Туралы таным



жүктеу 2.46 Kb.
Pdf просмотр
бет1/11
Дата07.03.2017
өлшемі2.46 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Алматы 2011
ТҰРАР ТҮГЕЛҰЛЫ,
БАТЫРБЕК ТҰРҒАНБЕКҰЛЫ
М Ә З Һ А Б 
 
ТУРАЛЫ ТАНЫМ

УДК 28
ББК 86.38 
Т 87
 
Түгелұлы Т., Тұрғанбекұлы Б.
Т 87   Мәзһаб туралы таным. - Алматы, 2011. – 176 бет.
 
ISBN 978-601-06-1202-0
Әрбір мұсылманның мәзһаб жайлы мағлұматы болуы керек. 
Құран мен сүннетті дұрыс түсінем, оның үкімдерін іске асыруда 
дұрыс жол ұстанам деген әрбір адам мәзһаб атымен қалыптасқан 
ережелер  мен  негіздерден  ауытқып  кете  алмайтынына  көзіңіз 
жетеді.  Аталмыш  кітапта  осы  мәселелерге  тоқталатын  боламыз. 
Яғни  бірінші    -  мәзһабтар  жайлы  таным  қалыптастыру,  екінші 
-    мәзһабқа  қарсылардың  сөздерін  талдау  арқылы  мәзһабтардың 
маңыздылығын айқындауға тырысамыз.
Кітаптың мазмұны салмақты, тілі оқылуға жеңіл еңбек саналы 
оқырманның жүрегіне жол табады деген сенімдеміз. 
 
УДК 28
ББК 86.38
ISBN 978-601-06-1202-0
© Тұрар Түгелұлы, Батырбек Тұрғанбекұлы, 2011

3
Алғы сөЗ
Аса мейірімді, Мейірбан Алланың атымен.
Құдайға  шүкір,  қазірде  елімізде  төл  дінімізге 
деген  ықылас-пейіл  ерекше.  Әсіресе,  қазіргі  қазақ 
жастарының имани танымын тұғырлауға, діни білімге 
деген құштарлығы көңіл қуантады.
Ғылым-білім  дамыған  кезде  бәсекелестік  пен 
пікірталастың  да  дамитындығы  аян.  Ақиқаттың  да 
шынайы  біліммен  сөз  таластырғанда  ғана  айдынға 
шығатыны айдан анық. Соңғы уақыттарда қоғамымызда 
сан  ғасырлардан  бері  қазақ  халқына  сіңісті  болып, 
ұлттық  дағдысына  айналған  дәстүрлі  Әбу  Ханифа 
мәзһабын ұстанатын басым көпшілік жамағатпен қатар 
ешбір  мәзһабты  мүлде  мойындамайтын,  әрдайым 
«бүйректен  сирақ  шығаруға»  бейім  бәзбір  топтардың 
бас көтеріп жүргендігі жалпы жұртқа жасырын емес.
Сондықтан  да  барша  адамзатты  әдептіліктің  биік 
шыңына бастайтын асыл дініміздің мақсат-мұраттарын 
жете  түсіне  алмаған  сондай  кертартпа  топтардың 
керағар  пікірлерін  ғылыми  тұрғыдан  терістеп,  мәзһаб 
ұғымы туралы кеңірек түсінік беретін еңбектер керек-
ақ.
Осы  тұрғыдан  алғанда  қолыңыздағы  дінтанушы-
лар  Түгелұлы  Тұрар  мен  Тұрғанбекұлы  Батырбектің 
«Мәзһаб туралы таным» атты еңбегі сол олқылықтың 
орнын  толтыратын  құнды  дүние.  Бұл  еңбекте  Ислам 
дініндегі  дәстүрлі  мәзһабтар  туралы  келелі  әңгіме 
өрбіген.  Мәзһабтардың  шығу  тарихы  мен  қалыптасу 

4
Мәзһаб туралы таным
сатылары жайында толыққанды талқы жасалған. Әрбір 
мұсылманға белгілі бір мәзһабты ұстанудың қажеттілігі 
бұлтартпас  дәлел-дәйектер  арқылы  түсіндірілген. 
Сондай-ақ,  мәзһабсыздықтың  жеке  мұсылманға  һәм 
күллі  мұсылман  өркениетіне  келтіретін  қатерлі  сал-
дарлары жайындағы мұсылман әлеміне танымал әйгілі 
теолог-ғалымдарының  құнды  пікірлері  өз  орайымен 
келтірілген.
Дін  саласындағы  сан  алуан  пікірлердің  дұрыс-
бұрыстығын  білуге  ұмтылған  әрбір  жан  үшін  осы 
еңбектің  құндылығы  ерекше  болары  даусыз.  Сөз 
соңында  төл  дініміздің  өркендеуіне  көптен  бері  үлес 
қосып,  халайыққа  дұрыс  діни  ұстанымдарды  таратып 
жүрген кітап авторларының әрбір ісіне тауфиқ, табыс 
тілейміз. Раббы Тағала істеріңізді оңдасын! Әмин.
Сәбит Ибадуллаев,
әл-Әзһар университетінің түлегі

5
Кіріспе
Аллаһ  тағалаға  хамд  (мақтаулар)  болсын.  Оның 
таңдаған, сүйген құлдарына және адамзаттың асыл тәжі 
болған Мұхаммедке (с.а.у.) сәлем және салауат болсын. 
Ұлы пайғамбардың (с.а.у.) пәк отбасына, әділ сахабала-
рына Аллаһтың нұры жаусын.
Араб тілінің сөздігінде «жүрілген жол» мағынасын 
білдіретін  «мазһаб»  сөзінің  терминдік  мағынасы  – 
Ислам дінінде мужтахид деп қабыл етілген кісінің сенім 
(ақайд)  мен  амалда  (фиқһ)  білдірген  көзқарастарын 
ұстанатын  жол.  Пайғамбарымыз  Мұхаммедтің  (с.а.у.) 
адамдарға  жеткізген  Ислам  дінінің  сенім  және  амал 
саласында  кейбір  мәселелерін  дәлелдеп  одан  үкім 
шығарып  оларды  түсінуде  ғалымдар  бір-бірінен 
өзгеше  көзқарастар  айтқан.  Міне  бұл  көзқарастардың 
жиынтығын «мәзһаб» деп атаған.
Ислам  тарихында  мәзһаб  сөзі  итиқади  (сенім-
ге),  саяси  және  фиқһқа  (амалға)  байланысты 
көзқарастардың барлығына қолданылады. Бірақ саяси 
және  итиқади  мәзһабтарға  «фырқа»,  «нихлә»,  сөздері 
көп  қолданылуда.  Фырқа  сөзі  әр  түрлі  көзқарасты 
ұстанатын топтар деген мағынаға келеді. Нихлә болса 
көзқарас, сенім деген мағынаны білдіреді. 
Ислам  тарихындағы  мәзһабтар  үшке  бөлінеді. 
Саяси,  итиқади  (сенімге  байланысты)  және  фиқһи 
(амал)  мәзһабтар.  Дегенмен  бүгін  халық  арасында 
мәзһаб сөзі көбіне фиқһ мәзһабтары үшін қолданылуда. 
Мәзһабты қолдаушы да, оны жоққа шығарушы да осы 

6
Мәзһаб туралы таным
мәзһабтар  төңірегінде  әңгіме  қозғайды.  Сондықтан 
фиқһ  мәзһабтары  жайында  кеңірек  тоқталу  бүгінгі 
күннің талабы болып отыр. 
Мәзһаб  жайлы  дұрыс  түсінік  қалыптастыру  үшін 
бәрінен  бұрын  мәзһаб  туралы  таным  болуы  шарт. 
Себебі  бүгін  мәзһабтың  маңыздылығын  насихатта-
ушылармен қатар, мәзһабтың терістігін алға тартушы-
лар  да  көптеп  кездеседі.  Мұндай  жағдайда  мұсылман 
кісі  қайсысын  таңдайды?  Қай  пікірді  қолдайды? 
Ешқайсысына  қосылмай  бейтарап  қала  алады  ма? 
Міне  осындай  сұрақтар  көпшілік  көңілін  күпті  етуде.  
Мұндай күдіктерден арылудың бір ғана сенімді жолы 
бар. Ол – таным жолы.  Сондықтан әрбір мұсылманның 
мәзһаб жайлы мағлұматы болуы керек.
Бүгін  фиқһ  мәзһабтарының  құрылымы,  қамтитын 
нысаны  жайлы  біріміз  білсек,  енді  біріміз  білмейміз. 
Осы білместіктің салдарынан теріс шешім қабылданып, 
орынсыз үкім беріліп жатады. Егер біз фиқһ саласының 
қаншалықты  кең  ауқым  қамтитынын  көз  алдымызға 
елестете алсақ, онда өз бетімізше мәселелелерді шешуге 
асықпас  едік.  Кейбір  теріс  пікірлердің  әсеріне  еріп, 
шариғат  саласын  бір-екі  аят,  екі-үш  хадиспен  шекте-
мес едік. Міндетті түрде бұл саланың білгірі, маманы 
болуы  тиіс  деген  ойға  барар  едік.  Ал,  бүкіл  үммет 
мойындап  келген  фиқһ  саласының  басшылары-төрт 
мәзһаб  имамы  жайлы  мағлұматтарға  ие  болған  адам 
оларды  арзанқол,  тегі  белгісіз  бүгінгі  білімпаздарға 
қалай  ғана  айырбастамақ?  Егер  ол  имамдардың 
ғылымдағы  жолдарының  пайғамбарымызға  (с.а.у.) 
ұласатынын,  олардың  Аллаһтың  дінінде  қаншалықты 
турашыл  болғандығын  білсек,  қалай  ғана  олардың 
қалыптастырып  кеткен  жолын  Құран  мен  сүннетке 

7
Мәзһаб туралы таным
қайшы жол немесе олардың өздерін пайғамбарымызға 
параллель  шариғат  иелері  етіп  көрсетуге,  орынсыз 
айыптауға аузымыз барар еді?
Мәзһаб жайлы мағлұмат алғаннан кейін, мәзһабтың 
маңыздылығын,  ислам  үмметі  үшін  алатын  орынын 
білудің көп қиындығы жоқ. Мәзһабтың қалыптасуына 
себеп болған негізгі тіректерін алып тастасаңыз оның 
орынын  өзге  ештеңе  жаба  алмайтындығын  көресіз.  
Құран мен сүннетті дұрыс түсінем, оның үкімдерін іске 
асыруда  дұрыс  жол  ұстанам  деген  әрбір  адам  мәзһаб 
атымен қалыптасқан ережелер мен негіздерден ауытқып 
кете алмайтынына көзіңіз жетеді. Алдағы тақырыптарда 
осы мәселелерге тоқталатын боламыз. Яғни бірінші – 
мәзһаб туралы таным қалыптастыру, екінші – мәзһабқа 
қарсылардың  сөздерін  талдау  арқылы  мәзһабтардың 
маңыздылығын айқындауға тырысамыз.
Сонымен  қатар  итиқади  мәзһабтар  да  мұсылман 
қауымы  үшін  зор  маңызға  ие.  Бірақ  біз  бұл  жерде 
тек  олар  жайлы  жалпы  мағлұмат  беруден  әрі 
аспайтындығымызды ескере кеткенді жөн санадық. 

8
 

9
І БөЛІм
мӘзһАБ ТуРАЛЫ 
жАЛпЫ мАҒЛҰмАТТАР

10

11
МӘЗҺАБтың түрлері
1. Итиқади мәзһабтар жалпы екіге бөлінеді:
А) Әһли сүннет мәзһабы. Қазіргі таңда бұларға Ма-
туридия мен Әшғариялар кіреді.
Ә) Әһли бидғат мәзһабы. Бұлар екіге бөлінеді: 
а) Күпірге кірмегендер, яғни Исламның басты при-
нциптеріне  қарсы  келмейтіндер.  Бұлар:  Харижиттер, 
Қадария, Муғтазилә, Жабрия, Зәйдия, Имамия, Карра-
мия, Нажжария, Хасауия.
ә)  Күпірге  кіргендер.  Бұларға  Харижиттердің 
Ажария мен Маймуния тобы, Язидия, Батыния, Нуса-
ирия, Дурзия, Бабилік және Бахаилік кіреді. 
2.  Фиқһ  мәзһабтары.  Әзіреті  Пайғамбар  тірі 
кезде  уахи  келіп  тұрғандықтан  ол  кездері  туындаған 
мәселелер тікелей Расулуллаһқа ұсынылып, бұл мәселе 
жайында аят түсетін, не болмаса Пайғамбар (с.а.у) оны 
өз  ижтихадымен  шешетін.  Негізінде  Расулуллаһтың 
(с.а.у) ижтихады уахидің басшылығымен болғандықтан 
оның  нәтижелері  қате  бола  қалған  жағдайда,  сол 
күйінде қалмай Аллаһ Тағала Пайғамбарымызға (с.а.у) 
білдіріп түзетіп отыратын. Пайғамбарымыздың (с.а.у) 
бұлай ижтихад жолын қолдануының себебі сахабалар-
ды ижтихадқа үйрету болатын.
Әзіреті  Пайғамбар  қайтыс  болған  соң  туындаған 
жаңа  мәселелердің  діни  үкімін  анықтауға  мәжбүр 
болғандықтан сахабалар Құран мен сүннеттің аясынан 
айырылмай  ижтихад  жасауларына  тура  келді.  Әзіреті 
Омар және тағы басқа сахабалардың көптеген ижтихад-

12
Мәзһаб туралы таным
тар жасағаны белгілі. Ал, сахабалардың кезеңінен кейін 
ортаға  шыққан  мәселелерді  шешу  мұқтаждығы  онан 
сайын артты, әрі осы мәселелер мәзһабтардың  туында-
уына себеп болды.
1
 
Басты фиқһ мәзһабтары мыналар: Ханафи, Шафий, 
Малики, Ханбали.
Тарихта  Ислам  үмбетінің  әділдігін  дүниеге  паш 
еткен де осы фиқһ саласы. Фиқһ әзіреті Пайғамбардың 
(с.а.у.)  Мәдинаға  хижрет  (қоныс)  жасауынан  өліміне 
дейінгі  он  жылдық  қысқа  уақыттың  ішінде  тамамда-
лып,  негізгі  принциптері  толығымен  үмбетке  табыс 
етіліп, ал бұлардан тыс тармақталған мәселелерді иж-
тихад жолымен онан әрі дамытулары міндеттелген.
Есте  сақтар  бір  жайт,  мұсылмандар  еш  уақытта 
діннің негізгі принциптерінде талас-тартысқа түспеген. 
Мысалы: Аллаһ Тағаланың бірлігі, әзіреті Мұхаммедтің 
(с.а.у.) Аллаһтың пайғамбары екендігі, Құран Кәрімнің 
Аллаһтан  келгендігі,  оның  Пайғамбардың  ең  үлкен 
мұғжизасы болғандығы, бес уақыт намаз, зекет, қажылық 
сияқты  құлшылықтардың  орындалуында  араларында 
ешқандай келіспеушілік жоқ. Сондай-ақ ішімдік, доңыз, 
өлексе сияқты харамдар мен мирас жайындағы негізгі 
қағидалар сияқты діннің нақты белгілі ерекшеліктерін-
де ешқандай талас-тартыс болмаған. Тек діннің негіз-
гі  принциптері  мен  жалпы  құралдарының  тысындағы 
мәселелерде көзқарас айырмашылығы болған.
1
  Ердоған  Баш.  Яхудилик,  Христианлык  ве  Ислам.  Станбул-
2004. 309 б.

13
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
ФиқҺ ғылыМы турАлы түсінiК  
жӘне  оның МАңыЗы
Жоғарыда  айтып  өткеніміздей  мәзһаб  туралы 
дұрыс  түсінік  қалыптастыру  үшін  фиқһ  саласын 
тану  өте  маңызды.  Фиқһ  саласының  ауқымдылығы 
мен  күрделілігіне  қоса,  оның  күнделікті  өмірде  жиі 
қолданылатындығы  оның  реттеліп  жүйеленуіне  деген 
қажеттілікті  арттыра  түседі.  Бұл  қажеттілікті  өтеуде 
мәзһабтар үлкен рөл ойнайды. Ал бұл жағдайдан хабар-
сыз адамның мәзһабты теріске шығаруы әбден мүмкін. 
Сондықтан  мәзһаб  мәселесінде  фиқһ  жайлы  тоқталу 
қажеттілігі туындап отыр.
Араб  тіліндегі  «фиқһ»  сөзі  сөздікте  «бір  нәрсені 
толық  түсіну,  толық  игеру»  деген  мағыналарды  біл-
діреді. Яғни бұл сөз ғылым, түсіну сөздерінен де терең 
мағынаны қамтиды. Сонымен бірге бір кісінің айтқан 
сөзінің мақсатын түсіне білуді де «фиқһ» деп атайды. 
Бір мәселені толық меңгерген, өте зерек, ой-өрісі кең 
кісіні  «фақиһ»  деп  атайды.  Фиқһ  сөзі  Құран  Кәрімде 
жиырма  жерде  әр  түрлі  етістік  түрінде  кездесіп,  бір 
нәрсені  толық  түсіну,  парқына  бару,  бір  нәрсенің 
ақиқатын  білу  және  ақыл  жүгірту  деген  мағыналарда 
қолданылған. Аяттарда былай айтылған:  «Ол қауымға 
не  болды,  айтылған  сөзді  түсінгілері  келмейді»
2

«Ей  Шұғайб!  Біз  сенің  айтқандарыңның  көпшілігін 
2
  «Ниса» сүресі, 78-аят

14
Мәзһаб туралы таным
толық түсінбейміз»
3
. Ал хадистерде фиқһ сөзі «нақты 
мағлұмат, түсінік» деген мағыналарда қолданылған.
Енді  фиқһ  сөзінің  терминдік  мағынасына 
тоқталайық.  Исламның  алғашқы  кезеңінен  бүгінгі 
күнімізге  дейін  фиқһ  сөзінің  ұғымы  бірнеше  рет 
өзгергендіктен  фиқһқа  көптеген  анықтамалар  беріл-
ген. Әзіреті Мұхаммед (с.а.у.) пен сахабалар дәуірінде 
фиқһ  белгілі  бір  жүйеге  келтірілген  ғылым  емес  еді. 
Сондықтан  ол кезде фиқһ сөзінің мағынасы қазіргі кез-
дегідей кең ауқымды қамтымайтын. Ол кезде фиқһ тек 
«ғылым» мағынасында ғана қолданылатын. Имам Әбу 
Ханифа  фиқһқа  мынадай  анықтама  берген:  «Кісінің 
өзіне пайдалы және зарарлы болған нәрселерді білуі». 
Имам Шафий болса фиқһқа: «Шариғаттағы іс-әрекетке 
қатысты  үкімдерді  нақты  дәлелдерімен  білу»,  –  деп 
анықтама берген. 
Осылайша фиқһ ғылымы дами келе соңында оған 
мынадай  анықтама  берілген:  «Фиқһ  –  адамның  өзіне 
пайдалы  және  зарарлы  болған  шариғат  үкімдерін 
білуі»  немесе «Ғибадатқа, жазаға және әлеуметтік хал-
ахуалға қатысты шариғат үкімдерін нақты дәлелдерімен 
білу»
4

Ислам  діні  пенде  мен  Аллаһтың  арасындағы 
байланысты  реттегеніндей  адам  мен  қоғамның, 
яғни  адамдардың  арасындағы  қарым-қатынасты  да 
реттеп,  туындаған  мәселелерді  шешіп  отырады.  Осы 
мәселелерді  шешуде  Ислам  дінінің  сүйенетін  негізгі 
дәлел  көздері  Құран  Кәрім  мен  Пайғамбарымыздың 
(с.а.у.)  сүннеті  болғандықтан  кейбір  дін  ғұламалары 
3
  «Худ» сүресі, 91-аят
4
  Караман Х. Анахатларыйла. Ислам хукуку 1 том 23 б. Станбул 
2000.

15
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
Құран  Кәрім  мен  хадис  шәріптердің  әмірлерін  зерт-
теп,  қарапайым  халық  үшін  ережелер  мен  заңдар 
дайындады.  Бұны  «фиқһ»  деп  атады.  Себебі,  әрбір 
адам Құранды егжей-тегжейлі түсіне алмағаны сияқты 
шариғат  әмірлерін  игере  аларлықтай  дәрежеде  хадис 
ғылымын да білмейді. Сондықтан ғұламалар өмірлерін 
осы жолға арнап, «фиқһ» ғылымын белгілі бір тәртіпке 
келтіріп жүйеледі. 
Ғибадат,  құқық,  ахлақ,  экономикалық  және 
әлеуметтік қарым-қатынасты қамтитын фиқһ ғылымы 
–  түрлі  ұлттарды  құрайтын  Ислам  үмметінің  басын 
қосып,  біріктіретін  ғылым.  Басқаша  айтқанда  бүкіл 
үмметтің өмірі. Фиқһсыз үммет өмір сүре алмайды. 
Фиқһ Аллаһ пен құлдың арасындағы жеке қарым-
қатынасты  қалыптастырумен  басталады.  Намазды, 
оразаны,  зекетті,  қажылықты,  көзге  көрінетін  және 
көрінбейтін  нәжістерден  тазалануды,  жүріс-тұрысты, 
үйретеді. 
Фиқһ  –  айт,  жұма  күндерінде  әдемі  киінуді,  хош 
иіс себуді, желініп-желінбейтін нәрселерді, тамақтану 
әдебін үйретеді. 
Фиқһ  –  қоғамның  ахлағы  мен  тәртібін  де  реттеп, 
оған  қажетті  алғышарттарды  қалыптастырады. 
Мұсылмандардың  бір  жерге  жиналып  араларындағы 
мәселелерді шешіп, ғылым-білім және мәдениет алма-
сып, араларындағы бауырмалдықты қуаттандыру үшін 
қажылық, айт, жұма сияқты құлшылықтарды реттеген. 
Фиқһ  –  отбасылық  өмірді  егжей-тегжейлі 
қарастырып,  оның  әрбір  мүшесінің  құқықтары  мен 
жауапкершіліктерін  белгілеген.  Әлеуметтік  және 

16
Мәзһаб туралы таным
экономикалық  құқықты  реттеп,  алдап-арбауды, 
күштінің әлсізді езуін және өсім жеуді харам қылған.
Фиқһ  –  қоғамның  тек  бұл  дүниедегі  өміріне  бай-
ланысты бөлімін ғана қарастырмай, дүние мен ақырет 
өмірін бірге қамтыған
5

Фиқһтың  қарастыратын  үкімдерін  төрт  топқа 
бөлуге болады:
1.  Ғибадат. Намаз, ораза, қажылық, садақа сияқты 
ғибадатқа  байланысты  үкімдер.  Осы  ғибадаттардың 
тәртіп-ережелерін, қалай орындалатынын, оны бұзып, 
бұзбайтын нәрселерді қарастырады.
2.  муғамалат  (қарым-қатынас).  Адамдардың 
араларындағы  өсиет,  мирас,  сауда-саттық  сияқты 
қарым-қатынастарын  реттейтін  үкімдер.  Осы  қарым-
қатынастардың  қалай  жүзеге  асырылуын  және 
тараптардың құқығын қарастырады.
3.  мунакахат.  Отбасына  байланысты  құқықтар. 
Некенің  шарттары  және  жауапкершілігі,  үйленгеннен 
кейінгі  екі  жақтың  міндеттері,  сонымен  қатар 
ажырасудың тәртіптері қолға алынады.
4.  уқубат.  Мукәлләфтің
6
  істеген  қылмыстарын 
және осы қылмыс үшін берілген жазаларды қамтитын 
үкімдер.  Бұл  бөлімде  қылмыстың  түрлері  мен 
дәрежелері және қылмыскердің жағдайы, оған берілетін 
тиісті жаза, сондай-ақ жазаның түрлері мен іске асыру 
жолдары қарастырылады.
Қазіргі уақытта фиқһ сөзінің орнына қолданылып 
жүрген  «Ислам  құқығы»  тіркесі  фиқһтың  орнына 
жанама  ретінде  қолданылуда.  Бұл  тіркес  тек  қарым-
қатынас, қылмыс және мирас мәселелерін ғана қамтиды. 
5
  Хайреддин Караман. Ислам Хукук тарихи.  24-25 бб.
6
  Діни міндеттерден жауапты болған кісі

17
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
Ал  фиқһ  болса  мұнан  да  ауқымды,  яғни  бұған  қоса 
тазалық және ғибадат мәселелерін де қарастырады. 
Адам  баласы  жаратушысы  бар  екенін  білгені-
мен, оның бұйырған және тыйым салған нәрселерінің 
үкімдерін  өздігінше  біле  алмайды.  Бұл  үкімдер  фиқһ 
ғылымында жинақталған. Сондықтан фиқһ ғылымы – 
бұл дүние мен ақыретте Аллаһ Тағаланың ризашылығы 
арқылы мәңгілік бақытқа жетудің жолдарын үйрететін 
ғылымдардың асқары десек болады. 
Фиқһ  саласы  қамтитын  шариғаттың  амали 
үкімдеріне негіз болған дәлелдер төрт нәрседен бастау 
алады. Олар мыналар: 
1.  Құран Кәрим.
2.  Сүннет.
3.  Ижма.
4.  Қияс
7

Ислам  ғұламалары  шариғат  ғылымдарының 
негізі  болған  Құран  Кәрім  мен  сүннетті  жан-жақты 
зерттеді.  Сөйтіп  олардан  алынатын  дәлелдерді 
бір-бірлеп  айқындап,  олардың  қағидаларын  түзді. 
Осы  қағидалардың  аясында  шариғи  үкімдерді 
шығарушыларға  қойылатын  талаптар  мен  шарттарды 
толығымен  белгілеп  кетті.  Яғни  бір  сөзбен  айтқанда 
мүжтахид  пен  ижтихадтың  шарттарын,  тақлид
8
  пен 
оның үкімдерін баяндап түсіндіреді
9

Адамның  істеген  әрбір  ісі  мен  айтқан  сөздерінің 
(ғибадат,  мәміле,  сауда-саттық  деп  айырып  жатпас-
тан) оның шариғи үкімінің болатындығында ешкімнің 
таласы жоқ. Алайда осы үкімдерді белгілеуде ғұламалар 
7
  Бұлардың барлығына жеке-жеке тоқталамыз
8
  Еліктеу
9
  Ижтихад пен тақлид жайында арнайы тақырыпқа қараңыз

18
Мәзһаб туралы таным
әртүрлі  тоқтамға  баруы  мүмкін.  Мұның  себебі  осы 
үкімдердің  кейбіреулерінің  Құран  Кәримде  келген 
аяттар  немесе  хадис  шарифте  келген  мәтіндер  баян-
дап өткенімен, кейбіреулерінің анық айтылмағандығы. 
Дегенмен  шариғат  оларға  да  үкімдерді  айқындайтын 
жолды көрсеткен. Мүжтахидтер  сол жолдарға сүйене 
отырып,  шариғаттағы  үкімдерін  айқындауға  тырыса-
ды. Осы қажеттіліктен усулу-л фиқһ ғылымы туында-
ды. Исламда Усулу-л фиқһқа мынадай анықтама беріл-
ген: «Жалпы дәлелдерден шариғат үкімдерін шығаруға 
алып баратын ережелер жиынтығы». Усулу-л фиқһ қияс 
пен оның құжаттылығын, әмір (бұйрық рай) мен одан 
туындайтын  үкімдері  туралы  сөз  қозғайды.  Мәселен, 
шариғат үкімдерінің ең бірінші дәлелі Құран Кәрімнің 
мәтіндері  бір  келкі  болып  келмеген.  Оның  кейбіреу-
лері әмір, енді бірі тыйым салу, енді бірі өсиет, кейбірі 
жалпылама  шариғи  үкімдердің  жалпы  жиынтығынан 
алынған  қорытынды  үкім  түрінде  келген.  Усулу-л 
фиқһ  ғылымы  осы  айтылғандардың  бәрін  егжей-тег-
жейлі тексеріп зерттейді және топшылайды. Мысалы, 
усулу-л  фиқһ  әмірден  (бұйрық  рай)  уәжіп  үкімінің, 
тыйымнан харам үкімінің шығатынын айқындап береді. 
Осылайша  усулдің  тер  төгіп  анықтаған  қағидаларын, 
жүйелеген негіздерін фиқһ ғылымының ғалымы яғни, 
фақиһ қолданып, оны тәжірибелік қолданысқа енгізеді. 
Жалпылама үкімдерден жекелеген үкімдерді шығарып, 
шариғаттың  амали  үкімдерінің  кеңейтілген  жобасын 
жасайды.  Сондай  Ислами  қағидалар  арқылы  дінді 
қорғай білу, біз үшін өте қажет.

19
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
ФиқҺ ғылыМының сүйенетiн 
негiЗгi дӘлелдерi
Ислам  дінінде  дүниеге  және  ақыретке  байланыс-
ты  барлық  үкімдердің  шығатын  қайнар  көзі  төртеу: 
кітап (Құран кәрім), сүннет, ижма, қияс. Бұларға  төрт 
дәлел  мағынасында  “әдиллә-и  әрбәа”  немесе  шариғи 
дәлелдер мағынасында “әдиллә-и шарғия” да делінеді. 
Осы төрт дәлел негізгі дәлел деп те аталады. Бұлардан 
басқа “фарғи дәлел” деп аталатын кейбір дәлелдер де 
бар.  Бұлар  мәсәлихи  мурсәлә,  истихсан,  әдет-ғұрып, 
шәру мән қабләна (Әзіреті Пайғамбарымыздан алдынғы 
діндердің үкімдері), сахаба сөзі және истисхаб. Төменде 
бұл дәлелдердің барлығына  қысқаша тоқталамыз.
А) Негізгі дәлелдер
1. Кітап (Құран Кәрім)
Кітап  барлық  шариғи  дәлелдердің  негізі.  Кітап  – 
Аллаһ  Тағала  тарапынан  өзінің  пайғамбары  әзіреті 
Мұхаммедке  (с.а.у.)  араб  тілінде  түсірілген,  кітап 
халіне  келтірілген,  бізге  дейін  мутауатыр  жолымен 
жеткен, «Фатиха» сүресімен басталып, «Нас» сүресімен 
аяқталған  Құран  Кәрім.  Бұл  анықтама  бойынша 
Құранның  қандай  да  бір  түсіндірмелері  немесе  өзге 
тілдегі аудармасы Құранның үкіміне жатпайды. Яғни, 
Құранға тән үкімдерге ие болмайды. Мәселен әр әріпіне 
сауап  жазылуы,  оқылуының  ғибадат  болып  саналуы 
және дәретсіз ұстауға болмайтындығы сияқты
10
.  
10
  Уаддах Х. «әл-Уажизу фи улумил-Қуран». 13-16 б.б.

20
Мәзһаб туралы таным
Құран алғаш 612 жылы Рамазан айының 17-сі, жұма 
күні,  Қадір  түні  Меккенің  жанындағы  Хира  тауының 
үңгірінде түсе бастады. Құранның түсуі осы уақыттан 
бастап әзіреті Пайғамбардың (с.а.у.) қайтыс болғанына 
дейін  аят-аят  немесе  толық  сүре  күйінде  жиырма 
үш  жылдың  ішінде  әртүрлі  уақытта  түсті.  Құранның 
бөлек-бөлек болып түсуінің хикметін Құран Кәрімнің 
өзінде  былай  түсіндіріледі:  «Біз  оны  сенің  жүрегіңе 
жақсылап  орнығуы  үшін  бөлек-бөлек  оқыдық»
11

Құран Жәбірейлдің көмегімен 22 жыл, екі ай, 22 күнде 
түсіп  толықтырылды.  Құранның  алғаш  түскен  аяты: 
Жаратқан Раббыңның атымен оқы. Ол адамды ұйыған 
қаннан  жаратқан.  Оқы!  Ол  Раббың  аса  ардақты. 
Сондай-ақ  қаламмен  үйреткен.  Ол  адамзатқа  білме-
ген нәрсесін де үйреткен»
12
. Соңғы аят хижреттің 10 –  
жылы, қоштасу қажылығы кезінде Зилхижжа айының 
тоғызыншы күні түскен. Ол «Майда» сүресінің 3-аяты: 
«Бүгін діндеріңді толықтырдым және нығметтеріңді 
тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап 
ұнаттым».  Абдуллах  бин  Аббастың  (р.а.)  айтуынша 
мына аят одан кейін түскен: «Аллаһқа қайтарылатын 
күннен  сақтаныңдар,  сонда  әркімнің  еңбегі  өздеріне 
кемсітілмей толық беріледі және оларға  әділетсіздік 
жасалмайды»
13
.  
Құранның түсуін екі кезеңде қарастыруға болады. 
а) Мекке кезеңі, 12 жыл, 5 ай, 13 күн. Бұл кезеңде 
түскен сүрелерге Меккелік деп ат берілген. 
11
  «Фурқан» сүресі, 32-аят
12
  «Алақ» сүресі, 1-5-аяттар
13
  «Бақара» сүресі, 281-аят.

21
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
ә) Мәдина кезеңі, 9 жыл, 9 ай, 9 күн. Бұл кезеңдегі 
сүрелер Мәдиналық сүрелер деп аталды
14

Мекке кезеңінде үкім аяттары түспеген. Меккелік 
сүрелер  шариғаттың  сенім  негіздерін  қалыптастыру 
және  жаман  мінез-құлықтардан  жақсыларына  қарай 
ауыстыруды  қамтиды.  Адамдар  Исламға  кіріп, 
мұсылмандардың  саны  артқан  соң,  Мәдинада  халал 
мен харамға байланысты аяттар түседі.
Құран  алдыңғы  сәмәуи  кітаптар  сияқты  тек  қана 
сенім, құлшылық пен ахлақ кітабы емес. Құран әрі сенім 
мен құлшылықты, әрі адамдар арасындағы әлеуметтік 
және  экономикалық  қарым-қатынасты  дұрыстайтын, 
жеке  адамдар  мен  қоғам  өмірін  түзететін  үкімдерді 
қамтитын кітап. Аяттарда былай айтылады:
«Сондай-ақ саған барлық нәрсені ашық түрде ба-
яндайтын  және  мұсылмандар  үшін  тура  жол,  игілік 
әрі қуаныш түрінде Құранды түсірдік»
15
. «Біз кітапта 
еш нәрсені кем қалдырмадық»
16
.  
Аяттардың кейбірі сұралған сұраққа жауап ретінде, 
яки бір оқиғаға байланысты, ал кейбірі болса ешқандай 
себепсіз  түсті.  Аяттың  түсуіне  себеп  болған  сұрақ 
пен  оқиғаны  “сәбәбун-нузул  (түсу  себептері)”  –  деп 
атайды.  Құран  түскен  сайын  Аллаһтың  елшісі  түскен 
аяттарды  уахи  жазушыларына  жаздырып,  әрбір  аят 
пен  сүренің  қайда  жазылатындығын  айтатын.  Аяттар 
мен  сүрелердің  ретке  қойылуы  уахиға  сүйенгендігі, 
яғни  Жәбірейл  періштенің  нұсқауымен  болғандығын  
мұсылман ғалымдары барлығы бірдей айтып кеткен.
Құран Кәрім жалпы үш түрлі үкімдерді қамтиды:
14
  Худари Шейх Мухаммед. Тариху-т Тәшрии-л Ислам.  9-б.
15
  «Нахл» сүресі, 89-аят
16
  «Әнғам» сүресі, 38-аят

22
Мәзһаб туралы таным

Каталог: images -> pdf
pdf -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
pdf -> 2016 жыл, сәрсенбі
pdf -> 2016 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 00-ден бастап орталық «Достық» алаңында
pdf -> 2016 жыл, сәрсенбі
pdf -> Сборник статей Международной научно-практической конференции к 80-летию Государственного музея искусств рк имени А. Кастеева Алматы 2015
pdf -> 8 бет. Ардагерлердің алғысы Ерді ЕсЕйткЕн Ерлік кемел өнер кемерінен шалқыса
pdf -> Расти, яблонька, цвети, нежная! Радуй людей плодами своими, а мы постараемся подарить
pdf -> 8-9-бет. МерекеңМен, Мейірлі Медбике!

жүктеу 2.46 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет