Туралы таным


а) Сенімге байланысты үкімдер



жүктеу 2.46 Kb.
Pdf просмотр
бет2/11
Дата07.03.2017
өлшемі2.46 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

а) Сенімге байланысты үкімдер: 
Аллаһ,  періштелер,  кітаптар,  ақырет  күні,  тағдыр 
мен қаза жайындағы, мұсылмандардың сенуге міндет-
ті  болған  үкімдер.  Сенім  жайындағы  үкімдер  әсіресе 
Мекке  кезіңінде  келіп,  адамдардың  алдымен  қате 
түсінік пен сенімнен тазалануы көзделген.
ә) Ахлаққа (мінез-құлық) байланысты үкімдер:
Мүминнің  иманының  күшеюіне,  ықыласты  тақуа 
болуына,  өзара  қатынастарда  ең  көркем  үлгіге  қол 
жеткізуіне  бағытталған  үкімдер.  Пайғамбарлардың 
қиссалары,  жәннатпен  сүйіншілеп  тозақпен  ескерту 
жасайтын аяттары да осы топқа кіреді.
б) Амалға байланысты үкімдер:
Мүкәлләфтің  құлшылығына,  күнделікті  сөзі 
мен  ісіне  және  адамдардың  өзара  қатынастарына 
бағытталған үкімдер. Міне, фиқһтың зерттеу нысанына 
кіретіндер осы сипаттағы аяттар. Олар өз ішінде екіге 
бөлінеді:
1) Құлшылыққа байланысты үкімдер:
Құран  Кәрімнің  құлшылық  жайындағы  барлық 
үкімдері  қысқаша  түрде  айтылған.  Ал  оны  іс  жүзіне 
асыру  мен  түсіндіру  сүннетке  міндеттелген.  Намаз, 
ораза, қажылық, зекет сияқты құлшылықтардың жаса-
луы Аллаһтың Елшісі тарапынан үмметіне көрсетілген. 
Мына  хадистер  құлшылықтағы  әрекеттің  әзіреті 
Пайғамбардан  (с.а.у.)  алынуы  керек  екендігін  ашық 
түрде баяндайды: “Мен намазды қалай оқысам сіздер 
де солай оқыңыздар”
17
. “Қажылық құлшылығын менен 
үйреніңдер, менен көргендеріңдей орындаңдар”
18
.
2) Муамәлә (қарым-қатынас) үкімдері.
17
  Бухари, Азан 18
18
  Муслим, Хаж 310

23
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
Құлшылықтан басқа қалған құқықтық іс-әрекеттер, 
келіссөздер,  қылмыс  пен  жазасы  және  осыларға 
ұқсастардың үкімдері. Муәмәлә үкімдерін төмендегідей 
бөлімдерге бөлуге болады.
Сауда-саттық  құқығы:  адамдар  арасындағы 
сауда-саттық, жалға беру, кепілдікке алу, кепіл, ортақ 
болу, қарыздану сияқты қаржылық қатынастарды рет-
теуді    және  тараптардың  құқығын  қорғауды  мақсат 
тұтады.
мәдениет құқығы: адамдардың істеген қылмысы 
мен бұларға берілетін жазалар осы топқа кіреді. Жаза 
үкімдері мал-мүлік, жан, ар-намыс және ой еркіндігін 
қорғауды мақсат тұтады. Аят немесе хадис пен белгілен-
ген жазаны “хадд” – дейді. Ұрлық, тонау, қарақшылық, 
ішімдік ішу жазалары сияқты. 
Отбасылық  құқық:  Құранда  жанұяға  байланыс-
ты  үкімдерге,  басқа  тақырыптарға  қарағанда  кеңірек 
тоқталған.  Үйлену,  ажырасу,  напақа,  иддет
19
,  мирас 
осы үкімдер қатарына жатады. 
Қазылық үкімдері: Куәлік, ант, үкім сияқты адам-
дар арасында әділетті жүзеге асыру шараларын ретте-
уді мақсат тұтады.
Басшылық  үкімдері:  әділеттілік,  кеңесу,  халық 
игілігі,  қамқорлық  және  қорғау  сияқты  негіздерге 
сүйенеді. Әділет – басқару жүйесінің ең басты принци-
пі. Құран Кәрімде әділетті әмір ететін аяттар бар: “Не-
гізінен Аллаһ сендерге аманаттарды өз лайықты орын-
дарына тапсыруларыңды және адамдардың арасында 
билік жүргізгенде әділдікпен билік жүргізулеріңді әмір 
етеді
20

19
  Әйелдің күйеуінен ажырасқан соң күтетін белгілі уақыты
20
  «Ниса» сүресі, 58-аят.

24
Мәзһаб туралы таным
Негізінде Аллаһ әділетті, ізгілікті және ағайынға 
қарайласуды  бұйырады
21
.  Кеңесу  принципі  де  ең 
жақсы  нәтижелерге  жетуге  жәрдемші  болады.  Аятта: 
Сондай-ақ  өзара  істерін  кеңеспен  жүргізгендер
22
  – 
делінген. “Іс жөнінде олармен кеңес қыл. Сонда қашан 
қарар берсең Аллаһқа тәуекел ет” 
мемлекет құқығы: Құран Кәрім мұсылман емес 
мемлекеттермен болған қатынастарды да реттеуші не-
гіздер әкелген. 
2. Сүннет (Хадис)
Сүннет  сөздікте  «жол,  адамның  әдеттенген 
жақсы  немесе  жаман  әрекеттері,  бағыт»  деген 
мағыналарды  білдіреді.  Терминдік  мағынасы  болса, 
әзіреті  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  сөзі,  іс-қимылы 
және  тақриріне  (үнсіз  құптауы)  қолданылады.  Сөзді 
сүннетке мысал: “Кімде-кім ұйықтап немесе ұмытып 
намазын  өткізіп  алса,  есіне  түскенде  оқысын
23
.  Іс-
қимыл сүннетіне мысал: “Мен намазды қалай оқысам 
сізде  солай  оқыңыз
24
.  Тақрири
25
  сүннет  –  әзіреті 
Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  көрген  немесе  естіген 
бір  істі  қабыл  етіп  мақұлдауы.  Сапар  барысында  су 
таба  алмағандығы  үшін  таяммуммен  намаз  оқыған 
бір  сахабаның  намаздан  кейін  су  тапқан  кезде  намаз-
ды  қайта  оқымауы  және  әзіреті  Пайғамбарымыздың 
(с.а.у.)  оны  кінәламауы  сияқты.  Бұл  әлгі  сахабаның 
ісінің шариғатқа қайшы еместігін білдіреді.
21
  «Нахл» сүресі, 90-аят
22
  «Шура» сүресі, 38-аят
23
  Әбу Дәуд Сулейман Салат 11
24
  Бухари Азан 18
25
  Құпталған

25
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
Фиқһта Құран Кәрімнен кейін екінші негіз сүннет 
болғандығында  дау  жоқ.  Сүннеттің  діни  бір  дәлел 
болғандығы  аяттармен  бекітілген.  Бұл  аяттар  мына-
лар: “Сендерге Пайғамбар не берсе алыңдар да, неден 
тыйса одан тыйылыңдар
26
.
(Мұхаммед) Раббыңа серт! Олар өзара таласқан 
нәрселеріне сені би қылып, содан соң берген билігіңнен 
көңілдерінде  ақау  қалмай  бойұсынғанға  дейін  мүмин 
бола алмайды
27

Кім  Пайғамбарға  бағынса,  расында  Аллаһқа 
бағынған болады
28
.
Сүннет  әзіреті  Пайғамбардың  (с.а.у.)  Раббысы-
нан  алған  елшілік  қызметін  жаюдан  тұрады.  Құран 
Кәрімнің  «Нәжм»  сүресінің  3,  4-аяттарында  әзіреті 
Пайғамбардың  (с.а.у.)  уахиге  сүйеніп  сөйлейтіндігін 
хабар  береді:  “Ол  өз  ойынан  сөйлемейді.  Сөйлегені 
көкейіне салынған уахи ғана”. 
Сүннеттің Құран Кәрім үшін төрт қызметі бар:
а) Мүбхам немесе мүжмал
29
 аяттарды ашықтайды. 
ә) Жалпы үкімдерді сатыларға бөледі.
б) Насих
30
 пен мансухты
31
 білдіреді. 
в) Құранда  болмаған  кейбір  үкімдерді  қояды. 
Мысалы: Намаз бен зекет әмірлерінің орындалу пішіні 
сүннетпен  белгіленген;  үй  есектері  мен  жыртқыш 
құстардың  етінің  желінуіне  тыйым  салынуы  да 
сүннетпен белгіленген.  
26
  «Хашыр» сүресі,  7-аят
27
  «Ниса» сүресі, 65-аят
28
  «Ниса» сүресі, 80-аят
29
  Түсіндірме қажет ететін
30
  Алдыңғы үкімнің күшін жою
31
  Үкімі жойылған

26
Мәзһаб туралы таным
Хадистер  рауилерінің
32
  санына  қарап  мутауатир, 
мәшһүр және ахад болып үшке бөлінеді. Ахад хадистің 
өзі сахих, хасан және зайыф болып бөлінеді. 
Мутауатир хадис – өтірік айтуы мүмкін болмаған 
көпшілік  тарапынан  риуаят  етілген  хадистер.  “Кімде-
кім  менің  атымнан  жалған  бір  хадис  риуаят  етсе, 
тозақтағы орнына дайындалсын
33
 хадисін жүзден аса 
сахаба риуаят еткен. Іс-әрекетке байланысты сүннеттің 
арасында  мутауатир  болғандары  өте  көп.  Дәреттің 
алынуы, намаздың оқылу тәртібі, қажылықтың орында-
луы сияқты. Мутауатир хадис дәлел болуда нақтылық 
білдіреді әрі онымен амал жасау парыз.
 Мәшһүр хадис – Пайғамбардан (с.а.у.) алғашында 
бірнеше кісінің ғана риуаят етіп, екінші және үшінші 
хижри жылдардан бастап мутауатир дәрежесіне шыққан 
хадистер. Мәшһүр сүннет те нақтылықты білдіреді.
Ахад хабар болса бір, екі немесе одан көп сахаба та-
рапынан риуаят етілген және мәшһүр дәрежесіне жете 
алмаған хадистер. Сүннеттің басым бөлігі осы жолмен 
келген. 
3. Ижма
«Ижма» сөздікте бір іске бел буу немесе бір мәселеде 
ортақ  пікірге  келу  деген  мағыналарды  білдіреді. 
Фиқһ  термині  ретінде:  «Әзіреті  Мұхаммедтің  (с.а.у.) 
үмметінен шыққан мүжтахидтердің әзіреті Пайғамбар 
қайтыс болғаннан кейінгі қандай да бір дәуірде діни бір 
үкім жайында ортақ пікірге бірігулері». Осы анықтама 
бойынша ижмада мына шарттардың болуы керек: 
32
  Жеткізушілер
33
  Бухари, Ілім 38

27
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
а)  Мүжтахидтердің
34
  барлығы  бірдей  бір  үкімде 
ортақ шешім қабылдауы діни дәлел болып есептеледі. 
б) Мүжтахидтердің ортақ пікірге келулері бір істің 
діни  үкімі  жайында  алғашқы  мәселе  көтерілген  кезде 
маңызға  ие  болады.  Кейіннен  уақыт  өте  әлдекімнің 
қарсы шығуымен ижма бұзылмайды.
в)  Діннен  тыс  мәселелерде  ортақ  пікірде  бірігу 
ижмаға қатысы жоқ.
Ижманың  дәлел  ретінде  қабылдануы  Құран  мен 
сүннетке  сүйенеді.  Құран  Кәрімде  былай  айтыла-
ды:  “Ал  біреу,  өзіне  тура  жол  айқындалғаннан  кейін 
Пайғамбарға  қарсы  шықса,  сондай-ақ  мүминдердің 
жолынан  басқа  жол  іздесе,  оны  бұрылған  жағына 
бұрамыз да тозаққа саламыз
35
.  Аяттағы «сондай-ақ 
мүминдердің жолынан басқа жол іздесе» сөзі ижманың 
қуатты дәлел екендігін көрсетуде. 
Ижманың дәлел болуын меңзейтін хадис шәрифтер 
де бар: “Мұсылмандардың жақсы деп тапқан нәрсесі 
Аллаһтың  құзырында  да  жақсы
36
.  “Үмметім 
адасушылықта бірлеспейді
37
.
Ижма  ашық  (сарих),  үнсіз  (сукути)  болып  екіге 
бөлінеді. Ашық (сарих) ижма – бір ғасырда өмір сүрген 
әрбір  мүжтахидтің  ижма  жасалған  мәселе  жайында 
ойын  ашық  түрде  білдірген  ижмасы.  Үнсіз  (сукути) 
ижма  -  қандайда  бір  ғасырда  ижтихад  жасауға  лайық 
болған  ғалым  кісі  белгілі  бір  көзқарас  айтып,  оның 
осы  тұжырымын  естіген  басқа  бір  мүжтахид  немесе 
34
  Мүжтахид – дәлелдерден діни үкімдер шығару қабілетіне ие 
болған кісі
35
  «Ниса» сүресі, 115-аят
36
  Ахмед бин Ханбәл
37
  Ибн Мәжа, Фитән 8

28
Мәзһаб туралы таным
мүжтахидтер  оны  қабыл  етіп,  етпеулері  жайында 
ешқандай  пікір  айтпаса,  ол  мәселеде  үнсіз  жолмен 
(сукути) ижма жасалған болады. 
4. Қияс 
Қияс  сөздікте  бір  нәрсені  басқа  бір  нәрсемен 
өлшеу,  салыстыру  мағынасын  білдіреді.  Терминдік 
мағынасы  болса  «аят  пен  хадисте  үкімдері  болмаған 
бір мәселені ерекшеліктері ортақ, шариғи үкімі белгілі 
басқа мәселемен салыстырып, арнайы шарттар арқылы 
соның үкімін үкімі белгісізге беру» – дегенді білдіреді. 
Бұған шарапты мысал ретінде бере аламыз. Шарапқа 
Құранда  тыйым  салынған.  Бірақ  кейінгі  дәуірлерде 
арақ, коньяк, шампанский, виски сияқты өзгеше атпен 
ішімдіктер шыққан. Құранда бұлардың аты аталмаған. 
Шараптың тыйым салынуына мас қылушы сипаты сай 
келгендіктен,  әрі  көптеген  хадистерде  де  осы  жайт 
белгіленгендіктен,  жаңа  ішімдіктер  де  ішкенді  мас 
қылатындығы  белгілі болған кезде мас қылушы ортақ 
сипаты  себепті  қияс  (салыстыру)  жолымен  шараптың 
үкімі өзге алкагольді ішімдіктерді де қамтиды.
Қиястың  діни  дәлел  ретінде  саналуы  аят,  хадис 
сахаба істерімен бекітілген
38

Хасамдық  бір  әйел  әзіреті  Пайғамбарға  келіп 
әкесінің  қарт  кісі  екендігін,  оған  қажылық  парыз 
болғанымен  оны  істей  алатын  жағдайда  емес  екен-
дігін  және  оның  орнына  өзінің  қажылық  жасауына 
болып,  болмайтындығын  сұрайды.  Әзіреті  Пайғамбар 
“Әкеңнің қарызы болса оны төлесең, әкең қарызынан 
құтылады ма?” – деп сұрағанда әлгі адам “Иә” – дейді. 
Сонда  Пайғамбарымыз:  “Олай  болса  әкеңнің  орнына 
38
  Адас Назир. «Сағадатул-вусул илә илмил-усул». 134 б.

29
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
қажылық  жасай  аласың”
39
  –  деген.  Яғни  адамдардың 
қарызы  мен  Аллаһтың  алдындағы  міндетін  өтеудің 
ұқсастығын  салыстырып, мысал берді. 
Кейбір  сахабалар  әзіреті  Әбу  Бәкірге  (р.ғ.) 
бәйат  еткен  кезде,  әзіреті  Пайғамбардың  (с.а.у.) 
оны  намаз  үшін  имам  ретінде  сайлағанын  еске  ала 
отырып  халифалықты  басшылық  сипаты  үшін  намаз 
имамдығымен салыстырған
40

Қияс төрт негізден тұрады:
а) Асыл (негіз). Өзі  жайында үкім түскен мәселе 
(аят, хадис);
б) Фәрғ. Өзі жайында үкім түспеген, бірақ адамдар 
үкімін білуге мұқтаж мәселе;
в)  Үкім.  Қияс  жолымен  жаңа  мәселеге  берілетін 
үкім (парыз, уәжіп, харам, мәкрух секілді);
г) Ортақ иллет (себеп). Әрі асылдағы, әрі фәрғдағы 
ортақ болған ерекшеліктер. 
Мысалы  ішімдік  аят  арқылы  тыйым  салынған 
шарап “асыл”,  шарап үкіміне байланатын жаңа ішімдік 
түрі  (мысалыға  сыра)  “фәрғ”,  шараптың  үкімі  болған 
харамдық  “үкім”,  ал  екеуіне  ортақ    мас  қылу  сипаты 
“себеп” болады.
Ә) Фәрғи (негізгі емес, қосымша) дәлелдер
Ислами үкімдердің сүйенетін төрт негізгі дәлелден 
басқа,  соларға  сүйенетін  екінші  дәрежедегі  дәлелдер 
де  бар.  Олар:  истихсан,  маслахат,  әдет-ғұрып,  бізден 
алдыңғы  шариғаттар,  сахаба  сөзі  және  истисхаб. 
Бұларды қысқаша түсіндіретін болсақ:
39
  Әбу Дәуіт, 2385
40
  Адас Н. «Сағадатул-вусул илә илмил-усул».135 б.

30
Мәзһаб туралы таным
1. Истихсан
Истихсанның  сөздік  мағынасы  бір  нәрсені  ұнату, 
жақсы  деп  есептеу.  Фиқһ  усулінің  термині  ретінде 
былай  анықтама  беріледі:  Истихсан  –  мүжтахидтің 
бір  мәселеде  оның  ұқсастарының  үкімінен  бас  тар-
туды  керек  қылған  насс  (аят-хадис),  ижма,  зарурет 
(мұқтаждық), жасырын қияс, әдет-ғұрып немесе масла-
хат сияқты бір дәлелге сүйеніп ол үкімді тастап, басқа 
бір үкім беруі.
Үкімі белгіленуі қажет болған мәселе кейде жалпы 
сипаттағы  насстардан  (аяттар  мен  хадистерден)  біре-
уіне немесе фиқһта яки кейбір мәзһабтарда бекітілген 
жалпы қағидаға сәйкес келуі мүмкін. Бірақ бұл мәселе 
жайында  жалпы  нассқа  (Құран  мен  хадиске)  немесе 
жалпы қағидаға қайшы үкім беруді қажет ететін басқа 
бір  насс,  ижма,  зарурет,  әдет-ғұрып  пен  маслахат 
сияқты жеке бір дәлел кездесетін кезі де болады. Міне 
мүжтахидтің  осындай  жағдайда,  ұқсас  мәселелерге 
берілген үкімнен бас тартып, соған ғана тән жеке дәлел 
бойынша үкім беруіне истихсан аты беріледі. Мысал-
дар арқылы тарқатар болсақ:
а)  Истихсанның нассқа сүйенуі. Әзіреті Пайғамбар 
Хаким  бин  Хизамға:  “Қолыңда  болмаған  нәрсені 
сатпа
41
, – деген. Бұл жалпы сипаттағы үкім. Яғни са-
удада  қолыңда  болмаған  затқа  сауда  келісімін  жасай 
алмайсың.  Ал,  Аллаһтың  елшісі  Мәдинаға  хижрет 
жасағаннан кейін Мәдиналықтардың жемістері жайын-
да  бір  немесе  екі  жылдығына  алдын  ала  «сәләм» 
келісімін жасағандарын көрген кезде былай деді: “Сәләм 
жолымен  сатқандар  мұны  белгілі  мөлшерде  және  бір 
41
  Әбу Дәуіт, Бую, 70

31
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
мерзім  белгілеп  жасасын”
42
.  Егер  жоғарыдағы  жалпы 
үкімге  қарасақ,  қолға  тимеген  жеміс  үшін  алдын-ала 
сауда келісімін жасау дұрыс емес. Бірақ осы жағдайға 
арналған  хадис  арқылы  жалпы  үкімнен  шығып,  өзіне 
тән дәлелмен қиясқа қайшы үкім береміз. 
б) Ижмаға  сүйенуі.  Бұған  «истиснағ-тапсырыс 
келісімі» мысал бола алады. Өнершіге белгілі бір ақша 
беріп  тапсырыс  беру,  келісім  кезінде  жоқ  бір  затты 
сатып алу болады. Бірақ адамдар бұл келіссөзді өте көп 
қолданғандықтан ижмаға сүйеніп рұқсат деп танылған. 
в) Заруретке (мұқтаждыққа) сүйенуі. Жалпы қағида 
бойынша ластанған құдықтың тазалануы үшін барлық 
судың шығарылуы қажет болса да, мұның қиындығына 
байланысты  біраз  су  шығарылғаннан  соң  құдық  таза 
болып есептеледі. 
г)  Маслахатқа  (халық  игілігі)  сүйенуі.    Әзіреті 
Пайғамбар:  «Зекет  Мұхаммедке  және  Мұхаммедтің 
жанұясына  халал  емес»
43
,  –  деген.  Әбу  Ханифа 
мен  Малик  өз  дәуірінде  әзіреті  Мұхаммедтің 
(с.а.у.)  жанұясынан  Хашимұлдарына  зекет  беруге 
болатындығына  үкім  берген.  Өйткені  белгілі  себеп-
терге байланысты   оларға үкімет тарапынан берілетін 
көмектер тоқтатылған болатын.  
2. Масалихи мурсәлә (ел игілігі үшін көзделген 
істер)
Исламда қолданылған маслахаттар мына бес нәрсені 
қорғау  мақсатына  бағытталған.  Олар:  дін,  мал-мүлік, 
жан, ақыл және нәсіл. Аят-хадиспен белгіленбеген мас-
лахаттарды  (игілігі  бар  істерді)  «масалихи  мурсәлә» 
42
  Әбу Дәуіт, Бую 57
43
  Муслим, Зекет 168

32
Мәзһаб туралы таным
(ижтихадқа  қалдырылған  маслахаттар)  –  деп  атайды. 
Бұл дәлелді ең көп Малики мәзһабы қолданған.
Төрт халифа дәуірінде масалихи мурсәләға сүйеніп 
көптеген ижтихад жасалған: Әзіреті Әбу Бәкірдің (р.ғ.) 
дәуірінде  Құран  Кәрімнің  жинақталуы  мен  Әзіреті 
Осман (р.ғ.) кезеңінде көбейтілуі;
Әзіреті  Османның  (р.ғ.)  халық  санының  артуына 
байланысты  жұма  күні  екінші  азанды  айтқыза  баста-
уы;
Әзіреті Әбу Бәкір (р.ғ.) өзінің қайтыс болатындығын 
сезіп, әзіреті Омарды  (р.ғ.) халифалыққа үміткер етіп 
көрсетуі;
Әзіреті Омардың (р.ғ.) жаулап алынған Сирия мен 
Ирак жерлерін бұрынғы иелеріне беріп оларды хараж 
салығына байлауы. Осыған ұқсас шешімдер маслахатқа 
сүйенген ижтихадтың мысалдарына жатады
44
.
3. Әдет-ғұрып
Адамдардың  көпшілігінің  қалауымен  үйреншікті 
халге келген істерге немесе естілген кезде ойға басқа 
бір мағына оралмайтындай дәрежеде белгілі бір ұғымға 
қолданылуы  әдет  халіне  келген  сөзге  “урф  (әдет-
ғұрып)” – дейді.
“Мұсылмандардың жақсы деп тапқан нәрсесі Аллаһ 
құзырында  да  жақсы”  хадисі  әдет-ғұрыптың  діни  бір 
дәлел болғандығын көрсетеді. Усулул-фиқһ (фиқһ не-
гіздері) кітаптарындағы ғұламалардың «әдет ғұрыптың 
шариғатта орыны бар», “әдет-ғұрыппен белгілі болған 
нәрсе шарт сияқты (міндетті) болады”,  “әдет-ғұрыппен 
бекітілген нәрсе насспен (аят-хадиспен) бекітілген нәрсе 
сияқты” деген қағидалары әдет-ғұрып маңыздылығын 
44
  Ғаззали Әбу Хамид. Әл-Мустасфа. Каир. 1 том 294- б.

33
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
белгілейді. Бұған дәлел ретінде арабтардың сахих әдет-
ғұрыптарын шариғатта қабыл етілуін көрсете аламыз. 
Мысалы  мирас  пен  қамқоршы  (уәли)  мәселелерінде 
жақындық реті сол күйі қалдырылды
45
.
Әдет-ғұрып кітап және сүннетке қайшы болса қабыл 
етілмейді.  Мысалы,  кейде  ішімдік  пен  өсімқорлық 
адамдар арасында жайылып әдет халіне келуі мүмкін. 
Бірақ  бұл  жарамды  әдет-ғұрып  болып  саналмайды. 
Сондықтан  Ислам  қоғамындағы  әдет-ғұрыптар  екіге 
бөлінеді:
а)  Сахих  әдет-ғұрып:  шариғат  бойынша  жарамды 
іс-әрекеттер. Мысалы,  ұстаға бір затты тапсырыс беру 
(истиснағ) арқылы келісім жасау әлі дайын емес затты 
сатып  алу  болғандықтан  дұрыс  болмауы  керек.  Бірақ 
халық арасында кеңінен тарап, әдет халіне келгендік-
тен фақиһтер бұған рұқсат деген.
б) Фасид әдет-ғұрып: нақты бір нассқа (аят-хадис-
ке) қайшы келгендігі үшін жарамсыз деп саналған әдет-
ғұрыптар. Мысалы, жоғарыда айтылғанындай ішімдік 
пен өсімқорлық бүкіл Ислам әлеміне жайылса да бұған 
рұқсат  берілмейді.  Мұндай  істер  «фасид  әдет-ғұрып» 
қатарына жатқызылып, ешқандай пайдалы тұстары мен 
кең  тарағандығы  оны  шариғи  тұрғыдан  құпталуына 
жол аша алмайды. 
Әдет-ғұрыптың  заманға  немесе  ортаға  байланыс-
ты  өзгеруі  кейде  үкімнің  де  өзгеруіне  себеп  болады. 
Осыған сүйеніп, кейінгі фиқшы ғұламалар  Құран Кәрім 
үйретуде,  имамдық,  азаншы  сияқты  өзге  де  істерде 
жалақы алуға болады деп пәтуә берген. Негізінде бұл 
істер  құлшылық болып саналғандықтан олар үшін ақы 
алу  дұрыс  болмауы  керек  еді.  Осы  бойынша  осы  істі 
45
  Адас Н. «Сағадатул-вусул илә илмил-усул». 193 б.

34
Мәзһаб туралы таным
атқарушыларға жалақы берілмесе, олардың күнкөрістері 
қиындайды. Ал, күнкөріс қамы үшін басқа кәсіптермен 
айналысып кетсе, онда аталмыш діни міндеттер ақсап 
қалар еді. Олар уақыттарын арнайы орындар да өткізіп, 
басқа  кәсіпке  уақыттары  болмағандықтары  үшін  ғана 
ақы  алуға  рұқсат  берілді.  Алған  ақылары  орындаған 
құлшылықтары үшін есептеп берілмейді
46
.
4. Шәрғу мән қабләна (алдыңғы шариғаттар) 
Алдыңғы шариғаттар дегеніміз – Аллаһтың әзіреті 
Ибраһим  (а.с.),  Мұса  (а.с.)  және  Иса  (а.с.)  сияқты 
Мұхаммедке  (с.а.у.)  дейінгі  пайғамбарлар  арқылы 
олардың қауымдарына жіберген үкімдері.
Бұл  үкімдер  әзіреті  Мұхаммедтің  (с.а.у.)  үмметі 
үшін  де  жарамды  ма?  Олардың  осы  үкімдермен    біз 
әрекет етуіміз керек пе? 
Исламда алдыңғы шариғат үкімдері екіге бөлінеді:
а)  Құран  Кәрімде  немесе  әзіреті  Пайғамбардың 
сүннетінде айтылмаған Інжіл, Таурат және Забурдағы 
үкімдері. Бұлардың мұсылмандар үшін жарамды емес 
екендігінде  Ислам  ғалымдарының  ижмасы  (келісімді 
шешімі) бар.
б) Құран Кәрімде немесе Пайғамбардың сөздерінде 
айтылған  үкімдер.  Бұларды  да  үш  топқа  жинақтауға 
болады:
б.а) Мұсылмандар үшін күші жойылғандығына бай-
ланысты  дәлелі  бар  үкімдер.  Бұлардың  мұсылмандар 
үшін  жарамсыз  екендігінде  ижма  бар.  Яһудилерге 
шектен  шығып,  зұлымдық  жасағандары  үшін  жаза 
ретінде барлық тырнақты хайуандардың және сиыр мен 
46
  Ибрахим  әс-Салқини,  «әл-Муйәссәр  Фи  Усул-ул  Фиқһ». 
188-б.

35
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
қойдың  іш  майларының  харам  болғаны  сияқты
47
.    Ал  
бұлардың ішінде мұсылмандарға халал етілгендері бар. 
Соғыс  олжаларының  тек  қана  Ислам  үмметіне  халал 
етіліп, алдыңғы үмметтерге халал етілмеуін де осыған 
мысал ретінде көрсетуге болады.
б.б) Мұсылмандар үшін де үкімі жүретіндігіне байла-
нысты дәлелі болған үкімдер. Бұл үкімдер мұсылмандар 
үшін  де  тиісті  болады.  Оразаның  алдыңғы  діндерде 
парыз болғаны сияқты Исламда да парыз етілуі, әзіреті 
Ибраһимге  (а.с.)  бұйырылған  құрбан  шалудың  Ислам 
үмметіне де бұйырылуы сияқты
48

б.в) Құран немесе хадисте мұсылмандар үшін күші 
жойылып,  жойылмағандығына  байланысты  ешқандай 
сөз  қозғалмаған  үкімдер.  Бұған  мысал  ретінде  мына 
аятты  бере  аламыз:  “Оларға  Тауратта  жанға  жан, 
көзге көз, мұрынға мұрын, құлаққа құлақ, тіске тіс деп 
қарымта төлеуді (қысас) жаздық. Ал кімде-кім мұны 
кешірсе,  сонда  ол  оған  кәффарат  болады.  Кімде-кім 
Аллаһ түсірген заң бойынша билік етпесе міне солар 
залымдар
49
.
Көпшілік фақиһтардың айтуы бойынша осы сияқты 
аяттар, біздер үшін де жарамды және өз алдына жеке 
дәлел  бола  алады.  Аят  пен  хадистерде  белгілі  бір 
қауымға  немесе  кезеңге  тиісті  болғанына,  яки  үкімі 
жойылғандығына байланысты бір дәлел болмаса үкімі 
тұрақты  болып  қалады.  Мұның  дәлелі  ретінде  әзіреті 
Мұхаммедтің (с.а.у): “Кімде-кім бір намаз уақытында 
ұйықтап қалса немесе ұмытып өткізіп алса, оны есіне 
47
  «Әнғам» сүресі, 145,146-аяттар
48
  Ибн Мәжа, Әдәих 3.
49
  «Мәйда» сүресі, 45-аят

36
Мәзһаб туралы таным
түскенде  оқысын”
50
,  –  дегеннен  кейін:  “...Және  мені 
еске алу үшін намаз оқы
51
 аятын оқығанын көрсетеді. 
Себебі  бұл  аят  әзіреті  Мұсаға  (а.с.)  айтылған  сөз  еді. 
Осының  нәтижесі  ретінде  ханафилер  жоғарыдағы 
қысас  аятына  сүйеніп,  мұсылман  емес  кісіні  өлтірген 
мұсылманның қысас жолымен өлтірілетіндігін айтқан. 
Екінші жағынан Аллаһтың елшісі (с.а.у): “Жанға жан 
қысас бар” деп, қысас үкімінің осы үмбетке де қатысты 
екендігін білдірген.
5. Сахаба сөзі
Әзіреті  Пайғамбар  (с.а.у)  заманында  өмір  сүріп, 
оған  иман  келтірген  және  оны  көргендерді  “сахаби” 
дейді.  Көпше  түрі  “сахаба”  және  “асхаб”  болады. 
Фиқһ  усулі  ғалымдары  әзіреті  Пайғамбармен  (с.а.у) 
кездесудің әдетте “жолдас” деп аталатындай мөлшерде 
көп  уақытты  қамтуы  керек  екендігін  айтқан.  Ислам 
құқықшыларының  көпшілігінің  көзқарасы  бойын-
ша  ижтихадпен  шешілмейтін  бір  мәселеде  сахабаның 
сөзі  дәлел  бола  алады.  Өйткені  сахаба  сөзінің  әзіреті 
Пайғамбардан  (с.а.у)  естіген,  үйренген  бір  мәліметке 
сүйену  ықтималы  қуаттырақ.  Ханафилар  етеккір 
мерзімінің ең азы үш күн болуын Ибн Масғудтың (р.а.), 
ең көп жүктілік мерзімінің екі жыл болғандығы болса, 
Әзіреті Айша анамыздың (р.а.) айтқан сөздеріне сүйене 
отырып белгілеуі осыған мысал бола алады.  Бұл жайлы 
нақты  хадис  болмаса  да,  олардың  бұл  үкімді  жеке 
ойынан  айтпай,  пағамбарымыздан  естуі  мүмкін  деген 
болжам басымырақ. 
50
  Нәсәи, Мәуәқит 53.
51
  «Таха» сүресі, 14-аят

37
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
Әбу  Ханифа  ижтихад  жасағанда  ұстанған 
әдісін  былай  түсіндіреді:  «Мен  Аллаһтың  кітабы-
мен  үкім  шығарамын.  Кітаптан  таба  алмасам, 
Расулуллаһтың  сүннетінен  іздеймін.  Құран  Кәрімнен 
және  Расулуллаһтың  сүннетінен  де  таба  алмасам, 
сахабалардың сөздеріне сүйенемін. Бірақ сахабалардан 
қалаған адамдардың сөздерін алып, қаламағандарымның 
сөздерін  алмаймын.  Бірақ  сахабалардың  сөздерінен  
сыртқа  да  шықпаймын.  Алайда  бұл  іс  Ибраһим 
Нахаи,  Шағби,  Ибни  Сирин,  Ата  және  Сиад  бин  әл-
Мусиаябтың (яғни табиғиндердің) сөздеріне қатысты 
болса,  олар  да  ижтихад  жасаған,  мен  де  ижтихад 
жасаймын»
6. Истисхаб
Сөздікте  «сұхбат  жасау  немесе  сұхбатты 
жалғастыру»  деген  мағынаны  білдіреді.  Фиқһ  усулі 
термині ретінде истисхаб: өткен шақта орын алған бір 
жағдайдың  өзгергеніне  байланысты  дәлелі  болмаса, 
қазірде де дәл солай екендігіне үкім беру мағынасына 
келеді.  Бір  мәселеде  кітап,  сүннет,  ижма  немесе  қияс 
дәлелдерінде арнайы бір үкім болмаған кезде мүжтахид 
“истисхаб” жолымен шешім шығара алады.
Мысалы  бір  адамның    үйленгені  белгілі  болса, 
ажырасқандығына  байланысты  дәлел  болмайын-
ша,  әйелімен  араларында  неке  байланысының 
жалғасқандығына  үкім  беріледі.  Бір  адам  дәрет 
алғаннан  кейін  дәретті  бұзатын  жағдайлардан  біреуі 
көрінбейінше оның дәретті болғандығы қабыл етіледі. 
Жоғалып тірі ме, өлі ме екені белгісіз адамның жағдайы 
истисхаб ережесі бойынша шешіледі. Жоғалған адамға 
(өлгендігіне  байланысты  дәлел  болмайынша)  тірілер-
ге  жасалған  үкім  жүреді.  Мал-мүлкі  мирасшыларына 

38
Мәзһаб туралы таным
бөлініп  берілмейді,  әйелі  басқамен  үйлене  алмайды. 
Өйткені жоғалған кезде оның тірі екендігі нақты бел-
гілі  еді.  Өлгендігіне  байланысты    дәлел  табылғанға 
дейін тірі адам сияқты қабыл етіледі. Бірақ бұл жайын-
да жұбайының кездесетін қиыншылықтарын жеңілдету 
үшін  жоғалған  кісі  жайында  сот  арқылы  некені 
бұзатын  үкім  шығарылады.  Ханафилердің  көзқарасы 
бойынша мұндай үкім берілуі үшін жоғалған адамның 
құрдастарының  дүниеден  өтуі  немесе  тоқсан  жасына 
жетуі  керек.  Маликилердің  көзқарасы  бойынша  төрт 
жыл өтуі керек. Соғыс кезінде жоғалғандарға тән мер-
зімге келсек, онда әскерлер мен тұтқындардың оралуы-
нан бастап бір жыл.  
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет