Туралы таным


ІІ БөЛІм.  мӘзһАБТЫ ҚАТЕ ТҮСІНу



жүктеу 2.46 Kb.
Pdf просмотр
бет5/11
Дата07.03.2017
өлшемі2.46 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ІІ БөЛІм. 
мӘзһАБТЫ ҚАТЕ ТҮСІНу 
жӘНЕ ТҮСІНдІРу 
СЕБЕпТЕРІ

72

73
1. сеБеп: сАхАБАлАр ЗАМАнындА 
МӘЗҺАБ БолМАуы
Сахабалар кезінде неге мәзһаб болмады?
Мәзһабтардың 
қалыптасуынан 
хабарсыз 
кейбір  адамдарды  «Бұл  үмметтің  ең  абзал  жандары 
сахабалардың  кезінде  мәзҺаб  жоқ  еді  ғой.  Енді  біз 
олардың істемеген ісін қалай істейміз? Бұл бидғат емес 
пе?» деген сұрақ көп мазалайды. Бұл сұрақтың жауабы 
өз ішінде жатыр. Яғни олардың ең абзал жандар ретін-
де бағалануы оларды арнайы құрылған жолға мұқтаж 
қылмады.  Әрине  олардың  абзалдығы  өздеріне  тән 
сипаттарға  байланысты  еді.  Оларды  мәзһабқа  мұқтаж 
етпеген  сипаттарды  төменде  баяндайтын  боламыз. 
Жоғарыдағы сұрақты қою – соқыр адамның қасындағы 
көзі көретін адамға еріп, маған да таяқ қажеті жоқ дегені 
секілді  нәрсе  ғана.  Ал,  «пайғамбарымыздың  (с.а.у.) 
кезінде неге мәзхаб болмады?» – деп сұрау – уахидың 
мәні мен мағынасын білместіктен ғана шығатын сөз. 
Иә,  сахабалар  кезінде  неге  мәзһаб  болмады...? 
Себебі,  сахабалардың  бойынан  ғана  табылып,  одан 
кейінгі  ғасырларда  бірте-бірте  жоғала  бастаған 
екі  ерекше  сипат  болды.  Олардан  кейінгі  келген 
мұсылмандар  бұл  екі  сипатқа  ие  бола  алмады.  Саха-
балар  осы  екі  қасиеттің  арқасында  сенім  негіздеріне 
немесе  ғибадат  мәселелеріне  байланысты  Құран  мен 
Сүннеттен үкімдер шығаруда сүйенетін арнайы ғылыми 
әдістемелік ережелерге мұқтаж болмады. 

74
Мәзһаб туралы таным
Бұл екі қасиет мыналар еді:
1.  Өзге  тілдердің  әсерінен  ада,  таза  араб  тілін 
меңгеруі;
2.  Қалтқысыз бойсұнуға итермелейтін таза ислами 
болмысқа ие болу.
Құран  мен  сүннеттен  үкім  шығаруда  ғылыми 
қағидаға сүйенуге деген қажеттілік – иә, араб тілі мен 
әдебиетіндегі әлсіздіктен, иә болмаса тараптар арасында 
бой көрсететін түсінік пен көзқарас айырмашылығынан 
туындайтындығы  білгілі.  Сахабалардың  заманында 
әсіресе, алғашқы буынында бұл екі мәселе толығымен 
жоқ еді. Бұған сол кездегі діни мәселелердің  шектеулі, 
аз болып Құран мен сүннеттегі айқын тақырыптардың 
тысына  шықпағандығын  қоссақ,  алғашқы  буын 
сахабалардың қандай да бір ереже – қағидат жинақтарына 
мұқтаж  болмағандықтарын  анық  көреміз.  Олар  өз 
араларында  дау-жанжалға  түспегендіктен,  жүгінетін 
арнайы жол да іздеген жоқ.  Тіл меңгеруде және арабша 
түсінуде ешқандай қиындықтарға жолықпағандықтан, 
тілдік  ереже  –  құралдарға  да  зәрулік  жоқ  еді.  Қияс 
және басқа пікірлерді қолданатындай жаңа мәселелер 
көбейген емес еді. Жалпы айтар болсақ, сахаба дәуірінде 
мәзһабтың  бүгінгі  үлгіде  құрылуына  алғышарттар 
болмаған  еді.  Сонымен  қатар  сахабалардың  бұл 
ұстанымдары  ұзаққа  созылмады.  Исламның  жайы-
луынан  туындаған  өзгерістер  оларды  жаңа  шешімдер 
қабылдауға итермеледі.

75
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
Сахабаларды өзгеріс жасауға итермелеген 
себептер мен мәзһабтардың құрылуының 
алғы шарттары
Жоғарыдағы  сахабалардың  алғашқы  кезеңіндегі 
жағдайлар соларға тән шарттарға сай екендігін айтып 
өттік.  Алайда  олардың  бұл  халі  жалғасын  таппады. 
Керісінше  жаңа  жағдайлар  мен  себептердің  аясында 
тоқтап қалды. Сөйтіп олар ғылыми-теориялық тұрғыда 
және  тәрбиелік  жолдарында  жаңа  кезеңге  аяқ  басты. 
Енді    сол  жаңа  кезеңге  өтуге  әсер  еткен  себептерге 
қысқаша тоқталайық.
Бірінші себеп: Исламның жайылу шеңберінің 
кеңеюі
Өзге елдермен етене араласу өзара ынтымақтастық 
пен  қолдауға  құрылған  мәдениеттің  бой  көтеруіне 
негіз болды. Халықтар арасында білім саласы мәдени-
ғылыми  тұрғыдан  басты  рөл  ойнады.  Аралас  өмірдің 
нәтижесінде  әлеуметтік  және  экономикалық  сала-
ларда әдет-ғұрып пен тәжірибелердің, яғни өмір сүру 
салтының  жаңа  тәрізі  пайда  болуы  сөзсіз  еді.  Бір 
жағынан  ғылыми  тұрғыдан  ғылым  мәжілістерінде  әр 
түрлі діни және әдеби тақырыптарда бір-біріне қайшы 
мәселелер  бой  көрсетті.  Құрандағы  муташабих  және 
мағынасы ашық емес аяттар мен ғайыпқа байланысты 
мәселелердің  қозғалуы,  ғалымдардың  бұл  мәселелер 
төңірегінде  ізденуін  және  арнайы  әдебиеттерде 
еңбектерін жинақтауына алып келді. 
Риуаят бойынша әзіреті Омар (р.ғ.) бір күні өз-өзіне 
былай сұрақ қояды: “Пайғамбары бір болған Мұхаммед 
(с.а.у.) үмметі қалайша түсініспеушілікке барады?” Осы 
сұрақтың жауабын сұрау үшін Абдуллаһ бин Аббасқа 
хабар  жолдап  құзырына  шақыртады  да  оған:  “Бұл 

76
Мәзһаб туралы таным
үмметтің  Пайғамбары  бір,  құбыласы  бір,  кітабы  бір 
бола тұра қалайша таласады?” – деп сұрайды. Абдуллаһ 
бин Аббас та былай деп жауап береді: “Әй мүминдердің 
әміршісі! Құран біздің кезімізде түсті. Біз оны оқыдық 
және  түсіндік.  Бірақ  бізден  кейін  бір  қауым  келеді, 
олар Құран оқиды, бірақ не үшін түскендігін білмейтін 
болады. Осылайша түсініспеушілікке барады.”
Екінші себеп: Өзге дін өкілдерінің көптеп 
Исламға кіруі
Яһудилер,  Христиандар,  Зәрдуштер,  Брахмандар 
және  тағы  да  басқалар  бар  еді.  Бұлардың  арасында 
бұрынғы  діндерінде  ғалым  болғандары  да  жетерлік. 
Енді олар Исламға бұрылып, оның тағылымдары мен 
үкімдерін  үйренуде  өздерінің  бұрынғы  діндерімен 
салыстыра  отырып  ой  елегінен  өткізді.  Бұл  табиғи 
қажеттілік еді. Осы нәрсе сахабалар мен олардың ара-
сында  пікірталастардың  пайда  болуына  итермеледі. 
Әрине,  олардың  арасында  әлі  де  бұрынғы  діндерінің 
шырмауынан  шыға  алмағандар  да  бар  болатын.  Олар 
реті  келгенде  өз  пікірлерін  Ислам  бояуымен  бояп 
ұсынуға тырысты. Осы қате пікірлер мен сенімдерден 
сақтандыру үшін олардың түсінетін, қолданатын әдіс-
тәсілдерін қолдана отырып жауап қайтару қажеттілігі 
туындады.  Сахабалар  бұлардың  барлығынан  бас 
тартып  аталмыш  топтардың  теріс  пікірлерін  емін-ер-
кін жаюына жол бере алмады. Бұрынғы шексіз тәсілім 
мен иман ләззатының рахатынан туындаған теориялық 
саладағы  үнсіздіктен  шығып,  ғылыми  қағидалар  мен 
тіл қағидаларына және сана-түйсікті ақиқатқа жетелей-
тін  логикалық  дәлелдердің  билігіне  жүгінуге  мәжбүр 
түрде көшті.

77
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
Үшінші себеп: Көрші мемлекеттердің 
тұрғындарының топ-тобымен дінге кіруі болды
Бұл  көптеген  сахабалардың  сол  елдерге  дін 
тағылымдарын үйретуі үшін таралуын қажет етті. Олар 
танымайтын  қоғамда  жат  әдет-ғұрыптардың  ішінде 
бұрын-соңды білмеген проблемалармен бетпе-бет кел-
генде әуелде қолданылмай келген және жабық тұрған 
ижтихад есігін ашып қолдануға мәжбүр болды. 
Олар Пайғамбарымыздан (с.а.у.) көріп, естігендерін 
барған жерлерінде түсіндіре бастады. Бұл сахабалардың 
Расулуллаһтың (с.а.у.) әрбір айтқандарын естуі немесе 
істеген істерінің барлығын көруі мүмкін емес еді. Олар  
барған жерлерінде дәлел көзіне айналды. Яғни жаңадан 
мұсылман болған немесе Ислам жайында айтарлықтай 
мағлұматы  болмағандар  олардан  түрлі  мәселелерде 
діннің үкімін сұрады. Сахабалар сұралған сұрақтардың 
жауабын әуелі Құраннан, сосын сүннеттен іздеді. Олар-
дан  таба  алмағандарына  өз  ижтихадтарымен  (Құран 
мен сүннетке қарап түйген ойларымен) үкім берді. Бұл 
сахабалар мұнымен қатар көптеген шәкірттер оқытты. 
Оларға табииндер деп атады. Сахабалар дәуірінен кейін 
табиин  ғалымдары  да  мұсылмандарға  пәтуа  беріп, 
әрі  олар  да  шәкірттер  жетілдіре  бастады.  Олардың 
шәкірттеріне әтбау-т табиин деп атады. Әтбау-т таби-
индер де табииндердің жолын қуды.
Сахабалардың,  табиғиндердің  және  әтбау-т 
табиғиндердің берген пәтуаларының арасында бір-бірі-
нен  өзгеше  үкімдер  пайда  болды.  Мұсылмандар  тек 
өздері тұрған аймақтарындағы өмір сүрген имамдардың 
пәтуасын  біліп,  сонымен  амал  жасайтын  еді.  Міне, 
осының салдарынан да фиқһ мәзһабтары туындады.

78
Мәзһаб туралы таным
Әр түрлі елдерге таралып осы жолдың жайылуына 
себепші болған әйгілі сахабалар мыналар: әділетті төрт 
халифа  және  Абдуллаһ  ибн  Омар  мен  Айша  анамыз 
(Аллаһ тағала олардан разы болсын) Мәдинада қалды. 
Абдуллаһ  ибн  Аббас  Меккеде,  Абдуллаһ  ибн  Масғуд 
Куфада,  Әнас  ибн  Малик  пен  Әбу  Муса  әл-Әшғари 
Басрада,  Убада  ибн  әс-Самит  және  Мұғаз  ибн  Жабал 
Шамда, Абдуллаһ ибн Амр ибн Ас (Аллаһ тағала олар-
дан разы болсын) Мысырда болды.
Төртінші себеп: Дін бұзарлардың жайылуы мен 
мұсылмандардың арасында сенім негіздеріне 
байланысты күмән тудыру үшін әр түрлі талас 
мәселелер мен күмәнді ойлар таратушылардың 
шығуы болды
Бұл  оқиғалар  сахабалардың  кезінде  шектеулі 
болғанымен Ислам территориясы кеңеюімен бірге кең 
тарай бастады. 
Бұл  тұрғыда  да  сахабалар  мен  ғұламалар  тиісті 
жауабын  беріп  отырды.  Айтыс  пен  пікірталастан 
шығар  жол  жоқ  екенін  көрді.  Бүлікшілердің  өздері 
қолданатын  диалектикалық  және  логикалық  әдістерді 
өздеріне қарсы қолданды. Бұл мәселе жайында хазіреті 
Әлидің  (Аллаһ  одан  разы  болсын)    мынадай  сөзі  бар 
«Адамдардың  білетін  нәрселері  арқылы  сөйлесіңдер. 
Олардың қабылдай алмайтын нәрселерін қолданбаңдар. 
Әлде (оларға дұрыс түсіндірмей) Аллаһты және оның 
Пайғамбарын (с.а.у.) жалғанға шығаруын қалайсыңдар 
ма?!».
Сахабалар мен табиғиндар тарихын зерттеген әрбір 
адам олардың діннің өркендету жолындағы осы секіл-
ді  еңбектерін  көптеп  көре  алады.  Сондықтан  бүгінгі 
діни ғылымдардың барлығының, соның ішінде фиқһи 

79
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
мәзһабтардың  негізі  сахабалар  кезінде  қалыптаса 
бастаған деп толық айта аламыз. Өйткені жаңа шыққан 
проблемалар жаңа шешім қабылдауды талап етеді. Олар-
дан кейін аз ғана уақыт өткенде осыншалық дәрежеде 
тәсілдерін өзгертуге мәжбүр болса, ғасырлар өткеннен 
кейін,  «сахабалардың  кезінде  неге  мәзһаб  болмады?» 
деп, сахабалар өмірінің сыртқы көрінісін аңсау ағаттық 
қана  болар  еді.  Мәзһабтардың  құрылымы  жайлы 
тақырыпта  мәзһабтың  құрушыларының  барлығы  са-
хабалармен сабақтастықты үзбегендігін көреміз. Яғни 
мәзһаб – сахабалар кезінде басталған шариғи үкімдерді 
жүйелеу процесінің толыққан формасы ғана.

80
Мәзһаб туралы таным
2. сеБеп: шАриғАт ғылыМынА 
жеңіл қАрАу, ижтихАд-тАқлид 
МӘселесін есКерМеу
Құран мен хадистер алдымызда дайын. Олай 
болса, неге ең дұрыс үкімді өзіміз таңдап алмай-
мыз? 
Мәзһаб имамдары мен біздің арамызда не 
айырмашылық бар?
Бұл сұрақтар да бүгінгі дінге бет бұрған адамдардың 
көп жолығатын сұрақтары. Әттең, шын мәнінде Құран 
мен хадисті шарттарына сай түсініп, өмірге ұштастыра 
алатын  азаматтар  шығып,  бүгінгі  күннің  проблемала-
рын  шешіп  беріп  жатса,  қандай  тамаша?!  Әлі  де  ара-
мыздан ғұламалар шығады деп үміттенеміз. Бірақ дін 
кім көрінгеннің ойынына айналмас үшін (бүгінгі болып 
тұрғанындай), ижтихад және оның шарттарын еске сала 
кеткенді жөн көрдік. Себебі бұл шарттарға сай болмаған 
адамның  шариғат  үкімдеріне  бас  сұғу  екі  дүниеде  де 
обалы бар іс. Бұл дүниеде өзіңді де, өзгені де адасты-
рады.  Ал,  ақыретте  мұның  есебі  оңай  болмасы  анық. 
Сондықтан ижтихад шарттарына сай бола алмағандар 
«Егер білмесеңдер білім иелерінен сұраңдар!» – деген 
Аллаһ  Тағаланың  әмірі  бойынша  білімділерге  еруге 
шақырамыз. 
Ал, Сіз қай топтасыз? Білім иелері – мүжтаһидсіз 
бе,  әлде  оларға  еруші  –  муқаллидсіз  бе?  Мұны  бірге 
қарастыратын боламыз.

81
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
Ижтихад
61
Шариғатта  ижтихадты  «Дәлелден  үкім  шығару 
(истинбат)  жолы  арқылы  жекелеген  дәлелден  шариғи 
амали  үкімді  табу  үшін  бүкіл  күшін  жұмсау»  деп 
анықтама  беріледі.  Кімде-кім  осы  қабілетке  ие  болса 
мүжтаһид делінеді. Енді осы анықтаманы біраз тарқата 
түссек:
«Дәлелдерден  үкім  шығару  жолы  арқылы»  – 
өзгелердің соңынан еру немесе еліктеу жолымен үкім 
шығару  және  шариғи  емес  дәлел  көздерінен  үкім 
шығару жолы да ижтихид ұғымына кірмейді. Фиқһ не-
гіздерінде  (усулул-фиқһ)  бекітілген  ережелер  арқылы 
болуы тиіс.
«Жекелеген  дәлелдер»  –  ізденушінің  үкімді  не-
гізгі  шариғи  дәлел  көздерінен  шығаруы.  Бұл  дәлел 
кейде  бірнеше  мағынаны  қамтитын  Құран  мен  хадис 
мәтіні  болуы  мүмкін.  Кейде  қияс,  кейде  истислах,  ал 
кейде  истисхаб  болуы  мүмкін.  Осы  дәлел  көздерінен 
басқа ғалымдардың сөзі немесе басқа да мәтіндерді ең 
соңғы күшіне дейін зерттеу арқылы шариғи-амали үкім 
шығаруды да ижтихад қатарына жатқызбайды.
«Шариғи амали» – сөзі арқылы сенім жүйесіне және 
мінез-құлыққа  қатысты  үкімдер  мен  шариғаттан  тыс 
басқа  зерттеулер  үшін  күш  жұмсаушылар  мүжтаһид 
ұғымынан  шығады.  Мәселен,  қандайда  бір  қиын  ма-
тематика  есебін  шешу,  Аллаһтан  басқа  тәңірдің  жоқ 
екенін  дәлелдеу  немесе  шыншылдықтың  мұсылманға 
парыз  екеніне  үкім  беру  сияқты.  Есеп  шариғи  болу-
дан  шықса,  Аллаһтың  бір  екендігін  дәлелдеу  сенімге 
61
  Ижтихад және  тақлид тақырыптары  Ибрахим әс-Салқинидің 
«әл-Муйәссәр  Фи  Усул-ул  Фиқһ»  кітабы  бойынша 
дайындалды

82
Мәзһаб туралы таным
қатысты  (итиқади)  болады  да,  ал  шыншылдық  мінез-
құлыққа  (ахлақи)  қатысты  болып  «амали»  болудан 
шығып қалады. 
«Бүкіл  күшін  жұмсау»  –  ізденуші  ізденіс  кезінде 
барлық күшін салуы керек. Нәтижеде бұдан әрі бұған 
қосар  еш  нәрсе  қалмағанына  және  қарастырылған 
мәселенің ешбір тұсын көзден таса етпегеніне сенімді 
болуы  керек.  Сонымен  қатар  Құран  мен  хадис 
мәтініндегі  мағынасы  нақты,  айқын  үкімді  түсінген 
адамды  мүжтаһид  қатарына  жатқызбайды.  Себебі 
ол  күш  жұмсаған  жоқ.  Мысалы:  «Ниса»  сүресі,  11-
аяттағы:  «Аллаһ  сендерге  балаларың  жайында;  бір 
еркекке  екі  әйелдің  мирасындай  үлес  бұйырады...»,  – 
деген аяттан алынған ер баланың мирастағы үлесі қыз 
баланың үлесінің екі есесі болатынын білуі сияқты. Сол 
сияқты шариғи үкім жайлы немесе үкімінің дәлелі мен 
үкім  шығару  жолы  жайлы  өзгелерден  сұрайтын  адам 
да  ижтихад  жасаушы  мүжтаһид  қатарына  жатпайды. 
Сондай-ақ, кімде-кім барлық күшін жұмсамай аз ғана 
күш жұмсаса ол да мүжтаһид саналмайды.
Ижтихад нысаны
Құран Кәрім мен хадис шәріптің мағынасы айқын, 
нақты мәтінінен үкім шығару ісі ижтихадқа саналмай-
ды.  Себебі  бұл  жерде  соншалықты  күш  жұмсамастан 
мәтінінің  меңзеген  үкіміне  қол  жеткізуге  болады. 
Сондықтан  «Ижтихадтың  нысанына»  шариғи  үкімі 
жайында  мағынасы  нақты  аят  пен  хадис  жоқ  әрбір 
мәселе кіреді.
Бұл  мәселелер екі түрлі болады: 
Біріншісі – оған қатысты аят пен хадистің бірнеше 
мағына қамтуы.

83
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
Екіншісі  –  ол  жайында  ешбір  шариғи  мәтін  кез-
деспеген мәселе.
Бірнеше  мағына  қамтитын  Құран  мен  хадис 
мәтініне  мысал  ретінде  «Бақара»  сүресі,  228-аятын 
алайық. «Талақ болған әйелдер үш (қуру) етеккір мер-
зімі  күтеді...»  Бұл  жерде  «мүштарак»  яғни  омоним 
сөз  бар,  әрі  оның  қай  мағынасы  мақсат  етілгендігіне 
ишара жоқ. Ол – аяттағы «қуру» сөзі. Бұл араб тілінде 
әйелдің етеккірі уақытына және екі етеккір арасындағы 
таза  уақытқа  да  қолданылады.  Осының  нәтижесінде 
талақ етілген әйелдің күту мерзімі жайында мүжтаһид 
ғалымдар  арасында  көзқарас  әркелкілігі  туында-
ды.  Қанша  күтеді?  Үш  етеккір  уақыты  ма,  әлде  үш 
тазалық уақыты ма? Имам Малик пен Шафий «тазалық 
уақыты»  деді.  Имам  Ағзам  етеккір  уақыты  деген 
тоқтамға барды. Әрбір мүжтаһид ғалымды белгілі бір 
таңдау жасауға итермелеген өзіндік дәлелдері бар. Ал 
екінші топтағы Құран мен хадистен басқа дәлелдерге 
келетін  болсақ,  олар  қияс,  истислах,  истихсан,  ис-
тисхаб  және  ғұрып  сияқтылар.  Бұлар  бар  болмыста-
рымен  ижтихад  нысанына  кіреді.  Себебі  бұлардың 
дәлел  ретінде  қабылдануы  мүжтаһидтер  арасында 
әртүрлі  бағаланады.  Бұларды  қолдануда  әр  мүжтаһид 
бір-бірінен  бөлек  жолдар  ұстанады.  Тағы  бір  себеп, 
мүжтаһидтердің өмір сүрген ортасының әртүрлі болуы. 
Осыдан  барып  олардың  бір  істің  игілігін  анықтауы, 
әдет-ғұрыптар мен зәру қажеттіліктерді белгілеуі бір-
бірінен  өзгеше  нәтижеге  алып  барады.  Осылардың 
барлығынан ижтихад нысанының ауқымдылығы және 
күрделілігі айқындалады. Сондықтан ижтихадпен айна-
лысатын мүжтаһидтің қабілеттілігі мен жарамдылығын 
белгілейтін шарттары бар.

84
Мәзһаб туралы таным
Ижтихад шарттары мен қабілеттілік 
нормалары 
Имам Шафий (р.ғ.) айтады:
«Мына  сипаттарға  ие  болған  адамнан  басқа 
біреудің  Аллаһтың  дінінде  пәтуа  беруіне  рұқсат  жоқ. 
Яғни Аллаһ кітабы Құрандағы аяттардың насих-мансу-
хын,  мухкам-муташабихін,  аяттардың  түсу  себебін, 
Мәкки-Мәдәни екендігін білу; бұдан кейін хадистердің 
де дәл осы мәселелерін білу; одан кейін араб тілі мен 
араб  шайырларының  жазбаларынан  Құран  мен  ха-
дисті  түсінуге  қажетті  мөлшерде  білуі  керек.  Бұған 
қоса бұларды ынсапты түрде әділдікпен қолдана алуы, 
халықтың даулы мәселелеріне басшылық ете алуы және 
бойында тумысынан біткен дарындылық болуы керек. 
Егер  осылай  болса  онда  оған  харам-халал  жайында 
сөйлеуі  және  пәтуа  беруіне  болады.  Әйтпесе,  оның 
пәтуа беруге құқығы жоқ».
Имам Шафийдің бұл сөзі мүжтаһидте болуы керек 
шарттарды  қысқаша  қамтуда.  Бұған  төменде  кеңірек 
тоқталамыз.
Бірінші шарт: Құрандағы амали үкімдерді егжей-
тегжейлі толығымен білу. Себебі Аллаһ Тағала Құранды 
насихат және сенім негіздері болуымен қатар адамдарға 
заң шығарушы дереккөзі ретінде түсірді. Адамдар оны 
Аллаһ  Тағаламен  қарым-қатынас  жасауда,  өз  арала-
рында  қоғамдық  және  халықаралық  қатынастарда  да 
басшылыққа  алады.  Сондықтан  ақида,  дағуат  және 
қисса  аяттарынан  басқа  бес  жүз  шамасындағы  аят 
шариғат заңдылықтарының негізін қалап, жалпы при-
нциптерін  белгілейді.  Кейбір  тақырыпта  жалпылама 
біртұтас  қарастырса,  ал  кейбір  тақырыпта  егжей-те-
гжейлі  қарастырып  нақты  үкімдерін  қояды.  Осы  бес 

85
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
жүзге жуық үкім аяттарын кейбір фиқһшы тәпсіршілер 
тәпсірлеуге  ден  қойды.  Олардан  бірі  тәпсірлеуде 
Құрандағы реттік жүйеге қарай тәпсірлесе, бірі тақырып-
тақырып етіп қарастырды. Әрбірі өз мәзһаб имамының 
көзқарасына сай түрде зерттегеніне қарамастан өте бай 
фиқһи қазына қалдырып кетті. Мүжтаһид болатын кісі 
бұларды назардан тыс қалдыра алмайды.
Сонымен  қатар  Құрандағы  үкім    аяттары  бір 
сүреде  немесе  аз  ғана  сүреде  реттеліп  жинақталған 
емес.  Әрбірі  өзіне  қатысты  оқиға  себебімен  әр  түрлі 
уақытта түсті. Одан кейін Пайғамбарымыздың (с.а.у.) 
уахи басшылығындағы нұсқауымен сүрелерге реттеліп 
қойылды.  Ізденуші  бір  тақырыпқа  байланысты  аят-
тарды  бір  орында  жинақталған  күйде  таба  алмайды. 
Түсу мезгіліне байланысты тәртіппен табуы да оңайға 
соқпайды. 
Әрбір ижтихадпен пәтуа беруге бел байлаған адам 
үшін  осы  аяттарды  және  олардың  фиқһи  мағынасын 
білуі керек. Бұл іс әуелі аяттарды түгел теріп топ-топқа 
бөлуді қажет етеді, содан кейін үкім шығара алуы үшін 
тәпсірлеу керек. Одан кейін де ол аяттардың түсу се-
бебін, аяттағы мағынаның айтылу себебін, аят пен осы 
аяттың тәпсірі жайында айтылған хадистердің арасын 
байланыстыруды  меңгермейінше  тәпсір  жасау  оңай 
болмайды.  Бұған  қоса  мүхкам  мен  муташабих,  насих 
пен  мансух,  захир  мен  хафи,  мутлақ  пен  муқайяд 
сияқты Құранның әдеби саласына қатысты ғылымдарды 
меңгеруі тиіс.
Екінші шарт: Сүннеттегі амали үкімдерді біртұтас 
қамтып,  оның  егжей-тегжейлі  мәселелерін  толық 
білу.  Сүннетке  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  сөзі,  іс-
әрекеті  және  өзгелердің  ісін  қолдауынан  туындаған 

86
Мәзһаб туралы таным
шешімінің  барлығы  кіреді.  Себебі  сүннет  –  Ислам 
құқық негіздерінің Құраннан кейінгі екінші дереккөзі 
болып саналады. Мүжтаһид хадис фиқһының барлығын 
үйренуі  тиіс.  Пәтуа  ісіне  кіріспестен  бұрын  хадисте-
гі  ғибадатқа,  құқықтық  нормаларға  және  әр  түрлі 
жағдайларға қатысты бөлімдерді меңгеруі қажет.
Хадистер  бізге  жету  тұрғысынан  барлығы  бірдей 
нақтылыққа  ие  бола  бермейді.  Хадис  шежіресін-
дегі  (хадисті  пайғамбарымыздан  (с.а.у.)  бері  қарай 
жеткізушілердің тізімі) мәселелерге байланысты сахих 
(дұрыс),  зағиф  (әлсіз)  сияқты  сипаттамалар  алады. 
Сондықтан бұл саладағы ғалымдар хадистің осы тұсына 
орасан зор көңіл бөлді. Хадис шежіресіндегі әрбір кісіні 
егжей-тегжейлі зерттеді. Хадистерді арнайы қойылған 
шарттар аясында топ-топқа бөлді. Олар хадисті риуаят 
еткен кезде оның дәрежесін, қай топқа жататынын ба-
яндап,  мутауатыр  немесе  мәшһүр  немесе  ахад  хабар 
деп  айтып  кетті.  Сондықтан  ізденуші  бұл  тұрғыда 
соншалықты  қиындыққа  жолықпайды.  Тақырыптарға 
бөліну жағынан да айтарлықтай қиыншылық көрмейді. 
Хадис кітаптарының көбісі фиқһи тәртіппен реттелген 
және фиқһ тақырыптарын арнайы баптарда қарастырған. 
Енді ізденуші осы хадистердің фиқһтағы мағыналарын 
арнайы жазылған түсіндірме кітаптары арқылы үйренуі 
керек. Бұған қоса мүжтаһид үшін хадистегі сөздердің 
мазмұнындағы  жалпылық  пен  жалқылықты,  шектеулі 
мен  шектеусізді  қайсысының  үкімін  жойғанын  және 
қайсысының оның орнына қойылғанын білу шарт.
Каталог: images -> pdf
pdf -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
pdf -> 2016 жыл, сәрсенбі
pdf -> 2016 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 00-ден бастап орталық «Достық» алаңында
pdf -> 2016 жыл, сәрсенбі
pdf -> Сборник статей Международной научно-практической конференции к 80-летию Государственного музея искусств рк имени А. Кастеева Алматы 2015
pdf -> 8 бет. Ардагерлердің алғысы Ерді ЕсЕйткЕн Ерлік кемел өнер кемерінен шалқыса
pdf -> Расти, яблонька, цвети, нежная! Радуй людей плодами своими, а мы постараемся подарить
pdf -> 8-9-бет. МерекеңМен, Мейірлі Медбике!

жүктеу 2.46 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет