Туралы таным



жүктеу 2.46 Kb.
Pdf просмотр
бет4/11
Дата07.03.2017
өлшемі2.46 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ә) малики мәзһабы
Cенімді деректерге қарағанда Имам Малик хижри 
93 жылы Мәдина қаласында  Иемен  тайпасына  жата-
тын араб текті жанұяда дүниеге  келді. Әкесі Анас бин 
Малик Әбу Әмір Әл-Асбааһи Иемендегі Зу-Асбаһ  тай-
пасынан болатын. Малики мәзһабы оның атымен ата-
лады. Мәдинадан шыққаны үшін оны “Хижрат елінің 
имамы” деген. Малики мәзһабы алдымен Хижаз халқы 
арасында қолдау тапты және кейіннен қажылар арқылы 
солтүстік Африка мен Испанияға жайылды.
Имам  Малик  әзіреті  Пайғамбарға  (с.а.у.)  деген 
құрметінен  оның денесі жерленген Мәдина қаласында 
атқа  мінбей  өтті.  “Ақыретте  Пайғамбар  нәсілінен 
келген  бір  адаммен  дауласқым  келмейді”  –  деп, 
өзіне  әділетсіздік  жасаған  Мәдина  әкімі  Жағфар  бин 
Сүлейменді Пайғамбар әулетінен болғаны үшін  кешір-
ген еді. 
Имам  Маликтің  жанұясына  тиісті  адамдардың 
көпшілігі  ілім,  хадис,  сахабалардың  хабарын  және 
пәтуаларын  үйреткен  кісілер  болды.  Сондай  ортада 
туып  өскендіктен  білімге  деген  қайраты  мен  талабы 
орасан  зор  еді.  Имам  Маликтің  Надир  есімді  бауыры 
хадис ілімін білетін әйгілі мұхаддистердің бірі болған. 
Ол  өмір  сүрген  жер  ілім  мен  шариғаттың  орталығы 
58
  Әбу Зәхра М. Исламда сияси ве Итикади ве Фыкхи Мезхеплер 
Тарихи.  253-б.

56
Мәзһаб туралы таным
болатын.  Имам  Малик  бірінші  Құранды  жаттағаннан 
кейін өзге бауырлары сияқты ілім мәжілістеріне қатыса 
бастады. Ол Мәдина ғалымдарынан ілім алды. Олардың 
ішінде  Абдуррахман  бин  Хурмуздың  дәрістеріне  көп 
қатысты.  Имам  Малик  Ибни  Хурмузды  өзінің  ұстазы 
ретінде қабыл етіп, оны қатты сыйлайтын еді. Ал оның 
фиқһтағы  ұстазы  Рабия  бин  Абдуррахман  еді.  Имам 
Малик ілім үйрену жолында әртүрлі қиыншылықтарды 
бастан  кешірді.  Заманындағы  барлық  ғалымдардан 
сабақ  алып,  білім  жолында  еш  нәрсесін  аямай,  тіпті  
үйін де сатқан болатын. 
Хадис пен фиқһты бірдей меңгерген еді. Әл-Муатта 
атты шығармасы әрі хадис, әрі фиқһ кітабы. Ижтихад 
әдісінде  сүннетті,  Мәдиналықтардың  іс-әрекеттерін, 
истихсанды,  масалихи  мүрсәләні,  сәнәді  (шынжы-
ры) берік болса сахабаға тиісті сөздерді дәлел ретінде 
қолдануы ең назар аударарлық ерекшелігі.
Имам  Малик  алдымен  хадистерді,  сосын 
сахабалардың  пәтуаларын  үйренді.  Мұнымен  қатар 
Исламға қатысты бүкіл ғылымға ден қойды. Сол уақытта 
Муғтазила,  Харижилер  сияқты  көптеген  мәзһабтар 
етек  алған  еді.  Имам  осылардың  көзқарастарын, 
қателескен  жерлерін  ұстазы  Ибн  Хурмуздан  үйренді. 
Ол үйренгендерін шәкірттеріне жеткізді. 
Имам Малик білімді екіге бөліп қарайды:
1) Бұқара  халыққа  айтуға  болатын  мәселелер. 
Бұл мағлұматтар ешкімге зиян тигізбейтін, кез келген 
адамның  қиындықсыз  түсіне  алатын  білімі.  Бұлар 
Пайғамбардың  (с.а.у.)  хадистері,  сахабалардың 
пәтуалары.
2) Барлық  адамға  түсіндірілмейтін,  тек  арнайы 
кісілерге тиісті білімдер. Мұндай білім кейбір кісілер-

57
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
ге  зарар  беруі  мүмкін.  Бұлар:  әр  түрлі  мәзһабтардың 
көзқарастары  және  осы  көзқарастардың  арасындағы 
қабыл етілмейтіндері. Жай адамдар бұл біліммен айна-
лысамын деп адасып кетуі мүмкін.
Имам Малик хижри 179 жылы Мәдина қаласында 
85  жасында  Раббысына  қауышты.  Ол  Мәдинадағы 
Бақи мазаратына жерленді. Жаназа намазын қала әкімі 
Абдуллаһ бин Зейнеп оқыған. 
Ұстаздары 
Имам Малик Умеялықтар дәуірінің соңғы кезеңінде 
өмір сүргендігі мәлім. Ол кезде Мәдинада ғалымдардың 
саны өте көп болатын. Ол ілім жолында едәуір ілгер-
легеннен  кейін  ілім  мен  хадис  үйренетін  ұстаздарды 
таңдауға көшті. Имам Маликтің жиені Мутарриф оның 
былай  дегенін  айтады:  «Бұл  ғылым  –  дін  ғылымы. 
Дініңізді  кімнен  үйреніп  жүргеніңізге  жақсылап 
қарап, сақ болыңыз. Мен Расулуллаһтан естідім деген 
70-ке  жуық  адамды  көрдім.  Бірақ  оның  барлығынан 
хадис ала бермедім. Олардың барлығы аманатқа өте 
берік  адамдар  болатын.  Алайда  олар  бұл  ғылымның 
маманы еместін. Зүһри мұнда келісімен оның жанына 
шоғырландық». 
Ол жүзге тарта таңдаулы ғалымнан дәріс алған деген 
риуаяттар  бар.  Соның  ішінде  әзіреті  Пайғамбардың 
(с.а.у.) хадисіне ерекше құрметпен қарап, дәретсіз хадис 
риуаят етпейтін Жағфар Садықты өзіне ұстаз тұтқан. 
Сахабалар  мен  табиғиндардың  ілімін  алды. 
Сахабалардың  ішінде  әзіреті  Омардың  пәтуаларына 
баса назар аударатын. Сонымен қатар Зәйд бин Сәбит, 
Абдуллаһ ибни Омар. Зәйд бин Сәбиттен 21 ғалым ілім 
алған екен. Олардың ілімі үш кісіге өтті: Ибн Шиһәб 

58
Мәзһаб туралы таным
Зүһри, Бүкәйір бин Абдуллаһ және Әбу Зинад. Сосын 
олардың бар ілімі Малик ибни Әнәсқа өтті». 
Имам Малик негізінен бес ғалымның жанында көп 
дәріс  алды.  Олар:  Абдуррахман  Ибни  Хүрмүз,  Әбу 
Зинад Абдуллаһ Ибни Зәкуан, Яхия бин Сайд Әнсари, 
Рабия  бин  Әбу  Абдуррахман  Фарух  және  Мұхаммед 
Ибни Шиһәб Зүһри. Бұлардан басқа алтыншы ұстазы 
ретінде Абдуллаһ бин Омардың азат еткен құлы Нафиды 
айтуға болады. Нафидан фиқһ ғылымын үйренді. Нафи 
һижраның 117 немесе 120 жылдары өмірден озған.
Әбу  Зинад  Абдуллаһ  Ибни  Зәкуаннан  хадис,  са-
хабалар  мен  табиғиндардан  қалған  фиқһ  еңбектерін 
үйренді.  Ол  66  жасында  130  жылы  Рамазан  айында 
дүниеден өтті. 
Мұхаммед  Ибни  Шиһәб  Зүһри  әйгілі  хадис 
ғалымдарының қатарында болатын. Имам Малик одан 
хадис ғылымын үйренді. Сондай-ақ Имам Малик оның 
Омар бин Абдулазиздың әмірімен әзіреті Пайғамбардың 
(с.а.у.) хадистерін алғаш рет жинақтағандығын айтады. 
Ол һижраның 125 жылы дүниеден өтті. 
Яхия бин Сайд Әнсари Имам Маликтің атақты рей
59
 
ұстаздарының бірі. Ол халыққа рей фиқһын үйретумен 
танымал  болған.  Һижраның  132  жылдары  өмірден 
озды. 
Имам  Маликтің  ғылым  саласында  көзге  көрініп, 
ілімінің дамуына үлес қосқан ғалымдардың бірі Рабия. 
Толық  аты-жөні  Рабия  бин  Әбу  Абдуррахман  Фарух. 
Ол  тарих  пен  риуаят  фиқһын  терең  меңгерген  еді. 
Хадис шәрифті негізгі бұлағынан үйренген. Сахабалар 
мен  табиғиндардың  пәтуаларын  өз  атындай  білетін. 
59
  рей:  аятпен  хадис  табылмаған  мәселелерде  жалпы  аят-
хадистердің басшылығымен үкім шығару үшін ізденіс жасау

59
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
Сондықтан  Рабия  Имам  Маликтің  ғылым  саласында 
дәрежесінің көтерілуіне үлкен септігі тигізгендігін айта 
аламыз. Ол һижраның 136 жылы дүние салды. 
Шәкірттері
Имам Маликтің шәкірттерінің саны өте көп болды. 
Олар әртүрлі аймақтардан келді. Хорасан, Ирак, Сирия 
әсіресе,  басым  көпшілігі  Мәдина,  Мысыр,  Солтүстік 
Африка  елдерінен  келіп  дәріс  алды.  Оның  Мәдина 
қаласында  тұрғандығы  шәкірттерінің  арта  түсуіне 
себеп  болды.  Имам  Маликтің  шәкірттерінің  көптігі 
соншалықты, ешқандай ғалымның шәкірттері Маликтің 
шәкірттерінің санына жетпейді деген риуаяттар бар. 
Әйгілі  шәкірттері  мыналар:  Абдуррахман  бин 
Қасым (ө. 132/749) Маликтен 20 жыл бойы фиқһ дәрісін 
оқыды. Сонымен қатар Ләйс бин Садтан да (ө. 175/791) 
дәріс алған. Малики мәзһабының әйгілі әл-Мүдәууәна 
атты шығармасын жазды. Бұл шығарманы одан Сахнун 
(ө. 240) алып, фиқһ тәртібімен реттеді. Яхя бин Яхя (ө. 
234/849), Малики мәзһабын Андалусияда (Испанияда) 
жайған фиқһшы. Әшхаб бин  Абдулазиз (ө. 204-/819), 
Малик және Ләйстің қасында фиқһ ілімін тереңдетті.
Меккеге қажылыққа барғандар әзіреті Пайғамбардың 
(с.а.у.) қаласы Мәдинаны міндетті түрде зиярат ететін. 
Осы кезде дүниенің түкпір-түкпірінен келген ғалымдар 
Имам Маликпен кездесуге асығатын. 
Имам Маликтің еңбектері
Имам  Маликтің  ең  атақты  кітаптарының  бірі  – 
«Муатта». Оның бұдан басқа да кітаптары бар. Суюти 
«Тәзини  Мәмалик»  атты  кітабында  былай  дейді: 
«Кейбір  мәліметтерге  қарағанда,  Имам  Малик  Му-
аттадан басқа көптеген еңбектер жазған. Мен оның 

60
Мәзһаб туралы таным
тамаша жазылған тәпсір кітабын көрдім». Оның Му-
аттадан басқа кітаптары кеңінен танылмаған. 
Муатта  кітабы  Ислам  әлеміне  мәлім  кітап. 
Хижаздықтардың 
хадистерін, 
сахабалар 
мен 
табиғиндардың пәтуаларын ең алғаш жинақтаған Имам 
Малик болып табылады. Муатта кітабы хадис, сүннет 
және фиқһқа негізделген. Муаттада жазған хадистердің 
рауилері  мен  мәтіндерін  мұқият  тексеруден  өткізіп 
хадистердің  сахихтерін  алуға  тырысқан.  Кейбір 
риуаяттарға қарағанда Муаттада 10 мыңға жуық хадис 
бар  делінген.  Тіпті  хадис  риуаят  етуші  рауилердің 
санына  дейін  жазған.  Сахабалардан  185  ер,  23  әйел 
болса, табиғиндардан 48 ер болған. Олардың көпшілігі 
мәдиналық. Жетеуі өзге аймақтардан. 
Муатта  кітабы  11  жылдың  көлемінде  жазылып, 
һижраның 159 жылы халыққа ұсынылды. 
Имам Маликтің фиқһы және хадисі
Барлық  Ислам  ғұламалары  Имам  Маликтің  үлкен 
бір фақиһ екендігін қабылдайды. Имам  Маликтің фиқһ 
саласында  өзіне тән бір әдісі бар болатын. Бірақ риуаят 
тақырыбындағы кейбір әдістерін жазып, кейбіреулерін 
жазбаған.  Кейіннен  Малики  мәзһабының  ғұламалары 
бұл  іспен  айналысып,  Имам  Маликтің  фиқһын 
құрайтын әдістері мен принциптерін жеке кітап қылып 
жинақтаған.
Хижрет  елінің  имамы  Малик  алдымен  Аллаһтың 
кітабына  жүгінетін.  Кітаптан  бір  дәлел  таба  алмаса 
сүннетке бас ұратын. Оның ойынша Пайғамбардың ха-
дистері, сахабалардың пәтуалары мен берген үкімдері 
және Мәдиналықтардың іс-әрекеттері сүннетке жатады. 
Сүннеттен кейін қиясқа жүгінеді. Қиястан соң масла-
хат, садду зараи, әдет-ғұрыптар келеді.

61
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
Имам Малик Құранды барлық дәлелдерден жоғары 
қойған. Имам Малик Құранның жорамалды қажет ет-
пейтін ашық аяттарына сүйенетін. 
Сүннет Құраннан кейінгі екінші дәрежедегі орынды 
алады. Имам Малик мутауатыр пен мәшһур хадистер-
ді дәлел ретінде қабылдайды. Әдетте ең көп кездесетін 
ахад  хабарларды да шарттарына сай болса,  дәлел деп 
қабыл ететін
60
.
Имам  Малик  сахабалардың  пәтуаларына  амал 
етілуі  қажет  деп  санайтын.  Имам  Малик  қиясты  да 
қабылдайтын.  Истихсан  мен  масалихи-мурсала  бұл 
мәзһабтың көп қолданған дәлел көздеріне жатады.
Саддуз-зараиді де Имам Малик шариғи дәлелдерден 
деп  санайды.  Оның  ижтихадтарынан  мұны  анық 
байқауға болады. Мұның мәні мына қағидада: «Харамға 
алып баратын барлық нәрсе харам, парызға алып бара-
тын барлық нәрсе парыз». 
Малики мәзһабының дамуы және  жайылуы
Қазы  Ияд  «Мәдарик»  атты  кітабында  Малики 
мәзһабының  таралған  жерлерін  былай  баяндайды: 
«Малики мәзһабы, Хижаз, Басра, Мысыр, Африка ел-
дерінде,  Испания,  Сицилия,  Суданның  мұсылмандар 
тұратын аймақтарында кеңінен тараған. Бағдатта да кең 
тарағанымен, һижраның 400 жылдарынан кейін әлсірей 
бастады». 
Малики мәзһабы пайда болып, дамыған жері Хижаз 
аймағы болғанымен,  тарихта бұл мәзһабтың Хижаздағы 
жағдайы бірқалыпты болмады. Кей уақытта осы елдің 
мәзһабы  халіне  келсе,  кейде  бұл  жерде  толығымен 
60
  Әбу Зәхра М. Исламда сияси ве Итикади ве Фыкхи Мезхеплер 
Тарихи. 294-297 бб.

62
Мәзһаб туралы таным
жойылған  кездері  болды.  Малики  мәзһабының  ұзақ 
елдерге  тарауы  және  қолданылған  әдістемелері  мен 
қағидаларының  барлығы  бұл  мәзһабтың  пікірлерінің 
артуына себеп болды. 
Б) Шафий мәзһабы
Шафийй  мәзһабының  құрушысы  болып  санала-
тын  Мұхаммед  бин  Идрис  әл-Құрайши  әл-Хашими 
әзіреті  Пайғамбардың  (с.а.у.)  атасы  Хашимның 
бауыры Мутталибтің ұрпағынан. Палестинаның Ғазза 
қаласында хижри  150-жылы дүниеге келіп, 204-жылы 
Мысырда қайтыс болды.
Бесікте  шағында  әкесінен  айырылды.  Сондықтан 
кедейшілікпен  өсті.  Бұл  оның  қоғаммен  араласып, 
халықтың  хал-жағдайын  жақыннан  тануына  себеп 
болды.
Шафий  Ғаззадағы  кезінде  кішкентай  жасынан 
Құран Кәримді жаттап өсті.  Балалық шағында арабша-
сын дамыту үшін Меккенің сыртындағы өте таза арабша 
сөйлейтін Хұзайл тайпасына барып өлең мен әдеби тіл 
үйренеді. Өзі жайлы «Мен Меккеден шығып, шөлдегі 
Хұзайл тайпасына бардым. Бұл тайпаның өмірін және 
тілін үйрендім. Бұл араб тілінде ең таза сөйлейтін тайпа. 
Олармен жүріп, жақын қарым-қатынаста болғанымның 
арқасында  Меккеге  келгенімде  бірнеше  риуаят  және 
әдебиет білімін үйреніп қойған едім», – дейді.
Осыдан  соң  өзін  толығымен  ғылым  жолына  атап, 
Меккедегі  Фиқһшылар  мен  хадисшілерден  дәріс 
алады. Суфян бин Уяина, Муслим бин Халид әз-Зәжи 
сияқты  атақты  хадисшілер  оған  ерекше  көңіл  бөліп, 
қомқорлықтарына алған болатын.

63
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
Шафий жиырма жасына келгенде пәтуа беріп, хадис 
риуаят ететіндей жағдайға жетті. Бірақ ол білім алуын 
тоқтатпай  Мәдинаға  барып  Имам  Маликтен  сабақ 
алады. Мәдинаға аттанбастан бұрын әл-Мууатта кіта-
бын жаттап, оны Имам Маликке барып оқып тапсыра-
ды. Сосын Имам Маликтің жанынан айырылмай сабақ 
алады.  Имам  Шафий  Имам  Малик  қайтыс  болғанға 
дейін  қасында  болған.  Ұстазы  Имам  Малик  қайтыс 
боғаннан кейін Меккеге қайтып оралады. Содан кейін 
Нәжран  деген  жерге  барып,  сонда  қазылық  қызмет 
атқарады.
Суфиян  бин  Уаяинадан  (ө.  198/813)  хадис  риуаят 
етті.  Имам  Шафийдің  әр-Рисәлә,  әл-Хижжа  және 
әл-Умм атты шығармалары бар.
Имам Шафий (195/820) жылы Бағдатқа барып екі 
жыл болғаннан кейін Меккеге оралды. 198/813 жылы 
қайтадан Бағдатқа барғанымен тек қана екі ай болып, 
ол  жерден  Мысырға  кетті.  Бағдатта  Әбу  Ханифаның 
шәкірті  Имам  Мұхаммедпен,  Ахмед  бин  Ханбалмен 
және басқа да ғалымдармен кездеседі.
Каир  қаласында  хижри  204  жылы  54  жасын-
да  қайтыс  болады.  Имам  Шафий  өзінен  кейінгілерге 
сарқылмас үлкен ғылым қазынасын тастап кетті.
Шафий  мәзһабы  алдымен  Мысырда  жайылды, 
кейін Сирия, Иемен, Ирак және Хорасан жағына өтті. 
Қазір Ирак, Сирия және Анадолының оңтүстік жағында 
Шафий мәзһабын ұстанушылар бар.
Кейбір  шәкірттері  мыналар:  Юсуф  бин  Яхия  әл-
Буауәйти (ө. 260/874), Ибраһим бин Яхия әл- Музани 
(ө. 264/877).

64
Мәзһаб туралы таным
Имам Шафийдің фиқһ жайындағы көзқарасы
Имам Шафий Бағдадтан Меккеге оралғаннан кейін 
ұстазы  Имам  Малик  пен  Мұхаммед  бин  әл-Хасан 
әл-Шайбаниден  алған  білімдеріне  қоса  өзі  іздену 
арқылы  фиқһ  ілімін  дамытты.  Шафий  фуру  (жекеле-
ген)  мәселелерімен  бірге  кулли  (жалпы)  қағидаларды 
орнықтырды. Адамдар бұл ғылымды фиқһ саласындағы 
ашылған жаңа жол деп санады. Өйткені бұл ғылымды 
одан бұрын ешкім бұлай жүйелі түрде реттемеген бола-
тын. Осыған байланысты Әбу Али әл-Карабиси былай 
дейді: «Біз кітапты да, сүннетті де, ижманы да білмей-
тін едік. Мұны біз Имам Шафийден үйрендік».
Имам Шафийдің фиқһи ізденістерінде екі тәсілмен 
зерттелгендігі белгілі. Бірінші: Имам Шафийдің фиқһын  
құраған  дәлелдер  немесе  фиқһының  дереккөздері. 
Екінші: Имам Шафийдің усулу фиқһ (фиқһ негіздері) 
іліміне қарасты ізденістері. 
Имам Шафий фиқһын бес қайнаркөзден шығарады. 
Имамның  өзі  әл-Умм  атты  еңбегінде  бұларды  былай 
айтады: «Шариғи ғылым көптеген салаға бөлінеді.
1) Кітап және нақты сүннет. 
2) Ол  жайында  Кітапта  және  сүннетте  дәлелі 
болмаған мәселелерге жасалған ижма. 
3) Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  сахабаларынан  бір 
бөлігінің айтқан сөздері. 
4  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  сахабаларының 
келісе алмаған сөздері. 
5) Қияс. Бұл да Кітап пен сүннеттен басқа нәрсеге 
сүйенбейді.  Шариғат  ғылымы  осы  ең  жоғарғы 
қабаттардан ғана алынады. 
Ижма:  Шафий  ижма  жайында  былай  дейді:  «Мен 
немесе  ілім  иелерінен  біреуі:  «бұл  мәселеге  байла-

65
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
нысты ижма бар десек, сөзсіз мұны барлық ғалымдар 
бірдей қостағанын білдіреді. Мысалы: Бесін намазының 
парызы  төрт  рәкат  болуы,  арақ-шарап  және  осыған 
ұқсас барлық нәрсенің харам етілуі сияқты».
Имам  Шафийдің  бірінші  орында  қабылдайтын 
ижмасы сахабалардың ижмасы.
Имам Шафийдің еңбектері 
Ибн  Нәдим  «әл-Фиһрист»  деген  еңбегінде  Имам 
Шафийдың жүзге тарта еңбегі бар екендігін айтады. Ол 
Мекке және Мәдина һәм Ирак пен Мысыр қалаларында 
кітаптар  жазған.  Солардың  ішінде  Мысырда  жазған 
еңбектерінің көпшілігі қазіргі күнге дейін сақталған. Ол 
әр-Рисалә кітабын Бағдатта жазған, Мысырға барғаннан 
кейін  жаңадан  өңдеп  жазып  шыққан.  Бағдаттағы 
нұсқасы бүгінге күнге дейін жетпеген.
Имам  Шафийдің  «Аһкамул-Құран»  атты  еңбегі 
жазылу үлгісі жағынан әр-Рисаләға ұқсас тұстары көп. 
Яғни усул-фикһпен байланысты бөлімдер көптеп кез-
деседі. Имам Шафий Бағдатта жүргенде «әл-Худжа яки 
әл-Мәбсут»  атты  еңбегін  жазған.  Мысырға  келгеннен 
кейін шәкірттеріне айту арқылы жаздырған «әл-Үмм» 
еңбегі болса, оның ең соңғы көзқарасын қамтиды. Сегіз 
томнан  тұратын  осы  еңбегін,  шәкірті  Юсып  Яхя  әл-
Биуәйти  (ө.  231)  жинақтаған.  Рәби  бин  Сүлеймен  әл-
Мүәззин (ө. 270) болса, фикһ баптарына қарай басынан 
реттеп шығып риуаят еткен.
Имам Шафий төмендегi мына кiтаптардың авторы 
боп табылады: 
«Әз-Зафаран»  –  бұл  кiтаптың  жазылуына  Бағдад 
мешiттерiнiң  бiрiндегi  имамның  басынан  өткен  бiр 
жағдай  себепшi  болды.  Намазға  имамдық  еткен  жас 
жiгiт  қателесiп,  не  iстерiн  бiлмей,  дағдарып  тұрып 

66
Мәзһаб туралы таным
қалды. Оған ұйыған жамағаттың iшiнде имам Шафий 
де  бар  едi.  Сол  намаздан  соң  имам  Шафий  мұндай 
жағдайларда не iстеу қажеттiгiн түсiндiретiн осы кiтап-
ты жазып шықты. Кiтаптың аты оның жазылуына се-
бепшi болған имамның атымен аталады. 
«Джима  әл-Илм»  –  имам  өзiнiң  бұл  кiтабын-
да  Пайғамбардың    (с.а.у.)  сүннетiн  өнеге  тұтып,  оны 
басшылыққа алудың мiндеттiлiгiн негiздейдi. 
“Әл-Умм” – Шафий мәзһабының фиқһ кiтабы.
“Әр-Рисалә”  –  фиқһ  негiздерi  мен  хадис  ғылымы 
негiздерiн түсiндiріп, мәнiн ашып беретін ең алғашқы 
кiтап.  Бұл  кiтап  әлi  күнге  дейiн  Шафий  мәзһабының 
хадистанушылары мен фиқһ бiлгiрлерiнiң қолдарынан 
түспейтiн кiтабы боп табылады. 
Шафий мәзһабының дамуы және жайылуы
Имам Шафийдің мәзһабы екі дәуірге бөлінеді. 
1) Алғашқы мәзһабы Бағдадта жайылған. Бұны За-
фарани риуаят еткен және Шафийдің Бағдадта жазған 
кітаптарынан тұрады. Бұл кітаптар: әр-Рисала, әл-Умм, 
әл-Мәбсуд тағы басқа кітаптарын Зафарани жинақтап 
қайтыс болған шағына дейін шәкірттеріне оқытқан. 
2)  Хижри  199  жылы  Мысырға  келгеннен  кейін-
гі  қалыптасқан  мәзһабы.  Шафий  Мысырға  келген 
соң Иракта жазған кітаптарын қайтадан қарап, кейбір 
бөлімдерін  өңдеу  жасаған.  Бұл  «әр-Рисала»  және 
«әл-Мабсут»  кітаптары.  Ол  бұл  кітаптарда  алғашқы 
мәзһабындағы    кейбір  көзқарастарын  өзгерткен.  Ол: 
«Бағдатта жазған кітаптарымды риуаят етуге ешкімге 
рұқсат бермеймін», – деген. 
Шафийдің  екі  мәзһаб  арасындағы  өзгерткен 
көзқарастарының  көбісі  қиясқа  қатысты  мәселелерде 
болатын. 

67
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
Шафийдің  кейінгі  көзқарастарын  Раби  бин  Су-
лейман  риуаят  еткен.  Раби  оның  кітаптарын  оқытып, 
жұртшылыққа  танытқан.  Раби  бин  Сулейман  хижри 
270 жылы қайтыс болды.
Имам Шафийдің шәкірттері Иракқа, Меккеге және 
Мысырға, Шамға, Иеменге, кейіннен Нишабурға, Хо-
расанда білімдерін жайды.
Шафий мәзһабы Мысырда кең тараған. Сондай-ақ 
Хижаз, Ирак, Хорасан, Кавказ, Солтүстік Африка, Ма-
уренахыр, Танзания; ІV ғасырдан бастап Испания, Ява 
аралдары,  Филиппиндер,  Индонезия,  Қытай,  Цейлон 
секілді аймақтарына тараған. Әюбиліктердің дәуірінде 
Мысыр  мен  Сирияда  ресми  түрде  Шафий  мәзһабы 
бекітілді.  Имам  Шафийдің  шәкірттері  (Халифа  әл-
Мүтәуәккилдың  тұсында  232-248)  пәтуа  мен  жарлық 
шығару  дәрежесіне  дейін  көтерілген.  Һижраның 
ІҮ  ғасырының  орта  шенінде  Бағдатта  Қадыл-
Құдаттыққа Шафийліктер тағайындалды. Мысырда да 
Толунұлдарының дәуірінде Ахмет бин Толан (254-270) 
Шафийліктерге қолдау көрсеткен.
Шафий  мәзһабы  хижри  13-ғасырдың  соңдарына 
Мерв және Хорасанға кірді..
Қазіргі таңда Шафий мәзһабы бұрынғы жайылған 
жерлерінде жалғасын табуда. 
Басты  Шафий  ғалымдарының  бір  қатары 
төмендегідей: 
Маверди (ө.х.450), Такиюддин әс-Субки (ө.х.356), 
Каффал әл-Кәбир әш-Шаши (ө. х.365), Бейһаки (ө.х.458), 
әл-Жүуайни (ө.х.478), Ғазали (ө.х.505), Фаһруддин әр-
Рази (ө.х.606), Изуддин бин Абдис-сәлам (ө.х.660), әш-
Ширази (ө.х.476) және ән-Нәуәуи (ө.х.676). Бұлардың 

68
Мәзһаб туралы таным
барлығы  құнды  еңбектерімен  арттарында  өшпес  із 
салып кетті.
В) Ханбали мәзһабы 
Имам Ахмед бин Ханбал әш-Шәйбани хижри 164 
(милади  780  жыл)  Бағдад  қаласында  дүниеге  келді. 
Оның  әкесі  де  анасы  да  арабтардың  Шәйбан  руынан. 
Оның  ұлы  Салихтың  айтуынша  шежіресі  Әзіреті 
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) аталарынан Низармен бірі-
геді.  Ханбал  әкесінің  аты  емес,  атасының  аты.  Әкесі 
Мухаммед бин Ханбал бин Хиләл. 
Әкесі ерте жаста қайтыс болып, Ахмедті тәрбиелеп 
жетілдіру  анасының  мойнына  түсті.  Жастайынан 
шешесі  оны  ғылым  үйренуге  бағыттады.  Оның  өмір 
сүрген  ортасы  да  бұған  ыңғайлы  еді.  Олар  тұрған 
Бағдад  қаласы  сол  кезде  ғылым  мен  білімнің  ордасы 
болып, мухаддистер, мутасаууфтар, тіл ғалымдарының 
орталығына айналып тұрған кезі еді.
Ахмед  балалық  шағынан  Ислам  ғылымдарын 
үйрене  бастады.  Ол  ең  алдымен  Құранды  жаттады, 
сосын араб тілін, хадисті, сахабалар мен табиундардың 
риуаяттарын,  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  өмірін  және 
оның таңдаулы сахабаларының өмірлерін үйренді.
Ол  хижри  179  жылы,  яғни  он  бес  жасында  хадис 
ғылымын  оқи  бастады.  186  жылға  дейін  жеті  жыл 
Бағдадта  хадис  үйреніп,  186  жылы  Басраға  аттанып, 
алғашқы ғылым үйрену жолындағы саяхатын бастады. 
Одан кейін ілімін толықтыруы үшін Куфаға, Мәдинаға, 
Дамасқа  және  Хижазға  саяхат  жасаған.  Бұлардан  ең 
ұзыны  және  ең  қиыны  Абдураззақ  бин  Хаммадтан 
ілім  алуға  шыққан  сапарында  қаражаты  таусылып 
керуендердің түйесін баққаны болды. Бес рет жасаған 

69
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
қажылық  сапарының  екеуін  жаяу  орындаған.  Бұл 
сапардағы  мақсаты  Хижаздағы  ғалымдармен  кездесіп 
олардан ілім алу еді. 
40 жасына дейін шәкірттік ғұмырын өткізіп кейін 
хадис  оқытуды  бастады.  Көптеген  шәкірттер  одан 
хадис  тыңдауға  жиналатын  еді.  Бірқатары  хадисті 
жазып  жатса,  басқалары  оның  ахлағынан,  әдебінен 
пайдалануға тырысатын. 
Ахмед  бин  Ханбал  31  тамыз  855  жылы  Бағдад 
қаласында қайтыс болды. 
Ахмед бин Ханбалдың фиқһы
Ахмед бин Ханбал фиқһты хадистен кейін үйренген. 
Сондықтан  оның  фиқһы  хадиске  өте  жақын.  Имам 
Ахмед бір мәселе жайында Құран мен хадистен мәтін 
(насс) болса, сонымен пәтуа беретін, басқа нәрселерге 
жүгінбейтін.  Сондықтан  ол  нассты  сахабалардың 
пәтуаларынан  жоғары  қоятын.  Ахмед  бин  Ханбал 
мурсал хадисті де дәлел ретінде қабылдайды. 
Ахмед  бин  Ханбал  қиясты  да  қабылдайды.  Бірақ 
оған тек өте зәру кезде ғана жүгінеді.
Ханбали мәзһабының дамуы және жайылуы
Ахмед  бин  Ханбалдың  көзқарастарынан  құралған 
Ханбали  мәзһабы,  Ханафи,  Малики  және  Шафий 
мәзһабынан кейін пайда болған сүнни мәзһабы.
Ханбали  мәзһабының  фиқһшылары  өте  күшті 
бола  тұрып,  бұл  мәзһабқа  кіргендер  аз.  Ешбір  Ислам 
өлкесінде көпшілікті құрай алмаған. Кейін Сауд отбасы 
Хижаз өлкесіне әкім болғаннан кейін Арабия түбегінде 
Ханбали мәзһабы күшейе түсті. Бұл мәзһабтың аз жайы-
луына бірнеше себептер болды.

70
Мәзһаб туралы таным
Қорыта айтқанда Имам Ахмед бин Ханбал Ислам 
әлемінде өте тақуа, әрі жомарт, үлкен мухаддис және 
фақиһ ретінде танылды. Артында мүжтаһид дәрежесіне 
жеткен  шәкірттер  қалдырды.  Өміріндегі  көрген 
қиындықтар мен азаптарға мойымай, ғылым жолында 
еңбек етті. Нәтижеде үлкен төрт мәзһабтың бірі болған  
Ханбали мәзһабы Ислам үмметіне қызмет етті.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет