Тугерова г. Б., Байтемирова г. Ж., Байкенова н. Б., Касантаев а. Р. Бақылау және автоматика құралдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету 1302000–«Автоматтандыру және басқару



жүктеу 1.37 Mb.
бет8/76
Дата09.02.2022
өлшемі1.37 Mb.
#17096
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76
tutorial 401
км 06, КМ05, Документ Microsoft Word (3), ӨНДІРІС
Өлшеу белгісіздігі - өлшеу құралының және өлшенген физикалық мөлшердің нақты мәнінің көрсеткіші арасындағы айырмашылық.

Өлшеу құралының дәлдігі - оның қателігінің нөлге жақын екенін көрсететін өлшеу құралының сапасына тән.

Өлшеу - техникалық құралда (өлшеу құралы) сақталатын бірлік ретінде қабылданған бір (өлшенген) мәннің басқа біртекті мәнге қатынасын анықтау операциясының жиынтығы.

Аккредиттеу - тиісті талаптармен қамтамасыз етілген қызметтер сапасының сәйкестігін ресми растау алынатын процесс болып табылады.

Аккредиттеу белгісі - бұл аккредиттеу органы белгілеген және сәйкестікті растау органдарының аккредиттелген мәртебесін көрсету үшін қолдануға арналған символы.

Өлшеу әдістері - өлшеу нәтижелерін белгіленген қателіктермен қамтамасыз ететін операция мен ережелер жиынтығы.

Өлшеу құралдарын тексеру - метрологиялық қызметтің маманы немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері, техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өлшеу құралдарын тексеруді жүзеге асыру құқығына сертификатталған.

КІРІСПЕ

Кез-келген ұйымның басты мақсаты - сапалы өнім шығару. Өнімнің сапасын басқару, технологиялық процестің параметрлерін өлшеудің көптеген нәтижелерін ескере отырып, жасалған сапаны бақылаусыз елестету мүмкін емес. Д.Менделеев айтқандай,метрология – өлшеулер туралы ғылым, яғни, өлшеулер адамның өмірінде маңызды рөл атқарады және білімнің

бастапқы кезеңі болып табылады.

Метрологияның негізгі міндеттері болып табылады:



  • физикалық шамалар және эталон бірліктерінің мемлекеттік жүйесін орнату;

  • үлгілік өлшем құралдарын құру;

  • материалдардың физикалық тұрақтылығын және физико-химиялық қасиеттерін анықтау, сондай-ақ осы қасиеттердің стандартты үлгілерін алу;

  • бақылау мен сынау құралдарының және стандартты әдістерін әзірлеу;

  • өлшеу теориясы мен қателіктерді бағалау әдістерін әзірлеу;

  • аспап жасау және өлшеу құралдарын пайдалануды бақылау;

  • өлшеу аспаптары және жүйелі тексеру шаралары;

  • -кәсіпорындар мен ұйымдардағы өлшеу күйін қайта қарау.

Бұл көрсетілген міндеттерді орындау, ҚР Мемлекеттік метрологиялық қызмет алдында тұрғандықтан, Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі (МӨЖ) арқылы жүзеге асады.

Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі, өлшеу нәтижелерін Қазақстанның кәсіпорындары мен ұйымдары, мемлекеттік органдар пайдаланатын, өлшеудің нақтылығын қамтамасыз ететін нормативті-құқықты метрологиялық негіз болып табылады.

Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің негізгі нормативті-техникалық құжаттары мемлекеттік стандарттар болып табылады.

Кез-келген өлшеудің негізінде өлшеудің принципін, мысалы, термоэлектрлік эффектті пайдаланатын температураны өлшеу,газ ағынын өлшеу немесе тарылту құрылғысы арқылы сұйық қысымның төмендеуін анықтайтын физикалық құбылыстар жатыр.

Оқу нәтижесінде білім алушы қол жеткізе алады:


  1. метрология зертханасын ұйымдастыру және жабдықтау туралы

біледі;

  1. құралдарды және автоматтандыру жүйелерін тексеру, калибрлеу және аттестаттау дағдыларына ие болады;

  2. аспаптарды және автоматтандыру құралдарын жедел пайдалануды жүзеге асырады.




  1. жүктеу 1.37 Mb.

    Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет