Тугерова г. Б., Байтемирова г. Ж., Байкенова н. Б., Касантаев а. Р. Бақылау және автоматика құралдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету 1302000–«Автоматтандыру және басқару



жүктеу 1.37 Mb.
бет9/76
Дата09.02.2022
өлшемі1.37 Mb.
#17096
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76
tutorial 401
км 06, КМ05, Документ Microsoft Word (3), ӨНДІРІС
МЕТРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨЛШЕУ



1.1 Метрологияның негізгі түсініктері мен анықтамалары

Метрология –өлшеу туралы, өлшеудің бірлігі мен қажетті дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым. Бұл көрсетілген міндеттерді орындау, ҚР Мемлекеттік метрологиялық қызмет алдында тұрғандықтан, Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі (МӨЖ) арқылы жүзеге асады.

Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі, өлшеу нәтижелерін Қазақстанның кәсіпорындары мен ұйымдары, мемлекеттік органдар пайдаланатын, өлшеудің нақтылығын қамтамасыз ететін нормативті-құқықты метрологиялық негіз болып табылады.

Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің негізгі нормативті-техникалық құжаттары мемлекеттік стандарттар болып табылады.

Әлемнің көптеген елдерінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар заңмен белгіленеді.

Сондықтан метрология бөлімдерінің бірі заңды метрология деп аталады және өлшеу бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған және жалпы өлшемдер, талаптар мен нормалар жиынтығын қамтиды.Өлшем бірліктерінде біртектілікті енгізу үшін ұлттық экономиканың, ғылымның, технологияның және оқытудың барлық секторларында міндетті түрде СТВ 1052-78 стандарты «Физикалық шамалардың бірліктері» (СИ)бекітілді.

Өндірістік құрылғылар мен автоматтандырудың Мемлекеттік жүйесінің мақсаты мен рөлі (ӨМЖ). ӨМЖ - бұлақпаратты өңдеу және пайдалану үшін арналған бірыңғай өнімдердің кешені. ӨМЖ өнімдерінің түрлері (функционалдық топтар):


  1. Басқару және бақылау объектілерінен ақпарат алу құралдары (датчиктер арқылы);

  2. Байланыс арналары бойынша берілетін ақпаратты түрлендіру құралдары (коммутаторлар, дешифраторлар, шифраторлар);

  3. Басқару командаларын қалыптастыру және түрлендіру құралдары

(анализаторлар, реттеуіштер);

  1. Екіншілік аспаптар (барлық көрсету құрылғылары);

  2. Объектідегі басқару командаларын беру құралдары (механизмдер);

  3. Басқару командаларын пайдалану құралдары.

ӨМЖ әрекеті қайтадан жасалған өнімдерге қойылатын талаптар арқылы көрсетіледі. :

  1. ӨМЖ өнімнің блокты – модульды құру принципі. Модуль - бұлең кіші, стандартты, оңай өзгеретін құрылымдық бөлік. Блок - бөлік модульдерінен тұратын құрылғының құрылымдық толыққанды бөлігі;

  2. ӨМЖ конструктивті технологиялық метрологиялық сәйкестігі төменде келтірілген:

  • Өлшеу, бақылау және басқарудың әртүрлі функцияларын типтік функциялардың шектеулі санына дейін азайту мүмкіндігі;

  • Агрегат кешендерін және құрылғылардың параметрлік серияларын құруға негізделген техникалық құралдар ауқымын азайту;

  • Біртұтас бірліктер мен модульдер негізіндегі аспаптар мен құрылғылардың құрылысы. Бірыңғай сигналдар ӨМЖ сәйкес: 0...5мВ, 0...5мА, 0...20мА, 0...10В.




жүктеу 1.37 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет