ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы



жүктеу 44.62 Kb.

бет9/15
Дата09.01.2017
өлшемі44.62 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

65
шетелдегі қазақ ақындары
ҚамШы  
 
Басында бар тарихтың тамшысы,   
Ұрпағында ұнап мұра жаршысы.  
Төр алдында тымағының қасында,   
Ілулі тұр қарт бабамның қамшысы.  
 
Күн кешкенде шұбырынды ақ табан,   
Осы қамшы ата салтты ақтаған.  
Осы қамшы дұшпаныңды таптаған,   
Осы қамшы ел намысын сақтаған.  
 
Асқар асу-адырлардан аттаған,   
Арын берген атам мінген ат маған.  
Осы қамшы атама да,  атқа да  
Қару болып қас дұшпаны батпаған.  
ДаЛа  
Бөтендер қорыққан бөрігі дара,   
Бөкендер жортқан бөрілі дала.  
Өмірдің талай өзекті ойын,   
Көкемдер қорытқан көңілі дана.  
Адамның арман серігі ғана,   
Жүректе жүрер сенімі сара.  
Тағдырың ғажап,  жан жырың ғажап,   
Періште қонған перілі дала.  
 
Құрық түспеген құланды дала,   
Бұлт тістеген тұманды дала.  
Жырынды жылдар жылап та қалған,   
Жанары жасты жыланды дала.  
Ұрпағы ұлы ұранды дала,   
Көкірегі көрік жыр дәнді дала.  
Керуенді дала,  серуенді дала,   
Түлкісін бүрген қыранды дала.  
 
Абайды елге аңдытқан дала,   
Талайды кейде қаңғытқан дала.  
Бөрігі жыртық,  бөксесі тыртық,   
Шаң жұтқан дала,  қан жұтқан дала.  
Жауына сеніп өңірін ашқан,   
Тауына сеніп көңілін басқан.  
Кезеңді дала,  өзенді дала,   
Көк күмбезіне көбігін шашқан.  
 
Ерлері дана,  ерменді дала,   
Мерейі асқан мергенді дала.  
Боз далам-ау деп боздап бір өткен,   
Боздақтар сенде жерленді дала.  
Жусанды мекен жуалы дала,   
Сарқылмас елдің бұлағы дала.  
Ұлыларымды қайтарып берші,   
Қайталай қашан туады дала!   
 
Жауынды дала,  дауылды дала,   
Қуат қып келдім тауымды дала.  
Өсірдің қанша бүйілеріңді,   
Кешірдің қанша жауыңды дала.  
Сыбызғы сырлы сарынды дала,   
Самалы ескен сағымды дала.  
Тарихым да бар,  шала ұйқым да бар,   
Тілеймін аман-сауыңды ғана.  
 
Бабамнан қалған тұрағым – дала,   
Анамнан қалған тұмарым – дала.  
Бар асылым сен шуағым – дала,   
Қарашығым сен шырағым – дала.  
Санасы жоқтың бағасы да жоқ,   
Данасы жоқтың ағасы да жоқ.  
Даласы жоқтың панасы да жоқ!   
 
Зары бар дала,  қары бар дала,   
Шаңырақ салар нары бар дала.  
Тұлпарларының тұқымы таза,   
Сұңқарларының ары бар дала.  
Ойыма шуақ сәні бар дала,   
Бойыма қуат дәні бар дала.  
Таң самалының нәрі бар дала,   
Аңсағанымның бәрі бар дала.  
 
Далам-ау,  далам, мақтаным менің,   
Арайлап атқан ақ таңым менің.  
Бұлбұлың сайрап,  мың гүлің жайнап,   
Қандай тамаша жатқаның сенің.  
Сахара төсі самалың тербеп,   
Сахна кеші жамалым терлеп.  
Тыныштық тілеп мынау әлемге,   
Өте берейін өзің деп, ел деп!!!   
Даламның әнін келер шырқағым,   
Басына шығып нелер қырқаның.  
Батаң кеп маған тақымға түссе,   
Махамбет бабам мінген тұлпарым. 

66
ұлТТЫҚ ӨНЕРДІ ұлЫҚТАУДА 
ШЕТТЕгІ ҚАНДАСТАРЫМЫЗДЫң 
АлАР ОРНЫ ДА ЕРЕН
Жетпіс жыл бойы қызыл империяның құрсауында 
болып,  тілін-дінін,  салт-дәстүрін,  мәдениетін 
ұмытуға шақ қалған қазақ халқы үшін 1991 жылы 
азаттықтың ақ таңы атты. Көңілді асырып, мерейді 
тасытқан  осынау  қуанышты  хабар  тек  Қазақстан-
дағы қазақтардың ғана «ақ түйенің» қарны жарылды 
деп сүйіншілер сәті емес, басымыздан өткерген түрлі  
әділетсіз теперіштің тепкісінен  Атамекенін тастап, 
жат  жұртты  паналаған  барша  қандастарымыздың 
«ақсарбас»    атап,  көзіне  жас  алған  кезі  еді.  Иә, 
осылайша, зайырлы мемлекеттілікке қадам басқан 
қазақ  елі,  сол  сәттерден-ақ  алыстағы  ағайынның 
үмітін  ақтауға,  өзектегі  шемен  болып  қатқан 
шерін  тарқатуға  бағытталған  іс-шараларды  үзбей 
өткізіп келеді.  Жалпы, мұндай қандастарымыздың 
саны  кейбір  деректерде  5  миллионнан  асып 
жығылатындығы  айтылып  жүр.  Тіпті,  елімізбен 
іргелес, қоңсы отырған Ресей, Қытай, Өзбекстанға 
түрлі  тарихи  кезеңдерде  зорлық-зомбылықпен 
тартып  алынған,  қилы  замандардағы  сан-алуан 
саяси  айла-шарғы  мен  белден  басқан  қиянаттың 
салдарынан  жерімізбен  қоса,  онда  қоныстанған 
миллиондаған  отандастарымыздың  өзге  жұрттың 
билігіне  мойынсұнып  кеткендігі  белгілі.    Демек, 
шетелдерде тұратын отандастарымызға өз ұлтының 
мәдениеті мен дәстүрін, тілін сақтауға бағытталған 
шаралар  ұйымдастыру  арқылы  ұдайы  қамқорлық 
жасау  Тәуелсіз  Қазақстан  мемлекетінің  шеттегі 
қандастарымыз алдындағы борышы десек те артық 
емес.
Ал,  осы  мақсатты  іске  асыруды  көздеген 
Қазақстан  Республикасы  Мәдениет  және  ақпарат 
министрлігінің Тіл комитеті 3-4 қазан күндері Алма-
ты қаласында  шетелдегі отандастарды қатыстыра 
отырып,  өнер  фестивалін  ұйымдастыруы  игілікті 
шаралардың біріне айналдырды. Бұл мәдени шара 
–  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Нұрсұлтан 
Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы: 
қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты» 
атты Жолдауындағы негізгі міндеттерді, сондай-ақ  
Елбасының 2011 жылғы 25 мамырдағы Дүниежүзі 
қазақтарының  IV  құрылтайында  берген  тапсыр-
маларын  іске  асыру  мақсатында  атқарылатын 
шаралардың бірегейі.
Шетелде  тұратын  қазақтармен  мәдени-рухани 
және  оқу-білім  салаларында  байланыс  жасау, 
шетелдердегі  қазақ    диаспораларының  әлеуетін 
тарта отырып, мәдени-танымдық және ақпараттық-
насихаттық  өнер  фестивалін  ұйымдастыру 
мақсатын көздеген шараға алыс-жақын шет елден, 
нақты айтқанда 16 елден 100-ден аса қандасымыз 
қатысты.  Айта  кетерлігі,  халықаралық  өнер 

67
Ұлжан    Байбосынова,  Сурет  көрмесі    бойынша 
қазыларды  суретші,  Қазақстанның  суретшілер 
одағының  мүшесі,  Т.  Жүргенов  атындағы  Ұлттық 
өнер  академиясының  профессоры,  «Ерен  еңбегі 
үшін»  медалінің  иегері  Жұмақын  Қайрамбаев 
басқарып,  фестивальдің  жүзден  жүйрік,  мыңнан 
тұлпар шыққан үздіктерін анықтады. 
Сонымен  мүшәйра  сайысында  бас  жүлде 
Қытайдан  келген  қандасымыз  Есбол  Нұрахметке 
бұйырса,  одан  кейінгі  орындарды  Наурызбай 
Жарбосынұлы  (Өзбекстан),  Жандос  Аманжолұлы 
(Моңғолия),  Мүбарак  Қизатұлы  (Қытай)  бөлісті. 
Ынталандыру  сыйлығы  Өзбекстаннан  келген 
Бекназардың  Жарасқанына  бұйырды.  Жыршы-
термешілер,  дәстүрлі  әншілер  сайысында  бас 
жүлде  Қытайдан  келген  Мұқатай  Баймұқамедтің 
қанжығасын 
майласа, 
 
қалған 
жүлделі 
орындар 
Сәния 
Өнерханқызына 
(Қытай), 
Қадыхан  Манайұлына  (Моңғолия),  Жазира 
Сарқытбекқызына  (Қытай)  беріліп,  ынталандыру 
сыйлығы  Заңғар  Еркебекұлына  табысталды.  Ал 
сурет көрмесі сайысында өз шеберлігін паш еткен 
Ресейден келген Геймран Баймұқанов бас жүлдені 
иеленді.  Сондай-ақ  қазылар  алқасының  көңілінен 
шыққан  Құмар  Омархан  (Қытай),  Алижан 
Амантаев  (Қырғызстан),    Гүлназым  Өмірзақтар 
(Моңғолия)  жүлделі  орындарға  ие  болды.  Бұл 
сайыстағы  ынталандыру  сыйлығын  Өзбекстаннан 
келген  қандасымыз  Рүстем  Мамбетов  иеленді. 
Барлық сайыс жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар 
табысталды. 
Таныстықты арттырып, жаңа достар тауып,  ұлт-
тық  өнерімізге  қанығып  қайтқан  отандастарымыз 
тек  өнер  жарыстырып  қана  қоймай,  фестивальдің 
жабылу  салтанатына  орай  ұйымдастырылған 
ұлттық  бояуы  қанық,  көрерменнің  жүрегіне 
жеткен концерттің орны ерекше болды. Концертке 
дәстүрлі  әншілер  мен  күйшілер,  отандық  сахна 
майталмандары, сондай-ақ тарихи Отанына оралған 
өнер шеберлері қатысып, сахнаның сәнін келтірді. 
Тоқ  етері,  ұлттық  өнеріміз  ұлтымыздың  айбы-
ны, ажары десек, осы ұлттық ерекшеліктерімізден 
шеттегі  отандастарымыздың  алыстамауы,  қайта 
тарихи отанына келіп, төл өнеріне жақындай түсуі  
үшін ұйымдастырылған мұндай өнер фестивальдері 
өз тиімділігін көрсетті. Аңсаған Атажұртына келіп, 
ата-бабасынан  қалған  ұлттық  өнермен  қауышып, 
рухани қазынасын жаңғыртуға ниетті жатжұрттық 
отандастарымыздың  көп  екенін  ескерсек,  бұл 
фестивальдің  олар  үшін  тамаша  өнер  алаңына 
айналғандығы сөзсіз. 
Болат ҚұСАйНОВ
ҚР Суретшілер одағының мүшесі
фестиваліне  Моңғолия,  Ресей,  Қытай,  Өзбекстан, 
Түркия, Қырғыз мемлекеттерімен қатар Иордания, 
Австрия, Германия, Франция, Ауғанстан, Иран т.б. 
елдерден  қандастарымыз  келіп,  жиынның  саны 
да,  сапасы  мен  маңызы  да  арта  түсті.  Бұл  ретте 
жылдан жылға мәдени шараға қатысушылар саны 
мен географиясының ұлғайып отырғанын атап өту 
қажет.    Бұл  өз  кезегінде,    Елбасымыздың  «ғасыр 
ортасында  дамыған  30  мемлекеттің  қатарына 
қосыламыз»  деген  биік  мақсатына  жету  үшін, 
әлемнің  түкпір-түкпіріне  тарыдай  шашылған 
қандастарымыздың  қосар  үлесі  де  зор  болу  тиіс 
екендігін көрсетсе керек.
  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
өзінің  өткен  жылғы  Жолдауында:  «Біз  өзіміздің 
ұлттық  мәдениетіміз  бен  дәстүрлерімізді  осы 
әралуандығымен  және  ұлылығымен  қосып 
қорғауымыз  керек,  мәдени  игілігімізді  бөлшектеп 
болса да жинастыруымыз керек»,– деген болатын. 
Бұл ретте, тағдырдың теперішімен жат жұртта өмір 
сүріп  жатқан  қандастарымыздың  өзінің  тарихи 
отанынан тамыр ажыратпай, ұлтының ұлы мәдени 
мұрасынан, салт-дәстүрінен,  әдет-ғұрпынан сусын-
дауына Тіл комитетінің мұрындық болуымен өткен 
фестивальдің берері көп-ақ.  
Фестиваль  аясында  «Көк  тудың  желбірегені» 
атты  жазба  ақындар  мүшәйрасы,  термешілер 
сайысы,  суретшілер  көрмесі  өткізілді.  Аталған 
шаралардың барлығында да ұлттық өнердің негізгі 
сипатын сапалы да жоғары деңгейде берілуіне басты 
назар  аударылады.  Фестивальдің  безендірілуінен 
бастап,  сценарий,  жүргізу  тәртібі  және  әуенмен 
әрленуі  ұлттық  нақышта  ұйымдастырылды.  Жал-
пы, фестиваль аясында ұйымдастырылған барлық  
мәдени шара шет елдердегі қазақ диаспорасының 
ұлттық  өнерді  ұмытпауына,  оны  жаңғыртып,  да-
мытуына,  жастардың  еліміздің,  ұлтымыздың 
өнер  құндылықтарымен  танысуына,  өнерпаз 
өкілдерінің еліміздің өнер шеберлерімен әдіс алма-
сып, байланыс орнатуына, қазақ халқының өнерін 
шет  елдердегі  қазақ  диаспорасы  арқылы  әлемдік 
деңгейде  таныту  және  насихаттауға,  сондай-ақ 
таратуға мүмкіндік беретіндігі айқын. 
Жоғарыда  аталған  сайыстардың  қазылар 
алқасын, атап айтқанда мүшәйра сайысы бойынша 
қазылар  алқасын  ақын,  сазгер,  драматург, 
Тәуелсіз  «Платиналы  Тарлан»  сыйлығының 
лауреаты,  Мемлекеттік  «Парасат»  орденінің 
иегері,    Қазақстан  Жазушылар  одағының  мүшесі 
Исраил  Сапарбай,  жыршы-термешілер  сайысы 
қазыларын  Құрманғазы  атындағы  Қазақ  ұлттық 
консерваториясы  «Халық  әні»  кафедрасының 
меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты 

68
туған тілім - тұғырым
Көзіміз  жеткені  мынау:  отаршыл  елдің  тілі 
өзі  отарлап  алған  елдің  тілін  байытпайды  да, 
құлпыртпайды  да,  керісінше,  ол  –  отарланушы, 
езгідегі ұлт тілінің тазалығына келтірер залалы мен 
кесапаты шексіз. Қазақ тілін отарлаушы тіл – Кеңес 
заманында орыс тілі болды. Ал ол Қазақстанда бұл 
«қызметінен» әлі түсе қойған жоқ.
Кейінгі  кезде  2020  жылы  қазақстандықтардың 
95пайызы  қазақша  сөйлейді  дегенді  жиі  айтатын 
болдық.  Бірақ  2020  жылы  ондай  жетістікке  жету 
үшін, жалпы қандай ниетті де жүзеге асыру үшін 
оның  белгілі  бір  алғышарттарын,  жұмыс  жоспа-
рын, нақты-нақты іс-шараларды қолға алуымыз ке-
рек емес пе? Алайда, бізде дәл бүгін соның бірде-
бірі жоқ қой. Ендеше, қалай? Бұл туралы да ләм деп 
жатқан  не  жоғарыдағылар,  не  төмендегілер  жоқ. 
Өйтпек түгіл…
Ау,  өйтпек  түгіл  біз  тілімізді  күннен-күнге 
жусанға 
түскен 
жұлдызқұрттай 
шұбарала 
бірнәрсеге, дәлірек айтсақ, орысшаның тұп-тура ау-
дармасына айналдырып бара жатқан телеарналарға 
тыйым сала алмай отырмыз ғой. Тіпті, Мемлекеттік 
хатшы Марат Тәжиннің осы телеарналарға байла-
нысты  салиқалы  да  сындарлы  сөз  айтқанына  да 
біраз  болды.  Не  одан  шығып  жатқан  қорытынды 
көрінбейді.  Иә,  «Жаманға  айтқан  сөзің  босқа 
кетер,  мылтықты  оқтап  алып  құмға  атқандай» 
депті  өткен  ғасырдың  70-ші  жылдары  Арал-
Шалқар  өңірінде  дүниеден  өткен  Рамбердіұлы 
Тілбұзарларға Тосқауыл 
қоймасақ болмайды...
Мырзан КЕНЖЕБАй, ақын, 
Жазушылар одағының мүшесі
Құлжан  ақын.  Сол  айтқандай,  бүгінгі  Қазақстан 
телеарналарының журналистері қазақтың теңдессіз 
де теңеусіз, көркем де қазыналы тілін орысшадан 
тәржімалап  қана  айтатын  тақыл-тұқыл,  тақ-тұқ 
тілге  айналдырғанын,  соған  қарап  бүкіл  қазақ  со-
лай  сөйлеуге  дағдыланып  баражатқанын  айтудай-
ақ  айттық,  жазудай-ақ  жаздық.  Амал  не,  жаңағы 
Құлжан ақын айтқандай, бүгінде қазақ тілінің осы 
бір ойранға түскен тағдыры туралы айтылған сөздің 
бәрі қай жаққа қарай ұшып кеткенін де білмейсің. Ол 
айтқандарыңа не сол телеарналар басшылығынан,  
не  Тілдерді  дамыту,  Тіл  басқармаларынан  сыңар 
езу  болса  да  жауап  сөз  естілген  емес.  Ал  бүгінгі 
теледидар тілі қазақ халқының сөз саптауын да, екі 
қазақтың  бір-бірімен  тілдік  қарым-қатынасын  да 
тек  орысшаның  тікелей  көшірмесіне  айналдырып 
қойды. Бұдан бірер жыл бұрын телеарналарды «деп 
күтілуде», «орын алды» деп орысша «ожидается», 
«имели место»-дан тікелей тәржімалап сөйлейді деп 
кінәлайтынбыз.  Қазір  қазақ  тележурналистерінің 
бұл  «аудармашылық  ауруы»  мүлде  асқынып, 
біржола айықпауға бет алған сыңайлы. Телеарнадан 
сөйленген сөз адамның миына тікелей әсер етіп, сол 
күйінде аққа қара жаққандай жазылып қалатынын 
бұрын да айтқанбыз. Соның айқын дәлелі, қазір жай 
қазақтардың  өздерінің  сөйлескеніне  бір  сәт  құлақ 
түрсеңіз,  олардың  да  дәл  телеарнадағылардың 
орысшадан аудармасын қайталап тұрғанын бірден 
аңғарасыз.  Қазір  қазақтың  тілін  алапес  адамның 
терісіндей ала-құла, шұп-шұбар ету үшін телеарна 
журналистері  қолданып  жүрген  сөздердің  басты-
басты бес-алтауын мысалға келтірейік. Олар мына-
лар:
Бағындырды,  бағындыра  алады,  құрайды, 
құрады, құрауда, сәттілік тілейміз, орын алды, 
бөлісті,  сыйлайды,  тоғытылды,  жалғасын  тап-
ты, жеңіліс тапты. 
Әуелі  «бағындыру»-ды  қолданатын  тележур-
налистер  қазақтың  ғажайып  сөйлеу  мәнерін,  яғни 
сөз саптауын қалай бұзып жүргеніне көз салыңыз. 
«Қазақстан»  телеарнасының  журналисі  былай 
дейді:
«Ұшқыштар  шынайы  шеберлік  шыңын 
бағындырды» (10.05.2013).
Осыдан не ұқтыңыз? Бұл өзі не сөйлеп тұрғанына 
жауап  бермейтін,  өзі  көріп  тұрған  уақиғаны,  бо-

69
туған тілім - тұғырым
лып жатқан жағдаятты жұртшылыққа жеткізіп ай-
тып  беру  қабілетінен  айырылған,  не  әу  баста  он-
дай қабілеттен мақұрым адамның сөзі. Солай бола 
тұра, осы бір-ақ ауыз сөздің өзі-ақ қазақ сөзін басқа 
арнаға бұрып та, бұзып та жіберуге мол жетіп тұр. 
Басқа арна дейтін себебіміз Алла тағала әр ұлттың, 
әр халықтың сөйлеу мәнерін, яғни сөз саптауын да, 
қуануы мен ренжуін де әртүрлі етіп жаратқан. Ал 
ақыл-есі, парық-парасаты дұрыс адам осы сөйлемді 
тыңдап болғасын «Мынау не деп тұр? «Шеберлікті 
бағындырды», «шыңды бағындырды» деген не сөз» 
деп  таңданары  сөзсіз.  Бұл  –  орысшаның  тұп-тура 
көшірмесі. Осы бүкіл сөйлемнің «туғызушы әкесі» 
– орыстың «покорил» деген сөзі ғана. Қазір қазақтар 
демалыс күні таудың басына шығып келсе, сол тау-
ды «бағындырып», өзеннің арғы бетіне өтсе, өзенді 
«бағындырып» келдік дейтін болды. Біз бүйте бер-
сек, үйленіп жатқан баламызды келіншек алды не-
месе  үйленді  демей,  ол  бір  қызды  «бағындырды» 
дейтін  шығармыз.  Өйткені  орыстар  «он  покорил 
ее  сердце»  дейді  ғой  (әзіл  ғой,  бірақ  шындық!). 
Қазір  тележурналистер  300  метр  жүгіріп  келген 
адамды «Ол 300 метрді бағындырды» дейтін бол-
ды. Ал «Алматы» телеарнасының «жаңалықшысы» 
желаяқтар туралы хабарында:
«Әркім  өзі  шамасы  жететін  қашықтықты 
бағындыра алады» деді (24.04.2013).
Күлкі арсыз ғой, теледидардан осыны естіп оты-
рып:  «олар  сол  қашықтықты  бағындырғанда  не 
істеп келеді? Әлде өзі жүгіріп барып келген жердің 
шөп-шалаңын 
жапырып, 
құрт-құмырсқасын 
тәртіпке салып келе ме? – деп тағы күлеміз. Күліп 
болғасын: Құдай бүйтіп өз тілін өзіне де, өзгеге де 
күлкі қып қоюды қазақтан өзге ұлтқа берді ме екен, 
ә?» деп тағы қынжыласың.
Қай ұлттың да өзін-өзі жоюының басты белгісінің 
бірі – өз тілін өзін ұзақ жыл құлдықта, езгіде ұстап 
келген ұлттың тіліне бейімдеп сөйлеу екені баяғыда 
дәлелденген. Әсіресе отарлаушы үстем ұлт осыны 
жақсы біледі де өзінің қарамағындағы ұлттың тілін 
жоюға кіріседі. Бұл әдісті, әсіресе Ресей мемлекеті 
көп  қолданады.  Патшалық  Ресей  де,  Кеңестік  Ре-
сей  де  ең  әуелі  қазақты  тілінен  айыруды  қолға 
алды.  Қазір  телеарналарда  «құрайды»,  «құрауда», 
«құрады»  деген  сөздер  қазақ  тілін  сұрқай,  аудар-
ма  тілге  айналдырып  барады.  Оның  «мал  таппас 
жігіт  болмас  –  құралғанын  айт,  ұл  таппас  қатын 
болмас  –  тұра  алғанын  айт»,  «Құдай  құраса,  құр 
қалмассың», «Жоқтан-бардан құрастырып», «құрақ 
көрпе»,  «қырық  құрау»  деген  сияқты  өз  орнымен 
қолданылатын  жері  болатын.  Тіпті  кейінгі  заман-
да  шыққан  «вагон  құрастырушы»,  «Қазақстанда 
құрастырылған  автокөлік»  дегендер  де  құлаққа 
сіңісті,  өз  «орнын  тапқан»  сөз  тіркестері.  Бүгінде 
телеарна  тілшілері  бұны  орыстың  «составить», 
«составил»,  «составляет»-ының  ғана  бірыңғай 
аудармасына  айналдырып,  тілімізді  берекесінен 
айырылған  қойыртпаққа  айналдырды.  Сенбесеңіз 
қараңыз:
«Алматы» 
телеарнасы: 
Жүргізушілердің 
киімі  18000-нан  бастап,  22000  теңгені  құрайды 
(11.05.2013).
Бұл осы «Алматы» арнасындағы Б.Күмісбайқызы 
деген  журналистің  «құрауы».  Осыны  ата-анасы 
қазақ,  қазақ  мектебінде,  университетте  қазақша 
оқыған,  өзінің  көкірегінде  аз  да  болса  сәулесі 
бар  адам  «құрайды»  деп  құраулап  жатпай-ақ 
«…  Жүргізуші  киімінің  бағасы  18000  мен  22000 
теңге  аралығында»  дей  салар  еді  ғой.  Теледидар-
дан  естілген  осындай  шатты-бұтты  сөз  саптаулар 
адамның  құлағынан  өтіп,  миына  сіңіп  қалатыны 
сондай,  қазір  ата-сақалы  аузына  шыққан  әп-әйдік 
қазақтар  да  солай  сөйлеуге  көшті.  Әсіресе  аудан, 
қала әкімшіліктеріндегі азаматтар өткен жылы жылу 
жүйелерін  жөндеуге  пәленбай  «миллион  теңгені 
құрайтын»  ақша  бөлінді,  ауруханадағы  бос  орын 
пәленбай «төсекті құрайды» деп сайрайтын болды. 
Ау,  есі  түзу  қазақ  соны  жөндеуге  осынша  «мил-
лион  теңге  жұмсалды»,  «ауруханада  осынша  бос 
орын бар» деп цифрды көрсете салар еді ғой. «Таң» 
телеарнасының  журналисі  «суперлото»  хабарын 
жүргізіп  тұрып:  «Байқап  тұрғанымыздай»  деді  де 
1-ші, 2-ші, 3-ші дәрежелі ұтыстардың әрқайсысын 
1000  теңгені  құрайды,  5000  теңгені  құрайды  деп 
«құрап» шықты. Бұл кәдімгі «1-ші дәрежелі сыйлық 
– 1000, 2-ші – 5000, 3-ші дәрежелі – 10000 теңге» 
дей салатын оп-оңай-ақ сөз. Ал телеарна қазақтары 
осыны орысшаға бейімдеп оңай сөзді қиындатып, 
«құрау-құрау»  қылатыны  еш  ақылға  сыймайды. 
Әлде  біз  еуропашыл,  өркениетшіл  боламыз  деп 
шынымен  не  сөйлеп  тұрғанына  жауап  бермейтін 
мәңгүрт ұлтқа айналып барамыз ба? Әйтпесе, осы 
журналист «Байқап тұрғанымыздай» деп, яғни «как, 
мы видим» деген орыс сөзін аудармай-ақ қойса да 
болар еді ғой.
«Алматы»  арнасының  тағы  бір  журналисі 
«Жаңалықтарда»  «Жоғалған  автокөліктің»  жалпы 
құны 12 миллион теңгені құраған» деп соқты. Осы-
ны  «…жалпы  құны  12  млн.  теңге»  немесе  «…12 
миллион  теңге  екен»  десе  жетіп  жатыр  ғой.  Әлде 
сауатсыздық  па,  әлде  қазақ  тілінің  қолданыстан 
шығып бара жатқанының кесірі ме, әлде орыс қалай 
сөйлесе, дәл солай тәржімалап сөйлеу керек деген 
құлмінезден  құтыла  алмаудың  кесірі  ме,  қайдам, 
әйтеуір  бүгінгі  қазақ  тележурналистері  осындай 
айықпас кеселге душар болды.
Қазір  қайран  қазақ  тілін  былғауға  қазақ 
тележурналистері  оңды-солды  қолданып  жүрген 
«тоғытылды»-ның  да  кесірі  аз  тиіп  тұрған  жоқ. 
Бұл  көбіне  көпше  түрде  айтылатын  сөз  еді.  Мы-

70
туған тілім - тұғырым
салы, қоралы қойды кір-қоңынан тазартып жуын-
дыратын жерді «Тоғыт» деп атайды. Сол ондаған, 
жүздеген малды айдап әкеліп суға түсіруді тоғыту 
дейді. Ал телеарналар бір адам түрмеге түссе «оны 
темір торға тоғытты» дегенді шығарды. Осы «Ал-
маты»  арнасындағы  «Куәгерден»  «Жүргізушінің 
көлігі  айып  тұрағына  тоғытылды»  дегенді  де 
естідік. 21.05.13. Бұл нағыз сөз парқын білмейтін, 
әйтеуір  естіп  қалған  сөзді  пайдалануға  асыққан 
нағыз біліксіздің сөзі.
Ал  журналистика  факультеттерінің  ұстаздары 
мен белгілі-белгілі журналистика саласында қызмет 
істеп  жүргендерге  осындай  дәлелдерді  келтіріп 
тұрып-ақ «бұл қалай болды?» десең, қазақ журна-
листикасы керемет, мін іздеудің, сын айта берудің 
қажеті  не  деп  өзіңді  күстаналайды.  Тіпті  тырнақ 
астынан  кір  іздеуші  атанасың!  Бұл  –  тырнақтан 
кір іздеу емес, бұл – тілі құрыған ұлттың өзі, тілі 
бұзылған  ұлттың  өзі  бұзылып,  жойылып  кетуінің 
алдын  алу  ескерту  ғой.  Ол  аз  болғандай,  қазір 
кейбір жазушы атанып жүргендердің сөйлемдеріне 
қарап отырсаң, өз тіліңнен өзің безіп кеткің келеді. 
Бірақ соларды үп-үлкен кісілер модернист, постмо-
дернист,  жаңашыл  шығарманы  өзгеше  ақыл-ойға 
құрушы деп алғысөз жазып немесе солардың өздері 
жазып әкелгендеріне қол қойып бере салатын ауру 
тіпті  асқынып  кетті.  Реті  келгенде  айта  кетейік, 
қазір  біздің  ақын-жазушылар  біріне-бірі  жарыса 
мақтаудан  жарыс  өткізіп  жатқан  сияқты.  Әсіресе 
ақындар бірін-бірі 50-ге, 60-қа, 65-ке толуына бай-
ланысты жазған мақтаулары мен өлеңдерінен кере-
мет  деп  көрсеткен  үзінділерді  оқысаң,  күлесің  де 
қоя саласың. Құдай қаласа бұған да өз алдына бір 
тоқталармыз…
Ал  Әуесхан  Қодар  деген  әрі  аудармашы,  әрі 
ақын,  әрі  мәдениеттанушы,  әрі  философ  атанып 
жүрген әрі тенгрист: «кейбіреу өлең жазса, мақала 
жаза  алмайды,  мақала  жазса,  өлең  жаза  алмайды, 
мен  соның  бәрін  жазамын,  яғни  билингвистпін» 
деді  теледидардан.  Біз  білетін  Әуесхан  Қодар  сол 
айтылған  мамандықтардың  қайсысының  маманы 
екеніне менің өз басым әлі тоқтала алмай жүрмін.
Ал  журналистер  ше?  Олар  қазір  қазақ 
тілін  әлгіндей  қып,  орысшаның  аудармасына 
айналдырғаны аз болғандай, ұлтымыздың ықылым 
заманнан  бері  қолданып  келе  жатқан  мақал-
мәтелін  де  әлде  білместікпен,  әлде  әдейі  бұрып, 
бұзып айтатын болды. Мысал керек десеңіз, міне: 
Қазақта  «орнында  бар  оңалар»  деген  мәтел  бар. 
Оны жақында теледидар журналисі қайтыс болған 
белгілі  азаматтың  баласы  туралы  айтып  тұрып: 
«Артында бар оңалар» деп өзгерте салды.
«Кітап  оқуды  қойған  адам  –  ойлануды  қойған 
адам»  депті  М.Горький.  Сол  айтқандай,  бүгінде 
көркем  әдебиетті  оқымай-ақ  телеарналар  тізгінін 
ұстағандар мен солар сияқты жадағай журналистер 
қазақ  сөзінің  мән-мағынасын  әбден  бұзып,  басқа 
арнаға  салып  жібергенін  шындықты  ұнатпайтын 
және сын айтқанды мін айтқан деп өзіңе бәле са-
латын  ниеті  таза  емес  адам  ғана  мойындамай-
тын  шығар.  Әйтпесе,  аты-жөні  белгілі  бір  жа-
зушымызды  мақтаймын  деп  теледидаршының: 
«қазақтың  ортақол  жазушысы»  деп  абыройын  ай-
рандай  төгуін  не  дер  едіңіз?  Сөз  қадірін  білетін 
қазақ  көріп  тұрған  бұйымға,  оқыған  кітабына, 
көңілі  толмаса  «ортақолдау»  деп,  одан  да  на-
шар  дегісі  келсе  «төменқолдау»  дүние  екен  дер 
еді.  Сонда  әдебиетімізге  әжептәуір  олжа  салған 
қаламгерімізді  бұл  сөзбілместің  «ортақол»  дегені 
несі? Ал «ортаңқолдай» деген қалыптасқан көркем 
сын есім бар. Бұл жерде ортаңқолдай деп бақандай 
ортаңғы  саусаққа  ишара  жасалып  тұр.  Мысалы: 
бұл іске кілең бір ортаңқолдай-ортаңқолдай сүйекті 
жігіттер  таңдап  алынды:  немесе  «Ол  соғымға 
ортаңқолдай құнан атанын таңдап сойды». Сөздің 
қақ  ортасындағы  «ң»  деген  жалғыз  дыбыстың  өзі 
оны қалай көкке көтеріп тұрғанын көрдіңіз бе? Сөз 
киесін  білетін,  ана  тілін  қадірлейтін,  санасы  да, 
ойы да, өзі де, сөзі де баяғы құлмінезден арылып, 
азаттық алған ұлттың ұрпағы ана тілінің әр дыбы-
сына мән берер еді. 
Телеарналарда  бүгінгі  қазақ  тілінің  қиын 
жағдайы,  шығарылған  заңдардың  орындалмай 
жатқаны,  2020  жылы  95%  тұрғынымыз  қазақша 
сөйлейді  деп  айта  салғанымыз,  ал  айтылған  сөз 
орындалуы үшін ешқандай алғышарттар жасалып, 
ешқандай  шаралар  қолданылмай  жатқаны  туралы 
не бірде-бір арнаулы жоба, не бірде-бір хабар жоқ. 
«Алматы»  телеарнасында  «Тіл  сақшысы»  деген 
бағдарлама бар еді. Оны алапат өртке қанатымен су 
сеппек болған қарлығашша шыр-шыр етіп жүретін 
жалғыз  қыз  жүргізген  еді.  Алматы  әкімшілігінің 
баспасөз  хатшысы  Куянов  пен  осындағы  қазақ 
журналистері  арасында  болған  шекеқызбайдан 
кейін ол қыз да ізім-қайым болды. Ал, «қазақ тіліне 
шыр-пыры  шығып  араша  түсетін  «Тіл  сақшысы» 
бағдарламасы не себепті жабылды? Оған кім жауап 
береді? Біле-білсе, сол «Тіл сақшысы» Алматыдағы 
Тіл басқармасы деп аталатын басқармадан жалақы 
алып, бала-шаға асырап отырғандардың бір қаруы 
емес  пе  еді?  Қазақ  тілінің  қайткенде  шырайын 
шығармауға  тырысатын,  сол  қара  ниетін  әртүрлі 
жымысқы  жолмен,  сыныққа  сылтау  тауып  жүзеге 
асыратындар  «Тіл  сақшысына»  да  қатер  төндіріп, 
басына бұлт үйіріліп тұрғанда осы Тіл басқармасы 
неғып тілсіз қалды? Қазақ тілі қоғамы ше? Әшейінде, 
елімізде өйтіп жатырмыз да, бүйтіп жатырмыз деп 
ұрандатып,  шалапты-шұбат,  қойыртпақты-қымыз 
деп күмпілдетіп пісетін қазақша аға басылым, «іні 
басылымдар»  мұндайда  бұтаға  бұққан  торғайдай 


1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал