Туралы таным


БАсты ФиқҺ МӘЗҺАБтАры жӘне



жүктеу 2.46 Kb.
Pdf просмотр
бет3/11
Дата07.03.2017
өлшемі2.46 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

БАсты ФиқҺ МӘЗҺАБтАры жӘне 
олАрдың құрушылАры
«Менен адамдардың бірі: «Пайғамбарымызға 
ересің  бе,  әлде  Әбу  Ханифаға  ересің  бе?»  –  деп 
сұраған кезде, оның сұрағына еріксіз күліп былай 
деуші едім:
«Пайғамбарымыздың сөзіне Әбу Ханифаның 
түсіндіргені  бойынша  еремін.  Әбу  Ханифаның 
қадірлі  болуы  өзінің  жеке  басынан  туындаған 
нәрсе емес. Тек оның айналысқан діни ғылымына 
және пайғамбар қалдырған жолмен жүруіне ғана 
байланысты.  Бүгінге  дейінгі  барлық  мүжтаһид 
имамдар да дәл осылай».            
     
(Мұхаммад Ғазали) 
А) Ханафи мәзһабы
Имам Ағзам Әбу Ханифаның ғылым жолы
Бұл мәзһабтың құрушысы имам Әбу Ханифа. Әбу 
Ханифаның шын есімі Нұғман бин Сәбит. Ұлты – парсы. 
Ханафи мәзһабының алғашқы үлкен өкілі болғандықтан 
мәзҺаб соның атымен аталған. Имам хижри 80-жылы 
Ирактың  Куфа  қаласында  дүниеге  келіп,  хижри  150-
жылы  Бағдатта  қайтыс  болды.  Заманының  таңдаулы 
ғалымдарының көбінен фиқһ және хадис ілімін үйренді. 
Ұстазы Хаммад бин Сүлейменнен (ө.120/738) он сегіз 
жыл дәріс алып, фиқһ ілімінде айтарлықтай дәрежеге 
жетті. Оның ілімі ұстазы Хаммад арқылы Ибраһим ән-
Нахаи  (ө.  95/714),  Алқама  (ө.  32/652),  әзіреті  Али  (ө. 

40
Мәзһаб туралы таным
40/660),  Абдуллаһ  ибн  Масғуд  және  әзіреті  Омар  (ө. 
23/643) сияқты мүжтахид сахабаларға тіреледі.
Әбу Ханифа Куфада жанұясының күнкөрісі болып 
табылатын  сауда-саттықпен  айналысып,  киім-кешек 
сатты, әрі іліммен айналысуды жалғастырады. 
Оның дұрыс та, тура тұжырым жасауында – қоғам 
құрылымын  жақсы  тануының,  әрі  теориялық  білімі-
не  қоса  бұларды  күнделікті  өмірде  жүзеге  асырып 
жүрген  саудагерлер  арасында  жүруінің  үлкен  әсері 
болды. Туралықты ұстанып өтірік пен бақталастықтан 
ұзақ  тұруымен  және  кішіпейілділікпен  аты  шыққан. 
Аз  сөйлейтін,  фиқһтан  сұрағанда  сел  сияқты 
тасқындайтын
52
.
Әбу  Мұхаммед  әл-Хариси  Имам  Ағзам  Әбу 
Ханифаның ауызынан естіген мына оқиғаны баяндай-
ды:
«Бір күні Шағбиге отырған жерінен жолықтым. Ол 
мені қасына шақырып  былай деді: 
–  Кімді зиярат етуге барасың?
Саудадағы  серіктерімнің  біріне  баратынымды 
айттым. Ол:
–  Базар  жақты  айтпаймын  қай  ғұламаға 
баратыныңды сұрадым, – деді.
–  Мен  ғұламаларға  сирек  барушы  едім,  –  дедім. 
Шағби:
–  Олай  істеме,  саған  ғылымға  бет  бұру  керек. 
Ғалымдардың  мәжілісінен  айырылмау  қажет.  Мен 
сенің бойыңда зеректік пен алғырлық көріп тұрмын, – 
деді. Имам Ағзам осы сөзден алған әсері мен пайдасын 
былай жеткізеді:
52
  Ғауижи У.С., «Әбу Ханифа ән-Нуғман» 69б.

41
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
«Сөзі  жүрегіме  қонды.  Базармен  айналысуды 
қойдым, ғылымға кірістім. Аллаһ Тағала оның сөзімен 
мені пайдаландырды». 
Ғылымға құштар болғаны соншалықты жас кезін-
де ой-пікір жүргізіп, пікірталас өткізуді ұнататын. Осы 
бағытта ол кәләм ғылымына ден қойды. Басраға отыз 
шақты рет барғандығы айтылады. Ол жерде мәселелер 
талқылайтын,  айтысатын,  шариғатқа  жабылған 
күмәндарға жауап беретін. Осындай пікірталастардың 
бірінде  Жәһм  ибн  Сафуанмен  айтысып  мойындата-
ды.  Аллаһты мойындамайтындармен пікірталастырып 
соңында дінді қабылдатады. Мұғтазила мен харижит-
терге тиісті дәлелін ұсынып, шиғаның шектен шыққан 
топтарын  сабасына  түсіреді.  Әбу  Ханифа  кәләм  мен 
сенім  негіздері  ғылымында  жоғары  мәртебеге  ие  еді. 
Теріс  пікірдегілер  мен  бұрмалаушыларға  тойтарыс 
беруде  үлкен  рөл  атқарды.  Жиырма  жасына  жеткен 
шағында  саусақпен  нұсқап  көрсетерлік  атақтылардан 
болды.  Куфа  мешітінде  өзінің  жеке  ғылым  алқасын 
құрылып, аталмыш саладағы ғылым талапкерлері айна-
ласына жиылды
53
.
Фиқһ ғылымына бастауы
Әбу  Ханифа  фиқһ  ғылымына  бет  бұра  бастаған 
кезде  кәләм  ғылымын  жақсы  меңгеріп,  ақайд  (сенім) 
мәселелерін  түсіндіруде  мантық-қисын  дәлелдерін 
еркін қолдана алатын болған. Ол кітап пен сүннеттен 
үкім  шығарып,  мәселелерді  шешкен  уақытта  осылар-
ды  негізге  алып,  сахабалар  мен  табиғиндардың  жо-
лынан  ауытқымады.  Олардың  бір  ауыздан  құптаған 
53
  Уаһби Сулайман Ғауижи, «Әбу Ханифа ән-Нуғман» 44б.

42
Мәзһаб туралы таным
мәселелері мен араларында келісе алмаған мәселелерін 
жақсы меңгерді.
Негізінде  Имам  Ағзамның  фиқһ  ғылымына  ауы-
суына  Зуфар  (р.а.)  әңгімелеген  мына  оқиға  түрткі 
болса керек. Ол Әбу Ханифаның былай дегенін естідім 
дейді:
«Кәләм ғылымында айтарлықтай дәрежеге жеткен 
болатынмын.  Бірде  Хаммад  ибн  Әбу  Сулайманның 
ғылым алқасына жақын отырдым. Кенет бір әйел талақ 
мәселесінде сұрақ сұрап келді. Оны Хаммадқа жібердім 
де, Хаммадтың айтқан жауабын маған білдір деп тапсыр-
дым. Әйел жауабын алып келгенде, менің сөзімді қажет 
қылмағанын  байқадым.  Яғни  мәселеге  өте  білімділік-
пен жауап берілген екен. Сосын мен аяқкиімімді шешіп 
Хаммадтың жанына барып отырдым. Оның талқылаған 
мәселелерін  тыңдадым,  әрі  сөздерін  жаттап  алдым. 
Ертеңіне сабақта қайталау жасағанда, мен ғана жатқа 
айтып бердім. Ал қасындағы шәкірттері мүдіріп, айта 
алмай қалды. Сонда Хаммад: «Мәжіліс төрінде менімен 
қатар Әбу Ханифадан басқа ешкім отырмасын», – деді. 
Бұдан  кейін  Әбу  Ханифа  бұрынғы  пікірталас 
пен  айтысқа  негізделіп  құрылған  кәләм  саласынан 
алыстап,  фиқх  саласына  бет  бұрады.  Муаффақ  әл-
Мәккидің  Яхия  ибн  Шайбаннан  жеткізген  хабарында 
Әбу Ханифа фиқһшылардың артықшылығын айта келе 
былай  қорытындылайды:  «Олардың  осы  сипаттарын 
білгеннен кейін талас-тартыс пен айтысты тәрк еттік. 
Тек білумен ғана шектелдік. Бізден алдыңғы буынның 
жолын  ұстандық.  Сол  жолды  білетіндермен  мәжіліс 
құрдық...»
Әбу Ханифа ғылым мен білім ордасы болған Куфа 
қаласында өсті. Бұл қала фиқһ үйрету жағынан Мәдина 

43
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
қаласымен қалыспайтын. Хадис ғылымынан Мәдинаға 
жете алмаса да мәселелерді Құран мен сүннет бойын-
ша шешіп, ол жайында ешқандай аят, хадис болмаған 
мәселелерді дәлелі бар басқа мәселелермен қияс жасап 
шешуде едәуір ілгері еді. 
Хадис ғылымында
Имам Ағзамның хадис ғылымында да ерекше орны 
бар. Әйгілі хадис риуаят етушілерден көптеген хадистер 
жинақтады.  Оның  ішінен  төрт  мың  хадисті  өзгелерге 
риуаят  етті.  Хадистерді  жаттап,  өзгелерге  жеткізуден 
басқа, хадистерді талдау, түсіну, мәтіндер арасын бірік-
тіріп, мәселелерді шешу және одан шығатын үкімдерді 
бір  араға  жинау  сияқты  істермен  айналысты.  Содан 
болар  тек  қана  хадис  риуаятымен  айналысқандардың 
арасында  әйгілі  болған  жоқ.  Имам  Ағзамның  хадис 
ғылымындағы  терең  түсінігі  мен  жан-жақты  талдау 
жасағандығына мысалдар өте көп.
Имам Кәусари айтады:
«Кімде-кім Әбу Ханифа хадистерді аз білді немесе 
әлсіз  хадистерді  көп  алды  десе,  оның  өзінің  хадис 
ғылымынан  хабарсыз  екендігін  білдіреді.  Сонымен 
қатар, ұлық имамдардың жанында хадистерді қабыл ету 
шарттары  мен  арнайы  нормаларының  болатындығын 
білмейтіндігін  көрсетеді.  Имам  Ағзамның  хадистен 
үкім  шығару  үшін  бекіткен  керемет  қағидаларының 
жанында білместікпен айтқан әлгілердің сөзі түкке жа-
рамай қалады».  
Фиқһ пен хадисті үйлестіруі
Хазіреті  Әли  (р.ғ.)  Әбу  Ханифаның  аталарына 
жасаған дұғасының шарапаты және Шағбидің нұсқауы 
бойынша Әбу Ханифа фиқһ ғылымында ерекше орын 

44
Мәзһаб туралы таным
иеленді. Ал, фиқһ – Құран мен сүннеттің қаймағы іс-
петтес.  Фиқһта  Құранның  үкім  аяттары  және  оның 
мағыналары  мен  мақсат  еткен  нәрселері  баяндалады. 
Фиқһта  сүннеттің  (хадистің)  жан-жақты  түсіндірмесі 
бар.  Себебі  фиқһ  дегеніміз  –  дінді  түсіну  деген  сөз. 
Мұғауия  (р.ғ.)  риуаят  еткен  хадисте  Пайғамбарымыз 
(с.а.у.):  «Аллаһ  тағала  кімге  жақсылық  қаласа,  оған 
дінде  терең  түсінік  береді»
54
,  –  деген.  Кейде  Құран 
аяттары  мен  хадис  мәтіндері  жаттаушының  жадында 
бола  береді.  Бірақ  фиқһшы  аяттың  тәпсірін,  хадистің 
түсіндірмесін  жасап  бергенге  дейін  оның  мағынасы 
мен мұратын толық түсіне алмауы мүмкін. 
Бірде Әбу Ханифа хадистегі ұстазы Ағмашқа сәлем 
бере барған еді. Сол уақытта бір адам Ағмашқа ғылыми 
мәселе сұрай келеді. Ағмаш Имам Ағзамға: «Сен жауап 
бер», – дейді. Имам Ағзам жауап береді. Ағмаш оның 
жауабына риза болып:
–  Мұны қайдан үйрендің, – деді.
–  Сен үйреткен хадистен. Ол былай, былай еді, – 
деп айта бастады. Сонда Ағмаш:
–  Жеткілікті!  Менің  саған  бір  жыл  айтқанымды 
сен бір сағатта айтып бердің. Сендер дәрігерсіңдер, ал 
біз дәріханашы секілдіміз, – деді.
Ағмаш бұл жерде хадис жеткізушілерді – қолында 
көп  пайдалы  дәрі-дәрмегі  бар,  бірақ  қашан,  кімге 
қолданатынын  білмейтін  дәріханашыға,  фиқхшыны 
–  науқастың  ауруын  анықтап,  емін  айтатын  дәрігерге 
ұқсатуда. Яғни, фиқһтан хабары болмай тек хадистер 
жинаушылар дәрілерге ие болғанымен пайдаларын біл-
мейтін жан секілді. 
54
  Бухари

45
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
Ұстаздары
Әбу  Ханифа  фиқһ  үйреніп  жүріп  әртүрлі 
мәзһабтардың  ұстаздарымен  байланыс  құрды.  Ол 
кейбір  табиғиндерден  де  білім  алды  және  Абдуллаһ 
бин  Аббастың  шәкірттерінен  Құран  Кәрім  ғылымын 
үйренді. Өйткені Абдуллаһ бин Аббас өз заманындағы 
Құран Кәрімді ең жақсы білетіндерден еді. 
Ол сол дәуірдің фиқһтағы ең озат ғалымы Хаммад 
бин  Сулайманның  жанынан  еш  ажырамаған.  Хаммад 
болса  Ибраһим  Нахаи  мен  Шағбиден  фиқһ  үйренген. 
Әбу  Ханифа  он  сегіз  жылдай  Хаммадтың  шәкірті 
болған. Хижреттің 120 жылы ұстазы қайтыс болған соң 
Куфада оның орнына дәріс бере бастады
55

Имам  Ағзам  аз  алғаны  бар,  көп  алғаны  бар,  бір 
ғана хадис немесе мәселе үйренгені бар, барлығы төрт 
мыңға жуық ұстаздан дәріс алды. Бұл сан сол кездегі 
жағдайда  соншалықты  таңқаларлық  болып  саналмай-
ды.  Себебі  жетпіс  жылдық  өмірінде  55  рет  қажылық 
жасады.  Қажылық  маусымында  Ислам  әлемінің 
ғұламалары Мекке мен Мәдинада жиналушы еді. Оны 
Куфа  қазылығына  мәжбүрлеген  кезде  ол  Меккеде 
өмір сүріп жатқан болатын. Ал оның өз отаны Куфаға 
келсек,  ол  жер  атақты  ғұламалар  шоғырланған  хадис 
пен  ғылым  орталығы  болып  саналатын.  Шәйх  Му-
хаммад әс-Сумбухули былай дейді: «Әбу Ханифаның 
ұстаздарының басым көпшілігі Сахих Бухари мен Сахих 
Муслимде  хадис  риуаят  еткен  кісілерден.  Мысалы: 
Мансур бин Муғтамар, Мужахид ибн Жабр, Хаким бин 
Утайба, Нафиғ және тағы басқалар сияқты.
55
  Әбу Зәхра Мухаммед. Исламда сияси ве Итикади ве Фыкхи 
Мезхеплер Тарихи. 213-б.

46
Мәзһаб туралы таным
Шәкірттері
Әбу  Ханифа  көптеген  шәкірттер  тәрбиелеген. 
Іштерінде ижтихад жасайтын дәрежеге жеткендері бар. 
Төртеуі әйгілі: Әбу Юсуф Яқұб бин Ибраһим әл-Куфи 
(ө. 182/798), Харун Рашид дәуірінде бас қазы болған. 
Ханафи  мәзһабы  негіздерінің  жинақталуында,  қоғам 
өміріне  енгізілуінде    және  әлемге  жайылуында  оның 
үлесі  көп.  Қаржы  және  салық  тәртібіне  байланысты 
“Китәбул хараж” атты еңбек жазған. 
Имам  Мұхаммед  бин  Хасан  әш-Шайбани  (ө. 
189/805)  алғашқы  ілімін  Әбу  Ханифадан  алды.  Ол 
қайтыс  болғаннан  соң  Әбу  Юсуфтың  жанында  дәріс 
алды.  Ханафилардың  ең  негізгі,  алғашқы  жазылған 
шығармалары  “Захирур  риуая”  кітаптарын  қағазға 
түсірді. 
Имам  Зуфар  бин  Әл-Хузай  бин  Қайс  (ө.  158/775) 
Исфаханда  дүниеге  келіп,  Басрада  қайтыс  болды.  Ол 
фиқһпен қатар хадис ғалымы еді. Содан кейін зерттеуге 
сүйенетін  ижтихадта  өзгелерден  озық  болды.  Қиясты 
сәттілікпен жүзеге асыратын. 
Мутлақ  мүжтахид  Хасан  бин  Зияд  әл-Лулуи  (ө. 
184/800) алдымен Әбу Ханифаның кейіннен Әбу Юсуф 
және  имам  Мұхаммедтің  шәкірті  болды.  Хадис  ілімі 
және Әбу Ханифаның пікірлерін риуаят етумен таныл-
ды.  Бірақ  имам  Зуфар  мен  имам  Хасан  бин  Зиядтың 
пікірлері алғашқы «Захирур риуая» кітабына кірмеген.
Оның  шәкірттерінің  арасында  әртүрлі  ғылым  са-
ласын  терең  меңгергендер  көп  болғанын,  солардың  
көмегінің  негізінде  Әбу  Ханифаның  фиқһтағы 
орыны  қуаттала  түскенін  Хатиб  әл-Бағдадидің  тарих 
кітабындағы  Әбу  Кәраманның  мына  сөздерінен 

47
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
байқаймыз: «Уақиғ бин Жаррахтың (имам Шафиғидың 
ұстазы) жанында отырғанымызда бір кісі:
–  Әбу  Ханифа  қателесті,  –  деп  қалды.  Сонда 
Уақиғ:
–  Әбу  Ханифаның  қателесуге  қалай  ғана  бара 
алады?! Қияс пен ижтихадта Әбу Юсуф, Мухаммад бин 
Хасан және Зуфар сияқтылар; хадис ғылымында Яхия 
бин Закария ибн Әбу Зәйд, Хафс ибн Ғияс және Әлидің 
екі ұлы Хаббан мен Қандил сияқтылар; тіл саласында 
Қасым ибн Мағин, ибн Абдуррахман ибн Абдуллаһ ибн 
Масғуд сияқтылар; тақуалықта Дауд әт-Тайи мен Ияд 
ибн Фудайл; тәпсір, хадис және тарихтағы терең білімі-
мен  Абдуллаһ  ибн  Мубарак  сияқтылар  онымен  бірге 
болса! Кімде-кімнің жолдастары мен мәжілістестері осы 
аталғандар  болса,  олардың  арасында  қалай  қателікке 
түседі.  Барлығы  ол  жайлы  жақсы  сөз  айтады.  Себебі, 
ол  қателесе  қалса,  жанындағылар  оны  түзетіп  отыра-
тын...»
Ал  Муаффық  әл-Мәкки  оның  шәкірттерін  былай 
тізімдейді:
«Әбу Ханифаның көп шәкірті болды. Олардың кей-
бірі белгілі бір уақытқа келіп дәріс тыңдайтын. Фиқһ 
негіздері  мен  әдістемелерін  үйренген  соң  елдеріне 
қайтатын. Одан еш айрылмай дәріс алғандар  отыз алты 
кісі еді. Олардың жиырма сегізі қазылық, алтауы пәтуа 
шығару дәрежесіне жетті. Екеуі (Әбу Юсуф пен Зуфар) 
мүфтилер мен қазыларды тәрбиелеп шығару деңгейіне 
жетті. 
 Имам Ағзам Әбу Ханифаның фиқһы
Әбу  Ханифа  ұстаздарының  әсіресе,  Куфадағы 
фиқһ  ғалымдарының  дәнекерлігі  арқылы  хазіреті 
Омар, Али, Абдуллаһ ибн Масғуд  және Абдуллуһ ибн 

48
Мәзһаб туралы таным
Аббастардың ілімдеріне мұрагер болды. Он сегіз жыл 
қасында  болған  ұстазы  Хаммад  сахабалар  мен  оның 
арасындағы  ең  сенімді  байланысшы  еді.  Имам  Ағзам 
ең  алғашқы  фиқх  мәселелерін  реттеп,  жинақ  түрінде 
қағазға  түсіруші.  Оның  дәрістерін  жазып,  тіркеу 
жұмыстарын  көбінесе  Әбу  Юсуф,  кейде  басқалары 
да  атқарушы  еді.  Содан  барып,  басқа  жерлерде  басқа 
ғалымдардың арасында осы жаңа тәсіл жайыла баста-
ды. Ғұламалар Имам Ағзамды фиқһ саласында ең алғаш 
еңбек жазушы, жүйеге келтіріп, мәселелердің ара-жігін 
ажыратып,  дәлелдерді  пайдаланудың  қағидаларын 
қалыптастырушы деп санады. Сондықтан «Фиқһ сала-
сында одан кейін келгендер Имам Ағзамға борышты» 
деген сөз қалды. Өзге ғұлама ғалымдар ол жайында өз 
бағаларын беріп кетті.
Имам Шафиғи:
«Фиқһты  Әбу  Ханифадан  жақсырақ  білетін  адам 
шықпады».
Ибраһим ибн Тахман:
«Әбу Ханифа барлық пәтуа шығарушылардың бас-
шысы».
Ибн Мубарак:
«Артынан еруге Әбу Ханифадан лайығырақ ешкім 
жоқ. Адал, тақуа, ғалым, фиқһшы имам еді. Ол арқылы 
одан  басқа  ешкім  аша  алмаған  ғылымның  сырлары 
ашылды». 
Имам Малик Имам Ағзам Әбу Ханифамен әртүрлі 
іліми  мәселелерге  байланысты  пікірталаста  болып, 
кейін: «Ол шынымен фиқһ ғұламасы», – деген.  
Имам  Әбу  Ханифа  шындығында  ұлы  ғұлама, 
фақиһ,  заманын  фиқһпен  толықтырған  ұлы  тұлға.  Ол 
фиқһи түсінікке жаңа әдіс ендірген еді. Әбу Ханифаның 

49
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
ұстанған әдісін ешкім қолданбаған. Ол дара ойлы, нақты 
тұжырым  иесі  болатын.  Адасқан  ағымдағылардан 
оған  қарсы  шыққандар  да  болды.  Өйткені  ол  ислам 
фиқһында үкім шығару үшін мықты дәлелдерді пайда-
ланып, бұлардың шекараларын белгілеген болатын.  
Ижтихад жолы
Имам  Ағзам  ижтихад  саласындағы  мәселелерді 
шешуде  өзгелерге    үлгі  болып  танылды.  Ол  ғалым 
шәкірттеріне  ғылым  алқасында  мәселені  ұсынатын. 
Олардың  әрбірі  өз  дәлелдері  мен  пікірлерін  алға 
тартатын.  Соңында  Имам  Ағзам  қателерін  түзетіп, 
дұрыстарын  қостап  өзіндегі  дәлелдермен  қуаттайтын. 
Кейде бір мәселені шешу үшін бірнеше күндер өтетін. 
Оның  ұстанған  бұл  тәсілі  өте  пайдалы  еді.  Себебі, 
өзгелердің  көзқарасын  құрметтеу,  мәжілістегілерді 
пікір  алмасуға  тарту  және  ұстаздың  артықшылығы 
мен білімін айқындау сияқты ерекшеліктерді қамтиды. 
Мууаффақ  әл-Мәкки  Имам  Ағзам  мәзһабының 
құрылымы жайында былай дейді:
«Әбу  Ханифа  мәзһабы  көпшілік  кеңесіне  не-
гізделіп  құрылған.  Аллаһ  пен  оның  Пайғамбарына 
деген  аса  шынайылығы  және  діндегі  терең  түсінігіне 
байланысты,  өзгелердің  пікірінсіз  өз  бетінше  үкім 
шығармады. Ол мәселелерді бір-бірлеп ортаға тастай-
тын, талқылайтын, олардың ойын тыңдап және өз ойын 
айтатын.  Бір  мәселе  турасында  бір  пікірге  тоқтағанға 
дейін кейде айлар өтетін. Кейін қазы Әбу Юсуф бұдан 
шыққан  нәтижені  фиқһ  қағида  негіздеріне  енгізетін. 
Тіпті  осылайша  бүкіл  қағидаттарды  қалыптастырып 
шықты.  Егер  бір  мәселеде  қиындық  туа  қалса,  имам 
Әбу  Ханифа  жанындағыларға:  «Бұл  қиындық  менің 
жасаған күнәмнің кесірінен болып жатыр» деп, Аллаһқа 

50
Мәзһаб туралы таным
истиғфар айтып кешірім сұрайтын. Кейде тұрып намаз 
оқитын. Мәселенің шешімі анықталса «Тәубем қабыл 
етілген болар» дейтін. Бұл оқиға Ияд бин Фудайлдың 
құлағына  жеткенде  қатты  жылап  алып:  «Бұл  оның 
күнәсінің  аздығы  ғой.  Әйтпесе,  одан  басқалар  мұның 
парқына бармайды да» – деген екен.
Имам  Ағзам  Әбу  Ханифа  үкім  шығару  үшін  ег-
жей-тегжейлі зерттеу әдісін қолданған. Оның бұл әдісі 
ижтихадты  жан-жақты  қамтиды.  Ол  өзі  былай  дейтін 
еді:  «Мен  Аллаһтың  кітабымен  үкім  шығарамын.  Кі-
таптан таба алмасам Расулуллаһтың сүннетінен іздей-
мін,  Құран  Кәрімнен  және  Расулуллаһтың  сүннетінен 
де  таба  алмасам,  сахабалардың  сөздеріне  сүйенемін. 
Бірақ  сахабалардан  қалаған  адамдардың  сөздерін 
алып,  қаламағандарымның  сөздерін  алмаймын.  Бірақ 
сахабалардың  сөздерінен  сыртқа  да  шықпаймын. 
Алайда  бұл  іс  Ибраһим  Нахаи,  Шағби,  Ибни  Сирин, 
Ата және Сиад бин әл-Мусаябқа қатысты болса, олар 
да ижтихад жасаған, мен де ижтихад жасаймын». Бұл 
Әбу  Ханифаның  алдымен  кітап,  сүннет  және  одан 
кейін сахабалардың сөздеріне қарап пәтуа бергенін, ал 
табиғиндердің  көзқарастарына  байланып  қалмағанын 
көрсетеді.  Ол  үкімі  белгісіз  мәселелерді  қияспен  ше-
шетін.  Қияспен  де  шешілмесе,  истихсанға  жүгінетін. 
Истихсанмен  де  шешілмесе  мұсылмандардың  әдет-
ғұрпына қарап пәтуа беретін. Ижмамен қабыл етілген 
хадистерді  басшылыққа  алып,  осыларға  қияс  жасай-
тын.  Кейін  истихсанға  жүгінетін.  Бұлардың  қайсысы 
сай келсе сол бойынша үкім беретін. 
Осыған қарағанда Әбу Ханифаның әдісі төмендегіше 
жеті негізге сүйенеді:

51
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
1.  Кітап  (Құран  Кәрім):  бұл  шариғаттың  негізгі 
тірегі және Аллаһ Тағаланың ақыретке дейін баратын 
нұры. Ол шариғаттың басты негіздерін қамтып, негізгі 
үкімдер осыдан шығарылады, яғни ол шариғаттың не-
гізгі заңы болып есептеледі.
2.  Сүннет:  бұл  Аллаһтың  кітабын  тарқата 
түсіндіруші, кітаптағы ашық емес үкімдерге түсіндірме 
беруші әзіреті Пайғамбардың (с.а.у.) Раббысынан алған 
елшілік жұмысын білдіруден тұрады. 
3.  Сахабалардың  сөзі:  Өйткені  сахабалар, 
Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  уағыз-насихатын  естіген 
және уахидің келуін көздерімен көрген. Олар аят және 
хадис  арасындағы  сабақтастық  пен  байланыстарды 
білетін еді. Пайғамбардың (с.а.у.) ілімін өздерінен кейін-
гі ұрпақтарға жеткізген адамдар. Табииндердің сөздері 
мұнымен  бір  дәрежеде  емес.  Өйткені  сахабалардың 
сөздерінің  Пайғамбардан  естігендігіне  сенім  арты-
лады,  әрі  тек  ижтихадтан  ғана  тұрмайды.  Олар  пәтуа 
бергенде Пайғамбардың (с.а.у.) сөзін риуаят етпесе де, 
Пайғамбардың  (с.а.у.)  сөздерімен  пәтуа  берген.  Яғни 
олар  берген  пәтуаның  мағынасы  Пайғамбарымызға 
(с.а.у.) сүйенеді.
4.  Ижма: Бұл да негізгі дәлелдердің бірі. Қандайда 
бір ғасырдағы мүжтахидтердің бір үкімге байланысты 
пікір бірлігіне баруы. 
5.  Қияс:  Имам  Әбу  Ханифа  Құран,  сүннет  және 
сахабалардың  сөздерінен  бір  дәлел  табылмаған  кезде 
қиясқа жүгінетін. Имам Ағзам Әбу Ханифа қияспен үкім 
шығаруда  ерекше  орын  алып,  фиқһтағы  мәртебесіне 
осының  арқасында  жеткен.  Имам  Әбу  Ханифа  бір 
үкімнің себебін іздеп, оны тапқаннан кейін қияс жасау 
арқылы бірнеше мәселелерді шешетін. 

52
Мәзһаб туралы таным
6.  Истихсан. (Бұл жоғарыда берілген болатын)
7.  Әдет-ғұрып.  (Бұл жоғарыда берілген болатын) 
Ханафи мәзһабының жүйеленуі
Имам Әбу Ханифа өзі жеке бір кітап жазғандығы 
жайында  әртүрлі  көзқарастар  бар.  Бірнеше  кішкене 
рисалелердің  (кітапшалар)  оған  тән  екендігі  айтылу-
да.  Бұл    рисалелер:  «Әль-Фиқһул  Әкбар»,  «әл  Алим 
уәл-Мутааллим». Хижреттің 132 жылы қайтыс болған 
шәкірті Осман әл-Беттиге жазған кітаптары (рисала) мен 
Қадария ағымының көзқарастарын сынап жазған риса-
лесі де осылардың қатарына жатады. Бұл рисалелердің 
барлығы  кәләм  іліміне,  уағыз-насихатқа  арналған. 
Ал  Имам  Ағзам  фиқһ  жайында  өз  қолымен  жазған 
еңбегі  жоқ.  Оның  фиқһ  жайындағы  көзқарастарын, 
пәтуаларын  және  ижтихадтарын  жинақтап  бізге  жет-
кізген шәкірттері
56
.
Имам Ағзам Әбу Ханифаның фиқһын ұмытылудан 
сақтап қалған  құрметті шәкірттерінің ішінде екі кісінің 
орны  бөлек.  Бұларға  Ислам  фиқһ  тарихында  Имам 
Ағзаммен ұзақ уақыт достық құрып, оның құрған фиқһ 
мектебін дамытқандары үшін «сахибайн – екі дос» аты 
берілген. Міне бұлардың біріншісі Яқуб бин Ибрахим 
әл-Әнсари,  лақабы  Әбу  Юсуф.  Осы  атымен  әйгілі. 
Имам Әбу Юсуф, Имам Әбу Ханифа қайтыс болғаннан 
кейін 32 жыл өмір сүрген. Әбу Юсуфтың ұстазының да 
көзқарастарын    қамтыған  өте  маңызды  шығармалары 
мыналар:
1.  Кутубу-л  Асар.  Бұл  шығарма  Әбу  Ханифаның 
истинбат әдістемесінен тұратын фиқһының жиынтығы 
56
  Караман Х. Ислам Хукук тарихи. 247-б.

53
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
десек  те  болады.  Бұл  кітапта  Әбу  Ханифаның, 
табииндердің пәтуалары жинақталған.
2.  Ихтилафу Әбу Ханифа және Ибн Әби Ләйла. Әбу 
Юсуф бұл шығармада хижри 148 жылы қайтыс болған 
қазы  Ибн  Ләйла  мен  Имам  Әбу  Ханифа  арасындағы 
пікірталастарды жазған.
3.  Әр-Радду  алә  Сиярил-Әузағи.  Бұл  шығармада 
соғыс  кезіндегі  мұсылмандар  мен  кәпірлердің  
арасындағы қатынастар және жиһадқа (Аллаһ жолында 
соғыс) байланысты тақырыптарда Әузағи мен басқалар 
арасындағы пікірсайыстар орын алған.
4. Китәбул-хараж. Әбу Юсуф бұл еңбегінде Ислам 
мемлекетінің  қаржы  саласы  мен  қазынасына  қатысты 
тәртіптерді қалыптастырған. Бұл жерде ол ұстазы Әбу 
Ханифамен бірге өзінің де көзқарастарын ұсынған
57
.
Имам Ағзамның мәзһабы мен көзқарасының жайы-
луы үшін еңбек сіңірген екінші шәкірті Мұхаммед бин 
әл-Хасан  әш-Шәйбани  (һижри  132-189  ж.ж.).  Оның 
шығармалары өте көп. Соның ішінде фиқһта маңызды 
болып саналатын еңбектері алтау:
1.  Әль-Асл. (әл-Мабсут)
2.  Әз-зиядат.
3.  Әл-Жамиус-Сағир.
4.  Әл-Жамиуул-Кәбир.
5.  Әс-Сиярус-Сағир.
6.  Әс-Сиярул-Кәбир.
Ханафи мәзһабының дамуы және жайылуы
Ханафи мәзһабы Аббасит дәулетінің билік құрған 
барлық  өлкелеріне  тараған.  Аббасит  дәулетінің 
57
  Әбу Зәхра М. Исламда сияси ве Итикади ве Фыкхи Мезхеплер 
Тарихи. 248-250 бб.

54
Мәзһаб туралы таным
кезінде  Әбу  Юсуфтың  қазы  болуы  бұл  мәзһабтың 
кең  тарауына  бірден-бір  себеп  болды.  Халық  та  бұл 
мәзһабты  қоштаған  еді.  Ирак,  Түркия,  Мауренахыр, 
Орта  Азия,  Хорасан,  Кавказ,  Балқан,  Сирия  мемле-
кеттері  Ханафи  мәзһабын  ұстанған.  Қазіргі  уақытта 
да  дүниедегі  мұсылмандардың  көпшілігі  Ханафи 
мәзһабының өкілдері. Мысырда Нуриддин әш-Шәһид 
(ө.  596)  Ханафи  мәзһабын  халық  арасында  үйретіп, 
әрі  осы  мәзхабты  оқитын  медреселер  ашты.  Ханафи 
мәзһабы Куфада туды, Әбу Ханифаның мыңнан астам 
шәкірттері арқылы қысқа бір заманда дүниенің түпкір-
түпкіріне тарады. Куфадан кейін Бағдат осы мәзһабтың 
ең маңызды орталығына айналды. Ирак халқынан кейін 
Сирия, Мысыр, Анадолы, Мауренахыр уақыт өте келе 
Қытай мен Үндістанға да жеткен болатын.
Негізінен бұл мазһабтың дамып жайылуына мына 
басты үш нәрсе себеп болған:
1.  Әбу  Ханифаның  шәкірттері  өте  көп  еді.  Олар 
оның  фиқһының  сүйенген  негіздерін  түсіндіру, 
көзқарастарын жаю жолында өте көп еңбек етті.
2. Имам Әбу Ханифаның шәкірттерінен кейін келген 
және бұл мәзһабқа тәуелді болған ғұлама фиқһшылар 
үкімдерінің  себептерін  (иллеттеррін)  түсіндіріп  және 
бұларды  келешек  ғасырларда туындайтын мәселелерде 
қолдануға қатты мән берген. 
3.  Аббасит  мемлекетінің  ресми  мәзһабы  Ханафи 
болғандықтан  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрлері  әртүрлі 
болған  көптеген  елдерге  жайылған.  Бұл  өлкелерде 
әртүрлі оқиғалар туындап үкім беру қажет болған кезде 
осы  мәзһаб  бойынша  шешуге  тура  келді.  Осылайша 
Ханафи мәзһабы Аббасидтер кезеңінде бес жүз жылдан 

55
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
астам  уақыт  Ислам  дүниесінде  ресми  мәзһаб  ретінде  
қолданылды
58
.
Бүгінгі  таңда  Орта  Азия,  Үндістан,  Шығыс 
Түркістан, Ауғанстан, Пәкістан, Түркия, Кафказ, Қытай, 
Балкан өлкелерінде Ханафи мәзһабы кең тараған. 
Каталог: images -> pdf
pdf -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
pdf -> 2016 жыл, сәрсенбі
pdf -> 2016 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 00-ден бастап орталық «Достық» алаңында
pdf -> 2016 жыл, сәрсенбі
pdf -> Сборник статей Международной научно-практической конференции к 80-летию Государственного музея искусств рк имени А. Кастеева Алматы 2015
pdf -> 8 бет. Ардагерлердің алғысы Ерді ЕсЕйткЕн Ерлік кемел өнер кемерінен шалқыса
pdf -> Расти, яблонька, цвети, нежная! Радуй людей плодами своими, а мы постараемся подарить
pdf -> 8-9-бет. МерекеңМен, Мейірлі Медбике!

жүктеу 2.46 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет