ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы



жүктеу 44.62 Kb.

бет5/15
Дата09.01.2017
өлшемі44.62 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

33
шетел қазақтары және қазақ тілі
мақалаларымда  да  бұрын  өзге  зерттеушілер  ден 
қойып үлгірмеген мәселелер жөнінде ізденіс жасап, 
қазақ  шежіресінің  жазба  тарихи  деректермен 
байланысы, 
әсіресе, 
Қытай 
қазақтарының 
шежірелік  аңыздарының  ғылыми  құны  туралы  өз 
көзқарасымды ортаға салдым. Жоғарыда жазылған 
еңбектерімнің  заңды  жалғасы  «Қазақ  халқы  және 
оның  салт-санасы»  атты  кесек  ғылыми  еңбегімді 
жазып  болып,  1991  жылдың  басында  Шыңжаң 
халық  баспасына  ұсындым.  1992  жылы  жарық 
көргеннен  кейін  бұл  кітап  барша  оқырман  қауым 
арасына тез тарап, қолдан-қолға өтіп қызу алқауға 
ие  болды.  Бұл  кітаптың  жауапты  редакторы 
Оразбек  Қанапин:  «Бұл  кітап  баспамыздан  бұрын 
шыққан  Нығымет  Мыңжанұлының  «Қазақтың 
қысқаша  тарихы»  атты  кітаппен  тыныстас,  ой 
қорыту,  тарихи  талдау,  ерте  кездердегі  тарихи 
фактілерге жүгіну жағынан бірін-бірі толықтайды, 
бірінде кемі екіншісінен табылады. Сонымен бірге 
әрқайсысының өзіндік айқын өзгешеліктері де бар» 
деп жазса, ал ғұлама ғалым Н. Мыңжанұлы:  «Жақып 
Мырзақановтың  бұл  кітапты  жазудағы  өзіне  тән 
сөйлемі  және  ерекшелігі,  оның  тарихты  суреттеп 
жазуы  барысында  анық  көрнекіленген.  Автор  бір 
сыдырғы ізбен жүрмеген. Қайта ол алуан жолмен, 
әр  қырынан  зерттеу  тәсілін  қолданып,  қолына 
түскен сан-алуан материалдан жинақтап, логикалық 
тұжырымдар жасап, тарихи әңгіме шерту жолымен 
жазды.  Бұл  кітаптың  тағы  бір  ерекшелігі,  автор 
жазба  тарихи  деректермен  шежірелік  аңыздарды 
ұштастыра  зерттеу  тәсілін  қолданған.  Мұндай 
зерттеу тәсілі қазақ сияқты көшпенді ұлт тарихын 
зерттеуде  қабылдауға  татитын  әдіс.  Бұдан  бұрын 
қазақ  халқының  ауыздан-ауызға  таралып  келген 
аңыздар  мен  шежірелеріне  онша  көңіл  бөлмеген 
едік. Ал мына кітаптың авторы болса, бұған ерекше 
көңіл бөліп, шежірелік аңыздар мен тарихи жазба 
деректерді  ұштастыра  зерттеу  тәсілін  қолданып, 
шежірелік  аңыздар  жөнінде  өзінің  көптеген 
көзқарастарын жазады», – деп жоғары баға берді. 
   Демек, әрқандай бір тың ғылыми шығарма өзінен 
бұрынғы аға буындардың еңбегінен өзгешелігі бо-
луымен өз құнын сақтамақ. Іле-шала жер жүзіне та-
райтын «Азаттық» радиосы сүйіншілеп «Қомақты 
да  құнды  еңбек»  деп,  аса  жоғары  баға  берді.  Со-
нымен бірге кітап түгел радиода оқылды. Сондай-
ақ  бұл  еңбек  Қазақстан,  Түркия,  Германия  және 
Моңғолия  қатарлы  елдердің  де  жоғары  бағасына 
ие  болды.  Қазақстанда  бірқатар  газет-журналда 
басылып, Қазақ радиосында оқылуы мұның айқын 
дәлелі. 
–  Ал  енді  бұл  кітабыңызды  өзге  ұлт 
зерттеушілері қалай бағалады? 
–  Бұл  кітап  1994  жылы  Шыңжаңдағы 
философиялық  қоғамдық  ғылымдар  саласындағы 
таңдаулы  ғылыми  еңбектерді  бағалап-сыйлауда 
1-дәрежелі  жүлдені  алса,  1996  жылы  Шыңжаң 
бойынша  таңдаулы  кітаптарды  бағалауда  және 
де  1-дәрежелі  кітап  сыйлығын  алды.  1999 
жылы  Академияның  жас  зерттеушісі  Шәріпқан 
Әбдалиұлы ханзу тіліне аударды. Бұл кітаптың хан-
зушасы  2000  жылы  Шыңжаң  халық  баспасынан 
жарық көрді. 
  –    «Азаттық»  радиосы  сүйіншілеген,  ханзу 
тарихшыларын  елең  еткізген  еңбегіңіз  қанша 
тараудан тұрады? Әр тараудың негізгі түйінін 
тарқата кетсеңіз... 
–  Қазақ ұлтының тарихы және этнографиясы 
туралы  көп  жылдық  ізденістерім  негізінде 
жазылған  көлемді  еңбегім  «Қазақ  халқы  және 
оның  салт-санасы»  18  тарауға  бөлінеді.  Мұнда 
қазақ  тарихындағы,  жүйеден  Қытай  қазақтары 
тарихындағы  басты  тақырыптар  мен  күрделі 
тақырыптарды  көрнектілендіріп  жазу  әдісін 
қолдандым.  Айталық,  бірінші  тарауда  –  қазақ 
халқының  көрікті  атамекендері  мен  қоныстану 
мән-жайы,  жан  саны,  жаратылыстық  ортасы, 
табиғи байлықтары және қазақ тарихына қатысты 
тарихи  мұралар  мен  ескерткіштер  туралы 
ханзудың  көне  жазбаларына,  сондай-ақ,  басқа 
да  танымал  тарихшылардың  көзқарастарына 
негізделе  отырып  таныстырулар  жасадым.  Екінші 
тарауда  –  «қазақ»  атауы  жөніндегі  аңыздар  мен 
тарихи деректер және маңызды зерттеулерге жан-
жақтылы  аялдап  келіп,  «қазақ»  сөзі  ХV  ғасырда 
Қазақ  хандығы  құрылған  кезде  біртұтас  қазақ 
халқының аты болып танылса да, оның шығу тегі 
тым  арыда  жатқанын,  ол  ХV  ғасырдан  бұрын-ақ, 
кейбір  рулар  қамтыған  тайпалардың,  ұлыстардың 
аты  болғанын,  ұзақ  тарихи  барысты  бастан 
кешіре  келіп,  соңында  «қазақ»  халқының  есіміне 
айналғанын  құнды  материалдармен  дәлелдеуге 
тырыстым.  Ал  үшінші  тарауда  –  қазақтың  тегіне 
қатысты  ерте  заманғы  елдерден  сақтар,  ғұндар, 
үйсіндер,  иүзілер,  қаңлылардың  тарихына  және 
олар  құрған  мемлекеттер  (хандықтар)  туралы 
кеңірек  тоқталып,  олардың  салт-санасы,  тұрмыс-
тіршілігі, рухани көңіл-күйі, жартылыстық ортасы 
бәрі-бәрі  кейінгі  қазақ  салтымен  ұқсас  екенін, 
олардың  кезіндегі  тілі,  қазіргі  қазақ  тілінде  көп 
сақталғанын, үйсіндердің өзі сақтардан тарағанын, 
кезіндегі  «Үйсін»  елінің  қазақтың  іргелі  ұлысы 
болғандығында да еш күмән жоқ екенін бұлтартпас 
ақиқатпен айшықтадым. Төртінші тарауда – біздің 
заманымыздан бергі (жаңа эрадан) қазақтың тегінде 
болған ұлыстық елдерден түрік, түркештер туралы 

34
шетел қазақтары және қазақ тілі
аңыздар мен жазба деректерге жүгініп әрі қазақтың 
арғы сақтармен де, ғұндармен де қою байланысты 
деген  көзқарасты  құптауға  болатынын  айқындай 
келіп, «Біздің заманымыздан бергі түркештер мен 
қарлықтар  қазақтарға  тікелей  қатысты  екендігіне 
дау болмаса керек, өйткені, олардың өсіп-өрбіген, 
еңсе  көтерген,  құдыретті  ұлыстық  ел  құрған 
жерлері дәл қазір қазақ халқы қоныстанып отырған 
Алтай, Тарбағатай өңірі, Тянь-Шаньның солтүстігі» 
деп  келіп,  «Оғыз  қаған  Римге  жорық  жасағанда 
оны бастаған «Көк түкті, көк жалды, үлкен арлан 
бөрі»  болуы  ежелгі  «Үйсін  елі»  Күнбиі  Елжау 
биді  асырауы  ойымызды  қабыстырады.  Демек, 
оғыздар  тотемдік  сенім  жағынан  да  үйсіндермен, 
ғұндармен  байланысты  болып  шығады.  Екінші 
жағынан  қарағанда,  аңыз  бен  жазба  деректерде 
оғыздар  мен  қазақ  тайпаларын  осылайша  тығыз 
байланыстырады»  деген  тұжырым  жасадым. 
«Майқы би» туралы кейбір көзқарастарымды ел іші-
сыртындағы  көптеген  ғалымдардың  зерттеулеріне 
сілтеме  жасай  отырып,  салыстыра  зерттей  келіп, 
қазіргі қазақ ұлты жоғарыда аталған бір текті түркі 
тілдес  байырғы  көшпелі  ұлыстардың  тіке  ұрпағы 
және  олар  жаратқан  көшпенділер  мәдениетінің 
заңды мұрагері деген ғылыми тұжырым жасадым. 
Бесінші  тарауда  –  Қытай  қазақтарының  басты 
тайпалары  керейлер  мен  наймандардың  ХІІ 
ғасырдың  соңы  ХІІІ  ғасырдың  басындағы 
хандықтары және олардың моңғолдармен (Шыңғыс 
ханмен)  жүргізген    соғыстарына  қатысты  «Керей, 
найман  ұлыстары  және  олардың  моңғолдармен 
соғысы» деген арнаулы тарау жаздым. Ал алтыншы 
тарауда  –  тың  деректерге  негізделіп,  ХІІІ-  ХVІІІ 
ғасырдың  орталарына  дейінгі  аралықта  қазақ 
тарихында  өткен  ірі  оқиғаларға  аңсарды  аударып 
жіберіп,  жетінші  тарауға  келгенде  ханзудың 
жазба  деректерінен  ой  қорытып,  ХVІІІ  ғасырдың 
орталарынан  ХХ  ғасырдың  орталарына  дейінгі 
аралықтағы  қазақ  тарихында  өткен  ірі  оқиғалар 
мен  тарихи  тұлғалар  өмірінен  құнды  мәліметтер 
ұсындым.  Сегізінші  тарауға  келгенде  «Қазақтың 
байырғы қоғамдық құрылымы және саяси түзімі» 
жөнінде  ізденіс  жасап,  үйсін  елі  заманынан 
Қазақ  хандығына  дейінгі  үкімет  құрылымы 
және  саяси  түзімі  туралы,  сонымен  бірге  қазақ 
шежіресі жөніндегі көзқарасымды ортаға салдым. 
Тоғызыншы,  оныншы  тарауларда  қазақтың  сан-
саналы шаруашылығы, заттық мәдениеті салмақты 
орын  ала  отырып  баяндалса,  бұдан  былайғы 
тараулары  қазақ  халқының  неке,  отбасы,  той-
томалақ,  өлім  жөнелту,  діни  наным,  халықтық 
білім  (аспан  әлемі  туралы  білімдері,  күнтізбесі, 
дәрігерлігі),  оқу-ағартуы,  тіл-жазуы,  баспасөз-
мәдениеті,  әдебиет-көркемөнері,  ойын-сауық 
қимылдары, спорты, мереке-мейрамы туралы және 
олардың  тегі  жөнінде  көп-көп  көмескі  жатқан 
білімдерді ашып алдыға жайдым. 
–  Сіз қазақ тарихын зерттеумен айналысу-
мен  бірге  Шыңжаң  қоғамдық  ғылым  академия-
сында  басшылық  қызмет  те  атқарыпсыз.  Енді 
басшылық міндетіңізге тоқтала кетсеңіз? 
–  Ұзақ  жылғы  қажырлы  еңбегімнің  жемісі 
болса керек, 1984 жылы Шыңжаң қоғамдық ғылым 
академиясының  тарих  институтының  орынбасар 
басшысы болдым. 1986 жылы Шыңжаң қоғамдық 
ғылым  академияның  орынбасар  директорлығына 
көтерілдім.  Осыдан  кейін  қызметтің  талабы 
бойынша  Академияда  бірнеше  кесек  ғылыми 
зерттеу  еңбектеріне  жетекшілік  етуіме  тура  келді. 
Мұнда  ең  алдымен  менің  жетекшілік  істегенім 
мемлекеттік ғылыми тапсырма «Қазақ әдебиетінің 
тарихы» деген 4 томдық кесек еңбек болды. Бұдан 
басқа «Қазақ мәдениетінің арнасы» (айдыны десек 
те  болады)  деген  және  бір  үлкен  ғылыми  зерттеу 
тақырыбы болды. Бұл да мемлекеттік тапсырыспен 
ханзу  және  қазақ  тілінде  жазылып  жарық  көрді. 
«Қазақтың  дәстүрлі  жол-жосындағы  өзгерістерді 
зерттеу»,  «Ұлтымыздың  даму  мәселесі  туралы 
толғаныстар»  және  «Шыңжаңдағы  ұлттардың 
экономикасы  мен  мәдениетінің  дамуы  туралы 
зерттеулер»  қатарлы  кітаптардың  шығуына  да 
жетекшілік  етумен  бірге,  алғы  сөз  жазып,  бас 
редакторлық  міндет  атқардым.  Ұлттар  баспасы 
Қазақ редакциясының директоры, белгілі баспагер  
Амантай  Сағатұлының  ұйымдастыруымен  2000 
жылдан бастап үш жыл ішінде «Қазақ тарихындағы 
әйгілі адамдар» деген ортақ атпен тарихи тұлғалар 
туралы  40-қа  жуық  кітапты  шығаруды  жоспарға 
алдық. Мен осы тарихи эсселерге бас редакторлық 
міндеттін  алдым.  Бұл  кітаптардың  алғашқы 
1-кітабына (12-кітапқа) ортақ «Алғы сөз» жаздым. 
«Алғы  сөз»  менің  ғана  емес,  тұтас  редакциялық 
алқа мүшелерінің және Ұлттар баспасының жүрек 
сөзіне  өкілдік  етеді  деп  сенемін.  1-кітапқа  менің 
жазғаным «Абылай хан» болды. Қазір бұл кітаптың 
қырық  нешесі  жарық  көріп  қоғамда  жақсы  әсер 
қозғап,  ұрпақ  тәрбиесінде  маңызы  зор  тамаша 
оқулыққа айналды. 
Менің  және  бір  жетекшілік  еткенім  көп  томды 
ғылыми  аударма  –  «Қытай  тарихнамаларындағы 
қазаққа  қатысты  деректер»  деген  еңбек.  Қазірге 
дейін  мұның  үш  томын  жарыққа  шығардық.  Енді 
жалғасын  шығаруды  жоспарлап  отырмыз.  Мұның 
қалған бөлігі тағы үш томға жүк болайын деп отыр. 
–  Бұл  үлкен  еңбектің  «Қытай  тарих-
намаларындағы қазаққа қатысты деректер» деп 

35
шетел қазақтары және қазақ тілі
аталуының  себебі  не?  Оны  Қытайдың  қандай 
тарихи кітаптарынан алдыңыздар?    
–  Қытай  тарихына  қатысты  «26  тарих»  деген 
кітап бар. Бұл Қытай тарихында өткен 26 әулеттің 
тарихының  аса  құнды,  ең  мол  жазба  деректерінің 
жиынтығы. Сонымен бірге, Қытай тарихында өткен 
26 әулетпен өз кезінде көршілес болған, Қытайдың 
қазіргі  территориялық  аумағының  солтүстігі  мен 
батысында  және  қазақ  даласы  мен  Орта  Азияда 
дәурендеген көптеген көшпенді ұлттар мен жарты-
лай отырықтанған ертедегі елдер туралы өте құнды 
аңыздар,  жазба  деректер  сақталған.  Анығырақ 
айтсақ, қазақ халқының шығу тегіне тығыз қатысты 
болған ертедегі этностардан сақ, ғұн, нүкіс, үйсін, 
қаңлы, алан, түрік, түркеш т.б. құрған ертедегі им-
периялар,  ұлттар  туралы  деректер  қазақ  тарихын, 
мәдениетін  зерттеушілердің  назарын  аударғалы 
ұзақ болған. Әсіресе, қазақ ұлтын қалыптастырған, 
қазақ  үш  жүзінің  ірі  тайпаларының  түгел  дерлік 
ерте заман және орта ғасырлық этностар, ұлыстар 
ретінде  «26  тарих»  беттерінде  жазылғандығы 
дүниежүзіндегі  және  Қытайдағы  қазақ  тарихын 
зерттеушілер ортақ мойындаған шындық...
–  Сіз 
«Қытайдағы 
қазақ 
тарихын 
зерттеушілер  ортақ  мойындаған  шындық»  деп 
қалдыңыз.  Күні  кешеге  дейін  Қазақстан  та-
рихшылары  орыс  тарихшылары  мен  батыс 
тарихшыларының  жазған  дерегіне  имандай 
сеніп қазақ тарихын жазып келген жоқ па?! Бұл 
ірі  жұмысты  қолға  алуларыңызға  кім  түрткі 
болды?  
–  Дұрыс  айтып  отырсың,  біздің  елдегі  қазақ 
тарихын  зерттеуші  ханзу,  қазақ  ғалымдарынан 
басқа,  Қазақстан,  Ресей  және  Батыс  елдеріндегі 
зерттеушілер «26 тарихтың» тек орыс миссионері 
Бичурин  мен  француз  ғалымы  Эдуард  Шауанның 
және  басқалардың  сұрыптап  аударған  бөліктерін  
пайдаланып келген. Ал Қытайдағы қазақ тарихын 
зерттеушілер «26 тарихтың» ханзу тіліндегі беделді 
басылымдарынан  тіке  пайдаланғанымен,  ұшан-
теңіз  жазбалардан  керектісін  іздеу  инемен  құдық 
қазғандай  қиын  жұмыс  болатын.  Сондықтан 
еліміздегі  қазақ  халқынан  шыққан  тарихшылар 
(Нығымет  Мыңжанұлы,  Жақып  Жүнісұлы  және 
мен)  ғана  емес,  қазақ  тарихы  мен  мәдениетін 
зерттеу  жұмысына  көңіл  бөлетін  ел  ағалары  мен 
білікті  зиялылар  тегіс  Қытай  жылнамаларындағы 
қазаққа  қатысты  деректерді  сұрыптап  аударуды 
армандап  келген.  Шыңжаң  қоғамдық  ғылымдар 
академиясының 
басшылық 
жұмысына 
араласуымнан  бұрын-ақ,  1970  жылдың  соңы  80 
жылдардың  басында  ел  ағаларынан  Жәнәбіл 
Сымағұлұлы  мен  Ерғали  Әбілқайырұлы  осы  ірі 
ғылыми жұмыс жөнінде маған арнаулы айтқан. Ол 
кезде бұл жұмыс ойымда болса да, шарт-жағдайдың 
пісіп-жетілмегенін  жасырмай  айтқанмын.  1992 
жылы Қаһарман Мұқанұлы академиямызға ауысып 
келгеннен  кейін,  оның  Ұлттар  баспасындағы 
кезінде оның да осындай ойы барлығын білген мен, 
осы жұмысқа жетекшілік істеуіме, академиямыздан 
оның  маған  мықты  көмекші  болатынын  байқап, 
онымен  қатысты  дайындық  жұмыстарын  талай 
рет  ақылдастым.  Академиямыздағы  тарих  ғалым-
дарынан  Го  Пыңлиң,  Шиуе  Зұңжың,  Иін  Чиң, 
Чін  Гогуаңдар  бізге  пайдалы  ұсыныстар  айтты. 
Академиямыздың 
кітапханасы 
материалдық 
дайындығымызға селбесті. Сонымен біз 1995 жылы 
алғашында  академиямыздың  Дін  институтындағы 
Күлшат Тойкенқызына дайындатқан жобаны қайта 
толықтатып,  бұрын  2  том  жоспарды,  енді  4  том 
болатын  етіп  қайта  тұрақтандырдық.  Қаһарман 
Мұқанұлы екеуміздің қайталай ақылдасу негізінде 
«Қытай  тарихнамаларындағы  қазаққа  қатысты 
деректер»  деген  атпен  менің  жетекшілігімде 
академиялық ғылыми тапсырма болып аударылатын 
бұл  күрделі  аударманың  1-кітабы  академиямыз 
журналдар баспасының қарауында болатын болды. 
Осы  жоба-жоспарымызды  сол  тұстағы  ШҰАР 
парткомының  орынбасар  хатшысы  Жәнәбіл 
Сымағұлұлына  апарғанымызда,  бұл  игі  жұмысты 
қуана  құптаған  ол  кісі  қолма-қол  бекітті  және 
қаржы қиыншылығын шешті. 
–  Бұл  ғылыми  тапсырмалық  жұмысты 
жүргізу  тобы  қалай  құрылды  және  алғашқы 
жұмысты неден бастадыңыздар?  
–  Бұл  «Қытай  тарихнамаларындағы  қазаққа 
қатысты  деректер»  академиялық  ғылыми  тапсыр-
ма  болып  1-кітабының  аударылуы  тұрақтанған 
тұстағы  аты  «26  тарихтағы  қазаққа  қатысты  де-
ректер»  болатын.  Академия  басшыларынан  мен 
жауапты  болып  ғылыми  тапсырмалық  жұмыс 
ұйымдастырдым.  Қаһарман  Мұқанұлы  екеуміз 
ақылдаса келіп, Шыңжаң халық баспасынан аға ре-
дактор  Әбділдабек  Ақыштайұлын,  Шыңжаң  теле-
визиясынан аға аудармашы Кәкеш Қайыржанұлын, 
Шыңжаң  педагогикалық  университетінен  аға 
редактор  Самудин  Әлғазыұлын  тапсырмалық 
тобымыздың мүшесі болуға ұсыныс еттік. Еліміздегі 
қазақ халқынан жетіліп шыққан жоғарыда аталған 
көрнекті  тіл  және  аударма  ғалымдары  бізді  бүкіл 
ынта-пейілдерімен  қолдайтындықтарын  білдірді. 
Осы бір келелі ғылыми жұмыстың сәтті жүргізілуі 
үшін, 1-кітапты қаржыландырған ел ағасы Жәнәбіл 
Сымағұлұлын  бас  ақылшылыққа,  Шиуе  Зұңжің, 

36
шетел қазақтары және қазақ тілі
Су  Бихай,  Сұлтан  Жанболатов,  Го  Пиңлиң,  Иін 
Чін, Чін Гогуаңдарды ақылшылыққа ұсыныс еттік. 
Ғылыми  тапсырмалық  тобымыздың  мүшелері 
қандай  жұмыстар  тындырғаны  1-кітапқа  берілген 
«Алғы сөзде» жан-жақтылы жазылды. 
–  Бұл  еңбекті  қазақша  сөйлету  жеңілге  
түспегені белгі болып тұр. Енді күрделі де, құнды 
еңбекті аудару барысындағы келелі жұмыстарға 
тоқтала кетсеңіз? 
–  «Қытай 
тарихнамаларындағы 
қазаққа 
қатысты  деректердің»  3-кітабының  аударылу 
барысындағы  келелі  мәселенің  бірі  аударыла-
тын  мазмұндарды  сұрыптау  болатын.  Бұл  мәселе 
жөнінде жоғарыда айтылды және 3-кітапқа жазылған 
«Алғы  сөздерде»  біршама  толық  баяндалған.  Әр 
томға  алғы  сөз  жазуды  міндеті,  көтерген  жүгінің 
ауырлығына орай бас редакторлықты міндет өтеген 
әріптестеріме  тапсырдым,  соңынан  тапсырмалық 
топтың  мүшелерінің  ортақ  қарауынан  өткізіп 
тұрақтандырдық. 
Екінші келелі мәселе, аударылатын мазмұндарға 
сай  қажетті  материалдармен  қамдау  болды.  Мен 
тапсырмалық  топтың  мүшелерін  барлық  қажетті 
материалдармен қамдауға негізінен кепілдік еттім. 
Ел іші-сыртынан қажетті материалдар мен сөздіктер 
дер кезінде сатып алынды. 
Үшінші келелі мәселе, әрбір кітаптың аударылу 
барысында,  сұрыпталған  деректердегі  атауларды 
алдын ала талқылап тұрақтандыру болатын. Бұл осы 
күрделі де құнды ғылыми аударма еңбектің сапасына 
кепілдік етуді, атау-терминдерді бірлікке келтіруді 
мақсат етті. Әрбір кітапқа сұрыпталып енген дерек-
тер,  тапсырмалық  тобымыздағы  кімдер  жағынан 
сұрыпталғаны сол томның өзінде жазылғандықтан 
бұл арада қайталамаймын. Тек ашалап айтуға тиісті 
мәселе  әрбір  кітаптағы  атаулардың  тапсырмалық 
тобымыздың қатаң ғылыми ұстанымымен  ұжым-
дық талқылауынан өтіп тұрақтандырылғаны. Міне, 
осындай ортақ мақсатпен 1,– 2-кітаптағы атау-тер-
миндер яғни жылнамалардағы ерте және ерте орта 
ғасырлық  этностар  мен  мемлекеттерге    қатысты 
ономастикалық  атаулар  алдымен  Қаһарман 
Мұқанұлы  жағынан  талқылауға  әзірленгеннен 
кейін  ғылыми  тапсырмалық  тобымыз  ұжымдық 
талқыладық.  Атаулар  жөніндегі  алғашқы  жоба 
міне  осындай  қатаң  талқы  мен  сараптаудан  өтіп 
тұрақтанған соң ғана әрбір аудармашының пайда-
лануына берілді. 2, 3-кітаптарда осы ғылыми стиль 
жалғасын  тапты.  Сондықтан  біз  бұл  кітаптарды 
шын мәніндегі ұжымның ақыл-парасатының туын-
дысы, ортақ еңбек деп қараймыз. 
Төртінші келелі мәселе, әрбір кітап аудармасының 
қатаң  ғылыми  ұстаныммен  редакциялануы  және 
қыруар  түсінік  жазылуы,  жылнамалық  көрсеткіш 
пен  атаулар  сөздігінің  берілуі.  Осы  тұрғыдан 
айтқанда, бұл кітап көп томдық күрделі, ұжымдық 
еңбек,  аса  қиын  аударма  еңбек  болумен  бірге, 
зерттеу  түсі  басым  ғылыми  шығарма.  Әр  кітапқа 
берілген «Алғы сөздерде» бұл жұмыстарды кімдер 
тындырғаны анық жазылды. 
Бесінші  келелі  мәселе,  «Қытай  тарихнама-
ларындағы 
қазаққа 
қатысты 
деректердің» 
қаржыландырылуына 
қатысты 
жұмыстар. 
Сондықтан  мен  ең  алдымен  «Қытай  тарихнама-
ларындағы 
қазаққа 
қатысты 
деректердің» 
1-кітабының  аударылуы  мен  баспадан  шығуын 
қаржыландырған  ел  ағасы  Жәнәбіл  Сымағұлұлы 
мен 3-кітаптың баспадан шығуын қаржыландырған 
ШҰАР  парткомның  тұрақты  мүшесі  Нұрлан 
Әбілмәжінұлына  ерекше  құрмет  білдіремін. 
Ал  2-кітаптың  аударылу  барысындағы  қаржы 
қиыншылықтарымызды  шешуге  көмектескен 
Дәлелқан  Мәмиқанұлы,  Қабыл  Оспанұлы, 
Қызайжан  Сейілқожаұлы,  Мұқатбек  Әділбекұлы, 
Күләш  Қыдырбайқызы  секілді  басшыларға  ерек-
ше рақмет айтамын. 2, 3-кітаптардың мемлекеттік 
ғылыми тапсырма болып бекітілуіне және табысты 
аударылуына  көңіл  бөлген  қатысты  орындар  мен 
мамандарға борыштылық білдіремін. 
–  Аталған  кітаптың  1-кітабы  жарық 
көргеннен  бастап  ел  іші-сыртындағы  ықпалы 
жақсы болғанын айтып қалдыңыз. Бұл еңбекті  
біздің  тәуелсіз  Қазақ  елінің  ғалымдары  қалай 
бағалағаны туралы айта кетсеңіз? 
–  «Қытай 
тарихнамаларындағы 
қазаққа 
қатысты  деректердің»  1-кітабының  1998  жылы 
баспадан  шығуына  орай  өткізілген  әңгіме 
мәжілісіндегі басшылар мен ғылыми тапсырмалық 
тобымыздағы  ғалымдардың  сөздері  газет-жур-
налдар  мен  радио-телевизияда  таратылуының 
қоғамдық  ықпалы  күшті  болды.  2-кітаптың 
мемлекеттік тапсырма болып істетілуіне жол ашты. 
Өйткені  ол  Қытайдың  «26  тарих»  сынды  әлемге 
әйгілі, теңдессіз білім беретін тарихының қазаққа 
қатысты  деректерінің  сұрыпталуы  негізінде, 
тұңғыш рет жүйелі аударылуы және ресми баспа-
дан шығуы еді. Қытайдағы қазақ халқынан шыққан 
тарих, тіл және аударма ғалымдарынан ұйымдасқан 
ғылыми  тапсырмалық  топтың  көп  томды  болып 
аударылуы  жобаланған  бұл  ұжымдық  еңбектің 
1-кітабының баспадан шығуының шетелге, әсіресе, 
Қазақстан  Республикасының  ғылым  саласына 
ықпалы  айырықша  күшті  болды.  Сондықтан  ҚР-
ның Білім және ғылым министрінің Ғылым акаде-

37
шетел қазақтары және қазақ тілі
миясы тарих және этнология институтының дирек-
торы,  академик  Манаш  Қозыбаев  маған  телефон 
шалып құттықтады және осы күрделі ғылыми ау-
дарма  еңбектің  Қазақстанда  басылуына  қатысты 
істерді  кеңесу  үшін  бізді  Қазақстанда  ғылыми 
сапарда  болуға  ұсыныс  етті.  Мен  мұны  қуана 
құптадым және алда болатын екі ел ғалымдарының 
кездесуінің  дайындық  жұмыстарын  ақылдасуға 
Қаһарман  Мұқанұлын  жіберетінімді  айттым.  Ол 
кісі қолма-қол қосылды.  
Осылайша 
Қазақстан 
Республикасындағы 
Манаш  Қозыбаев  бастаған  тарих  ғалымдары 
«Қытай  тарихнамаларындағы  қазаққа  қатысты 
деректерді» ескі ханзу тілінен қазақ тіліне тіке аудару 
жұмысын білек сыбанып алдымен бастаған біздің 
еңбектерімізді  өте  жоғары  бағалады.  Жоғарыдағы 
айтылған  алдын  ала  ақылдасу  бойынша,  2001 
жылы мамырда ғылыми тапсырмалық тобымыздың 
мүшелері  Қазақстанға  ғылыми  сапарға  аттануға 
дайындалған  тұсымызда,  Қаһарман  Мұқанұлы 
тұтқиыл  жүрек  ауруынан  қайтыс  болғандықтан 
сапарымыз  кешігіп,  маусым  айында  бардық.  Екі 
елдегі қазақ ғалымдарының ортақ мақсат жолындағы 
осы реткі кездесуінде, академик Манаш Қозыбаев 
бастаған  Қазақстан    ғалымдары  біздің  Қытай 
тарихнамаларынан  көп  томды  аудармамыздың 
жоба-жоспарымен  танысты.  1-2-кітаптың  аудар-
маларындағы  атауларды  көне  заман  ханзу  тілі 
фонетикасындағы 
дыбыстық 
ерекшеліктерге 
икемдеп оқу арқылы талқылап тұрақтандырғанда, 
біздің  ертедегі  ата-бабаларымыздың  тіліне  жақын 
болатынын  дәлелдегенімізде,  мұның  өзін  ғылыми 
аудармадағы «бір  төңкеріс»  деп  қарасты. Әсіресе, 
«Қытай  тарихнамаларындағы  қазаққа  қатысты 
деректерді»  тұңғыш  рет  жүйелі,  көп  томды  етіп 
ханзу  тілінен  тіке  қазақ  тіліне  аударудың,  ханзу 
тіліне  жетік  Қытайдағы  қазақ  ғалымдарының 
қолынан  шығуын  «бір  үлкен  инженерия  ретінде» 
бағалады.  Оның  Қазақстанда  кирилл  жазуымен 
шығуына  Қазақстан  Ұлттық  ғылым  академиясы 
ие  болып,  Дүниежүзі  қазақтары  қауымдастығы 
селбесетін болды. Академик Манаш Қозыбаев пен 
Дүниежүзі  қазақтары  қауымдастығы  төрағасының 
бірінші орынбасары Қалдарбек Найманбаев қайтыс 
болып  кеткеннен  кейін,  олардың  орнын  басқан 
Мәмбет  Қойгелдиев  және  Дүниежүзі  қазақтары 
қауымдастығы  төрағасының  бірінші  орынбасары 
Талғат  Мамашев  мырзалар  олардың  жұмысын 
жалғастырды.  Екі  ел  ғалымдарының  тығыз 
селбесуімен,  Әшірбек  Көпішев  бас  директоры 
болып  табылатын  «Өнер»  баспасынан  «Қытай 
жылнамаларындағы  қазақ  тарихының  деректері» 
деген  атпен  2006  жылы  шыққан  басылымның 
1-томына берілген «кіріспесінде» Талғат Мамашев 
пен  Мәмбет  Қойгелдиев:  «Жалпы  алғанда,  көп 
томдық  түрінде  жарияланбақ  қытайлық  деректік 
материалдардың еліміздің тарихын кең әрі тереңірек 
мазмұнда түсінуге ықпалы зор болмақ. Көп томды 
басылымның қазақ тілінде жарық көруіне себепші 
болып,  көп  үлес  қосқан  Жақып  Мырзақанұлы 
бастаған  ғалымдар  тобына  ризашылығымызды 
білдіреміз»  деп  жазды.  2006  жылы  Қазақстанда 
жарық  көрген  бұл  екі  томның  Бейжіңдегі 
Ұлттар  баспасынан  1998  жылы  және  2003  жылы 
шыққандығы,  ал  Қазақстан  ғалымдарының 
«Мәдени  мұра»  бағдарламасы  бойынша  Қытай 
жылнамаларындағы  деректерді  аудартуы  бұдан 
кейін басталғаны көпке мәлім. Ал қазір аударылып 
болған  3-томы  мемлекеттік  ғылыми  тапсырмалар 
сараптауынан «таңдаулы» бағаланып барып баспаға 
әзірленгендігін айта кеткеніміз жөн. 
3-кітапқа  –  Кәкеш  Қайыржанұлы  атынан 
жазылған  «Алғы  сөзде»  айтылғандай,  қазірге 
дейін  аударылған  үш  кітапта  қазақ  атауы  этнос 
ретінде  кезікпейді.  Бірақ  бұл  қазақ  атауының 
этнос  аты  ретінде  тарихта  сонау  ертеден  мәлім 
екендігін терістемейді. Алдыңғы екі кітапта қазақ 
атауына  өте  жақын  сақ  елі,  қазар    секілді  тайпа 
және  елдердің  аттары  болуы,  сондай-ақ  ертедегі 
Үйсін елімен дәуірлес, қазақтың шығу тегіне тығыз 
қатысты  Алан  елінің  кейбір  тарихи  кітаптарда 
«аса», «кіса», «хаса» деген аттармен аталуы да тегіс 
қазақ атауының тегі арыда жатқандығын меңзейді. 
«Қазақ»  атауы  жөнінде,  шетел  тарихшыларын 
айтпағанда,  Қытайдағы  қазақ  тарихшыларынан 
Нығымет  Мыңжанұлы,  Жақып  Жүнісұлы, 
Жақып  Мырзақановтар  осыдан  15-20  жыл  бұрын 
жариялаған  шығармаларында  жан-жақты  ізденіп, 
ғылыми тұжырымдар жасаған. Сондықтан біз қазақ 
үшін жүзін қалыптастырған кейбір ірі тайпалардың 
(мысалы,  үйсін,  қаңлы,  алан)  және  олармен 
замандас немесе олардың арғы тегі болатын біздің 
жыл  санауымыздан  бұрынғы  сақ,  ғұн  елдерінің 
аттары Қытай жылнамалары жазбаларын сұрыптап 
аударуды  өзіміздің  борышымыз  деп  білдік. 
Демек,  қазақтың  тегіне  тығыз  қатысты  жоғарыда 
аталған  этностардың  ата-бабаларымыз  екендігі 
архелогиялық деректер арқылы да дәлелденді. 
–  Әңгімеңізге рахмет! 
Әлімжан ӘШІМұлЫ, 
Алматы – Үрімжі – Алматы. 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал