Тугерова г. Б., Байтемирова г. Ж., Байкенова н. Б., Касантаев а. Р. Бақылау және автоматика құралдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету 1302000–«Автоматтандыру және басқару



жүктеу 1.37 Mb.
бет16/76
Дата09.02.2022
өлшемі1.37 Mb.
#17096
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   76
tutorial 401
км 06, КМ05, Документ Microsoft Word (3), ӨНДІРІС
Кездейсоқ қателіктер – қандай да бір физикалық шаманы бірдей жағдайларда ұқыпты түрде қайталап өлшеу кезінде кездейсоқ түрде (таңбасы мен мәні бойынша) өзгеретін өлшеу нәтижелерінің бір құрамы болып табылады. Мұндай қателіктер пайда болған кезде ешқандай заңдылыққа жүгінбейді, ол бірдей шамаларды қайталап өлшеу нәтижесінің кейбір шашырандысы түрінде алынады. Кездейсоқ қателіктерден бізқұтыла да жоя да алмаймыз, олар әрқашанда өлшеу нәтижелерінде болады. Кездейсоқ қателіктер кездейсоқ процестер мен математикалық статистика теориясы негізінде ғана бейнеленуі мүмкін.

Кездейсоқ қателіктердің жүйелі қателіктен айырмашылығы, оны өлшеу нәтижесінен түзету жолы арқылы жоя алмаймыз, бірақ оларды бақылау санын жоғарылату жолымен азайтуға болады. Сондықтан да нәтижені өлшенетін шаманың шын мәнінен минималды аз ғана ерекшеленетін түрде алу үшін, қажетті шаманы тәжірибеде берілген мәндерді математикалық тізбекті өңдеу арқылы көп ретті өлшеу керек.



Дөрекі қателік (қате жіберу)– бұл өлшеу қатарына кіретін жеке бақылау нәтижесінде алынатын кездейсоқ қателік, ол берілген шарттарда осы қатардың басқа нәтижелерінен лезде ерекшелене алады. Олар, ереже бойынша, оператордың қателігі немесе дұрыс емес әрекеттерінен (оның психофизиологиялық жағдайы, дұрыс есептемеуі, жазба немесе есептеуде кеткен қателіктер, аспаптарды дұрыс қоспауы немесе олардыңжұмыс кезіндегі бөгеттер және т.б.) пайда болады. Қателіктің пайда болуының себебі өлшеу жүргізу жағдайының аз уақытта лезде өзгеруі болып табылады. Егер қателіктер өлшеу процесінде пайда болса, олардан тұратын нәтижелер алып тасталады.

Пайда болу орнына байланысты қателіктерді аспапты, әдістемелі, сыртқы және субъективті деп ажыратады.



Әдістемелі қателіктермына жағдайларда пайда болады:

Өлшеу объектісінің алынған моделі оның өлшеу жолымен анықталған қасиетін барабар көрсететін модельден ерекшлінгенінен;

Өлшеу жүйесінің қолдану тәсілдерінің әсерінен. Бұл мысалы, кернеуді ішкі кедергінің соңғы мәні арқылы вольтметрмен өлшеу кезінде байқалады. Бұл жағдайда вольтметрді кернеу өлшейтін тізбек аймағына шунтирлейді,

және ол вольтметр қосылғанға дейінгі мәннен аз болады;

Өлшеу нәтижелерін есептейтін алгоритмдер (теңдеулер) әсерінен;

Қолданатын өлшеу құралдарының қасиеттерімен байланысы жоқ басқа факторлар әсерінен.



Аспапты (аппаратуралы, құралды) қателіктерөлшеу құралдарының жеткіліксіздігінен, яғниөлшеу құралдарының қателігінентуындайды. Аспапты қателік көзі ретінде аспаптың дәл емес бағалауы және нөлден жылжып кетуі, пайдалану кезінде аспап көрсеткішінің вариациясы болуы мүмкін. Аспапты қателікті нақты құралдарды пайдалану арқылы азайтуға болады.

Сыртқы қателік ‒ қалыпты мәндерден шыққан бір немесе бірнеше әсер ету мәндерінің ауытқуына немесе олардың қалыпты аймақтан тыс шығуына байланысты (мысалы, ылғалдылықтың, температураның, сыртқы электр және магнит өрісінің, қуат көздерінің тұрақсыздығының, механикалық әсерлердің және т.б.) ауытқуымен байланысты өлшеу қателігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады). Көптеген жағдайларда сыртқы қателіктер жүйелі болып табылады және қолданылатын өлшеу құралдарының қосымша қателіктерімен анықталады.

Субъективті қателіктер ‒өлшеу құралдарын оқығанда операторлық қателіктерден (қателіктерден және операторлық параллакстан, яғни термометрді оқып жатқанда дұрыс емес бағдардан және т.б.) қателеседі. Мұндай қателер заманауи цифрлық құрылғылар немесе автоматты өлшеу әдістерін қолдану арқылы жойылады.

Өлшеу үрдісінде өлшенген физикалық шамалардың өзгеруіне байланысты статикалық және динамикалық қателіктер болып бөлінеді.Статикалық қателіктер өзгеру уақыты барысында өзгермейтін нақты өлшеу есептеріне сәйкес алынған физикалық шаманы өлшеу жатады.

Өлшенетін шаманың өзгеру жылдамдығының әсерінен туған қателіктер динамикалық деп аталады. Құрылғының жылдамдық (уақытша) сипаттамалары мен өлшенген мәннің өзгеру жылдамдығы арасындағы сәйкессіздік динамикалық қателердің пайда болуының себебі болып табылады. Өлшеу құралдарын пайдалану шарттары бойынша негізгі және қосымша қателіктер анықталады.


жүктеу 1.37 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   76




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет