүктейді»
65
 – дегені үшін шариғи 
тұрғыдан дұрыс емес.
4) Өмір  заңдылығынан  дәлел:  Ижтихадта  шариғи 
және тіл ғылымына қатысты білімдерді меңгеру үшін 
ұзақ  уақыт  қажет.  Барлық  адамның  осы  жолмен  ай-
налысуы  өмірдегі  басқа  зәру  қажеттіліктердің  тоқтап 
қалуына алып барады. Тіршілік көздерінің меңгеруіне 
кедергі  болады.  Бұл  –  өнеркәсіп,  сауда-саттық,  егін 
шаруашылығы  сияқты  қоғамдық  жүйені  сақтап 
тұратын  өзге  игіліктердің  бұзылуы  деген  сөз.  Бұлай 
істеу шариғаттың негізгі принциптеріне сай келмейді.
Адамдардың барлығы мәзһабсыздыққа бет 
алса не болмақ?
66
 
...Жоғарыдағы 
(мәзһабтардың 
қажеттілігіне) 
дәлелдерді  ұсынып,  түсіндіргеннен  кейін  мынадай 
сұрақ  қоямыз:  «Бұл  дәлелдердің  барлығын  ысырып 
тастап, адамдарды мәзһаб ұстанудан босатып, «ижтихад 
кеңістігінде» еркін шарлауға шақырсақ не болады?»  
Бұған жауап ретінде былай деймін:
«Егер  адамдарды  құрылыс-сәулет  саласында 
сәулетшінің  сөзін  тыңдамауға,  оның  кеңесін  алмауға 
шақырсақ;  денсаулық  саласындағы  проблемалар  мен 
оларды  шешуде  дәрігерлермен  кеңеспеуге,  сөздерін 
тыңдамауға  шақырсақ;  өнеркәсіп  саласында  осы 
саланың  мамандарының  тәжірибесінен,  кеңесінен, 
65
  «Бақара» сүресі, 286-аят
66
 
Бұл тақырып М.С. Рамазан әл-бутидің «әллә мәзхабия» кітабынан 
алынды

92
Мәзһаб туралы таным
мағлұматтарынан  пайдаланбауға  шақырсақ  не  болар 
еді? Сондай-ақ барлық саладағы мамандарға бағынбауға 
шақырып, оның орнына осы саланың барлығында әркім 
өз бетінше ізденіп, осы ізденісінің нәтижесінде жеткен 
жеке  шешіміне  сүйенуге  шақырсақ  және  адамдардың 
осы  ісін  мақұлдап,  олар  осыны  іске  асырса  не  болар 
еді?
Күмәнсіз бұл істің ақыры – өркениет пен тіршілік-
ті құлдыратып, жоюға алып баратын бассыздық қана. 
Адамдар «көркейтеміз» деп ғимараттардың қирауына, 
«айықтырамыз» деп науқастардың бақилыққа аттануы-
на, «кәсіп етеміз» деп кедейлік пен жоқшылыққа жол 
ашады.  Себебі  олар  ізденісті  (ижтихадты)  орынсыз 
жерде,  шарттарын  ескермей  іске  асырды.  Қоғамдағы 
әрбір  топтағы  адамдардың  арасын  байланыстырып 
тұратын  бірін-бірі  қолдау,  жәрдемдесу,  білім  алу, 
басшыға  бағыну  сияқты  Аллаһ  Тағаланың  жалпы 
жаратылысқа  қойған  заңдылығын  есепке  алмады. 
Бұл  заңдылық  жас  балаға  дейінгі  барлық  адам,  тіпті 
мәзһабсыздықты  уағыздаушылар  да  білетін  ақиқат 
нәрсе. Бірақ діни біліктілік пен халал – харам үкімдері 
саласында  да  дәл  осы  заңдылық  болатындығын  бұл 
адамдар неге түсінбейді екен. Мұны біле алмадық! 
Дүнияуи  біліктілікте  барлық  адамды  өз  бетінше 
ізденіспен шешім қабылдауға итермелеуден туындай-
тын  нәтиже  қандай  болса,  шариғат  ғылымдары  мен 
халал-харам үкімдерінде барлық адамды өз бетінше із-
деніспен шешім қабылдауға итермелеуден туындайтын 
нәтиже де дәл сондай. 
Бүгін  біздің  қолымызда  мүжтаһид  ғалымдар  мен 
олардың  ғұлама  ізбасарларының  жинақтап,  дайындап 
кеткен  фиқһ  еңбектерінде  адамның  жеке  өмірі  мен 

93
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
әлеуметтік  хал-ахуалына    қатысты  мәселелер  толық 
қамтылған.  Оны  қажетімізге  қарай  қолдануға  ешбір 
кедергі жоқ. Осы фиқһи бай мұраны «мұсылмандарды 
жаппай ижтихадқа шақыру» деген ұранның табанының 
астына тастар болсақ, онда бұл фиқһтың халі мүшкіл 
болмақ. Одан кейін мызғымас ұстанымдарға құрылған 
асқақ фиқһ ғимаратының орынынан зілзаладан кейін-
гі  қираған  қоқыс  үйіндісін  ғана  табамыз.  Осылай 
болатындығы  талассыз  ақиқат.  Бүгінгі  күні  әрбір 
мұсылман үшін жеке өміріне қатысты намаз, ораза, зекет 
сияқты діни мәселелердің үкімдерін білудің оңай жолы 
бар.  Шариғи  үкімдердің  жиынтығын  қамтитын  төрт 
мәзһабтың бірінің кішкене кітабын оқу арқылы бұған 
қол жеткізе алады. Әйгілі сахабалар мен табиғиндардан 
пәтуа  сұраушылардың  халі  қалай  болса,  бүгінгі 
адамдардың да егер өзі мүжтаһид болмаса, дәлелдерді 
түсініп, меңгеруі шарт емес. Егер сен халал мен харам 
үкімдерін төрт имамның біріне ілесіп әлгі кітаптардан 
жаттап  алуына  кедергі  болып  ижтихад  пен  зерттеуді 
мойнына міндеттер болсаң, онда сенің ашықтан-ашық: 
«Туындаған  мәселеге  қатысты  әркімнің  жеке  пікірі  – 
Аллаһтың үкімін білдіреді» дегенмен бірдейсің. Бұдан 
кейін  тек  Ислам  шариғатын  жеке-жеке,  бөлек-бөлек 
жүйесіз  мәселелер  күйінде  көру  ғана  қалады.  Себебі 
әркім өз бетінше үкім шығарса, бұдан ары жинақ халіне 
келтіру кімге қажет.
Ал  егер  біреуді  осы  имамдар  мен  кітаптардан 
ұзақтатқаннан  кейін,  оны  өзге  адамдардың  ижтиха-
дымен  жазылған  кітаптарға  итермелеп,  олардың  ар-
тынан  еруге,  жолын  ұстануға  шақыратын  болсаң, 
онда сен Әбу Ханифаның, Шафийдің, Маликтің және 
Имам Ахмедтің ізіне еруден алыстатып, соңғы уақытта 

94
Мәзһаб туралы таным
шыққан  «пәленше  түгеншенің»  ізіне  еруге  ауысты-
рудан  басқа  еш  нәрсе  істемегенің.  Бұл  әрекет  төрт 
имамға  деген  қызғаныш  пен  өшпенділіктен  басқа  еш 
нәрсе емес. Сондай-ақ, әлгі «пәленше-түгеншелердің» 
соңынан соқыр сеніммен еріп, пікірлерін жаю ғана.
Бірде жанымда намаз оқып, «ташаххуд» отырысын-
да саусағын үздіксіз қимылдатқан студентке: 
–  Неге саусағыңды бұлай қимылдатасың? – дедім. 
Ол Пайғамбарымыздың сүннеті екендігін айтты. Мен:
–  Бұл жайында қандай хадис бар? Оның сахихтік 
дәрежесі  қандай?  Хадистегі  қай  сөз  осылай  үздіксіз 
қимылдату керектігін көрсетеді? – деп сұрадым.  Әлгі 
студент:
–  Білмедім.  Бірақ  «бір  кісіден»  сұрап  аламын,  – 
деді.
Әттең  ол  (өзінің  дәлелден  хабарсыз  екенін  білген 
соң) «Бұл мәселеде Имам Малик мәзһабын ұстанамын» 
дегенде ғой. Өзін де, өзгені де әуреге салмас еді. Соны-
мен қатар мойнындағы міндетін орындаған болар еді. 
Демек бұл жігітті өзге біреуге тәуелді қылып қою үшін 
ғана,  төрт  мәзһаб  имамының  біріне  ілесуден  тыйған. 
Ол  әлгі  «бір  адамның»  соңына  өмір  бойы  ерсе  де, 
оған осы жолды үйреткендер төрт имамның мәзһабын 
ұстанушыларға «бір мәзһабпен шектелу харам» деп ай-
татыны сияқты, оған «саған бір адамның артынан еруің 
харам» демейді. Бұл оқиғадан фанатизмнің ең сұмдық 
сипатын, ең зиянды көрінісін көруге болады.
Мүжтаһид  дәрежесіне  жетпейінше  төрт  имамның 
біріне ілесудің қажеттілігі жайлы әкелген дәлелдерімізді 
ешбір ынсапты адам жоққа шығара қоймас. Егер оны 
түсінсе,  адамдардың  барлығын  ижтихад  жасауға; 
өзінен бұрын миллиондаған мұсылмандардың ергеніне 

95
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
қарамастан, мүжтаһид имамдардың соңынан еруді тәрк 
етуге; (әр түрлі негізсіз пікірлер Аллаһтың шариғатын 
бүлдіретіндігіне қарамастан) әрбір адамды өз түсінгені 
мен түйгеніне қарай өз бетінше Құран мен хадистен ха-
лал-харам үкімдерін шығаруға шақырмас болар. Адам-
дарды  қарама-қайшылыққа  алып  баратын  осындай 
есіктің  айқара  ашылуы  Ислам  мен  Ислам  шариғатын 
аяқтан шалушыларға «ижтихад сылтауымен» Исламға 
іріткі салуға мүмкіндік беретіндігі баршаға аян. 
...Сендер  (мәзхабсыздар),  ғасырлар  бойы  шариғи 
тұрғыдан  дұрыс  екендігі  талассыз  мойындалған 
имамдардың  артынан  ерген  мұсылмандарды  жайына 
қалдырыңдар!  Егер  ижтихадты  қаласаңдар,  мүжтаһид 
имамдардың  кезінде  пайда  болмаған  бүгінгі  күнгі 
жаңа  мәселелердің  үкімдерін  шығару  үшін  ижтихад 
жасаңдар!  Сонда  біз  сендерге  табыс  пен  зеректілік 
тілеп дұға етеміз.
Бірақ сендер, «өмірді сақтандыру», «анонимдік және 
акционерлік  компаниялардың  түрлері»,  «әлеуметтік 
қамсыздандыру  түрлері  және  әртүрлі  келісім 
шарттардағы  өтемақылар»  сияқты  бүгінгі  күні  ижти-
хад жасалып  үкімі айқындалуы тиіс болған, бұрынғы 
имамдар қозғамаған нәрселерден қашасыңдар. 
Бұл  мәселелерде  зерттеу  жасаудан  қашасыңдар 
да,  төрт имамның ижтихадтарын келеке қылып, адам-
дарды  оларға  еруден,  оларды  басшылыққа  алудан 
сақтандырасыңдар.
Құдай  ақы,  бұл  мәзһабсыздардың  ішінен  бірде-
бірінің  осы  бүгінгі  шығып  отырған,  халықтың  күнде 
үкімін  сұрап  жүрген  жаңа  мәселелерді  зерттегенін 
көрмедім.  Қайта  орнығып  бекітілген  нәрсені  жығуға 
бар күшін салады. 

96
Мәзһаб туралы таным
Әй, мәзхабты мойындамайтындар! Сендер мұсыл-
мандардың  таңдаулы  имамдары  жинақтап,  олардан 
кейін мұсылмандар арасында ұрпақтан-ұрпақ қабылдап 
келе  жатқан  орнықты  бекітілген  үкімдерді  жайына 
қалдырыңдар! Сендер мүжтаһид имамдардың ешбірінің 
зерттеуі мен көзқарасында айтылмаған, бүгінгі шығып 
отырған,  мұсылман  жұртшылығы  шариғи  үкімін 
біле  алмағандығы  үшін  мазасызданып  жүрген  жаңа 
мәселелерге  көмектесіңдер!  Егер  ижтихадтарыңнан 
нәтиже шығарып, оны Құран мен хадистегі дәлелдеріне 
ұштастыра  алсаңдар  әрі  өздеріңе  тән  үкім  шығару 
жолдарыңды сомдап көрсете алсаңдар, онда төрт имамды 
бірдей алдарыңа тізе бүктіріп береміз. Сонымен қатар, 
олардың  ижтихадтарын  сендердің  ижтихадтарыңмен 
мансұқ етуге жол ашып, барлық адамдарды сендердің 
соңдарыңнан еруге шақырамыз».

97
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
3. сеБеп: ихтилАФ – МӘЗҺАБтАр 
АрАсындАғы АйырМАшылық
Неге мәзһабтар арасында айырмашылық бар?
Бұл дінде бөлінушілікке түсу емес пе? 
Төрт мәзһабты біріктіріп ең дұрысын алсақ  
болмай ма?
Мәзхабтарды теріс түсіну мен түсіндірудің бір себебі 
мәзһабтар  арасы  айырмашылықтардың  болуы.  Бұл 
айырмашылықтардың  қаншалықты  жөн,  қаншалықты 
теріс екенін төменде қарастыратын боламыз. Бірақ одан 
бұрын осы қате түсінікке себеп болған нәрсеге тоқталу 
керек  сияқты.  Мәзһабтар  арасы  айырмашылықты, 
дінде  бөлінушілікке  теңестіру  түсінігі  Құран  мен  ха-
дисте  кездесетін  «ихтилаф»  сөзінен  туындауда.  «Их-
тилаф»  сөзі  –  «әртүрлі  болу,  әркелкі  болу,  келіспеу, 
қайшы  пікірде  болу,  айтысып-тартысу,  қайшылық, 
таласқа  түсу»  деген  мағынаны  білдіреді.  Сондықтан 
«ихтилаф»  сөзін  барлық  жерде  шариғатқа  қайшы  істі 
білдіреді деу дұрыс емес. Құран мен хадисте де орнына 
қарай  бірде  тыйым  салынса,  бірде  қошталып  отыра-
ды. Мәзһабтар арасындағы айырмашылық та осындай 
қошталған «ихтилафтардың» қатарына жатады. Себебі 
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Үмметімнің (кейбір мәселеде) 
әртүрлі көзқараста болуы – рақымдылық», – деген. Ха-
дистегі «әртүрлі көзқарас» арабшадағы ихтилаф сөзінің 
аудармасы. Ал мұсылман қауымының арасын бұзатын 
айтыс-тартыс «ихтилафы»  нағыз шариғат тыйым салған 
ихтилаф. Құранда бұлар жайлы: «Аллаһтың құзырында 

98
Мәзһаб туралы таным
шынайы дін – ислам. Сондай кітап берілгендер өздеріне 
мәлімет  келгеннен  кейін  араларындағы  күңшілдіктен 
ғана  талас-тартысқа  түсті.  Кім  Аллаһтың  аяттары-
на  қарсы  келсе,  күдіксіз  Аллаһ  тез  есеп  көруші»
67

Аяттағы  «талас-тартыс»  сөзі  арабшадағы  «ихтилаф» 
сөзі. Бұл жердегі ихтилаф мұсылмандардың сақтануы 
тиіс «ихтилафтардың»  қатарына жатады. 
Ихтилаф  жайында  дұрыс  түсінік  қалыптастыру 
үшін оның себептерін, сипаттарын білу қажет. Онсыз 
қайсысының  тыйым  салынған,  қайсысының  рұқсат 
етілген ихтилаф екенін білу қиын.
Қайшылыққа түсудің себептері
68
Қайшылыққа түсудің себептері әр түрлі. Дегенмен 
оларды негізгі екі топқа бөлуге болады.
Біріншісі – мінез-құлықтан туындайтын; екіншісі – 
пікір әркелкілігінен туындайтын қайшылықтар.
Қайшылықтың туындауына себеп болатын  мінез-
құлықтарға төмендегілерді жатқызуға болады. 
1.  Менмендікпен өз пікірін жоғары санау.
2.  Өзгелер  жайлы  жаман  ой  мен  дәлел-айғақсыз 
кінәлауға құмарлық.
3.  Өзімшілдік  пен  нәпсіқұмарлық.  Осының 
нәтижесінде атақ пен мансапқа құмарлық пайда болады. 
Бұл өзгелерді мойындамауға алып барады.
4.  Жеке  тұлғалардың  немесе  топтардың  фанаты 
(жанкүйері) болу.
67
  «Әли-Имран» сүресі, 19-аят
68
  Ихтилаф тақырыбындағы материалдар Юсуф әл-Қардауидің 
«әс-Сахуат-ул  Исламия  байна-л  ихтилаф-ил  машруғ  уат-
тафарруқ-ул мәзмум» кітабы бойынша дайындалды

99
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
Ислами тәрбие саласындағы ғалымдардың пікірін-
ше  бұлардың  барлығы  адамдарды  рухани  қатерге 
ұшырататын  ең  нашар  мінез-құлықтар.  Ислам 
уағызшысын былай қойғанда жәй бір мұсылманның өзі 
бұл  мінездерден  құтылуы  үшін  күрес  жүргізуі  қажет. 
Мұндайда  шайтанның  құрығынан  құтылып,  олардың 
орнын  жақсы  мінез-құлықтармен  толтыруы  үшін 
нәпсі тәрбиесі қажет-ақ. Ал осы нашар да қатерлі мі-
нездерден  бастау  алатын  қайшылықтар  –  бөлінушілік 
пен жамандыққа алып баратын қайшылықтар. Мұның 
ешбір пайдалы тұсы жоқ.
пікірден туындаған қайшылықтар
Пікірден  туындайтын  қайшылықтарға  келетін 
болсақ, бір істе бірнеше көзқарастың пайда болуынан 
шығады.  Бұл  іс  шариғаттың  фиқһи  тармақтарында 
және  иман  негіздеріне  әсер  етпейтін  кейбір  итиқади 
мәселелердегі 
қайшылықтар 
сияқты 
ғылыми 
теориялық  болуы  да  немесе  саяси  ахуалға  байланыс-
ты  шешім  қабылдауда  болатын  қайшылықтар  сияқты 
іс-тәжірибелік болуы да мүмкін. Екі жақтың тәжірибе, 
білім, көрегенділік, зеректілік сияқты ерекшеліктерінің 
нәтижесі  ретінде  туындаған  қайшылықтар.  Мұнда 
адамның өскен ортасы мен заманының да әсері болады. 
Мұндай қайшылықтарға жалпы өмірден көптеген мы-
салдар  бере  аламыз.  Мәселен  бір  істің  алға  жылжып 
оң  нәтиже  беруі  үшін  әр  түрлі  көзқарастар  айтыла-
ды.  Бірі  пайдалы  жағын  көрсе,  бірі  зиянды  жағын 
байқайды.  Сондай-ақ  тарихи  оқиғаларға  баға  беруде 
де  әрқилы  пікірлер  айтылып  жатады.  Ойшылдар  мен 
ғылым адамдарын бағалауда да сондай. Бірі жетістігін 
тізбектесе,  бірі  кемістігін  санауы  мүмкін.  Осылардың 

100
Мәзһаб туралы таным
ішіндегі  ең  кең  тараған  қайшылықтар  фиқһтың 
тармақ  мәселелерінде  кездеседі.  Шариғаттың  фиқһ 
саласындағы  көзқарас  қайшылықтырының  себебі  мы-
налар:  Құран  мен  хадис  мәтінін  түсінуде  көптеген 
мектептердің қалыптасқандығы; Құран мен сүннеттен 
анық үкім таппағанда сол екеуіне сүйене отырып, өз із-
денісімен үкім шығаруда әр түрлі қағидаларға жүгінуі; 
Бірінің  кеңшілік  жағын,  бірінің  рұқсат  шеңберін  тар 
ұстауы сияқты ғылыми-әдістемелік жолдар мен бірінің 
табиғаты  қатты,  ал  бірінің  табиғаты  жұмсақ  болуы 
сияқты толып жатқан себептері бар. Мәзһабтар арасы 
айырмашылықтың барлығы осыған мысал бола алады. 
Яғни  ғылыми  әдістемелік  жолдың  нәтижесі  ретінде 
пайда болған.
Фиқһи айырмашылықтарда назар 
Каталог: images -> pdf
pdf -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
pdf -> 2016 жыл, сәрсенбі
pdf -> 2016 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 00-ден бастап орталық «Достық» алаңында
pdf -> 2016 жыл, сәрсенбі
pdf -> Сборник статей Международной научно-практической конференции к 80-летию Государственного музея искусств рк имени А. Кастеева Алматы 2015
pdf -> 8 бет. Ардагерлердің алғысы Ерді ЕсЕйткЕн Ерлік кемел өнер кемерінен шалқыса
pdf -> Расти, яблонька, цвети, нежная! Радуй людей плодами своими, а мы постараемся подарить
pdf -> 8-9-бет. МерекеңМен, Мейірлі Медбике!

жүктеу 2.46 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет