ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы



жүктеу 44.62 Kb.

бет3/15
Дата09.01.2017
өлшемі44.62 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

15
Құрметті Талғат Асылұлы!
Сізге  бүгінгі  күннің  ыстық  сәлемін  жолдап,  іс-
қызметіңізге табыс тілеймін. 
Атамекен  Қазақ  елінің  шетелдегі  қазақ  диаспора-
сы  өкілдеріне  көрсетіп  отырған  қамқорлығына  Алтай 
тауының  күнгей  бетінде  өмір  сүріп  жатқан  қандас 
бауырларыңыз дән риза. Әсіресе, өзіңіз басқарып отырған 
Дүниежүзі  қазақтары  қауымдастығының  Баян-Өлгий 
аймағына  әркез  қол  ұшын  беріп,  рухани  дем  беріп, 
қолдау  көрсетуін  өз  басым  ағайындық  татулықтың, 
жақындықтың белгісі ретінде жоғары бағалаймын. 
Жуықта  ғана  өзіңіздің  тікелей  атсалысып, 
араласуыңыздың  нәтижесінде  Баян-Өлгий  аймағына 
тарихи және әдеби кітаптар беріліп, аймақтық Қазақ 
ұлттық театрын орындықпен қамтамасыз ету мәселесі 
шешілді.  Баян-Өлгийдегі  қазақтар  мен  Атажұрт 
арасындағы  экономикалық  және  рухани  байланысты 
нығайту бағытында біршама іс-шаралар жолға қойылуда. 
Тәуелсіз  Қазақстан  мен  Моңғолия  арасындағы 
қарым-қатынастың  бұдан  әрі  де  нығая  түсетініне 
сенімді екенімді жеткізе келе, сізге барша баян-өлгийлік 
ағайындарыңыздың  атынан  ризашылығымды  білдіріп, 
алғыс айтамын. 
Құрметпен, Аймақ әкімі Қ.Дәрмен  
аЛыСТаҒы аҒайыннан ХаТ

16
абылай хан - 300 жыл

17
абылай хан - 300 жыл
Қазақ  халқы  талайлы  тағдырында  ұлтқа  ұстын 
болған хандардан, ел қорғаған батырлардан, кемел 
билерден кенде болмаған. Солардың қатарындағы 
шоқтығы  биік  ұлы  тұлғаның  бірі  –  биыл  300 
жылдығы аталып өтетін Абылай хан.
Абылай Керей мен Жәнібек хандар тіккен Қазақ 
ордасын еңселі ел ету ісіне саналы ғұмырын арна-
ды. Қазақ хандығы деген ұлан-ғайыр жерімізді жау-
дан азат етіп, еліміздің етек-жеңін бүтіндеді. Оның 
қазақ  халқының  тұғыры  берік,  жұлдызы  жарық 
ел болуын аңсап, осы қасиетті мақсатқа жету жо-
лында найзаның ұшын ғана емес, дипломатияның 
күшін де жұмсаған заманының аса көрнекті ханы 
болғанына тарих куә.
Алмағайып сұрапыл заманда есеңгіреген елге ес 
кіргізіп, бір тудың астына біріктіре білген Абылай 
ерлігі мен ақыл-парасатын қатар жұмсаған сарабдал 
саясаткерлігінің арқасында қазақ халқын жойылып 
кетуден сақтап қалды. Осылайша, туған халқының 
кемел болашағын аңсаған ол өз дәуірі артқан ұлы 
жүкті қайыспай көтеріп, ел алдындағы перзенттік 
парызын атқарып кетті.
Болашағымыз  баянды,  тәуелсіздігіміз  мәңгілік 
болуы  үшін  біз  бабалардан  қалған  аманатты 
есімізден шығармай, үнемі електен өткізіп отыруға 
тиіспіз.  Өйткені,  біз  Абылай  бабамыз  армандаған 
осы күнге оңайлықпен жеткеміз жоқ.
Ел арасында Абылайдың арманына байланысты 
айтылатын  тәмсіл  бар.  Ақтық  сәтінде:  «Хан  ием, 
не  арманыңыз  бар?»  деп  сұраған  Бұқар  жырауға 
Абылай  хан:  «Үш  арманым  бар.  Біріншісі,  елімді 
бейбіт өмірге жеткізсем деп едім. Қан көп төгілді. 
Екіншісі,  халық  жер  емшегін  еме  алмады,  қала, 
кент сала алмады. Үшіншісі, елдің басын біріктіре 
алмадым»,– деген екен.
Әрине,  сыртқы  жауға  қарсы  қазақтың  ба-
сын  біріктіріп,  халқын  азат  қыламын  деп  аттан 
түспеген  ардақты  ханның  ел  келешегіне  қатысты 
арманы  аз  емес  еді.  Бірақ,  ауызбірліктің  дұрыс 
болмауынан  Абылайдың  көп  арманы  заманын-
да  орындалмай  қалды.  Маңдайына  бақ  пен  соры 
қатар  жазылған  Қазақ  елі  Абылай  хан  өмірден 
өткеннен  кейін  де  тағдырдың  талай  тауқыметін 
тартты.  Ырысын  қашырған  алауыздықты,  «бас 
АбылАй АңсАғАн АзАттық
басына би  болған  өңкей  қиқым» заманды,  ұлттық 
болмысымызды  жоймақ  болған  тоталитарлық 
саясаттың  тепкісін  көрді.  Алайда,  ертеңгі  күнге 
деген  үмітімізді  өшірмей,  бәрінен  өттік.  Айбарлы 
Абылай аңсаған асқақ арманға, ұлы мұратқа бүгінгі 
ұрпақ  жетті.  Байтақ  өлкеміздің  шекарасын  заман 
талабына  сай  халықаралық  нормалармен  бекітіп, 
әлемдік қауымдастықты мойындаттық. Сол арқылы 
көршілерімізбен  мәңгілік  достыққа,  өзара  тиімді 
сауда-экономикалық,  мәдени  байланыстарға  негіз 
қаладық.  Бұл  күнде  ешқандай  елдің  Қазақ  жеріне 
қатысты дауы жоқ.
Ең  бастысы,  біз  бабалар  аманат  еткен  киелі 
жерімізде құрған мемлекетімізде ынтымағымызды 
сақтай білдік. Соның арқасында берекелі бірлігіміз 
төрткүл  дүниеге  мәлім  болды.  Есілдің  бойына  ел 
қондырып,  еңселі  Ордамызды  орнаттық.  Арқа 
төсіне әсем Астана салып, әлемге Қазақстан деген 
абыройлы мемлекет ретінде танылдық. Қазіргі жа-
сампаз  Қазақстан  іргесі  берік,  ынтымағы  мығым, 
төрт  құбыласын  тегіс  мойындатқан  Тәуелсіз  мем-
лекетке айналды. Қандай қиын-қыстау замандардан 
өтсе  де  елдігін  жоғалтпаған  қазақ  халқы  Абылай 
армандаған  мамыражай  бейбіт  өмірді  көрді.  Абы-
лай мұратының орындалғаны осы емес пе?!
Олай  болса,  қазақтың  тағдыры  қыл  үстінде 
тұрған  кезеңде  хандық  құрып,  тұтастай  бір  мем-
лекеттер  жер  бетінен  жойылып  кетіп  жатқанда 
елге, жерге қорған болған айтулы Абылай ханның 
300  жылдығы  –  жалпыұлттық  ұлағатты  той.  Ал 
республикалық  деңгейдегі  кез  келген  мерекелік 
шара ұлтты ұйыстыруға, мемлекеттілікті нығайтуға 
қызмет етуі ләзім.
Осы  орайда  Абылай  ханның  ұлағатты  өмір  та-
рихын ұлтқа, ұрпаққа кеңінен өнеге ету керек. Жас 
ұрпақ  Абылай  ханның  Қазақ  елінің  тарихындағы 
алар орнын жақсы білуге тиіс. Бұл кейінгі буынның 
жүрегіне  отаншылдық  нәрін  егіп,  бойында 
мемлекетшіл  қасиеттердің  өркен  жаюына  ықпал 
етпек. Мемлекет тарихын, даңқты бабалары жүріп 
өткен  жолдың  бұралаңы  мен  бұлтарысын,  қилы 
кезеңдері  мен  тағдырлы  шешімдерін,  ақтаңдақ 
беттері  мен  дара  тұлғаларының  қайраткерлік 
өнегесін біліп өскен ұрпақ қана өзіне тиесілі зама-
нұрсұлтан назаРБаЕв,
Қазақстан Республикасының Президенті

18
абылай хан - 300 жыл
на жүгін діттеген межесіне абыроймен жеткізе ала-
ды.  Ол  үшін  біз  ұрпақ  алдындағы  өз  міндетімізді 
толық  атқарып,  жастардың  ой-санасының  дұрыс 
қалыптасуына барынша жағдай жасауымыз қажет.
Әрине,  Абылай  хан  зерттелмей  қалған  тұлға 
емес.  Қазір  ұлттық  тарихымыз  тәуелсіз,  жаңа 
көзқарас тұрғысынан түбегейлі қайта зерделенуде. 
Ал  аумалы-төкпелі  аласапыранды  бастан  кешкен 
Абылай ханның заманы – алыптар дәуірі. «Болу не-
месе  бордай  тозудың»  алдында,  өмір  мен  өлімнің 
беттескен  тұсында  дұшпанға  қарсы  тізе  қосып, 
Абылайдың  қасынан  табылған  үзеңгілес  серіктері 
де ақылы озған абыздар, төрелігі әділ билер, жүрегі 
түкті  батырлар  еді.  Атамекен  жері  үшін  қасықтай 
қанын  қиған  даңқты  бабалардың  аттары  ұрпаққа 
ұран  болып  бүгінге  жетті.  Тарих  –  тағылым. 
Сондықтан,  Абылай  хан  мен  оның  дәуірін,  сол 
тұстағы  жыраулар  мен  абыздарды,  билер  мен  ба-
тырларды бар болмысымен жас ұрпақтың санасына 
сіңіру керек.
Мен  халыққа  арнаған  сөздерімде  ел  бірлігі, 
ұлт  татулығы  –  игіліктің  кепілі  екендігін  айту-
дан  жалыққан  емеспін.  Осы  жолда  бар  қажыр-
қайратымды  жұмсап  келемін.  Өйткені,  бірлігі 
тайған елге бақ құтаймайтынын осынау азды-көпті 
жиырма жылдың ішінде өзгенің тәжірибесінен сан 
рет  көрдік.  Берекенің  бастауы  елдің  ынтымағы 
екеніне  де  Тәуелсіздігіміздің  ғасырға  бергісіз 
алғашқы белесінде куә болып отырмыз.
Өткенінен сабақ алмаған ел табысқа жете алмай-
ды. Сонау қилы замандарда қазақтың жерін жоңғар 
басып алса, ол қазақ сарбаздарының немесе қазақ 
ұлтының әлсіздігінен емес, бірлігін құнттай алма-
ғандығынан,  ағайынның  алауыздығынан  және 
заманның  көшіне  ілесе  алмағанынан  болатын. 
Ал  адуынды  жаудан  қасиетті  жерімізді  азат  етіп, 
жоңғар әскерін оңалмастай етіп жеңсек, ол да бар 
күшімізді  бір  қолға,  Абылай  хан  туының  астына 
жинаған  тастүйін  бірлігіміздің,  ынтымағымыздың 
арқасы еді.
Абылай хан қызғыштай қорып, тұмарындай тәу 
еткен, армандап кеткен Қазақ елінің Тәуелсіздігіне 
біздер,  бүгінгі  буын  қазақстандықтардың  жеткені 
үшін  де  шексіз  тәубе  айтып,  бөлінуге  бастайтын 
жершілдік  пен  рушылдық  дертінен  арылған  жөн. 
Себебі, бүгінгі заманның жаңаша түрленген қауіп-
қатері кешегіден кем соқпайды. Ендеше, Абылайдың 
арманына қазіргі Қазақстан қол жеткізгенін ерекше 
мақтан тұтып, ішкі ынтымағымызды, сүттей ұйыған 
татулығымызды сақтауға қызмет ету баршамыздың 
парызымыз.
Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын, ағайын!
«Егемен Қазақстан» 2 қазан 2013 жыл

19
абылай хан - 300 жыл
AbylAy AngsAghAn 
AzAttyq
Nu'rsu'ltan Nazarbaev, 
Qazaqstan Respublikasynyng Prezidenti
Qazaq halqy talayly taghdyrynda u'ltqa u'styn 
bolghan handardan, el qorghaghan batyrlardan, kemel 
bilerden kende bolmaghan. Solardyng qataryndaghy 
šoqtyghy biik u'ly tu'lghanyng biri – biyl 300 jyldyghy 
atalyp o'tetin Abylay han.
Abylay Kerey men Ja'nibek handar tikken Qazaq 
ordasyn engseli el etu isine sanaly ghu'myryn arnady. 
Qazaq handyghy degen u'lan-ghayyr jerimizdi jaudan 
azat etip, elimizding etek-jengin bytindedi. Onyng 
qazaq halqynyng tu'ghyry berik, ju'ldyzy jaryq el boluyn 
angsap, osy qasietti maqsatqa jetu jolynda nayzanyng 
u'šyn ghana emes, diplomatiyanyng kyšin de ju'msaghan 
zamanynyng asa ko'rnekti hany bolghanyna tarih kua'.
Almaghayyp su'rapyl zamanda esenggiregen elge 
es kirgizip, bir tudyng astyna biriktire bilgen Abylay 
erligi men aqyl-parasatyn qatar ju'msaghan sarabdal 
sayasatkerligining arqasynda qazaq halqyn joyylyp 
ketuden saqtap qaldy. Osylayša, tughan halqynyng 
kemel bolašaghyn angsaghan ol o'z da'uiri artqan 
u'ly jykti qayyspay ko'terip, el aldyndaghy perzenttik 
paryzyn atqaryp ketti.
Bolašaghymyz bayandy, ta'uelsizdigimiz ma'nggilik 
boluy yšin biz babalardan qalghan amanatty esimizden 
šygharmay, ynemi elekten o'tkizip otyrugha tiispiz. 
O'ytkeni, biz Abylay babamyz armandaghan osy kynge 
ongaylyqpen jetkenimiz joq.
El arasynda Abylaydyng armanyna baylanysty 
aytylatyn ta'msil bar. Aqtyq sa'tinde: «Han iem, ne 
armanyngyz bar?» dep su'raghan Bu'qar jyraugha 
Abylay han: «Yš armanym bar. Birinšisi, elimdi beybit 
o'mirge jetkizsem dep edim. Qan ko'p to'gildi. Ekinšisi, 
halyq jer emšegin eme almady, qala, kent sala almady. 
Yšinšisi, elding basyn biriktire almadym», degen eken.
A'rine, syrtqy jaugha qarsy qazaqtyng basyn 
biriktirip, halqyn azat qylamyn dep attan tyspegen 
ardaqty hannyng el kelešegine qatysty armany az 
emes edi. Biraq auyzbirlikting du'rys bolmauynan 
Abylaydyng ko'p armany zamanynda oryndalmay qaldy. 
Mangdayyna baq pen sory qatar jazylghan Qazaq eli 
Abylay han o'mirden o'tkennen keyin de taghdyrdyng 
talay tauqymetin tartty. Yrysyn qašyrghan alauyzdyqty, 
«bas basyna bi bolghan o'ngkey qiqym» zamandy, 
u'lttyq bolmysymyzdy joymaq bolghan totalitarlyq 
sayasattyng tepkisin ko'rdi. Alayda ertenggi kynge 
degen ymitimizdi o'širmey, ba'rinen o'ttik. Aybarly 
Abylay angsaghan asqaq armangha, u'ly mu'ratqa 
bygingi u'rpaq jetti. Baytaq o'lkemizding šekarasyn 
zaman talabyna say halyqaralyq normalarmen bekitip, 
a'lemdik qauymdastyqty moyyndattyq. Sol arqyly 
ko'ršilerimizben ma'nggilik dostyqqa, o'zara tiimdi 
sauda-èkonomikalyq, ma'deni baylanystargha negiz 
qaladyq. Bu'l kynde ešqanday elding Qazaq jerine 
qatysty dauy joq.
Eng bastysy, biz babalar amanat etken kieli jerimizde 
qu'rghan memleketimizde yntymaghymyzdy saqtay 
bildik. Sonyng arqasynda berekeli birligimiz to'rtkyl 
dyniege ma'lim boldy. Esilding boyyna el qondyryp, 
engseli Ordamyzdy ornattyq. Arqa to'sine a'sem Astana 
salyp, a'lemge Qazaqstan degen abyroyly memleket 
retinde tanyldyq. Qazirgi jasampaz Qazaqstan irgesi 
berik, yntymaghy myghym, to'rt qu'bylasyn tegis 
moyyndatqan Ta'uelsiz memleketke aynaldy. Qanday 

20
абылай хан - 300 жыл
qiyn-qystau zamandardan o'tse de eldigin joghaltpaghan 
qazaq halqy Abylay armandaghan mamyrajay beybit 
o'mirdi ko'rdi. Abylay mu'ratynyng oryndalghany osy 
emes pe?!
Olay bolsa, qazaqtyng taghdyry qyl ystinde tu'rghan 
kezengde handyq qu'ryp, tu'tastay bir memleketter 
jer betinen joyylyp ketip jatqanda elge, jerge qorghan 
bolghan aytuly Abylay hannyng 300 jyldyghy – 
jalpyu'lttyq u'laghatty toy. Al respublikalyq denggeydegi 
kez kelgen merekelik šara u'ltty u'yystyrugha, 
memlekettilikti nyghaytugha qyzmet etui la'zim.
Osy orayda Abylay hannyng u'laghatty o'mir 
tarihyn u'ltqa, u'rpaqqa kenginen o'nege etu kerek. Jas 
u'rpaq Abylay hannyng Qazaq elining tarihyndaghy 
alar ornyn jaqsy biluge tiis. Bu'l keyingi buynnyng 
jyregine otanšyldyq na'rin egip, boyynda memleketšil 
qasietterding o'rken jaюyna yqpal etpek. Memleket 
tarihyn, dangqty babalary jyrip o'tken joldyng 
bu'ralangy men bu'ltarysyn, qily kezengderi men 
taghdyrly šešimderin, aqtangdaq betteri men dara 
tu'lghalarynyng qayratkerlik o'negesin bilip o'sken 
u'rpaq qana o'zine tiesili zamana jygin dittegen 
mejesine abyroymen jetkize alady. Ol yšin biz u'rpaq 
aldyndaghy o'z mindetimizdi tolyq atqaryp, jastardyng 
oy-sanasynyng du'rys qalyptasuyna barynša jaghday 
jasauymyz qajet.
A'rine, Abylay han zerttelmey qalghan tu'lgha 
emes. Qazir u'lttyq tarihymyz ta'uelsiz janga ko'zqaras 
tu'rghysynan tybegeyli qayta zerdelenude. Al aumaly-
to'kpeli alasapyrandy bastan kešken Abylay hannyng 
zamany – alyptar da'uiri. «Bolu nemese borday 
tozudyng» aldynda, o'mir men o'limning bettesken 
tu'synda du'špangha qarsy tize qosyp, Abylaydyng 
qasynan tabylghan yzenggiles serikteri de aqyly ozghan 
abyzdar, to'religi a'dil biler, jyregi tykti batyrlar edi. 
Atameken jeri yšin qasyqtay qanyn qighan dangqty 
babalardyng attary u'rpaqqa u'ran bolyp byginge jetti. 
Tarih – taghylym. Sondyqtan, Abylay han men onyng 
da'uirin, sol tu'staghy jyraular men abyzdardy, biler men 
batyrlardy bar bolmysymen jas u'rpaqtyng sanasyna 
singiru kerek.
Men halyqqa arnaghan so'zderimde el birligi, 
u'lt tatulyghy – igilikting kepili ekendigin aytudan 
jalyqqan emespin. Osy jolda bar qajyr-qayratymdy 
ju'msap kelemin. O'ytkeni, birligi tayghan elge baq 
qu'taymaytynyn osynau azdy-ko'pti jiyrma jyldyng 
išinde o'zgening ta'jiribesinen san ret ko'rdik. 
Berekening bastauy elding yntymaghy ekenine de 
Ta'uelsizdigimizding ghasyrgha bergisiz alghašqy 
belesinde kua' bolyp otyrmyz.
O'tkeninen sabaq almaghan el tabysqa jete almaydy.
Sonau qily zamandarda qazaqtyng jerin jongghar 
basyp alsa, ol qazaq sar-bazdarynyng nemese qazaq 
u'ltynyng a'lsizdiginen emes, birligin qu'nttay alma-
ghandyghynan, aghayynnyng alauyzdyghynan ja'ne 
zamannyng ko'šine ilese al-maghanynan bolatyn. Al 
aduyndy jaudan qasietti jerimizdi azat etip, jongghar 
a'skerin ongalmastay etip jengsek, ol da bar kyšimizdi 
bir qolgha, Abylay han tuynyng astyna jinaghan tastyyin 
birligimizding, yntymaghymyzdyng arqasy edi.
Abylay han qyzghyštay qoryp, tu'marynday ta'u 
etken, armandap ketken Qazaq elining Ta'uelsizdigine 
bizder, bygingi buyn qazaqstandyqtardyng jetkeni yšin 
de šeksiz ta'ube aytyp, bo'linuge bastaytyn jeršildik 
pen rušyldyq dertinen arylghan jo'n. Sebebi, bygingi 
zamannyng jangaša tyrlengen qauip-qateri kešegiden 
kem soqpaydy. Endeše, Abylaydyng armanyna qazirgi 
Qazaqstan qol jetkizgenin erekše maqtan tu'typ, iški 
yntymaghymyzdy, syttey u'yyghan tatulyghymyzdy 
saqtaugha qyzmet etu baršamyzdyng paryzymyz.
Ta'uelsizdigimiz ma'nggilik bolsyn, aghayyn!

21
абылай хан - 300 жыл
 
 
 
 
 

.
 
   
 
-
-
.
 
-
.
 
.
 
.
 

 

22
абылай хан - 300 жыл
 .
-
.
 
-
!
 

.
 
-
.
 
-


 

23
абылай хан - 300 жыл
.
 

-
-
.
.
 
-
-
-
.
 
 
-
 
 
 !
 
 
 
 
 

24
төле би - 350 жыл

25
төле би - 350 жыл
Ұлы қазақ даласы не көрмеген? Бірақ ұлттың ұлы 
мұраттары заман сынынан қазақты аман алып өтті. 
Өз тарихын тасқа сыналап жазды, аңыз-әңгімелер 
мен жыр-толғауларды, эпостарды қалдырды. Осы-
лай уақыт желісі үзілмей, «Елімайлап», «Ақтабан 
шұбырынды,  Алқакөл  сұламадан»,  «Аңырақай» 
азабынан өткен халықпыз.
Қазақ  әлемдік  өркениетке  өзіндік  үлесін 
қосты.  Соның  бірегейі  –  би  мен  шешендік  өнер. 
Көшпенділер  рухының  мықтылығы  да  осында. 
Қазақ сөзге тоқтаған. «Сөз тас жарады, тас жармаса 
бас жарады». Сөз осылай құдіретке, сөз қасиетке, 
сөз шындық семсеріне айналды.
Ұлтымыздың  тарихта  аттары  қалған  үш  биі 
бүкіл дала өркениетінің, дала заңының арнасында 
тұр. Қазақ дала заңымен, би сөзіне жүгінумен өмір 
сүрді.  Ұлтымыздың  қазақ  болып  қалыптасуына, 
ұланғайыр  далаға  ие  болып  мемлекет  құрудың 
алғышарттары жасалды. Қаз дауысты Қазыбек би 
мен Әйтеке би сол ұлт бірігуінің басын өздерінен 
бастады.  Төле  биді  –  төбе  би,  бас  би  етті.  Казақ 
шежіресінде, энциклопедиясында осылай айтылып, 
осылай жазылып жүр. Бірақ кейінгі деректер бой-
ынша Төле би өзі Арқастың астындағы Алакөлде 
Көктұма  деген  кішкентай  өзеннің  тұныққа  құяр 
сағасында туыпты. Қазыбек Тауасарұлы «Оны өзі 
маған:  «Түбі  мөлдір  айнадай,  масасы  шонжадай, 
суы  тартылып  шулаған,  балығы  тайдай  тулаған 
Алакөлдің жағасында, Арқастың сағасында туып-
пын»,– деп жазған.
Тарихи  құжаттар  мен  мұрағат  құжаттарының 
бәрінде  Төле  би  1756  жылы  қайтыс  болды  десе, 
қытай  тарихшысы  Хы-Чутау  былайша  түсінік 
береді: «Ұлы жүздің қолбасшысы Әбілпейіс екен. 
Оның  үш  батыры  бар:  біреуі  –  Төле  би,  екіншісі 
–  Қойгелді,  үшіншісі  –  Сасықбай.  Әбілпейіс 
Ташкент  қаласында  тұрады.  Ешқандай  іске  ара-
ласпайды.  Оның  елбасы  деген  атағы  бар.  Сая-
сатты  Төле  би  жүргізеді  екен.  Бұл  оқиға  1759 
жылы  Чиң  империясының  әскерлері  қаулап, 
жоңғар  көтерілісшілерін  қуалап,  Ұлы  жүз  жеріне 
барғандағы жағдайы». («Қазақстан тарихы туралы 
ДАНАГӨЙ
Қытай деректемелері». 1 том. Алматы: Дайк-пресс, 
2005. - 220-б.). Мінеки, бұл Қытайдағы жазба дерек-
тен алынған мәлімет, бұған қарағанда бидің туған, 
өлген  жылы  әлі  де  анықтай  түсуді  қажет  ететінін 
байқаймыз.
Әлібекұлы  Төле  қазіргі  Жамбыл  облысы  Шу 
өңірінің Жайсаң атты жайлауында дүниеге келген 
делінеді. Өмір сүрген жері Оңтүстік Қазақстан об-
лысы,  Ленгір  (қазіргі  Төле  би)  ауданы,  Ақбұрхан 
– Орда. Ол – ойшыл, аса ірі мемлекет және қоғам 
қайраткері,  қазақ  халқының  үлкен  билерінің  бірі, 
ақпа-төкпе  шешен.  Тәуке  ханның  тұсында  Қазақ 
хандығының  Ата  Заңына  айналған  әйгілі  «Жеті 
жарғы»  заң  жобасын  шығарушы  кемеңгерлердің 
бірі.
Төле тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен тарайды. 
Тарихи  шежірелерде  Төле  биді  Шығыс  ойшылда-
рын  көп  оқыған,  Алла  Тағала  тарапынан  түскен 
«Құрани Кәрімді» өте терең, жетік білген, жастай-
ынан  халықтың  биік  қасиеттерін  бойына  сіңіріп, 
ауыз әдебиетін мол игерген әсіресе, мақал-мәтелді, 
шешендік  шешімді  көкейіне  көп  тоқыған  адам 
ретінде айтады.
Төле  Әлібекұлы  он  бес  жасында-ақ  билік  етіп, 
кесім  айтқан.  Бұл  жағдай  былайша  сипатталады: 
«Төле бидің шешесі қайтыс болып, жыл толған соң 
әкесі Әлібек бәйбішесіне ас береді, үш жүздің бала-
сына үш жүз үй тігеді, әр үйге күтуші тағайындайды. 
Әлібек баласын шақырып алып:
Төле  қарағым,  ортадағы  үлкен  ақ  боз  үйдегі 
кісілердің  қолына  су  құй,–  деп  тапсырады.  Бірақ 
жас бала жүрексініп, сескене табалдырық аттайды. 
Ол  Мамай  бидің  алдына  келгенде  сүрініп  кетеді. 
Баланы сынап көргісі келген Мамай би:
– Е, балам, олжаңа ортақпыз, асса әкең Әлібекке 
де қалдырып қой,– депті. Төле әдеп сақтап, шәугім-
табақты алып сыртқа шығады да, үйге қайта кіріп:
– Дат, тақсыр,– депті. 
Мамай би:
– Балам, құлағымыз сенде,– дейді.
Сонда бала Төле:
–  Таңның таң екенін кім білер,

26
төле би - 350 жыл
 Сарғайып барып атпаса. 
Күннің күн екенін кім білер,
Қызарып барып батпаса.
Орданың орда екенін кім білер,
Мен сияқты қызметші бала,
Сүрініп құлап жатпаса.
Иттің ит екенін кім білер,
Жығылып жатқан баланың
Тақымынан қаппаса.
Бұл сөзім сізге өткен шығар,
Сүйегіңізге жеткен шығар.
Сұраған сөз шекер ме,
Би олжасыз кетер ме?!
Осы сөзім сізге олжа,
Түсінсеңіз жетер де,– деп шығып кетеді.
Осы оқиғадан кейін Мамай би: 
– Е, халайық жаңағы бала кім еді?– деп сұрайды.
Жұрт:
– Әлібек бидің баласы – Төле.
Мамай би:
–  Бүгіннен  бастап  билікті  сол  балаға  бердім, 
ендігі  билеріңіз  Төле  болады,–  депті»  («Егемен 
Қазақстан», 15 шілде, 1998.).
Төле бидің билікке келген кезінен бастап қазақ 
және жоңғар хандықтары ұдайы бір-бірімен жаула-
суда еді. Төле Әлібекұлы Ұлы жүз халқын жоңғар 
басқыншылығына  үнемі  қарсы  ұйымдастырып 
отырды.  Оның  қазақ  халқын  біртұтас  біріктіріп, 
жоңғар шапқыншылығына қарсы ұйымдастырудағы 
қызметі  орасан.  Орта  жүздің  аға  биі  Қаз  дауысты 
Қазыбек,  Кіші  жүздің  аға  биі  Әйтекемен  бірлесе 
отырып,  ел  сөзін  айтты.  Үшеуі  де  Тәуке  ханның 
бас  уәзірі  қыметінде  болған.  Кезінде  Әз  Тәукенің 
Түркістан шаһарын орталық етіп, үш жүз ұлыстарын 
бір  орталыққа  қаратуға,  сөйтіп  қазақ  хандығын 
күшейтіп,  жоңғар-ойрат  шапқыншылығына  қарсы 
күреске  қарақалпақ,  қырғыз,  өзбек  елдерінің 
біріккен  одағын  құру  шараларын  жүзеге  асыруға 
атсалысты.
Төле  бидің    ақыл-парасаты  «Ақтабан  шұбы–
рынды,  Алқакөл  сұлама»  кезінде  анық  көрінді. 
Ол қазақ жерін басқыншылардан азат етуге үлкен 
күш салды. Халқымызға елін-жерін қорғауға үндеу 
тастады.  Ел  аузында  бұл  туралы  үлкен  аңыздар 
сақталған. Төле би тебірене отырып:
Қабырғадан қар жауса
Атан менен нарға күш.
Ел шетіне жау келсе, 
Батыр менен биге күш, –
деп толғады.
«Қазақтың  төбе  биі  Шымкент,  Түркістан  және 
Ташкент  каласында  көпшілік  пайдаланатын 
ғимараттар  салу  ісіне  белсене  араласқан.  Төле 
бидің есімі тек Ұлы жүзде ғана емес, Орта жүз бен 
Кіші жүздегі ірі-ірі тарихи оқиғалармен тығыз бай-
ланысты. Төле бидің денесі өзі он екі жыл билеген 
Ташкент қаласына, Бабырдың нағашы атасы Жүніс 
ханның  қасына  қойылған.  Онда  Төле  биге  үлкен 
ескерткіш орнатылған». («ҚСЭ» 11-том, 123-бет).
Ал орыс тарихшысы А.Левшин өзінің қазақтар 
туралы еңбегінде Төле бидің Жолбарыс хан өлген 
соң  Ташкентті  алты  жыл  бойы  билегенін  айтады. 
(Санкт-Петербург, 1832 ж. 2-том).
Енді Қазанғап Байболұлы «Төле бидің тарихы» 
атты еңбегінде бұл кісінің Ташкенттің түбінен жеті 
арық  қаздырып,  егін  салдырғанын  айта  келе,  бұл 
мезгілдің  1718  жыл  екенін  тиянақтап  жазыпты. 
(«Еңсегей бойлы Ер есім» Алматы, 2005, 230-б.).
Төле  бидің  қадір-қасиетін  жоғары  бағалаған 
Қазыбек  бек  Тауасарұлы:  «Билік  жүргізуді,  адам-
мен  сөйлесуді,  адамға  адамша  қарауды  Төле  би-
ден  үйрендім.  Төленің  даналығына  таңданбауға 
болмайтын еді. Ол ең тұйық жерден, тұғылдан да 
шұғыл  шығып  кете  алатын  асқан  ақылдың  кені 
болатын.  Төледей  ұлдың  тууы  жүз  жылда  біреу 
ғана болар. Өйткені, оның көп даналығын көрдім. 
Төле  Жантудың  Жайылмыс  деген  атасынан.  Одан 
Қожаберді, одан Құдайберді. Ол заманда би болған, 
ел арасында ғана емес, сырт елшілікте болған кісі. 
Оның баласы Әлібектен – Төле би. Жайылмыс – тегі 
қатты өскен тұқым. Үйсін Төле бидің сүйегі Таш-
кентке  қойылды»  («Түп-тұқияннан  өзіме  шейін». 
1993. - 351-бет).
Қазыбек бек Тауасарұлы дерегіне қарағанда Төле 
бидің  Сеңкібай,  Шойбек  деген  бауырлары  болған 
(Сонда  231-б.).  Әрі  Төленің  ұлы  Жолан  батыр 
болғаны да қазақтың ауызша тарихында сақталған. 
Сол  Жолан  бірнеше  жыл  қалмақтарда  кепілдікке 
тұрады. Кейін Қытайға елшілікке барады.
Халқымыздың бүткіл өткен жолындағы әртүрлі 
кезеңдерде  жыр,  мақал-мәтел,  аңыз,  эпос-жырла-
рын  молынан  жинаған  тарихшы  Мәшһүр  Жүсіп 
Көпейұлы: «Батырда Қаракерей Қабанбайдан асқан 
батыр жоқ, Үйсін Төле биден асқан би жоқ» (1177- 
бума),– десе, Бұқар жырау:
Ал тілімді алмасаң, 
Ай, Абылай, Абылай. 
Тұрымтайдай ұл едің, 
Түркістанда жүр едің. 
Үйсін Төле бидің, 
Түйесін баққан кұл едің,– деп жырлайды.
(«Бес ғасыр жырлайды». 1989. - 91-бет.)


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал