ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы



жүктеу 44.62 Kb.

бет4/15
Дата09.01.2017
өлшемі44.62 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

27
төле би - 350 жыл
Төле биді өз кезінде хан да, қара да сыйлап өткен. 
Әсіресе, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билер қатты 
құрмет тұтқан, аға деп сыйлаған, алдын кеспеген. 
Бұл  мәселе  билердің  «Күлтөбенің  басында  күнде 
жиын» болған тарихымыздан белгілі.
Кемеңгер би өзінің өмір жолында қаншама тари-
хи оқиғаларға араласып, қаншама жұртқа, қаншама 
той-жиындарда  бата  бергені  белгілі!  Оның  көбі 
бізге  жеткен  жоқ,  айтылғаны  айтылған  жерде 
қалып қойғанға ұқсайды.
Ел ішінде он бес жасқа жаңа толған жас Төлеге 
бата берген Қыбырай би деп айтылады. Оның себебі 
он  бес  жасар  Төле  би  Түркістан  қаласына  үлкен 
хан  ордасына  маңызды  шаруамен  аттанып  бара 
жатқан кез екен. Қыбырай – Дулат ішіндегі азулы 
би, атақты шешен болған адам. Ол батагөй қария, 
аса  сабырлы,  ақ  дегені  –  алғыс,  көпке  жұғымды, 
ұзақ жасаған жан болыпты. Үлкен өмір сапарына 
аттанған  жас  Төлеге  Қыбырай  атасы  былай  бата 
беріпті:
...Ақбоз мінген айдарлым, 
Тарпаң туған тұмарлым... 
Туралап тартып шығатын
Алысты жақын қылатын 
Көреген көзді бол! 
Мыңнан жалғыз қиялап, 
Туралап тартып шығатын 
Алысты жақын қылатын 
Сезеген сары сөзді бол! 
Айналаңда ақ еділ 
Хақтың жолын ту еткен – 
Елің болсын ормандай. 
Жау жоқ деме - досыңда,
Дос жоқ деме - жауыңа, 
Жүрмегейсің қорғанбай. 
Кәмелетке келіпсің, 
Еліңе дес беріпсің, 
Мүшелерден адал өт, 
Қарияға аман жет. 
Қай қиянда жүрсең де – 
Осы батам – болсын серт!
(«Ақ бата» Өнер баспасы, 2002. - 45-б.).
Сол – Қыбырай бидің атымен бүгінде бір рулы 
ел түгел аталады. Халық ішінде: 
Жетісу келген жерім – Қыбырай елі. 
Алатау  қойнауында  Ыстық  көлі,–  деп  ай-
тылатын  атақты  ән  де  –  осының  дәлелі.  Біз 
білетін  тарихи  еңбектің  ішінде  Мұхамеджан 
Тынышпаевтың  1925  жылы  Ташкентте  шыққан 
«Қазақ халқының тарихына қатысты материалдар» 
атты  шежіресінде  «Қыбырай  батыр  -  Төле  биді 
билік тағына отырғызған адам» деп жазған. Алай-
да Қыбырайдың батыр емес, Үйсіннің ықпалды биі 
болғаны,  Әлібекұлы  Төлеге  дейін  үлкен  биліктің 
тізгінін ұстағаны, осы тарихи тұлғаның бейіті Таш-
кенттен  23  шақырым  жердегі  Қыбырай  ауылында 
жатқаны ақиқат.
Жеткен  деректерге  қарағанда,  Төле  би  асқан 
тапқырлығымен,  сергек  сезімталдығымен,  биік 
парасатымен  үш  жүзге  аты  тұтас  жеткен,  көзінің 
тірісінде  Бұқар  сияқты  жыраудың  мадақтауы,  Қаз 
дауысты  Қазыбек,  Әйтеке  сынды  алты  алашқа 
қадірлі, жалпақ жұртты аузына қаратқан билердің 
аға тұтынуы тегін емес. Әлібекұлы Төле би өзінің 
алдындағы  «Түгел  сөздің  түбі  бір,  түп  атасы  – 
Майқы би» делініп, ел арасына мақал болған, «Хан 
біткеннің  қазығы,  қара  бұқараның  азығы»  ата-
нып  кеткендей  –  кембағалға  пана,  қамқор  болған 
Майқы би, Сыпыра жырау, Асан қайғы, Жиренше 
шешендердің сарқыты еді.
Бүкіл  ғұмырын  өлең-жырға  арнаған  Қазанғап 
Байболұлы  қаршадайынан  өнерді  мұрат  тұтты. 
Ақынның туған ауылы Қазығұрттың маңайы бола-
тын. Бұл жер – көпке мәшһүр тарихи орын. Ол бала 
жастан би мен батырдың, ақын мен әншінің орта- 
сында  өскен.  Әсіресе,  көп  үшін  туған  Төле  бидің 
ел аузындағы қанатты сөздері Қазанғапты көп ой-
ландырады, ол даңқты бабасының айтқан сөздерін 
жинастырып, ел ішінде таратқан.
Ақын  ұлағатты  жанның  өмірбаянын,  әр  жерде 
айтқан билігі мен ел аузына тарап, мақалға айналған 
нақылдарын хатқа түсіре бастаған. 2005 жылы жи-
настырылып  жарияланған  Қазанғап  бабамыздың 
кітабында Төле би жайлы «Еңсегей бойлы ер Есім» 
дастаны бар. Сонда:
Төле дейді ұраным
Қоғалы дейді құрағым. 
Бәйдібек бай, Жәнібек 
Жалғыз ұлы Жарықшақ, 
Домалақ деген ананың. 
Албан, Суан, Дулат боп, 
Бөлініп бері шығамын. 
Жарылғамыс, Жанту боп, 
Жаныстан келіп тарауы, – деп толғанады.
Халқымызда «Жаныс көп пе, қамыс көп пе» де-
ген аталы сөз бар, Қазанғаптың өзі де жаныс руы-
нан,  оның  үстіне  «ауылы  аралас,  қойы  қоралас», 
осы  себепті  ол  ұлағатты  жанға  қай  жағынан  да 
жақын. Ақын «Төле бидің тарихын» жазуға үлкен 
дайындықпен  келген,  сөзіміз  дәлелді  болу  үшін 
оқып көрейік:
Адамның шешен ділмар қара тілі,
Сөз қалмас тауып айтса адамзаттан. 
Қарқынды, көркем өлең ағытайын, 

28
төле би - 350 жыл
Суындай Сырдарияның аунап аққан. 
Тарихын Төле бидің баяндайын, 
Жақсылар, сөз тыңдаңыз Қазанғаптан. 
Ес біліп, етек жапқан күнімнен бір, 
Тарихын Төле бидің теріп жүрдім.
Иә,  ақын  өлең  шежірені  тарихи  деректермен 
көмкереді. Төле бидің мықтылығы оның өмір сүрген 
ортасының,  бірге  қызметтес  болған  адамдардың 
абзалдығынан ба деп қаласыз. Тура бидің қасында 
өзінің қара басының қамын ойлайтын, ісі жайдақ, 
сөзі  сұйық  жандар  емес,  кілең  өресі  биік  жақсы 
мен жайсаңдар, атап айтсақ, Қаз дауысты Қазыбек, 
Әйтеке би және Әз Тәуке хандар болған. Осыларды 
ақын төгілте жырлайды:
Ілгерірек заманда, 
Бұрынғы өткен адамда, 
Үш би, бір хан атанып
Қазақ қазақ болғанда. 
Күні туып оңынан,
Айы туып солынан, 
Кемеріне толғанда. 
Ала байрақ, алтын ту, 
Ордаға толық қонғанда. 
Хан болып Тәуке тұрғанда, 
Алатаудың төрінде, 
Өрдегі жаныс елінде
Атақты ғазиз Төле би, 
Бір келіп қапты жалғанға.
Қазанғаптың  бұл  айтқаны  тарихи  дерек  болып 
табылады. Атақты бидің әділдігін, қара қылды қақ 
жарған  турашылдығын  Бұқар  жырау,  Сүйінбай, 
Жамбылдан  бастап,  М.Әуезов,  С.Мұқанов  хатқа 
түсірген. Ал Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Үйсін Төле 
биді жоғары бағалаған.
Қазанғап Төле би жайлы көптеген ғұламалардан 
жақсы  сөз  естігенін,  оның  бәрін  көкейіне  тоқып, 
көңіліне  түйіп  келгенін  айта  келіп,  былайша 
толғайды: 
Таусылмас көп сыр естідім, 
Адамынан үш жүздің. 
Тере берсе табылар, 
Әділ кісі болған соң, 
Жүрек аңсап сағынар. 
Сөз жәрдемін көрсеткен
Атап айтсам мыналар: 
Біріншісі – Бекасыл 
Тоқсан үш жаста жөнеді, 
Қоқандағы хандардың,
Төртеуін көрдім деп еді, – десе, мұнда айтылатын 
Бекасыл  Биболатұлы  (1822-1915)  «Жұлдызнама» 
атты құнды еңбектің авторы. Жасынан оқып-тоқып, 
қыруар игілікті іс тындырған жан. Бұл кісі де Төле 
бидің ұрпағы. Кезінде мешіт-медіресе ашып, ағарту 
ісімен  айналысқаны  ел-жұртқа  мәшһүр.  Ол  кісі 
дертке дауа іздеген емші де болған. Неше түрлі дел-
бе, қояншық сияқты қиын ауруларды да дұға оқып, 
дем  салу  арқылы  емдегені,  жазғаны  ел  арасында 
аңыз болып күні бүгінге дейін айтылып жүр.
Қазанғап  тек  ақын  ғана  емес,  ол  «сегіз  қырлы, 
бір  сырлы»  білімдар  жан,  өз  кезінде  тарихты  да 
терең меңгергені біз сөз етіп отырған «Төле бидің 
тарихы»  атты  дастанынан  байқалады.  Ақын  Абы-
лай  ханның  Төле  бидің  тәрбиесін  көргенін,  оның 
жылқысын  баққанын,  әртүрлі  мінезімен  ұнап, 
оның  баласындай  болғанын  жан-жақты  жырласа, 
Домалақ ененің ұрпағына нұр жауғанын қызықты 
етіп таратып береді.
Біз оқыған ескі деректерде Төлені он үш жасын-
да  би  болды,  содан  бастап  атақ-абыройы  биіктеп, 
өркен жая бастады деуші еді. Ал Қазанғаптың жы-
рынан Төле бабамыз билікті тоғыз жасынан бастап 
қолға алғанын байқаймыз. Бұл кісі би атағын алмай 
тұрып, төрт рет ел ішінде билік жасапты. Мұның 
ең  алғашқысы  –  екі  әйелдің  бір  балаға  таласы 
көрінеді, екеуі де бір баланы менің балам деп, бір-
біріне тұра-тұра ұмтылады-мыс.
Осы кезде тоғыз жасар Төле үлкендерден рұқсат 
сұрап, сөйлеп кетеді:
Бір билігін қылар ем, 
Берсеңдер маған кеңшілік. 
Алтын сап қылыш қолына ап
Балаға қарап секірді, 
Ортасынан қақ бөліп, 
Екеуіңе берейін, 
Мына бала жетімді.
Бұл шешімді естігенде, жұрт тына қалады. Жаңа 
ғана менің балам деген әйел басқаша сайрады:
– Бөлсең бөлгін деді де, 
Қырықбайдың шешесі, 
Ойланды, танып кекірді.
– Жоғалттым деген бұл әйел:
– Қайда барса, сау жүрсін, 
Аман кетсін,– деді де, 
Ботадай боздап өкірді.
– Жоғалтқаның, бейшара, 
Сенікі рас екен,– деп,
Соған берді баланы.
Төле бидің бұл аса тапқыр билігі ел-жұртқа ұнап, 
оны бұдан былай «Бала би» атандырады. 
Ақынның  дастанында  жас  Төленің  екінші 
билігі  оның  қой  жайып  жүрген  кезінде  болғанға 
ұқсайды.  Төленің  әкесі  Әлібек  биге  екі  даугер 
келеді. Бұлардың арасындағы жанжал елтірі тура-
лы болса керек. Екі бай осы елтірінің дауымен үш 

29
төле би - 350 жыл
жыл сергелдеңге түскен. Бірі – «Менің қойымның 
қозысының терісі» десе, екіншісі – «Жоқ, менің төл 
тумамның елтірісі»– дейді. Бұл дауды ешкім шешіп 
бере алмайды. Осы жағдайды естігенде Әлібек би 
де қайран қалады. Алқа-қотан жиналған ел де үнсіз, 
мұны естіген бала Төле суырылып ортаға шығады:
Шыдай алмай Төле би, 
Тағы көптен тіленді. 
Өткір пышақ қолға алып, 
Ары-бері толғанып, 
Ортасынан қақ жарып, 
Теңдей етіп бөледі
Екеуіне береді. 
Ұялып тұрған көпшілік, 
Төрелігі қойшының 
Бұзылмайды»,– деп еді.
Тапқырлық,  даналық  дегеніміз  халықтың 
қазынасы, «ел іші – алтын кеніш». Әрбір елдің өзінің 
қазынасы бар, солай бола тұрса да, біздің эпос, аңыз 
әңгіме,  жыр,  терме,  мақал-мәтел,  ертегілеріміздің 
жөні бөлек. Төле би – халықтан да оқи білген, тоқи 
да білген кемеңгер. Осы себепті, оның әрбір билігі 
ел ішінде аңызға айналып, әрбір сөзі мақал-мәтел 
болып айтылып жүр.
Төле  бидің  Қазанғап  жырлаған  үшінші  билігі 
–  бір  тайлақтың  дауы.  Екі  жақ  та  біздің  түйеден 
туған деп бет бақтырмайды. Екі інген мен тайлақты 
өздерімен бірге әкеліпті. Әлібек би куәсі көп жағына 
бұрып,  дауды  шешеді,  алайда  екінші  жағы  қатты 
наразы болып бара жатқанын естіп, Төле би жаса-
уыл жіберіп, оларды қайта шақырып алып, берген 
билігі:
Даугер екі адамдар, 
Екі жота басына 
Екі інгенді алып бар. 
Екі-екіден бұйдалап, 
Ұстап тұрсын үш-төрт шал. 
Өз қасымнан ұзатпай, 
Тайлақты мұнда алып қал. 
Олар барып тұрған соң
Тайлақтың,– дейді, – санына, 
Қыл шылбырмен бұрау сал. 
Жанына қатты батқан соң, 
Шыңғырады жануар. 
Куәсі бұрын көп жақтың 
Түк етпеді інгені. 
Айырылып қалған аз жақтың, 
Інгені боздап күңіренді.
Бұйдасын бұзып жөнелді, 
Моншақтай жасы тамшылап
Иіскелеп келіп тұрды енді. 
Риза болды көпшілік, 
Қайыл боп әділ төреге, 
Осынікі жөн деді.
Төленің бұл билігі оны «Әділ би» атандырады, 
осыдан бастап мұқым елге даңқы тарайды.
Енді  біз  Қазанғап  сөз  еткен  ғұлама  жанның 
төртінші  билігіне  тоқталсақ,  жеті  жыл  бойы 
бәйгенің  алдында  келген  сәйгүлік  туралы.  Бұл 
тұлпарға екі бай таласады, бірі мың қойдың ішінен 
қозысын  көріп,  енесін  таниды,  енді  бірі  қалың 
малға  көз  салып,  оның  санын  нақты  айтып  бере 
алады. Мұның екеуінің де уәжі дұрыс сияқты. Осы 
себепті  қаншама  билер  істің  ақ-қарасын  ажырата 
алмайды.  Асқан  тапқырлығымен  Төле  өзінің  сол 
кездегі ел тізгінін ұстап тұрған ел ағасы Ақботамен 
ақылдаса  отырып,  сәйгүліктің  туған  енесін  ал-
дырады, екі жақ та өз биелерін ұстап тұрады. Ал 
бәйге  атты  жоғалттым  деген  Тойлыбайдың  биесі 
оқыранып  тұлпарды  иіскейді,  ойламаған  жерден 
желінінен сүт ағады. Ақын бұл оқиғаны қызықты 
етіп суреттейді:
Осылай деп шешеді, 
Төленің ой-жүйесі. 
Екі жақтап шылаулап, 
Ұстап тұрды иесі. 
Желінінен сүт ағып, 
Оқыранып емізді 
Тойлыбайдың биесі. 
Тарпаң еді бұрыннан
Босады ма жүйесі. 
Сенің малың екен деп, 
Осыған Төле береді.
Біз сөз етіп отырған жырда Төленің осы төртінші 
билігінен кейін оған «Абыз Төле» деп ат берілген 
көрінеді. Қалай дегенмен де, бұл сөздің астарында 
бір шындықтың жатқаны рас. Мұның ақиқаттығын 
растайтын халық ішінде «Бүтін билікке Төле жет-
кен, бүтін хандыққа Есім хан жеткен» деген нақыл 
сөздің өзі де бір дәлел.
Қазанғап  Байболұлы  қазақ  еліне  адал  билік 
айтқан үш би жайлы айта келіп, былайша жырлай-
ды:
Атақты қазақ үш биі, 
Бірінші әзиз Төле еді. 
Дүниеде сөзі кем еді. 
Мың ауыз сөзге татитын, 
Бір ауыз сөзі ем еді. 
Бұзылмайтын сөз айтқан, 
Шешеннен шешен демегі, 
Және әзиз киелі
Дарып кеткен деуші еді, 
Қазыбектің жағына,
Күніне екі адамның 

30
төле би - 350 жыл
Қара тілі тағы да, 
Қаздауысты демегі. 
Онан да өткен Әйтеке, 
Қудан ұшқыр, құланнан, 
Мұндай шешен болмайды
Бір сөзін жүз мақалдап, 
Сипаттап қандай тіркейді. 
Қанша ділмар дегендер, 
Ширегіне келмейді. 
Бұл үш бимен тең емес, 
Қазақтың мінсіз билері,– 
деп толғаса, тарихтан белгілі бұл үш бидің ала-
тын  орнын  дұрыс  көрсетіп,  дәл  сипаттаған.  Бір 
қызығы,  бұл  тұлғалар  бірін-бірі  соншама  терең 
таныған,  бір  үйдің  баласындай  бірік  болған. 
Өйткені, бұлар халық үшін туған жандар еді, бүкіл 
ғұмырын  ел  тірлігіне,  жұрт  қарекетіне  арнағаны 
белгілі.
Осы  жоғарыда  аталған  үш  бидің  тұсында 
бұрынғы  ауыр  жаза  жеңілдетіліп,  Тәуке  хан 
басшылығымен  «Жеті  жарғы»  заң  жобасы  жа-
салыпты.  Осы  заңның  қалай  жасалғаны  жайлы 
Қазанғап ақын өз жырында таратып айтып береді. 
Енді  «Жеті  жарғы»  заңы  қандай  мәселелерді 
көтереді, соған тоқталайық:
Жер дауы баяндайын – біріншісі
Ру, қоныспенен меншікті ісі. 
Иеленген жеріне жанжал болса, 
Біреуге басындық қып озбыр кісі. 
Үй іші мен баланы тәрбиелеу – 
Болған жосын заңының екіншісі. 
Ұрлық, қарлық барымта – үшінші заң, 
Баян етер бәрін де білген кісі. 
Төртінші боп саналған мынау заңы,
Бір халық пен басқа ру болса дауы, 
Ұлтын жаудан қорғамақ – бесінші бұл. 
Алтыншы, жетінші – құн дауы, жесір дауы.
«Жеті  жарғы»  заңының  жобасын  дәл  осы-
лай  бірден  бастап,  жетеуіне  дейін  тізіп  айтуы 
қуантарлық жағдай.
Осы  аталған  еңбекте  Төле  бидің  көптеген 
өнегелі  істері  мен  биліктерін  біз  жоғарыда  сөз 
еткен  Бекасыл  Биболатұлынан  алғанын  автор 
жиі-жиі ескертіп отырған. Бекасыл өз кезінде ел- 
жұртқа  адал  еңбек  ету,  егін  егу,  бау-бақша  өсіру, 
адаммен қарым-қатынас жасау, туыс-туғанға болы-
су, «Әкенің баласы болмай, адамның баласы болу-
ды» Төле биден үйренсе, Қазанғап та осы аталған 
асыл қасиетті ұстазы Бекасылдан ғибрат ала оты-
рып, өзінің туған ауылына арық қазып, су келтіріп, 
көптеген игілікті істер атқарған.
Төле  биді  бір  ғана  Қазанғап  жырлаған  жоқ. 
Оны  атақты  Бұқар  жыраудан  бастап  қаншама 
ақын-жазушылардың  жазғанын,  ғалымдардың 
зерттегенін  білеміз.  Ақын  Кенен  Әзірбаев:  «Әз 
Төле би Дулатқа ұран болған» деп бидің ел ішіндегі 
сүйіспеншілігін  толғаса,  атақты  жазушы  Әбіш 
Кекілбаев: «Тығырықтан жол іздеп, әз Төлеге ба-
рып ем»,– деп бидің халық ішіндегі ғұламалығын 
жазды.
Төле  би  түгел  өмірімен  таратылып  айтыл-
ды,  түбегейлі  зерттелді  деуге  болмайды.  Қазақ 
мемлекеттігін құру жолындағы еңбегі әлі де терең 
зерттеуді талап етеді.
Төле би өз заманында терең толғана отырып:
Қолыңда болса бар билік,
Қараға залым болмаңыз.
Астыңда болса алтын тақ.
Әділін айтып толғаңыз, – депті.
Біз  жасымыз  бар,  жасамысымыз  бар,  әз  Төле 
бидің  осы  ұлағатты  толғауын  ешқашан  есімізден 
шығармауымыз керек. Бүгінде туғанына 350 жыл 
толып отырған Төле би бабамыздың арманы жүзеге 
асты. Қазақ ел болды, қазақ өз мемлекетін құрды. 
Елбасы  Н.Назарбаев  айтқандай  «...Халықтың  үш 
ұлы  перзенттері,  даңқты  үш  дананың  –  Төле  би 
Әлібекұлының, Қазыбек би Келдібекұлының және 
Әйтеке би Бәйбекұлының есімдері біз үшін ерекше 
киелі.
– Біз қазақ халқының бүгінгі ұрпақтары түгелдей 
осы үш киелі тұлғаға қарыздармыз және олардың 
мәңгі өшпес, жасампаз рухы алдында бас иеміз...».
Міне, бүгінгі қазақ халқы өз тарихын терең зер-
делеп,  әлемдік  өркениеттегі  орнын  іздеп  жатқан 
кезде Ұлтымыздың ұлы үш биінің қызметі бүгінгі 
саяси элитаға үлгі болар деп ойлаймын. Сонда ғана 
біз бабаларымыз армандаған Мәңгілік ел құра ала-
мыз.
Уәлихан ҚАлИЖАНОВ,
ұҒА корреспондент-мүшесі
Филология ғылымдарының докторы

31
шетел қазақтары және қазақ тілі
31
-  Жақып  Бірлікұлы,  сөзді  қазақ  тарихынан 
бастасақ,  тарихты  зерттеумен  қай  кезден  ба-
стап айналыстыңыз?  
–  Менің негізгі мамандығым – тарихшы. 1959 
жылы  Шыңжан  институтының  тарих-география 
факультетін  бітіргеннен  кейін  Шыңжан  қоғамдық 
ғылым  академиясының  тарих  зерттеу  бөліміне 
келдім.  Сол  кездің  өзінде  тарихты  зерттеп  жазу 
мүмкіндігім бар еді. Бірақ, солақай саясат дәурендеп, 
құшағын кең жая бастаған кез болатын. Атап айтар 
болсақ,  «стиль  дұрыстау»  деген  қозғалыс  болды, 
«ұлтшылдыққа» және  «оңшылдыққа» қарсы күрес 
дегендер  болды.  Мұндай  аумалы-төкпелі  заманда 
қазақ тарихын зерттеу тұрмақ, жалпы Қытайдағы 
аз  ұлттардың  тарихы  мен  мәдениеті  туралы  сөз 
қозғау  мүмкін  емес-тұғын.  Алайда,  бізге  мұның 
бір жақсы жағы болды. Ол не десеңіз, ел улап-шу-
лап  жүргенде  біз  қоғамдық  тексеруге  жиі  шығып 
тұрдық. Осы қоғамдық тексеру қазақ тарихы мен 
мәдениетіне  қатысты  деректерді  жинауыма  жол 
ашты. 
1962-63  жылдары  Іле  қазақ  автономия-
лы  облысының  Мұңғылкүре  өңіріндегі  Үйсін 
«Қытай жылнаМаларындағы 
ҚазаҚ тарихының 
деректерін» тұңғыш рет 
ҚазаҚша сөйлеттік»
Жақып МЫРЗАҚАНОВ, 
тарихшы-ғалым, жазушы
қабырларына  жүргізген  архелогиялық  қазба 
жұмыстарына  қатыстым.  Одан  кейін  мәдениет 
төңкерісінің лаңы басталып кетті. Сонда да қоғамдық 
тексеру толастаған жоқ, өз жалғасын тауып тұрды. 
1972 жылы Алтай өңіріне қоғамдық тексеруде бол-
дым.  Кейін  ойласам  он  неше  жылдық  қоғамдық 
тексеру  менің  қазақ  әдебиетіне,  мәдениетіне,  та-
рихына  қатысты  материал  жинауымның,  қалам 
тербеуімнің негізгі кезеңі болған екен. 
Менің тарихқа бет бұруым 1979 жылы «Арман 
асуында» романым шығуымен қатар болды. Өйткені 
1978 жылы Қытай коммунистік партиясы орталық 
комитетінің 11-кезекті 3-жалпы жиналысы солақай 
саясатты терістеді. Осыдан кейін Қытайға әдебиет 
көктемі, ғылым көктемі қайта оралды. Аз ұлттардың 
тарихын  зерттеуге  кең  мүмкіндік  берілді.  1979 
жылдың  қараша  айында  Шыңжаң  университеті, 
Шыңжаң  халық  баспасы,  «Шыңжаң  газеті»  және 
Шыңжаң  радио-телевизия  мекемелері  бірлесіп 
қазақтың  мәдениеті,  әдебиеті  және  тарихына 
қатысты  ұласпалы  ғылыми  баяндама  жасау 
қомитеті құрылады. Осы комитеттің мүшесі Мөрқан 
Кемелқанұлы  (қазір  Шыңжаң  университетінің 
профессоры)  деген  жігіт  мені  іздеп  келіп:    «Сіз 
қазақ тарихына қатысты баяндама жасап берсеңіз. 
Біз алдымен «қазақ» деген қандай халық? Ол қалай 
ұлт  болып  қалыптасқан?  Біздің  арғы  тегіміз  кім? 
Ол  қайда?  Ұлтымыздың  мәдениеті,  салт-санасы, 
ғұрып-әдеті  қандай?  деген  келелі  мәселелерге 
жауап  беруіміз  керек.  Одан  кейін  барып,  қазақ 
тілі мен әдебиеті жөнінде әңгіме айтпасақ, мұның 
бас-аяғы  жоқ  бір  нәрсе  болып  қалатын  көрінеді. 
Қысқасы,  ғылыми  баяндаманы  ұйымдастыру 
алқасы сізге «баяндама жасап берсін» деп отыр»,– 
деді. Сонда мен оған: «Сіздің мені іздеп келгеніңіз 
орынды,  өйткені  менің  негізгі  мамандығым 
тарихшы.  Қазақ  тарихына  қатысты  дайындығым 
жоқ емес, құдайға шүкір, бар. Бірақ менің алдымда 
Нығымет Мыңжанұлы деген аға буын тарихшымыз 

32
шетел қазақтары және қазақ тілі
бар.  Бұл  кісі  республикамыз  құрылудан  бұрын, 
сонау 1947-1948 жылдары қазақ тарихына қатысты 
зерттеулер жасап, ғылыми лекциялар оқыған адам. 
Ол  кісіні  мен  ұстаз  тұтамын.  Бірақ  шынымды 
айтсам, Нығымет деген адаммен бет көріскен жан 
емеспін, еңбектерімен ішкі материалдан танысқам. 
Бұл  кісі  аударыспақ  заманда  көп  қақты-соқты 
көрген екен, қазір Күйтүңде істеп жүр деп естідім. 
Ең жақсысы, осы кісіге ұсыныс жасасаңдар дұрыс 
болар  еді»,  –  деп  едім,  Мөрқан:  «Шыны  керек, 
дәл  қазір  Күйтүңге  Нықаңды  іздеп  баруға  біздің 
жағдайымыз келмейді. Оған уақыт та жар беретін 
емес. Сіз бұлай кішіпейілдік танытпай-ақ, одан да 
дайындығыңызды  жасап,  ғылыми  баяндаманың 
беташарын  сіз  ашыңыз!»  –  деді.  Содан  барып 
мен бұл ұсынысты қабылдадым. Оның үстіне сол 
жылы «Қазақтың тегі және ұлт болып қалыптасуы» 
атты  мақалам  жазылып  болып,  тек  баспасөзде 
жариялануды күтіп тұрған еді. Сонымен не керек, 
осы  ғылыми  еңбегімді  көтеріп  барып,  Шыңжаң 
университетінде жасалатын ұласпалы баяндаманың 
беташары ретінде оқыдым. 
Бұл  ғылыми  мақаламда  ата  тегіміздің  өте  ары-
да  жатқандығы  жөнінде  батылдықпен  ізденіс  жа-
садым.  Қазақтың  тарихы  туралы  өзіміз  тұрмақ, 
өзге ұлт оқымыстылары да ауыз аша алмай, қалам 
сілтей  алмай  отырған  өңірге  ат  ізін  салдым.  Бұл 
бір  жағынан  халқымыздың  тарихын,  мәдениетін, 
этнографиясын  зерттеудің  бастамасы  сынды  рөл 
атқарғандай  болды.  Қытай  Халық  Республика-
сы  құрылғаннан  30  жылдан  бері  қазақ  тарихы, 
мәдениеті,  әдебиеті  жөнінде  мұндай  ғылыми 
лекцияны  тыңдамай,  шөліркеп  тұрған  зал  толы 
оқымыстылар  мен  студенттер  ерекше  қызу  қарсы 
алды.    Кейін  бұл  мақала  «Шыңжаң  университеті 
ғылыми журналының» тұңғыш санында жариялан-
ды. Сонымен бірге 1985 жылы Шыңжаңның тұңғыш 
реткі  философия,  қоғамдық  ғылым  саласындағы 
шығармаларды бағалауында 2-дәрежелі «Таңдаулы 
мақала» жүлдесін жеңіп алды.   
–  Демек, сіздің қазақ тарихын зерттеуге бел 
шеше кіріскен кезіңіз осы мақалаңыздан бастау 
алған болды ғой?  
–  Сіздің  бұл  сұрағыңызға  жауап  беруден 
бұрын  мен  мына  бір  нәрсені  айта  кеткім  келіп 
отыр. Сол кезде менің тарих зерттеушілігімнен гөрі 
жазушылығымның  абыройы  артып  кетті  де,  1981 
жылы Бейжіңдегі Лу Шұн әдебиет институтына бір 
жылдық оқуға баратын болдым. Шыңжаң қоғамдық 
ғылым академиясының тұңғыш президенті тарих-
шы-этногроф ғалым Гу Бау менің Лу Шұн әдебиет 
институтына білім асырып келуіме қосылды. Бірақ 
ол: «Егер сен Лу Шұн әдебиет институтына білім 
асырып келгеннен кейін Академиядан кетем десең, 
шыны керек онда бұл институтқа сені жібермеймін. 
Өйткені, сенің мамандығың – тарих. Біз сенен үлкен 
үміт күтіп жүрміз», – деді. Атап айтқанда ол «сен 
ата кәсібіңді табуың керек, бұл жерден кетуіңе бол-
майды» деген  қорытынды шығарды. Мен әдебиет 
жасампаздығында табысқа жетсем де, Қытай қазақ 
романдарының тұңғыш авторы болсам да, әдебиет 
теориясын  оқу  менің  арманым  еді.  Сол  себептен 
ол кісінің бұл шартына келісіп, Бейжіңге аттанып 
кеттім.  1982  жылдың  көктемінде  қайтып  келсем, 
ол  кісі  маған  қазақ  тарихының  этнографиясына 
қатысты  зерттеу  тақырыбын  дайындап  қойыпты. 
Бұл  жұмысқа  бір  жылға  жуық  дайындық  жасап, 
енді жазуға кірісе бастағанымда партия ұйымы мені 
тағы да Бейжіңдегі Орталық партия мектебіне оқып 
келуімді бұйырды. Енді қайттым деп президентім 
Гу  Бауға  барып  «мынаны  не  істеймін»  десем,  ол: 
«Партия  бұйырды,  енді  барасың.  Біздің  міндетті 
бір-екі  жыл  кешіктіріп  жазсаң  да  болады»,  –  деп 
күлді. Осылайша Орталық партия мектебін екі жыл 
оқып, 1985 жылы Академияға қайтып оралдым. 
   Осыдан кейін қазақтың тарихына, салт-дәстүрі, 
мәдениетіне үлкен шолу жасадым. Кейін бұлардың 
бәрін  «Қазақ  ұлты»  деген  этнографиялық  кітапқа 
топтастырдым. Бұл кітапты сол кездегі біздің жас 
тарихшымыз Нәбижан Мұқаметқанұлы мен  қазақ 
тарихын  зерттеп  жүрген  Хы  Шіңлиң  деген  хан-
зу  жігіті  бірлесіп  ханзу  тіліне  аударды.  Бұл  кітап 
1989  жылы  Ұлттар  баспасынан  жарық  көріп, 
1990  жылы  Шыңжаң  бойынша  «Үздік  шығарма» 
сыйлығын алды. Және сол жылы Іле халық баспасы 
жағынан «Тарихи эннографиялық зерттеулер» атты 
жинағым  шығып,  оқырмандардың  сүйіп  оқитын 
кітабына айналды. Содан жалғасты қазақ тарихын-
да  өткен  ұлы  тарихи  тұлғалар  туралы  ізденістер 
жасадым.  «Қабанбай  батыр  туралы»,  «Сабалақ» 
дастанының тарихи астары туралы» деген мақалам 
1980-жылдардың басында, тарихымыздағы ұлы та-
рихи тұлғалар жөнінде, басқа зерттеушілер әлі де 
қалам тербеп үлгірмеген кезде жазылған мақалалар 
еді.  Мен  ұлт  рухына  өкілдік  ететін  бұл  ұлы 
тұлғалардың өз кезіндегі тарихи орны және рөліне, 
сол кезге дейін қолыма түскен жазба және аңыз де-
ректерге сүйене отырып ғылыми бағалар бердім.  
    Енді  қазақ  шежіресі  туралы  жүйелі  ізденіс 
жасап, осы құнды деректерге сүйене отырып «Қазақ 
шежіресінің  жиналуы  және  қазақ  тарихының 
зерттелуі  жөнінде»,  «Еліміз  қазақтарының 
шежірелік  аңыздар  және  шежірелік  таралуы», 
«Қазақ  шежіресінің  жазба  тарихи  деректерімен 
байланысы  жөнінде»  деген  үш  мақала  жазып 
«Мұра»  журналына  жарияладым.  Бұл  желілес 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал